Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәстүрлі қоғамындағы зекет және соғым алымы

Қазақтың көшпелі өмірі әлемдік өркениетке белгілі үлес қосумен қатар,  өзінің  бойына басқа өркениеттің де дағдыға айналған белгілі құбылыстарын бойына сіңіре білген болатын. Қазақтың көшпелі өмірінде шығыстық үлгілердің және әдет-ғұрыптардың көптеп орын алғандығын байқауға болады.

Көшпелі қазақ қоғамының Араб елінен ислам дінімен қатар, оның әдет-ғұрыптары, құқықтық жол-жоралғылары еніп күнделікті өмірлік дағдыға айнала бастады. Оның ішінде қазақ әдет-ғұрып құқығы бұл тұрғыдан алғанда, өзінің бойына мұсылмандық құқықтық қағидаларды жете сіңірді. Қазақ әдет-ғұрып құқығы өте өміршең және бейімшіл құқықтық жүйенің қатарына жатады. Оның бойында өркениеттік сипаттағы құқықтық қағидаларды оңай қабылдау қабілетімен қатар, оны қоғам өміріне бейімдеу күші де бар. Жалпы қазақ әдет құқығының құндылығы мен маңызы туралы белгілі ғалым С.З. Зимановтың мына ойы өте орынды және методологиялық негізді болып табылады: «Қазақ құқығының ерекшелігі ол көшпенді өркениет шеңберінде туып, сол дәуірдің ең құнды сипатын иеленді. Бұл тұрғыдан ол тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер әлемінен заңды түрде өз орнын ала алады, алуы тиісті де.

Қазақ құқығының мәні мен ерекшелігі оның тарихтағы белгілі бір жүйелі – институционалды құрылым екендігіне емес. Барлық халықтар өз тарихының бастапқы сатысында ондай әдетғұрыпқа негізделген құқықтық реттеудің үстемдік етуі дәуірін басынан өткерді. Бірақ мұндай кезең көптеген халықтардың тұрақсыз, әрі қысқа мерзім ішіндегі өтпелі дәуірі болды. Оларда құқық жүйесі билік үшін династиялық күрес, көшпелі және жартылай көшпелі одақтардың жаңа жерлерді іздеп көшуі сияқты ортағасырлық идеологияға сай қалыптасты.  Қазақ  құқығының  ерекшелігі  оның «еркіндік» лебі өріс алған кең аумақта қалыптасып өркендеуіне, көшпелі өркениеттің бейбіт, табиғи тұрақты қағидаларына негізделе дамығандығында. Бұл тұрғыдан ол өзінің мазмұны бойынша өзі қалыптасқан дәуірді айқындады және оның шеңберінен асып түсті» [1, 35 б.]. Қазақ құқығының осы ерекшелігі бұл жүйенің өміршеңдігін көрсете білді. Қазақ әдет құқығының ислам талаптарымен астасып өрбитіндігін, осы мәселені талай жылдар бойы зерттеген белгілі ғалым Н. Өсерұлы былай түсіндіруге тырысады: «Мұсылмандық сот даулы мәселелерді шешерде әуелі Құранға, сонан соң хадис-сунналарға, кейін барып заң білгірлерінің пікірлері ижма мен қиясқа, қала берді әдет-ғұрып заңдарына сүйене отырып қараса, ал қазақ билері, рас Құранды ант алуда басты құрал еткенімен, бұрыннан қалыптасқан ата-баба жолына, жөнжосық, қағида-ережелеріне сүйене отырып шешкен. Біз бұл арада әдет-ғұрып заң нормаларындағы талаптар Құран не суна талаптарына кереғар емес, қайта етене жақын екендігін баса айтқанымыз мақұл» [2, 62 б.].

Қазақ әдет-ғұрып құқығына оның нормалары мен институттар жүйесіне шариат ережелерінің көптеген талаптары енген болатын. Сондай дәстүрлі құқықтың бір бағыты алым-салықтар жүйесі болып табылады. Қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесінде алым-салықтардың өзіндік нормалар тәртібі қалыптасты. Осындай ел ықтиярымен берілетін қайырымдылық әрекетіне зекет беру жатады. Зекет беруді мұсылмандықтың бір парызы деп  негізінен  түсінеміз.  Сонда да, болса дәстүрлі қазақ қоғамында зекет беру халықтан жиылатын белгілі бір алымның көзіне айналғандай да кезі болды. Бұл мәселені талдамас бұрын жалпы зекетке қандай түсінік берілген соған тоқталуымыз керек. Зекет энциклопедиялық сөздіктің бірінде былай анықталады: «Закят (араб-очищение) – налог-подаяние,  который  обязаны  вносить   состоятельные мусульмане в пользу нуждающихся и на поддержку ислама. Закят считается одним из пяти столпов исламской веры, поэтому его внесение – религиозная обязанность, выполнение которой приносит очищение имуществу, доходам, делам и душе мусульманина. Взимание закята предписано в Коране, а размеры и правила обложения разработаны в шариате. В феодальных мусульманских государствах закят взимался (только с мусульман) со скота, ремесла, торговых прибылей, наличных денег  и  драгоценностей. У современных мусульман закят – добровольное даяние духовенству» [89, c.  129].  Зекет беру адамның Құдай алдындағы парызы және тазаруы. Сонда да, болса зекетті біз алымның белгілі бір нысаны ретінде қарастырғанымыз жөн болып табылады. Қазақ әдет-ғұрып құқығының мұраларын зерттеуші кезіндегі патша шенеунігі Г.Д. Андре қазақ ордасындағы заңдық күші бар әдет-ғұрыптарды жинақтап сипаттама берген еңбегінде зекеттің қазақ даласында қалай жиналатындығы туралы және оның жолдары туралы нақты деректер қалдырып кеткен. Енді соған сөз кезегін бұратын болсақ, ол былай дейді:

«а) В нынешнее время зякет определяется с общим согласием ордынцев  целого  отделения и производится муллою на содержание сего последнего для обучения киргизских детей, а частью и на вспомоществование бедным.

б) сбор такого зякета производится один  раз в год, весною, когда аулы начинают трогаться со своих зимовок. Мулла в сопровождении двух или трех приглашенных для этого киргизов объезжает аулы своего отделения, проповедуя зажиточным ордынцеам, чтобы не забывали бедных и вместе с тем точным ордынцам чтобы не забывали бедных и вместе с тем производит сбор на следующих правилах. Ордынцев имеющий 40 баранов должен уделить 1 барана мулле.

Имеющий 120 баранов уделяет 2 барана

имеющий 200 баранов уделяет 3 барана

имеющий 300 баранов уделяет 3 барана

имеющий 400 баранов уделяет 4 барана

имеющий 500 баранов уделяет 5 баранов имеющий 600 баранов уделяет 6 баранов  и так далее.

С каждой сотни по 1 барану

с) С того же ордынца если имеет лишних верблюдов берется

с 5 верблюдов 1 баран

с 10 верблюдов 2 барана

с 15 верблюдов 3 барана

с 20 верблюдов 4 барана

с 25 верблюдов 5 баранов.

Лишними верблюдами считаются те, кои во время кочевания не ходят  под  вьюками.  Будь же ордынец имеет хотя и большое количество верблюдов но при перекочевых все идут под вьюками, в таком случае сбор с тех верблюдов не производится. Но имеющий более 25 лишних верблюдов вместо  того,  чтобы  уплачивать зякет с верблюдов баранами дает с 25 лишних верблюдов  1-го  верблюда  (самку)  по  2-му году, с 36-ти верблюдов-1,  по  3-му  году  с 46ти верблюдов-1, по 4-му году с 50 и по 61 верблюдов-1, по 5-му году.

С рогатого скота зякет собирается:

С 30 голов 1-го двухгодовалого быка С 60 голов 2-х двухгодовалых быков С 90 голов 3-х двухгодовалых быков С 120 голов – 4-х двухгодовалых быков и т.д. с каждых 30 годов по 1-й двухгодовалой скотине. Лета баранов для зякета положено не   менее 1-го, а верблюдов 2-х лет: больная или хромая скотина может идти в зякет» [3, с. 183-184.].

Бұл мәліметтерге қарайтын болсақ, зекет дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салықтың бір түрі ретінде хандық жүйенің тиісті жұмыс атқаруын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп отырды. Зекеттің әрине діни сипаты, мәні басым, оның мақсаты да  осыған  бағытталған.  Енді Г.Д. Андренің ойын ары қарай жалғастыратын болсақ, оған көзіміз толық жетеді:

«е) мулла не имеет права взимать зякета от того ордынца у коего хотя и может оказаться достаточное число голов для уплаты, но могущим впоследствии терпеть через эту нужду.

Алкоран... буде ордынец хотя и имеет у себя 40  баранов,   следовательно   подлежит  уплате 1 барана, но из того числа должен кому-либо несколько баранов или одного в подобном случае от того стада, как бы уже не состоящего из 40 голов, зякет не распространяется;

д) если при объявлении о недостатке в скоте, мулла усомнится в таковом указании, то имеет полное право произвести счет состоящего налицо стада.

Из всего собранного мулла берет одну лишь часть всего зякета необходимую для годичного содержания его, остальное же раздается бедным, а также уделяется несколько голов в пользу тех людей кои помогали мулле в сборе зякета;

 и) мулла может производить зякет не в одном только Отделении но и и в 2-х и 3-х и более, если в сих последних ни муллы, ни Казыя нет.

Казый имеет право разъезжать по целому роду для увещевания киргизов касательно отдачи лишнего имущества на богоугодное дело; но собирать зякет сам не может если до него уже мулла произвел тот сбор, равным образом казый не имеет права разъезжать вместе с собирающим зякет муллою;

к) подозреваемый мулла в неправильном сборе зякета, лишается в то же время своего места» [4, c. 184-185].

Жоғарыда біз атап өткеніміздей зекет институты қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесімен астасып оның талап деңгейлерінде өз қызметін атқарды. Енді біз сөз кезегін дәстүрлі қазақ қоғамында зекеттің еніп, оның қолданылуы тәжірибесінің жинақталған сипатын айқындайтын болсақ, оның негізгі тәртіптерін былай көрсетуге болады:

«Зекет басы азат, шаруашылығы бүтін азаматтардың бәріне бірдей міндет. Егер тапқан пайдасы, не болмаса шаруашылығының өнімі өзіне, әйелі, бала-шағасына жетіп артылып отыратын болса, қысы-жазы киетін киімін, мінетін көлігін, жейтін тамағын, аяқ-табағын, төсек орнын, үй-жайын ақтаса зекет беру парыз болады. Зекетті бірінші кезекте жарлы-жақыбай, бейшараларға, науқас адамдарға, ел мүддесі үшін жұмсалатын шығындарға, қажы жолына барамын деген нашарларға, ұзақ жолда жүріп мүсәпірлікпен жоқшылық кешкен адамдарға беру парыз. Әр адам өз меншігінен зекет берерде ең алдымен өз ағайыны, не көршілері жоқшылық көрсе соларға көмектескені абзал. Жақын көрші адамдарға қарасу дәулетті қазақтарға уәжіп болмақ.

Түйе малының бестен кеміне зекет жоқ, бес түйеден тоғыз түйеге шейін бір қой, он түйеден от төртке дейін екі қой. Он бестен жиырмаға шейін үш қой, жиырмадан-жиырма беске шейін төрт қой, жиырма бестен отыз алтыға шейін-тайлақ, яки бір тайлақтың басын төлемек, отыз алтыдан қырық алтыға шейін-құнадын, інген, қырық алтыдан-алпыс беске шейін-бір беске шығаратын, алпыс бестен-жетпіс алтыға-бесті түйе, жетпіс алтыдан-тоқсан бірге дейін-екі құнажын інген, тоқсан бірден-жүз жиырмаға шейін-екі дөнежін інген, жүз жиырмадан асқан соң әр бес түйеге 1 қой қосыла береді. Сиырдың отызынан кеміне зекет парыз жоқ. Отыздан қырыққа шейін сиыры бар кісіден бір жасқа толған бір сиыр.

Қырық сиырдан-бір құнан өгіз, алпысқа толса, бір жасардан екі өгізше бермек керек. Мұнан соң әр тоғыз сиырға бір жасар сиыр, әр қырық сиырға екі жасар бір сиыр қосыла береді. Қой мен ешкі қырыққа толса-жүз жиырмаға шейін-екі жасар бір қой, я ешкі бермек керек. Жүз жиырмада бір болғанда екі жүзге шейін-екі қой, екі жүз бір қойғаүш қой, екі жүз бірдей төрт жүзге шейін төрт қой, мұнан соң әр жүз қойға-бір қой беріле береді. Алтынның жиырма мысқалдан кеміне зекет парыз емес, жиырма мысқалдан жарым мысқал алтын беру керек. Күмістің екі-жүз дирһәмінен кеміне зекет парыз емес. Екі жүз дирһәмге бес дирһәм зекет беру керек, яғни алтын-күмістің қырық теңгесінен бір теңге тиісті болады. Мұнан кейін асыл тас, меруерт, лағыл, маржан сияқты нәрселер, егер өз тұтынуына емес, сауда ниетімен сақталынса, мұнан да зекет  тиіс. Бағасына  қарай, яғни ол асыл нәрселердің бағасы екі жүз дирһәмға толса, бес дирһам зекет беру керек. Астық, яғни егіннің зекеті, егер далаға егіліп, құр қармен жаңбыр суларымен өссе, зекетті оннан бір, яғни он пұттан бір пұт, бірдің жартысы беріледі, яғни он пұттан жарты пұт, жиырмадан бір пұт берілсе керек.

Қалалар мен отырықшы қоныстарға жарғының келісімімен қазақтың батыр-билері де иелік жасай береді.

Мемлекет меншігіне жиналған қазына мемлекеттік мүддені көздейтін іс-шараларға арналуы тиіс: елшілік аттандыру, өзге елдің елшілігін қабылдау, өзге мемлекет басшыларына сыйлықтар, жұтқа ұшыраған руларға жылу көмек, жаугершілік кезінде қару-жарақ, мінер ат, тамақ, тұтқыннан босату үшін (өз қандастарын сатып алу үшін)» [5, 93-95 бб.].

Қазақ қоғамындағы зекет институты бастауын шариат нормаларынан алса да дәстүрлі қоғамның өмір шындығы тудырған талаптарға бейімделген қазақтың әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі алым-салықтың бір түріне айналды. Келе-келе зекет мұсылмандықтың бір парызынан сахара жұртындағы алымның ерекше түріне көшіп, жылда ел арасында міндетті түрде жиналатын белгілі бір алым болмысын иеленді. Қазақтың дәстүрлі құқығы зекет алудың, оны жинаудың тәртібін, жолдарын белгілеп, оның мөлшерін айқындады. Зекет институты, дәстүрлі құқықтық жүйемен астасып, оның ішкі болмысына кіре отыра, оның бір құрылымдық тетігі қызметін атқарды. Бұдан біз мұсылмандық қағидалар мен қазақ әдет құқығының арасындағы  байланысты және олардың бір-бірін жатсынбай, керісінше өзара бірін-бірі толықтырып отыратындығын көре аламыз. Қазақ ішінде зекеттің мөлшері малдың басына байланысты салынатын болған. Мысалы, 40 қойдан 1 қой, 120 қойдан 2 қой, 500 қойдан 5 қой, 5 түйеден 1 қой, 25 түйеден 5 қой алынатын болған. Осылай өсіп отырды.

Соғым алымы, ежелгі дәуірлерден қазақ ішінде келе жатқан ғұрыптардың бірі болып табылса, Ресей патшалығы тұсында, оның мәні мен мазмұны өзгеріп отырды. Қазақта соғым сою – қазақтың дастархан берекесінің, ат дәстүрінің ежелден келе жатқан үзілмес көрінісі. Дәулетті адамдар бірнеше ірі қара сояды. Соғым басына шақыру – тағы да міндетті салт. Бұған ауыл үлкендері, көршілер шақырылып, соғым сойысқандар, қазекеңдер біраз қауқылдасып, жас етке бір тояды. Үй иесіне «соғым шүйгін болсын» деп тілеу білдіреді, үлкендер батасын беріп тарқасады [6, 166 б.].

Бұрынғы кездерде қазақтар, хандарға, ірі сұлтандарға, белгілі билерге, сонымен қатар жақын ағайын-туысқанына соғым беріп отырған болса, Ресей патшалығының тұсында, қазақтардың ішінен жаппай соғым алымы, алына бастады. Соғым алымын, Ресей, сырт елдермен соғыс ісінде, пайдалану үшін алған болатын.

 

Әдебиет

  1. Зиманов  С.З.  Қазақтың  ата  заңдары    және оның  бастаулары  //  Қазақтың  ата  заңдары.
  2. Құжаттар,   деректер   және   зерттеулер:    10 томдық. – Өзгертіліп, толықтырылған 2-басы- лым / Бағдарлама жетекшісі:  С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т.1. – 29-39 бб.
  3. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 104 б. Материалы   по   казахскому   обычному  праву, собранные    чиновником    особых   поручений
  4. Д’Андре в 1846 году // Материалы по казахскому обычному  праву:  сб.  Научно-популярное   издание  /  сост.  Т.М.   Култелеев,  М.Г.   Масевич,
  5. Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. – С. 156-213.
  6. Сапарғалиев  Ғ.С.,  Ибраева  А.С.   Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. – Алматы:Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
  7. Артықбаев   Ж.О.   Жеті   жарғы   – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі,   деректер, тарихы, мәтіні): оқу құралы. – Алматы:    Заңәдебиеті, 2003. – 150 б.
  8. Исабеков  А.Қ.  Қазақстан Республикасының мемлекет  және  құқық  тарихы:  оқу құралы: Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 223 б

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.