Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қаржы-бюджет саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық мəселелері

Қазақстан өз тəуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап экономикасын түбірлі реформалауға бағыт алғандығы белгілі. Мұнда нарықтық экономика мен сыртқы экономикалық байланыстарды либерализациялау халық шаруашылығын қайта құрудағы негізгі бағдар ретінде таңдап алынды.

Бүгінгі күнде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік басқару мен реттеу аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары жəне жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жүйедегі процестермен айқындалуда. Ал осы процестерде қаржылар саласындағы мемлекеттік реттеудің маңызы өте зор екендігі белгілі.

Қаржылар   қоғамның   дамуының   негізгі бір материалдық көзі болып отыр. Нарықтық қатынастардың кең етек жаюы жағдайында, қаржылардың қоғам мен жекелеген адамдардың өмірінен елеулі орын алып, қаржылық құралдар арқылы мемлекеттің ел экономикасының өсіп дамуына белсенді де қарқынды түрде  ықпалын тигізіп отырғандығы белгілі. Сондықтан қаржылар мемлекет пен қоғамның материалдық тірегі, базасы болып табылады жəне базистің құрамына жатады. Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдалануы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге  асыру  болып  табылатындығын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруға байланысты өз көзқарастарымызды білдіріп өтсек. Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық жəне əлеуметтікмəдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде ол əр алуан қоғам мүдделерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруларды жоққа шығаруға болмайды; екіншіден, мемлекеттің экономика, қаржылар, инвестициялар жəне əлеуметтік-мəдени салалардағы дəрежесі ұзақ жылдар бойындағы тəжірибелермен белгіленген. Əсіресе қазіргідей түбірлі реформалар кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік реттеудің рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет ешқашанда нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен  жандануына  септігін тигізетін зор мүмкіншіліктер бар екендігін ұмытпағандығымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туғызады жəне оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің қолынан келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа əкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді барынша үйлестіріп отыру қажет. Ал бұл процестер өздігінен жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі; алтыншыдан, жеке меншік жəне оған байланысты қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туғызады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекеттің құзырында болады. Сондай-ақ, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимдерді белгілейді, ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады.

Осы жерде айта өтер жайт, мемлекеттік басқару ілімі, осы жайындағы əкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенмен, көптеген мəселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік реттеу жеткілікті деңгейде өз шешімін тапқан жоқ. Мемлекеттік басқару мына келесідей өте күрделі субъектілік тұрғыдағы элементтер жүйесінде, яғни “мұқтаждық – мүдделер – мақсаттар – ерік білдіру – нормалар – қағидалар – көзделген белестер – пайдалар – ынталандырулар” шеңберінде қалыптасып, дамығандықтан замана жəне нарықтық экономика талаптарына толығымен жауап беретін сияқты [1].

Сонымен бірге, қазіргі кезендегі нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реттеудің өзі де мемлекеттік басқару болып табылатынын білуге тиістіміз. Басқарудың көп қырлы аспектісімен қатар əлеуметтік, экономикалық, психологиялық, саяси жəне этикалық тұрғыдағы көзқарастары басқаруды қоғамдық құбылыс түрінде адамзат пен қоғамның өзара іс қимыл механизміне ұтымды қосылған, көпқырлы категория ретінде танытады.

Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның салаларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз əлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымдардың негізі бар екендігін көреміз. Басқару биліктің қызмет атқаруы болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік басқару мынадай ерекшеліктерге ие:

  1. Мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттікқұқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық жəне басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды ұйымдастырады;
  2. Мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асады; 3. Мемлекеттік басқару ғылыми негіздерге сүйенеді.

С.С. Алексеев мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келе, сондай-ақ осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерінескереотырыпмынатөмендегідей басқару сатыларын бөліп шығарған:

1)басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу жəне талдау;

2) басқару шешімін дайындау жəне қабылдау,

3) шешімді атқаруды ұйымдастыру;

4) есептеу жəне бақылау [2].

Ал мемлекеттік құрылыс жəне құқық саласының белгілі ғалымы Г.В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берген: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тəртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы жəне құқықтық нысанда жүзеге асатын қызмет. Сонымен қатар, ол мемлекеттік басқару жүйесінің мына əрекеттер мен элементтерін қамтитындығын көрсеткен:

  • басқару субъектісінің ұйымдастырылуы жəне қызмет атқаруы;
  • басқарушылар мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс-қимылдардың жиынтығы;
  • мемлекеттік басқарушы    ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері. Осы жүйе басқаруға байланысты əрекеттерде, қатынастарда, актілерде міндетті үш элементтің болғанын қалайды:
  • басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
  • құрылған жəне жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
  • жеке тұлғаның, кəсіпорынның, ұйымның жəне мекемелердің қызметтері түріндегі ықпал ету объектісі [3].

Латынның “администрация” сөзі басқару деген мағынада айтылады. Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол əлеуметтік сипатта болады. Сондықтан басқаруға əлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ оның маңызы өте терең, ерікті жəне саналы бастамасы бар екендігін байқаймыз.

Ал өз кезегінде, адамдардың бірігіп жасаған іс-қимылдары, əрекеттері ұйымдастыруға əкеліп саяды. Ұйымдастыру, біріншіден, адамдардың бірігіп жұмыс жасауларына қажетті бірлесу болып табылады. Басқаша сипаттасақ, басқаруды біріккен адамдардың өздеріне тиісті жұмыс, қызметтерін атқаруларымен байланыстырамыз. Демек ұйымдастыру (басқару)  тек  адамдардың  бірігуімен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар олардың өз қызметтерін жүзеге асыру тəртібін де қамтиды. Басқарудыңнегізгіміндеттеріадамдардыңбрлескен қызметтерін   ұйымдастырумен   байланысты  болғандықтан, олардың өзара іс-қимылдарын  əртүрлі бірлестіктермен жəне қызметтерінің бағыттарымен нысаналай  отырып  қамтамасыз ету мəселесі туындайды. Бұл туралы К. Маркс “əкімшіліктік мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі” деп айтқан болатын [4]. Демек, басқаруға əлеуметтік функция ретінде ұйымдастырушылық сипат тəн. Ұйымдастырудың бұл  маңызды көрінісі бірлесіп қызмет атқарушылардың өз функцияларын орындаумен қатар дербес жұмыстардың арасындағы ауызбірліктен, келісімнен тұрады.

Іс жүзінде басқару өзінің мəні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп қызметтер атқарушылардың арасында жалпы міндеттерді  бөлу,   ұжымдардың   əрекеттері мен күштерін біріктіруге атсалысу, олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай-ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушылардың жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда инвестициялық қызметке қатысушылардың қызметін реттеу мен басқару мемлекеттік басқарудағы осындай маңызды нысаналы бағыттардың бірі болып отыр. Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамдардың жүріп-тұруы, ісқимылы оның еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек басқару адамдардың əртүрлі ерікті қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Əлеуметтік басқарудың субъектісі адамдар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі ретінде адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар (басқарушылар) есептеледі. Онымен, басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс табады. Оның мəні субъектінің қоғамдық процестің басқарылушы адамдарға ұйымдастырылған ықпал етуі. Осы ықпал ету мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Белгілі құқықтанушы ғалымдар  С. Өзбекұлы   мен Ө. Қопабаевтың пікірінше “мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизімінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару,билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе”, сонымен бірге олар мемлекеттік органдардың өзіне тəн мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді:

  1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады;
  2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады;
  3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар;
  4. Мелекетттік орган – мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мемкеме;
  5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқығы бар арнайы адамдар тобы;
  6. Қүрылған органдар заңдылық негізде қызмет атқарады;
  7. Мемлекеттік орган материалдық база жəне қаржымен қамтамасыз етіледі [5].

Қорыта келе, мемлекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, əлеуметтік-мəдени жəне əкімшілік-саяси құрылыстарды тікелей жəне күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау шеңберіндегі заңға сəйкес, мемлекеттік өктем, ұйымдастырушы қызмет. Бұл қызметтерді жүзеге асыру басқару органдарының іс-қимылдарымен жүргізіледі. Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау əдістерін алға шығарады. Ал мемлекеттік басқару процесінде бұл əдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады. Бұл əдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік өктем өкілеттіліктері көрініс табады.

Мемлекеттік басқарудың нақты əдістері мынадай екі топқа бөлінеді:

  1. Экономикадан тыс ықпал ету əдістері, яғни басқарылушы объектілерге міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын жүзеге асыру;
  2. Экономикалық ықпал жасау əдістері, басқарылушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде əсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.

Біз қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың экономика   саласында   ықпалының   кемуіне куə болып отырмыз. Алайда, мұндай жағдай мемлекеттік басқарушы қызмет пен атқару билігінің рөлдерін тұтасымен алғанда төмендетпейді. Бұл жерде мемлекеттік реттеу мен басқару арасында мақсат бағыттары бойынша       айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Мемлекеттік реттеу өзінің мəні бойынша мемлекеттік басқарушы қызметтің тұрақты элементі, яғни оның функцияларының бірі деуге болады. Мемлекет басқара отырып реттейді, сонымен бірге реттей отырып басқарады. Мемлекеттік басқару субъектілерінің бағынышты субъектілері болса, ал мемлекеттік реттеудің ықпалы бағынышты емес объектілерге де бағытталып жүргізіледі.

Мемлекеттік басқарудың жоғарыда атап өтілген, қоғамдағы рөлі мен қағидаларын, ерекшеліктерін ескере отырып, біз енді мемлекеттің қаржылық саясатты жүргізуі мен қаржылық қызметті реттеуде маңызды орын алатын қаржылар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін қарастырып өтсек.

Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы зор екендігі белгілі.  Қаржылар  мемлекеттің өсіп дамуының, өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асырудың материалдық базасы, негізі болғандықтан базистің құрамына жататындығын білдік. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару ісіне қатысатын өкілетті органдардың жүйесі ауқымды болып келеді. Бұл саладағы басқаруды жүзеге асыратын органдар қатарына басқару (атқару) органдарымен қоса өкімет органдары да атсалысады. Сондықтан бұл жерде басқару термині кең мағынада түсінілуі қажет. Демек, мұнда мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметі мен атқарушыныңбилік қызметі бірдей қамтылады. Сондай-ақ бұл саладағы басқаруды мемлекеттік өкілді органдар да,  мемлекеттік  атқарушы-билікші   органдар да жүзеге асырады. Сондықтан қарастырып отырған институтымыз барлық мемлекеттік органдардың қаржылық қызметі саласындағы мəселелерді қамтиды.

Белгілі қазақстандық ғалымдардың пікірінше, заң құжаттарында көрсетілгендей қаржылар саласын (бұл жерде кең мағынада түсінуге тиіспіз) басқаратын органдар арнайы құзіретті, мамандандырылған басқару (атқару)болып табылады. Мысалы қаржы министрлігі, Ұлттық банк жəне тағы басқалары. Ал мемлекеттік басқару кезінде осы арнайы құзіретті органдар қатарына өкімет органдары, яғни Парламент, жергілікті маслихаттар қосылады. Олар қаржылар саласындағы басқаруды өз құзіретіне жататын бағыттар бойынша жүзеге асырады, сондықтан осы іс-қимылдар басқару сипатында көрініс табады [6] .

Қорытындылай келе, біздің ойымызша, қаржылар саласындағы басқару дегеніміз қаржылық қызметті жүзеге асырушы субъектілердің жүріс-тұрысына мемлекеттік уəкілетті органдар тигізетін ұйымдастырушылық ықпалы, екіншіден, қаржыларды басқару мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарын тиісті  бағыттарға бөлу, жұмсау болып табылады. Бұл жерде басқарушының өктем өкілеттілігі оның меншік жөніндегі өкілеттілігіне, яғни шаруашылықты жүргізу құқығына байланысты туындайды. Үшіншіден, қаржылар  саласындағы  басқару деп мемлекет атынан немесе мемлекеттің тапсыруымен жəне мемлекеттің мүддесін көздей отырып өз атынан мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік уəкілетті органдар жүйесін айтамыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. – М: Юрид. лит., – 71-с.
  2. Алексеев С.С. Проблемы теории государства и права. – М., 1979. – 165-с.
  3. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. – М., 1997. – 167-с.
  4. Маркс К., Энгельс Ф., Шығармалары, 19-том, 440-бет.
  5. Өзбекұлы. С., Қопабаев. Ө.Мемлекет жəне құқық теориясы. – Алматы: Жеті Жарғы,
  6. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999, 169-бет.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.