Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқық жүйесінде жер құқықының нормалары мен атқаратын қызметі

Құқық саласында жүйе ұғымын дұрыс қолдану, құқық мəселесін тануға жүйелі көзқарас өте қажет, өйткені бұл құқықтың ішкі бірлігін ашуға, оның бөлшектерінің үйлесімді өзара əсерін, органикалық өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен, қазіргі құқық жүйесі – іштей өзара байланысты элементтердің объективті тұтастығы: жалпы қабылданған қағидалар, құқық нормалары, мемлекеттік басқару органдарының шешімдері, құқық инстиуттары жəне т.б.

Құқықтық жүйе сипаттамасында ең бастысы – ондағы элементтер саны емес, жүйенің ұйымдасқандық деңгейінің қалыптасуы. Көптеген элементтері бар бір объект жүйе болмауы мүмкін, ал басқа бір екі-үш элементтен ғана тұратын объект сапалы жүйе бола алады. Бұл элементтердің бір-бірімен байланысына тəуелді,  бір  элементтің  өзгерісі  басқасының да өзгеруіне əкелетін тығыз  байланыс  болады. Дəл осындай əр түрлі бөлімдердің тығыз əрекеттесуі сыртқы ортаға қатысты алғанда тұтас  бір  нəрсе  ретінде  көрінеді. Осыдан келіп жүйе үшін  ең  негізгісі  –  оның  белгілі бір тəртіппен орналасуы, яғни сапалық жағы. Сондықтан да,  элементтер  бүтінге  сай келе ме, ол  бүтіннің  басқа  бөлшектермен тұтаса ала ма, осы мəселені анықтамай, жүйені құру мүмкін емес. Элементтердің өзара əсері мен өзара байланысын танудың əр алуан тəсілдері бар. Сондай тəсілдің бірі – зерттеуші объектінің құрамын ашу, яғни оның  ішкі   құрылымын анықтау – элементтердің өзара байланысының сипаты мен тəсілін анықтау.

Жер құқығын құқық жүйесі ретінде қарастыратын болсақ, оның негізін құқықтық норма құрайды. Қоғамдық қатынастардың реттелу аясы бойынша жер-құқықтық нормалар институттарға топтасады, институттар құқық саласының құрамына кіреді [1].

Құқықтық институттың табиғаты мен ерекшеліктерін «бұл – нормалардың жалпы жиынтығы, ол өз кезегінде келесі негізгі    бөлім– құқық саласының элементі» деп түсінгенде ғана дұрыс болады. Осы тұрғыдан келгенде, құқықтық   институт   құқық   саласының негізі,«бастапқы, өзіндік құрылымдық  құқық саласы, саланың қалыптасуындағы бастапқы жəне неғұрлым маңызды баспалдағы, мұнда құқықтық нормалар заңдық мазмұнына қарай топтасады...» Құқықтық нормалар институттар арқылы құқық саласын құрайды

Демек, құқықтық институт – салыстырмалы жеке өзіндік біртекті қоғамдық қатынастарды    реттеуші    өзара    байланысты құқықтық нормалардың жүйесі. Əрбір құқықтық институттың реттеуші қоғамдық қатынастардың ерекшелігіне байланысты өзіне тəн ерекшеліктері, сипаттаушы белгілері бар. С.САлексеевтіңкөзқарасыбойынша:«Құқықтық институттар қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлшегін регламенттеуге  бағытталған». А.Ф. Черданцев, еңбегіне  сілтеме   жасап, ол«Қоғамдық  қатынастардың  бір  элементі  тұтас бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелген, ол тіпті жеке құқық институты құруы мүмкін», – деп, үзінді келтіреді. С.Б. Байсалов, кеңестік құқық жүйесіндегі су құқығының орнын анықтай келіп, Д.А. Керимов пікірін талдайды. Ол құқықтық институт дегенді «Құқықтық нормалар жиынтығы, ол қажетті қатынасты егжей-тегжейлі реттейді», – деген болатын. Сөйтіп, оның «құқықтық институт – өзіндік ерекшелігі бар құқық саласы болумен қатар, құқықтыңжалпы белгілері де бар саласы»деген тұжырымымен келіседі  [3].

Құқықтық  институттың  басты  қызметі - əлдебір түріне, тегі бойынша қоғамдық қатынастардың өз бөлігі аясында салыстырмалы тұтас реттілікті қамтамасыз ету. Бұл – құқықтық институттың нормалардың толық жиынтығына ие болуы керек деген сөз, бұл – соның көмегімен сол учаскедегі реттіліктің бар кезеңін қамту дегенді білдіреді.

Жоғарыда көрсетілеген барлық сипаттаушы элементтер жер кадастрының құқықтық институтына тəн. «Тең дəрежелі» нормативтік ережелер Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі» ретінде көрініс табады. Бұл ереже əртүрлі нормалардан тұрады: міндеттеуші, құқық беруші, қорғаушы.

Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық саладағы орнын анықтау жер құқығы құрамының жеке мəселесі болып табылады. Жер құқығы жүйесінде кадастр мəліметтерін пайдалануға байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жерге орналастыру, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жер пайдалану құқығы, жерге меншік құқығы жəне жер пайдалану құқығын мемлекеттік қорғау жəне т.б. сияқты құрамдас бөлімдерінде көрініс табады.

Мемлекеттікжеркадастрықұқықтықинститут ретінде жер туралы кадастрлық мəліметтер жүйесін құрастыруға байланысты кадастрды жүргізу қатынастарын реттеуші материалдық жəне процессуалдық жер кадастрлық нормалардың жүйесін білдіреді. Жер кадастрлық функцияны жүзеге асыруға бағытталған жер құқықтық нормалардың жиынтығын білдіретін, құқықтық институт ретіндегі мемлекеттік жер кадастры жер құқығының жер қорын мемлекеттік басқару қатынастарын реттеуге бағытталғын нормаларынан  тұратын  құрамдас бөлімдерімен тығыз байланысты. Олардың мақсаты бір – елде жер қатынастарын ұйымдастыру жолы арқылы жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

Құқықтық реттеу пəніне байланысты, яғни кадастрлық мəліметтердің түріне байланысты құқықтық институт ретінде мемлекеттік жер кадастрын кішігірім құрылымдардан (субинституттардан) тұруы мүмкін деп қарастыруға болады: жерге меншік құқығыны жəне жер пайдалануды мемлекеттік тіркеу, жерді мемлекеттік есепке алу жəне оларды кадастрлық бағалау. Олардың əрқайсысы сəйкесінше мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік есепке алу жəне кадастрлық бағалауды жүзеге асыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын материалдық жəне процессуалдық жер құқықтық нормаларды біріктіреді жəне оларды жүзеге асыруға байланысты əрекеттерді жүзеге асыру тəртібін белгілейді.

Мемлекеттік жер кадастры, құқықтық институт ретінде, реттейтін қатынастарына белгілі құқықтық əсер ету нысаны тəн. Ол қатынастардың ерекшелігіне жəне реттеу мақсатына байланысты болады. Мемлекет жер туралы шынайы деректер алу үшін кадастрды жүргізу тəртібінің қатаң сақталуы мақсатында осы қатынастарға түсетін тұлғалардың ісəрекеттерін императивті  нысанда  белгілейді [2]. Мемлекеттік жер кадастрының негізгі ережелерінің бірі кадастрды жүргізудің бірыңғай жүйесі болып табылады. Заң шығарушының жер кадастрын жүргізудің бірыңғай жүйесін енгізуі жерді пайдалану жəне қорғаумен байланысты жалпы мемлекеттік ірі шараларды жүргізу, жалпы мемлекеттік басқару мəселелерін шешуге қажетті бірнеше аудан жəне облыстардың жері туралы мəліметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Жер   заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік жер кадастры мемлекет есебінен жүргізіледі. Кадастрды жүргізу жұмыстарын мемлекет тарапынан қаржыландыру кадастрды жүргізудің экономдылығы қағидасымен тығыз байланысты. Жер туралы мəліметтерді жинауды қамтамасыз ететін əдістер мен тəсілдер көп қаржы талап етпеуі керек. Кадастрдың деректерінің шынайлығы кадастр мəліметтерін үнемі жаңалап нақтылау жұмыстарын тоқтатпай жүргізу арқылы кадастрды жүргізудің үздіксіздігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Демек, жоғарыда көрсетілген мəселелерді қорытындылайкелемынадайтұжырымғакелеміз,мемлекеттік жер кадастрын жүргізу нормалары жер құқығының жер қорын мемлекеттік басқару кешенді құқықтық институтының бір бөлігі ретінде көрініс табады.

 

Əдебиеттер

  

  1. Қазақстан Респуликасы Парламенті. Жер туралы заңы .20 маусым 2003ж.// Егемен Қазақстан. 2003. 26 маусым.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін қуаттау туралы :Қаулысы №958
  3. Серикбаева Ш.Б. Проблемы правового регулирования государственной регистрации прав на землю в Республике Казахстан. – Алматы, 2003. – 141 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.