Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі: жер қойнауын пайдаланушы субъектілер кейбір міндеттірінің құқықтық негіздері

Арттағы жылдардың тарихын біз, ғылыми, теххникалық жəне қоршаған ортадағы өзгерістердің жедел жиналып, нəтижесінде қазіргі экологиялық кризистің себепшісі деп қарастыруымызға болады.

Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздік мəселесі алдыңғы қатарлы проблемалардың бірі болып отыр. Жоғары индустриалды қоғам пайда болған сəттен бастап, адамның қоршаға ортаға тигізетін əсері кушейе түсті, ол əсердің көлемі ұлғайып, болашақта бүкіл адамзат үшін глобалды қауіп төндіруі ықтимал.

2016 жылға дейнігі Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясында, соңғы онжылдықтар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға айтарлықтай экстремалды жоғары техногендік ауыртпалық салатын, негізінен тек шикізатты өндіру жүйесімен байланысты деп көрсетілген.

Сондықтан, экологиялық жағдайдың түбегейлі қалпына келуі немесе жақсаруы орын алмады, керісінше, адамзаттың өміріне қажетті биосфераның тұрақсыздануы, оның өмірді қамтамасыз ете алмауы жəне өзге де табиғи жүйелердің құлдырауымен сипатталады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі нəтижесінде  пайда  болатын  қалдықтар көп аспектілі зиян келтіреді. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне қатер туғызатын, радиоактивті ласағыш заттар болып табылады. Бұлардың қайнар көздері 4 негізгі топқа жіктелінеді:

  • Уран өндіру мен өңдеу өндірісінің жұмыс істемейтін кəсіпорындарының қалдықтары (уран кенінің бөліктері, уран ұңғымасы, қолданыстан шығарылған технологиялық құрылғылар);
  • Ядролық қару сынақтары нəтижесіндегі ластанған аумақтар;
  • Мұнай өңдеу өндірісі қалдықтары мен мұнай өндіру құрылғылары;
  • Ядролық реактор жұмысының нəтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнімдер.

Қазақстанда , уран өндіру кəсіпорындарында жəне ядролық сыеақ өткізу кезінде жиналған, табиғи радиоактивтілік деңгейін күрт көтеретін,урандық алты геологиялық өңір жəне көптеген шағын кен ошақтары бар.

Жалпы, Қазақстан территориясында 20 млрд. тоннаға жуық өндіріс пен тұтыну қалдықтары, оның ішінде 6,7 млрд. тоннасы уландыратын болып табылады жəне осы қалдықтардық нақты өсу тенденциясы байқалып отыр. Бұл ескі технологияларды қолдану, сапасыз шикізат пен жанармайды қолдану мен өндіріс орындарының қалдықтарды қайта өңдеу мен азайтуға қатысты қаражат салмауымен түсіндіріледі.

Біздің елде,əлі күнге дейін өндірістік қалдықтар əр-түрлі толтырғыштарда, кейде арнайы эклогиялық нормалар мен талаптарды сақтамай-ақ сақталып келе жатыр. Осының нəтижесінде, жер, жерасты жəне жер үсті сулары интенсивті түрде ластануда. Жинақталатын қалдықтар көлемінің өсуіне байланысты, олар жаңа ландшафтілер қалыптастырады жəне сол қалдықтардың өсуіне қарай шаңдану мен ластану жаңаң деңгейге көтерілуде.

Жалпы тұрмыстық қатты қалдықтар, компоненттерге бөлінбей,  ашық  қоқыс  тастайтын жерлерге шығарылады, ал олардың 97% Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау мен санитарлық заңнама талаптары мен нормаларына сай келмейді. Яғни, оларды тастау мен орналастыру, табиғатқа келтіруі мүмкін зардаптың бағалауы мен қандай да бір жоспарсыз орындалған. Қатты тұрмыстық қалдықтардың небары 5% ғана өртеу мен қайта өңдеуге ұшырайды.

Қазақстан Республикасының тəуелсіздік жылдары ішінде, табиғи апаттар мен өзге де төтенше жағдай нəтижесінде елімізде 40 мың адам қаза тауып, 250 мыңға жуық адам  əртүрлі дəрежелі жарақаттар алған болатын. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, төтенше жағдайлардың нəтижесінде тікелей немесе жанама зардаптың көлемі 25 миллиард теңгемен пара-пар.

Жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің міндеттерін реттейтін заңнамалық базасы, қоғамның экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық балансын сақтай отырып, тұрақты дамуын жорамалдауына негізделуі тиіс.

Жер қойнауы мен жер қойнауын  пайдалану субъектілерінің меншік құқығына қатысты міндеттерін  регламенттейтін  заңнамаға   назар аудара отырып, меншік құқығының жалпы заңнамаға сəйкес жəне оның туындысы екендігін анықтауымыз жөн. Қазақстан Республикасында мұндай меншікті реттеу Конституциялық деңгейде реттелініп, тіпті меншік иесінің əлеуметтік жауапкершілігін белгілейді. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс[1].

ҚР-ң «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» заңының 76 бабында, құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге жəне ұйымдастыруға бағытталған, жер қойнауын пайдаланудың «арнайы» міндеттері белгіленген.

Біріншіден, пайдаланушы өз қызметі барысында барлық заң талаптарын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмысты жүргізустандарттарын сақтауы тиіс. Жер қойнауы туралы заңға жатқызуға болады: ҚР Конституциясының тиісті бөліктері; жер мен табиғи ресурстар осы территорияда тұратын халық үшін ҚР-мен тіршілік көзі ретінде қолданылады жəне қорғалады, мемлекеттік пен жеке меншікте болуы мүмкін деген нормалар; меншік иесі мүлікті ерікті түрде иемденуге, пайдалануға жəне билік етуге құқығы бар, егер де бұл əрекеттер қоршаған ортаға елеулі зиян келтірмесе немесе өзге де азаматтардың заңды мүдделеріне қайшы келмесе.

Сонымен қатар, заңда жер қойнауын пайдаланушы «ҚР-ң контрактісі мен заңнамасы негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге міндетті» деп көрсетілген [2].

Аталған жағдай мемлекет пен қоғамның құқықтық қызметін жүзеге асыратын субъектілердің ерекшелігін ескере отырып нақтыланатын, жалпы заңдалақ қағидасын жүзеге асыруға жəне құқықтық қатынас аясындағы құқық субъектілерінің заңмен белгіленген қызметі   мен   əрекетінің   жүзеге   асырылуына бағытталған. Сонымен қатар, нарықтық қатынастағы субъектілердің құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының ( ҚР КС) шешімі мен пікірі негізінде конституциялық əділеттілік қағидасы жүзеге асырылады. ҚР КС көрсетіп отырғандай, кəсіпкерлік немесе өзге де заңмен тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыру барысында, кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қорғау мен қамтамасыз ету кезінде, олардың шаруашылық жүргізу кезіндегі өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтары ескерілуі тиіс жəне бұл құқықтар теңдестірілуі қажет.

Екіншіден, ҚР-ң «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» заңы қоршаған ортаны максималды түрде ұқыпты əрі ұтымды пайдаланудың бірқатар ережелерін қамтыған жəне қоршаған табиғи ортаның қалпын сақтауды көздейді.

Бұл заң жер қойнауын пайдаланушылардың келесідей міндеттерін белгілейді: жер қойнауын пайдалану  операцияларын  жүргізу  барысында қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету; нақты аумақты контрактта белгіленген талаптарға сəйкес нысаналы мақсатта қолдану; жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу барысында неғұрлым экологияллық жəне экономикалық тұрғыда, жер қойнауын пайдаланудың  оң  тəжірибесін   басшылыққа ала  отырып,  тиімді  əдістер  мен технологияны қолдану; қоршаған орта мен жер қойнауын рационалды жəне кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жоспарлы құжаттар мен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің  технологиялық  жүйелерін  ескеру; Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының қызметкерлеріне жұмыс барысы жөнінде тиісті ақпараттар мен қажетті құжаттарды ұсынуға жəне сол қадағалау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында, жұмыс орындарына кедергісіз өтуді қамтамасыз ету; олармен анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою; жер қойнауын пайдалану барысындағы табиғи объектілер мен жер учаскелеріне келген залалдың орнын толтыру жəне оны ҚР-ң заңнамасында белгіленген нормаларға сəйкес қалпына келтіру; өз əрекетін жоспарлау кезінде экологиялық зардаптар мен нəтижені жоспарлау; міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу; нақты аумақтағы жер құбырларын есепке алу жəне олар бойынша мониторинг жүргізу; жер қойнауы жағдайы мониторингісі мен кен орнының жағдайын бақылау секілді ұйымдастырушылық шараларды қамтамасыз ету.

ҚР-ң «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» заңында мұндай нормалардың болуы, біріншіден конституциялық тұрғыда негізделген мемлекеттің экологиялық функцияларын ұтымды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл функцияның маңыздылығы бірқатар зерттеулерде бірнеше рет аталынып өткен [3, 154, 155 б.].  Алайда,  бұл  мəселенің  маңыздылығы мен өзектілігі тек қазіргі уақытта ғана артып отыр, бұл негізінен мемлекеттің экологиялық көзқарасын қамтамасыз ету мен құқық субъектілерінің экологиялық жəне «технократиялық» саналарының соқтығысуымен байлансыты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңі табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қадағалау функциясын күшейту, қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді жүйесін құрумен сипатталады.

Экологиялық сана сезімнің экологиялық нигилизм мен тұрмыстық көзқарасты жою, мемлекет  тарапынан  экологиялық  талаптарды күшейту, мемлекеттік экологиялық қадағалауды қаталдандыру мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік билікті орталықтандырумен сипатталады. Ал, экономикалық қызығушылықтың шамадан тыс болуы, өз кезегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік биліктің ыдырауы, орталықтанбауына жəне мемлекет тарапынан қадағалаудың əлсіреуіне əкеліп отыр.

Осыған орай, дəл осы саясат пен экономика, өзара байланыса отырып, қоршаған ортаға кері əсерін тигізетін факорлардың негізгісі болып отыр. Бірақ, экономиканы тек кері əсер етуші күш, ал экологияны оң əсер деп біржақты бағалауға болмайды: экономика тек экономикалық  болып қана қоймай, экологиялық  та  болуы тиіс, ал бұл тек, егер де, қоғамдық қатынас субъектілерінің əлеуметтік даму заңдарын табиғи заңдарына қайша қоймауы кезінде ғана мүмкін. Бұл өз кезегінде жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалануға, экономикалық саясатты, яғни меншік құқығын өзгерту қажеттілігенің көрінісі болып отыр. Экологиялық қауіпсіздік пен экологиялық дамуды реттеуде, экологиялық бақылауды жүзеге асыратын, экологиялық талаптардың сақталуын қамтамамасыз ететін институттарға ерекше орын беріліп отыр. Жалпы, мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі субъект болып отыр.

Қоршаған ортаны құқықтық қорғау дегеніміз – мемлекеттік құзырлы органдармен жүзеге асырылатын, жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің қызметі нəтижесіндегі, қоршаған ортағакеріəсердіболдырмауғажəнеқоршағанортаны қалпына келтіруге бағытталған, құқықтық нормаларда көрініс тапқан шаралардың жүйесі.

Қоршаған ортаны  қорғаудың негізгі қағидалары, иерархиялық жəне салалық  тұрғыда əр-түрлі нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген. Мемлекет тарапынан экологиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында кешенді шаралар енгізілді, алайда, осыған қарамастан, экологиялық талаптардың бұзылуына немесе мүлдем орындалмауына себепші болып отырған, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жағдайының мүшкіл екендігін ұғынымуымыз қажет. Сондықтан, мемлекеттің заң шығарушы  органдарының негізгі проблемасы, экологиялық заңнаманы жүйелендіру мен оны кодификациялаудың басымдығы болып табылады.

Жер қойнауын пайдалнушы субъектілердің зиянды əсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары қоршаған ортаны қорғау институтының құрамдас бөлігі болып табылады.

Қоршаған ортаны құқықтық қорғау институтының, нормативтік базаны қалыптастырып отырған, болашағы зор. Осыған орай, бұл жеке құқықтық институт.

Экологиялық жəне өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа дəуірдің өзекті мəселесіне айналып   отыр.   Сондықтан,   болашақта   ҚР-ң «Өндірістегі қоршаған ортаны қорғау туралы» заңын қабылдауды ұсынамыз. Онда өндіріс мақсаттары мен міндеттері, қағидалары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы кəсіпорындардың құқықтық жағдайы, олардың мақсаттар, құқықтары мен міндеттері, шарушылық қызметтің сатыларына экологиялық талаптар, экологиялық қызмет, оның құрылымы, мақсаттары мен функциялары, экономикалық механизм мен заңи жауапкершілік көрініс табуы тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы өндірістік кəсіпорындар туралы нормативтікқұқықтық актілерінде (ҚР-ң «Мемлекеттік кəсіпорын туралы» 19маусым 1995  жылғы заңы, ҚР-ң «Өндірістік кооператив туралы» 5 қазан 1995 жылғы заңы, ҚР-ң «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 22 сəуір 1998 жылға заңы, ҚР-ң «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003 жылғы заңы, ҚР-ң «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 2 мамыр 1995 жылғы заңы), кəсіпорындардың шаруашылық қызметіне қойылатын экологиялық талаптардың жоқтығына байланысты, оларды, заңды тұлғаның экологиялық-құқықтық жағдайын белгілейтін нормалармен,  кəсіпорынның  экологиялық қызметінің тəртібін белгілейтін, кəсіпорын қызметкерлерінің экологиялық құқықтары мен міндеттерімен толықтыру қажет. Сонымен қатар, экологиялық талаптар заңды тұлғаның жарлығында міндетті түрде көрініс табуы тиіс деген талап қойылуы керек.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, мемлекеттің экология саласындағы стратегиялық саясатының негізі ретінде, табиғи жүйелерді сақтау, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету,өмір сапасын арттыру, халық денсаулығы мен демографиялық жағдайды жақсарту, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, олардың бүтіндігін сақтау мен өмір сүру функцияларын бір деңгейде ұстап тұру. Бұл мақсатқа жету, тек, табиғатты пайдалануды рационалды түрде ұйымдастыру жəне қазіргі мен болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етудің нəтижесінде, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны халық денсаулығы мен өмірінің сапасын арттырудың міндетті талабы ретінде ғана ұғынған жағдайда мүмкін.

Осының негізінде біз жер қойнауын пайдалану құқықтық қатынастарының субъектілерінің міндеттерін заңи түрде регламенттеу, экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық құраушы бөліктердің теңдігі негізіндегі, қоғамның тұрақты дамуының ықтималдылығын жоспарлауға негізделуі тиіс.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 08.1995 г. – Алматы, 2012. – 98 б.
  2. «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы 06.2010 ж. (өзгерістер мен толықтырулар 05.07.2011). – Алматы, 2012.
  3. Мемлекет жəне құқық теориясы / А.С. Пиголкина. – М.: Юрайт-издат, – 613 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.