Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дəлелдеу теориясының маңызы

Қылмыстық іс жүргізу кұқығындағы дəлелдеме  теориясының  орнын   белгілей   келіп Г.М. Миньковский былай деп жазды: «Дəлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде жəне сотта дəлелдеу процесін зерттеуге арналған, кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы жəне тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы  түрде  дербестігі бар. Алайда, дəлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен  оқшау  қала  алмайтыны сияқты дəлелдеу теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан» [1, 112 б.].

Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу күқығы құрамдас элемент ретінде дəлелдеме теориясын да қамтиды. Дəлелдеме теориясы өз кезегінде дəлелдеу кұқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.

Дəлелдеу теориясы мынадай мəселелерді талдайды:

  • таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дəлелдеу туралы;
  • осы процесте   танымның негізі  жəне шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тəжірибенің өзгеше нысандары туралы;
  • қылмыстық істерді тергеу жəне талқылау кезінде таным объектісінің (дəлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
  • қылмыстық сот ісін жүргізудегі дəлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
  • дəлелдемелерді пайдаланудың жəне оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
  • соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы [2, 115 б.].

Дəлелдеме теориясының мазмұны дəлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады.   П.С.   Элькиндтің   пікірі   бойынша дəлелдеу құқығын дəлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің жəне бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тəртібін, шектерін жəне құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құкық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дəлелділігі деп түсіну керек [3, 39 б.].

Дəлелдеу  құқығының  мəнін  осылай түсіну оның өзіне тəн белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дəлелдеу қүқығының белгілері мыналардан көрінеді:

  • дəлелдеу құқығының тəсілдері мен құкықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дəлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
  • аталған құкықтық қатынастарды дəлелдеу құқығымен реттеу тəсілдері қылмыстық іс жүргізу тəсілдерінің ішінара дəлелдемелерді жинақтауға, тексеруге жəне бағалауға бағытталған тэсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дəлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
  • дəлелдеме жəне дəлелдеу мəселелері бойынша дəлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құкығы мақсаттарының бір бөлігімен сəйкес келеді жəне əрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді жəне сот əділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
  • қылмыстық іс жүргізу құкығына негізделген дəлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан   Жалпы   жəне  Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
  • дəлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұнын өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру жəне қолда барды тереңдету процесіне дəлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;
  • дəлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сəйкес келеді, сонымен бірге дəлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын кұрудың ерекшелігін керсетеді.

Сонымен, сот ісін жүргізуде дəлелдермен жұмыс істеу, əділ соттың ұзақ жылдық тəжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сəйкессіздікті анықтайды. Дəлелдеме жəне дəлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық жəне тəжірибелік аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге əкелді. Əуел баста бөлекбөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастык жəне жүйелілікке тəн дəлелдеу кұкығына айналды.

Ғылыми əдебиетте дəлелдеу теориясының мəні түрінде түсіндіріліп келді. Дəлелдеу құқығының немесе дəлелдеме теориясының мəнін осылайша түсіну негізіне біздің көзқарасымызша, КСРО-ның соғыстан кейінгі кезеңіндегі  іргелі  еңбектердің  бірінің  авторы, академик А.Я. Вышинскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде былай деп жазды: «Дəлелдеме туралы ғылым немесе дəлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады» [4, 120 б.].

Бірқатар процессуалистер процессуалдық ғылымның осы бөлігіне айрықша мəн беретіндігі соншалық, бүкіл процесті дəлелдемелермен пайдалану өнеріне əкеліп тірейді [5, 83 б.]. Тұтас алғанда қылмыстық іс жургізу құқығы мен дəлелдеме теориясының арасында генетикалық байланыстың бар екендігін тани отырып, А.Я. Вышинкий сонымен бірге дəлелдеме теориясы мен дəлелдеу қүқығының арасындағы айырмашылықты көрмеді, ол туралы оның «дəлелдеу құқығының теориясы» деген термині сөзімізді растайды.

«Дəлелдеу құқығының теориясы» термині осы  заманғы  ғылымда  «дəлелдеме  теориясы» мен «дəлелдеу құқығы» ұғымдарының араласуына жол бермейтін біршама өзге мағынада қолданылады. Мəселе мынада, құқықтағы кез келген бағыт фундаменталдықтеориялық жəне нормативтік-қолданбалы екі аспектінің өзара байланысын көздейді. Сонымен, дəлелдеме теориясының құрамдас бөлігі ретінде дəлелдеу құқығын бір мезгілде, бұрын айтылғанындай, екі аспект түрінде қарауға болады:   1) дəлелдеу   құқығының теориясы;дəлелдеме құқығының нормалар жиынтығы. Бірыңғай əдістемелік ерекшелігі бар мұндай бөлу нормативті регламент түрінде көрінетін міндетті бөлігінен құқықтық нұсқамалармен əрдайым сəйкес келе бермейтін қорытынды ережелердің жүйесінен тұратын факультативті бөлігін ажыратуга мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас фундаменталдық-теориялық бөлігінің анағұрлым кең ауқымды мазмұнына байланысты заңды да. Міне, осы  мағынада П.С. Элькиндтің: «кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының жалпы міндеттерінен дəлелдеу құқығы теориясының (тақырыбының ерекшеліктерін айқындайтын) өзгеше міндеттері бөлінуі мүмкін» деп атап кеткен [6, 97 б.].

Қылмыстық іс жүргізуде дəлелдеудін мақсаты шындықты аныктау  болып  табылады. Философиялық көзқарас бойынша шындық дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам  мен  оның  санасынан тыс жəне тəуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мəселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады. Шындыққа қол жеткізбеу  салдарының  көрнекі  құралы ретінде «гомель ісі» мысал бола алады, осы іс бойынша 1981 жылы тергеуші мен инспекторды саналы түрде «өлтіргені үшін» бес кінəсіз адам сотталды. Екі жылдан кейін тап сол жерде тағы да кісі өлімі болды. Бұл қарақшылыктың бəрін К. атты ағайынды үшеу жəне олардың екі баласы жасаған болатын. Бұл адамдар жоғарыда аталған кісі өлімдерінің арасында тағы да 11 қылмыс жасаған.

Сот қателіктері – əдетте шындықка көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа қол жеткізу мақсатын ескермеу соттың сот əділдігін жүзеге асыру функциясын қандай да бір мағынадан айырады.

Дəлелдеудін мақсаты ретінде шындықты айқындаудың процессуалдық құқықтық табиғаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-бабында қылмысты тез жəне толық ашу деп көрсетіледі. Одан əрі ҚІЖК-нің 24-бабын-да істің мəн-жайын жанжакты, толық жəне объективті зерттеу үшін соттың, прокурордың, тергеушінін, анықтаушының заңда  көзделген  барлық шараларды кабылдауға міндетті екендігі ескертіледі. Шындық ұғымының өзі міндеттер мен принциптерге арналған тарауда да аталады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 24-бабында былай делінген: «сот тараптардың пікірімен байланысты емес жəне өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін кажетті шаралар қолдануға құқылы» [7, 10 б.].

Сонымен, шындық ұғымын қылмыстық процестің принциптерімен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айрықша маңыз береді.

Бұл   ережелер   өзінің   мəнісінде    мынаны көздейді: қылмысты  ашу  өмірде  орын алған  жағдайларды  анықтауды  мақсат  етеді, ал зерттеудің объективтілігі – іс бойынша дəлелдемелерді алу жəне бағалау процесінде алаламай жəне алдын ала тон пішпей адалдық таныту. Сонымен, осы бөліктегі заң ережелерінің мағынасы қол жеткізген білімнің тану объектісіне сəйкес келуі қажеттігін ескертеді. Объект туралы білімнің объектінің шынайы белгілеріне сəйкес келуі шындық болып табылады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дəлелдемелермен өткеннің бейнесін ойша  қалпына  келтіру   арқылы   шындыққа қол жеткізіледі. Осы шындық дəлелдеме теориясында материалдық шындық  деп  аталады. М.С. Строгович қылмыстық процестегі материалдық шындықты тергеудегі жəне шешілу үстіндегі істің жай-жапсары туралы, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың кінəлі екендігі немесе кінəсіз екендігі туралы тергеу мен сот қорытындыларының объективті шындыққа толық  жəне  дəлме-дəл  келуі  деп анықтайды [8, 78 б.]. Жəне əрі қарай ол өз ойын материалдық шындық дегеніміз объективті шындық деп қорытындылайды. М.С. Строговичтің пікіріне В.Д.  Дороховтың  анықтамасы  да  жақын келеді,  соңғысы  объективті  шындық дегеніміз объективті шындықты дұрыс бейнелейтіи адамзат білімдерінің мазмұны жəне ол субъектіге, адамға, адамзатқа тəуелсіз деп түсіндірді.

Атап айтқанда, шындық дегеніміз болмыстың өзі емес, объективті болмысты дұрыс танудың нəтижесі. Ол объективті, өйткені оның мазмұны бейнеленетін объектіге сəйкес келеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу  саласында объективті шындықты əлдеқайда кеш түсіну объективті шындықты субъективті бейнелеудің жоғарғы шыңына шығарады жəне объективтік  шындықтызерттелетінфактілерменжағдайларға субъективтік пайымдаудың толық жəне дəлме дəл сəйкес келуі деп анықтайды.

Бұрын айтылғандардан көрініп тұрғанындай зерттеушілер тұтас алғанда дəлелдеудің мақсаты шындықты анықтау деп түсінеді жəне бұл шындықтың объективті түрі болады.

Шындықты философиялық түсіну,  мұның өзі методологиялық көзқарас тұрғысынан өте маңызды, оның екі жақты бастауын: салыстырмалы жəне абсолюттік шындықты ескеруін көздейді. Шектеулі білімнен анағұрлым терең жəне дəл білімге өрлеу процесі шындыққа салыстырмалы сипат береді. Шыңдықтың салыстырмалылығы тарихи, экономикалық, элеуметтік сипаттағы танымның шектеулілігімен алдын ала анықталады. Бірақ шындық объективті болса, онда кез келген салыстырмалы шындықта абсолюттік білімнің элементтері болады. Бұл орайда философия абсолюттік шындықты тақырыпты толық, егжей-тегжейлі қамтыған жəне танымның одан əрі даму барысында жоққа шығарылуы мүмкін емес білім деп бағалайды. Осыны ескерсек, қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізілетін шындықтың сипаты туралы мəселені шешу дəлелдеме теориясы үшін принципті түрде маңызды болып табылады.

Қылмыстық процесте қол жеткізілетін шындықтың екі жақты (салыстырмалы жəне абсолюттік) сипаты  туралы  көзқарас  мынадай түсініктер бойынша анағұрлым қолайлы көрінеді:

  1. Принципінде абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп тану  қылмыстық  сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органдар қызметінін нəтижесінде де абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп есептеуге негіз береді.
  2. Абсолюттік жəне салыстырмалы шындықтың арақатынасы   жəне   өзара  байланысы жеткізілетін шындықтың сипатында да қолданылады.
  3. Дəлелдеуде абсолюттік (объективтік) шындыққа қол жеткізу мүмкіндігін жоққа шығару ісі бойынша сот шешімінің əділеттілігіне жəне шынайылығына, яғни сот əділдігін орындаудың мүмкіндігімен қажеттілігіне күмəн келтіреді.
  4. Дəлелдеуде салыстырмалы шындыққа қол жеткізуді жоққа шығару диалектика заңдарына қайшы келеді, мұның өзі айналып келгенде дəлелдеме мен дəлелдеудің мəнісін ғылыми тануда методологияны жоққа шығаруға не адамның əлемді тануда меңгере алмайтын шегі бар екендігін тануға əкеледі.
  5. Қатаң түрдегі құкықтық тыйым салулар мен рұқсат беру жүйесінде көрінетін тергеу мен сот органдары қызметінің ерекшелігі танымдық қызметтің тереңдігіне, көлеміне өзінің ізін қалдырады. Бұл қызмет, бір жағынан, іс бойынша белгіленетін шектермен, екінші жағынан құқықтық нұсқамалардың шеңберімен шектелген. Осы белгіленген шеңбердің ішінде қол жеткізілген шындықтың толық сипаты бар жəне сондықтан ол абсолюттік болып табылады. Тап осы шындық одан тысқары білімдермен салыстырғанда – салыстырмалы.

Дəлелдеудің мақсаты  ретінде  шындыққа қол  жеткізу  бұрын  қолданылып  жүрген  заңда тікелей бекітілген жоқ. Бұл мақсат қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің мəнісінен жанама түрде туындайды. Осыған орай жекелеген зерттеушілер бұл мақсат жалпы қылмыстық процеске тəн емес деп есептеді. Осыған байланысты П.С.  Элькинд  былай  деп  қарсылық  білдіреді:

«Заң шығарушының қылмыстық сот  ісін жүргізу мақсаттарының мазмұны мен міндеттер ұғымын енгізуі бізді абыржытпауға тиіс, өйткені «мақсаттар» мен  «міндеттер»  ұғымдарының рең өзгешелігі олардың мазмұнындағы айырмашылықта емес, оларды əр түрлі аспектіде пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Сондықтан, осы категория оның философиялық ұғымында зерттелген кезде... «мақсат ұғымын пайдаланған дұрыс» [6, 51 б.] .

Əдебиетте «шындыққа қол жеткізу» терминінің заңдылығына қатысты пікірлер де орын алды. Жекелеген авторлар қылмыстық процесте шындыққа қол жеткізілмейді, дұрысында анықталады деп есептеді. Осы еңбектің авторына мұндай түрдегі түзету елеусіз сияқты көрінеді, дегенмен шындықтың мақсат екендігін назарға  алатын  болсақ,  онда   мақсат ретінде ол анықталмайды, керісінше қол жеткізіледі. Егер де Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 24-бабының  3-бөлігінде орын алғанындай «қылмыстық істер бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануды» талап ететін болсақ, онда мақсатқа түзілімнің немесе тіпті міндеттің мағынасын беруден бас тартқан қисынды [7, 10 б.]. Құқықтық мағынасына зиян келтіре отырып, істің лексикалық жағына баса қылмыстық-құқықтық баға беру объективтік шындықтың мазмұнына енбейді деп есептейді. Оған керісінше Н.А. Пьянов уəкілетті адамның (органның) бағалауқызметініңтанымпроцесімен генетикалық өзара байланысы туралы ережені сенімді түрде дəлелдейді [9, 113 б.].

Бағалау қызметі əрекетті бағалаумен қатар жүреді. Сондықтан, бағалау-қылмыстық процестегі объективті  шындықтың  ажырамас бөлігі болып табылады. 60-шы жылдардың басында «материалдық шындық» терминінің орындылығы туралы мəселе талқыланды. Оны қылмыстық-процессуалдық ғылымға енгізу барысында кеңес құқығындағы шындық ұғымын    буржуазиялық    құқықтағы    формальды  шындық  ұғымынан   шектеуге  байланысты болғандығын айту қажет. Осы заманғы ғылым   «объективтік   шындық»   ұғымын  жиі қолданады, дегенмен, бұл орайда «объективтік шындық» жəне «материалдық шындық» ұғымдарының мағыналық бірлігін жалпы көпшілік мақұлдаған деп есептелінеді (бұл туралы М.С. Строговичтің, В.В. Лазаревтің, С.С. Алексеевтің, П.Ф. Пашкевичтің, П.С. Элькиндтің еңбектерінде айтылған). Оның үстіне шындық «объективтілік» ұғымы мазмұнымен байланыссыз түсіндірілуі мүмкін емес.

Дəлелдеменің түсінігі қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 115 бабында: «Оның негізінде  анықтаушы,  тергеуші,  прокурор,  сот осы кодексте белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген əрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл əрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын жəне айыпталушының кінəлілігін не кінəлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мəн-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған фактілі деректер қылмыстық іс бойынша дəлелдемелер болып табылады» деп берілген.

Қылмыс оқиғасы өткен шақта болған себептен тергеу мен сотқа қылмыстық істің жағдайы мен фактілі мəн-жайларын тікелей қабылдай алмайды. Іске маңызы бар кез-келген факт дəлелденуге тиісті жəне осы фактінің толықтығы, жағдайлары толық дұрыс анықталуға қажет.

М.С. Строгович  айтқандай:  «Қылмысты ашу жəне қылмыскерді əшкерелеу, бұл дəлелдемелерді табу, қылмыстың оқиғасын шынайы анықтап, қылмысты жасаған адамды заңды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді, оның кінəлілігін анықтайды, оған лайықты жазасын қолдануға көмектеседі» [8, 227 б.].

Дəлелдеудің басты мақсаты болып, сотқа берілген құжаттардың қайсысы соттық дəлелдеме болатынын жəне сот шешім шығарған кезде қолданылу мүмкіндігі шешіледі. Белгілі бір істер бойынша дəлелдеу нақты бір фактілер жəне жағдайлармен, уақыт жəне кеңістікпен шектенеді. Бұл дəлелдемелерді жинау, тексеру жəне бағалаудан тұрады.

Қылмыстық іс жүргізуде дəлелдеу танымның ерекше əдістерімен сипатталады, себебі құқық қолдану уақытында осы əрекеттер арнайы сипатта болады.

Қылмыстық іс жүргізуде дəлелдеу ретінде қылмыстық іс жүргізу заңдарына сəйкес алдын-ала   тергеу   органдарының   жəне   соттың қылмыстық сот өндірісінің мəселелерін заңды, негізделген жəне əділ шешу үшін маңызы бар мəн-жайларды анықтау мақсатында дəлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дəлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады. Дəлелдеу:

а) дəлелдемелерді тікелей зерттеу арқылы тексеру, істің  мəн-жайларымен  салыстыру, жаңа дəлелдемелерді табу жəне олар бойынша шешімдер алу;

б) дəлелдемелерді бағалау, яғни олардың шынайылығы жөнінде ой қалыптастырудан тұрады.

Сот тергеуіндегі дəлелдеудің нақты мазмұны болып дəлелдеу затының құрамы болатын, ақиқатты білу үшін маңызы бар фактілермен жағдайларды анықтау табылады. Сондықтан соттағы дəлелдеу басты сот талқылауына қатысушылардың іс бойынша дəлелдемелердің, фактілердің жəне жағдайларды тексеру, анықтау жəне бағалау жөнінде белсенді зерттеу қызметі.

Танымдардың жалпы танымы бойынша дəлелдеу процесі мен іс бойынша ақиқатты анықтау, бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Бұл қызмет, кез-келген танымдық қызмет сияқты, нақты логикалық ережелер мен материалистік диалектика заңдарына бағынады. Дəлелдеу уақытында жиналған фактілі құжаттар.

Тексеру, талдау, бағалау жəне негіздеу осының негізінде сəйкесінше зерттелетін мəнжай жəне айыпталушының оған қатысы жөнінде шешім шығарылады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Миньковский Г.М. Профилактика провонарушении среди несовершеннолетних. – Киев, 1987. – 213 с.
  2. Трусов А. И. Основы теории судебных доказательств. – М., 1960. – 176 с.
  3. Горский Г.Ф., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. Проблемы доказательства в советском уголовном процессе. – Воронеж, 1978. – 183 с.
  4. Вышинский А. Я. Теория судебных доказательств в советском праве. – М.: Юрид. изд-во НКЮ СССР, – 220 c.
  5. Банин В.А. Предмет доказывания в советстком уголовном процессе. –Саратов : СГУ, – 157 с.
  6. Элькинд П.С. Сущность уголовно – процессуального права. – Л., 1963. – 172 с.
  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, – 200 б.
  8. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1968. – Т.1. – 470 с.
  9. Пьянов Н. А. Проблемы содержания истины в применении норм права // Теория и практика установления истины в правоприменительной деятельности: Сб. науч. тр. – Иркутск, 1985. – С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.