Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамдық тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ішкі істер органдарының азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара əрекет етудің өзекті мəселелері

Қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықтың сақталуы жəне  құқықтық  тəртіптің  күшеюі осы іске азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың қатысуынсызелестетумүмкінемес. Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Елімізде қоғамдық тəртіпті жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты бойынша мемлекеттік билік  органдары мен азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың өзара əрекет етудің негіздері нақты нормативтік құжаттарда белгіленген: «Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Заңы; «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сəуірдегі № 271IV Заңы; «Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тəртібі, нысандары жəне түрлері туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 ішкі істер Министрінің бұйрығы.

Азаматтардың қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуі, олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жəрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуменсақтауқағидаларынегiзiндежүзеге асырады. Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың бірнеше құқықтары мен міндеттері көрсетілген, олардың бірі: қылмыстар мен əкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу, азаматтардан қоғамдық тəртіпті сақтауды талап етуге құқығы бар, сонымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға міндетті [1].

Азаматтар қоғамдық тəртіпті сақтауда жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жеке түрде – ерікті негізде, жəне ұжым (қоғамдық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы құқық қорғау органдарына, соның ішінде ішкі істер органдарына жəрдемдеседі [2].

Қоғамдықұйымдарөздерініңжарғыларыбойынша əлеуметтік, саяси, мəдени, тəрбиелік жəне басқа да қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейді. Мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдарға, олардыңəлеуметтікпайдалықызметтерінеқолдау көрсетеді. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мемлекеттік билік органдарының функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруда қатысады. Қоғамдық ұйымдардың басым көпшілігі тəрбиелік жұмысты жүзеге асырады, жас өспірім  қадағалаусыздығымен  жəне  кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылығымен күресті жүргізеді, құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде тікелей қатысады.

Мемлекеттік билік  жəне  жергілікті  өзінөзі басқару органдарына қоғамдық  тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың профилактикасы жəне қылмыспен күресу бойынша үлкен көмекті қоғамдық ұйымдар көрсетеді.

Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кəсiптiк одақтар жəне азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады [3].

Қазақстан Республикасының  1996  жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 10 – бабына сəйкес, қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарымен, кемінде он адамнан тұратын тобының  бастамасы бойынша шақырылатын құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында) құрылады. Осы съезде бірлестіктің жарғысы қабылданып, басқарушы органдары, олардың өкілеттіктері белгіленеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының  23-бабында  көрсетілген [4]. Қоғамдық  бірлестіктердің  билік  өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тəртіп пен талаптарға бағынады. Кейбір қоғамдық бірлестіктердің қызметі  тікелей құқық бұзушылық профилактикасы жəне құқықтық тəртіпті сақтаумен байланысты: қоғамдық тəртіпті сақтау бойынша құрылған ерікті халықтық жасақтар; студенттік отрядтар; полицияның қоғамдық көмекшілері; полицияның штаттан тыс қызметкерлері; консьерждер жəне басқалары. Қоғамдық тəртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жəне қылмыспен, сонымен қатар басқа да құқық бұзушылықтармен күресуде маңызды рөл осы арнайы қоғамдық құрылымдарға жатады.

Осы  ерікті  халықтық   жасақтар   тарихына оралсақ, олар 1955 жылдары  алғаш  рет Кеңес одағында пайда болды. Олар милиция қызметінің көптеген бағытында жұмыс атқарды: жол қауіпсіздігін, қоғамдық тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етті;   тəрбиелік топтар оқушылармен, «қиын» балалармен жəне жас өспірімдермен тəрбиелік – профилактикалық жұмыстар жүргізді; кейбір жоғары оқу орындарында құқықтық тəртіпті сақтау бойынша студенттік отрядтар құрылды. Олардың қызметін реттейтін барлық Кеңес одағының аумағында күші бар нақты нормативтік құжаттар болды. Ерікті халықтық жасақтар көмегімен қаншама қылмыстар ашылып, тəртіп бұзушылар ұсталды [5].

Қоғамдық тəртіпті сақтау бойынша ерікті халықтық жасақтардың қызметі қазіргі таңда тарылтылды, жаңа тəртіппен ұйымдастырылады жəне ынталандырылады. Əйтсе де құқықтық тəртіпті сақтауға азаматтарды тартудың  сапалы жаңа нысандары іздестірілуде. Бұл, мысалы, қазіргі кезде еш нəтиже бермеген жергілікті қоғамдық құрылымдарды құру (Сақшылар,Сарбаздар). Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, елімізде құқық қорғауға бағытталған 6 мыңнан астам (2008 ж. – 4154, 2009  ж.5863) қоғамдық құрылым қызмет етеді, оған 41 мың адам қатысады. Олардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 35 мың құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, криминогендік жағдайды талдау көрсеткендей, осындай құрылымдардың желісін жалпы білім беретін мектептерде кеңейту қажет [6].

Қоғамдық тəртіпті сақтауды, қылмыстың жəне құқық бұзушылықтын профилактикасын қамтамасыз етуде, соның ішінде студенттік жастардын арасында маңызды рөлге полицияға жəрдемдесетін студенттік отрядттар ие. Олардың қызметінің негізгі бағыты болып, учаскелік полиция инспекторымен бірігіп оқу мекемесінің аумағын патрульдеу, оқу орындарында мəденижаппай шараларды өткізу кезінде қоғамдық тəртіпті сақтау, оқып жатқан студенттердің арасында  дəрістерді,  құқықтық  білім күндерін «дөңгелек үстелдер» түріндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу табылады.

Осы жүйенің, елімізде белсенсіз əрекет етуінің себептерінің бірі болып, заман ағымына сай халықтың мінез-құлқының өзгеруіне, сонымен қатар қаржыландырудың төмен, яғни тіршілік ету көзінің басты  кірісі  болып табыла алмайтындығына байланысты. Əйтсе де, қылмыспен күрес жүргізуде азаматтардың қатысуыныңмаңыздылығынабайланысты,құқық қорғау органдарының жұртшылық пен азаматтармен жұмысын жандандыру қажет. Заманның ағымына сай осы жүйеге  жаңа өзгерістер енгізу талап етіледі, мысалы Кеңес одағы кезінде «Пионерлер» атты ұйым болды. Ол ұйымда жас өспірімдерді тəртіпке шақырып, адамдарды саналы кісі ретінде, əр қайсысының бойында отан сүйгіш, құқық сақшысын қалыптастырды. Осындай бір қоғамға пайдалы шараларды жүргізу нəтижесінде құқық қорғау қызметкеріне деген көзқарас, сенім ол кезде мүлдем басқа, оң болды. Осы себептен бұл мəселеле ауқымды болып отыр, ал ішкі істер органдары тарапынан азаматтар мен полиция қызметкерлерінің ара қатынасының келешекте зор, əрі тиімді болуы үшін осы жас өспірімдермен жұмысты күшейту керек. Мектептердегіучаскелікинспекторлардың міндетіне жас өспірімдерді құқықтық тəрбиелеу, ағартумен қатар, құқықтық санасын нығайту мақсатында қосымша дəрістер өткізуді жүктеу керек. Ол дəрістерде  құқық  қорғау  органдары қызметкерлеріне деген оқушылардың көзқарастарын өзгертуді көздеу керек жəне т.б.

Құқықтық тəртіпті қамтамасыз етудегі тиімділік көп жағдайда полицияның халықпен тікелей байланысына тəуелді болады. Құқық қорғаудағы тəжірибе көрсеткендей полиция халықтың көмегіне сүйене отырып, қоғамдық тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін сəтті орындайды.

Дегенмен,  бұл  бағытта  да  кемшіліктер жоқ  емес,  мысалы  қазіргі  кезде  халық  өзінің   учаскелік инспекторларын танымайды. Өз кезегінде учаскелік инспекторлар өз аумағындағы криминогендік жағдайды халыққа хабардар етіп отыру керек. Сонымен, халық арасында ақпараттық-консультативтік қызметті жүзеге асырады. Құқықтық тəртіпті, жеке жəне қоғамдық қауіпсіздікті, құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан өз меншігін қорғау сұрақтары бойынша заңдарды жəне басқа да құқықтық актілерді түсіндіреді. Осының барлығы қазіргі таңда тиісті деңгейде орындалмау нəтижесінде халықтың ішкі істер органдарына деген сенімдері нашарлау үстінде. Осының салдарынан ішкі істер органдарының қоғамдық тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қылмыстың жəне құқық бұзушылықтың алдын  алу, ескерту мен ашу бойынша халықпен əрекеттестігі ауқымды мəселе болып отыр. Осы себептерді жою үшін халықпен жиі кездесулер өткізу қажет. Ол кездесулерде аумақтағы криминогендік жағдайды талқылап, өзара бірігіп қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға төтеп беру  амалдарын қарастырған жөн болады.

Ал халық тарапынан хабарланған қызығушылық тудыратын ақпараттары үшін, құнды мадақтау шараларын қарастыру қажет. Ол бір жағынан халықтың əлеуметтік жағдайына ықпалын тигізеді, ал келесі жағынан ішкі істер органдары қызметінің тиімділігіне жағымды əсерін  тигізуі  мүмкін. Тек осындай бір қадамдардың арқасында ғана қалаған мақсаттарымызға, яғни халықтың сеніміне, ішкі істер органдарының қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтармен, халықпен, қоғамдық бірлестіктермен өзара нəтижелі əрекет етудің шынына қол жеткізуімізге болады.

 

Əдебиеттер

 

  1. «Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Қазақстан Республикасының Заңы// «Юрист» Электрондықзаңанықтамалығы
  2. Алматы, «Юрист» 2012 жыл (1 сd)
  3. «Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тəртібі, нысандары жəне түрлері туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 ішкі істер Министрінің бұйрығы // «Юрист» Электрондық заң анықтамалығы – Алматы,«Юрист» 2012 жыл ( 1 сd)
  4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Қазақстан Республикасының Заңы // «Юрист» Электрондық заң анықтамалығы – Алматы, «Юрист» 2012 жыл ( 1 сd)
  5. «ҚР Конституциясы» 30.08.1995 жылғы //Алматы, «Жеті Жарғы» 2007 жыл
  6. «Добровольная народная дружина» // Интернет ресурсынан алынған. Материал из Википедии – свобоной энциклопедии http:// ru.wikipedia.org/wiki/Добровольная_народная_ дружина
  7. 6 Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 Қаулысы 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.