Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандыру ісінің пайда болуы жəне дамуы: теориялық мəселелері

Сақтандыру көне дəуірден бері адамдар өркениеті арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі-бір қатерлі, қауіпті, шығын зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті категория, əрі сол өндірістік қатынастардың мызғымас бөлігі болып табылады. Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы «қауіп», «қорқыныш» деген сөздермен байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап тұру, тонаудан сақтандыру жəне т.б. мағынада да айтылған [1, 9 б.].

Ғылымда сақтандыру ісі қашан пайда болды деген сұраққа əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Буржуазиялық ғылым, капиталистік құрылысқа дейін, ежелгі жəне орта ғасырлардағы халықтарда сақтандыру ісінің болмағанын алға тартады. «Оларда «сақтандыру» мен «көмек» араласқан сақтандыруға ұқсас түсінік болды, ал сақтандыру түсінігі өз мағынасында XIV ғасырда пайда болды жəне тарихы сақтандыру операцияларынан пайда табуды көздейтін коммерциялық сақтандырудан бастау алады [2, 6 б.] «,- деп тұжырымдайды.

Г.Ф. Шершеневич сақтандыру идеясы ең алғаш теңіз саудасында қолданылған, ал теңіз сақтан- дыруы Жерорта теңізінде XIII ғасырларға таман пайда болған деген ұстанымды ұстанса, бұл пікірді, В.И. Серебровский өз еңбектерінде сақтандырудың пайда болуы мен дамуы пайда табу, яғни коммерциялық мақсаттағы құрылған теңіз сақтандыруынан бастау алады деген пікірді қолдайды [3, 12 б.].

Буржуазиялық əдебиетте бұл мəселеге байланысты басқа да пікірлер бар. Тит Ливийдің, Цицеронның мəтіндеріне сүйене отырып, сақтандыру шарты ежелгі римдіктерде қолданылса, ал ежелгі Грецияда Александр Македонский кезінде тек өзара сақтандыру ғана емес, сонымен қатар, акционерлік сақтандыру қоғамдары құрылған [2, 7 б.]

В.К. Райхер капиталистік құрылыстан бұрын сақтандыру ісі болғанын жоққа шығаруға болмайтынын, жəне капиталистік құрылысқа дейінгі сақтандыру түрлерін буржуазиялық сақтандырудың элементі ретінде қарастыру керектігін өз еңбектерінде атап өтеді. Сақтандыру, оның пікірі бойынша, феодалдық, тіпті құл иеленушілік қоғамда болды жəне буржуазиялық сақтандырудан ерекшеліктері болды [4, 30 б.].

М. Я. Шиминованың пікірінше: «Капиталистік құрылысқа дейін сақтандырудың негізгі түрі өзара көмек түріндегі сақтандыру болып табылады. Негізінен тауар мен тасымалданатын заттарды, теңіз кемелерін, жүк таситын жануарларды бір-біріне көмекке келісім арқылы беретін болған [2, 7 б.]».

Ал, қазақстандық ғалымдардың  көзқарасына тоқтала  кетер  болсақ,  К. Жуйриков,  И.  Назарчук, Р. Жуйриков «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт» еңбегінде: «Сақтандыру өз тамырын өте тереңнен алады. Ерте кезден кеме жəне жүктерге байланысты тəуекелді бөлісуге тырысқан. Б.з.д. III мыңжылдықта вавилондықтар теңіз ісінде қарыз жүйесін былай қарастырған, егер іс апатқа ұшыраса қарызды қайтармайтын болған. Бұл жүйе ежелгі Грецияда да танымал болған [5, 6 б.]».

Сақтандыру саласындағы қазақстандық ғалым Б.Ө.Сманның пікірінше: «Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дəуірде, құл иеленуші қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша құл иеленушілер, өздерінің мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан жəне басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау тəсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезеңде мал мүлікті жəне жеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сақтандыру шарты ретінде көрініс берген еді. Көне дəуірдегі сақтандырудың алғашқы нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін ұжымдық өзара көмек жатқан. Сол кездерде қалыптасқан негізгі қағида бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған қызмет емес, ол тек қауіп-қатерден қорғау тəсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен жəне т.б. толықтырып отырған [1, 9-10 бб.]».

Ең алғаш сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріген осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты – адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады. Бұл заңда сауда керуеніне қатысушылардың арасындағы жолда қарақшылардың шабуылынан, тонаудан, ұрлаудан келген шығынды бөлісу туралы келісім қарастырылған болатын. Бұған ұқсас Палестина мен Сирияда керуеннің апатқа ұшырауы, өлімі, жыртқыш аңдардың шабуылы немесе керуенге қатысушы мүшесінің жоғалуы жағдайларын қарастыратын шарттар жасалған болатын. Теңіз сауда ісінде кеме аударылуы жəне басқа да теңіздегі қауіптерден келетін шығындарды өзара бөлісу туралы келісімдер Парсы шығанағы, Финикия, ежелгі Грецияда кеме иелері мен көпестің арасында жасалатын. Бұл жағдайларға бір ерекшелік қана тəн: бұл жерде бұндай қатынасқа қатысушылар тұрақты төлейтін сақтандыру төлемдері жүйесі қалыптаспаған еді. Жəбірленушіге шығындарды төлеу туралы міндеттемені соңғысы келісімге барлық қатысушылардың арасынан арнайы жинап алады. Бұл қоғамда сақтандыру төлемі алдын ала құрылған сақтандыру қорынан емес, бір тұлғаның келтірген шығынын барлық сол келісімге қатысушылардан өндіріп алынатын [6, 29-30 бб.].

Бірте-бірте сақтандыру ісі жетілген түрде сақтандыру қорының құрылуы жəне ақша қорларының жинақталуына алып келетін тұрақты төлемдер негізінде қалыптаса бастады. Бұл ұйымның міндеті ұйым мүшелеріне отбасы мүшелері қайтыс болғанда, балалар жетім қалған жəне де басқа бақытсыздық жағдайларда материалдық көмек көрсету болды. Мұндай ұйымдар ежелгі Үндістан, ежелгі Египетте болды [2, 8 б.].

Б.з.д. 916 жылы Ежелгі Грецияда Родос аралында кеме аударылуы салдарынан келетін шығынды бөлісу туралы сақтандыру актісі қабылданған.

Басқа елдермен салыстырғанда, тұрақты қорлар мен өзара сақтандыру ежелгі Римде болды.

Сақтандыру ісі ежелгі Римде азаматтардың материалды, кəсіптік жəне жеке қызығушылықтарын (еңбек қабілеттілігін жоғалту, қайтыс болған адамды жерлеу шаралары) қарастыратын қоғамдар негізінде құрылды [7, 11-12 бб.].

В.К. Райхер өз еңбегінде бұл қоғамдар алдымен өзара көмек негізінде жəне кəсіби коллегаларды антикалық қоғамдағы өзара сақтандыру ұйымының айқын көрінісі деп бағалады. Бұл қоғамға кірерде кəсіби коллеггиялар бір реттік жəне ай сайын белгілі бір төлем төлеп тұрды. 133 жылғы Ланувиум қаласынының Ланувиялық Коллегия Жарғысы бойынша мүшелері кірерде 100 сестерция мен амфора (24 литрға жуық) шарап, сосын ай сайын 5 асс (сестерций – 4 асстан тұратын күміс ақша) төлейтін. Ұйым мүшесі қайтыс болса, 300 сестерция төленетін, ал 50 сестерция жерлеуге қатысушыларға таратылатын, яғни жерлеуге жұмсалды. Сақтандыру төлемін тек өсиет бойынша мұрагер алатын, ал өсиет қалдырылмаған жағдайда, ұйым мүшелері өздері бұл іспен айналысты, яғни жерлеу өз деңгейінде лайықты құқықтық қорғалған. Егер адам өзін-өзі өлтірсе жəне ай сайынғы төлемді мерзімінен кешіктірсе сақтандыру төлемін алу құқығы жойылатын.

Бұған ұқсас ұйымдар ежелгі Римде əскери жəне діни салаларда да болған [2, 9-10 бб.].

Сонымен, сақтандыру ісі өз бастауын антикалық кезеңнен алады, кейбір буржуазиялық авторлар өз еңбектерінде сақтандыру ісі каптиалистік құрылысқа дейін пайда болғанын жоққа шығарса, біз жоғарыдағы ғалымдардың көзқарасына тоқтала отырып, сақтандыру ісі өз тамырын антикалық кезеңдерден алатын дəлелдеуге тырыстық.

Ал, енді орта ғасырларда сақтандыру ісінің ары қарай қалай дамығанына тоқталар болсақ, орта ғасырлардағы сақтандыру əдетте, гильдиялық-цехтық деп аталады. Ортағасырларда сақтандыру көпестердің жолда жүру жəне жеке қауіпсіздігі үшін біріккен гильдия одақтары арқылы іске асты (скамай). Ең алғашқы гильдиялар Англияда (X-XI ғғ.), ал Германияда (XI-XII ғғ.) жəне Данияда (XII ғ.) пайда болды. Гильдялардың құрылуының негізгі мақсаты – ағайынгершілік. Өздерінің міндеті əрбір мүшесіне көмектесу мен барлық жағынан ағайындық көмек көрсету деп санады. Римдік коллегияларға қарағанда, өзара тығыз қарым қатынаста болды. Кейініректе, жеке адам мен оның мүлкін қорғайтын əртүрлі қолсұғушылықтардан қорғайтын қорғаушы гильдиялар жəне əртүрлі мамандық иелерінің ортақ қызығушылықтарын қорғайтын да гильдиялар болды. Шығындарды өтеу негізінен жалпы гильдиялық кассадан немесе мүшелер арасында бөліп төлеу арқылы жүзеге асты. Бірте бірте өзара көмекті ұйымдастыру анықталған нысанда іске асты. Ортағасырлардағы негізгі кəсіп сауда болғандықтан, сауда ұзақ құрлықта жəне теңізде жүзумен байланысты болғандықтан, қауіп қатерге толы болатын. Сонымен қатар, отырықшы шаруашылықтағы халық əртүрлі кəсіппен айналысты. Сондықтан да, гильдиялық өзара сақтандыру əртүрлі жеке басқа қатысты да, мүлікпен байланысты да қатынастардағы бақытсыз жағдайларды ескере отырып, жеке жəне мүліктік сақтандыруға бөлді.

Мүліктік сақтандыру табиғат апаттарынан, өрт, су тасқыны, кеме аударылуы, малдың қырылуы, ұрлық пен тонау салдарынан келетін зиянды қалпына келтіруді қарастырса, ал гильдиялардағы жеке сақтандыру адам қайтыс болған, ауырған, мүгедек болған жағдайларда жəрдемақы төлеуді қарастырды. Адам қайтыс болған жағдайда жəрдемақы жерлеуге жəне жесірі мен асырауындағы балаларына берілетін жəне адам ауыр, жазылмайтын аурумен ауырған жағдайда төленді. Деректерге сүйенсек, 1284 жылы бір ағылшын гильдиясы адамдарға көзі көрмей қалған жағдайда жəне басқа да аурулармен ауырғанда жəрдемақы төлеген.

Ал, цехтардағы өзара сақтандыру мүшелері қайтыс болған жəне ауруға шалдыққан сияқты бақытсыз жағдайлары қамтыған. Гилдия немесе цехтың кассасынан сақтандыру төлемін төлеуден басқа да жəбірленуші мынадай көмек түрлері көрсетліетін: ұйым мүшелері бір біріне апаттармен, теңізде жүзудегі қауіптермен, өрт сөндіргенде, тонаушыдан қорғауда бірлесе күресу, Барлық келтірілген зиянды гильдия өтейтін. Гильдия мүшелері өз мүліктерін сақтауға, оның сақталуына шаралар қолдануға жəне келтірілу мүмкін зиянның алдын алуға міндетті болды. Бұл ережелерді сақтамаса, сақтандыру төлемдері төленбейтін еді [2, 11-13 бб.].

Кейінгі ортағасырларда қалалардың өсуіне байланысты ағаш құрылыстарының көбеюімен мүлік пен құрылысты өрттен қорғау, су басу жəне де басқа стихиялы апаттардан қорғану қажеттілігі туындады. ХVІ ғасырда 1310 жылы Германияда Брюгге қаласында көпестер мен қолөнершілердің қызығу- шылықтарын қорғау мақсатында Сақтандыру палатасы құрылса, Ресейде 1827 жылы Бірінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы, 1835 жылы Екінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы құрылды [7, 16 б.].

Сонымен, орта ғасырлардағы сақтандыру ісі антикалық кезеңмен салыстырғанда бір жүйеге келтірілген жəне қазіргі жеке жəне мүліктік сақтандыру барлық негіздерін қамтыды.

Қорыта келе, қазіргі кездегі сақтандыру ісінің өз бастауын ежелгі дүниеден, яғни антикалық кезеңнен бастау алып, орта ғасырларда одан əрі жетілдіріліп, жалпы ғасырлар бойы дамып отырғанын көреміз.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Сманов Б.Ө. Сақтандыру: экономикалық маңызы жəне Қазақстанда қалыптасып, даму кезеңдері. – А., 2000 – 46 с.
  2. Шиминова М.Я. Страхование: история, действующее законодательство, перспективы. – М. ИНФРА-М, -312 с.
  3. Серебровский В. И. Очерки советского страхового права. – М., С.12
  4. Райхер В.К. Общественно-исторические типы страхования. – М.: ЮКИС – С. 212
  5. К. Жуйриков, И. Назарчук, Р. Жуйриков . Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. / Под ред. К.К. Жуйрикова, – Алматы: ОФ «БИС». – -384 с.
  6. Сплетухов Ю.А., Дюжиков Е..Ф. Страхование. – М., ИНФРА-М. 312с.
  7. Скамай Л.Т., Мазурина Т.Ю. Страховое дело. – М., - 2004 - 256 с.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.