Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəміленің мазмұнына қойылатын талаптарды бұзу – мəміленің жарамсыздығының негізі ретінде

Қазіргі таңдағы қоғамның демократиялық стандарттарға қарай жылжуы, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен ұлттық егеменділіктің күшеюінде негізгі рөл экономика саласында жүргізіліп жатқан түрленулерге тиесілі. Бұл түрленулердің сəтті болуының бірден бір шарты құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу жəне тоқтатылуына негіз болатын заңды фактілердің  лигитимділігі болып табылады. Дəл осы тұста ең маңызды жəне кең тараған заңды факті ретінде жəне азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру жəне тоқтатылу негізі ретіндегі мəміле институтына орталық орын беріледі.

Мəміле– азаматтыққұқықтыққатынастардың басты элементі болып табылады. Мəмілелерді белсенді түрде жасасу аталған құқықтық қатынастарға қатынастардың басқа түрлерінен ажыратуға септігін тигізетін динамизм береді. Көбінесе азаматтық құқықсубъектілері мəміле жасасу арқылы тек объектілерге меншік құқығын емес, сонымен қатар бір  бірінің  алдында түрлі құқықтыр мен міндеттерге ие болады. Қазіргі кездегі қоғамды азаматтық құқықтық мəмілелерсіз елестету мүмкін емес.

Сондықтан, азаматтық құқықтық қатынастар жүйесінде мəмілелер институтының ерекше маңыздылығын тағы бір атап өтуге болады. Себебі, азаматтық заңнама тұрғысынан барлық дерліккəсіпкерлікқызметқандайдабірмəміленің түрін жасасу мен орындау болып табылады. Сол себепті де азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының заңнамалық бекітілген тізімі мəміледен басталады. Бүгінгі таңда мəміленің жарамсыздығымен байланысты мəселелерді мұқият талдау қажеттілігі пайда болып отыр. Заңнамалық түрде жарамсыз мəмілелерді реттеудің нақты бірізділіктің жоқтығы тəжірибеде көптеген мəселелер тудырады. Жарамсыз мəмілелер туралы мəселелер арта түсуде, ал ол бойынша соттардың шешімдері бір біріне қайшы келеді. Қалыптасқан бұл жағдай міндетті түрде жарамсыз мəмілелерді ауқымды талдау мен оған баға беруді қажет етеді.

Мəмілелердің  жарамсыздығының  негіздері бұл, мүмкін мəмілелердің жарамсыздығы туралы оқудың  ең  көп   зерттелген   жəне  ең аз талас тудыратын бөлігі. Бұл ең алдымен, мəміленің жарамсыздығының негіздері əдетте заңнамада бекітілетіндігімен байланысты. Сонымен қатар, мəмілені жарамсыз деп тану негіздері шектеулі сипатқа ие жəне азаматтық құқықтың жалпы диспозиптивтігіне жəне шарт еркіндігі қағидасына қарамастан, тараптардың еркі бойынша өзгертіле алмайды. Аталған қағида азаматтық құқық үшін дəстүрлі болып табылады жəне азаматтық заңнаманың диспозитивтік нормалардың арттырылып, императивтік нормалардың  азайтылуы  құптарлықтай  дамуы мен өзгеруі ақылға қонымды болып табылады. Əрине, субъектілер шарттық қатынастарға түсе отырып араларындағы нақты мəмілелердің жарамсыздығының қосымша негіздерін белгілей алады деп ұсыныс жасауға болар еді. Бірақ аталған ұсыныс тəжірибеде қолданыста жоқ, себебі, мəміленің жарамсыздығының негіздері өзінің шектеулі сипатына қоса, сонымен қатар əмбебап болып табылады. Одан басқа мұндай құқықтың болуы мəміле тараптарының жағарғы құқықтық сауаттылығын қажет етеді, бірақ ол Қазақстанның қазіргі əлеуметтік экономикалық дамуы жағдайында қол жетімсіз болып тұрған жайы бар. Мəміленің жарамсыздығының қосымша негіздерін бекіту арқылы өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін беру, қазіргі таңда, азаматтық құқықтық қатынастардың бұл құралын теріс мақсатта пайдалану қауіпін тудыруы мүмкін. Сол себепті, мəміленің жарамсыздығының негіздерінің шектеулі тізімін бекітудің бар қағидасы дұрыс жəне қоғамның қазіргі даму деңгейіне сəйкескеледі деп болжауға болады.

Негіздердің тізімінің əмбебаптылығы, бір жағынан, азаматтық құқық субъектілерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды жеңілдетеді. Сонымен қатар, тəжірибеде мұндай əмбебаптылық теріс пиғылды тараптармен өздеріне алған міндеттемеден жалтару үшін немесе қосымша негізсіз баю мақсатында пайдалану жағдайлары жиі кездеседі. Бүгінгі таңда сот қандай  да  бір  мəмілені  жарамсыз деп тану туралы шешім шығару барысында нақты ненің негіз болып табылатындығын анықтауы тиіс. Егер мұндай негіздер формальді түрде жоқ болса, онда сот мəлімдеушілердің мақсатының анық «терісіне» қарамастан мəмілені жарамды деп тануға тиіс. Бұл мақаланың негізгі мақсатының бірі заңнамада бекітілген мəміленінің жарамсыздығының негіздерін толығырақ зерттеу болып табылады. Мұнда заңнаманы өзгерту жəне жетілдіру бойынша, мəміленің жарамсыздығы институтын теріс  мақсатта   пайдалану   мүмкіндіктерін жою  бойынша  ұсыныстар  жасау   мүмкіндігі де   қамтылады.   Бұл азаматтық  айналымның тұрақтылығына жол ашатыны анық.

Аталған тенденция өзге елдердің заң шығармашылық қызметінде көрініс табуда. Мысалы, РФ азаматтық заңнамасының даму Концепциясының 5.2.1 тармақшасында «азаматтық айналымның тұрақтылығын бұзбау үшін, азаматтық заңнаманы өзгерту, азаматтық құқықтық санкция ретінде ақталмайтын жəне мəмілені жасау кезінде жіберілген кемшіліктердің салдары мен сипатына айқын сəйкес келмеген мəміленің жарамсыздығы, барлық жағдайда мəмілені жарамсыз деп танудың легалды мүмкіндігін қысқартуға бағытталуы тиіс» деп көрсетіледі[1]. Бұл  көзқараспен  келіспеу  қиын.  Қазақстан мен Ресейдің əлеуметтік экономикалық даму деңгейі ұқсастығын ескерсек, ал азаматтық жəне азаматтық іс жүргізу заңнамалары көп жағдайларда ұқсас, сол себепті мəміленің жарамсыздығы институты ҚР заңнамасында да жетілдіруді қажет ететіні айқын.

Мəміленің жарамсыздығын тиімді түрде зерттеу үшін  қандай  негіздердің  бар  екендігін жəне олардың бір бірімен қалай түйісетіндігін анықтап алу керек. Мəмелелердің жарамсыздығының негіздерін дəстүрлі түрде келесідей жіктеу үрдісі қалыптасқандығын атап өту қажет. Жармамсыздықтың жалпы негізі ретінде жасалатын мəміленің қолданыстағы заңнамаға   қайшылығы    танылады.    Сондай ақ мəміленің жарамдылығы оны құрайтын элементтердің жарамдылығына да байланысты. Мəміленің анықтамасынан мəмілені азаматтық құқықтар мен міндеттер туындататын негіздерден кез келген мəміледе міндетті төрт элементтің немесе белгінің болуынан ажыратуға болады: əрекеттен көрініс табатын заңды фактінің болуы; əрекетті азаматтық құқық субъестісінің жасауы жəне ондай əрекеттердің ерікті болуы; əрекеттеердің азаматтық құқықтар мен міндеттерді бекітуге, өзгертуге жəне тоқтатуға мақсатты бағыттылығы; азаматтық құқық субъектісінің əрекетінің заңдылығы. Осы негізде жарамсыз мəмілелер қандай элементінің кемшілігі бар екендігіне қарай топтастырылуы мүмкін. Осыған байланысты жарамсыз мəмілелерді келесідей топтарға жіктеуге болады:

  1. Мəміленің мазмұнындағы кемшіліктер;
  2. Мəміленің бекітілген нысанындағы кемшіліктер;
  3. Мəміленің субъектісіндегі (қатысушылары) кемшіліктер;
  1. Мəмілені жасау барысындағы ерік білдірудегі кемшіліктер.

Біз төменде жалпы қабылданған осы жіктеудің бір түрі мəміленің мазмұнының талаптарын бұзу мəселесін қарастыратын боламыз.

Мəміленің мазмұны – оны бұзу, мəміленің жарамсыздығына  əкеліп   соғатын   арнайы негіз болып табылады. Құқық теориясында мəміленің мазмұны ретінде азаматтық құқықтық қатынастар туындау үшін қажетті шарттардың жиынтығын қарастыратындығын ескере кеткен жөн. Жалпы негіздер заңдарда жəне өзге де нормативтік актілерде көрініс табуы мүмкін, бірақ кейбір заңда қарастырылмаған немесе диспозитивтік нормаларда ерекшеленетін негіздер мəміленің оның қатысушыларымен мазмұнынан енгізілуі мүмкін. Соңғы жайғайда мəміленің мазмұны тек азаматтық заңнаманың жалпы бастаулары мен мазмұнына ғана емес, сонымен қатар құқықтық тəртіп пен имандылық, адамгершілік нормаларына да сəйкес келуі тиіс. Осыдан келіп ҚР АК 158 б. сəйкес, мазмұнындағы кемшілігімен мəмілелерге мазмұны заң талаптарына сəйкес келмейтін, сондай ақ құқықтық тəртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мəмілелер, сонымен қатар ҚР АК 160 б.сəйкес жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелер жатады [2]. Айта кететін жайт, тұлғамəміле жасасу барысында заң талаптары бұзылуына саналы түрде жол берсе, мəмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ. Аталған қағида шетел елдердің сот тəжірибесінде кең қолданылатын «unclean hands» доктринасымен түйіседі. Бұл жерде талапкердің теріс пиғылды əрекет еткендігін дəлелдеу ауыртпалығы жауапкерге жүктеледі.

Заң талаптарына немесе өзге де құқықтық актілерге қайшы мəмілелер.

Мəміленің заң талаптарына немесе өзге құқықтық актілерге сəйкес келмеуі оны жарамсыз деп тану негіздерінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Жалпы ереже бойынша мəмілінің мазмұнының заңдылығы оның заң талаптарына сəйкес келуі болып табылады. Жалпы алғанда мəмілені мазмұнының заң талаптарына сəйкес келмеуі салдарынан жарамсыз деп тану бойынша сот тəжірибес қазіргі таңда кең етек алуда. Бірақ құқықтарды қорғаудың мұндай механизмін белсенді қолдану азаматтық айналымның тұрақтылығына кері əсерін тигізуде. Тəжірибеде мəміленің    заңның  кейбір  ережелеріне  сəйкес келмеуі оның жарамсыздығының негізі болмайтын жəне болмауы тиіс жағдайлар кездесетінін ескерген жөн. Сол себепті соттар бұл категориядағы істерді ерекше мұқият қарастырулары керек.

Ең алдымен құқықтық актілердегі нормалар арасындағы коллизия туындаған жағдайда, мəміленіңмазмұныныңзаңдылығы«Нормативтік құқықтық актілер ткралы» ҚР Заңында бектілген құқықтық актілердің иерархиялық бағыныстылығына сəйкес анықталуы қажет[3]. Сондай ақ «мəміленің мазмұнының заңдылығы оның азаматтық құқық нормаларына ғана емес, сонымен қатар оның қағидаларына да сəйкестігін білдіретіндігі» күмəн тудырмайды [4,376б.].

ҚР заңнамасында оларды бұзған жағдайда сот мəмілені жарамсыз деп тануы мүмкін көптеген нормалар қарастырылған. Солардың бірнешеуін ғана келтірейік. ҚР АК 159 б. теріс пиғылды бəсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік əдет талаптарын бұзатын мəмілелердің жарамсыздығын қарастырады. Сондай ақ «Бəсекелесік туралы» Заңның ережелеріне сəйкес, рынок субъектілерінің өздерінің басымдық (монополиялық) жағдайын асыра пайдалануды болдырмау немесе бəсекелестікті шектеу мақсатында монополияға қарсы орган экономикалық жағдайға мемлекеттік бақылау жүргізеді [5].

Сонымен қатар «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы»  ҚР  Заңына сəйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру азаматтық құқықтық мəмілелер жəне тиісті ережелерді сақтай отырып заңнамада көрсетілген өзге де негіздер бойынша беріледі[6]. Өкілетті органдардың келісімінсіз жасалған жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы мəміле жасалған уақыттан бастап жарамсыз болып табылады. Сондай ақ тұтынушылардың құқықықтарын арнайы заңда бекітілген жайдайларға ұарағанда кемітетін шарт ережелері де жарамсыз болып табылады. Мұндай шарттарды қолдану салдарынан тұтынушыға зиян келтірілсе, келтірілген зиян толық көлемде қайтарылуы тиіс.

Заң талаптарына немесе құқықтық актілерге сəйкес келмейтін мəміленің жарамсыздығы туралы мəселені шешу процесінде ең күрделі жəне даулы мəселелердің бірі заңнамаға сəйкес келмейтін мəміленің барлығы жарамсыз деп танылуға тиіс еместігі туралы мəселе. Заңға сəйкес келетін мəміле тек заңның тыйымдарын бқзғанда ғана жарамсыз болып табылады  деген көзқарас бар. РФ АК жаплы ережелерін жетілдіру Концепциясының жобасында жарамсыз мəмілелердің жайылуын шектеуі мүмкін бірнеше қорытындылар жасалады: «Біріншіден, заңның кез келген императивтік нормасын бұзу мəміленің жойылуына(ничтожность) əкеп соқпайды, тек айналым қатысушыларына қатысты құқықтық тəртіп тарапынан анық тыйым салу қамтылған нормаларды бұзу ғана аталған салдарды туындатады. Мұндай құқықтық нормалардың шеңбері сот тəжірибесімен анықталады. Екіншіден, сот заң шығарушының еркіне сүйенеді жəне заң шығарушы енгізген тыйымды бұзғаны үшін санкция ретінде нақты мəміленің ничтожности бекітуді көздеген жағдайда ғана мəмілені жойылған (ничтожный) деп жариялайды» [7, 85б.]. Бұдан өзге онда азаматтық заңнамаға мəміле заңға қайшы келетіндігі себепті жарамсыз деп танылуы мүмкін жағдайларды шектеуге бағытталған нақтылаулар енгізу болжанған. Біздің ойымызша бұл ұсыныстарды отандық құқық қолдану тəжірибесінде қолдану дұрыс болады. Қазақстандық заңнамада бір қарағанда көптеген нормалар сырттай императивті болып көрінгенімен, талдау барысында нормаларды бұзу барлық жағдайда мəміленің жарамсыздығы фактісі орын алмайтынын байқауға болады. Сондай ақ, елімізде заңды түрде тыйым салмаған құқықтық құрылымдарды қолдана отырып заңдық тыйымдарды айналып өту сияқты мəмілені жарамсыз деп тануды қиындататын жағдайлар тиісті түрде заңнамалық деңгейде реттелмеген. Заңды айналып өту белгілі бір жағдайларда формальді түрде тыйым салынбаған қандай да бір құқықтық құралды нəтежиеге қол жеткізу үшін пайдалану жолымен жүзеге асырылады, ал осы нəтежиеге қол жеткізу үшін басқа құқықтық құралдыпайдалану заңсыз болып табылуы мүмкін. Айта кететін жайт, көптеген құқықтық мəдениеті дамыған мемлекеттерде бұл мəселе – заңнаманы айналып өту мақсатында жасалған мəмілені жарамсыз деп тану мəселесі нормативтік тұрғыдан шешімін тапқан, ал кейбір елдерде ол заңды көрініс таппағанымен нормаларды талдау барысында айқындалады. Тəжірибеде біздің соттар осыған ұқсас істерді қарау жəне жіктеу барысында тек мазмұнын ғана емес, сонымен қатар тыйым салу нормаларының мақсатына да назар аударулары керек деп ойлаймыз.

Құқықтық тəртіп  негіздеріне жəне адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мəмілелер.

Заң талаптарына сəйкес келмейтін, сəйкесінше сол себепті сот жарамсыз деп тануға жататын мəмілелердің күрделі құрамы құқықтық тəртіп негіздеріне жіне адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мəмілелер болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл жерде мəміленің мазмұнындағы кемшіліктермен қатар күрделі субъективтік жайт – оны жасау мақсаты қослады.

«Құқықтық тəртіп негіздеріне жіне адамершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен» жасалған мəмілелер ничтожный, себебі қолданыстағы заңнаманы өрескел жəне қауіпті бұзу болып табылады, қоғамға қарсы сипатқа ие жəне маңызды мемлекеттік жəне қоғамдық мүддеге қол салады деген көзқарастар бар. Мұндай мəмілелердің бұзатын мүдделердің жария сипатта болуы олардың қағамға қарсы ретінде айтуға мүмкіндік береді[4, 395б.].

Құқықтық тəртіп негіздері мен адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мəмілелердің объективтік жағын заңды өрескел жəне қауіпті бұзу, көбінесе құқықтық тəртіп негіздері мен адамгершілікке қол сұғатын қылмыстық əрекеттер құрайды. Құқықтық тəртіп негіздері ретінде құқықтың болмысын, оның əлеуметтік бағыттылығы мен қоғамда құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру шектерін анықтайтын негізгі бастатулары – құқықтың қағидалары қарастырылады. Ал адамгершілік негіздері ретінде – нақты белгілі бір қоғамда жағдайында жақсылық пен жамандық туралы, əділеттілік пен əділетсіздік туралы басымдыққа ие көзқарастар танылады. Мұндай мəмілелердің субъективтік жағы қатынасқа  түсуші  бір немесе екі тараптың тікелей немесе жанама қасақаналығымен сипатталады. Бұл категорияға жатқызылатын мəмілелердің шеңбері сот тəжірибесінде заңдарға немесе өзге де құқықтық актілерге сəйкес қалыптасады. Мысалы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының 19 б. сəйкес, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен жасалған мəмілелер заңда бекітілген тəртіппен сотпен жарамсыз деп танылады [8].

Айта кететін жайт, кейбір ғалымдарда имандылық пен адамгершілік категориясын мəміленің жарамсыздығының негізі ретінде қолдану  идеясына  сыни  қатынас қалыптасқан.

Мысалы, И.А. Покровский «осылайша біз нақты емес жəне анықталмаған, заңгерлер əлі күнге дейін шешімін таппаған, бір жұмбақ нəрсеге жолығып отырмыз» деп атап өткен [9, 246б.]. И.В.Матвеев те мəміленің жарамсыздығының негізі ретінде адамгершілік категориясын пайдаланудан бас тартуды ұсынған [10, 74б.]. Біздің ойымызша, мəміленің адамгершілік негіздеріне қайшылығы жария жəне жеке мүдделерді қорғауды қамтамасыз етеді, тиісінше мəміленің жарамсыздығының негізделген негіздерінің бірі ретінде қарастырылуы керек. Бірақ ҚР АК 158 б. сəйкес «құқықтық тəртіп негіздерін» құрайтын заңдардың шеңберін нақты анықтау қажет. Сондай ақ заң шығарушы құқықтық (заңдық) термин болып табылмайтын «адамгершілік» түсінігін қолдану шарттарын нақтылауы тиіс. Осыған ұқсас ойды көптеген ғалымдар да құптаған, мысалы, Н.А. Чечина қазіргі кезде кейбір терминдер мен құқықтық түсініктерді, олар түсіндірме беруді қажет ететіндіктен қолдану мүмкін емес, нақтырақ айтсақ, құқықтық тəртіп негіздері мен адамгершілікке қайшы мақсатта жасалған мəмілелерді жарамсыз деп танитын бапқа қатысты – «құқықтық тəртіпті қандай көлемде бұзған үшін сот мəмілені  жарамсыз деп табуы мүмкін жəне құқықтық тəртіп деп нені түсінеміз» деп атап өткен [11, 78б.]. Сондай ақ Л.А.Гросьта  «құқықтық  тəртіп  негіздері мен адамгершілікке қайшы мақсат» түсінігін нақтылау керектігі туралы ой айтқан[12, 21б.].

Осыған  байланысты  аталған  терминдер мен түсініктерге анықтама беру қажет деп ойлаймыз. Құқықтық тəртіп негіздері ретінде олардың сақталмауы елдің территориялық біртұтастығын, саяси жəне экономикалық егемендігін, əлеуметтік тұрақтылығын бұзу болуы   мүмкін,   қоғамның   экономикалық жəне əлеуметтік құрылым туралы негізгі, маңызды нормаларын қарастыру керек. құқық субъектілерінің ең маңызды  құзыреттіліктері ҚР Конституциясында көрініс тапқан. Оларға мыналар жатады: меншік құқығы жəне өзге де заттық жəне мүліктік құқықтар, жеке мүліктік емес құқықтар, саяси жəне еңбек құқықтары жəне т.б. Аталған құқықтарға қарсы жасалатын əрекеттер көбінесе қылмыстық жазаланушылық сипатында жасалады, мысалы, наркотиктермен жəне валютамен жасалған заңсыз мəмілелер, салықтық төлемдерден жалтару мақсатында жасалған мəмілелер, қару жарақпен, оқ дəрімен,жарылғыш жəне радиоактивті заттармен заңсыз жасалған мəмілелер жəне т.б. Дегенмен құқықтық тəртіп негіздеріне қол сұғу қылмыстың айқын белгілері болмаған кездерде де орын алуы мүмкін. Оған мысал ретінде мемлекеттік мүлікті жасанды арзандатылған бағамен жекешелендіру, жерді заңсыз сатып алу сату сияқты заңдық маңызы бар əрекеттер бола адады.

Жойылғандық(ничтожность) критерилері ретінде адамгершілік категориясын қоғам сөгетін кез келген қылықты емес,  жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік туралы, яғни адамгершілік негіздері туралы қоғамда қалыптасқан көзқарастарға қайшы, өрескел аморальдық əрететтерді түсіну керек. керісінше жағдайда бұл критерий құқықты асыра пайдалану құралына айналады. Сондай ақ əрекет қандай да бір əлеуметтік топтың емес, қоғамда жалпы қабылданған адамгершілік туралы көзқарастарға қайшы болуы тиіс. Адамгершілік нормаларының көпшілігі жазылмаған ереже екендігін ұмытпаған жөн.

Мұндай категориядағы мəмілелердің жарамсыздығы барысында маңызды мəселелердің бірі құқыққа сай əрекет еткен контрагентті қорғау болып табылады. ҚР АК 158 б. мазмұнынан бұны қолдану үшін тек бір тараптың ниеті жеткілікті, ал екінші тарап мəмілені жарамсыз деп тану салдарынан мүлдем қорғалмаған. Сол себепті соттар, егер екінші талапта ондай ниет болмаған болса,  құқықтық  тəртіп  негіздері мен адамгершілікке қайшы мақсатта жасалған мəмілелерді жарамсыз деп тану салдарын қолдануды заңды түрде қайта қарау керек.

Жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелер.

ҚР АК 160 б. сəйкес, жалған мəмілелер – заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған мəмілелер. Бұл жерде тараптар (міндетті түрде екі талап) өзара келісім бойынша түпкі ойларын бүркемелеп, қасақана түрде шын мəнінде келіскендерінен басқа нəрсені көрсетеді. Тараптар жалған мəмілені жасау барысында шындығында мəміле бойынша туындауы тиіс құқықтық салдардың басталуын қаламайтындықтан, тараптардың еркі тиісті құқықтық салдар туындатуға бағытталмаған. Яғни, Д.М. Генкиннің біздің ойымызша жалған мəмілелерде ерік мүлдем жоқ жəне сол себепті « мəміленің  құрамының  болмағандығынан ол  ничтожный  емес, жасалмаған  деп саналу тиіс»[13, 51б.] деген қате пікірімен келіспей жəне Н.В.Рабиновичпен келісе отырып, «жалған мəмілелерде көз алдау үшін ғана жасалатын, мəміленің бұл түрін жасасу көзделмейтін, тек бір ғана ерік білдіру бар» деп айтуға болады. Ерікке үлкен маңыздылық берілетіндіктен, мұндай «бос» ерік білдірудің ешқандай құқықтық салдары болуы мүмкін емес» [14, 89б.]. Аталған көзқарасты кеңірек талдасақ, жалған  мəмілелерді  жасау  кезінде  ерік  те, ерік білдіру де айқын көрініп тұр. Басқаша айтқанда ерік білдіру құқықтық салдар тудыруға бағыталғандығына дəлел болғанымен, ерік ондай салдарға бағытталмаған.

Сондықтанжалғанмəмілелертараптармəміле жасау ниетін көздемей, тек айналадағыларды көз алдау үшін ғана жасалғандықтан жарамсыз болып табылады, сол себепті оларды  жалған деп атайды. Яғни, жалған мəміле «жасасу» барысында азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындату, өзгерту жəне тоқтатуға бағыттылық жоқ.  Жəне  «жалған  мəмілелер   заңға қайшы не заңға сай мақсатта жасалуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда жарамсыз, өйткені тараптар ол мəміле тудыратын салдарды қаламайды».

Жалған мəмілелерді куəландыру нысаны маңызды болмағандықтан, натуралды түрде жасалған мəмілелер де жарамсыз болып табылады. Мəміленің жалғандығын тыйым салынбаған кез келген құралдармен дəлелдеуге рұқсат етіледі жəне дəлелдеу ауыртпалығы арыз беруші тұлғаға жүктеледі.

ҚР АК 160 б. cəйкес, қулықпен жасалған мəміле – екінші бір мəмілені бүркемелеу мақсатымен жасалған мəміле болып табылады. Жалған мəмілелер сияқты мəміленің бұл түрі де құқыққа сай заңдық нəтежие тудыру ниетінсіз, яғни тек «көз алдау үшін» жасалады. Жалған мəмілелерден айырмашылығы, қулықпен жасалған мəмілелерде ерік білдіру нақты бір құқықтық нəтежиеге бағытталған, бірақ тараптар заң бойынша туындауы тиіс нəтежиеден бөлек құқықтық салдар туралы келіседі. Бұл жерде тараптардың негізгі еріктері басқаша сипат иеленеді. Сол себепті мəмілені жарамсыз деп таныған жағдайда тараптар шын мəнінде ойлаған мəмілеге қатысты ережелер қолданылады. Осыған байланысты сот міндетті түрде тараптар қандай мəміле жасауды  ойлағандықтарын нақты анықтауы тиіс жəне Н.В. Рабинович көрсеткендей  «мұндай  жағдайда  ерік білдіруге емес, ерікке басымдық беру керек» [14, 87б.]. Қулықпен жасалған мəмілелерді қарастырған кезде мəміленің екі түрін зерттеу керек: қулықпен жасалған жəне бүркемелеу мақсатымен жасалған мəмілелер. Ескере кететін жайт, тек азаматтық құқықтық  мəмілелер ғана бұлай  бөлуге жатады. Егер жасалған шарт азаматтық құқық реттемейтін өзге қатынастарды жасырған болса, оның қулықпен жасалғандығына сілтеме жасап тасауға   болмайды.  Т.Ш.Кулматов айтқандай «қцлықпен жасалған мəміле – нəтежиесінде тасталатын футляр, ал тараптардың қатынасына бүркемеленген мəмілеге қатысты нормалар қолданылуы тиіс»[15, 107 б.]. Бүркемеленген мəміле құрамының элементтері дефектілері болмаса, заңзы болып табылуы тиіс. Сот көбінесе заңсыз мəмілелер бүркемеленетіндігін ескеруі керек.

Мəміленің жарамсыздығының  салдары оның бөліктеріне қатысты қолданылуға жол берілетіндігін ескерген жөн. Атап айтқанда, ҚР АК 161 б. егер мəмілені оның жарамсыз бөлігін енгізбей ақ жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, мəміленің бір бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына əкеліп соқтырмайтындығы қарастырылған.

Осылайша, қулықпен жасалған мəмілелердің жарамсыздығының себебі оның тараптары басынан бастап оны жасасуды қаламаған, дегенмен олардың ерік пен ерік білдірулері жалған ойларына толығымен сəйкес келеді, бірақ сол ерік пен ерік білдіру заңдық нəтежиеге емес, құқықпен реттелмейтін қатынастарға бағытталғандықтан қулықпен жасалған мəмілелер тараптардың нақты келісімі қарастырылғанымен, ешқандай заңдық күштің қорғауын иелене алмайды. Егер мазмұны жағынан кемшіліктері бар мəмілелерде барлығы айқын жəне үшінші тұлғалардың талдауына мүмкіндік болса, қулықпен жасалған мəмілелерде тараптар шынайы  ниеттерін  мұқият  жасырады  жəне тек келіспеушілік туындаған жағдайда ғана жалғандығы анықталуы мүмкін[16].

Жоғарыда айтылғандай жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелер барлық жағдайда заңға қайшы бола бермейді. Мысалы, бұған байланысты зерттеуші Ю.П.Егоров «қоғамдық мүддеге қайшылыққа келмей, мəміле қатысушыларының ниетін ескере отырып ол мəміленің субъектісінің жеке мүддесіне сəйкес келмеуі  мүмкін:  туыстарының  қызғанышынан қутылу үшін жалған сыйға тарту, сатып алу сатудың орнына үйге білік ету құқығына сенімхат беру, өсиетті жасыру мақсатына жалған сыйға тарту жəне т.б. жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелердің құрылымының арқасына заң шығарушы ерік білдіруді шын мəніндегі еріктің пайдасына талдай отырып  формальдылыққа жол бермейді жəне жеке мүдденің қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл мəмілелерді дара реттеуге сай келеді, өйткені, егер тараптар шын мəнінде мəміле жасауды көздемеген болса, онда оның жасалуы мүмкін емес» [17, 287б.].

Құқықтануда қалыптасқан дəстүрге сəйкес жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелер мазмұнында кемшілігі бар мəмілелер қатарына жатқызылады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Концепцияразвития гражданського законодательства Российской Федерации, одобреная 7 октября 2009 г.  Советом  при  Президенте РФ по кодификации и совершенствованию гражданського законодательствоподпредседательством Президента РФ Д.А. Медведева \\ сайт Порталароссийского частого права: http://www.privlaw.ru.
  2. ҚР азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 12.1994. – Алматы: Юрист, 2007. – 292б.
  3. Закон РК от 24 марта 1998 г. № 213 «О нормативних правових актах» \\ Ведомости Парламента РК. – 1995. – № 2-3. – Ст.
  4. Гражданское право: В 2-х т. –Т.I. Учебник /Отв. Ред. Е.А. Суханов. – М.: БЕК, 1998. – 816 с.
  5. Закон РК от 25 декабря 2008г. № 112-IV< О конкуренции > \\ Ведомости Парламента РК. – 2008. – №24(2528). – Ст.
  6. Закон РК от 27 января 1996 г. № 2828 «О недрах и недропользовании» \\ ВедомостиПарламента РК. – 1996. – № – Ст. 182.
  7. Проект Концепции совершенствования общих положений Гражданского кодекса РФ.
  8. ПостановлениеПравительства РК от 21октября 2004г. № 1085 «Об утверждении Правил согласования приобретения в собственность физическими и юридическими лицами акций, долей, паев в организациях, осуществляющих деятельность в области телекоммуникаций»\\ САПП РК. – 2004. – № – Ст. 509.
  9. Покровский И.А. Основные проблемы гражданского права. – Караганды: Болашак,– 534 с.
  10. Матвеев И.В. Правовая природа недействительных сделок. – М: Юрлит-информ,– 176 с.
  11. Чечина Н.А. Гражданский кодекс и гражданское процессуальное законодательство \\ Правоведение. – 1995. – № 4-5. – С. 73-78.
  12. Грось Л.А. Влияние норм материального права на гражданского процессуальное право. (Научно-практические проблемы): Дисс. док. юрид. наук: 00.03. – М., 1999. – 528 с.
  13. Генкин Д.М. Недействительность сделок, совершенных с целью противой закону // Ученые записки ВИЮН. Вып. М., 1947. – с. 40-57 14 Рабинович Н.В. Недействительность сделок и ее последствия. – Л.: ЛГУ, 1960. – 171 с.
  14. Кулматов Т.Ш. Недействительные сделки по гражданскому праву и правовые средства органов внутренних дел по их предотвращению: дисс…канд.юрид.наук. – М, 1996. – 187с.
  15. Юрьев Р.Н. Притворные сделки: в теории и на практике // Регистрация и лицензирование.– 2005. – № 12(78)
  16. Егоров Ю.П. Правовой режим сделок как средств индивидуального регулирования. – Новосибирск: Наука, – 364 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.