Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоршаған ортаның сапасын нормалауды мемлекеттік –құқықтық реттеу

Реттеу ұғымы латынның regula-норма, ереже жəне немістің regulieren-реттеу, тұрақтылықты сақтау деген сөздерінен шыққан. Нарықтық экономиканы қалыптастыру барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеу өзінің жетекшілік рөлін сақтауы тиіс [1].

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мазмұндық жағынан ешқандай айырмашылықтар жоқ. Мұнда сөз мемлекеттің экономикалық жəне өзге де процестерге қатысуының аралық салмағы төңірегінде болуы мүмкін [2].

Табиғатты қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы   мемлекеттік-құқықтық   реттеуді ұйымдастыру мəселелері Қазақстан Республикасының қазіргі дамуы үшін мейлінше көкейтесті мəселелер болып табылады. Экономиканың аса маңызды бір саласы табиғи ресурстарды пайдалану қоршаған ортаны ластаудың тұрақты көзі жəне халықтың денсаулығы   мен   экологиялық сауаттылығына төнген қатер болып табылады. Табиғат пайдаланудың ұтымды тəртібін анықтау, табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін оңтайлы құқықтық негіз қалау – бұл қолданыстағы занда көзделуі қажет міндеттер болып табылады [3].

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мəселелері қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының дамуының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады [4].

Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сəйкес мемлекеттің экологиялық саясаты қалыптасады.

Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мəнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруі мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады.

Мемлекеттік басқарудың принциптері белгілі  бір қоғам дамуының  экономикалық жəне əлеуметтік зандарымен анықталады жəне қолданыстағы занда көрінісін тапқан. Экологиялық кодексті жəне өзге де актілерді талдай келіп, экология саласындағы мемлекеттік басқарудың принциптері жүйесін анықтауға болады:

  • адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі үшін колайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
  • табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік, мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік;
  • мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу кезіңде қоғам дамуының экологиялық міндеттерін теңгерімді шешу;
  • экологиялық тəртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарудың экономикалық əдістерін қолдану;
  • экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту жəне белсенді түрде қатысу.

Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызды міндеттерінің бірі қоршаған орта сапасының нормативтерін белгілеу болып табылады. Басқарушылық процесс экологиялық нормативтерді белгілеуге негізделіп, содан басталады деп айтуға болады.

В. В. Петров қоршаған орта сапасының стандарттарын  сипаттай  келіп,  былай  деп атап көрсетті: «Бұл қоршаған ортаның жайкүйіне, өндірстік-шаруашылық жəне өзге де объектілердің қызметіне мемлекеттің құзыретті органдары қоятын бірыңғай, ғылымитехникалық ілгерілеудің қол жеткен деңгейіне сай келетін талаптар, ережелер, нормативтер».

Кейіннен В. В. Петров өзінің тұжырымын толықтырып, былай деп  анықтай түсті:

«Қоршаған ортаның сапасын нормалау адамның қоршаған ортаға жол берілетін шекті ықпалдарының нормативтерін белгілеу жөніндегі қызметі болып табылады [5]».

Тəжірибенің  қазіргі   кезеңінде   ғалымдар да мынаны түсініп отыр: адамның табиғатқа шаруашылық қызметімен қалдықтардың зиянды ықпалын толық жоюға болмайды. Бірақ табиғи ортаның ластануы мен оның қалыпты қызмет істеуінің арасындағы белгілі бір тепетеңдікті орнату арқылы осы ықпалды біртіндеп төмендетуге қол жеткізуге болады, ол табиғат теңгерімі бүзылуынан аулақ болуга мүмкіндік береді. Бұл міндет те экологиялық нормативтерге жүктеледі [3].

Экологиялық Кодекстің 22-бабына сəйкес қоршаған ортаның сапасын нормалау – экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық əртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу жəне оған жол беруге болатын əсерді белгілеу мақсатын көздейді[6].

Экологиялық нормаларды енгізу мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  1. Нормативтер адамның қоршаған ортаға ықпалының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаның мониторинг тек табиғатты байқауға ғана құрылмайды. Бұл байқау мəнді болуға тиіс, ол техникалық көрсетісіштер көмегімен ауаның, судың жəне т.б. ластану деңгейін анықтауға тиіс.
  2. Нормативтер мемлекеттік органның табиғат пайдалану қызметіне бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Экологиялық бақылау мынадан көрінеді: ол табиғаттың қалай ластануын анықтауды емес, керісінше оның ластануының белгіленген нормативтерден қандай деңгейде артып кетуін анықтайды.
  3. Экологиялық нормативтер олардың асып кетуі жағдайында жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз болып табылады. Көбінесе экологиялық нормативтер кінəлы адамды жауапкершілікке тартудың бірден бір өлшемі болады. Мысалы, кəсіпорынның қалдықтардың шығарындысына рұқсаты бар делік, сондықтан табиғатты ластау фактісінің өзі жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылмайды. Erep кəсіпорын калдықтар бойынша белігіленген нормативті арттырып жіберген жағдайда, оны жауапкершілікке тартуға болады.

Мынаны атап көрсету керек: қоршаған органы қорғау нормативтері тəжірибеде дербес сала ретінде экологиялық заңның түбегейлі калыптасуына дейін-ақ қолданылды. Көптеген экологиялық стандарттарды əзірлеу үшін ұйымдық-əдістемелік база KCPO Мемстандарты бекіткен «Табиғатты қорғау саласындағы стандарттар жүйесі жəне табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту» ГОСТы болды. Осы ГОСТның негізінде табиғаттың əрбір объектісі үшін стандарттар əзірленді. Экология жəне биоресурстар министрлігі бекіткен «Қазақстан Республикасының үстіңгі қабаттағы суларын қорғау Ережелерін», РНД 1.01. 03. 94  (Алматы, 1994)», ГОСТ 17.2.3. 02.78 «Табиғатты    қорғау. Атмосфера»,  ГОСТ   17.1.3.1386  «Табиғатты қорғау. Гидросфера» жəне т.б. атауға болады. Бүгінгі танда  Казақстан Республикасында зиянды заттардың жəне олардың 30ға жуық қосылыстарының атаулары үшін шекті жол берілетін шоғырланудың тек  атмосфералық ауаға арналған нормативтері ғана белгіленген[3]. Экологиялық нормативтерді еңгізу тəжірибеде өзін ақтап отырғанын ескере отырып, заң шығарушы оларды Экологиялық Кодексіне еңгізу жолына барды. 23-бапта экологиялық нормативтердің мынадай түрлері баянды етілген: қоршаған орта  жай-күйінің химиялық көрсеткіштерінесəйкесбелгіленгеннормативтер;қоршаған ортажай-күйінің физикалық өрсеткіштерінесəйкесбелгіленгеннормативтер; қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сəйкес белгіленген нормативтер; қоршаған орта сапасының ҚР заңнамасында көзделген өзге де нормативтері [6].

Қоршаған табиғи ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері адамға жəне белгілі бір кезеңге орташалануға жататын жəне мезгіл-мезгіл ықпалы жағдайында немесе бүкіл адам өмірі бойында оған жəне қоршаған ортаға тұтастай алғандазияндыықпалетпейтінзияндызаттардың барынша шоғырлануы ретінде анықталады. Нормативтер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағыңда бірегей болып табылады. Оларды Денсаулық сақтау министрлігі əзірлейді. ЖШШ нормативтерін белгілеген кезде табиғаттың ластануының екі түрі – ең көп бір жолғы жол берілетіншектішоғырланужəнеорташатəуліктік жол берілетін шоғырлану ескеріледі. Біріншісі, адам организмінің қалыпты жұмыс істеуіне зиянды заттардың қысқа уақыттық ықпалының деңгейін анықтайды. Екіншісі, қоршаган орта ластануының жол берілетін деңгейін анықтайды, ол ұзақ кезең жағдайында адам организміне ықпалы оның денсаулығының жай-күйіндегі өзгерістердің пайда болуын туғызбайды. ЖШШ зиянды заттарының нормативтерін топтастыру негізі үшін біздің республикамызда қоршаған орта ластануының төрт деңгейі ескеріледі – олар ылғалдың болмауы, тітіркену, созылмалы ауру, өткір ауру. Аталған деңгейлерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы əзірлеген.

Занда көзделген ережеге сəйкес қажет болған жағдайда кейбір  аудандар  үшін жеке жол    берілетін    заттардың    неғұрлым     қатаң нормативтері белгіленедеі. Мұңдай нормативтер табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарай қоршаған ортаның елеулі түрде ластануы байқалатын  немесе  бұл  аумақ  курортты немесе рекреациялық аймақ болып табылатын аудандарға қатысты белгіленеді. Қоршаған ортаға ластағыш заттардың  жол  берілетін шекті шығарындылары – бұл уақыт бірлігіне шығарылатын   зиянды   заттардың    мөлшері, ол жиынтығында зиянды заттар көздерінің шығарындыларынан белгілі бір өңір  немесе елді мекен бойынша белгіленген нормаларынан артып кететін осы заттардың шоғырлануын ОЗШ болдырмайды. ЖШШ нормативтерін осы өңірдің қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануының жалпы орта деңгейіндегі дерекгерінщ негізіңде кəсіпорындар əзірлейді. Зиянды заттың əрбір түрі бойынша орта деңгейін кəсіпорынға сол ауданның ауа райын зерттейтін қызметі хабарлайды, ол қоршаған ортаның мониторингін жүргізеді. ЖШШ ның нормативтерін əзірлеу үшін кəсіпорын ғылымизерттеу институттарын тартады. Содан соң бұл нормативтер экология жəне табиғи ресурстар органдарына хабарланады, олар ЖШШ нормативтерінің дұрыс əзірленуін тексереді жəне кейіннен олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Шудың, тербелістің, магнит өрістері мен өзге де зиянды физикалық əсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейін (ЖШД) республиканың денсаулық сақтау органдары белгілейді жəне децибелдерде өлшенеді.

Əдеттегі тұрмыстық шуға 20 децибел көлемінде жол беріледі, адамның  ауруды сезінуі 90 децибел шу кезінде пайда болады. Магнит өрістері, электрмагнитті сəулелену, радиоактивті эсер де адамның денсаулығына жəне қоршаған ортаға кдуіпті ықпал етеді. Бұл нормативтерді Денсаулық сақтау министрлігі əзірлейді жəне сағатына микрорентгенмен өлшенеді. Экология жəне табиғи ресустарды қорғау министрлігінде радиациялық қауіпсіздік бөлімі бар, ол екі бағыт бойынша бақылауды жүзеге асырады: табиғи радиация, яғни жер сəулеленуі де, жасанды радиация да – адам қызметінің нəтижесі. Бір жағынан радиацияның жол берілетін шекті деңгейін (ЖШР) нормалау мəселелері 1997 жылғы 14 сəуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Атмосфералық энергияны  пайдалану  туралы»  Заңында   жəне «Радиациялық қауіпсіздік туралы» заңында қарастырылады [7].

Ауыл жəне орман шаруашылығында агрохимикаттарды қабылдаудың  жол  берілетін шекті нормалары (ЖШН) пестицидтерге, минералды тыңайтқыштарга, қорғаныш заттарына жəне өсімдіктердің өсуінің химиялық үдеткіштеріне қатысты белгіленеді. Бұл нормативтерді де Денсаулық сақтау министрлігі əзірлейді жəне Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіледі. Олар пестицидтерді  қолдану деңгейін реттейді, бұл ретте судағы, топырақтағы, ауыл шаруашылығы өніміндегі химиялыққосылыстардың мөлшері адам тұтынған кезде оның денсаулығына ықпал етпейді. Денсаулық сақтау министрлігі ЖШҚын міндетті нормативтерінің дүрыс қолдануына бақылау жасау нəтижесінде өнімнің экологиялық нормативтерге сəйкес келуі тұрғысында өнімді (Қазақстан аумағында өндірілген немесе Қазақстан аумағына əкелінетін) сертификаттау еңгізілді.

Сөйтіп, жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде мемлекеттік-құқұқтық реттеу ұғымын тұжырымдаймыз – бұл қоғамның өзара іс-қимылы жағдайыңда қор шаған ортамен, экологиялық құқұқтарды жүзеге асырумен жəне мемлекет субъектілерінің экологиялық міңдеттерін сақтаумен байланысты экологиялық тəртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың атқарушылық-реттеушілік қызметі.

Қорыта келгенде, мақсаттарды жүзеге асыру келешекте қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеу жүйесінің одан əрі дамуына, осы саладағы мемлекеттік-құқықтық реттеуді жүзеге асыру механизмдерінің одан əрі ілгерілеуіне жəне оларды халықаралық нормалар мен стандарттарға сəйкес жүзеге асуына өз үлесін қосады.

Міне, осы мəселелерді  шешу арқылы біз қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуді əлемдік үлгіге сай қалыптастыруға қол жеткізе аламыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. Петров И.В. Эклогическая политика. http:// www.viking.ru
  2. Алехин А.П. Административное право Российской Федерации. – М.: Норма, 1997. – 516 б.
  3. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: Интерлигал, 2005. – 395 б.
  4. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: HAS, 2003. – 328 б.
  5. Петров В. Экологиялық құқық. – М.: Норма-Принт. – 1995, 197 б.
  6. 6 Қазақстан Республикасы. 2007 ж. 9-қаңтарда қабылданған Заң. – №320-111 ҚРЗ.Экологиялық кодекс. – Астан: Ақорда, 2007. – 163 б.
  7. 7 Сулейменов Р.Қ. Экологиялық нормалау мəселелері // Заң газеті. 2006. – №43, 3б

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.