Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туысқандық қатынастарынан туындайтын келісім-шарттар

Қазақ қоғамындағы қызыл көтеру, асар т.б институттар көбінесе туысқандық жүйесінің негізінде қарастырылғанымен, бұл институттардың да келісім-шарттық маңызы өте жоғары болып табылады. Себебі, қазақ әдет құқығы жүйесіндегі бұл институттар көп жағдайда қауымдық міндеткерлікке негізделген институттар болып табылады. Көбінесе, бұл ел ортасында міндетті орындалатын және ешкім қарсылық білдірмейтін, өзінен-өзі орындалу механизмі болған жүйе деп айтсақ та болады.

Туысқандықтың тағы бір руаралық келісімге, мәмілеге негізделген институттарының бірі, асар болып табылады. Асардың табиғаты ерекше. Асардың қажеттілігі төмендегідей: «Қазақ халқының өміріндегі еңбек үрдісіне байланысты туған бұл ізгілікті дәстүр бойынша, белгілі бір шаруаны үлкен-кіші демей, барлық ауыл адамдары болып бірігіп тындырады екен. Көптің күшімен атқарылатын мұндай іс-қаракетті асар деп атаған. Сірә, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз содан шықса керек. Айталық, ауылды жерлерде жас шаңырақ иелеріне үй салу да көбіне жақын-жуық, көрші-көлем қолқабысымен жүзеге асырылған. Яғни, арнайы заттай шығынсыз-ақ баспана тұрғызылған. «Торқалы той, топырақты өлім» аталған шақтарда да ағайындардың бірлесіп кететін дәстүрі бар. Асарға шақырылған адамдар міндетті түрде келетін болған. Егерде бір рет асар жасағанда шаруа бітпей қалса, екі рет өткізген. Осынау бір ізгілікті, қайырым мол дәстүр ел ішінде әлі де кездеседі» [1, 28-29 бб.]. Кейбір жағдайларда асарды «үме» деп те атаған. Ол туралы қазақтың көне тарихында былай делінеді: «Қазақ арасында ерте заманнан келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір-бірінің   жұмысына қолқабыс көрсетеді. Қауырт күш жұмсауды талап ететін жұмыс кезінде, мысалы: қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, піпе, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй-жай, қора салу, той жасау, ас беру, өлім ұзату сияқты істерді істесіп келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасындағы өзара көмектің бір түрі. Бұл еругеқару жолымен алма-кезек болып отырады. Бұл асарға ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың  көмегінен  құр  қалады.  Осындай жұмыс майданына кездейсоқ келіп қалған жастар  да  ешқандай  іркілмей   жұмыс  істеуге  кіріседі,  жұмысқа  қол  тигізбей  қарап  тұру «жас келсе іске, кәрі келсе асқа» деген салтқа қайшы келеді. Феодалдар да осы салтты пайдаланып, еңбекшілерге тегін жұмыс істетті, бірақ олар еңбекшілердің асарына қолқабыс істемеді, мұндай асардың қанаушылық мәні болса, еңбекшілердің арасындағы асар-өзара көмек сипатында болды» [2, 387 б.].

Еліміздің белгілі этнографы С. Кенжеахметұлы үмені былай таратып талдайды: «Үмеге келген үндемей қалмайды». Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып», бас қосып, көпшілк болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқа мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін   әнші, күйші жыршылар да келіп өнер  көрсетіп,  жұрт  бір  серпіліп  қалады. 

Үме ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды [3, 16 б.]. Асар жүйесі де, ежелгі дәуірлерден келе жатқан дәстүрі қазақ қоғамындағы әлеуметтік астары бар өзара көмектің түрі болып табылады. Асар руаралық келісімді меңзейді. Өйткені, тамағын асып, асарға шақырғанда оған келмей қалуға болмайды. Бұл былайша айтқанда руаралық міндеткерлікке негізделеді. Асарға жұмылмаса, оны ертеңгі күні бүкіл халық болып қаралауы мүмкін. Сол арқылы оны елден сырт қалдырып, отырады. Халықтың мұндай тезіне шыдамаған адам соңында сол елден кетуге мәжбүр болады. Асар дәстүрі «у ішсең де, руыңмен іш», – деген қағидаға негізделеді. Асарда келісім-шарттық құқықтық та және моральдық та міндеттеме жүгі топтастырылған. Ежелгі дәуірлерде асардың қолданылуы туралы кеңестік дәуірдегі ғалымдардың бірі, В.Ф. Шахматов өзінің ойын былай орынды түсіндіруге тырысады: «Степные колодцы были различной глубины, в зависимости от рельефа местности, от почвы, залегания водоносных слоев и т.д. встречались мелкие колодцы, так называемые эспе (таиз), колодцы глубиной до 2 сажен-так называемые урпа, глубиной до 4 сажен-кудук – кую (терень). В песках колодцы располагались на большой глубине, это так называемые шинрау. Некоторые из них достигали глубины 25 сажен.

Если выкопать эспе и кудуккую было под силу одному-двум человекам, то для рытья шинрау требовались участие большого количества людей и серьезные навыки в этом деле. Как правило, шинрау копал весь аул или его рыли мужчины из нескольких аулов, обычно на путях пекочевок. В этом случае шинрау считался собственностью того или общины, отделения какого-либо рода или подотделения, который его выкопал. Те же шинрау, которые были вырыты на кочевых путях или на пастбищах по инициативе или на средства бая (бия), считались собственностью последнего. Конечно, не сам бай проводил эту работу, а его однородцы, одноаульцы, консы, пастухи. Иногда для рытья шинрау бай созывал «асыр» (помощь) из соседних аулов и кочевий. Он выставлял угощение всем работавшим. Вырытый колодец считался принадлежащим баю и его роду (ближайшим родственникам) и в большинстве случаев получал название по его имени» [4, 93 б.]. Қазіргі кезеңде еліміз тәуелсіздік алып, дамыған тұста ұлтымыздың айнасы болып табылатын қазақ ұлттық энциклопедиясында асарға мынанда кішігірім түсінік берілген: «Асар көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Бұрын шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмысқа асар жасайтын болған. Асар жасаушы адам алдымен жұмыс түрін, уақытын айтып, ағайын-туған, жора-жолдастарын асарға шақырады. Асарды Қазақстанның кей жерлерінде «үме» дейді» [5, 474 б.]. Әрине, бұл біздің ойымызша жеткіліксіз, болашақта оны кеңейтіп талдағанда болар еді. Өйткені, туысқандық институты біздің ұлттық ерекшелігімізді нақыштайтын түсінік болып табылады.

Қазақ қоғамындағы міндеткерлік қатынастарынан туындайтын құқықтық шарттың бір түрі – қызыл көтеру болып табылады. Рулы елдің ішінде қыс қатты болып, мал қырылған жағдайда барлық ру мүшелері шамасына қарай малмен қол ұшын беріп, сондай қиыншылыққа ұшыраған адамды көтермелейтін болған. «Қауымдық – рулық демократияның терең қабаттарына кеткен институттардың ішінен қызыл көтеру ерекше көзге түседі. Оның мәні мынада: ру мүшелерінің ірі қара малдары, жылқы және түйелері аяқ астынан мертігіп, не сойып алатын жағдайға ұшырағанда руластары етті 12 мүшеге бөліп сатып алып, малдың толық құнын төлеп отырған. Көптеген адамдардың айтуына қарағанда, әсіресе жаз айларында мал өлімге ұшырағанда тез бұзылуына байланысты ру мүшелері хабарды естіп, мал кедей, байдікі демей лезде сатып алатын болған» [6, 75 б.].

Көріп отырғанымыздай, қызыл көтеру туысқандықтың негізгі түрлерінің бірін құрайды. Қазақ әдет-құқығының деректерінде қызыл көтерудің жүзеге асуын, оның мөлшерін былай көрсетеді: «Другого рода вспомоществование, но более частное, чем жлу, где участвует целый род и которое есть поэтому дело более общее, родовое, –   состоит в так называемом кызыл-котерю, ограничивающееся участием  лишь  одноаульных родовичей и заключающееся в следующем: если у коголибо из бедных киргизов падет случайно одна из немногих его крупных скотин, то одноаульцы, в видах вознаграждения утраты бедного, раскупают павшую скотину по двенадцати ее главным  частям,  или,  как   говорят  киргизы, по джиликам, заплатив за каждый джилик по барашку-ягненку, что составляет 12 ягнят, равняющихся 18 рубл.серебр., если перевести их на  русския деньги по существующей на ягнят торговой норме по 1 р. 50 к. сер. За каждый, да прибавив к этому еще шкуру, ценимую обыкновенно до 3 р. сер., выйдет всей выручки от подохшей скотины 21 р. сер. Вообще в деле вспомоществования ближнему киргизы ни сколько не отстали от других народов и многих даже определили. Помогать  родовичу-это  долг  каждого киргиза и обратилось в непременный обычай» [7, с. 286-287]. Қызыл көтеруде жоғарыдағы айтып өткен жылу, жұртшылық, асар сияқты руаралық міндеткерліктің бір түрі болып табылады. Яғни руаралық келісімнің, мәміленің тағы бір көрінісі.

Қорыта келгенде айтарымыз, туысқандық қатынастардан туындайтын институттың негізін құрайтын келісім-шарттық түрлері осындай. Бұлар негізінен руаралық міндеткерлікке негізделіп жүзеге асады. Ал оның ішінде тамырлық болса, екі тараптың өздерінің мойнына достыққа негіздеп, құқықтар мен міндеттерді жүктеу арқылы жүзеге асырылады.

 

Әдебиет

 

  1. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. – Алматы, 1998. – 208 б.
  2. Қазақтың көне тарихы / Дайындаған М. Қани.– Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.
  3. Кенжахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: көпшілік оқырман қауымға арналған. – Алматы: Ана тілі, – 80 б.
  4. Шахматов В.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община (вопросы образования, эволюции и разложения). – Алма-ата: Изд. Академии Наук КазССР, – С. 207.
  5. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – Т. – 720 б.
  6. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. – Алматы: Мектеп, 2002. – 224 б.
  7. Баллюзек Л. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в малой киргизской орде силу закона // Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы: Жалын, – С. 217-299.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.