Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық мəселелері

Елбасының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауында экономиканы қозғаушы күш ретінде кəсіпкерлікке көңіл көп бөлінеді: «Диверсификацияның өзегі – кəсіпкерлік болып табылады. Біз өз мойнына тəуекел алатын, жаңа нарықтарды игеруге тырысатын, инновациялар енгізуге дайын күшті кəсіпкерлер санатын көргіміз келеді. Тек кəсіпкерлер экономиканы модернизациялаудың қозғаушы күші болып табылады» [1].

Президент Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кəсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бюджеттік бағдарламасын «2020 – Бизнес жол картасын» енгізуді қамтамасыз етуін тапсырған болатын. Елбасы 2020 жылға дейін кəсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.

Бизнес қауымдастығының алдағы дамуын есепке ала тұра, көздеген жоспарларға жетуге мүмкіндік беретін маңызды аспект – кəсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік бақылаушы органдардың заңсыз араласуынан қорғау. Бұл өз кезегінде жеке бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда құзыретті органдар тиісті түрде кəсіпкерлердің құқықтарын қорғауды, кəсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды болдырмау жəне алдын алу жөніндегі белсенді жұмыстар жүзеге асыруы тиіс.

Кəсіпкерлікті экономиканың ортаңғы фигурасы ретінде ең алғаш таныған француз экономисті Э. Кантильон болатын. Кəсіпкерлер деп ол пайда табу құралы ретінде нарықта өз тəуекеліне тауар алмастыратын адамдардың (жер иелері жəне жалдамалы жұмысшылармен қатар) жаңа тобын түсінген.

Кəсіпкерлік проблемаларына қатысты экономистердің көптеген теориялық жұмыстарының арасында 1982 ж. Жарияланған Й. Шумпетердің жұмысы көзге көрінеді; ол экономиканың даму механизмінің ортаңғы элементі ретінде кəсіпкердің ролін іргелі түрде негіздеп берген. Кəсіпкерлік қызмет атқару үшін индивид бірқатар ерекшеліктерге ие болуы тиіс: алысқа қарау, жалғыз өзі алға қарай жылжу, ешкім жүрмеген жолдың басын бастау, өзіндік бастамаға, беделге, болжамдар жасауға, өзге адамдарға əсер ете алуға қабілеті болуы тиіс [2]

Қазақстандық қоғамның əлеуметтік жəне экономикалық өміріндегі өзгерістер 1990 ж. Басында байқала бастады, олар өмірдің барлық салаларының демократизациялануына, еркін кəсіпкерліктің дамуына бағытталған көптеген жағымды жақтары бола тұра, біруақытта өзімен бірге бірқатар жағымсыз құбылыстар алып келді. Олардың ішінде, экономикалық қызмет саласында жасалатын қоғамға қауіпті əрекеттердің өсуін атап өтуге болады.

Дамып жатқан нарықтық қатынастармен бірге туындап, олар салалық заңнаманың жетілмеуінен, сонымен қатар экономикалық қызмет саласындағы субъектілердің заңға сəйкес қызметтің жəне адал бəсекелестіктің талаптары мен ережелерін сақтауға деген жағымсыз қатынасының болуымен олар ары қарай тарала бастайды. Жоғарыда айтылған жағымсыз құбылыстардың көп таралуы жаңа Қылмыстық кодексті жасау кезінде есепке алынған. Алдында қолданыста болған заңнаманың жағымды тəжірибесін қабылдап, елдегі криминогендік жағдайды есепке алып жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді.

1997 ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын қолданысқа енгізуге байланысты мемлекетте қылмыстың экономикалық деп аталатын жаңа түрі пайда болды. ҚР ҚК-нің 7-тарауын «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» бұған дейінгі қолданыста болған қылмыстық заңнамада аналогиясы болмады жəне баршаға түсінікті негіздер болуы да мүмкін емес еді. Бірақ та жалған ақша жасау, контрабанда, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату жəне басқа қылмыс құрамдары жалпы қылмыстық құрамдарға едəуір жақын қылмыстар ҚР ҚКде болған. Бірақ олар экономикалық қызмет саласындағы қылыстарға арналған тараудың ерекшелігін анықтап көрсетпейді.

Бұл жерде новация ретінде ең алғаш рет жақын уақыт аралығында бизнестің жүзеге асуына жəне дамуына кедергі келтіретін əрекеттерден қылмыстық құқықтық қорғау əрекеті заңшығарушылық тұрғыда жүзеге асырылады.

Өндіріс, сауда салаларында заңсыз кəсіпкерлік қызмет үшін қылмыстық жауапкершіліктің құрылымы өзгерген болатын. Өз кезегінде ол ҚР ҚК-нің 190-бабының пайда болуына алып келді, ол бапта кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асырып ірі немесе аса ірі көлемде пайда табу немесе ірі залал келтіру.

Экономикалық қызмет саласында жасалатын қылмыстармен күресуге бағытталған қолданыстағы қылмыстық заңнаманы талдаулар, тиісті қылмыс құрамдарын ары қарай зерттеу, осының негізінде қоғамға қауіпті əрекеттерді саралау жөнінде ғылыми ұсыныстарды дағдылау, сонымен қатар қылмыстық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу қажеттігін туындатып отыр.

Экономиканың қауіпсіздік деңгейі жоғары болған сайын  оны ұстап тұруға кететін  шығындар да аз болатыны мəлім. Жəне керісінше, экономиканың қауіпсіздік деңгейі төмен болған сайын – халық шаруашылығындағы шығындар, сəйкесінше, өнімнің бірлігі, төлем көбірек болады.

Нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен қызмет көрсетуші ретінде мемлекеттің ролі азая түседі. Сол уақытта оның шаруашылық етудің, қаржылық қызметтің, дауларды шешуші ретінде арбитр ретіндегі ролі арта түседі, қабылданған заңдарды уақытында жəне дəлме – дəл қолдануды бақылау, қадағалау жөніндегі функциялары күшейеді.

Экономикалық қауіпсіздіктің статегиялық мүдделерін қамтамасыз етудің бір бағыты – нарықтық экономиканы икемді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жерде өзін – өзі реттеу механизмін бұзбай ғана қоймай, бұл механизмдердің едəуір тиімді жұмыс атқаруына жағдай жасау керек. Ол үшін нарық субъектілерінде келесідей мəліметтер болуы тиіс: жалпы экономиканың дамуы жайлы, құрылымдық саясаттың міндеттері жайлы, болжамдалатын макроэкономикалық көрсеткіштер жайлы жəне т.б. Əрине, осындай күрделі жұмысты тек қана мемлекеттік басқару органдары ғана емес, сонымен қатар, қорғамдық жəне жеке талдау орталықтары да атқарады. Жалпы алғанда мемлекеттің ролі нарықтық экономикадағы себепті – салдарлы байланыстарды анықтауда, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін дамудың стихиялық сəттерін алдын алуда, болашақта едəуір пайда əкелетін салаларды анықтауда жатыр.

Осылайша, экономикалық қауіпсіздіктің мəнін экономикалық жəне билік институтарының жағдайы ретінде анықтауға болады, ол өз кезегінде ұлттық мүдделерді қорғауды, саясаттың əлеуметтік бағытын, бизнестің, кəсіпкерліктің қорғалуын қамтамсыз етеді. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік стратегиясы жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың шеңберінде дағдыланады жəне жүзеге асырылады, оның негізгі бағыттары болып тұлғаның экономикалық жағдайының қалыпты  болуы,  қоғамның,  мемлекеттің  əлеуметтік  –  экономикалық  тұрақтылығы,  азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік билік органдарын қоса алғанда барлығының заңдылықты сақтауын жəне заңды құрметтеуін қамтамасыз ету б.т.

Осы мақсаттарға жету үшін едəуір маңызды экономикалық жаңаруларды аз шығындармен реттеуге мүмкіндік беретін, экономикаға мемлекеттік ықпал етудің берік жəне сенімді жүйесі құрылуы керек. Экономиканың криминализациялануымен күрес жолында қылмыстылықтың едəуір қауіпті нысандарына, сонымен қатар, экономикалық қызмет саласында азаматтардың құқықтарының бұзылуына қарсы тұруды белсендету керек. Республикалық деңгейде қоғамның əлеуметтік тұрақтылығына, экономикаға, қорғаныс қабілеттілікке жəне мемлекеттің өзге мүдделеріне ықпал келтіретін экономикалық қылмыстылық төндіретін қауіпқа тойтарыс бере алатын шаралар қолданылуы керек. Экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құзыретті органдар да экономикалық қылмыстармен күресін ары қарай белсендетуі тиіс. Бірақ олардың бұл қылмыстармен күресі тек қана қылмыстық құқық тұрғысынан, жауапкершіліктің дифференциациялануы немесе жазаның даралануы сияқты дəстүрлі институционалық элементтерді қоса алғанда шектелген болып қалып отыр. Тек көлемді қылмыстық – саяси көрініс болған жағдайдаэкономика саласында туындайтын қатынастарды қорғауды жəне реттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі туындайды. Егер қылмыстық заң индивидтің экономикалық жүріс – тұрысын түзетуге бағытталса, онда қылмыстық саясат бұқара əлеуметтік – экономикалық процесстерге қатысты төрешінің роліне талаптанып отыр.

Осыған байланысты қылмыстық саясаттың экономикалық саладағы пəні болып жекелеген экономикалық бірліктердің қылмыстық əрекеттері б.т. Экономикалық қылмыстылықтың проблемаларын жоққа шығару немесе оны шешуде тек қана репрессиялық əдістерді қолдану нəтижелі болмайды.

Осы орайда мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын ең жоғарғы лауазымды тұлға ретінде ҚР Президенті Н. Назарбаев құқық қорғау жүйесін оңтайландыру жайлы ұсынысы уақытылы жəне əділетті болып отыр. Осындай өзгерістер қарастырылып жатқан қылмыстармен күресті күшейтуге жəне өзге салалардағы қылмыстардың алдын алуына мүмкіндік береді. ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы «ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат Тұжырымдамасында» бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне оның қызметіне негізсіз араласуды болдырмау жөнінде қаржы полициясы органдарының ролін атап көрсеткен болатын.

ҚР заңнамасы бойынша қылмыс субъектісі ретінде, оның ішінде экономикалық қылмыстар субъектісі ретінде есі дұрыс, қылмыстық жауапкершілік жасына толған жеке тұлға танылады. 2010 – 2020 жж. аралығындағы Құқықтық саясат Тұжырымдамасында кейбір қылмыстар, оның ішінде экономикалық қылмыстар үшін заңды тұлғалардың жауапкершіліг енгізу міндеті қойылған. Бұл шаралар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күресудің тиімділігін арттыруда маңызы зор [3].

Қазіргі таңда экономика саласындағы қылмыстардың туындауына негіз болатын əртүрлі мəн-жайлар бар. Осы мəн – жайларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

А) Əлеуметтік – экономикалық;

Б) Ұйымдастырушылық – басқарушылық;

В) Əлеуметтік – психологиялық.

Əлеуметтік – экономикалыққа жататындар:

  • Инфляция;
  • Экономиканың көп салаларындағы қызметкерлердің жалақыларының төмен болуы;
  • Баға орнату механизмдерінің кемшіліктері;
  • Бағалы қағаздар нарығының дамуының төмен болуы;

Экономика саласында шынайы бəсекелестіктің болмауы жəне т.б. Ұйымдастырушылық – басқарушылық мəн – жайларға:

  • Экономикалық қатынастардың субъектілерін тиісті түрде салықтық, кедендік, қаржылық жəне банкілік бақылауының болмауы;
  • Экономиканы басқарудың бюрократиялық жүйесі;
  • Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күресу жөніндегі ғылыми зерттеулердің бытыраңқылығы;
  • Экономикалық қатынастардың субъектілерінің арасындағы шаруашылық даулардың  дер кезінде шешілмеу.
  • Əлеуметтік – психологиялық мəн – жайларға: Қоғамның бытыраңқылығы;
  • Халықтың басым бөлігінде құқықтық нигилизмнің болуы;
  • Экономикалық қылмыстар үшін жазаның орнамау психологиясы;

Бизнесмендер мен кəсіпкерлердің кейбіреулерінде, əсіресе жастарда тех байып кету психологиясы [4].

Зерттеу нəтижелеріне сəйкес кəсіпкерлік қызметке қолсұғушылықтардың сипатына қарай оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

Заңды кəсіпкерлік қызметке кедергі жасайтын қолсұғушылықтар; Заңсыз кəсіпкерлік қызмет туындататын қолсұғушылықтар.

Бірінші топқа: заңды кəсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК 189 – бабы), монополистік қызмет ( ҚК 196 – бабы); ал екінші топқа – заңсыз кəсіпкерлік (ҚР 190-бабы), заңсыз банктік қызмет (ҚК 191 – бабы), жалған кəсіпкерлік (192-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-əрекеттер  ( 215-бап), əдейі банкроттық (216-бап), жалған банкроттық (217-бап).

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің 2010 ж. Қазақстан Халқына Жолдауынан http://www.akorda.kz/ru/speeches/addresses_of_the _president_of_kazakhstan/
  1. Шумпетер Й. Теория экономического развития. – М., Наука. – с.187.
  2. ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы «ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат Тұжырымдамасы» http://prokuror.kz/kaz/
  3. Алауханов Е.О. Криминология. Учебник: Общая и Особенная части. – Алматы, Жеті жарғы, 2008. – 664 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.