Қылмыстық іс жүргізу бойынша адвокат-қорғаушының дəлелдемелер жинауға қатысу проблемалары

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында елімізде заңдылық пен құқық тəртібін нығайтуға барлық заңдылық нормалардың қайнар көзі – Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптары мен қағидаларын қатаң басшылыққа алу жайына баса назар аударылған болатын. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңдерінде атқарылатын саяси экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламалар, қолданылмай жүрген заңымыздың əлеуетін толық пайдаланып, елімізде жүзеге асырылып жатқан сан-салалы реформаларды одан əрі тереңдете түсу мəселелері жəне оны жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің “Біз Конституциямыздың əлеуетін барынша пайдалануымыз қажет” дей келіп, “Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам: əрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын  қоғам  құруды  аяқтауға  тиіспіз”, деген сөздерінен құқықтық, зайырлы мемлекет құруды мақсат еткен кез келген қоғамның əрбір азаматы өзінің құқықтарын жақсы білумен қатар, оларды батыл қорғауға талпынуы заңды құбылыс екенін түсінуге болады. Ендеше адамның өз мүддесін, талап-тілегін, қанағаттандыруы үшін тəуелсіз қоғамдық ұйымдардың жəрдеміне жүгінетіні ақылға сыйымды [1]. Ал азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жағдай жасайтын ұйымдардың бірі – адвокатура саласына тəн десек қате айтпаған болар едік. Сол адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда сол адвокаттардың дəлелдемелерді жинауға қатысуда көптеген келеңсіз жайттарға қалып жатады. Соған байланысты теория жағынан болсын, немесе тəжірибе жағынан болсын кішкене тоқталып кетсек:

Жалпы, дəлеледеме жəне дəлелдеу – қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Қылмыстық процесте дəлелдеу мəселелерін зерттеу əр уақытта өзінің актуалдылығын жоғалтпайды, ол өмірмен тығыз байланысты, қоғамды қылмыстан қорғауға бағытталған тəжірибелік қызмет десек болады.


Дəлелдемелерді жинау мəселелеріне байланысты, қазіргі таңда көптеген даулар мен келіспеушіліктер туындап жүр.

Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет деп санау керек.

Дəлелдемелерді жинау маңызын анықтау үшін дəлеледеудегі оның орны жəне ішкі құрылымын талдауға салу керек, тану қызметінің жалпы жақтары судьямен, прокурормен, тергеушімен жүзеге асырылады.

Қазіргі əрекет етуші қылмыстық іс жүргізу кодексінің 125 бабында көрсетілгендей, дəлелдемелерді жинау тергеу жəне сот iс-əрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа  дейiнгi  iс  жүргiзу жəне сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дəлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi жəне алуды қамтиды. Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуiндегi қылмыстық iс бойынша Кодексте белгiленген тəртiппен жауап алу үшiн немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды шақыруға;  Кодексте  көзделген iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын  мəлiметтердi  жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондайақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың iс үшiн  маңызы  бар  құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уəкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы. Кодексте белгiленген тəртiппен iске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дəлелдердi ұсынуға жəне мəлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келісімімен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он  күн  ішінде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер жəне өзге де құжаттар сұратып алуға;  қорғауындағы   адамның   келiсiмiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мəселелер бойынша арнаулы бiлiмi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жəбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер  жəне   олардың  өкiлдерi,сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дəлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мəлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.

Теориялық тұрғыда дəлелдемелерді жинаудың өз маңызды жақтарын, тану  қызметі ретінде байқайды. Дəлелдемелерді құрудың процессуалдық фазаға дейінгі кезеңі, егер оны айналым процесі ретінде қарастырсақ, дұрыс түсінуі мүмкін. Зерттеуші оқиғалар материалдық объектілерді əртүрлі қылып өзгерту ретінде туындауы арқылы қоршаған орта жағдайларымен өзара əсер етпеуі мүмкін емес.

Дəлелдемелерді жинау – ол сот тергеу органдарының белсенді қызметі, дəлелдеу процесінің қажетті элементі. Процессуалдық жəне криминалистік əдебиеттерде, дəлелдемелерді жинау маңызы əр түрлі болып анықталады.

А.С. Жалыбиннің анықтауы бойынша, əр түрлі құжаттарды табу, алу, сақтау, бекіту əрекетінің жиынтығы ретінде дəлелдемелерді жинау түсінігінің мазмұны. [2, 158 б].

Ал С.А. Шейфер болса, дəлелдемелерді жинау түсінігіне оларды табумен бекітуді кіргізбеген, табуды, жинауды, бекітуді жəне дəлелдемелерді зерттеуді бір қатарда қарастырған. [3, 38 б]. М.С. Строговичтің көрсетуі бойынша, дəлел-  деу процесі дəлелдемелерді табудан, оларды қараудан   жəне процессуалдық бекітуден, тексеруден жəне бағалаудан құралады деген. [4, 470 б].

Біздің ойымызша, осы жоғарыда көрсетілген пікірлердің ішінде А.И. Винбергтің ойы дұрыс сияқты. Дəлелдемелерді жинау – ол кешендік түсінік болып табылады. Ол дəлелдемелерді сақтау жəне алу, табу, бекіту əрекеттерін кіргізеді. Дəлелдемелерді табу – дəлелдемелік мағынасы бар сол жəне басқа да фактілік мəліметтерге көңіл аудару, олады іздеу жəне шығарып алу. Тек оларды жинаушы тұлғаға  белгілі

болған дəлелдемелерді ғана жинауға болады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 126 бабына сайкес дəлелдемелерді бекіту көрсетілген. Iс жүзiндегi деректер олар, iс жүргiзу iсəрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дəлелдеме ретiнде пайдаланыла алады [5].

Анықтау жəне алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта – сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.

Тергеу жəне сот iс-əрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-əрекеттердiң барысы мен нəтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-əрекеттердi жүргiзудiң тəртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мəн-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу жəне сот iс-əрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.

Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер жəне шағымдар хаттамаға енгiзiледi,  ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.

Тергеу iс-əрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың əр бетiндегi мəтiннiң соңғы жолының астына жəне оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде əр беттiң аяғына жəне осы бөлiктiң соңына қол қойылады.

Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.

Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-əрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куəландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.

Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-əрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куəландыратын белгi соғылады.

Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы жəне бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.

Егер iс жүргiзу iс-əрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы   дауыстап оқиды жəне оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.

Дəлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау жəне ақпаратты бейнелеудiңбасқадаəдiстерiқолданылуымүмкiн. Тергеу iс-əрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дəлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген əдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс əрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады.

Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iсəрекетiнiң барысы мен нəтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Əрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-əрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi  жəне  қажет болған жағдайларда, куəгерлер, ал сотта – сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куəландырады. Сонымен қатар жиналған жəне бекітілген дəлелдемелер зерттелуге жататыны белгілі, ҚР ҚІЖК 127 бабында: іс бойынша жиналған дəлелдемелер жан-жақты жəне объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дəлелдемелердi талдауды,  оны  басқа да дəлелдемелермен салыстыруды, қосымша дəлелдемелер жинауды, дəлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.

Қылмыстық істер бойынша дəлелдемелерді бағалау да аса маңызды мəселе екендігі айтылып жүр. Оның қорытындысы бойынша арнайы нормативтік қаулылар қабылдау ұйғарылды. Өйткені, мұның азаматтардың конституциялық құқығы мен мүддесін сотта қорғауды қамтамасыз етуде маңызы жоғары болмақ. Еліміздің Жоғарғы Соты ТМД елдері арасында бірінші болып республикадағы соттардың қылмыстық істер санаты бойынша қылмыстық ізге түсу жəне айыптау органдарының сотқа жіберген дəлелдемелеріне баға беруге байланысты сот тəжірибесін талдап, шолу жасаған еді. Осы орайда, аталған нормативтік қаулыда тергеу органдарының күшімен     алынған     заңдылықтардың     сотта    міндетті    түрде    анықталуға  байланысты көптеген аспектілері айқындалған. Əсіресе, дəлелдемелерді жинау барысында заң талаптары дұрыс сақталған ба, айыпталушыны қорғау құқығын қамтамасыз етуде жəне арызданушы жақтың шағымын тексеру бойынша барлық шаралар қолданылған ба, тергеуде заң талаптары дұрыс жүргізілген бе деген сауалдар сотта жанжақты қаралуы, ескерілуі тиіс екендігіне назар аударылды.

Жалпы адвокаттар сот  процесінде  сырттан қараған адамға екінші деңгейдегі адам секілді болып көрінеді, өзінің қорғауындағы адамның   санатында   бағаланады.    Осының өзі адвокатуралық қызметке деген халықтың сенімін жоғалтып, сот ісінің біржақты айыптау бағытымен жүргізілетіндей əсер қалдырып жүр. Сондықтан адвокаттардың мəртебесін əлі де көтеру керек сияқты.

Қорғаушылардың екінші деңгейдегі қызметкер болып көрінуі біздің ойымызша себебі мынада. Қылмыстық істерді жүргізу заңы тараптардың бəсекелестігі жəне тең құқылық идеясын қылмыстық сот ісінде бекіткен (ҚР ҚІЖК 23бап). Бəсекелестік ретінде айыпталушының қорғалуға деген құқығын ғана түсінуге болмайды, бұл сонымен бірге ақиқатты іздеу əдісі мен айғақтарды зерттеу тəсілі де болып табылады. Өкінішке қарай, қазақстандық қылмыстық процесте, əсіресе, сотқа дейінгі сатыда осы функцияларды не қорғалушы, не айыпталушы жеткілікті түрде жүзеге асыра алмайды, себебі біздің қылмыстық процесте қылмысты дəлелдеуде – тергеушінің, анықтаушының жəне прокурордың рөлі басым болатындығы айтылады. Адвокаттың дəлелдеуге қатысу мəселесі нормативті актілерде жеткіліксіз реттелгендіктен, қылмыстық процеске тартылған адамдардың бостандықтары мен құқықтары едəуір бұзылды.

Заң актілері тергеушіге айыптау жəне ақтау дəлелдемелерін  жинауды жүктейді.   Алдын ала тергеудің негізгі міндеті – сот үшін материал жинау. Осылайша, тергеуші бір мезгілде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы функциялар атқаруға міндетті. Тергеушінің айыптау жағына еліту  мүмкіндігі   аса   жоғары.   Қылмыстық істі қозғаған кезде ол айыпталушыға қарсы бұлтартпайтын шараларды тауып, айыптауды біржақты тұжырымдайды. Сөйтіп, тергеуші өзінің шешімінің тұтқынына айналады. Сондайақ  тергеуші  өз  жұмысының сапасын бағалау жүйесіне орай, дəлелдемелер жинауда  əр  кезде объективті бола бермейді, соған байланысты қылмыстық істі тоқтату, оның тарапынан жіберілген қателік ретінде бағаланады жəне тергеушіге тағылған айып-кінə болып саналады. Сайысудың негізі қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде қалыптасуы керек. Екі жақ та сотқа айыптау жəне ақтау дəлелдемелер жиынтығымен,  тең  болып келуі   керек. Қолданыстағы заңға сəйкес қорғаушы тарапына қарағанда, сотқа дейінгі сатыда дəлелдемелер жинаған айыптаушының қолында көбірек материал болады. Нəтижесінде сотта қорғаушының рөлі           көбінесе  тергеушінің  жұмысындағы кемшіліктерді  іздеумен  ғана болады. Көп уақытты сол алады. Квалификациялық құқықтық көмек мəселелері бойынша заң жобасында, дəлелдемелер  жинау жөніндегі адвокаттың өкілеттігіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.

Көбіне адвокаттардың мəлімдеген өтініштері мен шағымдары прокуратура, тергеу органдары, тіпті сот процестерінде де еленбей қалып жатады. Бұған себеп адвокаттардың жинаған дəлелдемелері мен деректерінің салмақсыздығы ма, жоқ қазіргі кездегі қорғаушылардың кəсіби біліктілігінің төмендігі ме деген сауалдарда туып жатады. Бұған көптеген ғалымдар мен тəжірибеде жүрген біраз қызметкерлерде өз ойларын айтып жүр.

Мысал ретінде Адвокаттар одағының президенті А. Түгелдің айтуынша: адвокаттардың берген  өтініштерінің  барлығын  бірдей қылмыстық қудалау органдары мен сот органдарының қанағаттандыра бермейді. Кейбір кездерде адвокаттардың жолдаған өтініштері мүлде қаралмайды, тіпті ешқандай  негізсіз қайта қайтарылып жатады. Бұл олардың салмақсыздығынан немесе сауатсыз құрастырылғандығынан емес. Мəселе  адвокаттың кез келген өтініші мен қолдаухаты алдын ала тергеудің  де, сол сияқты соттық тергеудің де процесін тежейтіндігінде. Əдетте сотқа қатысушылар процестің тез бітуін қалайды. Қорғалушылардың келтірген дəйекті дəлелдері, сауатты жазылған қолдаухаттары тергеу жұмысына елеулі кедергі келтіреді, сондай-ақ тергеу барысын өзгертіп, бұрынғы пікірлерді бұзуы мүмкін. Осы мəселені шешу мақсатында біз  адвокаттардың  нақты  дəлелдер келтірілген қолдаухаттарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тиімді процессуалдық механизмін қалыптастыруды ұсынып отырмыз. Мəселен, қорғалушы тараптың барлық қолдаухаттарын қараудың міндеттілігі нормасы туралы Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңына өзгерту енгізуді сұрап отырмыз. Қолдаухатты қанағаттандырмай, негізсіз кері қайтарған жағдайда сотқа жəне прокурорға, сондай-ақ алдын ала тергеу органдарының лауазымды тұлғаларына  қатысты  қатаң  шаралар қолдану мүмкіндігі де сол ұсынысымызда қарастырылған деп пайымдап жатыр [6].

Жалпы адвокаттардың дəлелдемелер жинауға қатысуының ашылмаған біраз астары мен мəселелері жетерлік. Сондықтан біздің ойымызша осы дəлелдемелер жинауда Адвокаттық қызмет туралы заңды қайта қарап, біраз толықтырулар енгізу қажет деп санаймыз. Яғни, осы заң бүгінгі заманның тамыр бүлкілін дөп басып, қорғаушылардың мəртебесін көтеруге келгенде дəрменсіздеу сияқты көрініп жүр.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында (ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2005 жылғы 18 ақпан).
  2. Жалыбин С.М. Защита прав граждан вуголовном судопроизводстве. – Алматы: Жетi Жарғы, 2002. – 304 с.
  3. Шейфер С.А. Собирание доказательств в советском уголовном процессе. – Саратов: Издво Саратовского гос. ун-та, 1986. – 172 с.
  4. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т-1, 470 стр.
  5. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан / Ред. Когамов М.Ч. – Алматы: Жеты-Жаргы, 2008г.
  6. URL: http://www.advokatura.kz/articles/653/
Жыл: 2012
Қала: Алматы
Категория: Құқық