Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дəстүрлі қазақ қоғамындағы өзара көмек қатынастарынан туындайтын келісім-шарттар

Дəстүрлі қазақ қоғамында келісім-шарттық қатынастардың негіздері көп жағдайда өзара көмек жүйесінен туындап жатады. Сондықтан да, біз мұндай келісім-шарттарды қарау барысында жалпы өзара көмек жүйесінің де теориялық мəелелеріне тоқталып өткеніміз жөн.

Дəстүрлі қазақ қоғамындағы өзара көмек жүйесін зерттеген ғалымдардың Д.А. Турсынкулова өзінің еңбегінде өзара көмектің мəнін былай түсіндіреді: “Қазақ қоғамының саяси құқықтық болмысын айқындайтын ежелгі дəуірлерден келе жатқан құрылымдық жүйелер көп. Солардың қатарына көшпелі қазақ қоғамындағы өзара көмек (ағайынгершілік) қатынастар жүйесін жатқызамыз. Қазақ халқы еш уақытта туған-туысын, ағайынын, жақынын жауға бермеген. Қысыл-таяң сəттерде  қолынан келген барлық көмекті аямаған. Сондай құрылымдық жүйенің бірі, өзара көмек институты болып табылады. Өзара көмек жүйесі Қазақстан аумағында есте жоқ ескі замандардан бері, қалыптасып, тамыр үзбей дамып келе жатыр. Көшпелі қазақ жұртындағы өзара көмек қатынастарының құқықтық  сипатын,  оның ішкі мəнін ашып саралау үшін сол қоғамдағы құқықтық жүйенің бітім-болмысын тануы қажет. Шартты түрде алып қарағанда ХҮ-ХІІІ ғасырлар аралығында қазақ қоғамында, өзінің сипаты бөлек, ұстанымдары ерекше құқықтық жүйе дамып толастады. Бұл кезеңдегі қазақ қоғамындағы құқықтық жүйе соңғы кезде ғалымдар тарапынан, қазақ қоғамының алтын ғасырының көрінісі ретінде бағаланып жүр. Шын мəнінде, оның қоғамдағы роліне  терең мəн беретін болсақ, осы кезең аралығы дəстүрлі қазақ қоғамының адами принциптерге сүйенген, классикалық   үлгісін   қалыптастырды”  [1, 10 б.]. Бұл оймен келісе отыра, біз дəстүрлі қазақ қоғамында өзара көмек жүйесі рулық, қауымдық санаға негізделген, қазіргі тімен айтқанда əлеуметтік мемлекеттің негізін құрайтын ерекше жүйе болып табылады.

Өзара көмек жүйесін, оның құрылымдық элементтерін əрине былай қарағанда, қазіргі түсініктегі келісім-шарттың аясына сыйғыза қою ерсі де көрінуі мүмкін. Бірақ та, біздің ойымызша, бұл көп жағдайда өзінің міндеткерлік сипатымен ерекшеленетін жəне соны негіз тұтатын институт болып табылады. Өзара көмек жүйесі келісім –  шарттық  қатынастарды  тудырады, əрі оның бастауы да  бола  алады.  Сондықтан да, біз мəселенің осы қырын негізге ала отыра, жұмысымызда тарауша белгілеп, қарастырдық.

Өзара көмек жүйесінің негізін құрайтын құрылымдық жүйе тамырлық болып табылады. Тамырлық бірімен бірі қандық туыстықта болмайтын достас адамдардың арасында қалыптасатын келісімнің түрі. Мұнда тамыр болатын адамдар өзара қиыншылықта бір-біріне көмектесуді мойнына алады. Тамыр талабын бұзғаны үшін билердің алдында жауапкершілікке тартылып, құн тартатын кездерді тарихтан көптеп кездестіреміз.

Тамырлық – бір-біріне берілетін сыйлыққа негізделген достық. Егер тараптардың бірі екіншісінің сыйлығына жауап бермесе, билер сотына жүгінуге құқылы болған. Ғылыми еңбектерде тамырлықтың 3 түрі ажыратылып көрсетіледі:

  • Дос тамыр – бұл бір-біріне сыйлық беруге негізделген атадан балаға қалып отыратын достық. Дос тамырлардың балаларын ата-тамыр деп атайтын;
  • ауыз-тамыр – ауызша достық;
  • сүйек тамыр [2, с.124]. Тамырлық екі тараптың қатынасы. Тамырлыққа келіскенде екі тарап өзара міндеттер мен құқықтарға да ие болады. Тамырлық шарты бұзылғанда дау туып, былайша айтқанда талаптық іске айналып кетіп отырады. Л. Баллюзек бұл мəселені былай атап көрсетеді: “К разряду исковых дел следует отнести споры по так называемому тамырстыву-и еще-бата-оку-аза-салу.

Тамырством называется у киргизов дружба двух лиц6 основанная на взаимных  подарках их друг другу по очереди, сначала одним, потом другим, и держащаяся всегда исключительно этими подарками без особенных внутренних симпатий друг к другу. Поэтому как скоро нет с которой-либо стороны очередного подарка, узел дружбы разрывается и друзья ссорятся из-за перешедшего тому или другому из них с которой либо стороны излишка.

Предварительно правил решения спора между этими друзьями называющимися тамырами, необходимо заметить, что тамырство состоит в назначении подарка не по усмотрению того, кто дарит, а по выбору и усмотрению одаряемого-какой выбор по усмотрению называется кулка-салу, а самый подарок кулкою.

На этой особенности тамырства основано и решение происшедшего между тамырами спора, т.е. если по расчету и по соображению всех временных между ними подарков окажется равное число кулки с обеих сторон, то спор признается затеянным, хоты-бы кулка одной стороны по качеству и ценности и была-бы дороже таковой же с другой стороны; ибо отдать другу более ценный, а выбрать себе менее ценный подарок, зависит совершенно от личного произвола каждого. Следовательно совершенно справедливо считать их  удовлетворенными  не  по качеству, а по количеству кулки. Рассчитав таким образом друзей, надлежит предоставить им продолжить или прервать существовавшее между ними тамырство-при чем если они изъявят согласие на первое, то право следующей кулки считается за тем, за кем остановилась ее очередь.

Если же при расчете выйдет перешедший на чью-либо сторону излишек в кулке, то тамыр, на стороне которого найден ж этот излишек, обязан он и возвратить, или в случае желания продолжать прежние отношения с другом, обязан сделать первый подарок бата-оку-аза-салу есть тоже взаимная обязанность друзей и сватьев, заключающаяся в явке каждого из них в случае смерти того или иного другого для прочтения молитвы за упокой души умершего, с приводом на этот случаи нескольких голов скота, называющегося азою

Если один из друзей или сватьев в отношении азы исполнил уже свой долг, то и другой обязан в свою очередь исполнить этот долг и вести азу в случае смерти какого-либо из родных первого. В противном случае он признается перед виноватым, а потому уговаривается обычаями к тому, чтобы отправился к другу или свату с должною азою, либо возвратил то количество скота, который получен был азу им самим прежде” [3, с. 280-281]. Осы айтылған жағдайлардың барлығы біздің ойымызша, тамырлықты келісім-шарттар деңгейінде бағалауға жол ашады. Қарап отырса, тамырлық өзара көмектің бір түрі болуымен қатар, екінші қырынан келісім-шарттық да астары бар.

Дəстүрлі қазақ қоғамындағы өзара көмек институтының дамыған нысандарының біріне жылу мен жұртшылық жатады. Жылу ежелгі дəуірлерден келе жатқан өзара көмектің бір түрі. Оған мынандай түсінік беріледі: “Обычай жылу устанавливал для членов родовой и аульной общины обязанность оказывать помощь родичу скотом в случае джута или какого-либо другого стихийного бедствия, следствием которого являлась потеря скота. Родич, отказавший в такой помощи, терял право на ее получение сам, если наступала в ней необходимость” [4, с. 69]. Жылуды кейбір еңбектерде негізінен былай ашып көрсетеді: “Жылу – жəрдəм. Қазақ арасындағы өзара көмектің осы бір түрі тым ерте кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан əдет-ғұрыптарға жатады. Бұл əдет-ғұрып бойынша: табиғи апатқа-жұтқа, өртке, селге тағы басқа да дүлей күш кесіріне кенеттен кездесіп, малмүлкінен, баспанасынан айырылып, күн көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу – жəрдем сұрайды. Бұған ағайынтуғандары мен руластары түгел көмектесіп, жылу-жəрдем жинап жинап береді, одан ешкім де бас тартпайды. Жылу беруден кімде-кім бас тартса, өз басына осындай күн туғанда мұндай көмектен мақұрым қалады жəне жалпы жұрт келесін бұзғандығы үшін жек көрінішті болады. Кездейсоқ адамдар да, өзінің туыстары  мен руластарынан осы борышты өтеуді талап етеді. бұл да “жұртшылық жəрдемі” деп аталады.

Қолының  қысқалығынан  үйленуге  шамасы келмеген адамдарға да, ағайын-туғандары “қалыңмалға” көмек көрсетеді. Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған жетім-жесірлерді жəне қарайтын адамы жоқ, салт бас қарттар мен мүгедектерді ағайын-туғандары яки руластары асырап, бағып-қағуға міндетті болған. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында қайыршылардың болмауына игі əсер етіп отырды” [4, 387-388 бб.]. Жылумен қатар, жұртшылықтың да өзіндік ерекшеліктері бар. Жылу жəне жұртшылық көбінесе дəстүрлі қазақ қоғамында кедей топтың немесе жұтқа ұшыраған адамдардың еңсесін көтеріп, шаруашылығын жолға қою үшін қолданылған. Мəселен, “Обычаями жылу, журтшылык широко пользовались богатые скотовладельцы. Они оказывали помощь обедневшим шаруа и даже целым аулам скотом, за что привлекали их к бесплатному труду в своем большом хозяйстве. Особенно широко использовался ими обычай асар, так как бедного и даже среднего достатка шаруа-скотовода этот обычай совершенно не интересовал в своем хозяйстве такой шаруа мог справится всегда сам вместе со своей семьей. Но бии, аксакалы, не говоря  уже о султанах, в случаях стихийных бедствий, падежа сота, при уплатах долгов (например, куна) широко использовали обычаи родовой помощи, обирая своих сородичей, стремясь восстановить свое хозяйство за счет трудящихся подвластных им общин или просто почти бесплатно заставляя их работать в своем обширном хозяйстве” [4, с. 69-70]. Қазақ арасындағы өзара көмектің осы бір түрі тым ерте кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан, орта ғасыр кезеңінде ептеп өзгеріске ұшыраған əдет-ғұрып заңының бір тармағына  жатады. Бұл  əдет-ғұрып   бойынша табиғи апатқа, жұтқа, өртке, селге тағы сол тектес дүлей табиғаттың кесіріне ұшырап, малмүлкінен, баспанасынан айырылып, күнкөрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу-жəрдем сұрайды. Бұған ағайынтуғандары мен руластары түгел көмектесіп, жылу-жəрдем жинап береді. Одан ешкім де бас тарпайды. Егер бұл науқаннан кімде-кім бас тартса өз басына осындай күн туғанда мұндай көмектен мақұрым қалады жəне жалпы жұрт келесін  бұзғандығы  үшін  жек  көрінішті болады” [5, 383 б.] Кейбір еңбектерде жылуды есте жоқ ескі замандағы алаштан тартып өрбітетін жағдайларда кездеседі. Жұртшылық пен жылуды кейде сый-құрмет көрсетудің бір түрі ретінде бағалайтын жағдайлар да болған. С.Е. Толыбеков кезінде жылу мен жұртшылықты дəл осылай былай деп бағалады: “Третьим видом добровольных подарков является жлу или  журтшылық. Его выдавали пострадавшему от грабежа или разорившемуся от стихийных бедствии. Например: “Когда при преследовании его (Кенесары Касымова) царскими отрядами вынужден был бросит до двух тысяч собственных баранов, то для возмещения этого убытка собрал  насильно с приверженцев своих по нескольку баранов”. Обычно вопрос об организации жылу с определением размера взимаемого взноса с каждого хозяйства решался на совете родоправителей или аксакалов. Отказавшихся от внесения принуждали к уплате, ссылаясь на случаи у предков взаимного жылу или угрожая отсечь им подол в знак исключения из числа добрых людей. Таким образом, вымогательство подарков было одним из видов патриархально-феодальной эксплуатации” [6, с. 357]. Бұл кеңестік дəуірдің соқыр саясатының белгісі деп есептейміз.

Осы жерде біз келісім-шарттық мəмілелік қатынастардың теориялық тағы бір қырына көңіл бөлетін болсақ, кейінгі зерттеп жүрген ғалымдар да, келісім-шарттық қатынастарды мəміленің негізінен туатын отбасы жəне некеге байланысты міндеткерліктен туатын дей келе, мəміле жасаудың мəні былай деп есептейді: “Мəміленің жеке шарттары негізінен мəміле жасаушылардың құқықтық қабілеттігі жəне құқықтық  қабілетсіздігіне  назар  аударған.  Кез – келген міндеттеме құқығы мəмілесіз жүзеге аспайды.

Мəмілеге мынандай белгілер тəн:

а) тұлғаның ерік, тілек, ниет білдіруі;

б) құқыққа сəйкес əркет ету, яғни əдет-ғұрып заң нормаларына кереғар болмау;

в) екі аралық мəміле қатынастың пайда болуы;

г) құқықтық салдарға ие болуы.

Ең бастысы екі жақтың келісімі, еркі болып, ол ауызекі түрде не болмаса жазбаша түрде көрініс табуы тиіс. Бұл куəлер қатысуы не болмаса екі тарабы қол қоюы арқылы жасалады. Көшпелі қазақ қоғамында мəміле жасау, мəмілесу көбінесе ауызекі түрде болған мəміле бір жақты немесе екі болмаса көп жақты, ақылы жəне ақысыз, нақты не  болмаса  консенсуалды, казуалды немесе абстрактылы,  шартпен жасалған болуы мүмкін. Қазіргі кезде мəміленің түрлері көп, əрі басқа да түрлері пайда болуына талас жоқ. Өйткені, əлемдік қарым-қатынастың күшейе түсуі мəміле түрлерін көбейте берері хақ. Мəміле жасалған, яғни келісілген кезден бастап екі тарапқа міндеттеме құқығы тиісті болып, ондағы көрсетілген іс-əрекеттер орындалуға жатады. Мəміле негізінен кəмелетке толған, ақылесі бүтін, өзін-өзі толық игере алатын, құқық қабілеттігі болуын талап етеді. Əрекет қабілетсіздігі, яғни психалық ауыру болуы мəмілені жарамсыз етеді. Сол секілді мəміле зорлап, мəжбүрлеп  не  қорқытып не алдап  жасалынған болса, ол да жарамсыз деп саналады.

Қазақ халқының міндеттеме құқығы əлі күнге жан-жақты зерттелініп, азаматтық құқықтық зерттеу пəніне айнала қойған жоқ. Міндеттеме құқықтары тарихымыздың бөлінбес бөлшегі болып табылатынына қарамастан, тəжірибелік саяси мəні жоғары екеніне мəн бермей келеміз. Оның да себептері бар. Өйткені, қазақ қоғамындағы міндеттемі құқықтар көбінесе ауызекі жасалынды əрі көптеген жағдайларға тəуелді болып келді. Қазақ хандығы өрлеп тұрғанда жасалынған: “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім  ханның ескі жолы” жəне Тəуке ханның “Жеті жарғысы” секілді құқықтық ескерткіштерде міндеттеме құқықтары көп əңгіме етілмегенмен, ол жайлы ешкім зерттеп, тұжырымдар айта қойғаны жоқ.

Сонымен мəміленің басты мақсаты азаматтық құқықтық қатынас орнату негізінде  екі  жаққа да жауапкершілік жүктейтін құқықтық қатынас жасау. Көшпелі қоғамда міндеттеме құқығының көрінісі өте  көп,  өмір  салаларының  кезкелген тұстарында кездеседі. Мысалы, отбасы құқығындағы екі ерлі-зайыптының некелесуінен бастап, бала  табу,  өсіру,  ата-ананы  асырап бағу, отанды қорғау, əдет-ғұрыпты орындау, мəмілелерге опа ету, уəдені екі етпеу, т.б. болып көрініс таба береді” [7, 139 б.]. Əрине, біздің ойымызша Қ.С. Иманбаевтың бұл беріп отырған сипаттамасы, қазіргі кезеңдегі келісім-шарттың түсінігінен жəне міндеттеменің негізінен туындап отыр. Бұл жерде ғалым дəстүрлі қазақ қоғамындағы келісім-шарттық қатынастардың мəніне терең бойламағандығын көрсетеді.

Осы жерде тағы бір айтып кететін мəселе, жылудың берілу тəртібі былай болып табылады: “Əр түрлі табиғи апат (жұт, өрт т.б.) салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күн – көруі қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке дам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімді ел басшылары мен билердің келісімімен алады.

Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен-ақ көмектесіп, жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе, онда амалдың жоқтығынан өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. Ел билері көрші алыс-жақын елдердің басшыларынан жылу жинау келісімін алады. Кей жағдайларда өз сыйлауларына қарай (құдажекжат т.б.) көрші рулар өз бетімен көмек көрсетеді.

Қазақ ішінде жылуды кез-келген дəулетті қазақтан сұрау айып болып табылмайды (егер шын жұтап отырса). Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тəңірі алдындағы іс болып табылады. Егер жылу жинаушы (адам не ру) өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, не өз дəулетсіздігінен ағайыннан көмек ала алмай өзге елде жүрсе, айыпталады “өз ағасын ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды” [8,  111 б. ]. Ал жұртшылық болса, “.... қарызға батқан, қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары жəне туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жəрдемі. Мұндай жағдай əркімнің басына түсуі мүмкін болғандықтан көпшілік оған толықтай қатысатын” [9, 67 б.]. Міне, жылу мен жұртышылқ байланысты болып табылса да, олардың арасында бірінен – бірі алшақтайтын жағдайларда кездеседі. Сондықтан да, бұлар өзара көмектің жеке-дара екі институтын құрайды.

Қазақ қоғамы негізінен көшпелі өмір салтын ұстанғандықтан, қауымдық санаға негізделген қоғам мүшелерінің арасындағы да келісімдік байланыстар кеңінен дамыған. Бұған жұртшылықты жатқызуға болады. Рулы елдің бір отбасы жұтқа, қуаңшылыққа ұшырап қалғанда оған барлық ағайын туыстары міндетті түрде көмектесетін болған. Демек, жұртшылық рулы елдің құқықтық деңгейге көтерілген келісімі болып табылады. Жұртшылыққа қатыспаған ауқатты ру мүшелері ел алдында қараланып, рудың ісіне араласудан шеттетілетін.

Жылу мен жұртшылықты біз негізінен келісім-шарттық сипатта қарайтынымыз, бұл ежелгі дəуірлерден келе жатқан дəстүрлі қазақ қоғамындағы руаралық, қауымдық келісімнің түрі болып табылады. Себебі,жылу мен жұртшылыққа қатыспаған отбасылар өздерінің басына күн туғанда, мұндай көмектен айырылады. Сонымен қатар, көшпелі қоғам негізінен мал шаруашылығына негізделген, ал қазақ қоғамында жұт əр түрлі апаттар көп жағдайда кездесіп отырады. Міне, осындай аппатардың жолын бөгеу үшін өмірге келген ағайынгершілікке негізделген, руаралық келісімнің бір түрі болып табылады. Əрине, бұл жазбаша жасалып, құқықтары мен міндеттері нақтыланатын қазіргі классикалық  келісім-шарт  емес.  Сондықтан да, бұл институттарды келісім-шарт ретінде бағалауда, оның ішкі мəніне үңіле білуіміз қажет. Сонда ғана біз бұның келісім-шарттық табиғатын танимыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. Турсынкулова Д.А Қазақ əдет құқығы бойынша өзара көмек (Асар) институты: заң ғыл. канд. дис...: 00.01. – Алматы, 2007. – 126 б.
  2. Гродеков Н. Киргизы и каракиргизы Сыр Даринской области. Ташкент, – Т. 1. – 147 с.
  3. Баллюзек Л. Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие в малой киргизской орде силу закона // Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы: Жалын, 1998. – С. 217-299.
  4. История государства и права Казахской ССР./ под общ. редакцией члена-корреспондента АН КазССР С. Сартаева. Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Ч. 1. – 182 с.
  5. Бихай С. Қазақ мəдениетінің тарихы. – Алматы, 2001. – 552 б.
  6. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХҮІІ-начале ХХ века. (Политико-экономический анализ). Алма-ата: Наука, АН КазССР, – 633 с.
  7. Иманбаев Қ.С. Қазақ əдет-ғұрып құқық жүйесіндегі міндеттеме институттары // ҚазҰҰ хабаршысы. Заң сериясы. – 2008. – №3 (47)– 139-143 бб.
  8. Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы – мемлекет жəне құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мəтіні). – Алматы: Заң əдебиеті, 2003. – 150 б.
  9. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы: оқу құралы – Алматы: Ғалым, 2000. – 176 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.