Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зорлықтың виктимологиялық мəселелері

Виктимология дегеніміз қылмыс құрбаны туралы, яғни жəбірленуші туралы ғылым. Қылмыстың құрбаны туралы, оның əлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері 19ғасырдан бастап  зерттелді. Алайда ең бірінші рет «виктимология» ұғымын профессор Б. Мендельсон 1947 жылы Бухаресте болған конференцияда атап өтті. Онң негізгі белгісі ретінде мыналар қарастырылды:

  • қылмыстың жəбірленушісінің жеке мінездемесі жəне оның мінез-құлық сипаттамасы;
  • қылмыс жасағанға дейінгі жəне қылмыстың жасалу барысындағы қылмыскер мен жəбірленушінің ара-қатынасы;
  • виктимизация, яғни адамның қылмыс құрбанына айналу процесі;
  • адамның қылмыс құрбанына айналу жағдайлары мен себептеріне əсер ететін виктимологиялық факторлар;
  • арнайы топтар мен тұлғалардың виктимділіік жағдайларын болжау.

ҚР Жоғарғы Соты пленумының 24 сəуір 1992 жылғы №2 « Қылмыстан жəбір шеккен адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысына сəйкес жəбірленуші депқылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылыққа  тартылғандығына қарамастан, қоғамға қауіпті əрекеттен тікелей моральдық, тəндік немесе мүліктік зиян шеккен адам танылады. Ал аяқталмаған қылмыстық əрекеттер туралы істер бойынша (қылмысқа дайындалу немесе оқталу) адамды жəбірленуші деп тану моральдық, тəндік немесе мүліктік зиянның нақты келтірілгендігіне байланысты анықталады.

Сол себептен кез-келген аяқталған қылмыста, оның ауырлығына не жеңілдігіне қарамастан, міндетті түрде оның жəбірленушісі болады. Профессор Е.О.Алаухановтың айтуынша: «аяқталған қылмыстық əрекеттер туралы істер бойынша адамды жəбірленуші деп тану нақты келген  моральдық, күш көрсету жəне материалдық зиян арқылы анықталады» [ 1,152б]-деп көрсетеді. Əрине бұл пікірмен біз келіспейміз, себебі ол тек аталған Жоғарғы сотқаулысына ғана емес, сондай-ақ жəбірленуші анықтамасына да тікелей қайшы деп ойлаймыз. өйткені, кез-келген аяқталған қылмыста қылмыскер жəне жəбірленуші болатыны айдан анық. Сөйте тұра Е.О. Алауханов мырза мұнда жəбірленуші нақты келтірілген зияндарға байланысты анықталады деп көрсетеді. Яғни, бұдан ұғатынымыз адамдарға зиян келтірілмегеннің өзінде де бұл əрекет аяқталған қылмыс деп танылады, сондай-ақ аяқталған қылмыстың жəбірленушісі болмауы да мүмкін. Бірақ бұл қылмыс ұғымына (ҚК 9бап) тікелей қайшы. Себебі ҚР ҚК 9-бабының 2-тармағына сəйкес қылмыстық əрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген жəне зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-əрекет немесе əрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Ал, кейбір аяқталмаған қылмыстық əрекеттерде шынымен де жəбірленуші болмауы да мүмкін, яғни ол нақты келтірілген зияндарға байланысты анықталады. Сондықтан Е.О. Алауханов мырза аяқталмаған қылмыстық əрекеттерді аяқталған қылмыспен шатастырып алған деп ойлаймыз.

Виктимизацияадамның қылмыс құрбанына айналу процесі. Көптеген жағдайларда қылмыстың құрбанына айналуға адамдардың өздері мүмкіндік жасайды. Олар əртүрлі əрекеттерден көрініс табуы мүмкін. Мысалы, абайсыздықтан немесе қатал əрі адамгершіліксіз қатынас жасаудан не қоқан-лоқы көрсету нəтижесінде адамдар қылмыс құрбанына айналады.Кейбір жағдайларда жəбірленушілердің өзі қылмыстың жасалуына толық кінəлі болады. Осыған орай, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-бап) жəне денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) қылмыстарында жəбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-əрекетінен (əрекетсіздігінен) кенеттен пайда болады.

Сонымен қатар, көп жағдайларда тікелей халыққа қызмет көрсетуші орагндардың қызметкерлерінің виктимизациясы да өте жоғары. Себебі бес саусақ бірдей емес деген сияқты, адамдардың да мінезі əртүрлі болады жəне мұндай қызметкерлердің олардың өтініштерін  қанағаттандырмауы немесе абайсызда əдепсіз не балағат сөздер айтуы оларды жан күйзелісі (аффект)жағдайына түсіріп, олардың қызметкерге қарсы зорлық жасауы үшін мүмкіндік тудырады.

Виктимизацияны бастапқы жəне жоғары деп екіге бөліп қарастыруға болады. Бастапқы виктимизацияда ең бірінші орынға тиісті ынталандырулар, яғни бұрын сотталған адаммен қатынасқа түсу (бірге спирт ішімдіктерін ішу, ақшалай жұмыстарды жүзеге асыру жəне дауларға əкеп соқтыратын өзге де жеңілтек байланыстар). Мұндай виктимизация негізінен бұрын сотталмаған жəбірленушілерге тəн болып келеді.

Жоғары виктимизация бұл негізінен жəбірленушілердің тұрақты қалыптасқан  мінез-құлқы, өмір салты мен жағдайларына байланысты əрқашанда адамдармен қарым-қатынасы даулы болып, олар зорлық құрбанына айналуға өте бейім келеді. Мұндай тұлғаларға жезөкшелерді, ұрыларды, қаңғыбастар мен қайыршыларды, алқаштар мен нашақорларды жəне өзге де жəбірленушілер жатады.

Виктимділік дегенімізбелгілі бір объективті жəне субъективті жағдайларға байланысты қылмыстық қол сұғушылық үшін адамдардың жоғары икемділігі (способность) [2,75б]

Дегенмен бұл ойға қарсылық білдіре отырып Л.В Сердюк «виктимділік бұл икемділік» емес, ал бейімділік (предрасположенность) деп көрсетеді. Себебі ол болашақ жəбірленушінің барлық белсенді жəне енжар мінез-құлқын өз ішіне алады. [ 3,152б]-деп көрсетеді.

Сонымен қатар виктимология мəселелерімен тығыз айналысып жүрген Д.В. Ривман «виктимділікті – тұлға белгілі бір себептерге байланысты икемденбейді, керісінше тұлғаның виктимді болмауы мүмкін емес. Себебі адам қоғам мүшесі, ал қоғамда қылмыстылық жойылмаған, яғни адамның қылмыс құрбанына айналудың объективті мүмкіндігі жойылмаған [4,14б] – деп көрсетеді. Бұл пікірге де сын көзбен қарай отырып, Л.В. сердюк «əрбір адамның қылмыс құрбанына айналу мүмкіндігімен кейбір адамдардың виктимдік мінез-құлқын шатастырмау керек, əйтпесе виктимділік өз мағынасын жоғалтады. Əрине ешбір адам қылмыс құрбанына айналудан сақтандырылмаған, бірақ олардың барлығы дерлік өздеріне қарсы қылмыстық қол сұғушылыққа септігін тигізбейді» [ 3,153б] – дейді.

Зорлықшыл қылмыстардағы зардап шегушілердің виктимдік мінез-құлқы əрқилы болуы мүмкін дей отырып профессор Е.О. Алауханов оны 3 топқа бөліп қарастырады:

Жəбірленушінің бейтарап мінез-құлқы-бұл жəбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына қалай да болса əсер етпейтін, сондай-ақ қарсылық көрсетпеумен байланысты емес мінезқұлық түрі;

Жəбірленушінің жағымды мінез-құлқы – бұл жəбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болмайтын, жағдай туғызбайтын, сондай-ақ жағдайға қарай абай, мұқият болуы жəне қылмыскерлерге қарсылық көрсететін мінез-құлық;

Жəбірленушінің жағымсыз мінез-құлқы – бұл жəбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болатын іс-əрекеті не əрекетсіздігі. Мұндай əрекеттерге (іс-əрекет не əрекетсіздіктерге) мыналар жатады:

  • адам мас күйінде адамсыз жерлерде ұйықтап қалып, тонау мен қарақшылықтың жəбірленушісіне айналатын жағдай;
  • адам мас күйінде қылмыскердің басқа жерге шығу туралы ұсынысына келісіп, діттеген жердегі кінəлінің сыбайластарына ұрынатын жағдай;
  • адам өзіне жақын таныстарды белсенді түрде іздеп, оларды өз үйіне шақырып, спирт ішімдіктерін ішіп, қылмыс жəбірленушісіне айналады;
  • адам есік қағып тұрған адамның кім екендігін анықтамай немесе оның айтқан өтірігіне иланып, есік ашып, сол жерде шабуылға ұшырайтын жағдай;
  • адамның қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды айтып немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;
  • адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде əсер қалодырып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;
  • адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге орай сəт туғызатын жағдай [1,159 б].

Бұл əрекеттердің қатарына, яғни жəбірленушінің жағымсыз виктимділік мінез-құлқының қатарына мынадай əрекеттерді де қосуды ұсынамыз:

  • адамның мəдениетінің төмендігіне байланысты, былапат сөздерді жиі қолдануының нəтижесінде зорлық əрекеттеріне тап болатын жағдай;
  • адамның тəни немесе психикасының дұрыс еместігіне байланысты қарсылық көрсете алмау жағдайлары;
  • адамның екі сөзділігі, яғни өзінің берген антын орындамауы барысында оған зорлық қолданылатын жағдайлар.

Негізінен зорлықтық əрекеттерден жəбір шегетін тұлғаларды белсенді жəне енжар жəбірленушілер деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Белсенді жəбірленушілерге өздерінің тікелей əрекетің арқылы, өздеріне қарсчы қылмыстық əрекеттің жасалуына септігін тигізетін жəбірленушілер жатады. Мысалы, былапат немесе əдепсіз сөздер айту, өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде əсер қалдыру, өз үйіне шақырып, спирт ішімдіктерін ішу нəтижесінде қылмыс құрбанына айналған тұлғалар.

Енжар жəбірленушілерге қылмыскердің зорлығынеа төтеп бере алмауының нəтижесінде қылмыс құрбанына айналатын тұлғалар жатады. Мысалы, өзінің тəни немесе психикасының дұрыс еместігіне байланысты қырсылық көрсете алмайтындар, қылмыскерге қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытатындар, қатты сенгіш немесе иланғыш адамдар жəне удай мас күйіндегі адамдар зорлықтың енжар жəбірленушілері болады. Сонымен қатар, бұлардың қатарына əртүрлі себептерге байланысты қарсылық көрсетпейтіндерді де жатқызуға болады. Мұндай себептерге ең алдымен жəбірленушінің жоғары ой өрістілігі жол бермеу жатады, сондай-ақ пайда табу мақсатында да қарсылық көрсетілмеуі мүмкін, яғни келтірілген залал үшін белгілі бір ақша сомасын талап ету мақсатында.

Қылмыстық құқықтық əдебиеттерде жəбірленушілердің өзге де түрлері, яғни ынталы, сыншылсыз, кездейсоқ жəбірленушілер кездеседі.

Ынталы жəбірленушілерге өздерінің қызмет бабына байланысты тəуекелге бел байлайтын тұлғалар жатады. Мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарулы қылмыскерді ұстауға өз ынтасы арқылы жол береді жəне осының негізінде өзіне қарсы зорлық əрекеттері қолданылуы мүмкін.

Сыншыл жəбірленушілерге негізінен қылмыскердің мүмкіншіліктері мен күшін анықтай алмайтын ой өрісі төмен тұлғалар жатады. Мысалы, қылмыскер қолындағы қаруын адамдардың көзінше қолдана алмайды деп ойлап, оған қарсы ұмтылуы барысында жарақат алуы. Демек, мұндай жəбірленушілерге көп жағдайларда толық емес орта білімі бар немесе мүлде білімі жоқ адамдар жатады.

Кездейсоқ жəбірленушілерге қандай-да бір кінəсі жоқ, бірақ кездейсоқ қылмыскердің қолына түскен  адамдар  жатады.  Мысалы,  жұмыстан  қайтып  бара  жатып,  көшеде  арақ  ішіп  отырған адамдардың шабуылына ұшыраған адамды жатқызуға болады.

Жəбірленушінің виктимдік мінез-құлқына тоқтала отырып, жəбірленушінің келісімімен жасалған əрекет зорлық болып табыла ма деген сұрақтың басын ашып алу керек. Осыған орай ҚР Жоғарғы Соты пленумының 24 сəуір 1992 жылғы №2 «Қылмыстан жəбір шеккен адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысына сəйкес моральдық, тəндік немесе мүліктік зиян, егер аталған зиян адамның өзінің ерікті келісімі (мысалы, əйелдің өзіне заңсыз аборт жөніндегі өтініші, пара беру барысындағы өтініштер) нəтижесінде жүзеге асырылса, бұл адамдар қылмыс жəбірленушісі деп қарастырылуы мүмкін емес.

Дегенмен кейбір авторлардың ойынша заңсыз аборт жасауға байланысты адамдардың табанды өтініші заңғ,а қайшы əрекеттерді жасауға айдап салу ретінде қарастырылып, бұл үшін олар жауаптылыққа тартылуы қажет.

Қылмыстық құқықтық əдебиеттерде жиі кездесетін «жəбірленуші кінəсі» жəне «виктимологиялық кінə» деген ұғымдар өзара ұқсас болып табылады. Қылмыстық құқықтық мағынада жəбірленушінің əрекеті, оның ішінде тəн зардабын келтіру, егер бұл əрекеттер жəбірленуші игіліктерінен тыс қоғамдық қатынастарды бұзған жағдайларда ғана қылмыс құрбанының кінəсі туралы сөз болуы мүмкін. Осыған орай «жəбірленушінің кінəсі қылмыстық əрекетті саралаудағы қылмыскер кінəсінен өзгеше сипатта болып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен басқаша бағалануы қажет» – дейді [5,8-10бб].

Ал «виктимологиялық кінə дегеніміз – жəбір шегуші тұлғаның өз əрекетіне жəне оның моральдық, тəндік немесе материалдық зиян түріндегі нəтижесіне қасақана немесе абайсыздық формасындағы психикалық қарым-қатынасы» Виктимологиялық профилактика бұл қоғамның жəне мемлекеттің, соның ішінде құқық қорғау органдарының көпжақты шараларының бірі. Ол негізінен қылмыскерді қылмыс объектінсіз қалдыруға бағытталады. Виктимологиялық профилактика қылмыс профилактикасының бір түрі болып табылады. Дегенмен виктимологиялық профилактиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Виктимологиялық профилактика ең алдымен адамдарды өздерінің мінез-құлқына байланысты қылмыс құрбанына айналатындығын көрсетіп оларға мінез-құлқын өзгертуді, яғни тəуекелге бармауды ескертеді.

 

Әдебиеттер

  1. Алауханов Е.О. Пайдақорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары, дис. – Алматы, 2004. 38 бб.
  2. Франк Л.В. Остроумов С.С О виктимологии и виктимгости // Советское государство и право-1975. №9 – 75 – 89.
  1. Сердюк Л.В. Насилие. Криминологическое и уголовно-правовое исследование. – М., 2002 – 384 бб.
  2. Ривман Д.В. Виктимологические факторы и профилактика преступлений. – Ленинград. – 1975. – 176 б.
  3. Денисов В.В Социология насилия. – М.,1975 – 259 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.