Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адвокат-қорғаушының сезіктіге заң көмегін көрсетуі

Сезікті – қылмыстық сот ісін жүргізуге уақытша қатысушы. Оның пайда болуының негізінде нақты адам қылмыс жасады деген күдік жатыр. Қылмыстық істі алдын ала тергеу барысында бұл күдіктің құқық қорғау органдары жүргізген зерттеулерде расталынбауы мүмкін, ондай жағдайда ол адам сезікті болудан қалады, процестен шығарылады.

Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, көпшілік жағдайларда сезікті деп ресми танылған адамға айып тағуға жетерліктей қажетті деректер жинақталады және ол адам қылмыстық іс бойынша айыпталушы деп танылады, сондықтан да сезіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз етпеу құқық қорғау органдарының процеске тартқан адамының құқығын өрескел бұзғандық болып табылады.

Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұл проблеманы дұрыс шешті, «сезікті, айыпталушы қорғануға құқылы» деп заңда бекітті (ҚІЖК-нің 26-бабы).

Сезіктінің қорғануға құқығы мынадай компоненттерден тұрады:

  • қылмыстық сот ісін жүргізудің бұл субъектісіне өзін-өзі қорғауға мүмкіндік беру.

Ол үшін заң шығарушы ҚІЖК-нің 68-бабында сезіктіге өз мүддесін қорғауы үшін берілетін құқықтар шеңберін анықтады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол  ұсталған,  тұтқындалған  немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы» делінген;

  • сезіктінің қорғануға құқығына оның заңда көзделген құралдармен және тәсілдермен қорғану мүмкіндіктерін, сондай-ақ оның жеке және мүліктік құқықтарын қорғауды тергеушінің (анықтаушының), прокурордың және соттың қамтамасыз етуге міндеттілігі кепілдік болады (ҚІЖК-нің 16-18-баптары);
  • сезіктінің қорғануға құқығының негізгі компоненті – оның білікті заң көмегін алуға, яғни оны адвокаттың қорғауына құқығы. Бірақ сезіктінің бұл құқығын заң шығарушы едәуір шектеген, оны біз аса құптамаймыз.

Қорғануға құқықтың алғашқы екі компоненттері, яғни оларды қамтамасыз етудің құқықтары мен кепілдіктері сезіктілердің түгелдей барлығында бар. Сондықтан да заң шығарушының қорғану құқығын сезіктінің пайдалану мүмкіндігі сияқты маңызды мәселедегі тиянақсыздығы таң қалдырады.

Қорғаушының   қылмыстық    іс    жүргізуге қатысуын сезіктінің қорғану құқығын жүзеге асырудың маңызды құралы деп қарастыру керек. ҚІЖК-нің қылмыстық іске қорғаушының қатысушегінанықтайтын 70-бабында«қорғаушы айып тағылған адам осы Кодекстің 68-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі» делінген.

Заңгерлердің көпшілігі қорғаушының пайда болуын тек айыптың болуымен ғана байланыстырады және олар іс бойынша тұжырымдалған алғашқы айыптау болмайынша қорғау функциясы да атқарылмайды дейді [1, 67-б.].

А.Я. Шагимуратовтың пікірінше,  сезіктінің іс жүргізу кезіндегі құқықтарының барлығы қылмыс жасады деген күдіктің пайда болуымен ғана байланысты және олардың сезіктіге қолданылған бұлтартпау шараларына ғана қатысы бар, оларды ескермей сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделері жайында  айтуға болмайды. Ары қарай ол былай дейді: «Бұл құқықтарды айыпталушының Конституцияда көзделген құқығымен теңдестіруге болмайды, сондықтан да қорғаудың қылмыстық іс жүргізу функциясын қылмыс жасады деп күдік тудырған адамға тарату дұрыс емес» [2, 55-б.].

Бұл жағдайда автор да заң шығарушы сияқты істе сезіктінің пайда болуының негізіне қылмыс жасады деген күдікті емес, сол күдіктен туған құқық шектеуді алған. Бұл жерде ең басты мәнжай ескерілмеген – күдік болашақ айыптаудың қатері болып табылады [3].

Біздің пікірімізше, материалдық-құқықтық тезис ретінде айыптау қалыптасқанша қорғау күдікке қарсы бағытталған, ал күдік адамның жасалған қылмысқа қатысы бар екендігінің айрықша формасы.

Іске адвокат-қорғаушының сезікті жағынан қатысуы мәселесіне байланысты заңгерлерде әр түрлі көзқарастар бар.

С.П. Щербаның пікірінше, қорғаушы көмегін пайдалану құқығы кәмелетке толмаған сезіктілер мен психикалық немесе физикалық кемістіктері бар адамдарға ғана берілуге тиіс [4, 78-79-бб.].

Оған бұлар ондай адамдар өздерінің қорғану құқығын өз бетімен жүзеге асыра алмайды, қорғаушының көмегін керек етеді, ал қорғаушылар оларға білікті заң көмегін бере алады деп дәлел айтады.

В.М. Царевтің пікірінше, адамға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы айып тағылғанға дейін  қолданылса  ғана  қорғаушының іске қатысуына жол беруге болады, ал адамның ұсталған кезінен бастап қорғаушының қатысуы керексіз екен [1, 114-б.].

Мұндай ұсынысты  жасауға  қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау мерзімінің аздығы себеп болып отыр. 72 сағат ішінде тергеуші ұстаудың заңдылығын, бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздердің бар-жоғын тексеруге, көптеген шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізуге тиіс.

«Бұл жағдайда, – дейді В.М. Царев, – қорғаушы өзіне ҚІЖК-нің 70-бабында берілген құқықтармен өзін іске қатысуға жіберген кезден бастап іске асыра алар ма екен?»

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес адвокатқорғаушының көмегін міндетті түрде пайдалану құқығы ҚІЖК-нің 132-бабының тәртібінде ұсталған   адамдарға,   қамауда   ұстау  түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға және т.б. берілген (олардың толық тізбесі ҚІЖКнің 71-бабында берілген).

В. Жуковский мен В. Шуман  дұрыс  айтады: «Біріншіден, оларға да бұлтартпау шарасы қолданылады. Екіншіден, күдіктен қорғану үшін берілген уақыт та (10 тәулік) оларға шектеулі.

Үшіншіден, оларға да сондай мәжбүрлеу шаралары: қамауда ұстау, тінту, куәландыру және басқалар қолданылуы мүмкін.

Төртіншіден, оларға да айыпталушы ретінде жауапқа тартылу қаупі бар» [5, 61-б.].

Соңғы жылдары қорғаушы көмегін пайдалану құқығын сезіктілердің барлығына түгелдей берудің, оны адам сезікті болған кезден бастап беру керектігін дәлелдейтін бірқатар еңбектер пайда болды.

Автор ондай пікірлермен толықтай келіседі, ол ойын былайша түсіндіреді.

Біріншіден, сезіктінің адвокат-қорғаушы көмегін пайдалану құқығын шектеу сезікті ұғымын және қылмыстық іс  жүргізу  қызметінің бұл қатысушысының пайда болу тәртібін заңда дұрыс анықтай алмаушылықпен тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, заң сезіктінің іске қатысуының негізіне процестің бұл қатысушысының пайда болуының бастапқы себебін (қылмыс жасады деген сезікті) емес, сол күдіктің салдарын – құқық шектеуді (ұстауды, бұлтартпау шарасын) алған.

Сезікті жағдайының және оған берілген құқықтың талдамасы көрсетіп отырғандай, заң сезіктінің қорғану құқығын белгілегенде толықтай мәжбүрлеу шараларына назар аударған, оларды сезіктімен байланыстылардың барлығының негізіне қойған. Ал қылмыс жасаудағы сезіктің өзі екінші кезекке қойылған. Сезіктінің қорғаушы көмегіне құқығын анықтағанда заң адам ұшыраған құқық шектеудің сипатын ғана ескерген, мемлекеттік органдардың қылмыс жасаған деп адамға күдік келтіретіні және оған қорғану керек екендігі ұмыт қалған сияқты.

Екіншіден, ҚР Конституциясының 16-бабының 3-тармағының мазмұнына жүгінсек, сезіктілердің кейбіреулерін ондай құқықтан айыру бізге түсініксіз.

Және де сезіктілер арасын жіктеп, оларды бас бостандығынан айырылғандар және айырылмағандар деп  бөлудің, ол  бөлуді  қорғаушының пайда болуының негізі ретінде қарастырудың керегі қанша?

Ю.Ф. Лубшев «егер заңда қорғаушы қажет болса, халық оны дәріптеуі, әділ  құқықтық және өнегелік идея ретінде қабылдауы мүмкін. Адамның заң талаптарын сақтауына өзіне қатысты қолданылуы мүмкін мәжбүрлеу алдындағы үрей ғана емес, сол заңда қорғаудың бар екендігіне сенім де түрткі болуға тиіс» деп дұрыс айтады [6, 78-б.].

Үшіншіден, ҚР  Конституциясының  14бабы «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең», мемлекет, қандай да бір мән-жайларға қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік  береді деп көрсеткен. Бұдан біз құқықтық мәртебесі бірдей адамдардың (біздің жағдайымызда сезіктілер) теңдей құқықтары болатындығын, ешқандай шектеу болмайтындығын көреміз. Яғни сезіктілердің кейбіреуінде қорғаушының көмегін пайдалануға құқық болса, ондай құқық басқаларында да болуға тиіс.

Төртіншіден, ҚІЖК-нің 68-бабында сезіктінің қорғануға құқығы бар делінген. Қорғануға құқық кешенді ұғым, оның маңызды компоненттерінің бірі – адамның қорғаушы көмегін пайдалануға құқығы. Сезіктінің қорғаушыға құқығының және де қорғануға құқықтың компоненттерінің кез келген біреуінің болмауы (сезіктінің заңға қайшы келмейтін кез келген құралды немесе тәсілді пайдаланып, өзін-өзі қорғау құқығы, анықтау органдарының, тергеушінің, прокурордың және соттың сезіктіге оның құқықтарын түсіндіріп, оларды жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеті) қорғану құқығының өзін жоққа шығарады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады – сезіктінің қорғаушы алу құқығын шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді. Сезіктілердің кейбіреуін бұл құқықтан айыру, біздің пікірімізше, құқық қорғау органдары қылмыстық сот ісін жүргізуге тартқан адамның қорғануға құқығын өрескел бұзғандық болып табылады.

Қолданылған мәжбүрлеу шарасына қарамастан, сезіктілердің барлығы бірдей қорғаушының көмегін пайдалану құқығын алуға тиіс.

Сезіктінің қорғаушы алу құқығын тергеу жүргізуші адам өзінің тиісті әрекеттерімен қамтамасыз етуге міндетті.

Ұстау   хаттамасын жасаған, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарған бойда тергеуші сезіктіге оның қорғаушы шақыруға құқылы екендігін айтып, қорғаушыны керек ететінетпейтіндігін анықтауға тиіс.

Егер сезікті келісім бойынша қорғаушы шақырғысы келсе, бұл жағдайды  тергеуші немесе анықтаушы сезіктінің туыстарына немесе қорғаушы шақыруына өзі сенім білдіретін басқа адамдарға хабарлауға міндетті.

Егер бірнеше сағаттың ішінде шақырылған қорғаушы келе алмаса, онда сезіктіге 24 сағаттың ішінде басқа қорғаушы берілуі тиіс. Бұл қажет, себебі сезікті қорғаушы көмегін пайдалануға тілек білдірген соң, қорғаушының қатысуынсыз тергеу әрекеттерін ары қарай жүргізуге болмайды.

Сезіктіні ұстаған және қамауда ұстаған жағдайда қорғаушыны іске қатысуға жіберудің мынадай тәртібін ұсынған авторлардың пікірін диссертант қолдайды.

Мысалы, ұсталғанды (тергеудегі – тұтқындалғанды) алып келген  бойда  оған  қандай күдік тудыратындығы хабарланады, қорғаушы шақыру ұсынылады, керек етсе, қорғаушы дереу шақырылады, ол үшін құқық қорғау органдарында немесе прокуратурада тәулік бойы адвокаттар кезекшілігі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, сезіктіге өзі сенетін адвокатты өзі таңдауын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында мынадай ұсыныс көзделуге тиіс.

Мысалы, егер қылмыс жасады деген сезікті адам бостандықта жүрсе, яғни оған қатысты ешқандай қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы – ұстау, қамауда ұстау немесе үйде қамап ұстау қолданылмаса, ол шақыру қағазы арқылы шақырылады, ол қағаз қол қойдырылып тапсырылады.

Шақыру қағазында оның кім ретінде шақырылатындығы, қайда және кімге, қай күні және қай сағатта келетіндігі, келмеген жағдайда қандай салдар болатындығы көрсетіледі және де біздің ойымызша, онда сезіктінің тергеушіге өз адвокатымен келу мүмкіндігін де көрсеткен жөн. Мұндай шара сезіктіні қорғаушымен уақытылы қамтамасыз етудің кепілдігі болады, тергеушіге адвокаттың келгенін күттірмейді, ол өз кезегінде қылмыстық істің тергеуін тездетеді.

Адвокаттың іске сезіктінің келісімі бойынша қатысуы өте аз, оған, біздің пікірімізше, мынадай себептер бар:

  • зерделеу үшін таңдап алынған істердің қылмыстар құрамдарының ерекшелігі. Бұл қылмыстардың басым көпшілігін тұрмысы төмен адамдар жасаған, ал оларда қорғаушы шақыруға қаражат жоқ.
  • тергеушінің қорғаушы шақыруға болатындығын дұрыс түсіндірмеуі немесе адвокатқа шығынданбай-ақ қой деп үгіттеуі. Бірақ Қылмыстық кодекстің өзге баптарында көзделген қылмыстарды жасаған деп күдік тудырған адамдардың барлығында бірдей адвокат еңбегін төлеуге ақша болмады деу дұрыс емес. Сондықтан да біздің пікіріміз бойынша, келісу сезікті үшін де, адвокат үшін де тиімді, себебі бұл жағдайда олардың арасында өзара сенімді қатынас орнайды, сезіктіні қорғау мәселесі дұрыс жолға қойылады.

ҚІЖК-нің 68-бабына сәйкес қорғаушы іске қатысуға жіберілген кезден бастап қанша рет және қанша уақыт болса да сезіктімен оңаша жолығысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының 30.03.1999 жылғы «Қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы» №353-І Заңының 17-бабына сәйкес қорғаушымен жолығысу ол  өзінің адвокатураға қатысты  екендігін  растайтын құжатты (мысалы, қызмет куәлігін) және адвокаттың сол іске қатысуына құқық беретін заң консультациясының ордерін немесе маңыздылығы жағынан онымен теңдестірілген құжатты ұсынған  жағдайда  жүзеге  асырылады [7, 4-б.].

Қамауда ұстау органдарының әкімшілігі (ИВС/СИЗО) «маңыздылығы жағынан оған теңестірілген құжатқа» тергеушінің (анықтаушының) қорғаушы тағайындау туралы қаулысын жатқызады.

Себебі адвокат іске кіріскенде  тергеуші оның қолындағы заң консультациясы берген ордерді алып, оны қылмыстық іс материалдарына тіркейді, ал қорғаушыға өзінің қорғайтын адамымен жолығысуы үшін құжат керек, ондай құжатты оған қамауда ұстау орнының әкімшілігіне ұсынуы үшін тергеуші береді.

Мұндай шектеу дұрыс емес, ол адамның қылмыстық істегі құқығына нұқсан келтіреді.   Сондықтан да қорғаушы іске қатысуға жіберілген кезден бастап сезіктімен жолығысып, одан алғашқы ақпарат алу және бастапқы әрекеттерді талқылап ұйымдастыру жөніндегі құқықтары толық сақталуға тиіс.

Кейбір авторлар қылмыс жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарына жеткізілген адамның оны ұстау хаттамасы жасалғанға дейін адвокат-қорғаушымен оңаша жолығуына құқығы жайында жазады [8, 18-б.].

Сезіктіге ұстау хаттамасын жариялағанша және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарғанға дейін сезікті өзінің қандай күдік тудыратынынбілмейді, сондықтанолқорғаушымен не жайында сөйлесерін де білмейді.

Сол себепті сезіктінің істе өзінің сондай екендігін айғақтайтын аталған  құжаттар  пайда болған соң, қорғаушымен оңаша жолығысу құқығын жүзеге асырғаны жөн.

Қорғаушы мен сезіктінің жолығысу құқықтарын нақты қамтамасыз ету үшін тергеуші адвокат іске кіріскен бойда олардан жолығысуды керек ететін-етпейтіндігін сұрайды, оны жауап алу хаттамасында көрсетеді.

Сонымен қатар, жолығысуға құқықтың маңыздылығын ескеріп, біз іске кіріскендегі адвокаттың мәлімдейтін алғашқы қолдаухаты қорғауындағы адаммен жолығысу жайында болу керек деп санаймыз.

Себебі жолығысу іс бойынша позицияны келісу және таңдау үшін ғана керек емес, қорғануды ұйымдастыру тұрғысынан да аса маңызды, өйткені қорғайтын адамымен бірінші жауап алғанға дейін жолығыспаған  адвокат оған зияным тиіп кете ме деген қорқыныштан өзінің сұрақ беру құқығын пайдалана алмайды.

Сонымен қатар, «Сезіктіден алғашқы  жауап алғанға дейін тергеуші (анықтаушы) адвокаттың қылмыстық іс қозғау туралы қаулымен, ұстау хаттамасымен, тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен таныстыруға міндетті, содан кейін барып жолығысу туралы мәселе шешілуге тиіс», – дейді А. Леви [9, 63-б.].

Іске қатысуға жіберілген кезден бастап, яғни сезіктіден бірінші жауап алғанға дейін қорғаушы өзінің қорғауындағы адаммен оңаша жолығысуға құқылы.

Адвокаттың да бұл құқықты қалай да пайдалануы тиіс деп ойлаймыз. Дегенмен,   қорғаушының іске қатысуы кез келген жағдайда тергеушіні заңсыз әрекеттерге барудан сақтандырады. Сондықтан да адвокат сезіктіден жауап алуға құқығын қалай да пайдаланып қалуға тырысуы керек.

Сезіктіні қорғаушының қызметі, көбіне, тергеу жүргізуші құқық қорғау органдарының тиісті құқықтық міндеттеулердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуімен байланысты. Бұл жерде тергеушінің (анықтаушының), прокурордың және соттың шешімдері мен әрекетіне қорғаушының   ҚІЖК-нің   103-112-баптарында көзделген шағымдану құқығы үлкен рөл атқарады.

«Айыпталушыға (сезіктіге), оның қорғаушысына және заңды өкіміне тиісті шағымдармен сотқа жүгіну құқығын беру, прокурор қатысып отырған сот отырысында оларға негіздеме беру алдын ала тергеу кезінде бәсекелестіктің енгізіле бастағандығын, айыптыны (сезіктіні) ұстаудың және қамауда ұстаудың заңдылығына кепілдіктің нығайғандығын білдіреді», – дейді И.Д. Демидов [10, 4-б.].

Шағымдану дегеніміз – бұзылған құқық немесе заңды мүдде жайында жүгіну. Ол қорғану жағы мәлімделген қолдаухаттың дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін амал. Қорғаушының шағымдануы – сезіктінің заңды мүдделерінің бұзылғандығы жайында тергеушіге, прокурорға, сотқа жеткізілген ақпарат қана емес, «бұл заңсыз шешімді бұзу туралы өтініш, тергеу қателігін түзету үшін қажетті шаралар ұсыну» [11, 66-б.].

Өздеріне берілген құқықты іске асыра алатын сезікті мен оның қорғаушысы заңмен қорғалатын мүддені сақтап қалады, сезіктіден дәлелсіз күдікті алып тастайтындай жағдай тудыруға ұмтылады, әшкерелейтін және ауырлататын мәнжайларды теріске шығаруға әрекет жасайды.

 

Әдебиет

 

  1. Царев В.М. Эффективность участия защитника в доказывании на предварительном следствии.– Красноярск, 1990. – 288 с.
  2. Шагимуратов А.Я. Использование адвокатом средств защиты на предварительном следствии. – Ташкент, – 265 с.
  3. Сыдыков А.Ж. Право подозреваемого (обвиняемого) и подсудимого на профессиональную защиту: автореф. дисс. … канд. юрид. наук: 00.09 – Алматы, 2010. -– 26 с.
  4. Щерба С.П. Расследование и судебное разбирательство по делам лиц, страдающих физическими или психическими недостатками. – М., 1975. – 300 с.
  5. Жуковский В., Шуман В. Много ли прав у защитника // Советская юстиция. – 1991. –№2. – С. 61.
  6. Лубшев Ю.Ф. Защита подсудимого – высокий профессионализм // Российская юстиция. – 1997. – № 4. – С. 78.
  7. Закон Республики Казахстан №353-І от 30.03.1999 года «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» // Казахстанская правда. – 06.04.1999. – С.
  8. Макарова З.В. Участие адвоката-защитника на предварительном следствии. – Калининград, 1978. – 255 с.
  9. Леви А. Защитник на предварительном следствии // Законность. – 1993. – №9. – С.
  10. Демидов И.Д. Проблема прав человека в современном российском уголовном процессе: дисс. ... д-ра юрид.наук: 12.00.08. – М.,– 250 с.
  11. Лукашевич В.З. Участие защитника в предварительном расследовании // Вопросы уголовного права и процесса в условиях правовой реформы. – Калининград, – 350 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.