Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық–құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті құқықтық реттеу туралы айтқанда, алдымен Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сəйкес,  яғни  4-ші  баптың  3-ші  тармағына  сəйкес «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады» [1].

Осыған байланысты, өзінің ғарыштағы қызметін жүзеге асыру кезінде, өзі қатысушысы болып табылатын ғарыш саласындағы халықаралық келісімдердің ережелерін басшылыққа алады.

Сонымен қатар, халықаралық құқыққа басымдық бере отырып, ғарыш кеңістігін зерттеуші мемлекеттердің ғарыштық қызметін реттейтін, ұлттық құқықтық нормаларының рөлі мен мəнін жетік бағаламауға болмайды.

Осы жағдайға байланысты француз заңгері Ж. Дютей де ля Рошер өзінің «Ғарыш құқығының қағидалары» деген мақаласында былай деп жазған, яғни, ұлттық заңнама өзінің оң рөлін көрсетеді, егер де ол халықаралық нормалардан туынды болып қарастырылса жəне олардың пайдаланылуының толық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған болса. Дегенмен, бірыңғай ғарыш құқығын бұзып алудың белгілі бір қаупі бар, егер де ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге тырысу, бастапқы халықаралық шарттарда бекітілген негізгі қағидаларды салғырт қарауға əкеліп соғатын болса.

Біздің ойымызша, аталған автордың пікірімен келісу дұрыс сияқты. Жоғарыда айтылғанға сəйкес, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, ұлттық құқықтық нормалардың пайда болуын, қалыптасуын жəне даму процестерін зерттеу белгілі бір ғылыми қызығушылық тудырады.

Қазақстан Республикасында ғарышты зерттеуге бағытталған ғарыштық қызметті құқықтық реттеу, толықтай алғанда ұлттық ғарыштық қызметті жүзеге асырудың тəртібі мен ережелерін бекітетін отандық құқықтық нормалардың жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі болып танылады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, Кеңес одағы кезеңінде ғарыштық қызметті құқықтық реттеу тек заңға тəуелді актілер деңгейінде, негізінде жүзеге асырылады: қаулы, шешім, бұйрық жəне басқалары сияқты. Кеңестік космонавтика кезеңінде ғарыштық қызмет туралы қандай да бір заң актілері қабылданбайды.

Біздің елде ғарыштық қызметті заңнамалық құқықтық реттеу тек Кеңес Одағы құлағаннан кейін ғана басталады.

Ғарыш саласындағы заңның туындауы ғарыштық қызметтің құқықтық жүйесінің заңнамалық негізін жасауға көмектесер еді.

Космонавтиканың ғылыми-техникалық дамуы үшін іс шаралар жүргізу қажет, зымыран - ғарыштық саланың құрылымдық қайта құрылуы мен басқару механизмін жетілдіру жөніндегі, заңдардың дайындалуы мен қабылдануына байланысты көп көңіл бөлу қажет, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін заңның дайындалып, қабылдануын қамтамасыз ету. Ғарыштық қызметтің негізгі мəселелерін нормативтік құқықық дамыту бойынша идеологияны қабылдау жəне «негізгі» заңды толықтырып дамытатын бірқатар жеке заңдарды дайындап, қабылдау қажет.

Төмендегі негізгі қағидалардың негізінде «Ғарыштық қызмет туралы» заңның жобасын дайындау қажет:

  • ғарыш саласындағы ұлттық мүдделерді, айқын мақсаттарды жəне ғарыш саясатының міндеттерін, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың негізгі қағидаларын бекіту;
  • Қазақстанның ғарыш қызметінің басымдықтарын анықтау, елде жəне əлемде болып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық жағдайды, мемлекеттік билік жəне басқару құрылымдарын ескере отырып;
  • Қазақстанның ғарыштық қуатын, экономиканы, ғылымды жəне халықаралық əріптестікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті бекіту мақсатында кешенді дамыту мен тиімді пайдалану;

Ғарыштық қызмет пен ғарыш құқығының режиміне қатысты мемлекеттермен қабылданатын ұлттық ғарыш құқығының нормалары мен ережелері халықаралық құқықтың, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, егеменді теңдігі, аумақтың біртұтастығы жəне саяси тəуелсіздік, күш қолдануға тыйым салу, күшпен қауіп төндіру жəне тағы да басқалары сияқты қағидаларын жоққа шығармай, керісінше оларды толықтырып, дамытып отырады. Ғарыштық қызметтің қандай да бір ерекшелігі мен оның баламасыздығына сілтеулер бұл қағидаларды бұзуға негіз бола алмайды. Ғарыш  кеңістігін пайдаланудың нақты бір түрінің құқыққа сəйкестігі халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған қағидаларымен анықталуы тиіс. Ғарыштық қызмет барлық мемлекеттер мен халықтардың мүддесі үшін, тыныштық пен қауіпсіздікті сақтап тұру, əріптестікті дамыту мен өзара түсініспеншілік мақсатында болуы тиіс. Сондықтан да бұл бастама 27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды жəне басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 1-ші жəне 3-ші баптарында өз орнын тапты.

Бүгінгі таңда ғарыш саласы адамзат қызметінің айтарлықтай басымдыққа ие жəне ғылыми зерттеуді қажет етеін салаларының бірі. Ғарыштық қызметке қатысу қазіргі таңда мемлекеттің саяси беделін айқындайды, оның экономикалық, ғылыми-техникалық жəне қорғаныс қуаттылығын көрсетеді. 25 қаңтар 2005 жылы №1513 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді [6]. Бағдарламаның негізгі мақсаты, ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану жолымен Қазақстан Республикасының əлеуметтік–экономикалық, ғылыми– техникалық дамуына, ұлттық жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, ғарыштық қызметті дамыту.

Ғарыштық қызметтің қазіргі кездегі даму қарқыны мен факторлары талдау көрсеткендей, əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің өзінің ғарыштық қуатын арттыру үшін көп күш- жігер жұмсап жатқаны белгілі. Қазақстан халықаралық ғарыштық қызмет саласында өзінің орнын табуы тиіс жəне міндетті. Үлкен ауқымды аумақ пен тұрғындардың қоныстануының шашыраңқылығы, табиғи жағдай мен минералды ресурстардың əртүрлілігін ескере отырып, республика өмірі үшін маңызды бағыттардың бірі спутниктік байланыс жүйесін жəне ғарыштық мониторинг жүйесін ары қарай дамыту болып танылады. Стратегиялық тұрғыдан маңызды басымдықтардың бірі ол бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін Ресей Федерациясымен əріптестікті дамыту. Жоғарыда айтылғандардың барлығы, Қазақстанда ғарыштық қызметтің дамуының объективті ғылыми, технологиялық жəне ұйымдастырушылық алғышарттары қалыптасқан. Оның ары қарай мақсатты жəне жүйелі түрде дамуы үшін, біріншіден, Қазақстан Республикасының «Ғарыштық қызмет туралы» Заңын дайындап, оны қабылдау қажет; Екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байтерек» ғарыш кешенін жасау туралы келісімді жүзеге асыру; Үшіншіден, Қазақстан Республикасының ғарыш технологиясын бақылаудың халықаралық Режиміне қосылу үшін, қажетті сыртқы саяси шараларды жүзеге асыру. Төртіншіден, Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуының басымдықтарын анықтау, жүзеге асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігі мен олардың коммерциализациялануына бағытталған, ғарыштық қызметтің дамуын мемлекеттік ынталандырудың тікелей жəне жанама шаралары мен механизмдерін дайындау, мемлекеттік тапсырыстың салықтық, несиелік, кедендік реттеудің жəне басқалардың негізінде. Бесіншіден, ғарыштық қызмет салдарынан қоршаған ортаны  қорғауды басқару саласындағы мемлекеттік басқару механизмінің тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету жəне басқалары.

Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметтің даму бағыттары мен мемлекеттік басымдықтарын анықтау мақсатында, Бағдарламаның жүзеге асырылу барысына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, 31 қазан 2005 жылы №1087 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанынан  кеңес  беру-кеңесу  органы  құрылды -«Ғарыш бойынша Кеңес» [7]. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен басқарылады жəне ғарыштық қызмет саласында жұмыс істейтін мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен жəне ұйымдардан тұруы мүмкін.

Ғарыш бойынша кеңес – кеңес беру-кеңесу органы болып табылады, ол, Қазақстан Республикасының əлеуметтік–экономикалық, ғылыми–техникалық дамуы, ұлттық жəне ақпараттық қауіпсіздікті бекітуде маңызды стратегиялық мəні бар ірі ғарыш жобалары мен бағдарламаларының іске асырылуына бағытталған ұсыныстарды дайындауға жауапты.

17 наурыз 2005 жылы №242 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен акционерлік қоғам «Қазкосмос» Ұлттық компаниясы құрылды [8].

27 наурыз 2007 жылғы №302 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігін бекіту туралы» жарлығына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің жанындағы Аэроғарыштық комитетті жабуды қаулы етті, оның барлық функцияларын, құзіреттілігі мен мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттілігіне берді.

Осылайша, ережеге сəйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғарыш Агенттігі – Қазақстан Республикасының   орталық   атқарушы   органы   болып   табылады, ғарыштық  қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, сонымен қатар заңда көзделген шектерде ғарыштық қызмет саласында салааралық координацияны жүзеге асырады.

12 наурыз 2004 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, қоршаған ортаны қорғау функцияларын, табиғат пайдалануды басқару жəне осы саладағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, арнайы уəкілетті органдардың Тізімі бекітілді жəне олардың қызметін ұйымдастыру Тəртібі. Жалпы алғанда, осы саладағы мемлекеттік реттеу іс жүзінде барлық салаларды қамтиды деп айтуға болады. Бірақ, біз ұмытпауымыз керек, 21 - ші ғасырда тек экономика мен саясат ғана күрделенбей, сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салалары күрделенеді, бұл Үкімет пен уəкілетті органдардан мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіруді талап етеді.

Бүгінгі таңда бақылаудың жеті түрі бар жəне он үш тексеруші құрылымдар бар, бірақ еліміз күтіп  отырған мақсатқа əлі жеткен жоқ. Бұл саладағы сұрақтар өзекті мəселелердің бірі болып қала бермек, олардың нəтижесіне ұлтымыздың болашағы тəуелді. Ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа жəне бірінші кезекте, Отанымыздың заң жүйесінің дұрыс атқарылуына байланысты бірқатар сұрақтар кешенін  шешу қажет.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 7 қазан 1998 жылғы №284 жəне 21 мамыр 2007 жылғы №254-3 ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге. – Алматы: Юрист, 2007. - 44 б.
  2. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда. - 1997. - 11 октября.
  3. Gal, G. Space Law Imprint. - LeydenSijthoff, 1969. -132 р.
  4. Brownlie, I. A Survey of International Customary Rules of Environmental Protection // 13 nat.resourses J. – London, 1973. - P. 179.
  5. Колосов, Ю.М. Борьба СССР за мирное использование космоса 1957-1985. – М., 1985. - Т. 1-2. - 430 с.
  6. 25 қаңтар 2005 жылы №1513 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама // Анықтамалық құқықтық жүйе ЮРИСТ, 22.02.2009 ж.
  7. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан кеңес беру-кеңесу органын құру туралы» 31 қазан 2005 жыл №1087 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы // Анықтамалық құқықтық жүйе ЮРИСТ, 22.02.2009 ж.
  8. «Акционерлік қоғам «Қазкосмос» Ұлттық компаниясын құру туралы» 17 наурыз 2005 жыл №242 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы // Анықтамалық құқықтық жүйе ЮРИСТ, 22.02.2009 ж.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.