Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот тергеуінің тиімділігін арттыру мәселелері

Ақиқатты анықтайтын, дәлелдемелерге баға беретін, шешім шығаруға негіздерді айқындайтын, басты сот талқылауының орталық, негізгі бөлімі – сот тергеуі. Оның негізгі белгісі болып дәлелдемелерді тікелей және жан-жақты зерттеу, себебі сот алдын-ала тергеу органдарының шешімдерімен байланысты емес, тергеуші жинаған дәлелдемелермен шектеліп қоймай жаңа дәлелдемелерді жинай алады, оларды өз ішкі сенімі бойынша бағалай алады.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің ерекшелігі, іске қатысушылардың құрамымен, сонымен бірге кәмелетке толмағандардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттерімен айқындалады.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің басты талабы болып, айыпталушының жасының және психологиясының ерекшеліктерін ескеру болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың істерін қарау ерекшелігі сот төрелігін жүзеге асыру кезінде өнегелік бастамалардың кең қолдануында көрінеді, сот қызметіне үлкен тәрбиелік әсері бар жалпы өнегелік принциптерінің, педагогикалық әдістерін еңгізуден тұрады. Бұл кәмелетке толмағандардың қылмысты қайта жасауынан бас тартуға, қоғамға қарсы психологиясының өзгеруіне алып келеді.

Сот билігі мен қоғамдық пікірден пайда болған өнегелік қызмет, сот жұмысын адамгершілік тұрғыдан бағалауда үлкен мүмкіндіктер алады.

Басты сот талқылануына қатысушылардың адамгершілік талаптарының ерекшелігі олардың атқаратын функцияларының ерекшелігіне байланысты. Өнегелік талаптар қылмыстық процессуалдық қызметтің әр субъектісінің орны мен   мақсатына   қарама-қайшы келе алмайды және келмеуі қажет. Сондықтан 1997 жылы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс жүргізу Кодексіне сәйкес айыптау қорытындысын оқу – айыптау функциясын жүзеге асыратын – мемлекеттік айыптаушыға жүктеледі. Бұл сотта айыптауды прокурордың негізгі мақсатынан шығады, яғни қылмыстық іс жүргізуде прокурордың ролі туралы дұрыс қоғамдық көзғарас тудыру үшін қажет.

Айыптау қорытындысын судьямен жариялау кәмелетке толмаған сотталушыға үлкен әсер қалдырады және едәуір психологиялық ауыртпалық тудырады. Ұқсас әсер заңды өкілдерге де көрсетуі мүмкін. Сондықтан прокурорға айыптау қорытындысын жариялау функциясын беру Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің демократиялық қағидаларына сәйкес келеді.

Осыған байланысты профессор М.С. Строгович дұрыс айтқан «...айыптау қорытындысын төрағалалық етушімен жариялау сот процесіне қатысушыларға дұрыс әсер қалдырмауы мүмкін, себебі төрағалық етуші айыптау қорытындысында көрсетілген фактілермен келіскендей болып көрінеді» [1, 271 б.].

Прокурордың соттағы процессуалдық қызметі нақты іс бойынша алған позициясын тұжырымдаудан басталады. Прокурормен айыптау қорытындысын жариялау соттың позициясын дұрыс түсінбеудің алдын-алып қана қоймай, сонымен бірге шешімдердің дұрыстылығы мен негізділігіне жауапкершілігін арттырады.

Айыптау қорытындысын жариялаудың құқықтық салдары сот тергеуінің нақтылы, белгілі шектерін анықтаудан, фактілер мен мән-жайларды зерттеуден, тағылған айыптың көлемінен тұрады.

Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті немесе түсінікті емес екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және оның тағылған айыпқа қатысып көзқарасын сотқа хабарлауын сұрайды. Бұл жерде өзінің кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтыны (толық, ішінара) туралы сұрақты қойған кезде қобалжудың болуы маңызды болып табылады. Жауаптар оның берген айғақтарының жеке тарауына бөлініп шығарылуы қажет, себебі олар істің мән-жайларын зерттеу тәртібіне, бағытына және көлеміне нақты бір әсер етеді.

Кәмелетке толмаған сотталушының берген жауаптары, егер ойдан шығарылмаған болса істің фактілі мән-жайларын толықтай анықтауға өзінің септігін тигізеді, себебі сот қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл осы санаттағы істерді қарау үшін сотталушымен қажетті психологиялық байланыс жасау үшін қажет. Сот тергеуі барысындағы айғақтардың шынайылығы сұрақтарға жауап берген уақыттағы сотталушының адалдығы және ашықтылығына көптеп байланысты. Қатысушылардың алдында ұялу сезімінің өзінің кінәлілігімен мойындамаса және шынайы жауап беруден бас тартса, ақиқатты ашу мәселесі бұл жағдайда қиындап кетеді. Сондықтан басынан бастап сотталушыға дұрыс позиция таңдап алуға көмектесу қажет.

Сотталушының өзі немесе қорғаушының көмегімен айыптау қорытындысының шешімдеріне қарсылық білдіруге және айыптауды жоққа шығаратын фактілерді ұсынуға құқылы.

Сотталушының тағылған айыпты мойындамайтынынемесеішінарамойындайтыныжөнінде берген түсініктемесі тергеу жүргізу тәртібін анықтап және істің мән-жайын мақсатты зерттеуге мүмкіндік береді, осының негізінде соттың барлық назарын мәселелі сұрақтарды шешуге, сотталушының қылмысқа қатыстылығы немесе қатысты еместігін көрсететін дәлелдемелерге шоғырландыруға бағытталуы қажет [2, 91б.].

Кәмелетке толмаған үшін іс бойынша бірінші болып түсініктеме беру мүмкіндігі өте маңызды болады, сот айыптау тезисімен бірге сотталушының дәлелдерін бағалай алады. Мұндай істер бойынша дәлелдемелерді зерттеу айыпты мойындағаны немесе мойындамағанына қарамастан сотталушының жауаптарынан басталуы қажет. Басында оның қарсылықтарының  негізін анықтап алған дұрыс, содан кейін берген жауаптарына байланысты басқа дәлелдемелерді зерттеуге көшу қажет. Тағылған айыпқа қарсылық білдіру оның құқығы болып табылады, бұл процессуалдық кепілдіктердің бірі. Әлбетте осы тәртіп заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Сот тергеуінің тәртібін сотталушының өз кінәсінің мойындауы немесе мойындамауына байланысты анықтауы И.Л. Перлов «заңға қайшы теориялық тұрғыдан негізделмеген, саяси және тәжірибелік тұрғыдан қылмыстық іс жүргізуде қолайсыз» деп есептеген және сотталушыдан жауап алу дәлелдемелерді зерттеу алдында да және одан кейін де қарастырылған [3, 75 б.].

Көптеген кәмелетке толмағандар үшін қылмыстың түп нұсқасына дейін сипаттау, өз кінәсін мойындап және жасаған құқыққа қайшы әрекетін толықтай өкінетіні тән болады. Сотталушыдан ең бірінші болып жауап ала отырып, судья сенетінін, одан толық және шынайы жауаптарды күтетінін көрсетеді.

Сот тергеуінің жүргізілуінің ұтымдылығын қамтамасыз ету дәлелдемелерді хронологиялық тәртіппен немесе істің күрделілігі дәрежесіне және негізіне байланысты, ал кейбір жағдайларда сотталушылардың қайсысы немесе қандай рольде қылмысқа қатысқанына байланысты анықтау  түсініледі.  Қажетті  жағдайларда судья– сот тергеуінің басында белгіленген тәртіпті өзгерте алады. Кейбір істер бойынша сот тергеуінің тәртібін белгілеу үшін жәбірленушінің позициясы, куәлардың мәліметке ие болу көлемі маңызды болады.

Сотталушылардың бір-біріне психологиялық теріс ықпалын жоққа шығару үшін, әсіресе өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгендерге немесе ақиқатты ашуға көмектескендерге, айыптаудың әр бөлімдері бойынша түсініктемелер және жауап алыну маңызды.

Басты сот талқылауына қатысушы тараптармен келісе отырып судья куәлардан, сарапшыдан жауап алуды, заттай дәлелдемелерді қарауды, сотталушының, жәбірленуші мен куәнің алдын-ала тергеу уақытында берген айғақтарын жария ету, құжаттарды зерттеу тәртібін және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің  ұтымдылығының  негізгі талабы болып, біздің ойымызша, анықтауға қажетті барлық мән-жайлар аумағын  зерттеу болып  табылады, соның ішінде кәмелетке толмағанның өмірі және тәрбиесінің жағдайы, сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету, сот тергеуі кезінде барынша тәрбиелік әсер жасау.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес судья сотталушыдан, одан қатысушы тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қоя алады, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез-келген сәтінде қойылуы мүмкін. Судья сотталушыдан бірінші болып жауап алмауы, жауап алу кезінде басты роль атқармауы қажет, бұл судьяның қате ойы немесе айыптаудың басымдылығы жөнінде әсер қалдыруы мүмкін.

Сотталушының кінәлігі туралы дәлелдеу міндеті прокурорға берілгендіктен, ең бірінші болып жауап алу прокурорға жүктелген.  Бұл сот ісін жүргізуді тараптардың  бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылу принципіне сәйкес келіп, соттың объективтілік және әділ позициясын көрсетеді. Бұл жердегі соңғылық ролінің ешқандай кемшілігі жоқ, төрағалық етуші кез келген уақытта жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастай алады.

Кәмелетке толмаған сотталушыдан жауап алу тұлғаның және қылмысқа байланысты фактілер туралы мәліметті анықтауды өзіне қосады. Оның айғақтары өзі туралы және жасаған қылмысы туралы жәй ғана баяндау нысанында болуы керек, кейін келе нақтылаушы сұрақтар қойылуы қажет. «Жауап алынушының баяндамасы және осының негізінде пайда болатын сұрақтардың жауабының үйлесімдігі – жауап алудың жетістігін құрайды» [3, 46 б.].

Жәй баяндаудан кейін төрағалық етуші анықтаушы және нақтылаушы сұрақ қоя алады. Бірақ сонымен бірге тек сотты қызықтыратын мән-жайлар ғана көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірге айыпталушы өзі де барынша толық мәлімет беретіні ескерілуі тиіс түсініктемелерді аяғына дейін тыңдамай, қандай мән жайдың бірінші кезекте зерттелуі қажеттілігі жөніндегі мәселені шешуге болмайды.

Белгіленген тәртіпте сотталушыдан бірінші болып қорғаушы және процеске қорғаушы тарапының қатысушылары, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылардан жауап алынады.

Сотталушының берген жауаптары дәлелдемелер  қайнар көзі  болып қоймай, сонымен бірге тағылған айыптың негізі бойынша және басқа айғақтардың негізінде жаңа дәлелдемелер келтіре алады.

Кәмелетке толмаған сотталушының айғақтарына оның жасы әсер етуі мүмкін. Олардың дұрыстылығы өмірлік тәжірибесімен, білім деңгейімен, психологиялық күйіне, жасаған әрекетіне көзқарасымен, сонымен бірге педагогтың заңды өкілінің қатысуымен айқындалады. Олар сонымен қатар қылмыс оқиғасын сотталушының дұрыс қабылдап, түсінуіне де байланысты. Қатты эмоционалдық реакцияларда айғақтар қате, толық емес болады, ал кейбір кездерде қате пікірде болады, себебі сын пікірлік ойлау қабілетін мұқалтады. Бұл кәмелетке толмағандардан дұрыс жауап алудың өте маңыздылығын көрсетеді, шынайы айғақтар беру үшін психологиялық алғышартын жасау қажеттілігі туындайды. Кәмелетке толмағанның намысының жоғарғы осалдығын ескере отырып жауап алудың талабы болып этикалық нормаларды, педагогикалық ережелерді, қате пікір мен сенімсіздікті болдырмау, әдептілікті сақтау болып табылады. Сотталушыдан жауап алу уақытында дауыстап түсінік беруге және бағалауға тиым салынады.

Кәмелетке толмағанмен байланыс жасауға теріс ықпал жасайтын психологиялық фактор ретінде, ойлау қабілетін тежейтін қорқу, ұялу сезімдері, жаман көңіл күй болады. Сондықтан судья қобалжуды, өз тағдырына парықсыздықпен қараудың алдын алу үшін шаралар жасау қажет.

Сотталушымен психологиялық байланыс жасау үшін, шынайы айғақтарды беру үшін қызығушылық тудыру қажет.  Кінәлілігі  туралы дәлелдемелер толық болған жағдайда тікелей логикалық сендіру әдісі арқылы жалған айғақтар берудің бекерлігін көрсету қажет. Сырын ашпаудан жасырмаушылыққа, жалған айғақ беруден шынайыға өту күрделі психологиялық тосқауылды жеңумен ілеседі. Кәмелетке толмағанның іс-әрекеті ішкі дүниенің жағымды және жағымсыз мотивтерінің қайсысы басым түседі соған байланысты болады. Соттың негізгі мақсаты жағымсыз мотивтерді анықтап ең жақсы өнегелік қасиеттеріне әсер ету арқылы оны жеңуге әсер ету қажет.

Осы мақсатта судья сотталушыға сендіру, қылмыстық өмірін кінәлау арқылы, жағымды мысалдар келтіріп, оның әрекетінен ата-аналарына, жақын   туыстарына   және   қоғамға келтірілген теріс салдарды көрсетіп, эмоциялық тұрғыдан әсер етеді, осылайша азаматтық міндеттерін сезіндіріп және жанама түрде сот тергеуінде дұрыс әрекетін көрсетіп кетеді.

Кәмелетке толмағанның жоғарғы ықпалдылығын және жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, сот тергеуінің психологиялық атмосферасын бұзбау үшін жауап алуға ресми әңгіме сипатын берген дұрыс болады. Бұл жерде маңызды болып сотталушыға сот залында қатысып отырған сыбайластары жағынан әсер ету мүмкіндігін алдын алу қажет, себебі залда пайда болған реакциялардың негізінде сотталушы өзінің айғақтарын өзгертуі мүмкін [4, 146 б.]. Кәмелетке толмағанның жастық ерекшелігін ескеріп педагогикалық тұрғыдан дұрыс жауап алуды жүргізу қылмыс жасаудың шынайы себептерін ашуға, ұтымды тәрбиелік әсер етуге көмектеседі. Осы мақсатта қорқытумен, қатты, ұнатпай сөйлеумен, сөздерге тиісумен ұшырасатын рұқсат етілмеген, педагогикалық емес жауап алу әдістерін алдын алу үшін шаралар жасау қажет. Сот тергеуі аяқталған кезде іске   қатысушыларда толықтыру жасау құқығы берілген. Толықтай зерттелмеген сұрақтардың маңыздылығы әртүрлі қосымша сот әрекеттерін жүргізумен түсіндіріледі. Егер іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін қорғайтын сұрақтар ескерілмей қалған болса, сот тергеуге қосымша жасауға, өтініш жасауға, іске қосымша жаңа дәлелдемелер қосуға рұқсат береді. Ол қайтадан куәден, жәбірленушіден және сотталушыдан қайтып жауап ала алады. Сот тергеуіне қосымша жасау қажет, егер іске қатысушылар көрсетіп отырған мән-жайлар шешім шығару үшін маңызды болып және анық еместілік істі шешуде қиындық тудырса.

Сот тергеуінің сапасы мен тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып:

  • заңдылықты қамтамасыз ету – қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң сақтау, сотталушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауы;
  • жастың ерекшеліктерін ескеру;
  • сот тергеуінің тәрбиелік тиімділігі – сотталушының дұрысталуы және түзелуді, сот әдебі және сот талқылауының мәдениеті табылады.

Істі қарау сапасы, оның маңызды көрсеткіші болып заңдылық болады, себебі ол қылмыстықтың деңгейіне әсер етеді, яғни соттағы қателік кейбір жағдайларда жазасыздықпен ұшырасады [5, 204 б.].

Сот тергеуінің тәрбиелік әсерінің тиімділігі сот билігінің өнегелік бастамаларын сақтау арқылы және сот процесі уақытында сотталушыға тікелей әсер ету арқылы қамтамасыз етіледі.

 

Әдебиет

 

  1. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1970. – Т. – 515 с.
  2. Кокорев Л.Д. Подсудимый в советском уголовном процессе. – Воронеж, 1973. – 271 с.
  3. Перлов И.Д. Судебное следствие в советском уголовном процессе. – М., 1955. – 235 с.
  4. Синигибский И.А. Процессуальные и криминалистические особенности судебного разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних: дис... канд. юрид. наук: 00.09.– М., 2002. – 176 с.
  5. Голубева Л.М. Судебное рассмотрение дел о преступлениях несовершеннолетних. Вопросы теории и практики. – Фрунзе: Илим,– 330 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.