Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Борыш жəне міндет ұғымының конституциялық құқықтық мəні

Сонау 1991 жылы Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялап, өз алдына оқшау мемлекет атанған сəттен бастап адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттерін, бостандықтарын қамтамасыз етер, мемлекеттік органдар жүйесін реттеп, тəуелсіз мемлекетіміздің алдағы бағытын айқындайтын негізгі заңға деген қажеттілік туды. Осы уақыт ағымы мен қалыптасқан жағдайлар тудырған қажеттілікті өтеу мақсатында 1993 жəне 1995 жылдардағы тəуелсіз еліміздің Конституциялары қабылданды. Қазіргі күнге дейін ел тіршілігінің бастауы болып келе жатқан Конституциямыз соңғысы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған еді.

Ал енді Ата Заңымыздағы борыш жəне міндет ұғымының мəні мен мазмұнына түсініктеме беруге тырысып көрелік. Ол үшін борыш жəне міндет ұғымының халық түсінігіндегі мəніне тоқталып өтейік. «Борыш» сөзі əрқашан ар-ұят жəне əр адамның өзіне-өзі берер есебі жəне өзінен-өзі талап етер жауапкершілігімен байланыстырылған. «Борышын өтеу» ұғымы адамға қоғаммен жүктелген немесе ол адамның басқа адам алдында орындауы тиіс белгілі бір əрекетті орындауын білдіреді. Қарапайым ақшалай, болмаса заттай қарызынан құтылған адамның борышымды өтедім деген сөздерін жиі естиміз. Осыдан «борыш» сөзінің «қарыз» (парыз) сөзімен ұғымдас, мағыналас екендігін көруге болады. Ал «міндет» ұғымына келер болсақ, міндет ұғымының астарына біріктірілген мазмұн ауқымды екеніне күмəн жоқ. Міндет – ол адамдарға заңмен бекітіліп жүктелген, орындалуы еріксіз сипатта өтетін іс-əрекеттер жиынтығы. Міндет ұғымы борыш ұғымының бір бөлігі десек те қателеспейміз. Себебі құқықтық мемлекетте алдыңғы орынға заң ережелері қойылады. Ал міндет – заң тұрғысынан əбден айқындалып, адамдар үшін өз бастамасымен орындау немесе орындамау таңдауын жасауға ешбір кеңістік қалдырмаған іс-əрекет болса, өз кезегінде борыш тек адам өз ұятының əлі келетін шекте ғана жүзеге асырылатын іс-əрекет, яғни борышты орындамаған адам өз ұяты алдында ғана жауапты.

Осы екі ұғымның мəнін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» қарар болсақ, Бұралқыұлы Мұстапаның пікірінше, «борыш» - бересі, қарыз, міндет. Ал Жанұзақов, Шаймерденов «борыш» - қарыз, бересі, берешек деген ойда. «Міндет» ұғымы бойынша қос əдебиетте де «міндет» - борыштың бір нысаны деген тоқтамға келген.

Жалпы, Конституциямызда адам мен азаматтың міндеттеріне қатысты өзара мағыналас үш ұғымды атап өте аламыз. Олар: «міндет», «борыш» жəне «парыз». Енді конституциялық құқық тұрғысынан осы үш ұғымның түп-тамырына талдау жасап көрелік. ҚазКСР 1978 жылғы 20 сəуірдегі Конституциясында азаматтардың міндеттеріне 11 бап арналған екен (57-67 баптар). Ал, 1993   жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясында 6-бөлім «Негізгі міндеттерге» арналған (28-31 баптар). Ал қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызындағы Конституцияда адам мен азамат міндеттеріне 5 бап арналған (34-38 баптар).

ҚазКСР 1978 жылғы 20 сəуірдегі Конституциясында «міндет» жəне «борыш» сөздерімен қатар, аталған Конституцияның 58-бабында «абырой ісі» жəне 60-бабында «қасиетті парыз» ұғымдары қолданылған. Бұл ұғымдарды Конституцияда қолдану азаматтардың санасында мемлекет алдындағы жауапкершілікті толық бекіту мақсатымен қолданылған деуге болады.

Ал 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Конституциясында тек «міндет» жəне «борыш» ұғымдары қарастырылған. Тек екі ұғыммен шектелу Ата Заң арқылы жеткізілуі тиіс құқықтық сана қалыптастыру қызметінің аясының тарылуына əкеп соқты деген қорытынды жасауға болады. Себебі «міндет», «борыш», «парыз» ұғымдарының əрқайсысының Конституция мəтініне енгізер мағынасы əртүрлі.

Мұны қолданыстағы Конституция мəтінін талдау арқылы дəлелдеп көрейік. Қолданыстағы Ата Заңымызда  «міндет»  ұғымы  алғаш  рет  12-баптың  3-тармағында  кездеседі.  Бұл  баптың  мазмұны «Адам жəне азамат» тарауына жатқызылған. Аталған бапта былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады». Демек, міндет құқыққа ие болумен қатар жүреді, міндетін атқарған адам құқықты пайдалануға мүмкіндік алады. Жалпы, Конституция құрылымында құқықтар жиынтығы міндеттер жиынтығының алдына қойылған. Яғни, құқықтарды иеленумен ғана адам мен азамат бостандығын сипаттай алмаймыз. Құқық бар жерде міндеттің де болуы заңды. Адам мен азаматтар міндеттерінің ауқымы заңда нақты анықталып жазылуы басқа адамдардың құқығын қамтамасыз етудегі бір тетік.

«Борыш» сөзі Конституцияда 35-бапта алғаш айтылады: «Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды жəне өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу əркiмнiң борышы əрі мiндетi болып табылады». Неліктен борыш сөзі міндет сөзінің алдына қойылып, бірінші айтылған? Оның себебін салықтардың мəнінен іздеу қажет. Салықтар – мемлекет қызметін қамтамасыз ету үшін қажет етілетін қаржы, ал оларды төлеу ауыртпалығы азаматтарға жүктелген. Борыш сөзінің алдыңғы орынға шығарылғандығы да азаматтардың қаншалықты дəрежеде өз елінің алдындағы парызын сезінетіндігімен байланысты. Яғни, мемлекетке салық төлеу алдымен белгілі бір дəрежеде ерікті сипатқа ие, мемлекет алдымен азаматтарға мемлекетке салық төлеу ар-ождан алдындағы парыз екендігін түсіндіргісі келеді. Ал ерікті төлем жасалмайтындай болса, міндеттеледі. Ал міндеттен бас тартуға ерік берілмейді.

Жоғарыда аталған «парыз» ұғымы да Ата заңымыздан көрініс тапқан. 36-бапта «Қазақстан Республикасын қорғау – оның əрбір азаматының қасиетті парызы жəне міндеті» делінген. Тағы да «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» жүгінер болсақ, «парыз» сөзі екі мағынада түсініледі; бірінші мағынасында «парыз» сөзі діни сипатқа ие, яғни мұсылмандықтың міндетті түрде өтейтін борышы, ал екінші мағынасында «парыз» - адам бойына тəн азаматтық борыш, қастерлі міндет. Көріп отырғанымыздай, «парыз» алдымен дінмен байланыстырылған, мұсылман дініндегі парыз – Аллаһ тағала орындалуын Құран аяттарында айқын жəне нақты түрде əмір еткен нəрселері. Парызды орындамау – харам.

Дегенмен 36-бапта айтылған «парыз» ұғымы бұл сөздің дінмен байланысты емес мағынасында айтылғаны айдан анық. «Парыздың» қастерлі міндет саналуы жəне Конституцияда тек «міндет» ұғымымен шектелмей, «парыз» деп бөліп атап өту оны орындаудың маңызын арттырып, қаншалықты жауапкершілік жүктейтіндігін көрсетеді. Белгілі бір жағдайларды қоспағанда, Отанды қорғаудан бас тартуға жол берілмейді. Отанды қорғауға атсалысу арқылы азамат өзінің тек міндет атқарып қана қоймай, сонымен қатар қасиетті парыз саналатын əрекетті жүзеге асырғанын сезінуі тиіс. Енді осы аталған ұғымдардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа жауап берер болсақ, «парыздың» адам мен азаматқа жүктейтін жауапкершілігі «міндет» пен «борыштан» басым екенін айта аламыз. Неліктен тек мемлекет қорғауға қатысты ғана «парыз» ұғымы қолданылған? Себебі мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығы, мемлекетте бейбітшілік болған жағдайда ғана Конституцияда аталған басқа міндеттерді орындау мүмкіндігі туады. Ал мемлекетті қорғау парызы аталмай, ерікті  сипатқа ие болар болса, басқыншылар қолына өткен мемлекетте адамдардың басқа міндеттерінің орындалғанының қажеттілігі қанша? Сондықтан басты міндетке «парыз» мəртебесі берілген.

«Міндет» ұғымы Конституция контекстінде біріктіруші, жалпылаушы сипатқа ие десек қате болмас. Себебі «борыш» та, «парыз» да белгілі бір дəрежеде міндет болып табылады. Тек маңызы жағынан  түрлі  мəнде болып  келеді.  Конституция  мəтінінде  жəне оның  сөз қорын қалыптастыруда «міндет» атауымен шектелу оған құрғақтық сипат беріп, адамдардың құқықтық санасын қалыптастыруды тежеуші фактор болар еді. «Міндеттің» түрлі мəнін қолдану – Ата Заңымызға жаңаша рең беріп, адам мен азаматтың негізгі міндеттері арасындағы айырмашылықты түсінуге көмектеседі.

«Борыш» ұғымы қолданылған бап əркімге салық төлеу міндетін жүктейді, бұл да салықтың мемлекет қызметі үшін маңызын көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай, үш ұғымның білдіретін мағынасы мен Конституцияға енгізер мəні арасында айтарлықтай айырмашылық бар, сол себепті Конституциямызда тек «борыш», «парыз» немесе тек «міндет» сөзі қолданылып қоймай, əрқайсысының Конституцияға енгізер өзіндік мəнін көрсету мақсатымен «борыш», «парыз» жəне «міндет» ұғымдарының үшеуі де қатар қолданылған. Бұл үшеуі де конституциялық-құқықтық жауапкершіліктің нысандары, түрлері болып табылады.

 

Әдебиеттр

  1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. 1978 жылғы 20 сəуірдегі ҚазССР Конституциясы
  4. Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі – Алматы: Мектеп, 2007 ж. 101, 401, 441-бб.
  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. «50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі» Жанұзақов, Шаймерденов – Алматы, Дайк- Пресс, 2008ж, 138,610,669-бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.