Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы арбитраж: қазігі таңдағы жағдайы мен перспективасы

Сот жүйесінің  реформасы жалғасады, біз бұл жолды сынамалар мен қателер əдісін қолданамыз, себебі демократиялық қатынастағы дамыған мемлекеттердегі сот жүйесін көзсіз көшіру мүмкін емес. Оған қоса біздің сот жүйеміз нөлден басталмайды, керісінше өзінің нақты ірге тасы болады. Негізгі назар Қазақстан Республикасының сот жүйесіне  аударылған, оны дамыту үшін жаңа перспективалар мен міндеттер қойылады. Қазақстанның сот жүйесі азаматтардың құқығы мен бостандығын, мекемелер мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жауап береді. Сот  құқықтық  жүйесінің   дамуы   тиімділік пен деңгей негізінде жүзеге асырылады жəне бірнеше бағыттар бойынша болжанады [1].

Сот жүйесін дамытудың перспективалары сотқа дейін сот өндірісіндегі бақылау аясын деңгейі бойынша кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты. Аралық жəне арбитражды сот жүйелері дами бастады.

Казіргі таңда саяси жəне экономикалық жүйе қалыптасуда. Əкімшілік командалық экономика механизмдері мен институттар бөлшектелініп, нарықтық инфраструктура мен оған сəйкес бəсекелестік орта құрылған. Қазіргі таңда меншіктің əртүрлі формалары қалыптасты, кəсіпкерліктің əртүрлі түрлері жүзеге асырылуда, бағалар мен сыртқы сауда либерализациялануды, банк жүйесі өзінің қызметтерін кеңейтуде, кəсіпкерлерге экономикалық қызмет бостандығы  берілген, мемлекет пен бизнес қатынасының жақындығы заңмен реттеліп отырады. Республикада мемлекетіміздің болашағын жақсарту негіздерін қалыптастыратын кəсіпкерлік класстар пайда болуда,  жыл  сайын шетелдік инвестициялар ағымы кеңеюде. Нəтижесінде, макроэкономикалық тұрақтылық пайда болды. Демек, Қазақстанның өзіндік ұлттық нарықтық экономикасы бар жəне əлемдік экономикалық жүйесінің интеграциялық процесстер шегіне енген болатын. Саяси қайта өрлеу, экономиканың даму ырғағы сот жүйесіндегі адекватты өзгерістерді талап етеді, ол да ұйымдастырушылық жəне құқықтық негізін қалыптастыра отырып динамикалық түрде дамуда. Нарықтық қатынастардың белсенді дамуы, азаматтар мен шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігінің ұлғаюының нəтижесінде құқықтар мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шараларды қабылдау қажеттілігі туды.

Осыған байланысты Қазақстандағы аралық сот қатынасы, яғни осы сот шешімдерінің орындалу сұрақтарын қарастыру қажет. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодекс нормаларына сəйкес, жазбаша шешім негізінде (арбитражды келісім) тараптар мүліктік дауларын аралық сотқа қарастыруға беруге құқылы болып табылады. Бірақ, мүліктік дауларды шешу мен ол шешімді орындау механизмі бойынша аралық сот қызметінде өзіндік заңнамалық заңды реттеу болмайды, оның нəтижесінде күрделі жағдайлар туғызады, ол кезде тараптардың  бірі аралық сот шешімін орындаудан бас тартады жəне сот қорытындыларымен келіспейді.

Аралық сот шешімдерін мəжбүрлі түрде орындауға қатысты сұрақтарды реттейтін нормаларды қолдану бойынша сот тəжірибесінің дамуы мақсатында 2001 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Аралықсотшешімдерінмəжбүрлітүрдеорындау туралы арызды сот тəжірибесі ретінде қарастыру туралы» нормативті қаулы қабылданған болатын, себебі Жоғарғы соттың нормативті қаулысы, заңнаманың сот тəжірибесіндегі сұрақтарға түсіндірме беретін,  құқықтың қайнар көзі болып табылады. Бұл нормативті қаулының мəні Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 495 бабына ұқсас аралық сот шешімдерін мəжбүрлі орындау мүмкіндігін қарастырады, онда шетелдік сот пен арбитражды сот шешімдерінің орындалуын да қарастырылады. Жергілікті аралық сот қызметі мен ұйымдарды құқықтық регламенттеудің толық еместігін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соттың пленарлы кеңесінің қаулысымен 2002 жылдың 28 маусымында алдыңғы Жоғарғы сот қаулысы Қазақстан Республикасының «Аралық сот туралы» Заң қабылданға дейін тоқтатылады.

2004 жылдың 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында «Аралық  сот  туралы» жəне «Халықарылық коммерциялық арбитраж туралы» заң, оған қоса Қазақстан Республикасының Заңына «Аралық сот пен арбитраждар қызметінің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Заңдар негізінде 2005 жылдың 5 ақпанда Қазақстандық халықаралық Арбитраж құрылды. Бұл заңдар Қазақстанда аралық сотты құру үшін қажетті шара болып табылады. Осы заңдар аралық сотты құруға оң əсерін тигізеді. Оған қоса осы уақытта берілген заңда кейбір ұғымдарды анықтап, дұрыс талқылай білу қажет, заңда қарама – қайшылықтар да кездеседі. Мысалы, аралық сот компетенциясын шектеу мен халықаралық коммерциялық арбитраж кезінде.

Ең  бірінші,  аралық  сот пен арбитраж – бұл екеуі бір ұғым екенін нақты түсіну керек. Ағалшын тілінен аударғанда «аралық сот» – «арбитаржды сот» деп аударылады. Арбитражды соттың мəні – дауды шешу үшін тараптардың өзі құрған мемлекеттік емес орган болып табылады.

Ал аралық сот тұрақты жұмыс жасайтын жəне нақты дауды қарастыру үшін арнайы жұмыс жасайтын болып бөлінеді [2].

Екі заң қалай ерекшеленеді? Бұл заңдарды қандай жағдайларда қолданылады?

  •  Аралық сот пен халықаралық коммерциялық арбитраж арасындағы компетенция шектеу нақты арбитражды органдар арасында жүргізілмейді (бір сот – тек аралық,  екіншісіхалықаралық коммерциялық арбитраж);
  • Компетенция шектеуі резиденттілік белгілері бойынша жүргізіледі: резиденттер арасындағы дау аралық сотта қарастырылады, тараптар арасындағы дау халықаралық коммерциялық арбитражда қарастырылады;
  • Əрбір арбитражды сот  қандайда бір  əртүрлі  дауларды қарастырады,   яғни ол  аралық  сот  немесе  халықаралық  арбитраж ретінде қолданылады. Егер тараптар Қазақстан Республикасының резиденттері болса, онда ол аралық сот туралы заң қолданылады. Егер тараптардың бірі резидент болмаса, халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заң қолданылады.

Демек,  Қазақстан  Халықаралық  Арбитраж аралық сот туралы Заң бойынша аралық сот ретінде де, халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заң бойынша халықаралық коммерциялық арбитраж ретінде қолданылады.

Келесі мəселелер аралық сот компетенцияның шектеуіне байланысты. Арбитражды компетенцияға қатысты қабылданған заңда егер Қазақстан Республикасындағы заңнама актілерінде, бекітілмеген азаматтық құқықтық келсім шарттан пайда болатын даулар қарастырылады. Осыған байланысты басқа даулар арбитраждарда қарастырылмайды. Бұл арбитраждар компетенциясының шектелуі болып табылады. Аралық сот компетенциясының шектелуі аралық сот туралы заңның 7 бабының 5 бөлімінде көрсетілген: «Аралық сот мемлекет, мемлекеттік мекемелер, кəмілетке толмағандар көзқарасын қозғайтын, банкроттық істері бойынша, тауарлар мен қызметттер нарығындағы басым   табиғи   монополия   субъектінің  тауар өндірісіне, жұмыстың орындалуына, қызметтер ұсыну туралы келсімшарт дауларын қарастырмайды» [3].

Мемлекет мүдделерін қарастыратын кең түрде түсінудің қажеті жоқ. Басқа да заңды актілерге   сəйкес   («шетелдік   инвестиция   туралы», «инвестиция туралы» заңдар), мемлекет мүддесі қарастырылған, мысалы, ұлттық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажетілігі.

Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңдағы 31 бабында аралық сот шешіміне шағымдану ЮНСИТРАЛ типтік заңына сəйкес арбитраж шешімін компетентті сот арқылы болдырмаудың екі жағдайы қарастырылған: тараптардың бірінің шешімді күшін жою туралы арыз жазу бойынша компетентілік сот шешімі бойынша (ол шешім арызсыз қабылданады). Аралық сот туралы Заңда аралық сот шешімін жою негізі дəл солай қайтатанған, бірақ, толықтырулар енгізілген: заңдылық қағидасына қарама – қайшылық. Заңдылық қағида – аралық сот төрешілері мен сот өзінің шешімінде Қазақстан Республикасының Конституция нормаларын, Қазақстан Республикасының заңды жəне нормативті құқықтық актілерін ғана басшылыққа алады (Аралық сот туралы Заңның 4 бабы 2 бөлімі).

Осыған сəйкес компетентті сот аралық сот шешімінің заңдылығын  тексеруге  құқылы, яғни заңды жəне басқа да нормативті құқықтық актілерге сəйкестігін тексереді. Бірақ, аралық сот шешім қабылдарда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодекс нормаларын сақтауға міндетті ма? – деген сұрақ туады. Оған қоса, азаматтық іс жүргізу заңнамасында жеке іс жүргізу іс əрекет жасау процестері көрсетілген. Мысалы, өкілетіліктер азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтай отырып рəсімделінеді (27 бап 2 бөлім «аралық сот туралы» Заңы).

Азаматтық  іс  жүргізу заңнамасы  туралы 23 бабында көрсетілген аралық талқылауды қарастыруға арналаған. Бірақ мұндағы баптың қалыптасуына назар аудару қажет: аралық сот арызды алғаннан кейін аралық сот талқылауын қорғау туралы анықтаманы айқындайды, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сəйкес тараптар оның қарастырылу орнын хабарлайды, жауапкер талап арызға жазбаша пікір жазуды  ұсынады. Яғни азаматтық іс жүргізу заңнаманы қолдану өте қысқа сұраққа қатысты – тараптардың талап арызды қарастыру орны туралы хабарлама жіберу, жауапкерге талап арызға жазбаша пікір жазуға ұсыныс жасайды. Оған қоса, азаматтық іс жүргізу заңнамасы альтернативті нұсқа ретінде ұсыналады: азаматтық  іс  жүргізу  заңнама нормалары немесе ережелерге сəйкес. Əрбір аралық сотта өздерінің регламенті бар, оған қоса аралық сотта нақты дауды шешу үшін азаматтық іс жүргізу заңнаманы  қолдану  міндетті  болып табылмайды. Бұдан басқа Азаматтық іс жүргізу кодексі туралы аралық сот Заңында көрсетілмеген. Заңда аралық сот процедурасын толығымен сипатталады. Негізгі сұраққа келсек аралық – аралық істі қарау тəртібі, онда Заңға сəйкес тұрақты жүзеге асатын аралық сот аралық істі қарау жүзеге асырылады. Нақты дауды шешу үшін аралық сот ережелерге сəйкес, тараптардың келісімімен аралық істерді қарайды.

Демек, аралық сот өзінің қызметінде аралық істі қарау ережелерін жəне аралық сот туралы Заңды басшылыққа алады. Егер аралық сот туралы заң мен ережелер арқылы шешімін таппайтын сұрақтар болса, ол сұрақтардың аралық сот арқылы шешімін табады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің компетентті сот қызметі анықталған жағдайда қолданылады.

Екі заңда да аралық соттың шешімін мəжбүрлі түрде орындау тəртібі көрсетілген. Халықаралық коммерциялық арбитраж  туралы Заңның 33 бабында арбитражды шешімді орындауда мойындаулар мен мысалдардан бас тарту үшін негізі туралы мəліметтер ЮНСИТРАЛ типтік заңда бекітілген ережеге жəне 1958 жылдың 10 маусымында шетелдік арбитражды шешімінің орындалуындағы  мойындау  туралы Нью – Иорк Конвенциясындағы ережелерге сəйкес көрсетілген.

Қазіргі таңда мемлекетімізде атаққа ие болған аралық соттар жұмыс жасайды. Оның ішінде «IUS» заңды орталықтағы халықаралық аралық сотта бар. Нарықтық экономикалық байланыстардың дамуының күрделі шарттары (жергілікті тауар өндірісіндегі тоқтау, тауар мен қызметтер құнының өсуі, инфляция, криминал жəне т.б.) келсімшарт міндеттемелері мен даудың пайда болуында неше түрлі қиындықтарға əкеп соқтырады. Даулы  жағдайлардың  санының өсуі нəтижесінде  іскерлік  айналым  тараптары азаматтық құқықтық келіспеушіліктердің шешімін іздеуге түрткі болады. Экономикалық дау тек қана жедел нақты шешімді қабылдау ғана емес, шешімнің орындалуын талап етеді. Сондықтан тараптар пайда болған дауды келіссөздер, өзара ақылдасулар арқылы шешу қажет.

Тəжірибеде  көрсетілгендей, тараптар  арасындағы  мəселелерде   келіссөздер негізінде шешу тиімді болып табылады. Ол келіспеушілікті жоюға жəне тараптардың арасындағы іскерлік қатынасын сақтауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары американдық құқықтық жүйе қойнауларындағы сот өнідірісіне ұқсас пайда болған дауды соттан тыс формада шешу ТМД мемлекеттерінде жие қолдана бастады. Келіспеуші тараптарда үшінші тарапқа жүгіну қажеттілігі пайда бола бастады, ол пайда болған дауды əділ, əрі нақты шешуді жүзеге асырады, білікті жəне тиянақты қолданысьағы құқық нормаларын қолданылады.

Қазақстанда мұндай тарап ретінде «IUS» заңды орталықты халықаралық аралық  сот орын жүреді. Мемлекетіміздегі алғашқы сот 1993 жылдан бастап 100 шаруашылық дауларды қарастырады, оған Ресей, Украина, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекестан, Корея, Канада, Панама жəне т.б. елдердің мекемелері мен кəсіпкерлер даулары қосылды. «IUS» аралық сотының құрамына 21 арбитр кіреді, Қазақстан, Ресей, Чехия соттарының арбитаждар мен серіктес болып табылады. Аралық сот өндірісінің процедурасы арқылы ондаған даулар реттелген, кəсіпкерлер арасындағы өзара келісімдер жүргізілді. Сот шешімі бойынша Қазақстан кейбір облысындағы ірі кəсіпкерлер өздерінің иелерін ауыстырған.

ЮНСИТРАЛ типтік заңның нормалары бойынша арбитраж – егер арбитраж келісім кезінде коммерциялық мекеме тараптары əр түрлі мемлекетте болса, онда ол халықаралық болып табылады. Қазіргі заманның тəжірибесін сараптауда көрсетілгендей, комерциялық дауларды қарастыру кезінде аралық сот мемлекеттік сот алдында бірқатар басымдылықтарға ие. Олардың қатарына арбитрді таңдау арқылы объективтілікті қамтамасыз етуді  болады. Сотқа талап арызды беру кезінде  ешкім  жалпы юрисдикциялық судьяны таңдауға рұқсат бермейді. Керсінше, аралық сотты қалыптастыру процедурасында тараптар арбитрлерді таңдауға құқылы болып табылады. Аралық соттың құрамына мамандандырылған заңгерлер ғана емес, экономика, қаржы, сақтандыру, өндірістік технологиялар аясындағы мамандар кіреді, көп деңгейде мемлекеттік сот күрделі шаруашылық дауды шешуге дағдыланған.

Аралық соттың ерекшеліктерінің бірі дауды қарастыру процедурасының қарапайымдылығы болып табылады. Бұл істі қарау дауды сотқа дейін реттеу  міндеттілігін талап етпейді.

Арбитраждағы қарапайым процедура талап арызын қабылдауда бастарту негіздерінің минимумын қамтамасыз етеді. Арбитражды іс жүргізудегі апелляциялық жəне кассациялық инстанциялардың болмауы шешімді қабылдауда уақытты қысқартады.

Тараптар үшін, бірінші кезекте жауапкер үшін барынша маңызды болып мемлекеттікпен салыстырғанда бірнеше есе аз арбитраждық алымдардың құны табылады. Мысалы, «LUS» аралық сотында арбитраждық алымдардың төмендетілген тарифы бекітілген – талап қою бағасы қаншалықты көбірек болса, алымның тарифтік проценті соншалықты төмен. Осыған байланысты арбитраждық алымдар талап арыз берілгенше дейін емес, арбитраждық шешім шыққанша дейін бөліп-бөліп төлене алады.

Аралық соттың келтірілген приоритеттері кəсіпкерлік  қызметтің  əрбір   сферасындағы мүліктік  дауды шешу      кезінде   қолданылуы мүмкін. Оның негізгі шарты келісімшарттағы сəйкес арбитражды ескертпелердің болуы немесе тараптардың келісімімен қосымша келісімдердің болуы  болып  табылады.   Келісімшарттарға қол қою кезінде көптеген кəсіпкелер арбитражды ескертпелерге назар аудара бермейді, сондықтан  арбитраж  процедурасын  жүргізу қиынға соғады. Осылай, қазақстандық израиль кəсіпкерлері мен АҚШ  компаниялар  арасында бекітілген келісімшарт  шарттарын  орныдау кезінде инвестициялық дау пайда болады. Берілген келісімшарт ескертпелеріне сəйкес, дауды Гаага  қаласында  Арбитражды сотта аралық талқылау тəртібінде қарастырады. Бірақ, компаниялар арасындағы шаруашылық дауды аралық талқылау тəртібімен шеше алатын Гаага қаласындағы арбитражды сот жоқ болып шықты, оны Қазақстандағы Нидерланд корольдігінің елшісі ресми түрде дəлелдеген. Оңтүстік  Қазақстан облысындағы  талап арыз берушінің тұрғылықты орны бойынша компанияның берілген талапкерге қайтарылған болатын. Нəтижесінде компания қиын жағдайда қалды, себебі арбитражды ескертпе келсімшарт ЮНСИТРАЛ арбитражды регламент талаптарына да, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сəйкес келмегендігі болып табылады. Басқа  жақдайда  Оңтүстік  Корея  мен Қазақстандық фирмалар арасындағы бекітілген келсімшартта, тараптар ЮНСИТРАЛ арбитраж ережелері  бойынша  аралық  талқылау процедарусын қарастырған. Альтернативті ескертпелермен дауды қарастыру талқыланған, Кореядағы коммерциялық  Арбитражды  Палатада  немесе Алматы қаласындағы Аралық сотта, залог ұстаушының  таңдауы  бойынща. Арбитражды таңдау құқығын жүзеге асырғаннан кейін кореялық компания талапкер ретінде өзінің талаптарымен «IUS» заңгерлік орталықтың аралық сотына жүгінді, жауапкер оған қарсы болмай, аралық сот мен арбитр кандидатурасына таңдауды келісіп қол қояды.

Осы жағдайды қарастыра отырып жəне мəселенің күрделілігін  түсінгеннен кейін, «IUS» заңгерлік орталық мамандары дауларды шешудің альтернативті құралдарын ісдеу мен аралық сот беделін көтеру бойынша іс шараларды тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Осы мақсатта басқа мемлекеттердегі арбитражды тəжірибе меңгеріледі, тематикалық  семинарлар мен конференциялар жүргізіледі, заңгерлік профельдегі екі жетекші жоғарғы оқу орнында арнайы сабақтар өткізіледі, көрсетілген сұрақтар бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жарияланады. Бірақ, көрсетілген мəселелерді шешу үшін барлық заңгерлік қауымдастықтар бірігіп, аралық сот мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.

«Аралық сот туралы» жəне «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңдар 2004 жылы қабылданғанымен берілген институттарды кеңінен қолдануда жеткілікті ипульс бермеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Əділет министрлігі дайындаған  компетенциялардын кеңеюін қарастыратын арбитражбен аралық сот қызметін жүзеге асыру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қолдады.

Заң жобасы 2012 жылдың 27 қантардағы мемлекет басшысының Қазақстан халқына деген жолдауын жүзеге асыру бойынша іс шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 13 бөлімінің орындалуын қарастырған. Заң жобасы арбитражды жəне аралық сот компетенциясының құқықтық аясын кеңітуге бағытталған. Қолданыстағы заңдармен көрсетілгендіктей азаматтық – құқықтық шарттардан емес, азаматтық – құқықтық қатынастардан туындайтын арбитраждар мен аралық соттардың бағыныстылығына қатысты даулардың сипатын кеңейту ұсынылады.

Сол уақытта  заң  жобасын  дайындаушылар «арбитраж жəне аралық сот адамның өмірі мен денсаулығына, жеке өміріне, жеке отбасы құпиясына байланысты мүліктік емес сипаттауға дауларды қарастыруға құқығы жоқ» деген ережіні ұсынған болатын. Оған қоса «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы»  Заңды «Халықаралық арбитраж туралы» деп өзгерткен болатын, себебі «коммерциялық» ұғым аясында мүліктік қатынастар қарастырылады.

Берілген түзетуді енгізу қажеттілігі «Аралық сот туралы» Заңның 1 бап 1 бөлімінің, «Шетелдік арбитражды шешімдерді  орындау  туралы» Нью – Йорк Конвенциясының 2 бабына сəйкес қабылданған. Əлемдік тəжірибе туралы айтқанда Украина, Польша, Аустрия заңнамаларына сəйкес арбитражды талқылау құралы ретінде мүліктік жəне мүліктік емес сипаттағы даулар қолданылады. Осыған байланысты аралық сот пен арбитраждар компетенциясын кеңейту қажет. Оған қоса жалпы юрисдикциялық азаматтық істер сотының статистикасына тоқталу қажет. 2010 жылы сот 700 мың азаматтық істі қарады, осыған байланысты қарастырылған азаматтық істердің 75% талап арыз өндірісті істер құрайды, 2011жылы аралық сот 22 істі, ал арбитражды сот 3 істі қарастырған. Біздің пікірімізше, аралық сот пен арбитраждар компетенциясын кеңейту мемлекеттік соттың жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, тұрғындарға аралық сот ерекшелігі туралы, оның орналасқан орны туралы, қажетілімділігі барысында ақпатар беріп отыру мақсатында «Аралық сот туралы» заңға аралық сот қызметінің шарттарын бекітетін нормалар енгізілген. Берілген  Заңға азаматтық іс жүргізу кодексі, салық пен басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі, қылмыстық іс жүргізу кодексі   жəне   де «Аралық  сот туралы»  мен «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңда толықтырулар мен өзгерістерді енгізуді қарастыратын заң жобаларының сипатын толықтыратын түзетулер енгізу жоспарланды.

Арбитраждар мен аралық соттың рөлін бекіту үшін берілген сферадағы заңды жүзеге асыру жеткіліксіз болып табылады. Қоғамға арбитражды жəне аралық сот қызметі туралы ақпарат беріп отыру қажет, берілген жұмысқа барлық компетентті мемлекеттік органдар, Жоғарғы сот, индустрия  министрлігі  жəне  жаңа технологиялар мен экономикалық даму министрлігі, жəне де кəсіпкерлік бірлестіктер қатысу қажет.

Демек, осы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстандағы арбитраждың даму перспективалары сəтті жүзеге асырылады. Барлық əлемде дауларды шешудің альтернативті процедурасы дамуда жəне мемлекеттік сот орындарына конструктивті бəсекелеске түсетіндей болып табылады. Қазақстандағы арбитражды талқылау əлемдік стандартқа сəйкес келуде. Ия, ол заңды тұлға мен азаматтардың құқытарын қорғау жүйесінде өзінің жоғарғы орның табады.

 

Əдебиеттер

 

  1. 1 Сулейменова Г.Ж. Перспективы развития судебно-правовой реформы в Республике Казахстане // Вест. КазГЮУ. – Астана, 2009. C. 64-69. 2 Syleimenova G.J. Perspektivi razvitia  sydebno-pravovoy revormi v RK // Vest. KazGUY. – Astana, 2009. C. 64-69
  2. «Аралық сот туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 6 қаңтар № 2
  3. «Aralik sot turali» KR 2004 jilgi, №24, 151 kujat; «Egemen Kazakstan» 2004 jilgi 6 kantar №2
  4. «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» 2004 жылы 28 желтоқсандағы № 23 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 ж

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.