Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəслихаттардың құқықтық мəртебесінің орнығуында «ҚР жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңның алатын орны

«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» ҚР заңы 1993 жылы 10 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесімен қабылданды. Ол ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда жергілікті өкілді органның қалыптасуы мен құқықтық мəртебесінің орнығуына зор үлес қосқан негізгі, тарихи маңызды акт болып табылады. Нақ осы заңға сəйкес Қазақстан тарихында бірінші рет мəслихаттар өмірге келіп, бірінші рет мəслихат депутаттарының өкілеттіктері танылды. Сол жылдың басында қабылданған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Конституциясының өзінде «мəслихат»  ұғымы  қарастырылмаған еді, онда жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуді жергілікті өкілді органдар жүзеге асыратындығы белгіленіп, «мəслихат» атауы ауызға алынбастан жалпы жергілікті өкілді органдар ретінде қарастырылып кеткен болатын. 10 желтоқсанда қабылданған тиісті «ҚР жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңда бұл органдарға ат беріліп, олар Мəслихат – Депутаттар жиналысы деп атала бастады. Бұл заң өкілді органдардың мəртебесіне, ұйымдастырылуы мен қызмет етуі  аясына үлкен өзгерістер алып келді. Ол туралы біраз ғалымдар аталмыш заңға ғылыми саралаулар жасап өзіндік пікірлерін білдірген болатын. Біз сол   ғалымдардың   кейбірінің   негіздемелеріне тоқтала отырып, тиісті мəселенің реттелуін 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңға дейін əрекет еткен заңдармен салыстыра отырып тереңірек зерттеп, қарастыруды жөн деп таптық.

Қазақстанның    белгілі  ғалым  заңгері Ғ.С. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңның жергілікті мемлекеттік басқару органдарының атауына жəне құрылымына келесідей алты елеулі өзгерістер енгізгенін көрсетеді: «біріншіден, ауылдық, кенттік, селолық, аудандық, қалалық жəне облыстық деңгейлерде халық депутаттары кеңестері мен атқарушы комитет атаулары жойылды...

Екіншіден, жергілікті өкілді органдар мəслихаттар, ал жергілікті атқарушы органдар əкім бастаған жергілікті əкімшілік деп атала бастады. Үшіншіден, мəслихаттар мен əкімшілік «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атаумен біріктірілді...

Төртіншіден, мəслихаттар мен жергілікті əкімшілікті «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атаумен біріктіру мүлдем оның екеуі де мемлекеттік басқарудың бірдей мəселелерімен айналысады дегенді білдірмейді... Бесіншіден,  мəслихаттар   мен жергілікті əкімшілік ұйымдық тұрғыдан бір-бірінен бөлінген.

Алтыншыдан, мəслихаттар жергілікті өзінөзі басқару органдары емес, өкілді органдар болып саналса да таза мемлекеттік органдар болып табылады» [1. 436 б.]. Байқап отырғанымыздай аталмыш ғалым негізгі өзгерістерді жергілікті басқару органдарының аталуы мен мəртебесінің анықталуына қатысты анықтайды.

Келесі  ғалымдар   тобы,   профессорлар В.А. Ким жəне З.Ж. Кенжалиев бұл заңның өзгешелігін неғұрлым кең тұрғыдан қарастырып, оны келесілерден көреді: 1) жергілікті өкілді органдар «мəслихат – депутаттар жиналысы» ... деп аталды.

  • тиісті заңмен мəслихат депутаттарының саны біраз қысқарды, нақты айтар болсақ, облыстық мəслихаттар мен Алматы қалалық мəслихаттың депутаттарының саны – 50-ге дейін, қалалық – 30-ға дейін, аудандық – 25-ке дейін қысқартылды. Мəслихат депутаттарының төменгі шегі белгіленбеді.
  • заң əртүрлі деңгейдегі мəслихаттардың вертикалдық бағыныштылығын     жойды, яғни деңгейі бойынша жоғары тұратын мəслихаттар төмен тұрған мəслихаттарға басшылық ету құқығына ие болмады, төменгі тұрған мəслихаттар дербес, жоғарғы тұрған мəслихаттарға бағынбайтын болды.
  • заңмен өкілді жəне атқарушы органдардың бөлінуі реттелді. Атқарушы органдар өкілді органдармен құрылмайтын болды.
  • Заңмен Кеңестің тұрақты төрағасының орнына мəслихат сессиясының төрағасын сайлау тəртібі енгізілді [2. 54-56 бб.]. Реті келгенде айта кететіні, бұл ғалымдар жергілікті өкілді органдардың  «Мəслихат   –  Депутаттар жиналысы» деп аталуына өздерінің көңіл толмаушылықтарын білдірді, ашып айтсақ,

«Əрине, жергілікті  өкілді  органдардың  атауын қазақтың сөзі  «мəслихатпен»  ғана  шектесе де, ол бəріне түсінікті болар еді. Басқа тілге аударылмай-ақ бір ғана атаумен аталып жүрген Парламенттің бір палатасы – Мəжілістің қазақ сөзімен аталуын барлығы да түсінеді емес пе?»,деп өз көзқарастарын негіздеді [2. 54 б.].

«ҚР-ның жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» ҚР заңы Мəслихат – Депутаттар жиналысын облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қала кірмейді) аумағындағы халықтың өкілді органы ретінде анықтай отырып, олардың құрылып, қызмет етуінің   аумақтық   негіздерін   жаңаша  реттеді.

Оған дейін, жергілікті кеңестер барлық дерлік əкімшілік-аумақтық бірліктерде: ауыл, село, поселке, аудан, қала, қаладағы аудан, облыс аумақтарында құрылып, қызмет еткен болатын. Олай болса, тиісті заң ҚР-да жергілікті өкілді органдардың ұйымдастырылып, қызмет етуінің аумақтық негіздерін шектеді,  тиісінше ол кейін қабылданған заңдарда жергілікті өкілді органдардың аумақтық негіздерін белгілеуде басшылыққа алынды.

Заң Мəслихаттар – Депутаттар жиналысы жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті əкімшілік-аумақтық мекен халқының еркін білдіріп, жүзеге асырады деп бекіте отырып олардың жергілікті атқарушы органдармен қоса төменгідей міндеттерін анықтады:

  • тиісті аумақтық əлеуметтік жəне экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • жергілікті жерлерде ҚР Конституциясының, заңдарының, Жоғарғы Кеңес  қаулыларының, ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті құжаттарының, жоғары тұрған Мəслихаттар Депутаттар жиналыстары мен əкімдердің өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • республикалық жəне жергiлiктi өкiмет органдары арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
  • халықты жергiлiктi iстердi басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету [3. 1 бап].

«ҚР-ң жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңда əртүрлі деңгейдегі мəслихаттардың өзарақатынасы реттелді. Оны алдыңғы 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Советтері туралы» заңның жəне оған өзгертулер енгізген 13.01.1992 жылғы заңның кеңестердің өзара қатынастарын реттеген нормаларымен салыстыру мəслихаттар арасындағы өзарақатынастың көп өзгермегенін, қайта алдыңғы заңдарда жергілікті өкілді органдар арасындағы өзарақатынас нақтыланып, кеңінен қарастырылғанын көреміз. Оны тиісті заңның 9-шы бабымен танысу көрсетеді. Алдыңғы жəне соңғы заңдарда да  жергілікті өкілді органдардың өз құзыреті шегінде дербестігі қағидасы бекітілді. 1991 жылғы заңда бір қайшы ереженің болғанына қарамастан жергілікті кеңестердің дербестігінің мазмұны біршама   нақтыланды   да.   Онда   дербестіктің мынадай белгілері: жоғары тұрған Советтің (оның органдарының) төменгі Советтің (оның органдарының) құзырына жататын мəселелерді шешуге араласуға, заңдарда ... көзделген жағдайдан басқа кезде олардың мүлкі мен кірісін алуға, актілерін бекітуге, заңдарда көзделген жағдайдан басқа кезде олардың лауазымды адамдарын тағайындауға жəне орнынан алуға немесе осы Советтердің органдарындағы қызметтерге кандидатураларды міндетті түрде келісуді талап етуге, оларға тəртіптік жаза қолдануға, оларға міндеттейтін нұсқаулар беруге, .... құқығы жоқ екендігі анықталды [4. 9-бап 2 т.]. Ал, жоғарыда атап кеткен дербестік қағидасына қайшы келген ережеге келсек, ол – түрлі деңгейдегі кеңестер арасында өз құзыреттерінің ара жігін ажырату жəне коммуналдық меншіктегі мүліктің кімге тиесілі екендігі, сондай-ақ олардың бюджеттері арасындағы кірістердің ара жігін ажырату мəселелері жөнінде туған келіспеушіліктерді жоғары тұрған Кеңестің қарап, шешуі болды. Бұл ереже жергілікті кеңестердің дербестігін бекіте отырып, бірмезгілде жоғары тұрған кеңестің төменгінің қызметіне араласуына жол берді. 1993 жылғы заң бұл кемістікті жойып тиісті келіспеушіліктерді сот қарап, шешетіндігін бекітті.

«ҚР-ң жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заң жергілікті өкілді органдардың дербестігі   қағидасын   қайталай   отырып,  оны «тiкелей қосымша бағыныстылықта болмайды» деген сөйлеммен толықтырды. Жалпы алғанда, біздіңше, мəслихаттың тікелей қосымша бағыныстылықта болмайтындығы оның өз құзыреті шегінде дербес болуын нақтылайды. Жоғарыда аталған ғалымдар бұл заң əртүрлі деңгейдегі мəслихаттар арасындағы вертикалдық бағыныштылықты жойды дегенімен, біздіңше онда вертикалдық бағыныштылық толығымен жойылған жоқ, бұл заңда алдыңғы заңдардан алынған оның екі элементі сақталды: а) жоғары тұрған Мəслихат – Депутаттар жиналысының шешiмдерiнің төменгi Мəслихаттар – Депутаттар жиналыстары үшін мiндеттiлігі; б) жоғары тұрған Мəслихат – Депутаттар  жиналысының өз  өкiлеттiгiнiң  бiр  бөлiгiн  төменгi  Мəслихат – Депутаттар жиналысына  беру  құқығы. Белгілі ғалым Жанузакова Л.Т. əділ көрсетіп кеткендей бұл норма «... əрбір аумақтық басқарудың дербестігі мен өз қызметіне жауаптылығына  қайшы  келді.  Мұндай   ыңғай мемлекеттік басқаруда қарама-қайшы екі негізді: орталықтандыру  мен орталықсыздандыруды біріктіргендей еді... Өкілеттік беру облыстық мəслихаттарға ... жергілікті мəселелерді шешуден өздігінен шеттеліп, ол үшін жауаптылық жүгін төменгі органдарға аудару мүмкіндігін берді» [5. С.39]. Олай болса, бұл заң жергілікті өкілді    органдардың  өз  құзыреті  шегіндегі дербестігін бекіте отырып, белгілі бір шамада вертикалдық жүйе элементтерін де қарастырды. Тағы да бір айта кететіні, бұл заңның (1993  ж.) атап кеткен 15 ақпан 1991  жылғы  жəне оған өзгертулер енгізген 13.01.1992 жылғы заңдардан бір ерекшелігі онда «жергілікті өзінөзі басқару органдары» ұғымы қолданылмады. 1991 жылғы ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттары жергілікті Советтері туралы» заңның 2-і бабы поселке, ауыл, село, аудан, қала, қаладағы аудан деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың жүзеге асырылатындығын,  тиісінше   осы   бірліктегі халық депутаттарының жергілікті Советтері жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне кіретіндігін бекіткен болатын. 1993 жылғы біз қарастырып отырған заңда «жергілікті өзін-өзі басқару» терминінің қолданылмауы Мəслихаттар – Депутаттар жиналысының енді өзін-өзі басқару органы  мəртебесін  қамтымайтын  таза мемлекеттік басқару органына айналғандығын көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңмен қарастырылған келесі бір маңызды мəселе – Мəслихаттар-Депутаттар жиналысының жергілікті əкімшілікпен өзара қатынасы мəселесі болды. Биліктің бөлінуі қағидасын алғаш рет бекіткен «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларация қабылданғаннан кейін тиісті қағидаға негізделе отырып қабылданған 13.01.1992 жылғы «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Советтері туралы» ҚазКСР Заңына өтпелі кезең кезінде өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы заң жергілікті кеңес пен əкімшілік арасындағы қатынастар қызметтерді бөлу қағидасы негізінде құрылатындығын бекіткен болатын.

1993 жылғы біз қарастырып отырған заң оны ары қарай жетілдіре отырып мəслихаттардың жергілікті əкімшілікпен өзарақатынасының негізіне келесі қағидалардың алынатындығын анықтады:

  • қызметтерді бөлу қағидасы
  • өз өкілеттігін дербес жүзеге асыру қағидасы
  • жергілікті əкімшіліктің заңда белгіленген мəселелер бойынша Мəслихатқа – Депутаттар жиналысына бағынышты болуы қағидасы /3. 4 бап/.

Байқап отырғанымыздай, бұл норма мəслихат пен əкімшіліктің бөлінуін, дербестігін реттей отырып əкімшіліктің заңмен белгіленген шектерде мəслихатқа бағынысты болуына жол берді.

«ҚР-ң жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңның келесі бір өзгешелігі ол Мəслихат – Депутаттар жиналысы қызметінің ұйымдық нысандарын шектеді, нақты айтсақ, Мəслихат – Депутаттар жиналысының қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандары тізбесінен жергілікті əкім шығарылды. 1991 жылғы ақпандағы заң бойынша атқару комитеті жергілікті Советтің қызметін жүзеге асыруының бір нысаны ретінде бекітілген еді. Кейінірек, 1992 жылы 13 қаңтарда бұл заңға өзгертулер енгізіліп, жергілікті Советтің қызметінің ұйымдық нысаны ретінде атқару комитетінің орнына əкім енгізілген болатын [6]. Енді 1993 жылғы заң бойынша Мəслихат – Депутаттар жиналысы өз қызметiн сессияларда, тұрақты жəне өзге де комиссиялар арқылы, сондай-ақ депутаттар арқылы жүзеге асыратын болды [3. 10 бап]. Мұны тиісті заңның ерекшелігі əрі жетістігі ретінде көрсетуге болады.

Атқару комитетінің, кейін əкімдердің Мəслихат – Депутаттар жиналысының қызмет етуінің ұйымдық нысандарынан шығарылуы билікті бөлу қағидасының бекітілуіне байланысты орын алды деп айтуға болады. Əкімшілік пен мəслихат бір-бірінен түпкілікті бөлінген жоқ, олардың арасында өзарақатынас қағидасы орын алды. Міндеті ортақ біртұтас жергілікті мемлекеттік басқарудың екі буынының өзара байланысы заңда бекітілген келесі қызметтердің жүзеге асырылуы арқылы көрініс тапты: облысты, ауданды, қаланы басқару схемасын бекіту, бюджет жобасын, оған енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларды бекіту, тиісті əкімшілік аумақтық мекенді экономикалық жəне əлеуметтік дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту, əкімнің жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есебін бекіту, т.б.

Заңда реттелген келесі бір мəселе  Мəслихат Депутаттар жиналысын шақыру жəне өткізу тəртібі. Тиісті мəселеге қатысты заңның енгізген жаңалығы – сессияның екі түрінің анықталуы болды. Бұл заңда алдыңғысында болмаған сессияның кезекті жəне кезектен тыс түрі, тиісінше олардың ұйымдастырылуы мəселелері анықталды. Сонымен қоса, бұл заң мəслихат сессияларына жабық сипат берді, яғни ол сессияның оған дейінгідей жария сипатта емес, жабық нысанда өткізілетінін де реттеді [3. 15 бап 1 т.]. Бұл жергілікті өкілді органның қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында жасалған қадамның бірі болды деп айтуға болады.

Бұл заңның енгізген келесі бір жаңалығы – ол Мəслихат – Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы жəне Мəслихат – Депутаттар жиналысының хатшысы лауазымдарын енгізді. Халық депутаттары кеңесі төрағасының орнына бұл екі лауазымның енгізілуіне қатысты ғалым Жанузакова Л.Т. мынадай пікір білдіреді: «Жалпы сессия төрағасы мен мəслихат-депутаттар жиналысының хатшысы лауазымдарының енгізілуі туралы жаңалықтың себебі (подоплека) жергілікті жерлерде өкілді жəне атқарушы орган басшыларының арасында келіспеушіліктің (конфротация) тууына жол бермеуге тырысу болды» [5. 40-41 бб.].

Заңға сəйкес Мəслихат – Депутаттар жиналысының хатшысы оның қызметін ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету жөніндегі ағымдық жұмысты атқаратын, тұрақты қызмет ететін лауазымды тұлға ретінде, ал сессия төрағасы өз қызметін қоғамдық негізде атқаратын тұрақты емеслауазымиесіретіндеанықталды. Сессияның төрағасы Мəслихат – Депутаттар жиналысының алдыңғы сессиясында депутаттар арасынан сайланатын болды. Жоғарыда аталған ғалымдар З.Ж.Кенжалиев пен В.А.Ким жергілікті кеңес төрағасы мен мəслихат сессиясының төрағасы арасында қағидалық айырмашылық болғанын көрсетеді: кеңестіңтөрағасыөктемөкілеттіктерге ие болса, мəслихаттың өзімен оның əр сессиясында келесі сессияны дайындау үшін сайланатын мəслихат сессиясының төрағасы кезекті сессияны дайындаумен жəне өткізумен байланысты құқықтарды ғана иеленді [2. 56 б.]. Расында да заңның 18 бабы сессия төрағасының өкілетіктерінің шамалы болғанын (бас-аяғы 5) əрі олар аталып отырғандай ұйымдастырушылық сипатта болғанын, сессия төрағасында қандай да бір төраға лауазымына тəн басқарушылық, өктем өкілеттіктер болмағанын көрсетеді.

Мəслихат – Депутаттар Жиналысы сессиясының төрағасының жəне хатшысының біршама  өкілеттіктері   оған   дейін   қызмет еткен халық депутаттары жергілікті Кеңесінің төрағасынан алынды. Демек, халық депутаттары кеңесінің төрағасының өкілеттіктері екі дербес тұлға арасында бөлінді. Нақты ашып қарастырсақ, Мəслихат – Депутаттар Жиналысы сессиясының төрағасының мына өкілеттіктері кеңес төрағасының өкілеттіктерінен алынды: сессияны шақыру, сессияның мəжілісін жүргізу, мəслихаттың актілеріне қол қою. Бұлардан өзге сессия төрағасына Мəслихат – Депутаттар жиналысы сессиясын жəне оның қарауына енгізілген мəселелерді əзірлеуге басшылықты жүзеге асыру, Мəслихат – Депутаттар жиналысы регламентінің  ақталуынқамтамасызетуөкілеттіктеріжүктелді. Өкілеттіктердің бірқатарын Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының хатшысы иеленді. Оның да иеленген бірқатар өкілеттіктері халық депутаттарының жергілікті кеңесі төрағасының өкілеттіктерінен алынды деуге болады. Атап көрсетсек: депутаттарға өз өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсету, олардың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, Мəслихат – Депутаттар Жиналысының тұрақты жəне өзге комиссияларының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіру, халықпен, меншік түріне қарамастан еңбек ұжымдарымен, кəсіпорындармен, мекемелермен жəне ұйымдармен Мəслихат – Депутаттар Жиналысы атынан байланыс жасау, Мəслихаттың – Депутаттар Жиналысының шешімдеріне сəйкес мəслихаттық Депутаттар жиналысының маызды жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жəне республикалық маңызы бар мəселелердi азаматтардың талқылауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, Мəслихатта азаматтардың қабылдануын, олардың өтiнiштерiнiң, арыздары мен шағымдарының қаралуын ұйымдастыру (соңғысы азымаз  өзгешелеу). Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының хатшысы осы аталғандардан өзге келесідей бірқатар жаңа өкілеттіктерді иеленді: сессияны өткiзу уақыты мен орнын, сондай-ақ оның күн тəртiбiнiң жобасын депутаттардың, əкiмдер мен халықтың назарына жеткiзу, Мəслихат – Депутаттар жиналысы сессиясын жəне Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының қарауына енгiзiлетiн мəселелердi əзiрлеу, сессия хаттамасын жасау iсiн қамтамасыз ету жəне сессия төрағасымен бiрге Мəслихат – Жиналыс қаулысы мен сессия хаттамасына қол қою, депутаттарды Мəслихатта – Жиналыста, оның органдары мен сайлау округтерiнде жұмыс iстеу үшiн қызмет немесе өндiрiстiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мəселелердi қарау, депутаттардың жергiлiктi əкiмшiлiк, оның органдары, кəсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының атына сессия барысында келiп түскен сауалдары мен мəлiмдемелерiнiң қаралуын бақылау, Мəслихат – Жиналыс аппараты құрылымын Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының бекiтуiне енгiзу, оның жұмысына басшылық жасау, оның қызметкерлерiн қызметке тағайындау жəне қызметтен босату, сайлаушылардан келiп түскен ұсыныстар, талаптiлектер мен хаттар туралы жиынтық деректердi Мəслихатқа – Депутаттар жиналысына ұдайы тапсырып отыру, заңдарға сəйкес депутаттардың сайлауы мен өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын доғару мəселелерiн қарау, заңдарда көзделген реттерде сотқа жiберiлетiн талаптарға арыздарға Мəслихат – Депутаттар жиналысы атынан қол қою, Мəслихат – Депутаттар жиналысы өзiне тапсыруы немесе өзiне заңдарда жүктелуi мүмкiн өзге де мəселелердi шешу [3. 19 бап].

Тиісті заңға сəйкес енгізілген Мəслихат – Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы мен хатшысы лауазымының қызмет етуіне қатысты мынадай  бір пікірге тоқталғым келіп  отыр:

«... Алайда сессия төрағасының жетекшілік жағдайы формальды болды деуге  болады, себебі ол өзінің қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырды... Шындығында жергілікті өкілді органның жұмысына жетекшілікті оның хатшысы жүргізді... Депутаттардың алқалы жиналысы ретінде мəслихатты жəне оның органдарын хатшының жеке өзі жүргізетін өкімші қызметімен алмастыруға (подмена) жол бермес үшін оған тұтастай Мəслихатқа – Депутаттар жиналысына немесе оның органдарына тиесілі құқықтар, қызметтер берілмейтіндігі енгізілді [5. С.41].

Бұл заңның келесі бір жаңалығы – ол Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының уақытша комиссияларын құру жəне оның тұрақты комиссияларының жұрт алдындағы тыңдаулар өткізу мүмкіндігін бекітті. Сонымен қоса, заң жергілікті өкілді органдардың тексеру комиссиясының ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне біршама өзгерістер енгізді. Біріншіден, оның  қызмет  аясы  қысқарды.  Нақты    айтсақ,«Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Советтері туралы» 1991 жылғы заңға (23 бап) жəне оған өзгертулер енгізген 13 қаңтар 1992 жылғы заңға сəйкес тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің орындалуыменқосаатқарукомитетінің(кейіннен жергілікті    əкімнің), оның  органдарының, ол құрған кəсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылайтын болса, енді ол тек жергілікті бюджеттің атқарылуына ғана бақылау жасайтын болды, екіншіден, комиссияның құрамы тек депутаттармен ғана шектелмейтін болды. Комиссияның құрамына Мəслихат – Жиналыс депутаты болып табылмайтын адамдардың да енуіне жəне тексерулерді мемлекеттік қаржы бақылау органдарымен бірге де жүргізуге мүмкіндік берілді; үшіншіден, тексеру комиссиясының  төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын болды (басқа мүшелеріне де қатысты ықтимал); төртіншіден, тексерудiң нəтижелерi туралы Мəсихат – Депутаттар жиналысымен қоса əкiмге де хабарланатыны реттелді [3. 24 бап]. Оған дейін əрекет еткен жоғарыда аталған заңдар бойынша тексеру нəтижесі тек Кеңеске ғана хабарланатын.

Заңның айта кететін келесі бір өзгешелігі – ол Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының депутаттарының құқықтық мəртебесін анықтауда кеңестік депутаттың қызметін ұйымдастырудың бір қағидасы болған – депутаттың аманатты мандатқа тəуелділігінің реттелуіне жол берді, нақты айтсақ, онда сайлаушылардың депутаттарды кері шақырып алу институты реттелді. Мұны тиісті заңның кемшілігінің бірі ретінде анықтауға болады. Сонымен қоса, кейбір ғылыми еңбектермен танысу бұл  заңның өзге де кемшіліктері болғанын көрсетеді. «Мысалы, əр түрлі буындағы өкілді органдар арасында бағынушылық болмаса да олардың бірлескен шаралар өткізу, өзара пікір алысу, əдістемелік көмек көрсету жəне т.б. нысандарда өзара байланыс жасау мүмкіндігін де белгілеу дұрыс болатын ба еді. Мəслихат депутаттарының санын анықтауда олардың тек жоғарғы шегін  ғана емес, төменгі де шегін көрсету мақсатты  болар еді. Өйткені, депутаттардың санының аз ғана, шамалы  болуы  себепті  өкілді  органдар өз  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыра  алмайды» [2. 56 б.]. Жоғарыда аталғандарға қоса, заңда Мəслихаттың – Депутаттар     жиналысының депутаттарының мəртебесін, жергілікті өкілді органдардың құзыретін анықтаған ережелер көрініс тапты. Аталмыш заң жергілікті атқарушы органдармен қоса жергілікті өкілді органдардың қызметінде заңның жоғарылығының орын алуын, заңдылықтың бұзылмауын қамтамасыз ету бағытында олардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету шараларын жүйелеп, реттеді. Тиісінше Мəслихат – Депутаттар жиналысы мен жергілікті əкімшілік үшін қызметтерінде орын алған заңсыздығы үшін жауаптылық шарасы бекітілді.

Заңның VI бөлімінен Мəслихат – Депутаттар Жиналысы мен əкімшіліктің қызметінің заңдылығын    заңсыздықтың    орын     алуынан бұрын, яғни алдын-ала жəне кейіннен жүргізілетін шаралар арқылы қамтамасыз етуге болатындығын көруге болады. Заңда бекітілген Мəслихат – Депутаттар жиналысы мен жергілікті əкімшіліктің қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың бір бөлігін, нақты айтсақ  мəслихат  пен  əкімшіліктің Республика заңнамасын бұзбауына бақылау жүргізуін заңсыздыққа жол берудің алдын-алу шарасы ретінде анықтауға, ал прокурордың мəслихат пен əкімшіліктің заңсыз актілеріне наразылық білдіруін заңдылықты  кейіннен  қамтамасыз ету шараларына жатқызуға болады. Сондай-ақ, заңда Мəслихат – Депутаттар жиналысы мен жергілікті əкімшіліктің қызметінің заңдылығын кейіннен қамтамасыз  етудің  өзге  де шаралары қарастырылған: мəслихат пен жергілікті əкімшіліктің актілеріне сотқа шағымдану, мəслихат пен жергілікті əкімшіліктің өздері қабылдаған шешімдері үшін жауап беруі (оның ішінде материалдық жауап беру де), олардың бір-бірінің заңсыз шешімдерінің күшін жоюын талап етуі.

Алдыңғы заңдарда қарастырылмаған, 1993 жылғы заң бойынша енгізілген жаңалықтың келесі бірі – жергілікті өкілді органның өкілеттігін мерзімінен  бұрын  тоқтату  мəселесі болды. Оған дейін əрекет  еткен заңдарда  (13.11.90  ж., 15.02.91 ж., 13.01.92     ж.)

депутаттардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы жағдайлары қарастырылды. Ал, тұтастай орган ретінде жергілікті кеңестердің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, таратылуы мəселелері заңда реттелмеген болатын.   1993   жылғы   Заң   бойынша Мəслихат депутаттар жиналысы ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын əлденеше рет бұзған жағдайда, ҚР Конституциялық Сотының қорытындысы негiзiнде ҚР Жоғарғы Кеңесi Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын тоқтатуы мүмкiн болды. Оған қоса, тиісті заң бойынша жоғары тұрған Мəслихаттың – Депутаттар  жиналысының  ұсынысы  бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесi мынадай жағдайларда Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын тоқтататын болды:

  • егер жаңадан сайланған Мəслихат – Депутаттар жиналысы бiрiншi сессия ашылған күннен бастап бiр ай iшiнде құрылымын анықтамаса жəне өз органдарын құрмаса;
  • егер Мəслихат – Депутаттар жиналысы депутаттардың кворум үшiн қажеттi санының келмеуi салдарынан екi айдан аса сессия шақыра алмаса.

Мəслихаттың – Депутаттар жиналысының өкiлеттiгi сондай-ақ Мəслихат – Депутаттар жиналысының өзiн-өзi таратқан жағдайда, егер бұл туралы шешiм осы Мəслихат – Жиналыс депутаттарының кемiнде үштен  екiсiнiң  дауыс беруiмен қабылданса, мерзiмнен бұрын тоқтатылатын болды [3. 60 бап].

Жоғарыда аталғандар «ҚР-ның жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы» заңның біраз жетістіктерімен қоса кемшіліктерінің де болғанын көрсетеді. Ол сол тұстағы дамудың өтпелі сипатымен, кезеңдік даму заңдылығымен түсіндіріледі. Дегенмен, біраз кемшіліктердің болғанына қарамастан сол заңның негізінде Қазақстанда жергілікті өкілді биліктің мəртебесі нақтыланып, ұйымдастырылуы мен қызметі жүйеленіп, дами түсті. Қазақстанда жергілікті өкілді органның қалыптасуы мен дамуы тарихында бұл акті мəслихаттардың қызметін ары қарай дамытып, жетілдіру бағытында əрекеттер жасауға, біраз мəселелерді қайта қарап, жаңаша реттеуге негіз салды.

 

Əдебиеттер

 

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 480 б.
  2. Кенжалиев З.Ж., Ким В.А. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы. Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 120 б.
  3. «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi   жəне   атқарушы    органдары    туралы» 10 желтоқсан 1993 жылғы Қазақстан Республикасының заңы // Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1993 жыл, №23-24
  4. «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Советтері туралы» 1991 жылғы 15 ақпандағы заң / Ведомости Верховного Совета КазССР. Приложение к №9, 1991.
  5. Жанузакова Л.Т. Конституционно-правовые проблемы организации и деятельности местных представительных органов в Республике Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени д.ю.н. Алматы, 2004. – с.319
  6. «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» ҚазКСР Заңына өтпелі кезең кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 01.1992 жылғы заң // ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы №4 (2125) 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.