Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Смағұл Cадуақасов: мемлекет жəне қоғам қайраткері

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезі Қазақстанның мемлекет жəне құқық тарихында шешуші əрі тағдырлы кезеңге айналғаны баршаға мəлім. Себебі, Ресейдің империялық саясаты, одан кейін Кеңестік Ресейдің жүргізген реформаларының нəтижесінде Қазақ жерлері, оның ішінде қазақ халқының тозы шығып, бытыраңқылыққа айналдырылған болатын. Кейіннен, 1924 жылы орын алған Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу науқанының нəтижесінде қазақ жерлерінің қайта қосылуына, ұлттық бірлік болмысын қайта жаңғыртуда, елім, жерім дейтін талай азаматтар дүниеге келді.

Ондай азаматтардың еліміздің егемендікке қол жеткізуіндегі ролі мен орны ерекше. Еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Тəуелсіздік белестері» еңбегінде оны келесідей бағалайды. «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің тəуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп келді. Өзінің таңдаулы қасиеттерінің, қатер төнген сəтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен тату көршілікте тұруға деген ынта-ықыласының арқасында тарихтың тұңғиығына батып кетпей, ондаған жылдардан кейін өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Өз басына түскен барлық қиындықтарға қарамстан туған халқының болашағын қамтамассыз етіп, тілін, мəдениетін, дəстүрлері мен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білген бабаларымыздың көптеген ұрпақтарына құрмет көрсеткеніміз жөн. Осының бəрі, сайып келгенде, Қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне қол жеткізді» [1, 148 б.].

Сондай азаматтардың бірі, əрі бірегейі – Смағұл Садуақасов болатын. С. Садуақасов жастайынан ел басқару ісіне араласып, ұлты мен жерінің аласапыран дəуірінде бірлігі мен мызғымастығын сақтауға үлес қосқан шыншыл азамат. Сол үшін де Смағұл Садуақасұлы өз дəуірінде қызыл империяның саясатына сай келмей қудалауға ұшыраған.

Осы тұста Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі мына бір «Сонымен бірге отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мəселелер де түбегейлі қайта танып-түсінуді қажет етеді» [2, 16 б.] деген алдымызға қойған міндетті ескеретін болсақ, өткен төл тарихымыздың өткеніне объективті баға беру (əрине бұл тұста асыра сілтеушілікке жол бермеу қажет) ғылым алдындағы аса жауапты міндет.

С. Садуақасов Қазақстанда Кеңес билігінің орнауына, сол арқылы өз халқының мұң- мұқтаждарына болысуға əрекет еткендердің бірі. Ол жастайынан саяси оқиғаларға араласып, мемлекеттік істерге кірісіп кеткен. Ол 1900 жылы туылған. Кейбір деректерде Ақмола губерниясының Қорған болысында, ал кейбір деректерде Көкшетау қаласының маңындағы Жарқын ауылында дүниеге келген. Жастайынан əкесінен мұсылмандық білім алып, сауатын ашқан. Кейіннен Омск қаласындағы ауылшаруашылық мектебіне түсіп, оны 1915 жылы аяқтайды. Ол онда қазақ өнері мен шығармашылығының майталмандары М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, К. Кеменгеров секілді азаматтармен танысып, өзінің шығармашылық талантын ұштауға зор мүмкіндік алады[3, 1 б.].

Оның мектепте білім алуы уақыты, елдегі саяси тұрақсыздық пен бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен тұспа-тұс келгендіктен, елде орын алып жатқан əділетсіздіктерге өз саяси позициясын білдіру мақсатында түрлі ұйымдарға кіріп, оның белсенді мүшесіне айналады. «Смағұл Садуақасовтың жас та болса ел басқару, халық тағдырын ең жоғарғы деңгейдегі билік тұтқасын ұстағандармен тайталаса жүріп шешу сияқты саясат ісінде ірілік көрсетті. Смағұл 1914 жылы Омбы қаласында ашылған қазақ жастарының алғашқы ұйымы «Бірлікте» қызмет етті. «Бірлік» ұйымының мақсаты – Қазақ халқын мəдени һəм əдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һəм ұлттықты сақтау... 1916 жылы «Бірлік» ұйымы «Балапан» деген журнал шығарып, жастарға қызмет етті. «Жастарға жаңа жол» деген Смағұл Садуақасов кітабында: «Бостандыққа жетем, теңдік алам десең, өзің қимылда. Аспанан саған құймақ жаумайды.

Оны бір деп біл» деп өзінен-өзі келмейтінін түсіндіріп еңбек жазды. Алдыңғы толқын Алаш зиялыларының халыққа қызметін үлгі етті. Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтай арыстарды «қазақ ұлтшылдарының басшылары» деп атап, олардың ұлтқа сіңірген еңбегі арқасында өте қадірлі адамдар болғанын жастардың жадына құйып отырды. Смағұл 1920 жылы РК(б)П қатарына өткеннен кейін партия, кеңес жұмыстарына араласып, жастар арасында тəрбие жұмыстарын жүргізді. Оларға арналған оқу курстарын ашып, дəріс оқыды. 1920 жылы Қазақстан өз алдына дербес автономиялы республика болғаннан кейін РКЖО Орталық комитеті Қазақ облыстық бюросының  хатшысы қызметін атқарды» [4, 1-2 бб.].

С. Садуақасов шығармашылық қызметін, мемлекеттік қызметпен қоса атқаруда зор үлгі көрсете білді. Ол мемлекеттік биліктің түрлі қызметтерінде болуына қарамастан «Еңбекшіл қазақ», «Кедей сөзі», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының шығуында жауапты қызметтер атқарды. «В 1920 г. – редактор газеты «Кедей дауысы» (Омск), секретарь Казахского областного комитета РКСМ в Оренбурге. В этом же году избирается от Акмолинской губернии делегатом первого всеказахстанского съезда Советов. На съезде он избирается членом президиума Казахского центрального исполнительного комитета, а вскоре и членом ВЦИК. Позже назначается заместителем комиссара народного просвещения. В этот же период, с 1921 по 1928 гг., он был секретарем КазЦИКа, полномочным представителем КазАССР при ТурЦИК-е, председателем Государственной плановой комиссии КазАССР, ответственным редактором краевой газеты «Еңбекші қазақ». Всю свою энергию, силу таланта Садуакасов направил на улучшение народного образования, воспитание местных кадров. Принципиальный и настойчивый нарком просвящения не пришелся по душе Ф. Голощекину. На шестой партконференций Садуакасов освобождается от своих должностей и назначается ректором Казахского педагогического института (ныне АГУ им. Абая).  Позже Садуакасов поступает в Московский институт инженеров транспорта, после окончания которого, опасаясь его пребывания на родине, его по специальности направляют на работу на строительство железной дороги Москва – Донбасс. Здесь 16 декабря 1933 г. Его не стало» [5, 499 б.].

С. Садуақасов қандай мемлекеттік қызметте жүргеніне қарамастан басты мақсаты – қарапайым халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болды. Егер əділетсіздік көрсе, шындықты айта білетін азамат болатын. Ол өзінің «О национальностях и националах» атты мақаласында Кеңестік жүйенің, оның ішінде сол кезде Қазақстанды басқарып отырған Ф. Голощекиннің жүргізіп отырған теріс саясаттарын ашық түрде əшкерлейді. С. Садуақасовтың ойынша, Кеңес одағына кіретін барлық республикалар теңдей дəрежеде даму керек. Орта Азия республикаларының бұрынғы империялық дəуірдегідей шикізат аймағы болып қала берсе, онда жаңа жүйенің сол кездегі биліктен айырмашылығы жоқ екенін ашық айтты. Ф. Голощекиннің республикадағы негізсіз, əрі əділетсіз саясатына қарсы шықты.

Бір мысал. С. Садуақасовтың Ж. Аймауытовты жаладан қорғауы жайында Ф. Голощекиннің VI- шы Бүкілқазақтық өлкелік комитетіндегі сөзі: «Онан соң, заң қарпінің адамдары бізде қоғамдық талаптармен санаса бермейді. Біз мынандай жағдайларға жиі ұрынамыз: Қоғамдық жағдай біреулерді соттауды қажет етеді, ал, «заң қарпінің» адамдары бізге кедергі келтіреді. Губернияда қоғамдық, кеңестік міндеттер тұрғысынан оны айыптайды. Жоғарғы Сот мұны ескермейді жəне ақтайды. Керісінше болып шығатыны да бар. Мұндайда кейде үлкен адамдар ықпалының əсер ететіні де бар... Сіздер Садуақасовтың тарихын білесіздер: Аймауытовты жəне басқаларды соттаған кезде, ол – Өлкелік комитет мүшесі жəне үкімет мүшесі, Өлкелік комитеттен сұрамай, сотталуын бүкіл Қазақстан күтіп отырған адамдарды жақтауға ашық кірісті. Бұл қайда жарайды! (Қараңыз: Отчет Краевого комитета VI Всеказахской партконференции... Кзыл-Орда. 1928, 82-83 бб.). Келтірілген үзіндіден Қазақстанның сол жылдардағы басшысының революциялық заңдылық дегенді жамылып, өзіне ұнамайтын кейбір жауапты қызметкерлерді заң органдары арқылы жазалауға аңсары ауып тұрғанын аңғару қиын емес. Бірақ, оның ойлаған ойын толық жүзеге асыруына Смағұл Садуақасов, Нығмет Нұршақов, Жалау Мыңбаев, Сұлтанбек Қожанов тəрізді қайраткерлер кедергі жасады. Ол айтқандай, С. Садуақасовтың белгілі қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытовты қызғыштай қорғап, сот залында əділетсіздік тырнағынан күшпен босатып алғаны рас. Мұның бəрі Голощекинге ұнамады» [6, 13-14 бб.].

С. Садуақасовтың қысқа ғұмыры, елі мен жері үшін мəнді өткені мəлім. Оның əсіресе Қазақ АССР-нің Түркістан АССР-гі өкілетті өкілі болып қызмет етуін атап өту қажет. Себебі, Қазақстан үшін Түркістан республикасы өте маңызды өлке болатын. Қазақтар көп қоныстанған республиканың оңтүстік шығыс, оңтүстік облыстары Түркістан республикасының құрамында болатын. Осы екі республикадағы қазақтардың байланысын төмендетпеуге, ондағы қазақтардың жағдайын бақылаудағы қызметін ескеру қажет. Əсіресе, 1924 жылы орын алған Орта Азия республикаларын межелеу саясаты басталғанда ұлт зиялыларымен бірге қазақ жерлерінің Қазақ АССР-нің құрамына қайтаруда көп үлесін қосты.

Жалпы қорыта келгенде, Смағұл Садуақасов Қазақстанның қиын-қыстау, тағдыры дүрбелең кезеңде өмір сүрді. Ол жастайынан елінің, жұртының мұң-мұқтажын, қажеттерін білдіруде көп еңбек еткен азамат. Оның Кеңестік империяның кеселді саясатына ашық қарсы шығуы, Түркістан АССР-і таратылған тұста қазақ жерлерінің Қазақстанға қайта қосылуында, 30 жылдардағы ашаршылық тұсында еліне адал қызмет еткен бір туар, қаймықпас азамат. Оның қолынан көптеген шығармалары, туындылары мен ғылыми мақалалары жарияланды. Еңбектерінің негізгі мақсаты – əділдік, теңдік, патриоттық сезімді күшейтуге бағытталған.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 бет.
  2. Назарбаев Н.Ə. Тəуелсіздік белестері. – Алматы: Атамұра, 2003. – 336 бет.
  3. Садвакасов Смагул. http//www.biografia.kz. – 4 бет.
  4. Махат Д. Ілгерінің тағдыры жастардың қолында. http//www.nurastana. – 3 бет.
  5. Антология социально-политической мысли Казахстана с древнейших времен до наших дней (в двух томах). –Алматы: Институт развития Казахстана, 2002. – 556 с.
  6. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мəселелері. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Өнер,– 552 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.