Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылшаруашылық ұйымының жерге меншік және өзге де құқықтарының жалпы сипаттамасы

Қазіргі таңда жер заңдылығы негізінен ашық, жария нарықтық қатынастарды дамыту бағытында қалыптасады және жер учаскесін табиғи ресурс ретінде, азаматтық, мүліктік қатынастар объектісі ретінде қарастырады [1, 100 с.]. Ауылшаруашылық тауар өндірісін  жүргізу  үшін және шаруа (фермер) қожалығы үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізу осы жер пайдалану субъектілерінің мүдделері және жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану мен жерді қорғаумен байланысты және бұл мәселелер жаңа жер заңдылығының негізгі міндеті.

Бұл жерлерге жеке меншік осы құқық субъектілерінің топырақтың құнарлығын, жерді айналымға түсіру мен экологиялық қауіпсіздігіне байланысты материалдық мүдделерін жоғарылатады [2, 121 с.].

Аграрлық секторда жер екі қызмет атқарады, біріншіден негізгі өндіріс құралы, екіншіден өндіріс күшін орналастыру кеңістігі [3,  34 с.].

Қазіргі таңда ауылшаруашылық мақсатына арналған, яғни ауылшаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлердің негізігі бөлігін ауылшаруашылық ұйымдар пайдаланады.

Ауылшаруашылықөндірісіндежермынаерекшеліктерге ие болады: шектеулілік (көлемінің өзгермеуі); жылжымайтындығы; қайта қалпына келмейтіндігі; жойылмайтындығы; өндіріс күшінің сарқылмауы.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер өз қызметін ауыл шаруашылығына арналған жер учаскесінде жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер еліміздің жер қорының жер санаттарының арасында бірінші орынға қойылады. Бұл жерлердің негізгі қызметі – ауылшаруашылық өнімін өндіру. Демек, жер тек  өндіріс қызметінің базисі ғана емес, негізгі өндіріс құралының өндіріс күші болып саналады. ҚР Жер кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады (97-бап).

К.Х. Ибрагимов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режиміне мынадай анықтама береді: «ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің құқықтық режимі деп уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауымен жер учаскелеріне меншік иелері және меншік иелері емес тұлғалардың алаған жерлерді пайдалану және қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы танылады» [4, С. 91].

Шаруа фермер қожалығы және тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуші заңды тұлғаларға жеке меншікте немесе жер пайдалануда бола алатын шекті (ең жоғарғы) мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітіледі [5].

Ауылшаруашылық ұйымын құру ауылшаруашылық тауарлы өндірісті білдіреді. Ауылшаруашылық тауарлы өндірістің жүзеге асуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жекеменшіккенемесежерпайдалануғажекежәне заңды тұлғаларына шаруа немесе жермер қожалығын жүргізуге, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге берілетіндігі туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормасын дұрыс жүзеге асыру үшін қажет. Демек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер кез келген ауылшаруашылық қызмет үшін беріле бермейді, олар тек жерді ауылшаруашылық қызметтің негізгі өндіріс құралы ретінде пайдалануы тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабына   сәйкес, меншік  құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне  тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік етуі [6, 188 б.]. Демек, ауылшаруашылық тауар өндірушінің жерге жеке меншік құқығы дегеніміз кооперативтің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік етуі. Бұдан, жерді иелену, жерді пайдалану және жерге билік ету деген ұғымдар туындайды. Жерді иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі, жерді пайдалану құқығы – жердің табиғи пайдалы қасиеттерін заңды түрде алу, жерге билік ету құқығы – жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы. Негізінен, ҚР Жер кодексіне сәйкес, ауылшаруашылық кооперативі егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

Жерді пайдалану құқығында да мемлекеттің шексіз құқығы мойындалды. Автордың айтуынша меншік иесі болып табылатын мемлекеттік жерге байланысты құқықтары, азаматтық құқық санасындағы пайдалану құқығынан едәуір өзгеше, себебі азаматтық құқықтағы пайдалану мүлікті шаруашылықта пайдалану, заттық пайдалы қасиеттерін жеке қоғам мақсаттарында тұтыну дегенді білдіреді. Б.В. Ерофеевтің ойынша жерді пайдалану деген кезде, оның берілу мақсаттарына сай шаруашылықта дұрыс пайдалануына заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі түсіндіріледі [7, 69 с.].

В.К. Григорьевтің айтуынша жер пайдалану құқығы дегеніміз заңмен қамтамасыз етілген жердің пайдалы қасиеттерін тұтыну және одан түсім алу, бірақ шаруашылықта оның мақсатына сай және оған еңбек сіңіре отырып, дұрыс пайдалануы алынады.

Солай дей отыра, В.К. Григорьев пайдаланудың екі қосындыдан тұратын кең ұғымына сілтеме жасайды:

  • жерді пайдалану кезінде жердің пайдалы қасиеттерін және одан түсім алу;
  • жерге тікелей еңбек сіңіру;
  • ауыл шаруашылығы және басқада өндіріс салаларында жерден түсім алуды, автор жер пайдалану құқығындағы басты және негізгі сұрақ ретінде қарайды [8, с. 174].

Ауылшаруашылық ұйымының жерді иелену құқығы алдына қойылған мақсаттарға жету үшін жерді заңды түрде иелену арқылы көрініс табады. Бұл құқық белгілі ұйымға нақты жер учаскесін беру, жерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын заңи рәсімдеу арқылы жүзеге асады. Демек, жерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын заңи рәсімдеу ауылшаруашылық кооперативіне жер учаскесін пайдалану және билік етуді жүзеге асырудың алғышарты болып табылады.

Ауылшаруашылық ұйымының жерді пайдалану құқығы өзінің өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін жердің пайдалы қасиеттерін өз бетінше пайдалану арқылы анықталады. Ауылшаруашылық ұйымының жерді пайдалануы тек оның құқығы ғана емес жерді нысаналы мақсатта пайдалану және жерді қорғау сияқты негізгі міндеті болып табылады. Өйткені, жерді, соның ішінде ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану ауылшаруашылық өндірісін дамытудың негізгі құралы. Жерді пайдалану әрқашанда мақсатты сипатта болады.

Ауылшаруашылық ұйымы жердің жеке меншік иесі ретінде өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтармен беріледі.

Жерге жеке меншік құқығы заттық құқыққа жатады. Жерге жеке меншік құқығына жалпы жеке меншікке тән сипаттар сәйкес келеді, бірақ кейбір айырмашылықтар да бар. Өйткені жерге жеке меншік құқығымен қатар мемлекеттің және өзге де құқықтық қатынас субъектілерінің мүдделерінен туындайтын шектеулер жүреді. Жерге заттық құқықтардың ерекшеліктері ретінде жердің табиғи және функционалды қасиеттерін атауға болады. Жерге заттық құқықтар жерді объект немесе қоршаған ортаның элементі ретінде емес табиғи ресурс ретінде пайда болады. Заттық құқықтың объектісі ретінде жеке анықталған жер учаскесі танылады және оның құқықтық сипаттамасы жер учаскесін жылжымайтын мүлік ретінде анықтайды.

Жерді және онымен байланысты заттарды жылжымайтын мүлікке жатқызу – қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар жерді өндірістік-шаруашылық және азаматтық айналымға   енгізу   қатынастарының   салдары. Жер – ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Жер және онымен тығыз байланысты заттар ауылшаруашылық кооперативінің материалдықтехникалық базасы болып саналады және оған байланысты  туындаған құқықтардың  пайда болуы, жүзеге асырылуы және тоқтатылу мәселелеріне көп көңіл бөлінуі керек. Жерге жеке меншік, жер қатынастарының мәнін және негізін анықтайды, жер ресурстарын пайдалану процессін және әдістерін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Жер  кодексінің 20-баптың 2-тармағына сәйкес, Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар және 23-баптың 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Азаматтық кодекс меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарына жер пайдалану құқығын жатқызады (195-бап).

Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары заң бойынша мынадай түрлерге бөледі: жер пайдалану құқығы; жер учаскесін уақытша пайдалану; сервитут және өзге де заттық құқықтар.

Бастапқы жер пайдалану құқығының ерекше белгісі және жеке меншіктен айырмашылығы жер пайдалану қатынастарында жер пайдаланушы мен мемлекеттің арасында үнемі байланыс болатындығында. Мемлекет жерге жеке меншік құқығын сақтайды, өйткені жер пайдаланушыларға берілген жер учаскелеріне билік ету құқығы жоқ. Мемлекет жер пайдаланушылардың өздерінің міндеттерін орындауын және жер пайдалану ережелерін сақтауын бақылап отырады.

ҚР Жер кодексі бойынша, жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. Жоғарыда көрсетілгендей, ауылшаруашылық кооперативі жерді ортақ жер пайдалану тәртібімен пайдаланады және ортақ жер пайдалану ережелері жер учаскесіне ортақ меншік ережелерімен қатар қарастырылып кеткен болатын.

Ауылшаруашылық ұйымы жер учаскесіне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыруға құқығы бар. Егер жер учаскесіне меншік иесі ретінде ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында  заңмен  шектелмеген азаматтық құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы болса, жер пайдалану құқығымен мәміле жасасуға шектеулер қойылады.

Жер пайдалану құқығына қатысты жер құқықтық мәмілелер жасасу кезінде бірқатар шектеулер кездеседі, бұл шектеулердің ауылшаруашылық кооперативіне де қатысы бар. Бұл шектеулер уақытша өтеусіз және қысқа мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген, сонымен қатар кепілге беруді қоспағанда уақытша жер пайдалану құқығымен шаруа (фермер) қожалықтарына және ауылшаруашылық тауарлы өндірісті жүргізу мақсатына берілген жер учаскелерін пайдалану құқығына қатысты. Демек, ауылшаруашылық кооперативі кепілге беруден басқа уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, жер учаскесін тиімді пайдалану және қорғау мақсатында ауыл шаруашылық ұйымдары жер учаскелерін пайдалануға қатыстымынадай міндемелерді иеленеді:

  • жер учаскелерін қолдану және олардың мақсаттарына, қай жер санатына жататындығына байланысты табиғи объект ретінде жерге, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістерді қолдануға рұқсат беру;
  • заңға сәйкес жер учаскелерінде бекітілген геодезиялық және де басқа белгілерді сақтау;
  • егер жер учаскелерін тану мерзімі келісімшартта көрсетілсе, келісім-шартта белгіленген уақытта жер учаскелерін қодану;
  • жерге уақытында төлемақыны төлеу;
  • жер учаскелерін   қолдануға   құрылыс регламенттерін,  құрылыс,  экономикалық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа   да нормативтік тәртіптердің талаптарын орындау.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланушы  субъектілерге қатысты арнайы міндеттерге мыналарды жатқызамыз:

  • топырақ тұқымқуалаушылығының ластануына,  қоқыстануына,  деградациясына  және  нашарлануына жол бермеу;
  • жер  қорғау  шараларын  жүргізу, орманды,су және басқа да табиғи объектілерді     қолдану тәртібін сақтау шараларын жүргізу;
  • ауыл  шаруашылық мақсатында жерді  пайдалану  туралы  жер  заңнамасында  көрсетілген басқа да міндеттерді орындау.

 

 

Әдебиеттер

  1. Зачем и  как  создаются  фермерские  коопративы? – Алматы, 1997. – 256 с.– Москва, 2007. – 454 с.
  2. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А.   Земельное право  России  и  Казахстана: проблемы развития, процессуальные формы реализации.
  3. Бегалиев Б.Б.  Проблемы  правового  регуллиирования  земельной  реформы  в  Республике  Казахстан: дис... канд. юрид. наук. – Алматы,
  4. Ибрагимов   К.Х. Правовой   режим  земель сельскохозяйственного назначения. – Москва: Изд-во Юнити,  2004. – 397 с.
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі.  Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының   мемлекеттік   емес заңды тұлғасында  және  оның  үлестес  тұлғасында жеке  меншік  құқығында,сондай-ақ тауарлы ауыл  шаруашылығы  өндірісін  жүргізу үшін шетелдіктерде,   азаматтығы жоқ адамдарда және  шетелдік  заңды  тұлғаларда   уақытша жер   пайдалану   құқығында   болуы  мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің  бір  әкімшілік  ауданның (қаланың) аумағындағы  шекті  (ең  жоғарғы)  мөлшері: 2003 жылғы 22 қазандағы Қаулы.  – Жер    туралы заңнамалар. – Алматы, 2005. – 108 б.
  6. Қазақстан  Республикасы.  Азаматтық кодекс:1994   жылғы   27   желтоқсандағы   Кодекс. –Алматы, 1995. – 313 б.
  7. Ерофеев  Б.В.  Советское  земельное  право. –Москва: Высшая школа, 1965. – 394 с.
  8. Григорьев  В.К.  Вопросы  теории земельногоправа. – Москва: Госюриздат, 1963. – 210 – 137 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.