Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік билікті бөлу қағидасына сəйкес құзыреті

Атқарушы биліктің міндетті  қызметін жіктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық өрісін аша түседі, мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну жүйесіндегі оның орнын көрсетеді жəне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде қызметінің  сипатын  бағалайды.  Үкімет барлық  атқарушы  органдарды  басқарушы жəне олардың қызметіне басшылық жасаушы атқарушы биліктің ең жоғары органы ретінде елге мемлекеттік басқару жүргізіп, мемлекеттің атқарушы билігінің кейпін танытады.

Елдің Ата заңы мемлекеттік билік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнын анықтап, биліктің басқа тармақтарымен арақатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы Үкіметтің Парламентпен, Президентпен өзара ic-қимылын анықтайды жəне тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесінің механизмін нақтылайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі сот билігімен де өзіндік құқықтық байланыста болады. Олай болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті мемлекеттік билікті бөлудің конституциялық ұстынына сəйкес анықталады деген сөз.

Мемлекеттік билікті жекелеген тармақтарға бөлу туралы негізгі пікірлер бұдан көп ғасыр бұрын пайда болған еді. Мемлекеттік биліктің бөлінуі туралы шешімді əрмен қарай алғаш дамытқандардың бірі Аристотель болды. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің үш бөлігі туралы сөз қозғалуы тиіс еді. Кейін осы ой билікті бөлудің теориялық жəне практикалық негізіне айналды [1].

Осы тақырыпты ағылшын бағытында дамытушылардың  қатарында  Дж.  Локты,   Ж.Ж.Руссоны атауға болар еді. Бұл ойшылдардың еңбектерінде негізінен басынушылыққа жол бермеу үшін мемлекеттік билікті мүмкіндігінше шектеу туралы идеяға көбірек назар аударылады. Əpi олар мемлекеттік билікті шектеудің ұтымды тəсіл ретінде əділ заңдарды жəне мемлекеттік биліктің дұрыс бөлінуін көрсетеді.

Осы  тұрғыда  атақты  француз  ойшылы Ш.Л. Монтескье мемлекеттің үш міндетті атқаратынын атап өтеді. Олар: заң  шығару, оның орындалуын қамтамасыз ету жəне азаматтық, қылмыстық əділ  сотты  жүзеге асыру.

«Қолында билігі бар кез келген адам оны тepic пайдалануға бейім болатындықтан, бұл үш міндетті əр түрлі органдар атқаруы қажет. Əpi «сол биліктердің бірін-бірі тежеп отыра алатындай мүмкіндіктерінің болуы шарт» [2].

Ш.Л. Монтескьенің пікірінше, билік тармақтарының қайсыбіріне бөлекше басымдық беруге болмайды, яғни олардың өзара қарым-қатынасы тең құқықтық жəне бірін-бірі тежеп отыратындай жағдайда болғаны дұрыс. Сөйтіп, Ш.Л. Монтескье мемлекеттік билікті бөлу тұғырнамасын іске асыру үшін міндетті түрде билік өкілеттіктері бөлінуі тиіс деген тұжырымға келеді.

Біздіңше, билікті бөлу принципі теориялық тұрғыдан һəм практикалық тұрғыдан алғанда да үш тармағы бірін-бірі қадағалап əрі толықтырып тұратын биліктің біртұтастығы жүйесін жоққа шығару деген сөз емес. Егер шын мəнінде мемлекеттік билік түбегейлі бөлінетін болса, онда мұндай жағдайда билік тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынас үзіліп, мемлекеттік биліктің біртұтас механизм ретінде өмір сүру процесі бұзылады.

1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы ең  алдымен еліміздің бірлігі мен тиімділігін қамтамасыз ете алатындай мемлекеттік билікті бөлудің жаңа моделін icкe асыру қажеттілігінен туындаған еді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында халқымыздың тəуелсіздігі бөлінбейтін болғандықтан мемлекеттік биліктің де біртұтас екендігі, бірақ ол өзінің міндеттерін əр түрлі мемлекеттік органдарға бөліп беру негізінде жұмыс істейтіндігін де ерекше атап көрсетіледі.

Біз мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сүйеніп жасап отырмыз. Онда былай жазылған: «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара ic-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады».

Қазақстанда ең жоғары атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабына сəйкес, Үкімет мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Яғни, Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі жəне  сыртқы  саясатының   негізгі   бағыттарын – мемлекеттің стратегиялық даму бағытын анықтаса, Үкімет оны жүзеге асырудың нақты жолдарын жəне тиісті қаржы мəселесін шешеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заңға сəйкес Үкіметтің өкілеттігіне мыналар жатады: ол республикалық бюджетті жоспарлап, оның орындалуын қамтамасыз етеді, əрі, бұл жөнінде Парламентке есеп береді. Бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметі бюджеттің орындалуына байланысты монополиялық құқықты иемденгеніне қарамастан Есеп комитеті мүшелері санының тең жарымын тағайындайтын. Ал, қазір «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға сəйкес Үкіметтің Есеп комитеті мүшелерін  тағайындау құқығы алып тасталды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында заңмен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымынақтыбелгіленген. Бұлереже Үкіметкеде жауапты міндеттер жүктейді. Дəлірек айтқанда, қабылданып жатқан жаңа заңдарға байланысты нормативтік құқықтық актілердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету мəселесі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығарушы биліктің қызметін бақылауға қатысты өкілеттікке ие. Дегенмен де, бұл механизм негізінен Қазақстан Республикасының Президенті арқылы жүзеге асырылады. Үкімет ұсынған заң жобасы қабылданбай қалған жағдайда, Премьер-министр Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру туралы мəселе көтеруге құқылы. Мұндай институт көптеген мемлекеттердің істəжірибесінде  қолданылады.  Əpi  бұл Үкімет өз пікірін Парламентке қарсы коюдың ең күшті құралы болып табылады.

1995 жылы қабылданған  Конституциямызда көрініс тапқан билік тармақтарының өзара əрекеттестік механизмі елдегі реформаларды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік жасайды. Дегенмен де, Қазақстан Республикасы Конституциясын ешбір күшсіз деп айтуға келмес. Мəселен, онда мемлекеттік биліктің бөліну принципін жүзеге асырудың тек бастапқы ерекшеліктері ғана көрсетілген. Демек, алдағы уақытта тежемелік жəне тепе-теңдік механизмдері əрмен қарай дамытылып, билік тармақтарының өзара қатынасының ең үйлесімді жолына қол жеткізу қажет.

Осы орайда  Қазақстан  Республикасы Үкіметі мүшелерінің жауапкершілігін арттырып, оларды бip командаға жұмылдыру, өздері жүргізіп отырған саясат үшін жоғары атқарушы органның əрбір мүшесінің жауапкершілігін көтеру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының 68-бабы өзгертілді. Ол қазір былай оқылады: «Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде   шешімдер   қабылдауда   дербестікке ие əpi өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымнан босатылуға тиіс» [3].

Біздің ойымызша, мемлекеттік биліктің былайша дербес саналатын үш тармаққа (заң шығарушы, атқарушы, сот) бөлінуі мемлекеттік органдардың ерекшеліктерін жай ғана бөле салудан  гөpi маңыздырақ нəрсені аңғартса  керек.

Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік билікті бөлу ұстыны билік тармақтарының құзыретіне шек қою, тежемелік жəне тепе-теңдік жүйесін тиімді пайдалану нəтижесінде өзара бақылау орнату арқылы көрінеді.

Яғни, мемлекеттік биліктің əpбip тармағы өз саласында ең жоғары жəне дербес болуы тиіс. Бұдан өзгеше болуы мүмкін емес. Өйткені, басқа жағдайда мемлекеттің тəуелсіздігіне күдік төнуі мүмкін немесе қайсыбір бақылаусыз қалған билік тармағының кесапатына əкеліп соқтырары анық.

Мемлекет алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін атқарушы биліктің қызметіне байланысты  теориялық жəне практикалық проблемаларды шешудің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді. Жалпы, атқарушы билік органдары үшін тек өздеріне ғана тəн ерекшеліктер бар. Олар – атқарушылық жəне  басқарушылық  сипаттағы   қызметі. Бұлар Конституцияға, заңдарға, Президенттің нормативтік актілеріне негізделген [4].

Атқарушы билік органдары арқылы жəне жекебас органдардың, жалпы не арнайы құзыреті бар орталық жəне жергілікті органдардың басын қосатын иерархиялық, көп салалы, полифункционалды өте күрделі жүйе. Сондықтан олардың ерекшеліктерін белгілейтін нақты құқықтық база мен шешім үйлестіру шаралары қажет. Осы біртұтас жүйенің шегінде орталық атқарушы органдардың құзыретінен тысқары жатқан жергілікті  атқарушы  органдардың дербестігіне – атқарушы биліктің жергілікті органдарын құру, олардың міндеттерін анықтау, əкімшілікаумақтық орналасуы бойынша тиісті əкімге бағыну мəселелеріне байланысты қатаң шаралар сұранып-ақ тұр.

Биліктің бөлінуі жөнінде əңгіме  қозғалған соң, оны енді Қазақстанның ғылыми əлемі қалай түсінетіндігіне тоқталып өтейік. Қазақстанның  М. Баймаханов,  С.  Зиманов,  В.   Ким, Кенжалиев, С. Сартаев, F.Сапарғалиев, А. Черняков сияқты маңдай алды ғалымдары биліктің бөліну принципін зерттеп,  оның өмірде қолданылуын жан-жақты қарастырып келеді. Алайда, қолданыстағы заңдардың өзгертілуіне, Конституцияға, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қатысы бар заңдарға толықтырулардың енгізілуіне байланысты атқарушы биліктің, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін қайта саралау қажет [5].

Л. Калинина атқарушы биліктің ұйымдастырушылық-құқықтық проблемаларын зерттей келіп, Үкіметті жалпы құзыреті бар орган жəне өз құзыреті шегінде заңдардың орындалуын жүзеге асырушы, Ресей Федерациясының заңдары мен басқа да актілерінің атқарушы биліктің өзге органдары, Ресей Федерациясы құрамындағы республикалардың, автономиялық облыстардың, автономиялық округтардың, өлкелердің, облыстардың, Мəскеу жəне СанктПетербург қалаларының атқарушы билік органдары тарапынан орындалуын үйлестіруші жəне бақылаушы атқарушы биліктің жоғары органы ретінде қарастырады [6].

Сонымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі дегеніміз салалық жəне салааралық мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері мен басқа да лауазымды тұлғалардан тұратын, орталық жəне жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық ететін, Президент алдында жауапты, Парламентке есеп беретін, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Президент жарлықтарының орындалуын қамтамасыз ету өкілеттігін жəне заңдарға байланысты бүкіл республика аумағына жалпы міндеттілік мəні бар нормативтік актілер қабылдау құқығын иемденген, жалпы құзыреті бар атқарушы биліктің алқалы органы.

Үкіметтің мəні мен тағайындалуы жөнінде пікірлердің əртүрлілігі экономикалық, саяси, əлеуметтік, т.б. көптегенобъективтікфакторларға байланысты болады. Қазір еліміздегі қоғамдық өмірдің демократияландырылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мəнін, оның міндеттері мен ерекшеліктерін анықтау мəселесін жаңа көзқараспен қайта қарауды көлденең тартып отыр.

Біздің ойымызша, қазақстандық қоғамның демократиялық жəне құқықтық даму процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық жəне əлеуметтік міндеттері, сондай-ақ оның ұйымдастырушылық рөлі тек артып, ал мəжбүрлеу сипатындағы элементтері едəуір кеми түспек. Яғни, Үкімет те мемлекет сияқты адамзат дамуының жемісі болғандықтан, адамзат қоғамы дамуының белгілі бip сатысында пайда болып, əртүрлі заңдылықтардың нəтижесінде дамып, ұдайы жетілдіріледі. Демек, өзінің міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қазақстан   Республикасы Үкіметінің қызметі қазақстандық қоғамның даму нəтижесі деп түсінгеніміз жөн.

 

Əдебиеттер

 

  1. Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы,
  2. Монтескье Ш. Избранные произведения. –М., 1955.
  3. Тлеубаев Қ.Ө. Қазақстан Республикасы Үкіметінің билікті бөлу принципімен сəйкес конституциялық-құқықтық уəкілеттілігі: Дис. ...з.ғ.к. – Алматы, 2006.
  4. Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы,
  5. Джапаркулов Н.Б. Компетенция Правительства Казахстана: проблемы теории и практики // Вестник КазНУ. Серия юридическая.
  6. Калинина Л.А. Исполнительная власть в ее организационно-правовых формах. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.