Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандыру шартын құқықтық реттеу

Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Осындай өміршең заңдардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асырылуын белгілейді. Сақтандыру жүйесі өте ерте кезеңде пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты – адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.

Сақтандыру шарты мынадай пунктерден тұрады:

Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.

Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.

Сақтандыру объектісін көрсету.

Саөтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі.

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке  ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі  қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді.

Сақтандыру шартын жалпы құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру шарт жасасу арқылы жүзеге асады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқықтық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісімі танылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.

Сақтандыру шарты қайтарымды шарт болып есептеледі. Мысалға сақтандыру шартының қайтарымсыз түріне сыйға тарту шарты жатады. Сақтандыру шарты негізін ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда ақшалай нысанда төленеді.

Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:

  • сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
  • сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол  заңды  тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
  • сақтандыру объектiсiн көрсету;
  • сақтандыру жағдайын көрсету;
  • сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
  • сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
  • шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
  • егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.

Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Кез келген шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді. Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар: 1) сақтандыру объектісі; 2) сақтандыружағдайы; 3) сақтандыру сомасы; 4)  сақтандыру төлемі; 5) сақтандыру сыйақысы; 6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуі тиіс.

Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы   мен   сақтандырушының арасында: сақтандырылған адам жөнінде; 2) сақтандыру жағдайы жөнінде; 3) сақтандыру сомасы мен сақтандыру сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек. 

Келіссөздер нәтижесінде тараптар шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша келісімге келуі тиіс. Бұл жерде елеулі жағдайлар болып:

  • оқиғаның яғни оның туындауына байланысты сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
  • сақтандыру шартының әрекет ету аймағы; сақтандыру объектісі жөнінде;
  • сақтандыру төлемін төлеу тәртібі мен мерзімі; сақтандыру шартының жасалу мерзімі; сақтандырушының міндеттеме жөніндегі жауаптылық кезеңі;
  • сақтандыру сыйақысының мөлшері мен тәртібі; шарттың мазмұнына өзгертулер енгізу тәртібі, тараптардың шартта көрсетілген міндеттемелерін  орындамаған  немесе  тиісінше орындамаған жағдайда құқықтық салдар.

Барлық келіссөздер жүргізіліп, сақтанушының ұсынысын қабылдағаннан кейін тараптар сақтандыру шартын жазбаша түрде жасайды және жасалғанын растайтын сақтанушыға ерекше сақтандыру құжаты сақтандыру куәлігін береді. Куәлік бұл құқық қатынасының маңызды деректері немесе негіздерін куәландыратын заңды құжат. Сақтандыру куәлігі белгілі бір заңды құжаттардың түрі сияқты тек сақтандыруда қолданылатын, сақтандырушы мен сақтанушы мен сақтандыру шартының жасалғанын дәлелдейтін дерек. Сақтандыру куәлігінің мазмұнында:

  • тараптардың – сақтанушы мен сақтандырушының атауы:
  • қандай жағдай туындағанда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
  • шарттың жасалған күні мен тоқтатылу уақыты; сақтандыру  төлемдерінің  мөлшері  және т.б. көрсетілуі мүмкін.

Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлеп төлеген кезде, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

Сақтандыру шартының объектілері мен субъектілері. Сақтандыру шартында объектілер мен субъектілер маңызды орын алады. Сақтандыру қатынасының субъектісі болып сақтандырушы және сақтанушы танылады. Сақтанушы – қандай да бір мүддесін сақтандырғаны үшін сақтанушыға сақтандырушы көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруші болып табылады. Сақтанушы барлық жағдайда сақтандыру құқық қатынасының субъектісі   болып  табылады.  Егерде   сақтандыру келісім шарт түрінде жасалса, онда сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі. Сақтандыру міндеттемесі екі жақты міндеттеме болғандықтан сақтанушы сақтандыру төлемін төлеу кезінде борышкер болып есептеледі де, ал сақтандыру төлемі кезінде кредитор болып есептеледі. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша сақтандырушы ұйымды таңдап алуға ерікті.

Сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі және сақтандыру шарты сақтанушының ерік білдіруіне байланысты жасалады. Сақтанушы (егерде азамат болса) қайтыс болса және таратылса (заңды тұлға болған жағдайда) сақтандыру міндеттемесі тоқтатылады. Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тек заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол беріледі. Бірақта кейбір жағдайларда, сақтандыру туралы заң актілерінде сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру шарты тоқтатылмай, орнына сақтандыру шартының басқа бір тарабы ретінде танылатын тұлғамен ауыстырылады. Мүліктік сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртіппен мұрагерге өтеді. Басқа жағдайда меншік құқығы (мысалға сақтандырылған мүлік сатылған жағдайда немесе оны сыйлық ретінде берген жағдайда) сақтанушының құқықтары мен міндеттері, егер шартта өзгеше көрсетілмесе, сақтанушының келісімімен жаңа меншік иесіне ауысады. Жеке сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен сақтандырылған адамның келісімімен сақтанушының құқықтары мен міндеттері сақтандырылған адамға өтеді. Осы берілген ережені түсіну үшін сақтандырылған адам тек қана сақтандыру төлемдерін алуға құқылы, ал сақтанушы сақтандыру сыйақыларын төлеуге міндетті. Сондықтан сақтандырылған адамға сақтанушының міндеті ауысуы, оған материалдық жағынан пайдалы болмауы мүмкін. Егер сақтандыру шартының ауысуы кезінде сақтанушы соттың шешімімен әрекет қаілеттілігі жоқ деп танылса, оның құқықтары мен міндеттерін қорғаншысы атқарады. Бұл жағдайда сақтандыру тарабы ретінде сақтанушыны ауыстыруы емес, оның құқықтары мен міндеттерін басқа бір тұлғаның орындауы болып табылады.

Тағы  бір  сақтандыру  қатынасының қатысушысы болып танылады. Пайда алушы бұл сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Пайда алушы ретінде заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Пайда алушы жеке де, мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандыруды реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі бойынша тағайындалады. Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады, сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысынан құқығы сақтанушыға ауысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы ретінде өзінің жұбайын, баласын, басқа да жақын туысқандарын тағайындайды.

Мүліктік  сақтандыру  кезінде  пайда  алушы мүліктік арендаға берген кезде пайда алушы болып арендатордың өзі есептеледі.көлікті сақтандыру кезінде сыртқы сауда жүйесінде сатушы пайда алушы есебінде сатып алушыны есептейді және сақтандыру полисі жазылған адамды сатушы пайда табушы деп есептейді.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде  пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап қоюға құқылы.

Сақтандыру қатынасының арнайы қатысушыларының қатарына сақтандыру агенті де жатады. Сақтандыру агенті – сақтандырушының нұсқауы бойынша сақтандырушының атынан сақтандыру шартына қатысатын тұлға. Сонымен, сақтандыру агенті сақтандырушының тікелей өкілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес басқа адамның (өкіл берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілік күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік беруші де құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сақтандыру агенті үнемі және дербес сақтандырушының атынан шарт жасасқан кезде, ол сақтандырушының коммерциялық өкілі болып есептеледі. Сақтандырушының атынан шарт жасасқан кезде сақтандыру агентінің өкілеттілігін білдіретін сенімхаты болуы керек. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 163-бабына сәйкес бір адамның өз атына өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сақтандыру ұйымы атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзгеде адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның мөрімен бекітіледі. Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

Сенімхат мынадай жағдайда тоқтатылады:

  • сенімхат мерзімінің өтуі;
  • сақтандырушының сақтандыру агентіне берген сенімхатының күшін жоюы;
  • сақтандыру агентінің берілген сенімхаттан бас тартуы;
  • сенімхат берілген сақтандыру ұйымының қызметінің тоқтатылуы;
  • атына сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы;
  • сақтандыру агентінің қызметін атқарушы адамның қайтыс болуы, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенімхат тоқтатылысымен сақтандыру агенті оны дереу иесіне қайтаруға міндетті. Сақтандырушының сақтандыру агентімен қарым қатынасы әртүрлі сипатқа ие. Егер де сақтандыру агенті болып тұлға танылса, онда ол сақтандырушының штаб қызметкері болуы мүмкін. Бұл жағдайда сақтандырушы мен сақтандыру агентінің қатынасы жалпы еңбек шартымен жасалады.

Егерде сақтандыру агенті болып, заңды тұлға танылса онда олардың қатынасы кепіл шартымен жасалады. Кепіл шарты бойынша бір тарап басқа тараптың атынан белгілі бір заңды әрекеттер жасайды.

Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілетті сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттілігі болмаған жағдайда, оның сақтандыру агенті ретінде қызметіне жол берілмейді. Сақтандыру ұйымы өзінің атынан сақтандыру ұйымынан алған өкілеттілік шегінде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындайды. Сақтандыру агенті сақтауға міндетті талаптар, сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің есебін жүргізу жөніндегі талаптар Қазақстан республикасы Заңдарының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді. Сақтандыру агенті мен сақтандыру брокерінің негізгі айырмашылығы      сақтандыру    агенті  сақтандырушының атынан  және  оның  нұсқауы бойынша, ал сақтандыру брокері өз атынан, бірақ сақтандырушының нұсқауы бойынша әрекет етеді. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру шарты бойынша уәкілеттілігі мен жауапкершілігі сақтандыру шатрының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді. Сақтандыру брокерінің жарғылық каптиалының ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленеді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.