Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəмелетке толмағандардың қылмыстылығы: жауапкершілік жəне жас ерекшелігі

Қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің жылдам əрі ауқымды процестері жалғасын тауып отырған бүгінгі таңда, əсіресе, көзқарасы толық қалыптаспаған, əлеуметтік құндылықтар жүйесі тұрақсыз жасөспірімдерге қиын соғады. Қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кəмелетке толмағандарды қылмыстық құқықтың субъектісі ретінде құқықтық қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаның заң шеңберін анықтауда олардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің əлеуметтік-психологиялық аспектісі қалыптасушы тұлға дамудың қай кезеңінде қылмыстық заң тұрғысынан алғанда жауапкершіліктің осы түрін тарту қабілетін иемдене алатынын анықтауды дұрыс деп санайды. Психология тұрғысынан алғанда  қылмыстық  жауапкершілік  тұлғаның  жеке  тұлғалық  өзін  тануына,  психологиялық пісіп-жетілуіне белгілі бір деңгейде əсер етеді, сондықтан да ол жауапты тұлға тəрбиесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстық кодексте жауапкершіліктің жас ерекшелігінің екі ең төменгі шегі белгіленген: жалпы – 16 жастан жəне ерекше – 14 жастан. Бұл орайда екі жағдай (сəт) ескерілген. Біріншіден, адам өзінің мінез-құлқының шынайы сипаты мен қоғамға қауіпті екенін сезіне алатын əлеуметтік дамудың осындай белесіне жетуі. Екіншіден, адам мінез-құлықтың түрін жете түсініп таңдай алуы, өз бетімен шешім қабылдай алуы тиіс. Қылмыстық заңнама көзқарас тұрғысынан алғанда осы қасиеттер 16 жасқа толған тұлғаларда қалыптасып үлгереді. Сонымен бірге қылмыстық заңнама 14 жастан жауапкершілікке тартылатын қылмыс түрлерінің тізімін де қамтиды. Оған кісі өлтіру, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, бопсалау жəне басқа қылмыс түрлері жатады. Бұл тізімге енген қылмыс түрлері ең кемінде орташа ауыр қылмыстарға, ал басым көпшілігінде тіптен ауыр қылмыстарға жатады. Жасөспірімдер 14 жасқа толғанда мұндай қылықтардың қоғамға қауіптілігі мен оның салдарларын түсінеді.

Кəмелетке толмағандардың психикалық дамуы бірқалыпты болмайды, сондықтан сот-тергеу тəжірибесінде кəмелетке толмағанның белгілі бір жасқа жетуі оның соған сəйкес даму деңгейіне жеткендігін білдірмейтін жағдайлар кездесіп жатады. Психологияда қабылданған «психологиялық жас» паспорттағы жаспен сəйкес келе бермейді жəне оның шегі өте кең. Психологиялық жас – өлшемді нүктелермен шектелетін хронологиялық бірнеше жыл аралығын қамтитын тұлғалық дамудың белгілі бір сапалық кезеңі. Дамуының тежеулігі жасөспірімнің ақыл-ойы дамуының елеулі кемістігін айқындау үшін негіз болады, сонымен бірге оның эмоционалды-еріктілік қасиетінің пісіп- жетілмеуіне қатысты болады, кейбір сəттерде оған ойлау қабілеті дамуының тежеулігі де қосылады. Бұл ерекшеліктер педагогикалық тұрғыда жіберілген кемшіліктерді тереңдете түседі. Кəмелетке толмағанның психикалық дамуының тежеулігі жас ерекшелігінің психологиясының нормаларына сəйкес тұлғаның қалыптасу кезіндегі ауытқу негізінде белгіленуі мүмкін. Даму деңгейінің осы нормалардан шынайы əрі елеулі қалыстығы психикалық дамудың тежеулігінің түрлі нұсқалары, яғни ақыл-ой кемістігі (көп жағдайда интеллектуалды жетілмеуі) жəне тұлғалық енжарлық (басым жағдайда тұлғаның жете дамымауы) туралы айтуға мүмкіндік береді.

Қылмыстық заңнама кəмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыстардың ерекше құқықтық салдарын қарастырады, олардың өздерінің мінез-құлықтарын саналы əрі ерікті реттеудің деңгейі төмендетілген. Бұл жерде жалпы кəмелетке толмағандардың мінез-құлқы туралы емес, нақты криминалды жағдайлар туралы сөз болып отыр. Осы тұста бүгінгі күні заңгерлер арасында жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілігінің туындау жасын ұлғайту мəселесі пікірталас арқауы болып отырғанын айтуымыз керек. Бұл жалпы еліміздегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үдерістерінің жүріп жатқандығына байланысты. Бұл мəселеде өз көзқарасымызды білдіру үшін шетелдік тəжірибені зерделегенді жөн көрдік. Мысалы, Дания елінің тəжірибесін алайық. Бəрінен бұрын Данияның Қылмыстық кодексіне сəйкес 15 жасқа толмаған тұлғалардың іс-əрекеті жазалауға жатпайтынын атап өту керек. Осылайша, 15 жасқа толмаған балалар түрмеге қамау арқылы бас бостандығынан айырылмайды. Олармен əлеуметтік қызмет көрсету орындары жұмыс істеуі тиіс. 15 жастан асқан тұлғаларға қатысты жазаны Данияның Əділет министрлігінің құрылымына кіретін Түрме жəне пробация департаменті жүзеге асырады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның ережелеріне сəйкес кəмелетке толмағандардың аз ғана бөлігі Данияның орталық жəне жергілікті түрмелеріне орналастырылады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы 15-17 жас аралығындағы кəмелетке толмағандардың орта саны 2001 жылы небары 11 адамды құраған. Сотты күтуші құқық бұзушы кəмелетке толмағандар əдетте сот шешімі бойынша жергілікті уақытша ұстау изоляторларына емес, əлеуметтік мекемелерге орналастырылады. Бас бостандығынан айыру жаза ретінде тек кəмелетке толмаған ауыр қылмыс немесе қайталап қылмыс жасаған кезде ғана таңдалады, қолданылады. Түрме жəне пробация департаменті əрбір жеке жағдайлар бойынша Жаза қолдану туралы Дат заңының 78-бөлімінің талаптарына сəйкес сотталған жастарды сəйкесінше емдеу немесе əлеуметтік мекемелерге ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыруға міндетті. Əлеуметтік қауіптілігі жоғары жəне қашу мүмкіндігі, сондай-ақ өзге де себептері бар жабық түрмеге орналастырылуы тиіс сотталған құқық бұзушы кəмелетке толмағандар Ринг қаласындағы 23 жасқа дейінгі ер адамдар мен əйелдерге арналған арнайы жаза атқарушы мекеме болып табылатын Мемлекеттік түрмеге жолданады.

1999 жылдың қаңтарына дейін өзге сот үкімі бойынша жаза мерзімін өтеуші жəне арнайы түзеу мекемелеріне орналастырылмаған құқық бұзушы кəмелетке толмағандар (Жаза қолдану туралы дат заңының 78-бөліміне сəйкес) əдеттегі ашық үлгідегі түрмеге, ересектерден бөлінген арнайы блокқа орналастырылды [1].

Ағылшын заңнамасына сəйкес кəмелетке толмаған деп 10 жастан 21 жасқа дейінгі тұлғалар танылады. Сондықтан «кəмелетке толмағандар қылмысы» термині жасөспірімдер (10-18 жас) мен

«жас ересектер» деп аталатын жастарды (18-21 жас) қамтиды. Статистикалық жинақтарда кəмелетке толмағандар қылмысы жастары бойынша топталып бөлек-бөлек есептеледі: 10-14 жас; 14-18 жас; 18- 21 жас аралығындағы тұлғалардың қылмысы [2].

Əртүрлі дерек көздерді саралай келе шет мемлекеттердің сөз болып отырған мəселе бойынша заң тəжірибесін төмендегі кестеде көрсеттік [3]:

 Əртүрлі дерек көздерді саралай келе шет мемлекеттердің сөз болып отырған мəселе бойынша заң тəжірибесі

 Жоғарыда көрсетілген кестедегі мəліметтерден түйетініміз, шетел тəжірибесінде жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілігінің төменгі жасы туралы бірыңғай позиция жоқ. Тіпті «өркениетті» болып есептелетін көп елдерде жасөспірімдер тым ерте жауапкершілікке тартыла бастайды екен. Қылмыстық  ізгілендіруді  құқықтық  саясатының  басым  бағыты  деп  есептейтін  елдердің      өзінде «ересек қылмыс үшін – ересек жаза» деген қағиданы басшылыққа алатын сияқты. Дей тұрғанмен əр елдің өз даму жолы бар. Соның ішінде қылмыстық қудалау саласында да. Осы тұста бүгінгі күні еліміздегі кейбір қылмыс түрлері үшін жауапкершілік тағайындау жасын ұлғайтуға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізу қадамдарын дұрыс көреміз.

Бүгін де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175, 178, 181 баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін жауапкершіліктің 16 жастан басталуын көздейтін заң жобасының енгізілуі уақытылы əрі сəтті қадам деп есептейміз.

 

Әдебиеттер

  1. Профилактика преступности в Дании // Защити меня. – Москва, 2010. – № 2. – С.27.
  2. Мауленов Г. Некоторые вопросы уголовной отвественности несовершеннолетних и ювенальная юстиция //Фемида. – Алматы, 2003. – № 3. – С.25.
  3. http://ru.wikipedia.org/wiki/, http://www.kommersant.ru/doc.aspx?DocsID=1129118&print=true, http://www.pravoteka.ru/lib/ ugolovnoe - pravo/0005/146. html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.