Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықты нығайтудағы конституцияның жоғарылығының маңызы

Қазақстан Республикасы Негізгі заңы – Конституцияда өзін құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыратынын бекітіп, оған қол жеткізуді мақсат етіп ұстанған тұста конституцияның жоғарылығы мəселесі алдыңғы кезекке шығады. Конституцияның жоғарылығы елімізде мемлекеттік биліктің орнығуы мен жүзеге асуының легитимдігінің, адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде өз қолданымын табуының, мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың қызметінің заңдылығының алғышарты, негізі болып табылады. Конституцияның жоғарылығы қабылданып жəне қолданылып жатқан заң актілерінің Конституцияға, оның талаптарына сəйкес келуін мүмкін ете отырып түрлі қоғамдық қатынастардың қатысушысы ретінде қоғам мүшелерінің (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар) Конституция нормаларын сақтауын, бұлжытпай орындауын шамалайды. Басқаша айтқанда, қоғамның барлық салаларында конституциялық заңдылықтың орнығуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық категория ретінде«конституциялық заңдылық» барлық қоғамдық қатынас қатысушыларының Конституция ережелерін сөзсіз сақтауын, оған сəйкестікте өзінің іс-əрекеттерін ұйымдастырып, жүзеге асыруын, ал құқық шығармашылық қызметте нормативтік актілердің Конституция талаптарына дəлме-дəл сəйкес келуін білдіреді.

Конституцияның жоғарылығы мен конституциялық заңдылық өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын жағдайлар. Бүкіл    конституциялық    кеңістікте  Конституция пəрменін жүргізу онда конституциялық заңдылықтың орныққандығын білдіреді. Конституциялық заңдылық Қазақстан  Республикасы Конституциясында бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді  мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің орындауынан көрінеді [1, 43 б.]. Конституцияның жоғарылығы конституциялық заңдылықтың орнығуының негізі, оның болуын шамалайтын фактор болып табылады, ал конституциялық заңдылық – конституцияның жоғарылығының көрінісі, нəтижесі. Тиісінше, конституциялық заңдылық режимінің орнығуы конституцияның жоғарылығын, оның мəнін дұрыс ұғынып, оны қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдіруді қажет етеді.

Конституцияның жоғарылығының мəні көпшілігімізұғыныпжүргендейоғаннормативтік құқықтық актілер жүйесінің қатаң сəйкестікте келуінен де тереңде жатыр. Конституцияның жоғарылығын, оны шынайы қамтамасыз ету қажеттігін оны қабылдаған халықтың мақсатмұратымен байланыстыра отырып қарау керек. Қазақстан Конституциясын ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды мақсат ете отырып қабылдаған. Тиісінше конституцияның жоғарылығы, яғни нормативтік құқықтық актілердің, билік органдарының (лауазымды тұлғалардың) əрекеттерінің Конституцияға сəйкес болуы сол Конституцияны қабылдаған халықтың мұратына жетудің ең басты негізі болып     табылады. Демек,конституцияның ьжоғарылығының мақсаты – Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып бекіткен Қазақстан мемлекетінің демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнығуына, адам, оның өмірі мен құқықтарының, бостандықтарының ең қымбат қазына ретінде шынайы танылуына қол жеткізуде.

Кез-келген құқықтық механизмнің тиімді жұмыс істеуі үшін оның кепілдіктерін нығайту қажет. Тиісінше конституцияның жоғарылығын,  оны  сақтау  маңыздылығын  мойындап қана қоймай оның нормаларының тікелей қолданылуын, барлық қоғам салаларында конституцияның үстемдігін, бұзылмауын қамтамасыз ету үшін оның кепілдіктерін күшейту қажет. Ондай кепілдіктердің негізгісі болып құқықтық кепілдіктер табылады.

Құқықтық кепілдіктер – бұл конституцияның сақталуын, үстемдігін қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар. Нақты айтсақ, құқықтық мүмкіндігі өзінің тағайымына лайық конституциялық бақылау тетіктерінің бекітілуі, конституциялық құқықбұзушылық үшін конституциялық жауаптылық институтының реттелуі, т.с.с.

Конституцияның жоғарылығының, бұзылмауының келесі бір кепілдігі ретінде идеологиялық кепілдіктерді көрсетуге болады. Конституция нормаларының сақталуын, құрметтелуін қамтамасыз етуде қоғам мүшелерінің құқықтық мəдениетін, құқықтық санасын, құқықтық білім деңгейін көтеру маңызды шара.

Келесі кепілдіктердің бірі əлеуметтік экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер Конституция нормаларының, əсіресе адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық ережелердің сақталуын, бұзылмауын қамтамасыз ететін əлеуметтікэкономикалық жағдайлардың болуын шамалайды. Дамыған экономикасы, өндірісі, əлеуметтік инфрақұрылымы бар əлеуметтік теңдік пен тұрақтылық орын алған мемлекетте жеке тұлғаның əлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтарын бекітетін конституциялық нормалардың бұзылу фактісі де неғұрлым төмен болары анық.

Конституцияның үстемдігі, оның сақталуы белгілі бір шамада мемлекеттің саясатына, мемлекеттегі саяси орнықтылық пен түрлі саяси  күштердің  тұрақтылығына  да байланысты болады. Бұлар өз кезегінде конституцияның жоғарылығының, бұзылмауының саяси кепілдіктерін құрайды.

Осы кепілдіктер жеке дара емес, бірлескен жиынтығында Конституцияның жоғары, үстем болуын мүмкін етеді. Аталған кепілдіктердің ішіндегі ең ықпалдысы, маңыздысы – құқықтық кепілдіктер. Құқықтық кепілдіктер жайлы сөз болғанда конституциялық бақылау  институтын жетілдіру мəселесі жиі айтылады. Себебі, конституциялық бақылау конституциялық заңдылық режимін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатын конституцияның жоғарылығын, оның бұзылмауын қамтамасыз ету функциясын білдіреді.

ҚР Конституциялық Кеңесінеконституцияның жоғарылығын, оның нормаларының дұрыс ұғынылып, қатаң орындалуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Тиісінше мұндай міндеттерді жүзеге асыру үшін оның өкілеттіктері оған сай болуы керек. Конституциялық Кеңестің қызметін бекітетін нормаларды саралау Конституциялық Кеңестің құқықтық мүмкіндіктері оның мақсатына, тағайымына толықтай жауап бере алмайтындығын көрсетеді. Ол туралы ғылымда жиі айтылып, бірқатар ғалымдар тарапынан тиісінше ұсыныстар білдіріліп жатыр [2-3]. Сондықтан оларды қайталамас үшін Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері мен оған жолданушы субъектілердің шегін кеңейту мəселелеріне тоқталмаймыз.

Конституциялық бақылау институты реттелген шет елдердің кейбірінде алдын ала конституциялық бақылау жүргізілуі мүмкін (Ирландия...), ал келесі бірінде кейіннен жүргізілетін конституциялық бақылау жүзеге асырылады (АҚШ, Швейцария), сондай-ақ конституциялық бақылаудың осы екі нысаны да қолданылатын елдер бар. Қазақстанда басымдық алдын ала бақылауға беріле отырып (оның  өзі де жетілдіруді қажет етеді), конституциялық бақылаудың аталмыш екі түрі де қолданылады. Оның өзінде ол Конституциялық Кеңестің тексеру объектісі болып табылатын актілердің түрлеріне байланысты. Конституцияны саралау алдын ала жəне кейіннен жүргізілетін конституциялық бақылау объектісі болып Парламент қабылдаған заңдар мен Республика бекіткен халықаралық шарттардың табылатындығын көрсетеді. Өзге нормативтік құқықтық актілер тек кейіннен жүргізілетін  конституциялық бақылау объектісі болуы мүмкін. Осы тұста айта кететіні, ҚР Конституциялық Кеңесі заңдардың (халықаралық шарттардың) конституциялығын тексеруге қатыстынегізіненалдыналабақылауды жүзеге асырады. Əрине, конституцияның бұзылуына жол бермес үшін конституциялық құқықбұзушылықтың алдын-алу маңызды да қажетті. ҚР Конституциялық Кеңесі Парламент қабылдаған заңдарды қол қойғанға дейін, халықаралықшарттардыбекіткенгедейінтексеру арқылы алдын ала конституцияның бұзылмауын қамтамасыз етеді, яғни конституциялық құқықбұзушылықтың алдын алады.

Алайда, конституцияның бұзылмауын қамтамасыз етуде бұл бірден-бір тиімді жол болып табылмайды. Конституциялық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін жəне Конституцияның бұзылмауын ары қарай да қамтамасыз ету үшін қазақстандық заңнамада кейіннен бақылауды да кеңінен енгізген дұрыс. Ол бірнеше жағдайлармен себептеледі: біріншіден, Парламент қабылдаған барлық заңдардың Президент қол қойғанға дейін конституциялық бақылаудан (тексеруден) өтетініне ешбір кепілдік жоқ. Заңнамаға сəйкес Конституциялық Кеңес тек конституциялығын тексеруге қатысты өтініш түскен заңдардың ғана конституцияға сəйкестігін тексере алады. Олай болса, өтініш білдіруші субъектілердің шегінің тым шектелгеніне əрі Конституциялық Кеңеске жүгіну оған жолданушы субъектілер үшін міндет болып табылмайтынына байланысты да бірқатар заңдар конституциялық бақылаудан сырт айналып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда кейіннен конституциялық бақылау алдын ала бақылаудан тыс өтіп кеткен Конституцияға қайшы  заңдарға «сүзгі» іспеттес болады; екіншіден, Қазақстанда кейіннен конституциялық бақылау тек соттардың өтініші негізінде ғана жүзеге асырылады. Соттардан басқа ешкім қолданымдағы нормативтік құқықтық актілердің конституциялығын тексеру жөнінде Конституциялық Кеңеске жолдана алмайды. Оның өзінде соттар тек бір жағдайда ғана – егер сот белгілі бір іс бойынша қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт конституциямен баянды етілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзса ғана Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алады. Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынан бөлек Қазақстанның конституциялық құрылысына, мемлекеттік жəне  жергілікті  биліктің  ұйымдастырылуы мен қызметіне, мемлекетіміздің саяси жəне экономикалық жүйесінің негіздеріне де қатысты қаншама маңызды, түбегейлі қағидаттар, нормалар бекітілген емес  пе?  Демек,  қандай  да бір нормативтік акт осы аталған мəселелерге қатысты Конституция нормаларын бұзса, оған қайшы келсе ол акт конституциялық бақылау объектісі болмайды. Республика заңнамасын саралау мұндай конституциялық емес  актіні «тұсауға алудың» конституциялық бақылаудан бөлек бір жолын көрсетеді. Ол – прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңына сəйкес Прокуратура заңдылық бұзушылықты анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Наразылықонышығарғанорганғанемесежоғары тұрған органға беріледі жəне ол 10 күн ішінде қаралуға жатады. Наразылықта прокурор заңсыз актінің  күшін  жоюды не  оны Конституцияға ... сəйкес келтіруді талап етеді [4, 19 бап]. Прокурордың конституцияға қайшы актінің ары қарайғы тағдырына қатыстылығы оның тиісті актіге наразылық жасауымен аяқталады деуге болады. Конституцияға қайшы актінің күшін тоқтату сол актіні қабылдаған органмен немесе уəкілдік берілген жағдайда жоғары тұрған органмен немесе сотпен жүзеге асырылуы мүмкін. Оның өзінде ондай актілердің күшін тоқтату олардың өздерінің қарауына байланысты. Бұған қоса, республика заңнамасында наразылық жасалған заңсыз актінің  күшін  жою немесе оны өзгерту механизмі толық реттелмеген. Мысалы, Парламент шығарған конституциялық емес заңдардың күшін жою немесе оған сəйкестендіру мəселесі жеке реттеуді қажет етеді. Əрі практикада орын алмауына байланысты тиісті мəселе біраз түсініксіздік тудырады. Прокуратура туралы заңда бекітілген наразылық жасалған конституцияға қайшы актілерді жою жəне өзгерту тəртібі Парламенттің заңдарына келіңкіремейді (тиісті заңдардың күшін тоқтатуы немесе конституцияға сəйкестендірілуі жаңа заң шығармашылығы арқылы жүзеге асады...).

Қазақстанда орнықты конституциялық заңдылық режимін қалыптастыру үшін конституцияның шынайы жоғарылығының фундаментін жасау керек. Оның бірі – заңдар мен өзге актілердің мөлдірлігі мен толықтығы болып табылады.

Қазақстанда кейіннен конституциялық бақылау, атап кеткеніміздей, тек соттардың өтінішінің негізінде, оның өзінде сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтірген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мұның өзі соттардың тиісті актілердің конституциялығын тексеруге қатысты өтініш білдіру мүмкіндігін шектейді. Себебі, Республика соттары тек қарауындағы іске қатысты ғана актілердің конституциялығын тексеру жөнінде өтініш  бере  алады.  Қарауындағы  қандай-да бір іске байланысты емес, Конституцияда баянды етілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын нормативтік құқықтық актілерді байқаған жағдайда соттар қауқарсыз болып шығады. Бұл аталған жағдайлар Қазақстанда конституциялық бақылаудың кейіннен жүргізілетін нысанын да жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді.

Республикамыздың құқықтық мемлекет ретінде дамуы үшін, онда конституциялық заңдылық режимінің тұрақты орнығуы үшін конституцияның жоғарылығының дұрыс əрі бірыңғай ұғынылуы маңызды. Көпұлтты Қазақстан халқы  Республика  Конституциясын оның қазақша не орысша мəтініне  қандай да бір өзгешелік берместен  тұтастай  бір тарихи құжат ретінде қабылдады. Тиісінше оның жоғарылығы, бұзылмауы мəселесі де бірыңғай қаралуы керек. Алайда, Республика Конституциясына  нормативтік  актілердің  сəйкес келуі тұрғысында тиісті актілердің орыс жəне қазақ (мемлекеттік) тіліндегі мəтіндерінің арақашықтығын көреміз. Нақты айтсақ, ҚР Конституциясы қабылданғаннан бергі 16 жыл ішінде конституцияның жоғарылығы ретінде орыс тілінде мəтінделген Конституцияның жоғарылығы ұғынылатындығын байқаймыз. Ашып айтсақ, бір мысал: мемлекеттік тілдегі Конституцияның 10-бабының 2-бөлімінде «Республика азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан ... айыруға болмайды» деп бекітілген [5]. Ал «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР заңында 21-бапта Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу жағдайлары қарастырылған [6]. Яғни азаматтық туралы заңның 21 бабы Конституцияның 10-шы  бабын бұзып тұр. Соған қарамастан мұндай Конституцияға қайшылық 16 жыл құқықтық кеңістікте қолданылып келеді, тиісінше депутаттар  тарапынан  қалыпты  жағдай ретінде өз бағасын алып отыр. Оның себебіне келсек, бұл конституциялық қайшылық қазақ тілінде мəтінделген Конституцияға қатысты қайшылық. Конституцияның орыс тіліндегі нұсқасына аталмышзаңқайшыкелмейді.Өйткені,«азаматтықтан айыру» термині Конституцияның орыс тіліндегі мəтінінде «лишение» деп, ал «Азаматтық туралы» заңда (орыс тіліндегі) «утрата» деп реттелген. Демек, орыс тілінде жарық көрген тиісті актілердің мəтінінде қайшылық жоқ, тиісінше бəрі дұрыс. Заң шығарушылардың, заң жобасын түзушілердің мемлекеттік тілге деген немқұрайлығы, заңдарды орыс тілінде қабылдап, сапасыз аудармаға жол беруі ақыр аяғында сонша жыл бойы мемлекеттік тілде жазылған Конституцияға қайшылық жағдайдың тұрақты орнығуына, тіптен еленбеуіне жеткізіп отыр. Ол өз  кезегінде  Конституцияның жоғарылығының «орталануына» негіз беріп келеді.  Ғылымда бұл қайшылықты жағдай «утрата» терминінің орнына оның аудармасы ретінде  «жоғалту» сөзін қолданумен шешілген.

Сондықтан, аталмыш конституциялық құқықбұзушылықты ҚР азаматтығы туралы заңға өзгерту енгізіп 21-бапта көрсетілген жағдайларды ҚР азаматтығынан айыру жағдайлары емес ҚР азаматтығын жоғалту жағдайлары деп анықтау арқылы жойған дұрыс. Академик  С.С.  Сартаевтың  ойы   бойынша, Конституция қоғамның негізгі құқықтық идеяларын объективтендірудің аса маңызды нысанының бірі болып табылады. ... Конституция қоғамның саяси жəне құқықтық жүйелерінің дамуының  негізгі бағыттарын айқындайды, осы жүйелердің  өзегі  ретінде  қызмет етеді [7, 501 с.]. Конституцияның жоғарылығын, конституцияның нормативтік құқықтық актілер жүйесіндегі үстемдігін, оның тікелей əрекет етуін шынайы қамтамасыз ету конституциялық заңдылық режимін қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Ал конституциялық заңдылық режимі қамтамасыз  етілген  шынайы  құқықтық   мемлекетте   Конституцияны жəне заңнаманы сақтау міндеті бір мезгілде моральдық-этикалық тəртіп категориясы, тиісті қоғамның өнегелік жағдайының көрсеткіші болып табылады [8, 49 с.].

Олай болса, құқықтық қатынастың барлық қатысушылары – мемлекет, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, заңды  тұлғалар, жеке тұлғалар, қоғамдық ұйымдар өздерінің қызметтерінде, ісəрекеттерінде алдымен конституциялық тəртіпті қамтамасыз ету арқылы конституциялық заңдылықты тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.

 

Əдебиеттер

 

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Академиялық курс.– Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 480 бет.
  2. Мами К.А. Конституционная законность и судебная власть в Республике Казахстан: основные тенденции и приоритеты: автореф. дис... д-ра юрид. наук. – Алматы, 2003. – 48 с.
  3. Караев А.А. К вопросу об эффективности конституционного контроля // Право и государство. – 2000. – № – С.36-39.
  4. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңы.
  5. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 30тамыз 1995 ж.
  6. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының заңы.
  7. Сартаев С.С. Мы живем в Конституционном пространстве. – Алматы: ТОО РПИК «Дəуір», 2010. – 696 с.
  8. Ким Ю.А. Роль и значение Конституционного Совета в обеспечении конституционной законности // Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы: материалы международной научнопрактической конференции 27-28 марта 1997 г. – Алматы, 1997. – С.49-55.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.