Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоршаған ортаны құқықтық қорғау жəне экологиялық қауіпсіздік

Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы – бүгінде көп салалы, əрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру жəне жетілдіру бүгінгі заман талабы, əрі көп аспектілі күрделі мəселе.

Ал қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғау – бұл ғылыми еңбектерде зерттелмеген немесе жалпы негізде қарастырылып өткен.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінің 1-ші бабында қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарымқатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді [1].

Жалпы көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде қоршаған ортаға əр түрлі анықтамалар бергенімен, олардың түпкілікті мазмұны, ұғымы бір болып келеді. Сондықтан да заңда берілген анықтама толыққанды деп есептейміз.

Бірақ, бұл жерде айта кететін мəселе жоғарыдағы көрсетілген атауды, яғни “қоршаған ортаны” əр жерде əр түрлі келтіреді. Мəселен, бір еңбектерде ол “қоршаған табиғи орта”, – деп келтірсе, бір еңбектерде “қоршаған орта”, – деп, тіпті ертеректе “табиғат” – деп те келтірген.

Бұл мəселеге байланысты бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде ортақ тұжырымдар жасаған [2] жəне соған байланысты бұл атаулардың мазмұны бір болып айтылады немесе қабылданады.

В.В. Петровтың пікірінше “қоршаған табиғи орта” түсінігі табиғат жəне адамды қоршаған ортадан тұрады. Табиғат адам санасынан тыс табиғи экологиялық жүйеден тұратын жəне материалдық дүниенің эволюциялық дамуының нəтижесінде пайда болған табиғи орта, объективтік шындық. Табиғи орта – адамның өндірістік қызметінің əсерінен өзгермеген табиғи жаратылыс [3].

Ал “адамды қоршаған орта” деп табиғи ортаның бір бөлігі болып табылатын адамның антропогендік əсерінің негізінде қайта құрылған, органикалық бірлікте тұратын табиғи, модификациялық, трансформациялық экологиялық жүйе танылады [4].

«Қоршаған табиғи орта»,  «қоршаған орта»,«сыртқы орта» терминдері қоршаған ортаны қорғау туралы келісім құжаттарында синоним сөздер ретінде қолданылады [5].

Əр түрлі мемлекеттердің тиісті саладағы заңдарының атауларының өзі əр түрлі болып келеді. Олар: «қоршаған орта», “қоршаған табиғи орта” жəне «орта».

Сонымен қатар «қоршаған орта»  ұғымы,«қоршаған табиғи орта» ұғымынан əлдеқайда кең. Бұған қосымша бүгіндегі барлық табиғатты қорғауға байланысты ұлттық жəне халықаралық заң актілерінде, тиісті жасанды, əлеуметтік немесе өндірістік ортада пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар бар. Барлық жасанды орта табиғи ортада болатындықтан, олар қоршаған ортаның кең түсінігіне енеді.

Қоршаған ортаның түсінігінде жəнеқ оршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде əлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, əлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықтық тұрғыдан шектеулер, талаптар, нұсқаулар жəне міндеттер қалыптастырады. Бұл  дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, жəне қоршаған орта ұғымының қоршаған табиғи орта ұғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді.

Сондықтан да «қоршаған орта» атауы, яғни негізгі заңның «қоршаған ортаны қорғау туралы» деп аталуы дұрыс деп есептеймін.

Қорытаа йтқанда ҚазақстанРеспубликасының Экологиялық кодексінде көрсетілгендей, қоршаған орта – табиғи объектілердің оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы.

Бұған қосымша қоршаған ортаны қорғау туралы заңның реттеу объектілері заңның қолдану аясында қайшылықтар тумау үшін аталған заңда айқын көрсетілген.

Сонымен нақты бір тоқтамға келген нақты теориялық тұжырымның жəне айтарлықтай айырмашылықтың болмауына  байланысты «қоршаған орта», «қоршаған табиғи орта», “айналадағы табиғи орта”  жəне  «табиғат» деген сөздердің негізгі мəндік ұғымын бір қабылдағанымыз дұрыс.

Осындай анықтамалардың мəндерінің дұрыс қолданылуы, оның мазмұндық шеңберінің айқындалуы – соған байланысты қатынастарды реттейтін заңдардың тиімділігін арттырады. Сондықтан да соңғы кездерде Қазақстанда, басқа да мемлекеттерде заң шығару жұмысы барысында көптеген атаулардың анықтамалары сол заңда нақты айқындалып кетеді. Бұл соңғы кездегі заң шығару жұмысндағы жетістіктердің бірі.

Сонымен «қоршаған ортаның» мəнін ашып алып, енді “қоршаған ортаны қорғау” деген ұғымды қарастырайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл ұғым да əр түрлі атау  яғни «табиғатты қорғау»,  «қоршаған ортаны қорғау», «айналадағы ортаны қорғау» деп келтіре отырып, көптеген ғалымдар ол туралы өздерінің пікірлерін қалдырған.

Табиғатты қорғау – өмір сүріп отырған адамдардың,олардың  ұрпақтарының материалдық  жəне  рухани қажеттілігін өтеуге байланысты, Жер ресурстарын жəне оның айналасындағы космостық кеңістікті тиімді пайдалануға, сақтауға жəне қалпына келтіруге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған, құқықтық, экономикалық, өндірістік-техникалық, əкімшілік-шаруашылық, қоғамдық жəне мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады.

Табиғатты қорғау – табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол əр түрлі тəсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау .

Қоршаған табиғи ортаны қорғау – мемлекеттің экологиялық қызметінің бір түрі жəне ол бірнеше жаратылыстану, экономикалық, санитарлық-гигениялық, ұйымдық басқару, мəдени тəрбиелеу əдістері арқылы жүзеге асырылады деп көрсетеді [6].

Қоршаған ортаны қорғаудың көптеген анықтамалары  бар.   Кең   мағанада   заңгер емес ғалымдар қоршаған ортаны қорғауды адамилық бағыттағы, биосфера заңдылығының басымдығы, технологиялық даму, үнемшілдік, экологиялық мəдениет, жүйелілік сияқты əлеуметтік экологиялық принциптерге негізделген қоғамдық əрекеттер жүйесі деп түсіндіріледі [7].

Ал қоршаған ортаны қорғаудың заңдық анықтамасы мынандай. Қоршаған ортаны қорғау, бұл “табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар жүйесі” [8].

Ұлттық қауіпсіздіктің қазақстандық моделінде де мемлекет мүддесі басым тұр. Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің одан əрі дамуының жəне құйқылжыған геосаяси ахуалдар жағдайында дұрыс бағдар ұстау қажеттілігінен келіп туды. Əлем тəжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық қауіпсіздік  концепциясын қабылдау  пікірталас сипатына ие емес, оны айтасыз, ол тіптен қоғамның барлық тараптарының бұл өреде келісімге   келуін   де   талап   етпейді, мұның өзі  аталған  мəселені  билік  басындағы  төбе топ жемісіне жатқызады. Осы жерде Ресей стратегиялық зерттеулер     институтының сарапшысы И.А.Николайчуктің бір пікірімен келіспеске болмайды. Оның айтуынша, билік басына келген кез келген саяси топ ұлттық қауіпсіздік концепциясын  өз  саяси  ерікжігері, өз мүддесі жəне өзінің идеологиялық позицияларына сəйкес талдап жасайды.

Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі туралы” заңына талдау жасау Қазақстанның өмірлік маңызы  бар ұлттық мүдделері, ықтимал қатер жəне олардан қорғану жолдары нақпа-нақ айқындалғандығына қарамастан, заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды перспективаларын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньюнктураға иек  сүйеп  кеткендігі байқалады.

Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы, ең алдымен, елдің ұлттық қауіпсіздігі мəн-мазмұнын айқындауға алып баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми көзқарастар жүйесі ретінде қаралады, сондай-ақ ол мемлекеттің ішкі жəне сыртқы əлеуетін айқындап отырады. Осыдан келіп, Қазақстанның ұлттық мүддесі деп, қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің өмір сүруі ғана емес, ілгері даму үшін де қажет шарт болып табылатын қазақстандық əлеуметтік мəдени қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктер мен мүдделер жиынтығын түсінген жөн. Бұл қажеттіліктер республиканың əлеуметтік-экономикалық жəне саяси құрылыс ерекшеліктерінен, оның экономикалық даму деңгейінен, халықаралық жəне аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасқан орнынан, жағырафиялық орналасуының, ұлттық жəне мəдени дəстүрлерінің ерекшелігінен, яғни геосаяси факторлар алуандығын құрайтын нəрсенің  баршасынан туындайды.

Қазақстандық өзіндік ұлттық мүддесінің, ұлттық құндылықтары мен өмір салтының бекемделу процесіне, сондай-ақ анық жəне ықтимал  сыртқы-ішкі  қатерлерді   анықтау ісіне ішкі саяси факторлар  едəуір дəрежеде əсер етті. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде  ішкі саяси факторларға екпін түсіру əсте де кездейсоқ емес, өйткені Қазақстанның  өз  ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі, түптеп келгенде, тəуелді  болып  келген  елдің  əлеуетін дəл солар белгілейді

“Экологиялық қауіпсіздік” пен “қоршаған ортаны қорғау ұғымдары  бір  мазмұндас болып келгенімен, екі ұғымның бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Қоршаған ортаны қорғау өзіне тиісті институттары (экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама т.б.) арқылы динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік – табиғатты тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды ” [10].

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – экологиялық қауіпті жағдайларды жəне олардың салдарларын жою, алдын алу əрекеттерінің жүйесі болып табылады.

Осы анықтама негізінде экологиялық қауіпсіздік ұғымының, қоршаған ортаны қорғаудың түсінігінен əлдеқайда кең екендігін анықтаймыз. Мұнда экологиялық қауіпсіздіктің объектісі болып, ең алдымен адам жəне оның мүдделері назарға алынады. Яғни қоғам табиғаттың ара қатынасындағы жүйеде адам экологиялық қауіпсіздіктің басты феномені болып табылады. Демек бұл саладағы қоғамдық қатынастарда адам бір уақытта экологиялық қауіпсіздіктің субъектісі əрі объектісі болып қатысады. Ал қоршаған ортаны қорғаудың объектісіне жер, жер қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман жəне басқа да өсімдіктер дүниесі, жануарлар əлемі, табиғи экологиялық жүйе, климат жəне озонды қабат жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласында адам қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың тек субъектісі ғана болады.

Нарықтық экономика тұсында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормалардың тиімділігін арттыруға мынандай екі маңызды мəселе бар. Біріншіден, заң актілерінде меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субьектілеріне қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірдей талап қойылуы керек. Əскери немесе басқа да қорғаныс салаларына ерекше жағдай жасау болмауы тиіс.

2009 жылғы 28 тамыздағы Президент Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан  2020  жылға дейінгі  кезеңге  арналған  Құқықтық  саясат Тұжырымдамасында құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыруды жəне оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдету қажеттігі көрсетілген.

Адамның қоғамдық өмірі саласының кең ауқымына қарамастан, оның көпқырлылығы, оның негізгі қызметі табиғат аясында, мекендеуінің табиғи ортасында өтеді. Адам табиғатпен тыныстайды, оның өмір сүруінің көздері де осында. Өзінің терең мəні жағынан табиғат  пен  қоғам өзектес.

Экологиялық ілімді мемлекет, оның органдары тікелей қызметінде пайдаланады. Бұл қатынастар үшін сипатты болатын  билік сипаты маңызды болып табылады, ол қоғамдық өмірдің нақты саласында мемлекет жүргізетін саясат  арқылы  көрінісін табады.

Құқықтық көзқарас тұрғысынан “экологиялық саясат” анықтамасын қоғам мен мемлекеттің нақты экологиялық мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған қазіргі, қисыны жағынан өзара байланысты жүйені, белгілі бір ресми құжат ретінде ресімделген құқықтық  мəртебесі  бар  құжатты  ұғынған жөн. Іс жүзінде республиканың Үкіметі экологиялық басымдықты жариялайды, адам өмірінің экологиялық жағдайларын жақсартуды өзінің мақсаты етіп алға қояды [11]. (Қазақстан Республикасы    Конституциясы     31-бабы), сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасын жасай отырып табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту саясатын жүргізеді.

1996 жылғы 30 сəуірде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжат Қазақстан Президентінің №  2967  өкімімен мақұлданған болатын. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мемлекет таныған принциптер мен басымдықтарының жүйесі болып табылды, олардың  негізінде сыртқы жəне ішкі экологиялық саясат, құқықтық жəне экономикалық тетіктер, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта  мен  тұрақты  жəне  адам дамуын қамтамасыз ету мен  сақтау үшін, табиғи зілзалалар мен өнеркəсіптік апаттардың алдын алудың қажетті қызмет бағыттары қалыптастырылды. Сонымен бір мезгілде, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі бағыттарының бірі, құрамдас бөлігі, стратегиялық іргелі компонент ретінде анықталады. Заңнамалық тұрғыдан бұл «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңмен (1998 ж.) дəлелденген, онда «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету»  деген  21-бап  бар [12].

Меншік нысанына қарамастан, тиісінше мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті мыналар  болып табылады:

  • қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жəне қорғау;

2)Қазақстанға экологиялық жағынан қауіпті жəне жетілмеген технологияларды, заттар мен материалдарды бақылаусыз əкелуге жол бермеу;

  • Ел аумағының радиоактивтік, химиялық ластануына, бактериологиялық зақымдануына жол бермеу;
  • Экологиялық жағынан қауіпті жəне жетілмеген технологияларды қолдану көлемін қысқарту;
  • Шаруашылық жəне өзге де қызметтің келеңсіз экологиялық салдарларын жою .

Тұжырымдамада Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің экологиялық саясаттың кейбір элементтері белгіленген. Онда атап айтқанда, былай делінген: экологиялық қауіпсіздікті мемлекеттік саясаты экологиялық принциптердің жүйесіне негізделген. Бірыңғай экологиялық саясатты жүргізу үшін табиғат қорғау органдарының құзыретін, олардың қызметінің нысандары мен əдістерін жетілдіру керек, əрбір облыс үшін қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешенді схемаларын жасау ұсынылды, оларда қоршаған  ортаға  ықпал етуді төмендету, табиғатты тұрақты пайдалану жөніндегі жəне қорғалатын аумақтардың жүйесін құру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары белгіленген. Аумақтық облыстық схемалар негізінде мемлекет көлемінде жаһандық экологиялық  бағдарламалар  жасау керек:

  • ұзақ мерзімді бағдарлама – республиканың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету үшін  ХХ1  ғасырға  арналған  Қазақстанның Күн тəртібі;
  • кезек күттірмейтін бағдарлама – Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдарының Ұлттық жоспары.

Экологиялық саясаттың элементтері арасынантұжырымдама нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру; экологиялық  басқаруға қатысу жөнінде қоғамдық ұйымдарды тарту, табиғат   қорғау   шараларын   жүргізуге  қаржы – экономикалық саясатын өзгерту, халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамыту  қажеттігін  атап көрсетеді.

Осы  талапты  ескере  отырып,  2003  жылғыт3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1241 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» мақұлданды.

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасының маңызы  аса  зор.  Бұл   құжат   əдіснамалық база болып табылады, онда Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі басымдықтары мен  бағыттары  баянды етілген.

Халықаралық құқық тəжірибесі мынаны көрсетіп отыр: бірқатар мемлекеттердің заңнамасында экологиялық саясатты жүргізудің тəртібі мен шарттарын реттейтін заңдар қабылданған. Бұл актілерде экологиялық басымдықтарды жариялаудан басқа, осы қызмет жүктелетін ұйымдық мемлекеттік құрылым тікелей көрсетілген, ол оның экономикалық тетігін, сондай-ақ ықпал етудің заңдық тəсілдерін   қамтамасыз етеді.

Қазақстан   Республикасында   да    кезінде Экология жөніндегі Мемлекеттік Кеңес болған еді, бірақ 1995 жылы ол таратылды. Қазақстан Республикасы  Экологиялық кодексінде 16-бабында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті туралы бізге таныс тұжырымды қайта жаңғыртты:  “мемлекеттік  саясаттың  негізгі бағыттарын,  оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық   жəне  тактикалық  шараларды əзірлейді, оларды Президентке бекітуге береді”. Осыдан  мынадай  қорытынды    жасауға болады:  Қазақстан   Республикасының экологиялық саясаты мемлекеттік, ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде əлі де болса қалыптаса қойған жоқ, қалыптаспаған, өзінің құқықтық мəртебесі жоқ, жаңадан орнығу сатысында болып отыр. Бағдарламаны қамтамасыз етуге бағытталған  факторларды  анықтау  керек.   Ол факторларға:

  • ұйымдық қамтамасыз ету;
  • құқықтық қамтамасыз ету;
  • экономикалық қамтамасыз ету;
  • халықаралық қамтамасыз ету факторлары жатады.

Тек осы шарттарды біріктіріп қана экологиялық саясаттың тиімділігі туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны, экологиялық қауіпсіздік мəселелерін басқаратын саны көп, құрамы күрделі мемлекеттік орындар жұмыс істейді. Олар қоршаған ортаның ластануына, улануына, табиғат байлықтарының ысырап болуына қарсы, табиғатты пайдалануды жəне қорғауды тəртіпке салу  үшін  көп еңбек етуде.

Туған табиғатты аялап, халқымыздың болашағын ойлау абыройлы борышымыз жəне жауапты  міндетіміз.

 

Əебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 9 қаңтар -5б.
  2. Дубинин А.С. Экологическая напряженность и генофонд человека // под общ. Ред. М.Я. Лемешьева – Москва, «Прогресс», 1990. – с.37.
  3. Петров В.В. Экологическое право России. –Москва. «Прогресс», 1995. – с.98
  4. Культелеев С. Т. Экологическое право РК–Алматы. 2003. –с.98
  5. Əбдез Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. – Алматы.– 126б.
  6. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. – Алматы.1995. – с.108.
  7. Бакишева Г. С. Экологическое право РК-.Караганда. 2002.-с.23.
  8. Охрана природы: Справочник //Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. 2-е изд. перераб. – Москва. «Агропромиздат» 1997. –с.22.
  9. Еренов А.Е., Сахипов М.С., Мухитдинов Н.Б., и др. Правовая охрана природы в Казахской ССР. – Алма-Ата. «Наука». – с.198
  10. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы. 1995.-26б.
  11. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 (2007 жылғы 21мамыр өзгерістер мен толықтыруларымен )-24б.
  12. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы 30 сəуір 1996 -2б

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.