Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Конституциясының даму кезеңдері және ерекшеліктері

Қазақ мемлекеті құқықтық мемлекет ретінде бірден қалыптаса қойған жоқ. Қаншама сан ғасырлық тарихы бар ұлы далада құқықтық мемлекет құру оңайға соққан жоқ. Даңқты азаматтарымыздың, білектің күшімен, найзаның ұшымен осы күнге қол жеткізді. Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негізгі Ата заңы болуы керек. Ол заңды құбылыс. Қазақстан Республикасының Ата заңын қабылдауының өзі тарихпен байланысты. Қазақстан Тәуелсіздік алған соң бірден Ата заңын қабылдай алмады. Қазақстан Республикасының конституциясының қалыптасуы бірнеше тарихи, күрделі, өтпелі кезеңдерді қамтиды. Сондай-ақ қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігінде өзгерістер енгізілуде. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері мен ерекшеліктеріне зерделей қарауымыздың маңызы зор.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі, 1991 жылғы тамыз төңкерісі одақтас мемлекеттердің ыдарауына өз ықпалын тигізбей қоймады. Кеңес одағының ішкі саясатының құлдырауы Кеңес Социалистік Республикалар одағының ыдырауына әкелді. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина Республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж кездесуі) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың одақтан шығуы объективті процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы фактор болып отыр деп көрсетілді. Себебі орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді  деп атап өтілді.

Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық одағын Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құруға жол ашты.

1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасыныңатауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. Заң қабылданған сәттен бастап, құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деп аталды [4, 233 б].

Декларация кіріспеден, он жеті бөліктен тұрады. Декларацияның бірінші бөлігінде Қазақ Советтік Социалистік Республикасы – егеменді мемлекет, ол басқа республикалар мен Егеменді Республикалар одағына ерікті түрде бірігеді және олармен өзара қатынастарын шарттық негізде құрады делінген.

Декларацияның жетінші бөлігінде Республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылатыны туралы айтылған. Және онда Президент Республиканың басшысы болып табылады және онда ең жоғары өкімшілік атқару билігі болады делінген. Ал, ең жоғарғы сот билігін Қазақ ССР Жоғарғы соты жүргізеді деп көрсетілген.

Осы декларацияның он жетінші бөлігінде: Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақ ССР жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылатындығын баса айтқан. Бұл жерде Қазақстан Республикасының нақты Конституциясы қалыптаспағанын көруге болады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.

ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.

Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.

Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.

Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.

Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші   тарауда,   ҚР   дүниежүзілік  қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.

Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.

Жетінші  тарау  –  Қорытынды   ережелер [10, 12 б].

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғарғы Арбитраждық соттар және басқалар.

1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.

Қоғамды түбегейлі құрудың қажеттілігі жаңа Конституцияны әзірлеуді талап етті, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданды. Конституция кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Конституциямыздың кіріспе бөлімінде: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріккен Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» делінген [1]. Осы жердегі әрбір тұжырымға тоқталып өтсек.

Ортақ тарихи тағдыр біріккен Қазақстан халқы деп мұнда еліміздің күрделі өтпелі кезеңдерден өткендігін және құқықтық мемлекет ретінде бірден қалыптаспағанын, сондай-ақ мәтінде қазақ халқы деп емес, Қазақстан халқы деп берілуі елімізде ұлтаралық теңділіктің айрықша нысаны орнағандығын байқауға болады. Сан ғасырлар бойы еліміз тәуелсіздігі үшін күресті. Осыншама уақытта егемендік үшін күрескен тек қана қазақ халқы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерінің сол қиыншылықты бірге көргендігін ескеруіміз керек.

Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып деген тұжырымдама – Қазақстанның жері, яғни территориялық аумағы тек Қазақстанға тиесілі екендігі, сондай–ақ унитарлы (біртұтас) мемлекет ретінде қарастырған.

Өзімізді, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып деген тұжырымдаманың астарында үлкен мән жатыр. Яғни мұнда азаматтық қоғам ұғымына анықтама беріліп отыр. Ал, азаматтық қоғам деп отырғанымыз құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғышарты.

Сонымен, мұнда азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы [2, 37 б].

Философия ғылымдарының докторы, профессор Р. Әбсаттаров Азаматтық қоғамға мынадай анықтама береді: Азаматтық қоғам – бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырған  қоғам.  Оған  идеологиялық  монополизм мүлдем жат. Бұл еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділікке, тоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жоқ. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді [3, 229 б].

Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 1 бабында Қазақстан өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастырады, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Осы жерде соңғы  сөйлемді  негізге ала отырып, ҚР құқықтық мемлекет ретінде қалыптасты деп тұжырым жасауға болады.

Соңғы қабылданған конституцияның алдыңғы конституциялардан ерекшелігі, билік тармақтарының бөлінуінде және Президенттік Республика болып қалыптасуында. Конституцияда заң шығарушы билік парламенттің құзырында, ал атқарушы билікті Үкіметтің жүзеге асыруы, ал сол атқарушы биліктің басшысы ретінде Президенттің болуы. Сот билігін конституцияға сәйкес үшке бөлінеді: Жоғарғы сот, облыстық және оған теңестірілген соттар, аудандық, қалалық соттар. Сонымен, 1993 жылғы конституция бойынша мемлекет басшысы қызметін Президент атқарғанымен, нақты атқарушы билік Жоғарғы кеңес (парламент) алдын есеп берді. Ал, 1995 жылғы конституция бойынша Мемлекет басшысы Президент болып табылады, оған кең өкілеттілік берілген. ҚР Үкімет атқарушы билік болып саналады, ол парламент алдында емес, Президент алдында есеп береді. Және Үкімет мүшелерін Президент  өз  қалауы  бойынша  қызметке тағайынайды және босатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихын зерттеген ғалымдар жетерлік. Олар: С.А. Табанов, А.Ә. Оразова, Ғ. Сапарғалиев, С.  Зиманов,  А.К.   Котов,   В.П.   Портнов, М.М. Славин, А. Нүкенов және т.б.

Белгілі заңгер ғалым А.К. Котов Қазақстанның конституциялық эволюциясын дамуын мынадай төрт кезеңге бөледі:

  1. Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 жж. ұлттық-демократиялық идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласу);
  2. Кеңес дәуірі (20 жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
  3. Кеңес дәуірінің аяқталуы (80 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар аралығы);
  1. Кеңестік дәуірден кейінгі (1991-1993);
  2. Қазақстан дамуының алғашқы сатысы «де– факто» (1993 жылдың  қарашасынан  бастап) [5, 5 б].

Ал В.П. Портнов пен М.М. Славин Конституциялардың қабылдануын үш кезеңге бөліп қарастырды:

  1. 1918 жылғы РКФСР Конституциясы және 1924 жылғы КСРО Конституциясы (мұнда қоғамды социализм негізінде революциялық жолмен қайта құру дәуірінің ерекшеліктеріне сай капитализмнен социализмге өту кезеңіндегі кеңестікмемлекеттіңнегізгібелгілерінқамтиды);
  2. 1936 жылғы КСРО Конституциясы Кеңестер одағындағы социализмнің негіздерін бекітуіне байланысты коммунистік формацияның қалыптасуы);
  3. 1977 жылғы КСРО Конституциясы (кеңестік қоғамның кемелденген социализм сатысын орнату) [6, 310 б.].

Заң ғылымдарының докторы, профессоры С.А. Табанов күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарын (конституцияларын) бес кезеңге бөліп қарастырады:

Бірінші кезең: Кеңестік Республикалардың конституциялық рәсімделуі және РКФСР құрамына кірген автономикалық республикалардың конституцияларын қабылдау. Бұл кезең 1917– 1922 аралығын қамтиды.

Екінші кезең: алғашқы КСРО Конституциясының 1924 жылы дайындалып, қабылдануы және осының негізінде одақтас, автономиялық республикалардың конституцияларын қабылдау; Үшінші кезең: 1936 жылғы КСРО Конституциясы мен оған негізделген одақтас республикалардағы  1937  жылғы  конституциялары (соның ішінде Қазақ КСР-і де бар).

Төртінші кезең: 1977 жылғы КСРО Конституциясы мен 1978 жылы одақтас республикалар Конституцияларының дайындалып, қабылдануы мен аяқталды. Бұл кездегі кеңестік конституциялық жүйенің дамуы Одақ пен республикалар Конституциялық заңдарының ортақтығы күшейтілуі мен нақтыланды.

Бесінші кезең: 1990–1995 жылдар аралығындағы еліміздің тарихи дамуының жаңа белесіне сай келеді. КСРО-ның тарап, соның негізінде ТМД құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының кезекті сатысы еді. Егемендікті алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құқықтық құжаттар қабылдау   қажеттігі өзекті мәселелердің біріне айналды. Дүниеге жаңадан 1993, 1995 жылдарда Қазақстан Республикасының екі бірдей Конституциясы келді [7, 5 б.]. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдерін бесеу деп қарастырады.

  1. Қазақстанныңбіріншіконституциясы КСРО құрылған соң 1925 жылы 18 ақпандағы ҚазАКСР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциямен және Қазақстан РСФСР қол астында болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының есебімен қабылданды. Аталмыш заң басқару формасын енгізгі, мемлекет құрылымын, саяси тәртіпті мемлекеттік билік органдарының құрылымын бекітті.
  2. 1937 жылғы 26 наурыздағы Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім және 124 баптан құрылды. Онда былай деп жазылған: «СССР Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ ССР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады.
  3. 1978 жылғы 20 ақпанда республиканың Жоғарғы кеңесі шақырған кезектен тыс VІІ сессияда қабылданған Қазақ ССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады.
  4. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында 1993 жылы 28 қаңтардағы ХІІ шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрады.
  5. Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. 1998 жылы және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді деп қарастырды [8, 13 б].

Біздің пайымдауымызша, ҚР Конституциясының даму кезеңдерін екіге бөліп қарастыру керек:

  1. Бірінші кезең, 1991–1995 жылдар;
  2. Екінші кезең, 1995–2011 жылдар аралығын қамтиды.

Қазіргі таңдағы қолданыстағы конституцияның ерекшеліктері, оның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуында. 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияның ерекшеліктері:

  • Адам құқықтарының жоғарғы құндылық деп танылуы және оған мемлекет тарапынан кепілдік берілуі (ҚР Конституциясының 1-бабы);
  • Мемлекеттің барлық саласында заңның үстем болуы (4-бабы);
  • Мемлекеттік билік тармақтарына бөлінуі – заң шығарушы, атқарушы, сот билігі (3-бап);
  • Заң мен сот алдында азаматтардың тең болуы (14-бап);
  • Мемлекеттің жеке адам алдында, адамның мемлекет алдындағы жауаптылығы (12, 16-бап); Сот билігінің тәуелсіздігі және азаматтардың сот арқылы өз құқықтары мен  бостандықтарын,заңды мүдделерін қорғауы (13, 80); Плюрализм (көппікірлік), (20-бап); Кінәсіздік презумпциясы, (77-бап).

1998 жылы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттіктерін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейткен жиырмаға жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2007 жылғы жаңадан қабылданған өзгертулер мен толықтырулар Ата заңның мемлекеттік билік құрылымын анықтаушы және Президент, Парламент пен Үкіметтің конституциялық мәртебесіне арналған тарауларында көрініс тапты.

Аталған конституциялық өзгертулер шеңберінде саяси жүйенің демократиялануы бойынша бірқатар стратегиялық міндеттемелер шешілді. Атап өтсек:

Біріншіден, билік тармақтарының қызметі өзара тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделіп, тиімді әрі тең балансты қалпында ұстау жүйесі құрылады.

Екіншіден, шынайы демократиялық, саяси жүйенің маңызды элементі болып табылатын қоғамның басқару процесіне кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, жаңа демократиялық мәдениет пен институттардың құрылуына мүмкіндіктер туады. Жергілікті орындарда өзін-өзі басқарудың дамуына ерекше назар аударылмақ.

Төртіншіден, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігі күшейтілді. Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлі нығайды.

Бесіншіден, жүргізілген реформаларда өлім жазасы туралы мәселе ерекше орында тұр. Баршаңызға мәлім, Қазақстанда соңғы жылдары өлім жазасына мораторий жарияланған еді, бірақ заңдық тұрғыдан бұл жазаны қолдануға мүмкін болатын. Конституцияның жаңа басылымына сәйкес Қазақстанда өлім жазасы адам өліміне әкеліп соғатын лаңкестік қылмыстар, соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін тағайындалады.

Алтыншыдан, Конституцияның жаңа басылымының 50-бабы, 2, 3-тармақтарына сәйкес Сенат құрамына Президент 15 депутатты тағайындайды (бұрын 7 еді), бұл Сенатта ұлттық мәдени және басқа да қоғамның маңызды топтарының мүдделері мен өкілеттігін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, Мәжілістің құрамы 107 депутаттан құралып, конституциялық заңмен белгіленген ретте сайланады, ал 9 депутаты Қазақстан халықтары Ассамблеясымен сайланады.

Жетіншіден, Елбасымыз бен Ата заңымызға ұсынылған өзгертулерге сәйкес, Мәжіліс атқарушылық билік құрылымының негізгі күшіне айналады. Сегізіншіден, өте маңызды өзгерістердің бірі Президент өкілеттігін жүзеге асыруда саяси партиядағы қызметі тоқтатылады деген норма жолдарының Негізгі заңнан (2-ші бөлім 43-бап) алынып  тасталуы.  Халық  сайлаған  ел басын қолдаушы саяси күш болуы.

Тоғызыншыдан, Негізгі заң Сенаттың рөлі мен мәртебесін күшейтуді қарастырған. Жаңадан өзгертілген өзгерістерге сәйкес, Мәжіліс тараған сәтте Парламенттің өкілеттігі Сенатқа беріледі.

Оныншыдан, Елбасы өкілеттігінің мерзімі жеті жылдан бес жылға дейін қысқартылды (2012 жылдан бастап). Күмәнсіз, 90 жылдарда орын алған президенттік мерзімнің жеті жылдыққа көшу кезеңі саяси биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономикалық және демократиялық реформаларды нәтижелі жүргізу қажеттілігінен жасалды.

Он біріншіден, Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады, сондықтан мемлекет арасында ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылық туралы міндет туындады [9, 22 б].

Cонымен, жоғары да көрсетілген он бір тұжырым құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері болып табылады. Осы жасалған тұжырымдарға қарап, қазіргі таңдағы еліміздің конституциясы құқықтық мемлекет құруға бағытталғанын байқауға болады.

Сонымен, қорытындылай келе, ҚР Конституциясының даму кезеңдерін екіге бөліп қарастыру керек:

Бірінші кезең, 1991–1995 жылдар аралығы;

Екінші кезең, 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі.

Қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: ҚР Конституциясы демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуға бағытталған және ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының айғағы.

 

Әдебиет

 

  1. ҚР Конституциясы.
  2. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті – 2008. – 130 бет.
  3. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары: оқу құралы. – Алматы: «Тоғанай Т» баспасы, 2007. – 464 б.
  4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 5-том. – Алматы: Атамұра, 2010. – 544 бет.
  5. Котов А.К. Конституционное становление Казахстана как нового независимого государства // Науч. труды «Әділет». – Алматы,– №1. – С. 5.
  6. Портнов В.П., Славин М.М. Этапы Советской Конституции: историко-правовое исследование. – М., 1982. – С 310.
  7. Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының (Конституцияларының) тарихиқұқықтық сабақтастығы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005 360 б.
  8. Нүкенов А. Қазақстан: іргелі мемлекеттілік және күрделі конституциялық құбылыс // Ақиқат №8, – 2010 ж., 13 б.
  9. Мажитов Р. Конституциялық реформа және оның мемлекеттік маңыздылығы / Заң және заман №8. – 2010 ж., 22 б.
  10. 10 лет Конституции РК (сборник законодательных актов) // сост. Г. Сапаргалиев. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 376.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.