Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында діни экстремизммен күрес туралы қолданыстағы заңнаманың құқықтық негіздері

Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мəселелерінің  бірі  ретінде  экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм  мəдени,  экономикалық  жəне заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, əртүрлі мəдениеттегі халықтардың жəне діни нанымсенімдердің наразылығын тудырады. Қазіргі өркениет пен дəстүрлі діндер туралы көзқарастар қарама-қайшылықтарға ие болуда.

Батыста мемлекеттік шекараны алып тастап, біріккен Еуропаны құру мақсатында, дəстүрді жеңілдету мақсатында, конфессиялардың тарапынан негативті қарама-қайшы пікірлердің пайда болуынан қарқынды таластарды тудыруда. Шығыста  дəстүрлердің  қақтығыстары өркениет заманында жаппай қантөгісті алып келуде. Бұған дəлел қазіргі таңдағы алыс жəне жақын шетелдердегі қоғамдық-саяси хал-ахуалы дəлел.

Қазіргі таңда діни наным-сенім жағдайында жалпы экстремизм деген терминге ғалымдар ортақ бір нақты мазмұн беретін анықтама берген жоқ. Сан түрлі пікірлер айтылуда. Нақтылап заңи тұрғыда айтатын болсақ қоршаған ортаға, қоғамға үлкен қауіпті құбылыс. Экстремизм терминіне сөздік қордан алып сараласақ (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мəні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас негізінде  ісəрекет арқылы ерекшеленетін күрделі əлеуметтік феномен. Жəне де атап айтқанда, тікелей немесе жанама түрде жалпы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.

Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніміз елдегі азаматтардың саяси жəне азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық кұрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға жəне билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, тіл жəне діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режімін орнатуға ұмтылады [1].

«Діни экстремизм» бұл қоғамдағы дəстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дəстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді негізде насихаттау. Қоғамда зайырлықты қалыптастырмау үшін, оған қарсы əрекеттер жүргізе отырып, қоғамға белгілі бір діни конфессиялар арқылы, діни ағымдар бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын жүргізуде.

Жоғарыда аталған іс-əрекеттерді жасайтындарды қоғам тұлғалары экстремистер деп атайды. Соңғы уақыттары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» əрекетті құрал ретінде қолданып, əлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Экстремизмнің қай түрі болса да тұтас əлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына жəне бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – дінді жамылып, діни наным сенімдерді ұрандата бүркемелеп ұлттар мен  діндер арасына   қарама-қайшы   бір-біріне   от  қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға əкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мəжбүрлі түрде мойындату. Халыққа өз діни идеологиясына сүйене, соған сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекетті құру негізгі ұштасқан мақсаттарының қатарына жатады.

Қоғамдық пікірге сүйене келе діни экстремизм бұл діни фанатизмнің тысқары шектен шыққан түрі. Яғни, кез келген экстремизмнің мəні насихат жүргізушілердің пікірлеріне құлақ аспай қосылмағандарға зорлық-зомбылық əрекеттерді ұштастыра отырып көрсету болып табылады. Діни экстремизм ғаламды жер шарындағы өмір сүріп жатқан адамзат қоғамына өзіндік сипатына тəн көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясын қалыптастырып дамыту мақсатында əрекет етуді ұйымдастырады. Терроризмнің шыңға шығып өркендеуі діни экстремизммен тығыз байланысты. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан қоғамымызда діни экстремизм қарқынды бағытта қанатын жайып, қоғамымызды дүрліктіру жолында. Халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу үшін барлық қоғам мүшелерімен ұйымдаса отырып, бірігіп күшейту қажет. Себебі жеке дара бұл күшпен күресу мүмкін емес, күресу үшін жаппай біріге отырып жеңу жолдарын қарастыру қажеттігі туындап отыр.

2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды жəне осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы əрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны əр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мəнінде өз нəтижесін берер еді.

2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды [2]. Аталған нормативтік-құқықтық актінің 10-бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет  мемлекеттердің  органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау жəне жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деген нормалардан тұрады. БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» бағдарламасына сəйкес келеді. Еліміз аталған бағдарлама аясында бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм жəне терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресу үшін дайын екендігін анықтаған.

Қазақстан өз жағынан аумақтық-аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сонымен қатар, демократиялық, əділ жəне ұтымды саяси, экономикалық халықаралық  тəртіп  орнату  үшін  барлық жігер ынтасын сала отырып, ұйымдаса жүзеге асыратынын паш етті. Оған дəлел ретінде еліміздің 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген ұйым құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы əрекет етудің нақты ісшаралар қатарын жүргізу барысын жатқызсса болады. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы егеменді тəуелсіз мемлекет ретінде ТМД-ның бір мүшесі ретінде де халықаралық экстремизммен күресу  бағдарламасын  бекітіп  жұмысын жүзеге асыруда. Сол бағдарлама аясында 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталықта құрған болатын. Ол Орталық ТМД-ның арнайы салалық органы жəне ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін үйлестіруші ретінде қызмет етеді.

1997 жылы ел Үкіметі «Миссионерлік əрекетпен айналысатын шетелдік азаматтарды жəне азаматтығы жоқ адамдарды аккредитивтеу тəртібі туралы Ережені» бекітті. 2005 жылдың шілдесінен бастап миссионерлік əрекет Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заңымен реттеледі. Реті келгенде айта кететін жағдай, қоғамда қалыптасқан пікір бойынша миссионерлік қызметтің заңда берілген анықтамасы күрделі толықтыруды қажет етері анық. Бұл мəселені қазіргі таңда танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, шығармашық зиялы қауымның көрнекті өкілдері, Парламенттің жекелеген депутаттары мен көкірегі ояу, көзі ашық қатардағы жұртшылық өкілдері жеткілікті деңгейде көтеріп келеді.

2004-2005 жылдары Қазақстанның Жоғарғы соты «Аль-Каида» ұйымын, «Шығыс Түркістанның исламдық партиясын», «Курдтар халық конгресін», «Өзбекстанның исламдық қозғалысын», «Асбат-аль-Ансарды», «Мұсылман бауырларын», «Талибанды», «Боз  гурдты», «Орталық   Азияның   моджахедтер жамаатын», «Лашкар-и-Тайбаны» жəне «Əлеуметтік реформалар қоғамын» лаңкестік ұйымдар деп тауып, олардың Қазақстан аумағында əрекет етуіне тиым салды. 2005 жылы Астана қаласының соты «Хизб ут-Тахрир аль-Исламиді» экстремистік ұйым деп тауып, оның қызметіне ел көлемінде нүкте қойды. Қисыны келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабы, 3-ші тармағында діни негізде құрылған партиялардың іс-қимылына тиым салынатыны жазылғанын атап өткен жөн. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес  туралы»  Заңы,  2002  жылы 19ақпанда «Қазақстан Республикасында терроризммен күрес туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы күрес туралы» жəне «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері жайлы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары қабылданды. Аталған заң актілеріне сəйкес, экстремистік жəне террористік əрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіле түсті.

Мемлекеттік билікті жүзеге асырушы заң шығармашылық,   атқарушылық, сот  органдарының тарапынан мемлекеттің тыныштығын қамтамасызететіннормативтік-құқықтықактілер толыққанды қабылданып жүзеге асырылуда. Бірақ ол нормалардың сақталуын, орындауын, пайдалануын, жалпы айтқанда жүзеге асыруын қоғам мүшелері қамтамсыз ету қажет.

Қорыта айтқанда,  осындай діни экстремизм деген құбылыспен күрес жүргізу өзіміздің қолымызда. Жəне де орта жəне жоғары оқу орындарында барынша отансүйгіштікке бағыттауды, білім мен қоса тəрбие мəселесін дұрыстап қолға алу керек. Болашақта «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп Абай атамыз айтқандай,өкініш сезімі көкейімізде қалып жүрмесін.

 

Əдебиеттер

 

  1. Дүйсенбаев Ж. Діни экстремизммен күрес күшейтілуі тиіс // http://i-news.kz/news/
  2. О противодействии   экстремизму.   Закон Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года
  3. № 31. Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 5, ст. 3 (вышедшие из печати: 21.03.2005 г.); “Казахстанская правда” от 26 февраля 2005 года № 45-46.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.