Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің функциясы туралы кейбір ойлар

 Мемлекет өзінің əрбір даму кезеңінде əртүрлі өзгерістерден өтеді. Соның нəтижесінде оның функциялары да дамып жəне өзгеріп отырады. Мемлекеттің бір функциясы өмірге келіп жатса екіншісінің мəні жойылып жатады. Сондықтан да мемлекет теориясында функционалдық əдіс бастапқы əдістердің бірі болып табылады. Мемлекеттің жалпы теориясында ең өзекті əрі маңызды сұрақтардың бірі болып оның функциялары табылады. Мемлекеттің мəні мен əлеуметтік тағайынының нəтижесінде мемлекеттің функциясы анықталады.

«Функция» деген термин мемлекет жəне құқық теориясында кеңінен пайдаланылады жəне ол мемлекеттің не жəне қалай жасау керектігін түсіндіріп болжайды. «Функция» - деген терминді сөздіктерде қызмет деп те атайды. Бұл термин тек қана заңи немесе саяси ұғым емес, басқа да қоғамтану ұғымдары сияқты ол өз бастауын физика мен математика ғылымдарынан алады. Оның мағынасы бір ауыспалы көлемнің екінші бір ауыспалы көлемге тəуелділігін анықтайды [1, с 344].

Латын тілінен аударғанда функция - «function» - орындау, жасау дегенді білдіреді. Философия сөздіктерінде функция – бұл екі топтың не объектінің қатынасы арқылы біреуінің қозғалуы, екіншісінің қозғалуына əкеліп соқтыратын, белгілі бір қатынас жүйесінде объектінің  сыртқы көрінісін айқындайтын түсінік [2, с.556].

Мемлекет функциясының түсінігі туралы Қазақстанның заң ғылымында бірнеше көзқарастар бар. Олар: С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, М.Т. Баймахановтың, С.Н. Сабикеновтің, Т.С. Ағдарбековтің, А.С. Ибраеваның, С. Өзбекұлының еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар мемлекет функциясы туралы мəселелер ресейлік ғалымдар М.И. Байтиннің, В.С. Нерсесянцтың, М.Н. Марченконың, В.В. Лазаревтың, Л.И. Загайновтың, Л.А. Морозованың, А.И. Денисовтың, С.А. Раджабовтың, А.Б. Венгеровтың, В.С. Комаровтың еңбектерінде ашылған. Бір ғалымдар мемлекеттің функцияларын мемлекет қызметінің нысандары деп анықтама береді. Мысалы, В.С. Нерсесянц мемлекетті тірі ағза етіп, ал оның функцияларын мемлекеттің тіршілік ету нысандары ретінде қарастырады [3, с. 256-257], ал екіншілері мемлекет функцияларын мемлекеттің  қоғамды басқарудағы негізгі бағыттары мен мазмұнын анықтайтын, қоғамдық қатынастар мен үрдістерге мемлекеттік ықпал етудің ерекше механизмі деп пікір айтады. Үшіншілері мемлекет функцияларын мемлекеттің пəндік-саяси сипаттамасы деп қарастырады. Төртіншілері мемлекет функцияларын мемлекет қызметінің негізгі бағыттары деп көрсетеді. Осы анықтаманы қолдайтын қазақстандық ғалым, академик М.Т. Баймаханов мемлекеттің функцияларын қоғам өмірінің əр түрлі аясындағы мемлекет  қызметінің  негізгі   бағыттары деп тұжырымдайды. Оның  ойынша, егер мемлекет функцияларының түсінігі мемлекет қызметінің нысандары деп қарастырылса, онда ол тек заң шығарушылық, басқарушылық, əділ сот жəне бақылаушылық қызметтерін ғана қамтиды дейді [4, с. 83]. Сондықтан да академик М.Т. Баймаханов мемлекеттің функциялары мемлекет  қызметінің нысаны ма, жоқ қызметтің өзі ме деген сұраққа жауап іздеп, мемлекет функцияларының түсінігіне мынадай анықтама береді: мемлекеттің функциялары – қоғам өмірінің əртүрлі салаларында мемлекет қызметінің бағыттары. Ал мемлекет қызметінің нысаны, мемлекет  функциялары туралы мəселенің бір бөлігі деп тұжырымдайды [4, с. 84]. Ресей ғалымы М.И. Байтин өз пікірін білдіре отырып, мемлекет функцияларын оның жүзеге асу нысандарымен, əдістерімен сабақтасып, мемлекет қызметінің түрлерімен терминологиялық түрде араласып кететіндігін айтып оған жол бермеуді ұсынады [5, с.12].

Cоциалистік мемлекеттің қызметін анықтау үшін, оның социализмді құру бағытындағы негізгі құрал ретіндегі рөлін анықтау үшін, қанаушы тапты езу үшін, халық шаруашылығын ұйымдастыру үшін, ұлт-азаттық қозғалысты қолдау үшін кеңінен қолданылды. Қазіргі таңда мемлекет жəне құқық теориясының даму барысынды мемлекет қызметіне функционалдық бағыт сақталған, бірақ оның мəні толықсынып, тереңдетілген, таптық көзқарастар жойылып, мемлекеттің таптық мəні, əлеуметтік тағайыны жəне функциясы да өзгерді. Функционалдық бағыт əртүрлі типтегі мемлекеттердің пайда болуының тарихи үрдісінің дамуын, ауыстырылуын зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихи тəжірибе көрсеткендей, мемлекеттің функциясы бір жерде тұрмайды, олар əрқашанда жылжымалы сипатта болады əрі олар үнемі қозғалыста болып өзгеріп отырады. Мемлекеттің функциясы əртүрлі тарихи типтерде қалыптасуына қарамастан өзіне тəн ерекшеліктермен, заңдылықтармен дамиды.

Мемлекеттің функциясы түсінігіне қазіргі ғалымдар əртүрлі тұрғыдан қарастырады. Мысалы, А.Ф. Черданцевтың ойы бойынша, «мемлекеттің функциясы қоғамнан туындайтын объективтік сипатта болады». Ал заң шығарушы, атқарушы жəне сот функцияларын мемлекеттің функциясына жатқызуға болмайды, керісінше олар мемлекеттің жеке органдарының қызметінің нысандары болып табылады [6, 111 б.].

Профессор М.Н. Марченконың ойы бойынша мемлекет функциясы деп мемлекеттің алдына қойған міндеттерді шешу қажеттілігіне себептелген мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын айтады табылады [7, 112 б.]. Мысалы, адам құқығын қорғау - ол функция емес, ол негізгі мақсат, өзін сыйлайтын азаматтардың міндеті.

В.С. Нерсесянцтың ойы бойынша, мемлекеттің функциясы деп мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерді тиісті мемлекеттік-құқықтық тəртіппен шешу болып табылады. Ол мемлекетте экономикалық, экологиялық, мəдени, білім беру функцияларының бар екендігін жоққа шығарады. Ол мемлекеттің келесідей функцияларын атап көрсетеді: құқық белгілеушілік, құқықты жүзеге асырушылық, құқық қорғаушылық [8, 129 б.].

Бұл көзқарас мемлекет функциясының ерекшелігін көрсетпейді деп есептеуге болады. Мұның негізі мынада: біріншіден, бұл жерде билікті бөлу қағидасымен мемлекет функциясының алмасуы болып отыр. Билікті үш тармаққа бөлу - заң шығару, атқару жəне сот биліктері мемлекет қызметін ұйымдастыру қағидасы болып табылады; екіншіден, əрбір мемлекет мəнділік сипатына қарамастан қоғам өмірінің негізгі салалары (экономика, қорғаныс, білім беру жəне т.б.) бойынша қызмет етеді. Мемлекет функцияларын қоғам өмірінің салалары бойынша бөлінуі (экономика, қорғаныс, білім беру жəне т.б.) ескі формацияға тəн болады деген көзқарасты дұрыс еместеуге болады; үшіншіден, нормативтік актілер шығару мемлекеттің функциясы емес, мемлекет теориясында құқықтың болуы, нормативтік бекітулердің шығарылуы əрбір мемлекеттің негізгі белгісі болып табылады,  сол себептен ол мемлекеттің белгісіне жатады.

Қазақстандық ғалым, академик М.Т. Баймахановтың ойы бойынша мемлекеттің əрбір қызметі мемлекеттің функциясы бола бермейді, тек мемлекет қызметінің ең басты бағыттары ғана мемлекет функциясы бола алады, мемлекет функциясынан мемлекеттің мəні шығады [9, 252 б].

М.Т. Баймахановтың пікіріне сəйкес мемлекеттің қоғамды басқару жөніндегі қызметінің басты бағыттары мен мазмұнын анықтайтын, қоғамдық қатынастар мен үрдістерге мемлекеттің ықпал етудегі ерекше механизмі ретіндегі мемлекеттің функциясы туралы көзқарас қайталанылады [10, 68 б].

Мемлекеттің функциясы туралы мəселе мемлекеттің қызмет етуі мəселесімен бара-бар келеді. Мемлекеттің қызмет етуі мемлекет қызметінің түрлерін қамтыса, ал мемлекеттің функциясы мемлекеттің кейбір қызметтерін ғана қамтиды. Қандай да бір қызметті мемлекеттің функциясы деп есептеу үшін кейбір критерийлерді есепке алу қажет. М.Т. Баймахановтың ойы бойынша ол критерийлер екеу: біріншіден, мемлекеттің жеке функцияларын қалыптастыру үшін бастапқыда оның қызметінің мына түрлері алынады:

  • мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша;
  • тұрақты, мемлекеттік құрылымға сəйкес орындалатын;
  • жеке бағыт ретінде қалыптасқан немесе басқа бағыттардан бөлініп шыққан, олармен бірге ешқандай бірлігі жоқ.

Екіншіден, мемлекеттің қызмет етуінің негізгі емес, қосымша, саясат сұрақтарының қосымшалығы мемлекет қызметінің бағыттары мен үйлесу арқылы мемлекеттің түсінігіне кіреді. Мемлекеттің барлық функциясының жиынтығы өз мазмұны бойынша мемлекеттің қызмет етуінің бірнешеу болып келеді [11, 3 б.].

Қазақстандық ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраеваның ойынша, мемлекеттің қызметтері дегеніміз - қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, əлеуметтік тағайыны мен мəнін білдіретін, өздеріне ғана тəн формалары, өздеріне ғана тəн əдістер арқылы атқарылатын əрекеттері жəне олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған жəне ешбір өзгермейтін қатаң құбылыс емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді. Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-əрекет жасап отырады [12, 42 б]. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кəсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру жəне реттеумен шұғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу функциясы болады. Қандай да болсын қоғам  түрлі таптар мен əлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Осы заманғы мемлекеттердің бəрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп атап көрсетуіміздің себебі адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету əрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр [ 12, 43-44 бб.].

Мемлекет теориясында мемлекет функциясының бөлінетіндігі жайлы мəселе бар. Ол туралы алғаш рет 1968 жылы Л.И. Загайнов кандидаттық диссертация жазған болатын. Оның айтуынша, мемлекеттің нақты функциясы оның нақты мемлекеттік ықпал ету объектісімен байланысты жүзеге асыру мазмұнының, нысандарының жəне əдістерінің жиынтығын көрсетеді. Бөлінетін мемлекеттің функциясына келесі компоненттер жатады: мемлекет функциясының субъектілігі; мемлекет функциясының мазмұны; мақсаты мен міндеттері; мемлекеттен бөлінетін жəне олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін өкілеттіліктердің көлемі [13, 5 б.]. Мемлекет функциясының мазмұны қоғам өмірінің белгілі бір саласына белсенді жəне мақсатқа сай ықпал етеді. Ол ықпал əртүрлі болуы мүмкін: біріншіден, халықтың мүддесіне сай келетін қоғамдық қатынастарға əсер ету, бекіту, даму жəне жетілдіру; екіншіден, қоғамның дамуына кедергі болатын қатынастарды алдын алу жəне жою; үшіншіден, мемлекет жаңа жəне прогрессивті бекітулер үшін ықпал жасайды [14, 15 б.].

Мемлекет функциясының субъектілігі туралы М.Т. Баймахановтың пікірінше екі деңгейдегі шешімге ие: біріншіден, жалпы субъект – əрбір функцияның субъектісі толығымен мемлекет болады; екіншіден, нақты субъект - функцияның субъектісі мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Мемлекеттің функциясын жүзеге асыруға барлығы қамтылған немесе кем дегенде көптеген мемлекеттік органдар тартылған. Мемлекеттік органдардың жеке функцияларды жүзеге асыруы бірдей емес. Мемлекет функциясын орындау үшін сəйкес органдарға міндеттер жүктеу арқылы, оларға өкілеттіліктер беріледі. Мемлекеттің функциясының мақсаты мен міндеті мемлекет функциясының компоненті болып табылады. Бұл мақсаттар мен міндеттер жалпы мемлекеттік талаптарға сəйкес келеді. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін ашуды мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысандары мен тəсілдеріне талдау жасау арқылы жүргізу қажет. Соңғылары əртүрлі позицияда қарастырылады – заңи, социологиялық, саясаттанушылық, нақты басқарушылық. Заңи позиция бойынша мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудың құқықтық жəне құқықтық емес нысандары мен тəсілдерін бөліп көрсетуге болады. Құқықтық тəсілдерге келесілер жатады: заң шығарушылық, мемлекеттік басқару, əділсот жəне мемлекеттік бақылау. Бұл конституцияға қайшы келетін құқықтық емес заңдар ережелері, басқару актілері немесе əділ емес сот шешімдері қабылданбайды дегенді білдірмейді. Əлемнің барлық дерлік мемлекеттерінде қолданымдағы заңнамаға тікелей қайшы келетін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жағдайлары кездесіп отырады. «Құқықтық тəсілдер» терминін қолдану бұл тəсілдердің құқықтық болып   табылатындығын   білдіреді, себебі олардың  пайдаланылуы   нақты   бүге-шігесіне  дейін құқықпен реттелген жəне мемлекеттік биліктің əртүрлі тармақтарының ерекшеліктеріне байланысты. [14, 5 б].

Заңдардың лек-легімен шығарылуы объективтік себептермен – мемлекеттің, нақты айтқанда заң шығарушы орган қызметінің белсенділігінің артуымен себептелген. Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің, оның органдарының, лауазымды тұлғаларының атқарушылық-өкімгерлік, əкімшілік қызметі. Ол, ең алдымен, Конституция мен заңдардың орындалуын қамтиды, алайда басқаруды жүзеге асыру үшін жалпы жəне жеке сипаты болатын нормативтік актілерді (заңға тəуелді актілерді) шығару да талап етіледі. Бүгінде мемлекет функцияларын жүзеге асырудың бұл нысаны басым маңызға ие, себебі қазіргі мемлекеттерде атқару билігі шешуші маңызды иеленіп отыр. Атқарушылық аппараттың өзінде кəсіпқой-технократтар басым жағдайды иеленеді. В.Е. Чиркиннің куəлік етуі бойынша, «жұмыс істеуші тұрғын халықтың көп бөлігі мемлекеттік аппаратта жұмыс істейді» [15, 206 б].

Əділ сот – қылмыстық, азаматтық, шаруашылық жəне өзге де істер мен дауларды қарау, яғни қоғамдағы шиеленістерді шешу түрінде мемлекеттің функциясын жүзеге асырудың өзіндік нысаны. Соттардың басты мақсаты - адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру. Өзге заңи мекемелер мен тұлғалар (прокуратура, адвокатура, нотариат, сот сарапшылары жəне т.б.) сотқа тек көмектесуші ғана болуы мүмкін. Мемлекеттік бақылаудың немесе мемлекеттің бақылаушылық қызметінің түрлі нысандары бар. Мəні бойынша мұндай қызметті төменгі тұрған органдарға қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдардың барлығы жүзеге асырады. Мысалы, елімізде заңның орындалуын қадағалайтын ҚР Прокуратура органы жəне Конституцияның орындалуын қадағалайтын ҚР Конституциялық Кеңес органдары бар. Мемлекет функциясын жүзеге асыру кезінде бақылаудың өзгешелігі мынада болады: əдетте бақылаушы органдар бақыланудағы объектілерге тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар бере алмайды. Бұған қоса кейбір бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларға жаза белгілеуі, бақылаудағы объектілердің қызметін уақытша тоқтата тұруы мүмкін [15, 207 б].

Мемлекет функциясын жүзеге асырудың құқықтық емес нысандары жеткілікті түрде сан алуан болып табылады, олар құқыққа қайшы болмауы тиіс. Біз мемлекеттің функциялары қоғам өмірінің əртүрлі салаларындағы мемлекет қызметінің негізгі бағыттары деген анықтаманы қолдаймыз. Расында да, мемлекет өз функцияларын атқара отырып, қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпал жасайды, ол үшін белгілі бір бағытты ұстанады, сол арқылы белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады. Жаһандану кезеңінде мемлекеттік функцияларды бірнеше мемлекеттің келісіп, бірігіп орындауы, уақытша немесе тұрақты одақтар құрып шешуі кеңінен етек жаюда. Мемлекеттің тұрақтылығының, оның орнықты қызмет етуінің шарты болып тұтастай бүкіл қоғамның атынан өкілдік ету жəне оны дамыту табылады.

Бүкіл қоғамның жоғарғы өкілдігі функциясын жүзеге асырмай жəне оның бірігуін қамтамасыз етпей, мемлекеттің мəні жоққа шығарылады, мемлекеттің механизмі бірыңғай жүйе ретінде қызмет етуін тоқтатады. Өзінің функцияларының көмегімен мемлекет, қоғамның пісіп – жетілген қажеттіктерін қанағаттандыруы, ұзақ мерзімдік негізде объективтік түрде қалыптасқан көптеген міндеттер мен мақсаттарды орындауы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. Ожегов С.И. Словарь русского языка / под ред. Н.Ю. Шведовой. – М.: Русский язык, 1987. – 917 с.
  2. Философский энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1983. - 839 с.
  3. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. – М.: НОРМА-ИНФРА, 2002. - 552 с.
  4. Баймаханов М.Т. О некоторых подходах политико-правовой науки к выработке понятия функций государства. Основные слагаемые понятия функций государства и их характеристика // Функции государства в условиях современного мира (на материалах независимого Казахстана): монография / отв. ред. М.Т. Баймаханов. - Алматы, 2005. - 336 с.
  5. Байтин М.И. О понятии государства // Правоведение. - 2002. - №3 (242).- С. 4 -
  6. Черданцев А.Ф. Теория государства и права. – М., 2000.– С.
  7. Теория государства и права. Курс лекций /под ред. М.Н. Марченко. – М., 1998. – С.
  8. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. – М., 1999. – С.
  9. Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. – Алматы, 2003. – 567 с.
  10. Теория государства и права / Под ред. В.К. Бабаева. – М.: Юристъ, 1999. – С.
  11. Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства // Правовая реформа в Казахстане. – 2001. – № 4.– С. 3-8.
  12. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет жəне құқық теориясы: оқулық. - Астана: 2007. - 336 б.
  13. Загайнов Л.И. О роли экономических функций Советского государства в создании материально-технической базы коммунизма: Автореф. дис. … канд. юрид. наук. – М., 1968. – С.
  14. Загайнов Л.И. Экономические функции Советского государства. – М.: Юридическая литература, 1968. – 120с.
  15. Чиркин В.Е. Современное государство. – М., 2001. – 376 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.