Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам құқықтарын қамтамасыз ету кепілдігі – əділетті сот үкімінің қабылдануына басты шарт

 Қылмыстық процесс теориясындағы «жеке тұлғаның құқықтарын қамтитын процессуалдық құрал көздерінің» синонимі ретінде «процессуалдық кепілдіктер» деген сөздер де пайдаланылады. Қолданымды заңнамаларға жүргізілген талдаулар аталған сөздердің мəні мен мағынасының бір екенін көрсетеді. Қылмыстық–процессуалдық кепілдіктер көбіне бағыт-бағдарына қарай сыныпталады. Мысалы, Р.Х. Якупов: а) заң мəртебесі; ə) заңның біртұтастығы мен нығаюы; б) жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау; в) қоғамның заңды мүдделерін күзету; г) мемлекеттің заңды мүдделерін күзету секілді қылмыстық-процессуалдық кепілдіктерді айрықша атап көрсетеді; О.К. Қопабаев: а) ойдағыдай құқықтық ресімдеме; ə) жəбірленушілердің құқықтарын қорғау; б) өзін-өзі айыптаудан қорғау; в) айқын қылмыстық бұйрықты орындау  жауапкершілігі сынды кепілдіктердің айырмашылықтарын көрсетеді.

Процессуалдық кепілдіктердің айырмашылықтарының айтарлықтай маңыздылығына қарамастан, олардың барлығын негізгі екі топқа біріктіруге болады: қылмыстық сот жүргізу жəне əділ сот кепілдігі саласындағы жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі. Соңғы мəселені біз тар мағынада қылмыстық сот жүргізу органдары мен ондағы лауазымды тұлғалардың қылмыстық- процессуалдық қызметін қамтитын құқықтық құралдары мен əдіс-тəсілдері деп ұғамыз. Олар қылмыстық сот жүргізуді тағайындаудан көрінетін қоғам мен мемлекеттің қылмыстық процестегі мүдделеріне кепілдік береді. Əділ сот пен жеке тұлғаның құқықтарына кепілдік ету  бір уақытта ақиқат орнату кепілдігі болып табылады, яки бүкіл қылмыстық процесс үшін жалпы сəйкес қызметтің мақсатымен қамтиды.

Сонымен қатар əділ сот пен жеке тұлғаның құқықтарының кепілдіктері əдетте айтылатындай тым үйлесімді емес екендігі жəне олардың арасындағы тепе-теңдік белгісі əрдайым бола бермейтіні жайында ғалымдардың пікірімен келіспеске болмайды. Қылмыстық сот жүргізуде қоғамдық жəне жеке мүдделердің арасы алшақтау болатындықтан, жеке тұлғаның мүдделерін қорғауға көзделген дау-дамайдың өзі тіпті қажетті жағдайларда мемлекеттің мүддесіне келтіретін пайдасы шамалы арнайы кепілдіктерді көздеп жатады. Дегенмен де қылмыстық іс жүргізу барысында бір уақытта жеке тұлғаның, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін қамтуды көздеуге қабілетті ережелердің аз емес екенін де естен шығармаған жөн. Жеке тұлғаға қатысты мəжбүрлеу мүмкіндіктеріне сүйенетін жəне қылмыстылықпен күресу мақсатына қол жеткізу үшін азаматтардың жеке өміріне құқықтық деңгейде қол сұғу мүмкіндіктеріне ие мемлекеттік билік аясы міндетті түрде қатаң жəне нақты түрде айқындалғанымен, жеке тұлға мен құқықтық мемлекет бір-біріне қарама-қайшы, жауласқан тараптар емес. Мемлекеттің мүдделеріне қатысты жеке тұлғаның құқықтарының басымдылығын тани келе, мемлекетсіз, ол орнатқан жəне қамтитын заңды ресімдемелерсіз аталмыш құқықтардың іске асырылмайтынын анық ұға білген дұрыс. Жеке тұлғамен өзара қарым-қатынас орнату барысында құқық биіктігінің негізінде оның басымдылығын мойындай білген, қажет болған жағдайда демократиялық қоғамның кескінін барша заңды құралдармен пəрменді түрде қорғай алатын мықты мемлекет жеке тұлғаның демократиялық құқықтық ахуалының кепілі бола алады.

Мемлекет қылмыстық-процессуалдық шараларды қолдана отырып, қоғамның нақты қылмысты тергеп жəне ашуына, ол əрекетті іске асырған кінəлі тұлғаларды əділетті іс-шараларды қолдана отырып, жазалауға деген орынды мүддесін қамти алады. Қылмыстық сот жүргізу  міндеттерін шешуде мəжбүрлік ету сипатындағы процессуалдық құралдарды пайдалану мүмкіндігі жəбірленушінің əділ сот шешіміне деген жəне оған қылмыстық əрекетпен  келтірілген  залалды өндіріп  алу  кепілдігі  болып  табылады.  Қалай  болмасын,  белгілі  бір  айыптаушыларға  қатысты қылмыстық-процессуалдық мəжбүрлеу шараларын қолдану соттың шешімінің əділдігіне ынталы өзге тұлғалар үшін процесуалдық кепілдік болып табылады.

Қылмыстық сот жүргізудегі жеке тұлғаның құқықтарына кепілдік беру, ең алдымен, процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз жəне негізсіз шектеуден қорғау іспетті. Олар азаматтарға қылмыстық іс жүргізу барысында да жеке тұлға ретінде қалып, сондай-ақ тергеу жəне сот қателерін жоюға не барынша бəсеңдетуге мол мүмкіндік береді.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізудегі жеке тұлғаға берілетін кепілдіктер мен əділ сот кепілдіктерінің арасында белгілі бір қатынас бар екені түсінікті. Жеке тұлғаның мүдделерімен қамту қоғамдық мүддені қорғау мүмкіншіліктеріне нұқсан келтірмеу керек, жəне, керісінше, өз кезегінде қоғамдық мүддені қорғау жеке мүддені қорғау мүмкіндіктеріне бөгет болмауы тиіс. Жеке тұлға мен əділ сот кепілдіктерінің қатынастылығы оның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, қылмыстық сот жүргізуге қатысушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін ескеруге бағытталғаны лəзім. Оның келісімділігін куəландыратын қылмыстық-процессуалдық кепілдіктердің  жүйелілігі қылмыстық сот жүргізу саласындағы жеке тұлға мен қоғамның (мемлекеттің) мүдделерінің арасындағы құқықтық келісімшілдік құралы болып табылады. Біздің ойымызша, жеке тұлғаның кепілдіктерін қылмыстық іс жүргізуге қатысушы азаматтардың: айыпталушының, жəбірленушінің жəне өзге де тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған əділ соттың процессуалдық кепілдіктерінің айрықша түрі деп атаған ғалым М.С.Строговичтің пікірінің дұрыстығын мойындамасқа болмайды. Мəні жағынан қарама-қайшы емес, дəл осы бағыт-бағдары жағынан өз бетінше құқықтық ілімді процесуалдық кепілдіктердің біртұтас ұғымы жүйесінде жеке тұлғаның құқықтарымен қамту ретінде қарастырған лазым.

Процессуалдық кепілдіктердің мəні мен бағыт-бағдарын айқындап алу олардың ұғымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық сот жүргізу саласындағы процессуалдық кепілдіктер – қылмыстық сот жүргізу міндеттеріне қол жеткізумен қамтитын заңмен белгіленген құралдары мен əдіс-тəсілдері жəне қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың барлығының өз құқықтары мен міндеттемелерін атқара алу мүмкіншілігі. Оның негізгі құқықтық сипаты, яғни «процессуалдық кепілдіктердің негізгі құқықтық сипаты - процессуалдық кепілдіктерді өзге құқықтық жүйелі ілімдерден айрықшалайтын қасиеті» деп Э.Х. Халилов дұрыс атап көрсетіп кеткен. «Міндетін дұрыс атқаратын əділ сот механизмінің барлық процесуалдық кепілдіктері оның: аса сенімді емес бөлшектерден біршама сенімді жүйе құрумен қамти алатын құралдарды білдіретін құбылыс  іспетті,» деп жазады ол.

Əділ сот кепілдігінің мəні:

1) жүйе құрылатын сəйкес бөлшектердің сенімділігін арттыруға ықпал етуге қабілеттілігі;

2) жекелеген бөлшектермен кіші жүйелердің артық қорымен қамтиды, яки жүйенің жекелеген «өзекті буындарының», демек, жалпы бүкіл жүйенің жұмысының сенімділігін арттыра алатын бөлшектерінің жəне ақпараттардың кіші жүйелерінің қосарланған (қосымша) жалғасуын құрайтын секілді».

Заңды (процессуалдық) кепілдіктердің көкейтесті мəселелерін қарастыратын ғалымдар түрлі негіздемелерге сай олардың көптеген сыныптамаларын ұсынып жатады. Процессуалдық кепілдіктердің жекелеген қырларын ашатындықтан, олардың əрқайсысы өзіндік бағалық мəнге ие.

Адамды жəбірлеу жəне өзге де айуандықпен қорлау немесе адамның ар-намысын таптайтын жазаларды қолдануынан еріктілік құқын зерттеуші В.Д. Гончаренко заңды кепілдіктерді былай атап көрсетеді:

  • заңды кепілдік - шарттары: аталмыш құқықты қорғау жəне оны іске асыру шарттарының жалпы (саяси, экономикалық, рухани) талаптарының құқықтық пысықталуы; заңдылық жəне құқықтық тəртіп ахуалы; əлемдік тəртіп ахуалы; құқық жүйесінің құқық мəдениеті жəне құқықтанымы сынды əмбебап бөлшектерінің қызмет атқаруы; жеке тұлғаның құқық мəртебесінің негізі болып табылатын құқықтық қағидалары;
  • заңды кепілдік құралдары: оның кепілдік құқын пысықтайтын құқықтық нормалар; құқық субъектілерінің құқықты іске асыру жəне оны қорғау қызметі; құқық шығармашылығы, құқық қолдану, осы құқықты жүзеге асыруға байланысты бақылау-қадағалау үрдістеріндегі ұйымдастырушылық-қамтушылық қызмет;
  • заңды кепілдіктер – нақты құқық пен оның айқын кепілдіктерін пысықтайтын əдіс-тəсілдер; осы құқықты жəне оның кепілдіктерін мемлекет ішіндегі құқық жүйесінде пысықтайтын халықаралық- құқықтық нормалардың трансформациясы; аталмыш құқықпен қамту саласының бағыт-бағдары, нұсқаулықтары; осы салаға ықпал ету жəне марапаттау; сəйкес құқық нормаларының мамандандырылуы жəне нақтыландырылуы; дербес бұйрық жəне ресімдемелік-процессуалдық тəртіп; аталмыш тəртіппен қамту саласындағы бақылау жəне қадағалау; зерттелетін құқықтың бұзылғаны жөніндегі фактілердің анықталуы жəне оларды болдырмау шаралары; превенция; бұзылған құқықты қайта қалпына келтіру, залалды өтеу жəне одан туындайтын салдарларын бейтараптандыру; аталмыш құқықтың бұзылғанына берілетін жауапкершілік; оның шектелуіне тыйым салу; заңды біліктілік жəне аталмыш құқықты қамтитын құқық нормаларын талқылау.

Осыдан бұрын келтірілген көзқарастық пікірлерді талдай отырып, олардың əрбіреуінің азды-көпті ұтқыр пікір екеніне көзіміз жетеді. Ғалымдардың кепілдік ретінде атап көрсеткен процесуалдық құралдары жеке тұлғаның құқын қамтуға қызмет етеді деген В.С. Шадриннің пікірімен келіспеске болмайды. Нақты құқықтық құралды қылмыстық процеске қатысушы үшін маңызды, белгілі, нəтижеге қол жеткізуге бағытталған бір немесе бірнеше бірыңғай құқық қатынастарының аясында ғана процессуалдық кепілдік ретінде анықтауға ғана болады. Шешілетін мəселелерге байланысты негізгі аспаптар жəне қосалқы-қамтушы аспаптық құрал міндетін атқаратын  процессуалдық құралдар, яғни, аталмыш құқықтық қатынаста процессуалдық кепілдік қызметін атқаратын процессуалдық құралдар анықталады. Егер процессуалдық кепілдіктерді іске асыру қажеттілігі туындайтын болса, онда ол жаңа құқықтық қатынастың негізгі мəніне айналады, ал оның орнын басқа процессуалдық кепілдік алады. Тек əділ сот кепілдіктеріне немесе жеке тұлғаның қылмыстық процестегі кепілдіктеріне қатысты құқықтық құралдардың пайдаланылатын тобының тектік сипаты ғана өзгерместен қала бермек.

Бірақ белгілі бір процессуалдық құралдың белгілі бір сипаттағы процессуалдық кепілдіктермен теңестірілуі оның қосымша міндеттерінің бар екендігін жоққа шығармайды. Оның қолданылуы өзге субъектілерге қолайлы болып келетін, сонымен қатар, процессуалдық кепілдікті пайдаланған тұлғаға бəрібір болып табылатын нəтижеге қол жеткізуге əкеліп соқтыруы ықтимал. Мысалы, сот тексерулерінің барысында айыпталушының заңсыз жəне негізсіз тұтқынға алынуы жөнінде жазылған шағымының қанағаттандырылмауы қылмыстық сот жүргізу үрдісіне өзге қатысушылырдың процессуалдық құқықтарының бұзылғаны анықталады. Судья жеке анықтама шығару арқылы сəйкес ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың назарын қажетті іс-шаралардың қолданылуын талап ететін осы мəн-жайлар мен құқық бұзу фактісіне аударуға құқылы. Сот қажет деп табатын болса өзге жағдайларда да жеке анықтама немесе қаулылар шығаруға құқылы (ҚР ҚІЖК 59-бабының 5-бөлімі).

Демек, айыпталушының құқын қорғау тұрғысындағы бір процесуалдық құралын іске асыру өзге субъектілердің заңды құқықтарын қорғауға, сондай-ақ, əділ сот қорғауының құқықтық құралдарының əрекеттерін бастауға қауқарлы.

Жекеше алып қарағанда кепілдіктер өзара ұштасқан əрекеттер арқылы азаматтардың құқықтары, лауазымды тұлғалардың міндеттемелері, қылмыстық процесстің қағидалары, т.б. іске асырылатын жеке тұлғаның құқықтарын қамту жүйесі ретінде ғана қарастыруға болады. Процессуалдық кепілдік жүйесінің жекелеген бөлшектерінің əрекеттерінің бір алқапта бір бағытта қызмет атқаруы, яки, қылмыстық сот жүргізудің тағайындалуы процессуалдық кепілдік жүйесінің жекелеген бөлшектерінің өзара ұштаса əрекет етуінің алғышарты ретінде қызмет етеді.

Процессуалдық кепілдіктердің көп міндетті сипаты, олардың негізгі жəне қосалқы міндеттердің бір уақытта шешілуін қамти алуы олардың өзара ұштаса қызмет атқаруларының негізі болып табылады. Əрбір процессуалдық кепілдіктің меншікті нысаналы мақсаты бар болғанымен, олардың жеке тұлғаның құқының қорғалуы мен күзетілуі арқылы түзілетін жиынтығы қылмыстық сот жүргізу мақсатына қол жеткізумен қамтиды.

Демек, процессуалдық кепілдіктер жүйесі қылмыстық сот жүргізудің міндетіне қол жеткізу мақсатында қылмыстық сот жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамту барысындағы өзара əрекеттесе іске асырылатын процессуалдық құралдар мен əдіс-тəсілдердің органикалық бүтіндігі болып табылатынында дау жоқ.

 

Әдебиеттер

  1. Якупов Р.Х. Уголовный процесс: учебник для вузов / под ред. В.Н. Галузо. - М., 1998. – 286 с.
  2. Международное публичное право: Сборик документов. Т. 1. - М.: Юраит, 2007. – 378 с.
  3. Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждение. – М., 1985. – 297 с.
  4. Комментарий к «Европейской конвенции о защите прав человека». - Совет Европии, 1995. – 710 с.
  5. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: учебник. – Алматы: НАS, 2000. – 340 с.
  6. Корнуков В.М. Конституционные основы положения личности в уголовном судопроизводстве. - Саратов, 1987.– 267 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.