Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіпкерлік саласындағы қылмыстар үшін жауапкершіліктің кейбір мəселелері

Қазіргі кезде кəсіпкерлік саласының негізгі ұстанымы  адамның  өмірі   мен   бостандығы, ең жоғары құндылығы болып саналатыны жауапкершіліктің болуы. Кəсіпкерлік саласында құқықтық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың басты шарты болып, кəсіпкердің қызметінің оңтайлы жүргізілуі мен заңи талаптар негізінде жүзеге асырылуы. Осыған орай іс əрекеттің заңға қайшы болу мəселесін шешкен кезде оны жасаған тұлға жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін де шешіп алу керекті. Бұл құқық бұзушылықтың міндетті элементі болып табылады. Ол үшін құқық бұзушылық пен заңды іс əрекеттің ара-жігін ажырату өлшемдерін білу қажет. Кəсіпкерлік бизнес жекеше жағдай негізінде құрылуы мүмкін. Дегенменде, қызметтің бұл түрі, көбінесе адамның жеке басымен – кəсіпкермен байланысты болып келеді.

Соның негізінде жаңа іс қолға алынып, жаңаенгізілімдіқызметтүрлерініңіскеасырылуы нəтижесінде жүзеге асырылады. Кəсіпкерлікпен айналысу қызметтерін заңи тұрғыда жүзеге асыруда жауапкершіліктің маңызы зор. Сондықтан да, кəсіпкердің мəртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталып  жүзеге асырылады. Кəсіпкерлік қызмет түрлері мемлекеттік тіркеуден өту қажет, онсыз кəсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кəсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны,  тəртібі  мен  талаптары шартпен айқындалалып, жеке табысқа салық салыну негізінде қызмет жүзеге асырылады. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқа қызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар  кəсіпкерлікке  жатады. Нарықтық жүйеде кəсіпкерлік қызметпен айналысуға кеңінен мүмкіндіктер берілген. Бұл мемлекеттік меншікпен қоса, меншіктің барлық нысандарына тəн. Кəсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады, меншікті мемлекет иелігінен алу, кəсіпорындарды жекешелендіру. Қазақстанда кəсіпкерліктің мұндай қызметтін жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Елімізде  кəсіпкерліктің  бірнеше  түрлері бар атап айтсақ, олар жеке кəсiпкерлiк, дара кəсiпкерлiк, бiрлескен кəсiпкерлiктер т.б. кəсіпкерлік   қызмет   түрлерін   айтуымызға болады. Дара кəсiпкерлiк –  жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген. Бұл жеке тұлғалардың атынан олардың тəуекелi үшiн жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi. Дара кəсiпкерлiк өзiндiк немесе бiрлескен кəсiпкерлiк түрiнде  жүзеге  асырылады.  Жеке  кəсiпкерлiк – субъектiлерi өздерiнiң меншiгiне негiзделген. Сондай-ақ, жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тəуекелiмен жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi. Бірлескен кəсіпкерлік нысандары болып, ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кəсiпкерлiгi;  шаруа (фермер) қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе  жекешелендiрiлген  тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кəсiпкерлiк; жеке кəсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi жеке жəне заңды тұлғалар мемлекеттiң құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдай да, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа əкеп соғады. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi сондайақ,    Қазақстан    Республикасының    жосықсыз бəсеке туралы заңнамасын бұзса да, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа əкеп соғады. Жеке кəсіпкерлік туралы жауапкершілік Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 «Жеке кəсiпкерлiк туралы» Заңы бойынша реттелінеді.[1]

Кəсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің  пайда  немесе   өзіндік   табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылғандықтан, кəсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кəсіпорынның) атынан жəне соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кəсіпкерлік кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары,  сондайақ,    азаматтардың   бірлестіктері  кəсіпкерлік субъектілері кəсіпкерлік болып табылады. Сонымен қатар, кəсіпкерлердің субъектілері кəсіпкерлік   жалдамалы еңбекті  жалдамалы қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрыпта жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кəсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі. Бұл жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кəсіпорын ретінде тіркеледі. Кəсіпкерлік қызметпен айналысу барысында, кəсіпкерлікті мемлекеттік   қолдау   барысында    туындайтын  қарым-қатынастарды  реттейтін  нормалар жиынтығы кəсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Мұнда сонымен бірге, коммерциялық емес қатынастарды жəне мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу  шараларынан  туындайтын  қарым-қатынастарды  да   қосуға   болады. Кəсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кəсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің əрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық  шаралар мен тəсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бəсекелестік бостандығы жəне монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделіне отырып жүзеге асырылады. Кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу,  өзге  де  мүліктік   пайда   алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар,   азаматтық   ұйымға   немесе  мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. Кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, солсияқтыкəсіпкерліктіңтыйымсалынған түрлерімен шұғылданса, осы əрекеттер негізінде азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде  тауарларды  өндірумен,  сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып кəсіпкер жауапкершілікке тапртылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлға мен мемлекеттің, қоғам құқығының жəне еркіндігініңбасымдылығынабағытталғанқарымқатынас анық көрсетілген. Онда азаматтардың құқықтары   мен   бостандықтарының  сақталуы мемлекеттің билік  күшімен  жүзеге асыратыны ескерілген.

Мемлекеттік құқық бұзушыға заңмен белгіленген тəртіпте жаза қолданады. Бұл заң бойынша жауапкершілікке тарту болып табылады. Экономикалық қызмет саласында лауазымды адамдар тараптарынан екі қылмыс жасалуы мүмкін: заңды кəсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы) жəне табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мəмілелерді тіркеу (ҚК-тің 225-бабы). ҚК-тің 189-бабы бойынша[2] жəбірленуші  ретінде  жеке кəсіпкерлер де, коммерциялық ұйымдар да жатады. Заңды кəсіпкерлік қызметке кедергі жасау деп, жеке кəсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың құқықтары мен  заңды  мүдделерін  шектеу; жеке кəсіпкерлердің немесе коммерциялық ұйымдардың дербестілігін шектеу; жеке кəсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың қызметіне өзге де жолдармен араласуды айтады. Бұл əрекеттер заңды күшіне енген сот шешімін бұза отырып не болмаса ірі мөлшерде зиян келтіре отырып жасалғанда, ғана қылмыс деп танылады. Ірі мөлшердегі зиян түсінігі ҚК-тің ерекше бөлімінің 7-тарауының бабында нақты көрсетілген. Сонымен бірге, лауазымды адамдардың екінші бір қылмысы пайдакүнемдік немесе басқа да жеке-басының мүдделілігі салдарынан жасаса табиғатты пайдалану  бойынша заңсыз мəмілелер тіркеуден тұратын болса, онда да бұл ҚК-тің 225-бабында нақтыланған негізінде жауапкершілікке тартылады.

Кəсіпкердің əрекеттерінде қылмыс құрамының бар  екендігі  анықталуы  үшін  олардың жасаған əрекеттерінен анықтау  жеткілікті.   Ол    табиғатты    пайдалану   бойынша көрінеу заңсыз  мəмілелерді  тіркеуі;  табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мəліметтерін əдейі бұрмалауы; табиғи ресурстарды пайдалануы, қоршаған ортаны ластауы, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны азайту т.б. жауапкершіліктің кейбір мəселелеріне нем құрайлы қарауы салдарынан қылмыстық іс қозғалады. ҚК-тің 190-193-баптарында кəсіпкерлік жəне басқа да экономикалық қызметтің заң бекіткен тəртібін бұзуға байланысты  қылмыстар  қарастырылған.  ҚР  АК  10– бабында кəсəпкерлікпен айналысуға мынандай анықтама береді: «Кəсіпкерлік – ол меншік формасына  қарамастан,  тауарларға (жұмыстар,қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кəсіпкерлік) немесе мемлекеттік кəсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кəсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың жəне заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кəсіпкерлік қызмет кəсіпкердің атынан, тəуекелмен жəне мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады».[3]

Кəсіпкерлік бұл экономикалық  жəне ұйымдастырудың жағдайлары мен жаңа материалдың   қызмет  көрсету  мақсатында, тапқан пайданың   шығындарын  қысқарту бағытына арналған  қызмет   түрі   болыпта   табылады. Кəсіпкерлік  қызметті реттейтін  өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген тəртіппен таза кіріс алуға бағытталған қызметін заңды кəсіпкерлік  қызмет  деп  ұғынған жөн. Бұл тұлғаның тиісті органдарда алдын ала тіркелуі не осы қызметпен айналысуға рұқсат ететін өзге арнайы рұқсатының (лицензиясының) болуы заңды кəсіпкерлік қызметтің міндетті белгілері деп танылады. Жеке кəсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеп, заңды кəсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, егер лауазымды адам осы əрекеттерді қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады. Сондай-ақ, өзге адамдар жеке кəсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның  құқықтары мен  заңды  мүдделерін  заңды  күшіне  енген сот актісін бұза отырып шектеген не олардың əркеттерімен ірі залал келтірілген жағдайларда ғана көрсетілген əрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы да мүмкін. Мынандай жағдайларда жауапкершілік туындалуы мүмкін егер, лауазымды тұлға жеке кəсіпкердің жəне коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектесе заңды кəсіпкерлік қызметке заңсыз  араласа,  осы   əрекеттерді  қызмет бабын пайдалана отырып жасаса қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады. Заңды кəсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыруға азды-көпті кедергі келтіретін шешім қабылдаса, нұсқаулар берсе, талаптар қоюды жəне лауазымды адамның басқа да іс-əрекеттерін (тіркеуге алудан заңсыз бас тарту; тіркеуге алудан немесе лицензия беруден жалтару; заңмен рұқсат етілген қызмет түріменайналысуғатыйымсалут.б.) жəнеде жеке кəсіпкердің   немесе  коммерциялық   ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеген жағдайларда жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, өз бетімен жұмыс істеуді шектеу, жеке кəсіпкердің  немесе  коммерциялық  ұйымның өз бетімен шешім қабылдауы, өз қызметін жүзеге асыру құқығына қысым жасау қосалқы құрылтайшылардың тізімін жасауға араласу, бірге жұмыс істеуге, оның ішінде белгілі бір банктің қызметін пайдалануға мəжбүрлеу, жеке кəсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне заңсыз бақылау орнату, кəсіпкерлік құрылымның өзінің құқықтық қабілетін толық көлемінде іске асыруына  кедергі  келтіретін өзге де жағдайлар негізінде жауапкершілік байқалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабында көрсетілген қылмыстарды кəсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты əкімшілік құқық бұзушылықтан ара-жігін ажырату кезінде қадағалау жəне бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауаптылықтары.

Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 151-153 баптарында нақтыланған. [4] Заңсыз кəсіпкерлік қызмет барысында басқа қылмыс құрамын құрайтын əрекеттер жасалған жағдайда жасалған əрекет заңсыз кəсіпкерлік үшін жауаптылық жасалған өзге қылмыс үшін жауаптылықтың ара жігі ҚРның қылмыстық кодекстің бабының жиынтығы бойынша сараланады. Заңмен тыйым салынған кəсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі анықталған жағдайда кінəлі адам Қылмыстық кодекстің қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға тыйым салатын тиісті бабтары бойынша, қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Тауарларды сатып алу, сақтау, үй-жайларды, көлік қызметін ұсыну жəне заңсыз кəсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуына өзгедей жəрдемдесу осы əрекеттерді кəсіпкерлік қызметтің заңсыздығы туралы білетін адам тікелей қасақана жасаған жағдайда ғана қылмыстық    жауаптылыққа    əкеп    соғады. Тек қызметтің тыйым салынған түрлері (контрабанда, қару, есірткі құралдарын заңсыз сату, ұрлық, салықты төлеуден жалтару жəне т.б.) алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру фактісі туындаған жағдайда ҚК-нің 193 бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа  əкеп  соғады.  Сондай-ақ,   көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру фактісі анықталған жағдайда да қылмыстық заңның тиісті нормасына сəйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылады. ҚК-нің 7 таруында көзделген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасаудың нəтижесінде баю мақсатында  қылмыстық  жолмен   алынған кіріс, мемлекет кірісіне алынады. Егер, кінəлі адам ақы сотталғанның қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыс немесе қызметтер үшін төленді деп қате ұғынған жағдайларда, сыйақы ретінде алған ақша мен өзге де мүлік иелеріне қайтарылады. Заңсыз кəсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде табыс табу үшін тікелей қолданылған заттай дəлелдемелер болып танылған мүлік пен заттар  Қазақстан   Республикасы   Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 121 – бабының үшінші бөлігінің 4-тармағына сəйкес мемлекет кірісіне алынады. Ал, олар табылмаған жағдайларда олардың құны мемлекет  кірісіне  кінəлі адамның өзінен өндіріліп алынады. Кəсіпкерлік саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікке заттай дəлелдемелер  болып  танылған  ақша мен өзге де құндылықтарда жатады. Егер олардың иесі осы ақшалар мен құндылықтар берілгенге дейін одан заңсыз сыйақы алу үшін бопсалау əрекетінің жасалғаны туралы тиісті органдарға хабарлаған жағдайларда, иелеріне қайтарылады. ҚР-ның ҚК-нің 206бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жалған ақшалар мен бағалы қағаздар түріндегі заттай дəлелдемелер олар қайтадан айналымға түспеуі үшін міндетті түрде жойылуға жатады. Жекелеген үлгілер сараптық жəне өзге де зерттеулер кезінде қажетті мəліметтер базасын құру үшін өздерінің өтініштері бойынша тиісті сараптама мекемелеріне беріледі. Сонымен бірге, кəсіпкер, жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды сату оларды тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлеу құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ ақша ұсату, сыйға тарту, берешекті қайтару, қарызға беру, сату, оларды өзгедей түрде азаматтық айналымға қосу түрінде байқалса онда қылмыстық жаупкершілікке тартылуы мүмкін.  Мұндай  əрекеттерді  ҚК-нің   177 жəне

206 баптары жиынтығы бойынша сараланып, ақша белгілері мен бағалы қағаздар түрінде орындалған өзге де бұйымдарды алдау құралы ретінде пайдалану алаяқтық деп бағаланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мəнеттерін, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасын не шетел валютасын немесе шетел валютасымен бағаланған бағалы қағаздарды жасау немесе сату  мақсатымен   сақтаса,   оны   сатса, ҚКнің 189-бабына сəйкес көрсетілген тəртіппен айқындалатын ірі соманы құраса немесе құрауы мүмкін болса, ірі мөлшерде жасалған  əрекет деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемелекетіміз кəсіпкерлік қылмыстық жауапкершілікті болдырмауды жүзеге асыру барысында алдын ала шаралар мен міндеттер қабылдауда. Ол кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті қолдауды, дамыту аясында қылмыстық кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп отырады. Мемлекет тарапынан бұндай қолдаулар кəсіпті қолға алып, бизнесін шыр айналдырамын деген іскер адам  үшін  кəсіпкерлік  дамуда басты құрал болып табылады. Бұрын айыбы дəлелденіп, кінəсін мойындағандар мемлекетке келтірген шығынның бір бөлігін қайтарып, темір торда жазасын өтейтін  еді.  Енді  жаңа заң бойынша шығын еселеніп қайтарылып, жазасын абақтыда өтеу үкімі аз айтылады.

Тұлғаның тиiстi органдарда алдын ала тiркелуi не осы қызметпен айналысуға рұқсат ететiн өзге арнайы рұқсатының (лицензиясының) болуы заңды кəсiпкерлiк қызметтiң мiндеттi белгiлерi деп танылады. Жоғарыда атап өткендей заңсыз кəсiпкерлiк қызмет барысында, сондай-ақ, басқа қылмыс құрамын құрайтын əрекеттер жасалған жағдайда жасалған əрекет заңсыз кəсiпкерлiк үшiн жауаптылық көздейтiн баптардың жиынтығы мен жасалған өзге қылмыс үшiн жауаптылық қылмыстық кодекстің бабының жиынтығы бойынша сараланады.

Қылмыстық жауапершілік құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінəлі адамның өзінің құқыққа қайшы əрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен  тыс  мəжбүрлеу  тəртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

 

Əдебиеттер

 

  1. «Жеке кəсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2006 жылғы 31 қаңтардағыN 124.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы,
  3. ҚР-ның азаматтық кодексі. – Алматы,
  4. Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық кодексі. – Алматы,
  5. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы, 2001. – 445 б.
  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. – Алматы, 2001. – 251 б.
  7. Звечаровский И.Э. Уголовная ответственность. – М., 1995. -145 с.
  8. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. – Алматы,
  9. Қазақстан Республикасының қылмыстық –атқару құқығы. – Алматы, 2002.
  10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. – Алматы, 2001.
  11. «Жеке кəсіпкерлікті қорғау жəне оған қолдау көрсету туралы » заң 1995 ж. 17 сəуір.
  12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң 1995 ж 17 сəуір.
  13. 13     ҚР-ның  «Лицензиялау  туралы»   Заңы 1995 ж. 2 мамыр.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.