Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары

Қылмыстық саясат сияқты күрделі ұғым сəйкес құқықтық негізсіз қарастырыла алмайды. Қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз ету туралы сөз қозғамас бұрын осы терминнің мағынасын ашып алу қажет деп ойлаймыз. Қолданыстағы экономикалық, философиялық сөздіктерді    талдаудан    өткізудің   нəтижесінде «қамтамасыз ету»  –  алдыға  қойылған  жоспар, бағдарлама, жобаны жүзеге асыруға көмектесетін шаралардың, құралдардың жүйесі деген қорытындыға келеміз.

Яғни, құқықтық қамтамасыз ету дегенде біз қылмыстық саясатты қалыптастыру жəне жүзеге асыру міндеттерін шешу барысында пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілердің жүйесін түсінеміз. Яғни бұл қызметтің ерекшелігі, ол нормативтік құқықтық актілерде бекітіліп, мақсаты жəне міндеттері заңшығармашылық деңгейде анықталады.

Қылмыстық саясатты нормативтік құқықтық реттеудің қайнар көздері болып заңдар, халықаралық-құқықтық құжаттар, заңға сəйкес актілер табылады.

Заңдар қоғам өмірінің барлық маңызды салаларындағы  мемлекеттік  реттеудің  шектері  мен  сипатын,  мемлекеттің   азаматтармен арақатынасын, адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, əртүрлі билік органдарының міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді.

Халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормалары, халықаралық шарттар еліміздің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Халықаралық нормалардың тікелей əрекет етуінің саяси-құқықтық нəтижелері қолданыстағы жəне болашақ құқық қолдану   тəжірибесіне   байланысты.   Бұл актілерде қызметі қылмыстық саясатты жүзеге асырумен байланысты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері бекітілген.

Заңға сəйкес актілерде қылмыстық саясаттың мақсаты, бағыттары, мазмұны жəне  нысандары айқындалады. Ал олардың негізінде, нақты уақыт аралығында қылмыстық саясатты жүзеге асырудың басқару тəсілдері, басымдылықтары бейнеленген  құқық  қорғау  органдарының заңға сəйкес нормативтік құқықтық актілері қабылданады.

Қылмыстық саясатты жүзеге асыру қылмыстылықпен күресті нормативтік қамтамасыз етуге байланысты құқық шығармашылық қызметінен басталады. Сондықтан да, қылмыстық саясат тек қылмыстылықпен күрес аясындағы заңнамалар ғана емес, конституциялық,  азаматтық,  қаржылық,   салық,   кеден жəне басқа да заңнамалар арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында қазіргі кездегі нақты қауіпті ескере отырып, салалық заңнамалардың артта қалуын жеңу қажет.

Қылмыстық саясатты нормативтік құқықтық қамтамасыз етуге ақпараттық талдау, əдіснамалық, кадрлық аспектілерге қатысты субъектілердің қызметін реттеу жатады. Сəйкес нормативтік құқықтық құжаттар құқық қорғау органдарының   қызметін    қамтамасыз    етуге, қылмыстылыққа оңтайлы қарсы тұруға бағытталған.

Қылмыстық саясаттың заңнамалық аспектісі қылмыстылықпен тиімді күреске бағытталған, əртүрлі құқық салаларына жататын өзара байланысты заңнамалық актілерді дайындауды білдіреді. Яғни, бұл мағынада қылмыстық саясат    қылмыстылықпен    күрестің   қылмыстық-ұқықтық жəне əлеуметтік-алдын алу шараларын анықтаудың мемлекеттік-құқықтық саяси негізі. Қылмыстық саясат қоғам дамуының объективті заңдылықтары мен мемлекетті реформалаудың қағидаларына сүйене отырып, қылмыстылықпен күрестің маңызды міндеттерін, əдістерін жəне құралдарын айқындайды.

Қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз етуқылмыстықсаясаттыжүзегеасырутиімділігін арттыру мақсатына қызмет етуі керек. Яғни, қылмыстық саясатты жүзеге асыру барысында нормативтік құқықтық базаның қаншалықты дəрежеде қоғам дамуының заңдылықтарына, мемлекеттің мүмкіндіктеріне, елдің құқықтық санасының деңгейіне сəйкестігі айқындалады.

Əлеуметтік саясаттың бір бөлігі бола отырып, қылмыстық саясат бірнеше дербес жүйелерден тұратын құрылым ретінде қарастырылады. Қылмыстық саясаттың құқықтық аспектісін қамтамасыз ететін жүйелерге қылмыстыққұқықтық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстықатқару құқық салалары жатады. Бұл салалардың əрқайсысы қылмыстылықпен күрес аясында белгіленген міндеттерді атқарады.

Заңнаманы жəне құқық қорғау механизмін жетілдіру, сəйкес құқықтық нормалардың көлемін, сипатын, құрылымын өзгертуді білдіріп, қылмыстық құқықтық, криминологиялық сипаттағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңи нормаларды жүйелеуден, кодификациялау мен түсіндіруден тұрады. Осыған байланысты, заңнаманы жетілдірудің басты көрсеткіші болып қылмыстық саясаттың сапасы мен тиімділігін өзгерту табылады.

Қылмыстық саясатты құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық немесе əкімшілік заңнамалардың нормаларын өзгертумен ғана шектеліп қоймайды. Бұл үдеріс қылмыстық саясаттың бүкіл заңи базасын өзгертуді қамтиды.

Қылмыстық саясаттың бағыты ретінде қылмыстық заңнаманы жəне құқық қорғау механизмін жетілдіру қылмыстық саясаттың жүйесін, оның элементтерін өзгертудің біртұтас жəне қарама-қайшы үдерісі ретінде жүзеге асырылады. Қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз етуде   басты   рөлді   2010-2020   жж.   арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы атқарады.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы мемлекеттің   құқықтық   саясат   саласындағы   тиісті    бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының перспективалық жəне жыл сайынғы жоспарларын, Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын əзірлеу үшін негіз болып табылады.

Құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық,  ұйымдастырушылық жəне  басқа  да   шараларымен   жүзеге  асуы тиіс құқықтық идеялары мен  принциптерін одан ары іске асыру қажет. Мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың күш жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз əлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру процесінде жəне құқық қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін жəне төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сəйкестігін бұлжытпай сақтау қажет.

Елдегі заңдылық режимін жəне құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нəтижелілік, ашықтық жəне есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді» деп көрсетілген [1, 2 б.].

Яғни, 2010-2020 жж. арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы əлеуметтік маңызы бар өзекті проблемалардың кең ауқымын шешуге бағыттала отырып, қылмыстық-құқықтық аяда сəйкес заңнама саласын екі векторлы ізгілендіруге, қылмыстық іс жүргізуде – қылмыстық сот өндірісінің оңтайлы нұсқасын құруға, қылмыстық-атқару аясында қылмыстық юстиция аясына азаматтардың тартылуын төмендету жəне  қылмыстық жазалау шараларын үнемдеуге бағытталған. Сонымен қатар, құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық саясаттың жазалау сипатын қалпына келтіру сипатына өзгерту қажеттілігі баса көрсетілген.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандарды қорыта келе, қылмыстық саясатты құқықтық қамтамасыз етуді жетілдірудің маңызды бағыттары ретінде төмендегілерді көрсетуімізге болады:

  • қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне қылмыстылықпен күрес аясындағы халықаралық құқықтық міндеттемелермен сəйкестендіру;
  • қылмыстық саясаттың элементі ретінде заңнаманы ізгілендіру;
  • қылмыстық саясатты жүзеге асыру барысында əлеуметтік əділеттілікті қамтамасыз ету;
  • қылмыстардан сақтандыруды қамтамасыз ететін заңнамалық актілерді дайындау;
  • əртүрлі ғылым салаларының жетістіктерін қылмыстылықпен күрес барысында қолдануды заңнамалық кеңейту.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – – 28 тамыз. – №281-283 (25680).

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.