Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында жекелеген табиғи ресурстарға пайдалану құқығының кейбір мəселелері

Жер жəне басқа да табиғи ресурстар бір адамның иелігінен басқа адамның иелігіне азаматтық құқықпен рұқсат берілген жолдар арқылы сатып алу-сату жəне де басқа да жолдар арқылы өте алады. Бұған сəйкес, табиғи ортаның компоненттері жалпы ереже бойынша шектеулі айналым қабілеттілігіне ие объектілер қатарына жатады, яғни азаматтық айналымдағы белгілі бір қатысушылардың немесе заңнамалық актілерде белгіленген тəртіпке лайық арнайы рұқсат негізінде жол берілген тараптардың иелігінде бола алады [1, 54-56 беттер].

Табиғи объектілер меншік объектілері ретінде адамдардың түрлі игіліктерін қанағаттандырады: экономикалық, экологиялық, денсаулық сақтау, рекреациялық, эстетикалық, мəдени, тəрбиелік жəне т.б. [2, 68-69 беттер].

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тəуелсіз мемлекет ретінде танылып отырғаннан кейін еліміздің экономикалық қатынастарының дамуы аса ерекше мəнге ие болып, жер қойнауын пайдалану саласын реттеуге бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Республикамыз өзінің аумағында орналасқан пайдалы қазбаларының көп түрлілігі бойынша дүниежүзіндегі алғашқы орындарға ие болып отыр, яғни алтынның баланстық қоры бойынша еліміз əлемдегі 6-ші орынға ие, дүниедегі мұнай қоры бойынша 9-ші орынға ие. Əсерін тигізіп жатқан əлемдік дағдарысқа қарамастан мұнай саласындағы өндіріс көрсеткіштерін жоғарылатып жəне де оларды экспортқа шығаруға байланысты мүмкіншіліктердің артуы көзделініп отыр. Осыған байланысты 2011 жылдың қорытындысы бойынша 80,06 млн, тонна көлемдегі мұнай өндірілді, ал газ – 39,5 млрд [3].

Барланған кен орындарының баланстық қоры кем дегенде 2,6 млрд, тоннаны құрайды. Егер де 1993 жылы республикамыз 23 млн, тонна мұнай өндірсе, 2000 жылдың қарсаңында 45 млн тонна мұнай өндірді. 2010 жылы өндірілген 70 млн тонна мұнайдан шыға келе 2015 жылға таман еліміз 100- ге тарта млн тонна мұнай өндіруге бет бұруда [4]. Бірақ та аталған мақсатқа жетудің өзі қиынға түсіп отыр, өйткені əлем бойынша мұнай жəне көмірсутек шикізаттарына деген бағалар төмендетіліп жатыр. Осыған қарамастан жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету ойының басты негізі мен мүмкіншілігі жеткілікті дəрежеде болғандығына байланысты алға ұмтылатындығымызда күмəн жоқ. Мысалы: 2010 жылдың соңғы айларында өндіріс дəрежесі төменге түскен жоқ, керісінше кейбір жоғарылатулар байқалды. Ресей Федерациясымен орындалған келісім–шарттың нəтижесі бойынша қосымша 1,5 млн тонна мұнай тартылуы ықтимал. Осыған байланысты өзге де қуантатын мəліметтер орын алуда, əсіресе «КазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ–ның қаржылық жылы 234,5 млрд теңге құрайтын табысқа ие болды [5]. Аталған фактор шет елдік инвесторлардың қаржылық жəне саяси тұрғыдағы еліміздің экономикалық жағдайына деген сенімін арттырып одан əрі дамытуда.

Кез келген саланың тұрақты дамуының кепілі ретінде шаруашылық қызметінің субъектілері үшін өз жұмысын жоғары деңгейде тез арада жəне де маңыздылығы кем емес болып табылатын, яғни тəжірибе бойынша туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен мəселелерді əділ əрі заңи түрде шешуін қамтамасыз ететін мықты ойластырылған заңнамалардың қабылдануы болып табылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында аталған заңнама іске асырылып отыр. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бастап, кез келген сала бойынша қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа нормативтік–құқықтық негіз, əсіресе жер қойнауын пайдалану үшін аталған жүйе орын ала бастады.

Қазақстан Республикасының Президенті 1996 жылы шығарған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы» қаулылары өз кезегінде жер қойнауының өндірілуі, тасымалдануы, барлануы жəне өндірілуімен байланысты құқықтық қатынастардың елеулі кешенінің дамуы үшін аса ерекше мəнге ие түрткі берген болатын. Аталған қатынастардың іске асырылу барысында азаматтық, салық, əкімшілік, кеден, экологиялық құқық институттарының дамуы қатар жүзеге асырылды. Бұның нəтижесінде заңнамалардың сабақтас салалары құқықтық нормалардың қатарына өзара енуі үшін жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін өзара тəуелді жəне біртұтас құқықтық жүйе құрылды. Саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне құқықтық алғышарттарды есепке ала отырып «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заң қабылданды. Кең жұрттың алдында аталған Заң ІІІ Еуразиялық энергетикалық форумында ұсынылған. Аталған заңның тиімділігінің белгісі – сөз жоқ, мемлекет пен оның азаматтарының мүдделерінің экономикалық нəтижелілігінде   көрініс   табуында.   Осыған   қатар,   қолданыстағы Заң нормативтікакт болып  аналғаннан кейін заңи əдістемелік ережелеріне сəйкес болуы тиіс. Бірақ бұл жерде кейбір мəселелер бар. Қолданыстағы «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының алдында қолданылған Заң бойынша жер қойнауы саласындағы мақсаттары, қағидалары жəне де жер қойнауы туралы заңнамалардың негізгі міндеттері сақталынды. Жаңа Заң бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуге байланысты жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері, талаптары жəне мазмұны бойынша нормалар енгізіліп, жер қойнауын қорғау жəне жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік бақылаумен қоса қоршаған орта мен жер қойнауын қорғауға қатысты келісім– шарттарды жасасу тəртібіне бағдарланған мемлекеттік  органдардың өкілеттіктерінің жалпы сипаттамасы орын табуда. Жер қойнауына қатысты мемлекеттік сараптама, мемлекеттік мониторинг жүргізу, пайдалы қазбалардың кен орындарының мемлекеттік кадастры, техногенді минералды пайда болулар, зиянды заттар мен радиактивті қалдықтарды жерге көму, ағынды суларды орналастыру жөніндегі нормалар сақталынды. Ал жаңадан қабылданған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» қолданысқа ие болғаннан кейін мұнай саласындағы қатынастарды реттейтін «Мұнай туралы» Заңы заң күшінен айырылды, яғни мұнай саласындағы қатынастар, теңізде орындалатын барлау жəне өндіріс қызметтері, мұнайгаз құбырларын құрастыру жəне іске жөнелту жұмыстары, теңіздегі мұнай операцияларын орындауда пайда болатын қалдықтарды жерге көму жəне басқа да теңіз жəне ішкі суларда жүргізілетін мұнай операцияларының орындалу талаптары жөніндегі нормалар дербес нормативтік–құқықтық акт арқылы емес, енді ортақ заңнамалық акт арқылы реттелінетін болады. Бірақ мұнай саласы еліміздің экономикалық жағдайының қарқынды дамуы үшін аса ерекше маңыздылығына ие орын алып отыр [6].

«Жер қойнауын пайдалану» термині қазіргі кездегі заңтану жəне экономика саласында түрлі мағыналар бойынша түсініледі. Осыған сəйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінде шектелген заттық құқық түрлерінің бірі ретінде белгіленген. Ең алдымен, заттық құқықтар өзінің немесе өзге меншігіне иелік етудің, пайдаланудың немесе тағдырын шешу бойынша əрбір индивидтің субъективтік құқықтары болып табылады. Бұнымен қатар заттық құқықтар жер қойнауын пайдалану саласындағы реттеуші құқықтық нормаларының жиынтығы болып саналады. Жер қойнауын пайдалану – жер қойнауына абсолюттік заттық құқықсыз көрініс таба алмайтын туынды термин жəне туынды құқық деп саналады. Жер қойнауына абсолюттік заттық құқық – жер қойнауына Қазақстан Республикасының аумағында тек мемлекеттің ғана иелігінде болатын меншік құқығы болып табылады.

Табиғи объект, тауарлық-материалдық құндылықтарға қарағанда үш негізгі қасиеттерге ие: пайда болуының табиғилығы, табиғаттың экологиялық жүйесімен арақатынасы жəне де өмір сүрудің қызметін атқару. Бұл – қолданыстағы заңнаманың қорғалуындағы табиғи жүйелердің қатарында орналасқан, экологиялық, экономикалық, мəдени жəне денсаулық сақтау қызметі мен адамзаттың өмір сүру сапалығын қамтамасыз ететін, табиғи түрдегі пайда болу белгілеріне ие табиғи ортаның құрама бөлігі болып табылады [7, 64-66 бб.].

«Жер қойнауын пайдалану құқығы» нормалар кешені ретінде құқық саласы болып табылмайды. Заңнамалық материалдардың аз мөлшерде болғандығына байланысты аталған құқықты салашық ретінде белгілеу қиынға түседі. Алайда өзінің реттеліну пəні ретінде табиғатты қорғау құқығы – қоршаған ортаны қорғау құқығының «салашығына» (тырнақшалар міндетті түрде қойылуы тиіс) мүлдем ұқсас. Бірақ та, егер де кез келген табиғи қорғалатын объект үшін құқықтық реттелінудің екі мақсаты – қорғауды зор иемденуді қолдану жəне қорғау болса, жер қойнауын пайдалану бойынша тек ғана қолдану əрекеті маңызды орынға ие. Жоғарыда айтылған тұжырымдамадан шыға келе жер қойнауын пайдалануға («пайдалану» терминінің мағынасы цивилистік пішінге ие) байланысты құқықтық нормалар кешенін экологиялық құқыққа емес, азаматтық құқыққа жақындатуға мүмкіншілік береді. Жер қойнауына қатысты нормаларға ие заңнамалар, əдеттегідей, азаматтық құқықпен қоса табиғатты қорғау құқығының қайнар көзі ретінде танылады. Осындай негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтар «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тəртібін бекіту туралы» № 108 Қаулысы табиғат объектісі, қоршаған орта бөлігі (ҚР «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 5-бабының мағынасына сəйкес) ретіндегі жер қойнауын арнайы, ерекше қорғау мен қадағалау қатынастарына иелілігі бойынша экологиялық құқықтың қайнар көзі ретінде қарастыруға болады. Аталған Қаулы заттық–құқықтық жəне меншіктік саладағы қатынастарын инвестициялық мəселелер мен өзге де сұрақтармен детализацияланған қатынастарын байланыстырып азаматтық құқықтың қайнар көзі болып саналады.

Осы жерде азаматтық–құқықтық салада біз «өнімдерді бөлу туралы келісім» (ӨБК) терминін белгілеп қарастыруымыз жөн. Бұл мəселе бойынша жер қойнауын пайдалану қатынастарының ұйымдастырушылық–құқықтық  нысандарының  түрлі  сəйкессіздік  мəселелерінің  зерттелуін талап етеді. Аталған көрініс бойынша бір жақтан өзіміздің заңнамаларымыздың халықаралық құқықтық стандарттармен жақындауы көрініс табады, бірақ басқа жағынан жер қойнауын пайдаланудың қарапайым лицензиялық нысанындағы құқықтық режимнің ӨБК режимімен бірге жақындауы көрініс табады. Көріп отырғанымыздай, аталған шаралар жер қойнауын пайдаланудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бір ұйымдық–құқықтық нысандардың басқа ұйымдық–құқықтық нысандарға енуін болдырмауға жəрдемдеседі. Егер де, кейбір зерттеулерде бекітілуі бойынша, ӨБК–ның көмегімен инвестор ұйымдарды мемлекеттік қадағалаудан жалтару əрекеті қарапайым лицензиялық қатынастарға басымдық беру мəніне ие болуы мүмкін. Шет елдік инвесторлар үшін ыңғайлы жағдай жасау ұсыныстар негізінде отандық жəне шет елдік инвесторлар үшін тең деңгейлі жағдайларды ұйымдастыру туралы мəселе қозғалуда. Теңдік қағидасын бұзушылық отандық жер қойнауын пайдаланушыларды келеңсіз жағдайларға ұшыратуы мүмкін.

Қазіргі кездегі қолданыстағы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамалар тау–кен өнеркəсібінің дұрыс жұмыс істеуін реттеуде əлі күнге дейін жеткіліксіз. Заңнамалық кемшіліктер жария–құқықтық (əкімшілік) саласындағы қатынастарын реттеумен қатар азаматтық–құқықтық қатынастарын реттеуде көрініс табады. Жария–құқықтық актілер арқылы, əдеттегідей, жер қойнауын пайдалануды басқару мен бақылау қызметі, жер қойнауына билік ету, жер қойнауы үшін рұқсат етілген ұсыну тəртібі мен төлемақылар бақыланса, азаматтық–құқықтық актілер арқылы таулы мүліктер мен шығарылған минералды шикізаттарға меншік құқығы жəне тау ұйымдары қатынастарының келісім–шарт нысандары реттелінеді. Бұның нəтижесінде аталған қатынастарды кодификациялаудың қажеттілігі мəселесі аса ерекше орынға ие.

Жер қойнауын пайдалануға қатысты жоғарыда орын тапқан келісім–шарттар бойынша  ең қолайлы келісім–шарттардың ішінде өнімдерді бөлу туралы келісім болып табылады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі өнімді бөлу туралы келісімдер туралы» Заңынан басқа жер қойнауының жекелеген басқа түрлеріне қатысты өнімдерді бөлу туралы келісімдердің тəртібін реттейтін заңнамалар қабылданған жоқ.

Аталған ұсыныстарға қоса, қолданыстағы жəне де болашақтағы ӨБК-нің тиімді əрекет етуі үшін мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша заңнамалық, нормативтік–құқықтық актілер қабылдануы тиіс. Өз кезегінде олар:

  • ӨБК–ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін шығару жəне ұсыну əдістерінің бір қалыптылығына жету қажеттілігі;
  • ӨБК-ін жасасу барысында жол берілген анықталынбаған шығындардың деңгейін анықтау жəне бекіту қажеттілігі;
  • ӨБК экономикалық механизмін бекіту уақыты аралығында инвесторлардың тиімді көрсеткіштерін жасырын түрде төмендету мүмкіншілігіне жол бермеуі;
  • ӨБК–ін жасасу жөніндегі мұнай компанияларының ұсыныстарын дұрыс салыстыру жəне де тендер мен конкурс жеңімпаздарына қатысты шешімдерді сəйкесінше шығаруы;
  • Мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы ортақ келісімі негізінде ӨБК талаптарын қарастыруға ұсыныс берілуі қамтамасыз етілуі тиіс [8].

Демек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1210 қаулысымен бекітілген Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында жер қойнауын пайдалану саласында отын-энергетикалық кешеннің жəне экономиканың өндіруші секторларының тиімділігі мен экономикалық қайтарымын арттыру, олардың жұмыс істеу ашықтығын қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін (ЖП МББЖ) осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оны ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету сапасын жақсарту  есебінен арттыруды талап ететіндігі туралы жазылған болатын.

«Extractive Industries Transparency Initiative» - «ашықтық бастамасы» (EITI) Жобасының талап етілмеушілік қатерінің деңгейі төмен. Жобаны іске асыру жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жер қойнауын пайдалану мəселелері Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының (№ 3 жəне № 5) ұзақ мерзімді басымдықтарына кіретінін ескере отырып, олар қазіргі күні де өзекті болып табылады. Осыған байланысты ЖП МББЖ жүйесінің жобалық қуатының жеткіліксіз орындалу қаупі ең төмен деңгейде болып табылады.

Экономикалық жағдай нашарлаған жəне мұнай, металдар мен басқа да пайдалы қазбалар бағасының түсу жағдайында жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін инвестицияның көлемі түсіп кетуі  мүмкін.  Сондай-ақ  бұған  экономикалық  жағдаймен  қатар  пайдалы  қазбалар кенорындарын игерудің тау-кен-геологиялық, технологиялық жағдайларының төмендеуі сияқты техногендік тəртіп жағдайы да себеп бола алады.

Жоба шеңберінде іске асырылатын ЖП МББЖ ақпараттық жүйесін 100%-дық қамтуға, тиісті нормативтік-құқықтық актілер мен регламенттерді қабылдау арқылы қол жеткізілуі мүмкін. Өндіруші салалар қызметінің ашықтығын, мемлекеттің осы сектордан түсетін кірістері туралы ақпараттың қол жетімділігін арттыру мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды аспектісі болып табылады [9, 53б.].

2002 жылы Йоханнесбург қаласында тұрақты даму бойынша өткен Дүниежүзілік саммитінде Ұлыбританияның премьері – Тони Блэр «ашықтық бастамасын» ұсынды. 2005 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасында ашықтық бастамасының халықаралық өлшемдерін енгізу өтініші болып табылатын (EITI) ашықтық бастамасын іске асыру жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Соның өзінде Қазақстандағы 300-ге жуық жер қойнауын пайдаланушылардың ішіндегі 135-і ғана EITI стандартымен қамтылуда. Бұл көрсеткіш EITI-нің тəртібіне лайық емес. Өйткені қажетті 100%-дық көрсеткіштің орнына 50%-ынан кем көрсеткіш баршамызға мəлім болып отыр. ӨБК-нің пайда болуы мұнай саласындағы жүргізілетін операцияларының ашықтығына алғашқы бастама ретінде көрініс тапты.

Осыған байланысты еліміздің жер қойнауы қызметі саласындағы барлық компаниялар EITI-ге мүше болып кіретін болса, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың сапалы деңгейі жоғарылатылады, жемқорлық пен кедейшілікпен күресудің бастамасы құрылады, жоғары деңгейдегі экономикалық жəне саяси тұрақтылық пайда болады, азаматтардың тараптары жағынан Үкіметке деген сенімділік дəрежесі артады.

 

Әдебиеттер

  1. Экологическое право/под ред. С.А. Балашенко, Т.И. Макаровой, В.Е. Лизгаро. - Минск,
  2. Сапогин А.Н. Экологическое право. - Минск,
  3. Қазақстан Республикасының мұнай жəне газ министрлігінің ресми сайты – http://mgm.gov.kz – Мұнайгаз саласындағы 2011 жылғы жұмыс қорытындысы.
  4. «Тенгизшевройл» - www.tengizchevroil.com –ТШО (Тенгизшевройл) туралы// ТШО тарихы – 2012 жыл
  5. http://www.kmg.kz/press/company_news/press_release/5281 - Ұлттық компанияның жылдық табысы.
  6. Д. Байдельдинов в современных условиях законодательство в сфере недропользования для эффективности регулирования отношений по разведке и добыче недр Казахстана должно выйти на новый уровень развития// Казахстанская правда// 2005-2010 Учёт.kz
  7. Экологическое право/под ред. С.А. Балашенко, Макаровой Т.И., Лизгаро В.Е. - Минск,
  8. 2005 - 2012 © ИД Казахстаника. www.investkz.com – А. Аккайсиева Соглашения о разделе продукции в Казахстане: проблемы и пути совершенствования”.
  9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1210 қаулысымен бекітілген Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. (mgm.gov.kz/doc/str_plan2009- doc)

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.