Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кезеңдегі халықаралық теңіз құқығы жəне Қазақстан Республикасы

Бүгінгі таңда, теңіз кеңістігінің халықаралық құқықтық режимі – ол халықаралық құқық келісім шарттарын мен мемлекеттердің міндеттерін анықтайтын, теңіз қорлары мен кəсіптегі кеңістікті қолданылуын қадағалайтын заңдық нормалар жинағы болып табылады. Айта кету қажет, теңіз кеңістігі режимі екі фактордың əсер етуі арқасында жасалады: бірінші ол ашық теңізді барлық мемлекеттердің мүддесінде жəне екінші теңіз жағасында орналасқан мемлекеттердің пайдасында қолдану керектігі жайлы.

Халықаралық  теңіз  құқығы  көп  уақыт бойы əдет құқық ретінде дамып келді. Біздің заманымызға дейін дəстүрлі маңызын жоғалтпаған болатын, бірақ қазіргі кезеңге басымдылық етуші халықаралық келісім шарттарға орын берді. 1958 – 1960 жж. БҰҰ-ның Женева қаласында өткен конференциядан кейін құқықтық кодификациялау жүзеге асыратын халықаралық теңіз құқығы үлкен рөл ойнай бастады [1]. Халықаралық теңіз құқығын кодификациялау жұмысы БҰҰ-ның III-ші конференциясында жалғасты (1973-1982 жж.).

Аймақтық теңіздер мен бос жатқан аумақтар, құрлықтық шельфтер, ашық теңіз, балық щаруашылығы мен ашық теңіздің тірі қорларын қорғау жөніндегі теңіз құқықтарының басты қайнар көзі 1958 жылғы теңіз құқығы жайлы Женевалық конвенциялар болды. 1982 жылы 10-шы желтоқсан күні, БҰҰ-ның конвенциясы бекіткен теңіз құқығы ең соңғы жинақ акт болып табылады. Бұл конвенцияға 160-қа жуық мемлекет қол қойған, 1994 ж. 16 қарашада ол өз күшіне енді. Ынтымақтастық мақсатында жасалған арнайы келісім шарттар айтарлықтай маңызды орын алды. Мəселен, 1979 ж. адамдарды іздеу жəне құтқару жайлы халықаралық келісім жəне 1969 ж. теңіз суын экологиялық ластануынан қорғау жайлы бірнеше халықаралық келісімдер, 1972 ж. теңізде кемелердің соғысуын ескерту жайлы халықаралық құқық келісімі; 1974 ж. теңіздегі адам өмірін қорғау жайлы халықаралық келісім; 1972 ж. теңіз суының мұнай жəне əртүрлі экологиялық қалдықтармен ластануынан қорғау жайлы халықаралық келісімдер қабылданды.

Ғылыми  əдебиетте,  халықаралық  теңіз құқығының  басты  қағидалары  жайлы  алуан түрлі пікірлер бар. Ашық теңіздерге қатысты қағидалар ең маңызды жəне жалпы мойындалған болып табылады. Сол кезендегі ғалымдар айтып кеткеніндей, теңіз кеңістігінің ешқандай мемлекет пен басшыларының басқара алмайтынын, ешқандай жалпығы ережелер жоқ екендігін айтып кеткен болатын. 1982 ж. теңіз құқығы жайлы БҰҰ-ның Конвенциясының 87 бабында осы қағида бекітілген. Ашық теңіз қағидасы теңіз жағалауында жататын да, жатпайтын да барлық мемлекеттерге ашық екенін айтады. Ашық теңіз еркіндігі, 1982 ж. Конвенция шарттарымен басқада халықаралық құқық нормаларымен анықталады. Оның ішіне теңіз жағалауында жатқан да, жатпаған да мемлекеттер еркін кеме қатынасы, еркін ұшу, еркін су асты құбырларын жəне байланыс шоғырсымын өткізуге, халықаралық құқық нормасына сəйкес еркін аралшықтар мен құрылғылар орнатуға, еркін балық шаруашылығымен айналысуға, еркін ғылыми зерттеу жүргізуге болытыны қарастырылған. Барлық мемлекеттер ашық теңіз қағидасын басқа мемлекеттердің де мүдделерін ойлап қолдану керек.

Халықаралық құқық теңізінің басқа  қағидасы – бұл ашық теңізді бейбіт мақсатта қолдану. Бұл қағиданың басты мақсаты ашық теңізде мемлекеттер арасында əскери қарулы күшті қолданбауға жəне оны тек бейбіт мақсатта қолдану. 1971 ж. келісім шарт бойынша, теңіз жəне мұхит түбінде ядролық жəне басқада жаппай қырып салатын қаруды орналастырмау керек екендігі жайлы қағида айтылып кеткен болатын. 1982 ж. БҰҰның Конвенциясының 88 бабында аталған қағида жазылған. Бұл келісім ашық теңіз тек бейбіт мақсатта қолданылады деп анықтайды. Бұл келісімде шарттың кіріспе сөз басында, осы талапта қойылған режим бойынша теңіз бен мұхиттар бейбіт мақсатта қолданылуы керек деп бекітілген [2]. Конвенцияның 141 бабы бойынша, теңіз түбін тек қана бейбіт мақсатта қолдануға рұқсат етілген. Осындай ерекшеліктерге экономикалық аймақ, халықаралық бұғаздардағы транзиттік жол мен архипелаг сулары жəне теңіз ғылыми зерттеулері де кіреді.

Халықаралық теңіз құқығының маңызды қағидаларының біріне  теңіз  қорларын орынды қолдану да кіреді. Ол XX ғасырдың басында көрініс ала бастады. 1958 ж. Женевада болған кездесуде, ашық теңіздің қорлары мен балық шаруашылығын қорғау жайлы екі  жақты келісім шарт қабылданды. Конвенцияның 2-ші бабында ашық теңіздің тірі қорларын  қорғау бұл ресурстармен адамды қамтамасыз ету көлемін өсіруге бағытталғанын көреміз. Теңіз жағалауында орналаспаған мемлекеттерде, балық шаруашылығымен айналысып жатқан мемлекеттерде оның фирмаларының теңіз қорларын қолданылуын қадағалау керек.

Бұл қағида 1982 ж. БҰҰ-ның теңіз құқығы Конвенциясының екінші бөлімінде толық ашылған. Конвенцияның 117 бабына сəйкес, барлық мемлекеттер қолдан келетін барлық əдісті пайдалану арқылы ашық теңіз қорларын сақтап қалуға міндетті. Конвенцияның 119 бабында қолданылатын əдістер көрсетілген.

Ал  пайдалы   қазбалар   қорына   келсек, 1982 ж. Конвенцияның үшінші бөлімінде орынды қолдану жайлы шаралары анықталып жазылған.  Теңіз  суының   ластануын  алдын алу жайлы қағидасы алғаш рет 1954 ж теңіз суының мұнаймен ластануын алдын алу туралы халықаралық конвенцияда бекітілді. Келісім шарттың кіріспе сөз басында, кемелерден ағатын мұнайды тоқтатуғу алдын алу шаралары туралы айтылып кеткен болатын. Конвенция бойынша мұнай қалдықтарды ағызуға болмайтын жерлерді нормалар анықтайды.

1972 ж. конвенция  теңіз  ластанудың  алдын алуды қарастырып отырған қағидасын толығымен ашып береді. 1973 ж. халықаралық конвенция кемелердің ашық теңіз суын ластамауын қарастырады. 1973 ж. конвенция кемелердің кездейсоқ болған соғысуын болдырмауға арналған. 1969 ж. халықаралық конвенция бойынша теңіз суларын мұнай қалдығымен ластағандарды азаматтық жауапкершілікке тарту жəне басқа да көптеген конвенциялар теңіз ластануынан сақтап қалу жайлы қабылданған болатын. 1982 ж. БҰҰ-ның қабылдаған Конвенциясынан кейін теңіз суының ластануын алдын алу қағидасы күшін жойды. Конвенцияның 192 бабына сəйкес, барлық мемлекеттердің теңіз ортасын ластанудан сақтауға міндет етіледі. Конвенцияның 194 бабына сəйкес, теңіз ортасын ластануын алдын алуға, қорғауға жəне ластану себептерін азайтуға шара қолдану керек екендігі жазылған. Конвенцияның 195 бабында мемлекеттерге теңіз суларын ластамауға міндет етілді, 207 бабында теңіз ластанудың алдын алу жайлы бірнеше талаптар қойылды.

1982 ж. қабылданған БҰҰ-ның XIII конвенциясының  87 бабында,  ашық  теңізде  еркін ғылыми зерттеулер жүргізу туралы қағида жазылған. Ашық теңіз қағидасы элементтерінің бірі еркін ғылыми зерттеулер жүргізу болып  табылады. 1982 ж конвенцияда қарастырылып кеткендей сол мемлекеттің құқықтық нормалары мен міндеттері орындалатын болса басқа мемлекеттер  еркін теңіз зерттеулерін жүргізе алады. Конвенцияда еркін теңіз ғылыми зерттеу жүргізуінің жалпы қағидалары да қарастырылып кеткен.

Ресей ғалымдарының пікірінше, халықаралық теңіз құқығының қағидаларына адамзаттың мұраға қалдырған жалпы қағидаларын жатқызады. Ал басқа бір топ зерттеушілердің ойынша, құрлықтық шельфтің шекарасына жатпайтын теңіз кеңістігі мен қорларына ғана қатысы бар. Олардың пікірінше, оның басқа  кеңістік пен қорларға таралуы мүмкін емес. Сол себепті халықаралық теңіз құқығын мемлекеттердің аймақтық суларды  басқарудағы  тəуелсіздігі мен мемлекеттердің ерекше заңы бойынша қаралатын халықаралық құқық қағидаларының бөлігіне жатқыза алынбайды деп ойлайды.

Тұйық жəне жартылай тұйық теңіз қатарына екі немесе одан да көп мемлекеттермен қоршалған шығанақ, бассейн немесе теңіз жатады. Осыған мысал ретінде, Қара теңіз, Балтық теңізі жəне Жерорта теңізін жатқызамыз [3]. Екі немесе одан да көп мемлекеттермен қоршалған жəне əлемдік мұхитқа шықпайтын теңіз, шекаралық көл ретінде саналады.

Тұйық жəне жартылай тұйық (немесе – бекітулі жəне жартылай бекітулі) теңіз құқықтық режимі жалпы қабылданған халықаралық құқық негізінде жағалаудағы мемлекеттермен анықталады. Əдетте осындай теңіздердің құқықтық режимі жағалаудағы мемлекеттердің қауіпсіздік жəне басқа да мүдделерін, сонымен қатар, барлық мемлекеттердің балық аулау  жəне сауда кеме қатынастары ескерілген халықаралық келісімдермен қамтылады. Мысалы, Қара теңіздің құқықтық режимі Монтре қаласында (Швейцария) 1936 жылы бекітілген көпжақты Конвенциямен анықталады.

Тұйық жəне жартылай тұйық теңіздің құқықтық   режимі   жағалаудағы  мемлекеттер қатарына кірмейтін мемлекеттердің əскери кеме қатынастарына белгіленген шектеулер немесе толық тыйым салуды қамтиды. Мəселен, 1936 жылғы Қаратеңіз бұғазының режимі туралы Конвенцияға сəйкес Қара теңіз жағалауына жатпайтын мемлекеттерде бейбітшілік уақытында жалпы 30 000 тоннаға дейін кемелер өту мүмкіндігі бар. 1982 жылғы БҰҰ-ның теңіз құқығы Конвенциясының 123 бабына сəйкес, тұйық жəне жартылай тұйық теңізбен ұштасып тұрған мемлекеттер өздерінің құқықтарын жəне міндеттемелерін жүзеге асыруда бір-бірімен ынтымақтастықта болуы қажет. Бұл мақсатқа жету үшін олар тікелей (мысалы, екіжақты немесе көпжақты келісімге отыру арқылы) немесе осыған лайықты аумақтық ұйымдар арқылы шығуы керек. Ол үшін теңіздегі тірі жəндіктерді басқару, оларды қорғау,  барлау жəне қолдануды құрылымдастыру; теңіз айналасын қорғау жəне сақтауға қатысты өзінің құқықтарын жəне міндеттемелерін жүзеге асыруды құрылымдастыру; ғылыми зерттеулер жүргізу саясатын құрылымдастыру жəне ғылыми зерттеу бағдарламаларын орынды деп саналатын аймақтарда жүргізу; орынды деп есептелінген жағдайда, бекітулі жəне жартылай бекітулі теңіз ресурстары мəселелері бойынша ынтымақтастыққа мүдделі мемлекеттерді немесе халықаралық ұйымдарды шақыру.

Осы теңіздердегі балық жəне басқа да жəндіктермен кəсіп етуі əдетте мүдделі мемлекеттердің халықаралық балық аулау ережелеріне қатысты орнатылған көпжақты немесе екіжақты келісімдермен басқарылады [4]. Мысалы, Балтық теңізінде балық аулау режимі 1973 жылғы келісім-шартта жəне Балтық теңізінде балық аулау жəне ондағы тірі жəндіктерді сақтауға қатысты Конвенцияға сəйкес  басқарылады; Қара теңізде – 1959 жылғы Қара теңізде балық аулау туралы Кенес Одағы, Болгария жəне Румыния мемлекеттері арасындағы келісіммен басқарылады. Осы келісімдер балық шаруашылығымен айналысатын мемлекет аралық ұйымдардың құрылымы жағалаудағы мемлекеттердің теңіздегі тірі жəндіктерін сақтау жəне оларды дұрыс қолдануды ең жоғары дəрежеде қолдау  мүдделері  мен  мемлекеттер   арасында тығыз жəне ауқымды ынтымақтастықтың қажеттігімен түсіндіреді.

Тұйық жəне жартылай  тұйық  теңіз ортасын сақтау мақсатында жағалаудағы мемлекеттер тиісті келісімдер жасады. Атап кетсек, 1974 жылы дипломатиялық конференцияда Балтық теңізі аумағын қорғау бойынша Конвенция қабылданды. 1976 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілетті өкілдері конференциясында Жерорта теңізін ластануынан қорғау туралы Конвенцияға қол қойылды. Соңғы  жылдары  белсенді  түрде  Каспий теңізі құқықтық мəртебесі мен режимі жайлы Конвенциясын жасау жəне құру бойынша іс-шаралар жəне осы бассейнге қатысты іс-əрекеттер режимі туралы конвенция қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осы орайда БҰҰ Конвенциясының «тұйық жəне жартылай тұйық теңіздер» туралы IX тарауын   қарастырған   дұрыс   деп  есептейміз.

122 бап «тұйық жəне жартылай тұйық теңіздерге» шығанақ, бассейн екі немесе одан көп мемлекеттермен қоршалған жəне басқа теңіздермен немесе мұхиттармен тар өткел арқылы байланысы бар немесе көпшілік бөлігі екі немесе бірнеше жағалау мемлекеттерінің аймақтық сулары мен ерекше экономикалық зоналары  болып  табылатын  теңіздер   жатады.

122 баптан мынаны түсінуге болады. Тұйық немесе  жартылай   тұйық   теңізді  анықтауда екі критерий қолданылады. Бірінші критерий географиялық негіз болса, екіншісі құқықтық болып табылады. Яғни екінші критерий келешекте үлкен маңызға ие болады. Өйткені құқықтық критерий бойынша теңізде аймақтық сулар мен ерекше экономикалық зоналарды анықтау мəселелері көтеріледі. Қазақстан өзінің ұстанымын қорғауда екі критерий де құқықтық тіреу ретінде қолданатынын айтып өткен жөн.

Көбінесе, ұғымдар кең мағынаға ие болғандықтан су объектілерін жабық теңізге жатқызуда практикалық тұрғыдан көптеген қиыншылықтар туындайды. Сонымен қатар қазіргі халықаралық теңіз құқығында белгілі бір су объектісін тұйық немесе жартылай тұйық теңізге жалпыға тəн анықтама, барша мойындаған қағида жоқ. Конвенцияны құрған мамандар құқықтық классификацияға жəне орағытуға көбірек мүмкіндік беруді ойлаған болуы мүмкін. Тұйық жəне жартылай тұйық теңіздер ретінде құқықтық статусының даму тарихы бар теңіздерге Қара жəне Жерорта теңіздерін жатқызуға болады. Осы теңіздердің реттеуде мемлекеттердің түрлі қауіпсіздік, экономикалық жəне тағы басқа да салалардағы мүдделерін ескере отырып, сонымен қатар теңіз байланысы мен балық аулау шараларын есеп ала отырып жасасқан халықаралық келісімдер негіз болып келген. Су объектілерін тұйық немесе жартылай тұйық теңізге жатқызу жағалау мемлекеттері қатарына жатпайтын елдердің əскери кемелерінің жүзуіне толық тиым салады. Балық аулау жəне теңіз жануарлары кəсіпшілігі мəселелері екі тараптық немесе көптараптық келісім-шарттар арқылы шешіледі.

Мəселен, Қазақстанға  қатысты  Каспий теңізі жайлы атап кету керек деп  ойлаймыз. 1994 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы Конвенция жобасын ұсынды. Жоба Қазақстан Республикасы ресми биліктерінің Каспийдің болашақ статусы туралы көзқарасын білдіреді. Жоба бойынша Каспий теңіз ретінде қарастырылып, 1982 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған БҰҰ Конвенциясының негізгі нормативтерінің күші жүру керек екендігін ұсынылды. Жобада Каспий жағалауындағы елдердің мемлекеттік шекаралары көлемдік сулар бойынша, яғни жағалаудан 12 теңіздік мильмен бекітілуі қажет. Теңіз түбінің қалғаны ұлттық секторларға бөлінеді. Бөлінген бөліктер халықаралық теңіз құқығына сəйкес жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары болып табылады. Ал, табиғи ресурстарды пайдалану, əсіресе ұлттық секторларда жатқан теңіз қойнауындағы байлықты қолдану жағалау мемлекеттерінің құқықтық құзыретіне бағынады. Осыған орай Қазақстан тарапы жағалау мемлекеттерінің табиғи ресурстарды пайдаланудағы мүдделерін қорғауға жəне экологиялық жүйені сақтауға шақырады. Қазақстан жағалық мемлекеттермен бірқатар екіжақты келісімдердің қатысушысы болып табылады. Мəселен, 10 маусым 1997 жылы Қазақстан Республикасы Əзірбайжан Республикасымен, Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы көпжақты Конвенция бекітілгенге дейін теңіздегі орта сызықтағы өздерінің ұлттық секторына тиесілі шекараларды ұстану мен өзара іс əрекеттің түрлі салаларында ынтымақтастықты жандандыру туралы ұстанымдарын мəлімдейтін ынтымақтастықты одан əрі дамыту мен күшейту жөніндегі Декларацияға қол қойды. 1998 жылғы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім де ерекше мағынаға ие. Қазақстан  Республикасы 14 қараша 2002 жылы, Мəскеуде 06 шілде 1998 жылы қол қойылған, Ресей Федерациясымен жерасты байлықтарын қолдану егеменді құқығын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің теңіз түбін анықтау туралы Келісімін ратификациялады.

9 қазан 2000  жылы,  Астанада  Қазақстан мен Ресей Каспий теңізіндегі ынтымақтастық жөніндегі Декларацияға қол қойып, 26 ақпан 1921 жылғы жəне 25 наурыз 1940 жылғы келісімдерде көрсетілген кеме қатынасының еркіндігі, балық шаруашылығы еркіндігі мен Каспий маңы елдеріне  тиесілі  емес  теңіз  кемелерінің  қатынасына тиым салу сұрақтарының күшінде қалатынын баяндайды. 14 мамыр 2003 жылы Алматыда Қазақстан, Əзірбайжан мен Ресей арасында Каспий теңіз түбі іргелес аумақтарын бөлу сызығының түйісу нүктесі туралы үшжақты Келісімге қол қойылды.

Каспий теңізінің статусын келісім-шарттық реттеу үдерісіне Қазақстан Республикасының қосқан саяси-құқықтық үлесі зор. 1994  жылдың

19 шілдесінде Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы Конвенция  жобасын ұсынды. Жоба Қазақстан Республикасы ресми биліктерінің Каспийдің болашақ статусы туралы көзқарасын білдіреді. Жоба бойынша Каспий теңіз ретінде қарастырылып, 1982 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған БҰҰ Конвенциясының негізгі нормативтерінің күші жүру керек. Жобада Каспий жағалауындағы елдердің мемлекеттік шекаралары көлемдік сулар бойынша, яғни жағалаудан 12 теңіздік мильмен бекітілуі қажет. Теңіз түбінің қалғаны ұлттық секторларға бөлінеді. Бөлінген бөліктер халықаралық теңіз құқығына сəйкес жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары болып табылады. Ал, табиғи ресурстарды пайдалану, əсіресе ұлттық  секторларда  жатқан теңіз қойнауындағы байлықты қолдану жағалау мемлекеттерінің құқықтық құзыретіне бағынады. Осыған орай Қазақстан тарапы жағалау  мемлекеттерінің  табиғи   ресурстарды пайдаланудағы мүдделерін қорғауға жəне экологиялық жүйені сақтауға шақырады.

Назарға алынатын тағы да бір жағдай бар. Каспий теңізі мемлекеттері арасында ынтымақтастықты үйлестіру мəселелері бойынша шынайы шаралар қабылдау мақсатында 1994 жылдың  28  шілдесі  Қазақстан   Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Каспий теңізіне  қатысты  түрлі  мəселелерді  шешу, оған қоса теңіздің статусын  анықтау  бойынша келіссөздерге қатысу үшін үкіметтік делегацияның жəне сарапшылар тобының бірінші құрамы бекітілді. Өкімнің «Каспий теңізі құқықтық статусы бойынша нұсқаулар» атты №2 қосымшасында Қазақстан делегациясына 1921 жылғы 26 ақпан, 1940 жылғы 25 наурыз КСРО мен Иран арасындағы келісімдер жаңа геополитикалық шындыққа жанаспайтынын негізге алу туралы тапсырма берілген. Делегация БҰҰ 1982 жылғы теңіз құқығы туралы Конвенциясының шарттары жүруін мақсат қою керек. Яғни БҰҰ Конвенциясы аймақтық сулар,ерекше экономикалық аймақтар, құрлықтық шельфтер, ашық теңізде еркін ұшу, балық аулау, қоршаған ортаны қорғау жəне жағалауды қорғау мəселелерін реттейді. Өкім бойынша қазақстандық делегацияға Каспий теңізінің құқықтық статусына қоса, жағалау мемлекеттері арасында аймақтық ынтымақтастық туралы келісім-шарт бойынша келіссөздер жүргізу тапсырылған.

Тапсырманың мəні делегацияның келіссөздер кезінде Каспий теңізінің құқықтық статусы бойынша бірнеше басымдықтарды басшылыққа алуында жатыр. Басымдықтарға: ұлттық əлеуметтік-экономикалық даму мақсатында Каспий теңізі қазақстандық бөлігінің шикізаты мен басқа да ресурстарын тиімді өндіру жəне пайдалану үшін Қазақстанға халықаралық деңгейде танылған құқықтық негіздер мен шынайы мүмкіндіктер беру, жағалаудағы мемлекеттердің ынтымақтастық рухында экологиялық проблемаларды шешу, республикаға теңіз көлігі мен балық аулауды қамтамасыз ету болып табылады. Тапсырмада Каспий теңізі мемлекеттерімен келіссөздер барысында мемлекеттің егемендік теңдігін, Қазақстан Республикасының танылған құқығы мен мүдделерін құрметтеу, Каспий теңізінің статусы мəселелерін қарастырғанда тараптардың ұстамдары мен ерекшеліктерін өзара тəуелділікпен қарау тапсырылған.

Қазақстанның ресми  ұстанымы  салыстырар болсақ, Əзірбайжанның ұстанымымен, жұмсақтау болып келеді. Екі мемлекеттің Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтауда ұстанымдарында ұқсастық көп болғанымен Қазақстанның пікірі бейімділеу. 1996 жылдың қыркүйегінде екі мемлекет Каспий теңізінің статусын анықтау, суы мен түбінде ынтымақтастық құру принціптері туралы Ортақ баяндама жобасын өзара келісіп, президенттердің қол қоюына ұсынылды. Баяндамада екі тарап теңіздің ұлттық секторларындағы минералдық жəне биологиялық ресурстарды пайдалану жұмыстарын жүргізу құқықтарын өзара жəне басқа жағалау мемлекеттерінің құқығын мойындайтынын білдірді. Бүгін Астана мен Баку өздерінің көмірсутегі ресурстарын іздеу жəне өндіруді еркін жүргізіп жатыр. Екі мемлекет те Каспий теңізінің шельфіндегі мұнай жəне газ қорын өндіру халықаралық келісім-шарттар жасау бойынша нақты шаралар қабылдауды жалғасытырып келеді.

Құқық  əдебиеттерінде  «тұйық  теңіз» жəне «жабық теңіз» ұғымдары тең-ауыспалы əрі бір санатта жиі қолданылады. «Жабық теңіз» ұғымы жағалау мемлекеттерінің қауіпсіздігі үшін тыс мемлекеттердің əскери-теңіз кемелерінің кіруіне шектеу немесе толық жабылуынан шығып отыр. Халықаралық  құқықта  теңіз  құқығы  сияқты «көл құқығы» деген біртұтас жүйе қалыптаспаған. Халықаралық құқықта «шекаралық көл» деген дербес институт болмауы оның теориялық-доктриналық əлсіздігін ғана емес, əрбір көлдің ерекшеліктерін ескере отырып қабылданатын нормативтік принціптер жүйесін анықтауды қиынға соғатынын білдіреді. Ал ол іс жүзінде, балық аулау, кеме қатынасы жəне басқа да су бассейні аймағына қатысты мемлекеттің іс əрекетін реттейтін сəйкестендірілген ережелерді келістіру  мүмкіндігін  екіталай  қылады.Теңізді «шекаралық көл» деп мойындаған жағдайда Каспий теңізіне қатысты басқа да қиындықтар туындауы мүмкін, себебі Ресей мен Иран сияқты анағұрлым қуатты мемлекеттер, ортақ ережелер мен келісімдердің жоқ болуына байланысты, қандай да бір іс əрекет түрлерін анықтау мен нормативті бекітуде өз мүдделеріне сəйкес келетін позициялар мен нормаларды қолдайтын болады.

Барлық бес Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарларынан тұратын Арнайы жұмыс тобы Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтаудағы көпжақты келіссөз механизмі болып табылады. Бұл жұмыс тобы Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің шешіміне сəйкес 1996 жылы Ашхабадта құрылды. Жұмыс тобының басты мақсаты – осы мемлекеттердің Каспийдегі негізгі іс əрекеттерін реттейтін бесжақты келісімді талқылаужəнеқұрастыру.Осысебептіжұмыстобы кеме қатынасы, балық шаруашылығы, Каспийдің табиғи ортасын қорғау жəне ең күрделісі Каспий теңіз түбі мен су қабатын ұлттық секторларға бөлу сияқты көптеген сұрақтарды қарастырады. Осылайша Каспий маңы  мемлекеттері  арасында Каспий теңізінің статусына тиісті позициясы мен келешегіне қатысты келіспеушіліктер орын алуда. Бұл құқықтық проблеманы шешудегі мемлекеттердің негізгі үш  позициясын  атап өтуге болады: Каспийге шекаралық көл статусын беру; 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша Конвенцияның мазмұнына сəйкес Каспий «тұйық теңіз» ретінде; теңіз жəне оның қорына ортақ иелік ету (кондоминиум режимі). Көпжақты келіссөз механизмі болып табылатын арнайы  жұмыс тобы  өз  қызметіндегі  объективті  қиындықтар мен жағалаудағы мемлекеттер позициясының қарамақайшылығына қарамастан өз жұмысын жалғастыруда. Кеме қатынасы мен балық шаруашылығының құқықтық режимі сияқты бірталай сұрақтар бүгінгі күні келісілгенімен, Каспий теңізінің қоры, теңіз түбі, су қабаты мен əуе кеңістігіне қатысты Каспий маңы мемлекеттерінің ұлттық юрисдикциясын анықтаудың басқа да маңызды аспектілері күн тəртібінде талқылануда. Кеңестік жəне Иран арасындағы келісім тəжірибесінің анализі көрсеткендей, Каспий теңізін пайдалану режимінің негіздері қаланғанымен, оның  халықаралық-құқықтық  статусы соңына дейін рəсімделмеген болатын. Осыған орай, Кеңестік жəне Иран арасындағы келісім тəжірибесімен шектеле отырып, жаңа келісімдерге қол қоюдың қажеттілігін жоққа шығаратындардың мəлімдемесі күдік тудырады. Иран зерттеушілерінің пікірінше де, Каспийдің теңіз ретінде анықталуы географиялық  тұрғыдан да орынды болып табылады. Себебі, оның алып жатқан аумағы əлемдегі көлемі бойынша екінші орынға ие ұқсас бассейн Верхнее көлінің аумағынан 5 есе асады жəне Парсы мен Оман шығанақтарының қоса алып жатқан аймағын алып жатады. 1981 жылы шыққан энциклопедиялық сөздіктегі «теңіз» ұғымы – «ол құрлықпен немесе суасты бедері үстірттерімен оқшауланған жəне мұхиттың ашық бөлігінен гидрологиялық жəне метеорологиялық режиммен ерекшеленетін Əлемдік мұхиттың бөлігі» деп беріледі. Бұл анықтама өз кезегінде Каспийдің геологиялық сипаттамаларына толық сəйкес келеді.

Объективті жағдайлар бойынша КСРО-ның əрекет етуінің тоқтауы мен жаңа Каспий маңы тəуелсіз мемлекеттердің құрылуын есепке алмауы бірбөлек, сонымен қоса Кеңестік жəне Иран арасындағы келісімдерді жандандыру жəне оларды жағалық мемлекеттердің пікірі мен мүдделерін ескерусіз автоматты түрде қолдану аталмыш аймақтағы келешектегі ұзақ мерзімді тұрақтылықтың орнауына əкелмейтініне орай, 1921 жəне 1940 жылдардағы шарттардың бүгінгі күнгі саяси, экономикалық жəне құқықтық мəселелерге сай келмейтіні Ресей ғылымының өкілдеріне де айқын болуда.

Каспий теңізінің статусы туралы Конвенцияны анықтау, келісу жəне одан да кейін жеке екі жақты немесе көпжақты келісімдер негізінде өзінің географиялық орналасуына байланысты қолайсыз жағдайдағы жағалық мемлекеттердің, əділдіктің ex aequo et bono қағидасына сəйкес,Қара жəне Балтық теңіздеріне шығу құқығына ие болуы қажет. Себебі бүгінгі күні əрекет етуші каналды-өзендік жүйелер Каспий теңізінің Балтық теңізімен (Волга өзені – Марьин каналы жүйесі) жəне Қара теңізбен (Волга өзені – ВолгоДон каналы – Азов теңізі жүйесі) кеме қатынасы жолдарын жалғастыруға мүмкіндік тудырады.

Осыған дейін Қазақстан негізгі келісімнің, яғни көпжақты Каспийдің құқықтық статусы туралы Конвенцияның заңды күшіне енуінен кейін салалық келісімдерді құрудың жақтасы болып келсе, қазір экологиялық жүйенің біршама нашарлауы жəне келіссөздер процесінің созылуы жағдайында қазақстандық тарап жедел шешімді талап ететін жекелей сұрақтар бойынша арнайы келісімдер құруды қолдауы Қазақстан ұстанымының икемділігін байқатады.

Қазақстан өкілдерінің пікірінше, теңіздегі тіршілік əрекетінің аса маңызды аспектілерін реттеу, ең алдымен қоршаған ортаның экологиялық балансын сақтау мақсатындағы Каспийдің құқықтық статусы туралы бесжақты келісімге қол қойғанға дейін, түрлі ұстанымдардың келісілуі кезең-кезеңімен орындалуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік тəуелсіздігін орнатқан Каспий маңы мемлекеттерінің де көз қарастары ескерілуін талап ететін жаңа геосаяси жағдайды ескере отырып, Кеңестік жəне Иран арасындағы 1921 жəне 1940 жылдардағы келісімдердің кейбір баптарының қолданылуы мүмкін болып табылады.

Айтылғанды түйіндей отырып, əр жағалық мемлекет теңіз бен оның ресурстарына егемен құқықтарға ие деген қорытындыға келуге болады. Мемлекеттің құрлықтық территориясы қандай да бір мемлекеттің  іргелес орналасқан су кеңістіктеріне құқық көлемін анықтаудағы негіз   жəне   басты   фактор   болып   табылатынын білдіретін халықаралық теңіз құқығының кең тараған land dominates the sea қағидасы Каспий  теңізімен  шекаралас   мемлекеттермен қолданылуы мүмкін жəне толық көлемде қолданылуы тиіс.

Қорытындылап айтқанда, халықаралық теңіз құқығын теңіз кеңістігі мен мемлекет аралық қатынастың реттеуімен байланысты зерттеу жəне қолдану жұмыстарын жүргізетін құқық мəртебесін анықтайтын нормалар жинағы деп анықтауға болады. Біздің ойымызша, теңіз кеңістігінің халықаралық құқықтың алты негізгі бөлігін ажыратуға болады: ішкі теңіз сулары, аумақтық теңіздер, ерекше экономикалық аймақ, ашық теңіз, құрылықтық шельф жəне оның шектеріндегі теңіз түбі. Кеме жолаушыларының құқықтық көлемі мен міндеттері ішкі теңіз суларында, аумақтық теңіздерде, ерекше эконоикалық аймақтар мен ашық теңіздерде жəне бос жатқан жерлер мен балық аулайтын аймақтарда, халықаралық бұғаз сулары мен каналдарда айырмашылығы бар.

 

Əдебиеттер

  1. Действующее международное право. Том второй /Сост. Колосов Ю.М. и Кривчикова Э.С.– Москва: Издательство Московского независимого института международного права, 1997. – 832 с.
  2. Игнатенко Г.В., Тиунов О.И. Международное право. – Москва: Издательство НОРМА, 2002. – 436 c.
  3. Ian Brownlie. Principles of Public International – Oxford, Oxford University Press, 2003.– P. 743.Каламкарян Р.А., Мигачев Ю.И. Международное право. – М.: Эксмо, 2006. -736 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.