Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізудегі дəлелдеу субъектілері, олардың құқықтық мəртебесі

Қылмыстық  процестегі  дəлелдеу субъектісі – бұл заңда белгіленген тəртіпте жəне шектерде дəлелдемелерді жинауды, зерттеуді, бағалауды жəне пайдалануды іске асыратын, заңмен өкілеттік берілген қылмыстық процестің қатысушысы (мемлекеттік орган, лауазымды тұлға жəне т.б.). Дəлелдеу субъектісінің дəлелдеуді іске асыратын шектері осындай субъектіге жəне оның іс жүргізу мүддесіне (мəртебесіне) жүктелген іс жүргізу қызметінің мəнімен анықталған.

Бəсекелес қылмыстық процесс, оны классикалық тұрғыдан түсінсе, іс бойынша іс жүргізу екі тең құқылы тараптардың тартысынан, жарысынан тұратын оның құрылымын болжайды, ал бұндай тартыстың соңғы нəтижесі негізгі жəнежалғызмақсаты– даудытараптардың біреуінің пайдасына шешу болып табылатын, тəуелсіз жəне əділ сотпен анықталады.

А.В. Смирнов қылмыстық процестің бəсекелестік түрін мынадай белгілермен:

  • екі бір – біріне қайшы айыптау жəне қорғау тараптарының болуымен;
  • тараптардың іс жүргізуге тең құқықтылықтарымен немесе тепе – теңдіктерімен;
  • тараптардан тəуелсіз соттың болуымен сипаттайды [1, 18 бет].

Мемлекет оның алдын ала тергеу органдары мен прокуроры тұлғасында дəлелдемелерді жинау үшін барлық қажетті құралдарға ие, алайда, қорғау тарабы мен жəбірленушінің бұндай процесс үшін тең мүмкіндіктері жоқ. Ия, оларға мемлекеттік органдардың қолдарында бар өкілеттіктерге ұқсас, дəлелдемелер жинау бойынша өкілеттіктер беруге болмайды. Алайда, егер тараптардың біріне (не болмаса тараптың қандай – да бір өкіліне) қандай – да бір құралды пайдалануға шек қойылса, оған ҚІЖК шеңберінде ҚІЖК-де белгілі бір механизмдерді жасап жəне бекітіп, оған қосымша құқықтар беру арқылы орын алған қолайсыздықты жеңу мүмкіндігін беру керек.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-де сондай   –ақ осы мəселенің шешілмегендігі көрінеді.

ҚІЖК-нің 74-бабы 2-бөлігіне сай қорғаушы:

  • заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi заттарды, құжаттарды жəне мəлiметтердi жинауға жəне ұсынуға;
  • күдiктiден (айыпталушыдан) жауап алу кезiнде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтiнiшi не қорғаушының өзiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн өзге де тергеу жəне iс жүргiзу əрекеттерiне қатысуға;
  • күдiктiнiң, айыпталушының немесе қорғаушының өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу əрекеттерiнiң хаттамаларымен, күдiктiге жəне (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиiс болатын құжаттармен танысуға;
  • iс жүргiзу құжаттарының көшiрмелерiн алуға;
  • қылмыстық процестi жүргiзушi адамның жəне қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз əрекеттерiне қарсылық бiлдiруге, бұл қарсылықтарды iс жүргiзу құжаттарына енгiзудi талап етуге;
  • заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен тəсiлдерiн пайдалануға құқылы.

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 05.12.1997 жылғы № 195-1 Заңының 14-бабы 3-бөлігіне сай қорғаушы – қорғаушы:

  • өз бетімен заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi іс жүзіндегі деректерді жинауға жəне дəлелдемелерді ұсынуға;
  • барлық мемлекеттік органдардан жəне мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметті іске асыру үшін қажетті мəліметтерді сұратуға;
  • егер бұл анықтау, заңнамалық актілерде көзделген тəртіппен алдын ала тергеу жүргізу кезінде жəне сотта қорғауды немесе өкілдікті іске асыру үшін қажет болса, мемлекеттік құпияны құрайтын ақпараттармен, сондай – ақ əскери, саудалық, қызметтік жəне өзге де заңмен қорғалатын құпиядан тұратын ақпараттармен танысуға;
  • заң көмегіне жүгінген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тəсілдерін қолдануға;
  • көмекке жүгінген адамға қатысты материалдармен, оған қоса іс жүргізу құжаттарымен, тергеу жəне сот істерімен танысуға жəне ондағы ақпаратты заңнамалық актілермен тыйым салынбаған кез – келген тəсілмен бекітуге ;
  • заң көмегін көрсетуге байланысты туындайын жəне ғылым, техника, өнер салаларындағы жəне қызметтің басқа да салаларындағы арнайы  білімдерді   талап ететін мəселелерді ашу үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға жəне т.с.с. құқылы [2].

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Ресейде қылмыстық сот ісін  жүргізуге  қылмыстық істер     бойынша     қорғаушының  қызметінің тиімділігін жоғарылатудың батыл əдістерінің бірі ретінде, одан «қорғаушы өз тұжырымдарын айыпталушыны ақтау қорытындысында немесе оның жауаптылығын жеңілдету туралы қорытындысында баяндаумен жауаптылықты ақтайтын немесе жеңілдететін мəн – жайларды анықтау бойынша жүргізетін бір мезгілді тергеу əрекеттері» деп түсінілетін, «қатар тергеу» институтын енгізу ұсынылған. Алайда, бұндай идея іс жүргізуші – ғалымдар тарапынан лайық сынға ұшырады.

Сонымен, А.С. Шейфер «жеке тергеу əрекеттерін» қылмыстық процесте дəлелдеудің белгіленген негіздерімен анық үйлесімсіздікке түсетін жасанды, өмірлік емес құрылым деп атады [3].

ҚІЖК-нің 68-69-баптарына сай  сезікті (айыпталушы):

  • дəлелдер ұсынуға (соның ішінде құжаттар мен заттарды);
  • өтiнiш жəне қарсылығын мəлiмдеуге;
  • тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу əрекеттерiне қатысуға құқылы.

Дəлелдеу процесінде жəбірленуші:

  • дəлелдер ұсынуға;
  • одан дəлелдеу құралы ретiнде қылмыстық қудалау органы алып қойған немесе өзi берген мүлiктi, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекеттi жасаған адамнан алып қойылған өзiне тиесiлi мүлiктi алуға;
  • өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу əрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға жəне оларға ескертпелер беруге;
  • тергеушiнiң немесе     анықтаушының рұқсатымен өз өтiнiшi не өз өкiлiнiң өтiнiшi бойынша  жүргiзiлетiн    тергеу     əрекеттерiне қатысуға жəне т.с.с. құқылы (ҚІЖК-нің 75-бабы). ҚІЖК-нің 115-бабы 1-бөлігіне сай оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот ҚІЖК-де    белгiленген    тəртiппен  Қазақстан Республикасының   Қылмыстық  кодексiнде көзделген əрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл əрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын жəне айыпталушының кiнəлiлiгiн не кiнəлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мəн-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дəлелдемелер болып табылады.

ҚІЖК-нің 115-бабы 2-бөлігіне сай дəлелдемелер ретінде:

  • сезiктiнiң (айыпталушының), жəбiрленушiнiң, куəнiң айғақтары;
  • сарапшының қорытындысы;
  • заттай айғақтар;
  • iс жүргiзу əрекеттерiнiң хаттамалары жəне өзге де құжаттар жіберіледі.

Алдын ала тергеу кезеңінде қандай құжаттар мен заттарды дəлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосу керек, қандай деректерді дəлелдемелер ретінде бекіткен жəне пайдаланған дұрыс деген мəселені шешу қылмыстық істі жүргізетін лауазымды тұлғаның немесе органның құзыретіне қалдырылған.

Алайда, заң шығарушы билік өкілеттігі жоқ адамдар, тараптардың өкілдері дəлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосу үшін жазбаша құжаттарды жəне заттарды жинауға жəне ұсынуға құқылы деп анықтаған.

Келтірілген анықтама іс жүргізулік бекітуге дейін іс жүзіндегі деректердің қылмыстық іс жүргізу мағынасында дəлелдемелер болып табылмайтындығын көрсетеді, алайда, ол мазмұны жағынан жаңалық болмайды. Себебі қорғаушы жинаған мəліметтердің дəлелдемелерге айналу механизмі жоқ, ол билік өкілеттігі жоқ өзге де дəлелдеу субъектілері секілді, бұрынғыдай дəлелдемелер бола алатын, алайда, шынында процеске енгізгенге дейін ондай болмайтын іс жүзіндегі деректерді жинайды.

Дəлелдемелердің іс жүргізулік рəсімдеудің қатаң ережелерін белгілеген заң шығарушының мақсаты мемлекеттік органдардан басқа қылмыстық процестің өзге де қатысушыларының құқықтарын шектеу еместігі, айыптауға дəлелдемелер жинауда басымдық беру  еместігі, ал қылмыстық процестегі сезіктінің (айыпталушының) құқықтарының қосымша кепілдіктерін белгілеу екендігі көрінеді.

Бірінші кезекте, нақ айыптау дəлелдемелері тиісті іс жүргізу арқылы рəсімделуі керек. Бірақ та, қорғаушы жəне өзге де қатысушылар жинаған, айыпталушының (сезіктінің) кінəсіздігінің немесе аз кінəлігінің іс жүзіндегі мəліметтері де тексерілген жəне қылмыстық процеске енгізу үшін жарамды болулары керек.

Қылмыстық процесте сотқа дейінгі іс жүргізу мен басты сот талқылауының бар екендігіне сүйене отырып мынадай екі нұсқаның мүмкін екендігін байқау қиын емес:

  • не өз бетімен дəлелдемелер жинауға құқық берілмеген процесс қатысушысының өтінішін қарау мен қанағаттандыру  арқылы өзге де қатысушылар тапқан жəне ұсынған іс жүзіндегі деректерді алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды тұлға іс жүргізу арқылы рəсімдейді;
  • не бұны басты сот талқылауы кезеңінде оларды зерделеу мен зерттеу арқылы соттың өзі жасайды.

Дəлелдеу қылмыстық процесінің өзге де қатысушылары алған жəне алдын ала тергеуде бекітілмеген, яғни дəлелдемелер ретінде рəсімделмеген іс жүзіндегі деректер, оларды зерттеу барысында қабылданбаулары мүмкін екендігі жоққа шығарылмаса да, ықтимал дəлелдемелер болады.

Сонымен қатар, сот отырысында айыптау тарабы іс жүргізу рəсімі шеңберінде жинаған деректердің де беріктігі анықталуы мүмкін. Осы ойға толық тоқталайық.

Белгілі болғандай, англо-американдық қылмыстық əділет жүйесі алдын ала сот тыңдауын жүргізгеннен кейін тараптар – прокурордың нұсқауы бойынша полиция  жəне  қорғаушы  – іс жүзіндегі деректерді жинауға кірісетіндігін алдын ала ескереді. Сонымен бірге айыптаушы жинаған деректер де, қорғаушы алған мəліметтер де іс жүргізу ұғымында дəлелдемелер болып табылмайды. Оларды дəлелдемелер деп тану туралы мəселе тек қана соттың құзыретіне жатады.

Сөйтіп, бəсекелес процесінде тараптар құқықтарының теңдігі қамтамасыз етіледі.

Осыған сүйене  отырып,  қылмыстық  сот ісін жүргізуде дəлелдеу тараптарымен іске асырылатындығын, ал олар жинаған деректерді дəлелдемелер деп тану сотпен жүзеге асырылатындығын анықтай отырып, дəлелдемелер мен дəлелдеу түсінігінің жаңа тəсілін теориялық тұрғыдан негіздеу мүмкін болып көрінеді.

Алайда, бұндай ұстанымның елеулі кемшілігі бар.

Англо-американдыққа қарағанда, ТМД елдерінің қылмыстық процесінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, дəлелдемелердің негізгі, басым көлемін жинау «іс жүргізуге дейінгі»   кезеңде   емес   жəне   біршама   қысқа уақыт сатысында да емес, алдын ала тергеудің созылған жəне шегіне дейін формализацияланған сатысында жүзеге асырылады.

Дəлелдемелік ақпараттың бұрын болған оқиғалардың көрінісі бола тұрып, уақыт өте объективтік те, сол сияқты субъективтік те себептердің салдарынан жойылу қасиеті бар екендігі белгілі. Дəл осы көбінесе алынған мəліметтерді іс жүргізу арқылы рəсімдеуге жəне уақытылы тиісті бекітуге қойылатын талаптардың бар екендігін болжайды [4, 144 бет].

Қазақстан Республикасы  ҚІЖК-нің  алдын ала тергеу органдарына іс жүзіндегі деректерді дəлелдемелер ретінде бекіту бойынша берген өкілеттігі толық көлемде оларға тиісті түрде, ҚІЖК-нің барлық талаптарын сақтай отырып, дəлелдемелерді жинауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Жеке немесе ұсынылатын мүдделері бар қылмыстық процестің өзге де қатысушыларына келетін болсақ, оларда дəлелдемелерді өз бетімен жинау бойынша (жиналған іс жүзіндегі деректерд бекіту бойынша) мүмкіндіктердің жоқтығы, сондай – ақ қылмыстық ізге түсу органдарының дəлелдемелерді жинауына нəтижелі қатысу мүмкіндігін жоқтығы олардың қызметінде елеулі кедергі болады.

Қазақ КСР ҚІЖК-де процесс субъектілерін тараптарға бөлу болмағандығы, барлық əрекеттер ақиқатты анықтауға бағытталған деп болжамданғаны белгілі.

Сонымен, билік өкілеттіктері берілген кезкелген мемлекетті орган мыналарды жасауға:

  • жасалған əрекеттің объективті жəне толық көрінісін анықтауға барлық шараларды қолдануға;
  • қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамның айыбын ашатын да, сол сияқты оны ақтайтын да мəн – жайлардың барлығын анықтауға міндетті болған.

Тəжірибеде 1959 жылғы Қазақ КСР  ҚІЖКнің қағидалары шынында дəлелдеумен жəне дəлелдемелерді жинаумен тек екі органның (тергеуші жəне прокурор) айналысуына əкелген.

Алдын ала тергеу кезеңінде дəлелдемелерді жинаумен өз білгенінше тергеуді жүзеге асыратын орган (тергеуші, анықтаушы, не  прокурор, егер ол алдын ала тергеуді жеке жүргізу қажет деп санаса) айналысқан, ал сот талқылауы кезеңінде дəлелдемелерді жинауды сот іске асырған (егер алдын ала тергеу органы жұмысының жеткіліксізді салдарынан оған қажеттілік туындамаса). Барлық өзге дəлелдеу субъектілерінің дəлелдемелерді жинау процесіне ықпалы тіпті болмашы болды.

Себебі заң шығарушы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өзгерту бағыттарының бірі ретінде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге айыптау жəне қорғау тараптарының бəсекелестiгi мен тең құқықтылығы принциптерін енгізуді жариялаған, сондай – ақ ол қылмыстық iзге түсу, қорғау жəне iстi соттың шешуi бiрбiрiнен бөлiнген жəне оларды əртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады деп бекіткен (ҚІЖК-нің 23-бабы).

Өз кезегінде дəлелдеу субъектілері туралы, жəне жеке алғанда дəлелдемелерді жинауға шақырылған субъектілер туралы түсініктер тузетуге жатады.

Тараптардың  болуы  олардың  əрқайсысының айыптау тарабының да, қорғау тарабының да дəлелдемелерді жинауға жəне оларды сотқа ұсынуға белсенді қатысуларын талап етеді.

1959 жылғы Қазақ КСР ҚІЖК əрекет еткен кезеңнің өзінде заң  əдебиетінде  ерекше  болса да, оны орындамау айыпталушы үшін жағымсыз салдарларға əкелмейтін, қылмыстық іс жүргізу дəлелдемесіне    қатысу    міндеттілігі     белгілі бір мөлшерде қорғаушыға да жүктеледі деп көрсетілген.

Сонымен, қорғаушы оның қорғауындағы адамды ақтайтын немесе оның қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мəн – жайларды анықтау мақсатында заңда көрсетілген барлық қорғау құралдары мен тəсілдерін қолдануға жəне оған қажетті заң көмегін көрсетуге міндетті болған.

Жаңа жағдайларда осы қағида өзектілігін жоғалтпады, керісінше, қылмыстық іс жүргізу дəлелдемесінің толық құқықты тарабы болып (алдын ала тергеу органдары заңды түрде айыптау тарабының өкілдеріне жатса да), қорғау тарабы өзінің жəне ұсынылатын мүдделерді белсенді қорғауға мүмкіндік беретін механизмді өз билігіне алуы керек.

Сондай-ақ, оның мүдделерін қорғау дəстүрлі түрде кеңес жəне кеңестен кейінгі кезеңдердің отандық  қылмыстық  процесінде   қылмыстық ізге түсуді іске асыратын органдардың қарауына тəуелді  болған  жəне   тəуелді,   жəбірленушінің іс жүргізулік мəртебесі де жетілдіруді талап ететдігінде күмəн жоқ.

Нақ тараптар, нақтырақ айтсақ тараптардың өкілдері  бəсекелес əділ  сот жағдайларында тəуелсіз жəне əділ соттың қарауына дəлелдемелік материалды жинауы жəне ұсынуы керек, сонымен қатар ол материал сапалы, толық болуы жəне жасалған əрекеттің барлық мəн – жайларын жан – жақты (яғни, айыптау тарабынан да, сол  сияқты  қорғау  тарабынан да) зерттеуге мүмкіндік беруі керек. Сонымен бірге, тараптардың өкілдері оларға берілген мүмкіндікті анағұрлым жақсы іске асырса (ал бұл үшін мүмкіндік беру керек), олар дəлелдеу шектерін анағұрлым толық сақтаса, қылмыстық істі сот талқылауы кезінде соғұрлым азырақ мəселелер мен сұрақтар туындайды.

Сотта жəне соттың қосымша дəлелдемелер жинау қажеттілігі сот талқылауына дайындық кезеңінде – алдын ала тергеу кезеңінде материал сапасыз, біржақты жиналған (түрлі себептердің арқасында) жағдайда ғана туындайды. Ондай болмаған жағдайда, заң шығарушы мен тəжірибе адамдары, күні кеше болғандай, сотта дəлелдемелік материалдағы кемшіліктердің орнын кімнің толтыратындығы туралы даулардан тағы да құтыла алмайды. Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дəлелдемелерді жинау жүйесін жетілдіру мен оның іс жүргізу нысанын дамыту қажет екендігін ескертеді.

Тəжірибе, қорғаудың дəлелдемелерді  жинау мүмкіндігінің  жарияланғандығына,  қорғау мен жəбірленушінің дəлелдемелерді жинау процесіне ықпал ету мүмкіндіктерінің жоқтығынан сот талқылауын жүргізу тəртібінің өзгергендігіне қарамастан, жағдайдың күрт жəне маңызды өзгеруі болмағандығын көрсетеді. Атап айтқанда, қорғаушылардың 50 % -дан көбі оларға қорғауды іске асыруға көмектесетін, іс жүзінде əр іс бойынша олардың өз клиенттерінің жəне куəлерінің тарапынан қосымша мəлімет алатындығын, бірақ көп жағдайларда ол мəліметтерді басты сот тақылауы кезеңінде пайдалану үшін «ұстап тұратындықтарын» көрсетеді [5, 32 бет].

Бұндай жағдай қоғам қажеттілігіне сəйкес келмейді, себебі азаматтың дəлелдемелердің негізгі мөлшерін жинау кезінде, əсіресе алдын ала тергеу секілді қылмыстық процестің маңызды кезеңінде өз құқығын тиімді қорғау мүмкіндігі жоқ. Жəбірленушілердің мүдделерін қорғау туралы да осыны айтуға болады.

Көптеген зерделенген жағдайларда, дəлелдемелерді  жинау  туралы  өтініштері  алдын ала тергеу органдарымен қанағаттандырудан бас тартылған қорғау тарапының өкілдері соңында, не алдын ала тыңдауда, не сот отырысында қайтадан сол мəселені көтергендігін ерекше атап өткен жөн. Іс жүзінде алдын ала тергеу органы қабылдаған шешімді тексеру жүргізілді. Нəтижесінде сот қылмыстық істі алдын ала тергеу кезеңінің өзінде туындаған дау – жанжалды жағдайларды шешуге едəуір күш пен құралдарды жұмсауға мəжбүр болды.

Сөйтіп, дəлелдемелерді жинау мен зерттеу субъектілерінің өзара қарым – қатынастарын жетілдіруге мұқтаждық секілді, мемлекеттік органдардан басқа, өзге де дəлелдеу субъектілеріне, əсіресе алдын ала тергеу кезеңінде, дəлелдемелерді жинау мен зерттеу процесіне белсенді қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер беру қажеттілігі де бар. Заң шығарушы процестің өзге де қатысушыларының мəртебесін анағұрлым толығырақ анықтаса, соттың қылмыстық істі қарауы кезінде соғұрлым азырақ қайшылықтар мен үйлесімсіздіктер туындайды, тікелей сотта жəне тікелей сотқа мəселелердің соғұрлым азырақ шеңберін шешуге тура келеді. Тұтастай келгенде, бұл дəлелдеу процесінің сапасы мен тиімділігін жоғарылату керек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Смирнов А.В. Состязательный процесс. –СПб.: Альфа, 2001.
  2. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 12.1997 жылғы № 195-1 Заңы. – Астана.
  3. Шейфер С.А. Проблемы правовой регламентации доказывания в уголовно-процессуальном законодательстве РФ // Государство и право. № 10.
  4. Алиев М.М., Зейналова Л.М. Состязательность и равноправие сторон в уголовном судопроизводстве. Учебное пособие. – Алматы, 5 Канафин Д.К. Адвокат в уголовном процессе // Правовая реформа в Казахстане. – Алматы.№ 4, 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.