Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс бойынша жанама дəлелдемелер жүйесінің негізгі сипаттамалары

Қылмыстық іс бойынша дəлелдемелердің жүйесі жоғарыда аталған құрылымға ие болып ғана қоймай, толықтық, дұрыстық, сенімділік, келісімділік сияқты талаптарға да жауап беруі тиіс. Іс бойынша дəлелдеу пəніне кіретін барлық мəн – жайларды анықтайтын жүйе ішіндегі жүйелер мен аралық фактілері болған жағдайда дəлелдеу жүйесінің толықтығы орын алады. Дəлелдемелер жүйесінің бұл қасиеті негізгі болып табылады: зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығы – қылмыстық іс жүргізудің маңызды қағидасы, оны бұзу барлық жағдайларда үкімнің күшін жоюға əкеліп соқтырады (ҚР ҚІЖК 24 – бап).

Жанама дəлелдемелердің олардың функционалдық белгілері бойынша жіктелуі де осы талапты қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай белгілері бойынша құрылған дəлелдемелер жүйесі дəлелдеу пəнінің барлық элементтерінің тиісті дəрежеде толық жəне сөзсіз анықталғандығы жөнінде тұжырым жасауға, сонымен қатар істің əлі анықталмаған мəн-жайларын анықтайтын дəлелдемелерді жинау мен тексеруге байланысты дер уақытында шара қолдануға мүмкіндік береді. Ол дəлелдемелердің қатыстылығы жəне жеткіліктілігі туралы мəселені шешуді жеңілдететіндіктен дəлелдемелерді дұрыс бағалау үшін қажетті алғышарттарын жасайды.

Біздің ойымызша дəлелдеу жүйесінің толықтығының объективті белгісі – бұл дəлелдеу пəнінің құрылымы: егер дəлелдемелермен оған кіретін барлық элементтер анықталатын болса жүйе толық болып табылады; егер осы элементтердің қандай да бірінің «өз» дəлелдемелері болмаса, жүйенің тиісті дəрежеде толық болуына əлі де қол жетпеген, онда жүйе дəлелдемелерді жинау, тексеру жəне жетпей тұрған дəлелдемелерді қосумен толықтырылуы қажет.

Дəлелдемелер жүйесінің дұрыстығы оның екінші деңгейінде дəлелдеу пəнін түзетін мəн-жайлардың болуы жөнінде тұжырым жасау үшін негіз ретінде тек шынайы анықталған аралық фактілер ғана қатыса алатындығын көздейді. Жүйенің бұл қасиеті онда интегративті қасиеттері аралық фактілерді дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін жеке жүйелердің болуымен қамтамасыз етіледі.

Криминалиситикалық əдебиеттерде жекелеген аралық фактілер бір қайнар көзден шығатын деректермен де дұрыс анықталуы мүмкін жəне бұл фактінің шынайылығын анықтау үшін дəлелдемелер жиынтығын қарастырудың қажеті жоқ деген нұсқауларды кездестіруге болады.

Бұл көзқарастың сенімді емес екендігін айтқымыз келеді. Əрбір аралық фактінің  дұрыстығы барлық уақытта дерлік тек дəлелдемелер жиынтығымен анықталады. Тіпті саусақ іздерінің анықталуы, адамның оқиға болған жерде болуы сияқты қарапайым жəне аралық фактімен байланысты жағдайлар да кем дегенде екі дəлелдемемен: оқиға болған жерге қарау жүргізу хаттамасында көрсетілген белгілі бір объектіде саусақ іздерінің болуы жəне осы іздердің нақты бір тұлғаға тиісті болуы туралы сарапшының қорытындысымен анықталады. Əдетте жеке жүйелердің құрылымы күрделірек болады.

Дəлелдемелердің жеке жүйесінде аралық фактілерді анықтау дұрыстығы оның интегративті қасиеттерімен, яғни, жүйенің оның жеке алғандағы құрамдас бөлшектері ретіндегі дəлелдемелерінде болмайтын қасиетімен қамтамысз етіледі. Дəлелдемелердің əрбір жекелеген қайнар көзінде болатын ақпарат саны аралық факт туралы дұрыс тұжырым жасауға жеткіліксіз болып табылады. Ал жеке жүйеге біріктірілген бірнеше қайнар көздер əдетте ақпараттың жеткілікті санын береді. Мысалы, қылмыс орнынан кетіп бара жатқан адамды көрген бір куə оның тек бойы мен дене құрылысын, екіншісі киімін, үшіншісі киіміне мəн бермей түрін есте сақтап қалуы мүмкін. Жиынтығында бұл сезіктінің түр – сипатын толық суреттеуге мүмкіндік береді. Əдетте куəлардың əрқайсысының басқалардың байқамаған белгілерін көріп, есте сақтап қалуы мүмкін емес. Керісінше, олар беретін ақпарат көп жағдайда қайталанып келеді, ал бұл жағдай жеке жүйеге жинақталған ақпараттың қарама-қайшы болмауын жəне дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. В.Я. Колдиннің пікірі бойынша дəлелдемелердің жеке жүйесі осындай жүйеге кіретін əрбір жеке дəлелдемеде болмайтын жəне болуы да мүмкін емес деректерден, яғни зерттелетін мəн-жай туралы дұрыс тұжырым жасау үшін негіз болатын ақпараттан құралады [77, 111 б.].

Дəлелдемелік ақпаратты бұлайша топтастыра қарау əртүрлі қайнар көздерде болатын мəліметтердің барлығы бір фактіге қатысты болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл өз бетінше дəлелденуі тиіс.

Дəлелдемелердің жүйесінің дұрыстығымен оның сенімді болуы сияқты қасиеті де тығыз байланысты. Дəлелдемелердің сенімділігі дегеніміз оның істің шын мəніндегі мəн – жайларын дұрыс анықтай алу қабілетін ғана емес, сонымен қатар егер іс бойынша əрі қарай өндіріс барысында жекелеген дəлелдемелер күмəн тудыратын немесе жүйеден мүлдем алынып тасталатын жағдайда қажетті дəлелдемелік ақпарат резервін жасай алу қабілетін де білідіреді (мысалы, куəнің немесе жəбірленушінің айғақтарының өзгеруі нəтижесінде қарсы айғақтардың пайда болуы). Тəжірибе көрсетіп отырғандай дəлелдемелік ақпараттың мұндай көп болуы əр уақытта да қажет. Оған ең алдымен жеке жүйеге кіретін дəлелдемелер санын ұлғайту арқылы қол жеткізе аламыз. Əрине, жүйедегі дəлелдемелер санын ұлғайту өз бетінше бұл дəлелдемелерден жасалатын тұжырымның сенімділігі мəселесін шеше алмайды: егер бір аралық факт туралы деректер жүздеген куəлардан алынса, олардың барлығынан бірдей жауап алу қажеттілігі жоқ, бір қилы ақпаратты бірнеше рет қайталаудың маңызы болмайды; бірақ «барлығынан да жауап алу ешқандай жаңалық енгізбейді» деген пікірді ұстана отырып куəлардың біреуінен ғана жауап алумен шектелу де қателік. Жеке жүйе шегінде əртүрлі қайнар көздерден алынған біртектес дəлелдемелік ақпаратты жинақтау дұрыс болады.Осылайша, егер сезіктінің қылмыс орнында болуы тек куəнің көрсетулерімен ғана емес, оның қол, аяқ киім, көлік құралдарының іздері сияқты заттай дəлелдемелермен анықтала алатын болса, мұндай мүмкіндік міндетті түрде пайдаланылу қажет жəне осындай дəлелдемелер неғұрлым көп жинақталса, жүйе де соғұрлым сенімді болады.Бұл айтылғандар аралық фактілерге де ерекше қатысты: аралық фактілер неғұрлым көбірек анықталса, соғұрлым дəлелдеу пəнінің мəн-жайлары толық жəне сенімді анықталады. Фактілердің саны туралы «ешуақытта да сөз қозғаудың қажеті жоқ» деген пікір де дұрыс емес, себебі «дəлелдемелер жиынтығы» ұғымының өзі дəлелдемелер санының көптігін   білдіреді.   Барлығын   мəселенің   сандық   жағына   əкеліп   тіреуге де болмайды,бірақ дəлелдемелердің сандық көрсеткішіне салғырттықпен қарау да қателік.Жүйенің сенімді болуы ақпараттың сапалы түрде көп болуына да байланысты. Бұл дегеніміз бір қайнар көздегі ақпараттың екінші қайнар көзден алынған деректермен ішінара орнын басуы. Жанама дəлелдемелердің сенімді болуының негізгі құралы дəлелдемелердің өзара жəне аралық фактілермен, ал соңғысының дəлелдеу пəнімен объективті байланысының болуын анықтау.

А.Я. Вышинский «Дəлелдемелердің өзара байланысы олардың барлығының бір тізбектің буындарындай болуы тиіс; бір буын үзілгенде тізбек толығымен тарқайды, айғақ пен əрбір жекелеген дəлелдеме өз мəнін жоғалтады. Жанама дəлелдемелер олардың ортақ тізбегінен бірде – бір буынды алып тастауға, қарсы айғақпен жоюға болмайтындай негізді болуы керек» деген ереже жасаған болатын [78, 293 б.]. Бұл ереже одан кейін де бірнеше жанама дəлелдемелерге арналған арнайы оқулықтардан да көрініс тапты.

Мұндай тұжырымның қате екендігін ең алдымен М.П. Шаламов байқап: «Айғақтар тізбек буындарымен, ал олардың жиынтығы тізбекпен салысытырылған. Содан соң тізбек туралы ұғым қылмыстық іс бойынша айғақтарға айналады» деген қарсы пікір айтқан [31, 96 б.]. Ал сөйте тұра, дəлелдемелердің жиынтығы «тізбек» емес, дəлелдемелер мен олардың кіші жүйелерінің көптігінен тұратын едəуір күрделі жəне тармақталған жүйе болып табылады. Мұндай жүйеден бір дəлелдемені алып тастау барлық уақытта бірдей жүйенің бұзылуына əкеліп соқтырмайды.

Бұл мəселенің шешіміне жанама дəлелдемелердің жиынтығына жүйелі талдау жасау жолымен қол жеткізуге болады. Дəлелдемелердің біреуін алып тастаудың дəлелдемелер жүйесін бұза алу немесе бұза алмауы екі факторға байланысты болады: біріншіден, дəлелдеу кезеңінен, екіншіден, дəлелдеменің дəлелденетін мəн – жаймен байланысының сипатына. Бірінші кезеңде бір (немесе тіпті бірнеше) дəлелдемені олардың жеке жүйесінен алып тастау жүйені бұза алмайды, тіпті əлсіретуі де мүмкін емес. Мысалы, кісі өлтіру ісі бойынша айыпкердің қылмыс оқиғасы орнында болу фактісі мына дəлелдемелер арқылы анқталғандығын елестетіп көрейік: оқиға болған жердегі заттарда қалдырылған саусақ іздері мен бұл іздердің айыпкермен қалдырылғандығы туралы сараптамашының қорытындысы; жəбірленушінің пəтерінің еденіндегі аяқ киім іздері мен бұл аяқ іздері айыпкер аяқ киімімен қалдырылғандығы туралы сараптама қорытындысы; айыпкердің жəбірленуші пəтерінен шығып келе жатқандығын көрген үш куəнің көрсетулері; кісі өлімі болғн жерде қан іздері бар қол орамалдың табылуы жəне куəгерлердің бірінің оны айыпкердің қол орамалы ретінде тануы. Енді соңғы куə қол орамалдың айыпкердікі екендігі жөнінде қателесті дерлік. Шын мəнінде тергеу барысында ол жəбірленушінің орамалы екендігі анықталды. Дəлелдемелер жүйесінен бір дəлелдеме алынып тасталды, бірақ бұл іс бойынша ақырғы нəтижелерге ешбір əсерін тигізген жоқ жəне тигізуі де мүмкін емес.

Дəлелдеудің екінші сатысында жағдай басқаша қалыптасады: бұл жерде кей жағдайларда бір дəлелдемені жоққа шығару дəлелдемелердің бүкіл жүйесін бұза алады (қарапайым мысал – алибиді анықтау), екіншілерінде – едəуір əлсіретуі мүмкін. Бұл берілген фктінің  байланыстарының сипатымен анықталады. Егер оның дəлелдеу пəнімен қажетті, сөзсіз байланысы жоққа шығарылатын болса, бүкіл жүйе бұзылады; егер байланыс мұншалықты қажетті немесе сөзсіз болмаса ондай зардаптар туындамайды, бірақ, бұл жағдайда байланыстың жалғыз ғана мүмкін болатын байланыс болмағанын арнайы дəлелдеу қажет.

Осы жағдайларды кісі өлтіру ісінің мысалдары  негізінде қарастырыйық.

Бірінші іс бойынша азамат Əлпейісов əйел зорлау мен оны өлтіруі бойынша сезікті болып танылды дерлік. Ол жəбірленушімен бірге қала күніне арналған концертте бірге болып, үнемі онымен бірге биледі жəне сағат 24.00 шамасында оны үйіне шығарып салу үшін бірге еріп кеткен болатын. Бірақ бұл күдіктің барлығы жəбірленуші жатырындағы сперманың сезіктінің қанының тобымен сəйкес келмейтіндігі анықталғанда жоққа шығарылды. Бұл қарсы айғақ дəлелемелер жүйесін толығымен бұзды, себебі ол биологиялық заңға негізделген жалғыз ғана мүмкін, қажетті байланыстың болуын жоққа шығарды.

Екінші істе азамат Қосбатыров өзінің бұрынғы əйелі мен оның отбасын пошта арқылы жіберілген күшті жарылғыш құрылғымен өлтіргені бойынша сезікті болып танылды дерлік. Сезіктенуге бірқатар айғақтар негіз болды: азамат Қосбатыров алимент төлемеу мақсатында əйелі мен балаларының көзін жойғысы келетіндігі жөнінде ниеті барын бірнеше рет айтып жүрген; жарылғыш құрылғының қалдықтары ішінде азамат Қосбатыровтың қызмет бабына байланысты алуға мүмкіндігі бар бөлшектер табылған; бұдан да басқа айғақтар болған. Бірақ Қосбатыров қылмыс оқиғасы болған уақытта, яғни қаңтар айының 1-10 аралығында ақысыз демалыс алып, өз ауылында болған жəне ешқайда шықпағандығы сөзсіз дəлелденді. Ал жарылғыш құрылғы бар жəшік қаладан жіберілген. Бұл факт айғақтар жүйесінің бұзылуына əсер етпеген, ол құбылыстардың жалғыз мүмкін болатын, қажетті байланысын жоққа шығармайды: Қосбатыровқа жарылғыш құрылғысы бар жəшікті салып жіберу үшін қаладағы поштаға өзінің баруы міндетті емес. Ол бұл жұмысты басқа біреуге де тапсыра алады. Кейін анықталғандай Қосбатыров жəшікті салып жіберуді көңілдесі жəне дəл осы уақытта қалаға барған азаматша Султановаға тапсырған. Бірақ пошта аударымын толтыру құжатындағы қолтаңба мен Султанованың қолтаңбасы сəйкес келмеді. Дегенмен, бұл дəлелдемелер тізбегін бұзған жоқ. Кейін Султанова жəшікті салып жіберуді поезда бірге келген Жанар деген жас қызға өтініш жасап тапсырған. Ал жəшіктегі мекен – жайды сол поезбен келе жатқан кішкентай балаға өзінің қолы ауырып толтыра алмағандығын айтып жаздыртып алғандығы анықталды. Осының барлығы анықталғаннан кейін, Қосбатыров мен Султанованың қылмысын  əшкерелейтін дəлелдемелер қайта күшіне енді, ал істі тергеу барысында пайда болған қарсы айғқтар олардың ісəрекеттерінің алдын – ала ойласуына меңзей отырып өздеріне қарсы жұмыс істей бастады.

Осы жəне осыған ұқсас мысалдар жүйенің сенімділігін арттыру үшін оған кіретін жанама дəлелдемелердің объективті байланыстарының болуы мен олардың шынайы сипатын анықтаудың маңыздылығын айқындайды.

Дəлелдемелер жүйесінің маңызды сипаттарының бірі жеке жүйелер жəне дəлелдеу пəнінің жеке элементтерін анықтайтын аралық фактілер мен ұқсас жүйелер жəне дəлелдеу пəнінің басқа элементтеріне қатысты аралық фактілер арасындағы сəйкестіктің болуын білдіретін келісімділік болып табылады. Бұл дəлелдеу процесінде жеке дəлелдемелердің жүйелері мен жекелеген аралық фактілер арасында қарама – қайшылықтар туындамайды деген сөз емес. Дегенмен кейбір қайшылықтар алдын –  ала тергеу барысында ашылып анықталады, ал кейбіреулер анықталмайды. Кейбір қайшылықтар – сыртқы қайшылықтар – салыстырмалы түрде оңай түсіндіріліп, жойыла алады, ал екінші біреулері едəуір күрделі логикалық қайшылықтар болғандықтан оларды жою мүмкін емес.

Жанама дəлелдемелердің жеке жүйелерінің үйлесімділігі немесе үйлесімсіздігі осы айтылғанмен тығыз байланысты.

Жоғарыда поштамен жіберілген жарылғыш құрылғы арқылы кісі өлтіру ісі бойынша келітірілген мысалда айыпкердің алдыңғы отбасының көзін жою ниеті туралы айтып жүруі, оған мүдделі болуы, жарылғыш құрылғыны жасауға мүмкіндік беретін білімінің болуы сияқты аралық фактілерді анықтайтын жеке жүйелер мен айыпкердің жарылғыш құрылғы бар жəшікті өзінің жіберуге мүмкіндігінің болмауы сияқты факт арасындағы қарама – қайшылық жойыла алмайтын қайшылық емес. Сондықтан жеке жүйе деректері үйлесімді болды. Бір көзге қайшылық болып көрінген бұл фактіге  түсіндірме жүргізгеннен кейін жеке жүйе үйлесімділігін тапты. Ал алдыңғы мысалда біз жеке жүйелердің үйлесімсіздігімен кездескен болтынбыз.

Дəлелдемелер жүйесінен дəлелдеуге жататын мəн – жайлардың болуы туралы логикаға негізделген бір ғана тұжырым жасалған жəне бұл дəлелдемелер жүйесінде өзге де логикалық тұжырымдардың болу мүмкіндігі жоққа шығарылған жағдайда дəлелдемелер жүйесі сөзсіз болу қасиетіне ие болады. Бұл дəлелдеу жүйесіне кіретін əрбір дəлелдеме дəлелдеу пəнімен көп мəнді байланыста болғанымен, белгілі бір тəртіппен орналасқан айғақтардың жиынтығы ретіндегі жүйенің өзі дəлелдеу пəнімен сөзсіз байланыста болады дегенді білдіреді.

Жанама дəлелдемелер арқылы дəлелдеу процесі жүйенің осы қасиеттеріне қол жеткізуге бағытталған.

Тікелей жəне жанама дəлелдемелердің айырмашылықтары дəлелдемелерді тексеру барысында айқын көріне бастайды.

Жанама дəлелдемелерді тексеру дəлелдеудің бірінші сатысында оның құрылымының барлық элементтеріне: фактілер жөніндегі деректердің қайнар көздеріне, оларды алу тəсілдеріне жəне осы деректердің өздеріне қатысты болуы тиіс.

Дəлелдемелерді тексерудің мазмұны болып нақты деректердің қайнар көздерінің сенімділігі мен оларды алу тəсілдерінің заңдылығын тексеру, нақты деректерді сапалы түрде ұсына білу жəне дəлелдемелердің мүмкін жағдайларын анықтау болып табылады.

Тексеру дəлелдемелер қайнар көздерінің сенімділігін тексеруден басталады. Ең алдымен  бұл қайнар көздің заңда көзделгендердің тізімінде бар ма, жоқ па, осыған байланысты ол қылмыстық іс бойынша дəлелдемелердің қайнар көзі бола алады ма, міне соны анықтап алу қажет. Əрі қарай дəлелдемелердің қалыптасу жағдайлары олар аралық фактілердің дұрыстығын анқытауда есепке алынатындай болып анықталуы тиіс. Куəлардың істің шешіміне мүдделі болмауын, айыпкер немесе өзге де адамдардан куəларға немесе жəбірленушіге қысымның болмауын тексеру қажет. Іске қатысушы сарапшылар мен мамандардың тиісті дəрежеде құзырлы болуы мен олардың істің шешіміне мүдделі болмауын анықтау да тексерудің осы саласына жатады. Егер дəлелдеменің қайнар көзі құжат болса, онда оны берген ұйым мен адамдардың құзырлығы, құжатта қажетті реквизиттердің болуы, құжаттың шынайылығын, онда жалған мəліметтердің болмауын тексеру қажет. Басқаша айтқанда мұндай тексерудің мақсаты – берілген қайнар көздің іске маңызы бар мəн – жайлар туралы дұрыс деректер алу құралы болу мүмкіндігін анықтау.

Дəлелдемелерді тексерудің маңызды элементі – оларды алу тəсілдерінің заңдылығын анықтау. Іс жүргізушілік заңдар дəлелдемелердің барлық түрлерін алудың тəртібін рəсімдейді, бұл рəсімді  кез – келген өрескел бұзу тиісті нақты деректерді іс бойынша дəлелдеме ретінде қолданылу мүмкіндігін жоққа шығарады. Осындай бұзушылықтарды анықтау (егер олар болған жағдайда) дəлелдемелерді тексеру міндеттерінің бірі болып табылады.

Қайнар көздердің сенімділігі мен дəлелдемелерді алу тəсілдерінің заңдылығын тексеру негізінде олардың мүмкін болуы жөніндегі мəселе шешіледі. Дəлелдемелердің мүмкін болуы – бұл тек дəлелдеме құралдарын ғана сипаттайды жəне олардың қылмыстық істерде тиісінше қолдануға жарамды болатындай іс жүргізушілік қасиетін білдіреді. Сондықтан қайнар көздердің мүмкін болуы туралы мəселені шешу дəлелдемелерді бағалаудың емес, тексерудің міндеті болып табылады деп ойлаймыз. Дəлеледмелердің мүмкін болуы – дəлелдемелерді бағалаудың құрамдас бөлігі емес, оның алғышарты. Заңдармен жарамсыз деп танылған қайнар көздерден алынған нақты деректерден ешқандай тұжырым жасауға болмайды. Дəлелдеу құралдарының жарамды немесе жарамсыз болуы туралы мəселе олардың жүйеге кіріп кету мүмкіндігіне жəне заңшығарушы пікірі бойынша оншалықты сенім тудырмайтын деректер арқылы қорытынды тұжырым жасауға қолданылуына жол бермеу үшін дəлелдемелерді тексеру барысында шешілуі тиіс.

Сонымен, жанама дəлелдемелер арқылы мəн-жайлардың өздері емес, тек олармен байланысты фактілер ғана анықталады. Оған қоса, тек мұндай фактілердің жиынтығынан құралатын жүйеге жүргізілген талдау мұндай мəн-жайлардың болуы не болмауы жөнінде тұжырымға əкеле алады.

Мысалы, жоғарыда келтірілген № 019722 бірнеше пəтерге ұрлыққа түсу қылмыстық ісі бойынша айыпталушы Смангелдиев өз кінəсін мойындамаған. Бірақ бұл фактіні дəлелдейтін келесі мəн-жайлар болған:киім ілетін шкаф айнасынан жəне есігінен айыпкердің қолдарының іздері табылып, бекітілген; сарапшы қорытындысы бойынша бұл іздер айыпкерге тиесілі екені анықталды; Смангелдиевтің бұл пəтерде еш уақытта болмағандығын айтқан көрсетулерінен (демек, саусақ іздері бұл жерде кездейсоқ қалдырылуы мүмкін емес); куə Жаманованың айыпкердің осы пəтерден шығып бара жатқанын көргені, оның түр-сипатының белгілерін ауызша суреттеп бергені жəне осы белгілері бойынша оны таныған көрсетулері; куəнің берілген жағдайда айыпкерді тек көріп ғана қоймай, сонымен қатар оның түр-сипатының белгілерін, киімін ажырата алуға мүмкіндігінің болғандығын дəлелдеген тергеу экспериментінің жүргізілуі; айыпкердің үстінде қылмыс оқиғасы болған күні куəгер көрген киімі болғандығын растаған айыпкердің көңілдесінің айғақтары. Бұл аталған дəлелдемелердің ешқайсысы жеке-дара осы қылмысты айыпталушының жасағандығы туралы тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Бұл дəлелдемелер бір-бірінен оқшауланған күйде олардың дəлелденетін мəн-жайға қатыстылығы туралы əртүрлі, көп мəнді түсіндірме беруі ықтимал.

Тікелей дəлелдемелерді қолдануда дəлелденетін мəн-жайларды анықтап, ізделінетін фактінің болуы жөнінде тұжырым жасау үшін олардың қайнар көздерінің сапалылығына, олардың мазмұнының шындыққа жанасуына көз жеткізу жеткілікті. Жанама дəлелдемелерді қолдануда олардың қайнар көздерінің сапалылығына, олардың мазмұнының шындыққа жанасуына көз жеткізу жеткіліксіз, сонымен қатар олардың жиынтығынан құралатын жүйеден дұрыс тұжырым жасау үшін күрделі жұмыстар атқарылуы тиіс.

Жанама дəлелдемелерді қолдану олардың мазмұнының дəлелдеуге жататын мəн-жайлармен байланысы айқын болмауында, ал жеке дара олар дəлелденетін мəн-жайға қатысты əртүрлі тұжырым жасауға негіз бола алуында.

Қолда бар жанама дəлелдемелерді қолдануда мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуына жол бермеу үшін жанама дəлелдемелер жүйесінің дəлелденетін мəн-жаймен байланысын мұқият тексеру қажет.

Жоғарыда келтірілген жанама дəлелдемелердің сипаттамалары негізінде жанама дəлелдемелерді қолданудың келесі ережелері шығады:

а) іс бойынша жанама дəлелдемелер тек өз жиынтығында ғана шынайы тұжырым жасауға əкеледі;

ə)  жанама дəлелдемелер  бір-бірімен  жəне  дəлелденетін  мəн-жаймен  объективті байланысуы тиіс;

б)  жанама  дəлелдемелер  жүйесі  анықталған  мəн-жайлардың  басқаша  түсіндірілуіне жол бермейтін, істің мəн-жайлары дəл осындай болғанына күмəн тудырмайтындай жағдайда болуы тиіс.

Жанама дəлелдемелер өз жиынтығында жүйе құрай отырып дəлелдеу пəніне кіретін фактілер жөнінде тұжырым жасауға негіз бола алады. Олар тəкелей дəлелдемелердің  шынайылығын тексеруде, олардың жетіспей тұрған жерлерін толықтыруда, жаңа дəлелдемелер жинақтауда бағдар беруші қызметін атқаруға қолданылуы мүмкін. Əдетте іс бойынша тікелей дəлелдемелерге қарағанда жанама дəлелдемелер көбірек кездеседі, сондықтан оларды жинақтап, жүйе ретінде қолдану дұрыс тұжырымдарға əкеледі.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Казахстан, 2007. – б.
  2. Концепция правовой политики РК: Одобрена Указом Президента РК от сентября 2002 г. № 949 //СААП РК. – 2002. – №31. – с. 336
  3. Назарбаев Н.А. Демократические ценности и непререкаемый авторитет закона // Казахстанская правда. – – 11 сентября
  4. Елбасы ел туралы  ой  толғайды.  ҚР  Президентінің  Интернет  конференцияс  //  Егеменді  Қазақстан.  –  – 8 маусым
  5. Назарбаев Н.А. Қазақстан – Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – б.
  6. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі (2009 жылдың 1 қыркүйегіне заңнамалардың жағдайы бойынша). – Алматы.: Издательство «Норма-К», 2009. – 251 б.
  7. Обзор судебной практики вынесения оправдательных приговоров // Бюллетень Верховного суда РК. – 2004. – №3.– б.
  8. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации / Отв. ред. П.А. Лупинская. – М.: Юрист, 2001. – 591 с.
  9. Ерешев Е.Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: оқулық. – Алматы: Өлке баспасы, 2006. – 216 б.
  10. Хусаинова Д.Г. Процесуально – правовые вопросы недопустимочти полученных фактических данных в уголовном судороизводстве: автореф. дисс. канд. юрид. наук. – Караганда, 2006. – 28 с.
  11. Сот шешімінде ағаттық кетсе адам тағдырына ғана емес, мемлекет негізіне де сызат түседі // Сыр бойы. – 2003. 13 ақпан
  12. 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 14.08.2009 жылғы №858 Жарлығымен келісілген // Заң газеті. – 2009.28 тамыз
  13. Алексеев С.С. Проблемы теории права: Курс лекций. – Свердловск: СЮИ, 1973. Т.2. – 235 с.
  14. Шейфер С.А. Собирание доказательств в советском уголовном процессе. – Саратов: СГУ, 1986. – 215 с.
  15. Уголовный процесс / под ред. В.И. Радченко.М.: Юридический Дом «Юстицинформ», 2003. – 752 с.
  16. Трусов А.И. Основы теории судебных доказательств. – М.: Госюриздат, 1960. – 172 с.
  17. Вышинский А.Я. Теория судебных доказательств в советском праве.М.: 1941. – 119 с.
  18. Уголовно-процессуальный кодекс Казахской ССР. – Алматы: Издательство «ƏдiлетПресс», 1997. – 167 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.