Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы жəне ақш заңнамалары бойынша қоршаған ортаны өндіріс жəне тұтыну қалдықтарымен ластаудан құқықтық қорғау саласындағы заңды жауапкершілік мəселелері

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріп отыр жəне бұл маңызды жəне міндетті элементі, ұтымды табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздікті басқару тетігінің стратегиясын жасау болып табылатын тиімді əлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттігін негіздейді [1].

Қазіргі заманауи тұрақты дамуға өту кезеңінде қоршаған ортаны қорғау мəселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Бүгінгі күнде өз шешімін таппай отырған мəселелердің бірі болып, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының мəселесі танылады: еліміздің əртүрлі аймақтарында оларды орналастыру мен көму орындарының саны мен көлемі көбейіп отыр: қалдықтарды орналастыру елді мекен жерлеріне жақын жерлерде жүзеге асырылады, олардың химиялық жəне физикалық құрамы үнемі күрделеніп отырады, қалдықтарды орналастыру үшін жерлер жетіспейді жəне оларды жою мен зарарсыздандыру үшін төлемақылардың мөлшері де көбеюде.

Біздің республикамызда өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын сақтау, өңдеу жəне жою мониторингін қамтитын қалдықтарды басқарудың тиімді мемлекеттік жүйесі жоқ. Қалдықтарды кешенді түрде қайта өңдеудің маңыздылығы, елімізде жиырма екі млрд тоннадан астам өндіріс пен тұтыну қалдықтарының, оның ішінде он алты млрд-тан астамы техногендік минералдық түзілімдердің үлесі болса, алты млр-ды қауіпті қалдықтар жəне 96 миллион тонна қатты қалдық болып табылатынына негізделіп отыр. Жыл сайын 700 млн тонна қалдықтар түзіледі, оның ішінде 250 млн тоннасы зиянды қалдықтар болып табылады, 96 млн текше метр қатты қалдықтың бес пайызы ғана жойылуға жатады.

Бұл жағдайлардың барлығы өндірісте ескірген технологияларды, өнеркəсіпте сапасыз шикізат пен отынды пайдалануымен, сонымен қатар, шаруашылық етуші субъектілердің өндіріс қалдықтарын өнеркəсіптік қайта өңдеуге жəне жоюға қомақты қаржы бөлмейтіндігімен түсіндіріледі.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде өндіріс жəне тұтыну қалдықтарына меншік құқығын, қалдықтарды жіктеуді қарастыратын, сонымен бірге, қалдықтарды көмуге қойылатын талаптарды қоса алғанда, қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды қарастыратын төрт тарау бар. Экологиялық кодекстегі осындай көп нормалар шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) болып табылатын қалдықтардың құқықтық мəртебесін анықтайды.

ҚР Экологиялық Кодексінде өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының анықтамасы айқындалмаған. Өндіріс қалдықтары – бұл өнім өндіру немесе қызмет көрсету барысында қалыптасқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, химиялық қосылыстар қалдықтары жəне өзінің тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтар. Тұтыну қалдықтары – физикалық немесе моральдық пайдалану нəтижесінде өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан бұйымдар жəне материалдар.

Қолданыстағы Экологиялық кодекстің үшінші тарауын саралау нəтижесінде көретініміз, біздің елімізде қалдықтарды басқару бойынша арнайы құзіретті органның жоқтығын байқаймыз. Жекелеген өкілеттіктер Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, ал басқалары жергілікті атқарушы органдарға берілген. АҚШ-та мұндай өкілеттікті қоршаған ортаны қорғау жəне қатты қалдықтар бағдарламасын басқару Агенттігі жүзеге асырады. Агенттік табиғат қорғау қызметінде тиімді мемлекеттік іс- шараларды жүзеге асыру мақсатында 1970 жылы құрылған. Агенттік бағдарламалары құрамында – ауа тазалығын бақылау бағдарламасы, қалдықтарды, су, қауіпті материалдарды, сондай-ақ улы заттарды пайдалану бағдарламалары орын алған. Агенттіктің қалдықтарды басқару қызметі келесі заңнамаларға негізделеді:

Қоршаған ортаны ластауға тыйым салатын Өндіріс қалдықтары туралы 1899 жылғы бірінші федералды Заңы, бірақ ол заңды күшіне тек 1970 жылы енді; 1965 жылғы қатты қалдықтарды жою туралы Заңы. Аталған заңмен қатты қалдықтарды жою тəсілдері, соның ішінде қоқыстарды, қағазды, металл сынықтарын жою тəсілдерін əзірлеу бағдарламасы енгізілді; 1970 жылғы ресурстарды қайта қалыпқа келтіру туралы Заң қатты қалдықтарды жоюды жетілдіру бағдарламасын енгізді. Мұнда қатты қалдықтарды жою бағдарламасын жүзеге асыру өкілеттігі Денсаулық сақтау Министрлігінен Агенттік құрамына өтті.

Күнделікті орта статистикалық американдық 2 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Соңғы жиырма жылда əр отбасына есептелген «Тұтынуды азайту. Қайта пайдалану. Қайта өңдеу» (RRR - Reduce, Reuse, and Recycle) атты жалпы ұлттық бағдарламасы жүзеге асып келеді. Американдықтарды қайта өңдеуге шыны, пластик, қағазды өткізуге ықпал етеді, суды, электр энергиясын, жылуды, т.б. үнемді жұмсауға үйретеді. Федералды билік органдары мұндай бағдарламаларға жыл сайын 35 млн АҚШ долларын жұмсайды. Қалдықтарды жинау мен өңдеуді қалыптастыру индустриясы АҚШ та 1,1 млн жұмыс орнын құруға септігін тигізді.

Елімізде «Жасыл Даму» мемлекеттік бағдарламасы шегінде өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару бойынша Ұлттық орталықты құру жоспарланып отыр. Оның негізгі мақсаты болып – табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы кəсіпкерліктің іргесін дамыту экологиялық новацияларды енгізу, технологиялық кешен өндірісін салу танылады. Бұл орталық Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып, қалдықтарды өңдеу саласындағы əртүрлі жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады. Ұлттық қорға жиналған экологиялық төлемдер мен айыппұлдар «Жасыл даму» орталығына бағытталып, жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады [2].

Нақты саладағы қабылданатын нормативтік ережелер мəжбүрлі түрде орындалу тетігін қарастыру керек. Бұл тетіктер кез келген салада қолдануға болатын, əмбебеп, яғни, қылмыстық, азаматтық, əкімшілік болуы мүмкін. Бұдан басқа, заңды жауапкершілік экологиялық құқықтық тəртіпті бұзған тұлғалардың жүріс тұрысына əсер ететін арнайы шара болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар экологиялық құқық бұзушылықтар ретінде танылып, келесі белгілерге ие болады:

  1. Экологиялық құқық бұзушылықтардың объектісі болып, қоршаған ортаны қорғау жəне ұтымды табиғат пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар танылады;
  2. Экологиялық құқық бұзушылықтардың объективтік жағы болып, кез келген құқық бұзушылық сияқты белсенді түрде жасалған құқыққа қайшы əрекет немесе əрекетсіздік;
  3. Құқық бұзушылық құрамының келесі белгісі болып, екі нысанда көрініс табатын кінə танылады. Кінə қасақана жəне абайсыздық нысанда болады;
  4. Экологиялық құқық бұзушылықтардың субъектісі болып, есі дұрыс, белгілі жасқа толған жеке тұлғалар жəне мемлекеттік немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар танылады [3, с.278].

Қалдықтар туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің негізі болып, осы саладағы құқық бұзушылық танылады. Осы саладағы құқық қатынастардың күрделілігі мен объектінің ерекшелігіне байланысты заңды жауапкершілік те өзінің ерекшеліктеріне ие. Шаруашылық етуші субъектіні жауапкершілікке тарта отырып, құзіретті мемлекеттік орган кəсіпорынның қаржылық мүддесін қозғайды. Салынған айыппұлдар кəсіпорындар үшін қаржылық қиындықтарды туындатады. Əрине кəсіпорындарда жұмыс істейтін халық үшін пайдасыз, бірақ олар, адамдардың өмірі үшін қауіп төндіретін қалдықтардың шоғырлануына да қарап қала алмайды. Қалалық қоқыстар құстардың, əртүрлі кеміргіштердің, жабайы жəне тағы үй жануарларының мекеніне айналып отыр. Олардың барлығы əртүрлі аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.

«Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінде қалдықтармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін бірқатар баптар енгізілген. Осыған сəйкес, Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлік бақылауындағы өнеркəсіп салалары мен объектілердегі өзге де радиоактивті, химиялық жəне экологиялық қауіпті заттар мен қалдықтарды өндіру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кəдеге асыру, тасымалдау ережелерін бұзу туралы істерді қарайды. ҚР ƏҚбК 220-бабына сəйкес жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге, шағын немесе орта кəсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны өндіріс жəне тұтыну қалдықтарымен ластаумен байланысты мəселелерді шешеді. ҚР ƏҚбК 249-бабына сəйкес, өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерін бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жəне өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау жағдайында аталған орган əкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға құқылы. Өндіріс жəне тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сарқынды суларды ағызып жіберу ережелерін бұзғаны үшін кінəлі тұлғалар қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстар Министрлігімен ҚР ƏҚбК-нің 261-бабына сəйкес жауапкершілікке тартылады. Ал 270-бапқа сəйкес, кінəлі тұлғалар қалдықтарды есепке алу, кəдеге асыру жəне залалсыздандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Тірі организмдерді, флора жəне теңіз асты фаунаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске 304-бап «Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерін, сондай-ақ уақытша  тоқтата тұру жəне бөлшектеу ережелерін бұзу» енгізілді. Оған сəйкес Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында кемелерді жəне өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерін, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлінуіне, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруге, жанды ресурстарға, теңіз флорасы мен фаунасына залал келтіруге немесе қызметтің басқа да заңды түрлеріне кедергі туғызуға əкеп соғуы мүмкін уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерін бұзу, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге – жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

ҚР ƏҚбК-не қалдықтарды сақтау мен көму, өндіріс жəне тұтыну қалдықтары полигондарының орналасуы туралы ережелерді сақтамау барысында санитарлы-гигиеналық, архитектуралық- құрылыстық, экологиялық нормативтерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы норманы енгізуді ұсынамыз. Қалдықтар полигонында қалдықтарды көму тəртібі енгізілуі керек – қандай қалдықтарды көмуге болатынын не болмайтынын, қалдықтарды өңдеуде қандай əдісті қолдану – термикалық, химиялық, биологиялық жəне т.б. Жəне де бұл талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын қолдану керек [4].

Экономикалық дамыған мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау заңнамаларында жауапкершіліктің əкімшілік, қылмыстық жəне азаматтық-құқықтық түрлері көрсетілген. Əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік нақты норманы бұзғанда пайда болады. АҚШ-та айыппұл түрінде қолданылатын  əкімшілік  жауапкершілік  азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің  бір  түрі ретінде қаралады, себебі айыппұл сот тəртібімен алынады. АҚШ заңнамасы бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік заңнаманы бұзғаны үшін бір күнге 25 мың доллар көлемінде белгіленген.

АҚШ-та экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік табиғат қорғау заңнамаларымен, қылмыстық кодекспен реттеледі. Осыған сəйкес, АҚШ заңнамасы бойынша судың, ауа сапасы, қалдықтар туралы нақты заң нормаларын қасақана бұзғаны үшін бір күнге 25 мың доллар көлемінде қылмыстық айыппұл салынады немесе 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, немесе екеуі де орындалуы мүмкін. Қайталап құқық бұзушылық орын алған жағдайда – бір күнге 50 мың доллар көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. АҚШ-та экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік заң талаптарын қасақана бұзғаны үшін көзделеді.

Қалдықтарға қатысты əрекет етуші ҚР заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапкершілік Қылмыстық Кодекстің тек екі бабымен ғана реттеледі. «Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережесін бұзу» туралы 249-бапта радиоактивті материалдары сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін жəне олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу, егер бұл əрекеттердің кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға əкелуі мүмкін болған жағдайында жауапкершілік көзделген. «Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жəне биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы» туралы 278 бапта ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жəне биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл əрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе, екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалану жауапкершілігі көзделген [5].

Экономикалық дамыған мемлекеттер заңнамаларында қатаң немесе абсолютті жауапкершілік институты анықталған, яғни жоғары қауіп көзі бар меншік иесінің жауапкершілігі. Англо- американдық құқық бойынша, егер зиян меншікке келтірілсе, бұл институт қолдануға жатады. АҚШ заңнамасы бойынша бұған қатысты қауіпті қызмет критерийі танылады. Заңнамада ережелерді бұзу бойынша қатаң (кінəсіз) жауапкершілік көзделетін қауіпті қызмет түрлерінің тізімі көрсетілген [6].

Қоршаған ортаны қорғау туралы АҚШ заңнамасына сəйкес азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғаудың негізгі жəне көп кездесетін нысаны болып табиғат қорғау заңнамасы талаптарын   орындамау   туралы   əркімнің   талап-арыз   беру құқығы танылады. Американдық азаматтардың талап-арыздары» институтының ерекшелігі – оның аясында талапкердің өзіне немесе өзгеге келтірілген зиянды өтеуді талап ете алмауында. «Азаматтар талап-арыздары» институты қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизміне қоғамның қоршаған орта жағдайын бақылау формасы ретінде жəне жаhандық мағынада азаматтардың қауіпсіз қоршаған ортаға құқығын қамтамасыз ету ретінде енген. Бұл институттың тиімділігін арттыру мақсатында американдық заң шығарушы бұл бағытта азаматтарды іске тартуды материалдық ынталандыру жағынан анықтаған. Соттың шешімімен мемлекет қазынасынан олардың еңбектері үшін ақы төленуі мүмкін [7].

Азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғау жөніндегі американдық тəжірибені саралай отырып жəне Қазақстанда сəйкесті механизмдерді жетілдіруде азаматтар мен қоғамдық құрылыстардың Үкімет, мемлекеттік табиғат қорғау органдары қызметіне ықпал ету жəне экологиялық заңнаманың дамуына байланысты мəселелерді шешуге əсер ету құқығын беруіне назар аудару керек.

 

Әдебиеттер

  1. Конституция Республики Казахстан // Ведомости Парламента Республики Казахстан. – 2007. – № 4. – Ст.
  2. Программа «Здоровая окружающая среда города Астаны на 2005-2007 годы». Утверждена решением маслихата города Астаны от 24 декабря 2004 года № 109/15-III//http://eco.gov.kz/strategiya/region.php.
  3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, 2003. – 328 с.
  4. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі. - Алматы: Юрист,
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы, 2010.
  6. Закон охраняет природу // Америка. - 1992. - № 422. - С.
  7. Захарченко Т.Р. Указ. соч. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.