Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясындағы сот жүйесі

Еліміздегі күрделі мəселелерінің бірі сот құрылысы, сотта іс жүргізу, егeменді Қазақстан мемлекетіндегі əділ сот ісінің даму принциптерінің ғылыми құқықтық, теориялық-тəжірибелік өзекті мəселелері мен мəн-мағынасын зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында тұңғыш рет сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде танылып, ол басқа мемлекеттік биліктермен бірдей жарияланды. Сол себепті осы мақалада сот билігін, сот əділдігін жақтаушы, əлеуметтік шиеленісті реттейтін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жəне олардың заңды мүдделерін қорғайтын орган есебіне қарай отырып, бұл органның құрылымына жəне судьялардың мəртебесіне тоқталдым.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін өзін демократиялық жəне құқықтық мемлекет құру барысында деп көрсетті. Міне, бұдан кейін алғашқы 1993 жылғы 23 қаңтардағы Конституцияда сот билігінің ең алғашқы негізгі құрылымы Конституциялық соттан, Жоғарғы Соттан, Жоғарғы Төрелік соттан жəне заң бойынша құрылған төменгі соттардан тұратындығы дəлелделді.

Сот-құқықтық реформасының кезеңдері республикадағы 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы сот билігінің қалыптасуына шынайы жол ашты деп айта аламыз. Республикадағы сот билігі Конституциялық сотқа, төрелік сотқа жəне Жоғарғы Сотқа бөлініп заңмен ресми түрде бекітілді. Сол себепті сот билігінің қалыптасуының бірінші кезеңі 1993- 1994 жылдар аралығын қамтиды. Бұл аралық шынайы, тəуелсіз, дербес сот билігін республика қалыптасуының алғашқы іргетасының қалануымен ерекшеленеді.

Сот-құқықтық реформасының екінші кезеңінде Конституциялық Сотты толығымен таратып жəне Төрелік Сотты шаруашылық алқа негізінде Жоғарғы Сотқа кіргізіп, бір жүйеге келтірген сот билігі құрылды, сонымен қатар судьяларды аттестациядан өткізіп, өз лауазымына лайықты екендігін толығымен мемлекетіміз дəлелдеп берді. Ал үшінші кезеңі 2000 жылдан басталды деп айтуға болады. Бұл кезеңді қоғамымыздың сот-құқықтық реформалардың демократиялық жеңісінің алғашқы қадамдары деп айта аламыз.

1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында баянды етілген адам құқықтары мен бостандықтарын, демократиялық қоғам жəне құқықтық мемлекет құруда кеңестік тоталитаризмнің кеселдерінен заң сапасын тазартуды талап етті. Сол себепті осы талаптарға сай міндеттерді шешуде 1994 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің № 1569 қаулысымен    бекітілген

«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын» құжат есебінде қабылдады.

Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – қоғамды демократияландыратын институттарды дамыту, қайта құрулар арқылы «Азаматтық қоғам» құруға жағдай жасау.

Осылай елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, əлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар, құқықтық мемлекет пен əділетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын көрсете білді.

Н. Ə. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дəстүрлі жолдауында «Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы саяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек» - деп айта келе, еліміздегі саяси жүйені демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің тəуелсіздігін нығайту, құқықтық реформаны жүргізу тұрғанына басты назар аударды [1].

Осы айтылған пікірлерді ескере отырып, сот құрылысын, сотта іс жүргізуді, сот төрелігін одан əрі дамыту мен жетілдірудің мəселелерін зерттеуді мемлекеттік биліктің үш тармаққа заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну принциптерін теория жəне тəжірибе жүзінде онан əрі дамыту жағдайында, сол сияқты аталған мемлекеттік билік тармақтарының президенттік басқару институты мен үйлесімді қызмет атқаруының жаңаша даму кезеңінде өзектілік, ғылыми құқықтық жəне əлеуметтік тəжірибелік мəні артқан жағдайда жүзеге асыруға болады деп қорытындылауға болады.

Ел Президенті Н.Ə. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық міндеттерде көзделген, сондай-ақ мемлекеттік механизмнің барлық негізгі элементтерін ұйымдастырушылықта, функциялық бағыттар бойынша жетілдіруге: ұлттық құқық пен сот жүйесін реформалауға бағытталған құқық реформасы мемлекеттік бағдарламасы жобасында баяндалған құқықтық- идеялардың дамуын негіз етті.

Бұл сот жүйесінің де, оны құрайтын механизмдердің де жұмыс істеу принциптері жөнінде болуға тиіс.

Сот билігі сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің, яғни іс жүргізу заңымен белгіленген тəртіп пен қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне конституциялық істерді қарау жөнінде өкілеттіктердің де жиынтығы болып табылатынын [2] ескере отырып, сондай-ақ «сот билігі» тек сотта ғана жүзеге асыратын сот төрелігі арқылы əртүрлі тұрпаттағы сотта іс жүргізу процесінде іске асырылатынын [3] атап өтіп, осы параграфтың шеңберінде сот билігінің негізгі принциптерін айқындап, оларға сипаттама берсек, Қазақстан Республикасында сот билігін тікелей жүзеге асыру мынадай басты принциптерге [4] негізделеді, - дейді Р.Сапарғалиев.

 Сот билігін жүзеге асырудың негізгі принциптері

Заңдылық мемлекет пен құқықтың жалпыға бірдей принципі болып табылады ол жас егеменді Қазақстан үшін сотты ұйымдастыру мен оның қызметіне де қолданылады [5].

Заңдылықты сақтау, судьялардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету, барлық адамдардың сот алдында теңдігі, судьялардың əділеттілігі мен адалдығы, істерді қараудың жариялылығы, тараптардың тең құқылығы.

Академик С. Зимановтың ойынша, тек осы жолмен ғана құрастырылған заң шығарушы билік сол биліктің бір тармағының рөлін атқаратын болады.

С. Зимановтың Конституциялық сотты қоса алғандағы сот билігін ұйымдастырудағы көзқарасын қарастырайық. Оның пікірінше, 1993 жылғы Конституция бойынша əрекет еткен Конституциялық сот «...құқықтық мемлекет құру жолында қауіптілік туғызатын мекемеге айналған» [6, 2б].

Автор аргумент ретінде Конституциялық соттың тəжірибелік қызметінен бірнеше мысалдарды келтіреді, соның бірі – Жоғарғы Кеңестің 13 шақырылымын легетимсіз деп тану. Қазақстанның Конституциялық сотына Республика Парламентін заңсыз құрылған деп жариялауға, оның қызметі барысында қысқартылуы туралы шешім шығаруға құқық берілмеген [7, 2б].

Баяндалған контекстен біз С. Зимановтың Конституциялық сот қызметіне кері көзқарасын байқаймыз жəне осыған орай ол: «Конституцияны соттық қорғаудың жоғарғы органының функциясын Республиканың Жоғарғы сотына аударуды» ұсынады [8, 33-36 бб].

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады жəне оның міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, мақсаты мемлекеттің халықаралық шарттарының орындалуын əділ сот жүргізу арқылы қамтамасыз ету. Əділ сот жүргізген кезде сот билігі өз ісəрекетінде тек Конституцияға қайшы келмейтін нормативтік актілерге сүйенеді. Н.С. Ахметова мен Д.А. Бейсембековтің пайымдауынша, республикамызда бекітілген конституциялық заңдылық көбінесе қолданыстағы құқықты сот орындарының талдау мен қолдану қызметіне байланысты [9, 23б].

Тəуелсіз əділ сотты қамтамасыз ету мақсатында еліміздің Негізгі заңы сот қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейтіндігін жəне судьялардың тұрақтылығын бекітіп берді; соттарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі; судьяның қызметі депутаттық мандатпен, ақы төленетін өзге де жұмысты атқарумен немесе кəсіпкерлікпен айналысумен сыйыспайды. Барлық соттардың судьяларын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын қоспағанда, Президент тағайындайды. Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен Сенат сайлайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында конституциялық заңдылық пен Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін бірқатар кепілдіктер бекітілген. Еліміздің Негізгі заңында бұрынғы Конституциялық Соттың орнына сот органы болып саналмайтын арнаулы жаңа конституциялық бақылау органы – Конституциялық Қеңес тағайындалды. Конституциялық Кеңестің Конституциялық Соттан айырмашылығы – оған сот қызметі /функциясы/ тəн емес.

Конституциялық Кеңес соттардың қолданылуға тиісті заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер адам жəне азамат құқықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайларға байланысты өтініштерін қарайды жəне соттар Конституциялық Кеңестен мұндай актілердің конституциялық еместігін мойындауын талап ете алады. Конституцияның 78-ші бабы: «Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға жəне осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті»деп тура көрсеткен.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін құқықтық мемлекет құру барысында сот жүйесін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде қарай отырып, оның атқаратын рөлін кеңейтті. Яғни бұл орган басқа құқық қорғау органдарына қарағанда адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ерекше түрде қорғай алатындығын негіздеді деп айта аламыз. Өйткені сот билігі адамдардың арасындағы қақтығыстарды жəне олардың құқықтарының бұзылғандығы туралы үкім немесе шешім шығару арқылы қылмыстық немесе азаматтық істерге соңғы нүкте қоятын орган. Сондықтан бұл органды демократияландыру құқықтық мемлекет құрудағы басты негіздердің бірі болып табылады.

2000 жылы 20 маусымда болып өткен («Сот құқықтық реформасы: заңды қамтамасыз ету проблемалары мен перспективалары» материалдарынан») ғылыми-практикалық конференцияда академик С. Зимановтың  «Қоғамды   демократияландырудағы соттың  алатын  орны мен ролін қамтамасыз ету жəне қорғау» деген мақаласында «Сот билігінің жағдайын жақсарту - ал демократияны алға жылжытуына, сондықтан да сот билігін демократияландыру үшін мына принциптер негізге алынуы тиіс:

  1. Судьялардың тəуелсіздігі мен олардың тек қана заңға бағынуы.
  2. Соттардың жарыспалығы мен тең құқылығы.
  3. Сотта істі қараудың жариялылығы.
  4. Сотта əркім өз сөзін тыңдауға құқылы.
  5. Сотталушының соңғы сөз алу құқығы.

Судьялардың тəуелсіздігі мен олардың тек қана заңға бағыну принципіне келетін болсақ - əрбір судья қандай да бір азаматтың, қылмыстық шаруашылық жəне əкімшілік істерді қараған кезде, тек қана заңда көрсетілген нормаларды қолдану арқылы үкім немесе шешім шығарады. Міне, сондықтан судьяның өзіне берілген құзыретіне ешкімнің араласуына болмайды.

«Судьяның бостандығы – бұл оның тəуелсіздігі. Судьялардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету қанша қиындыққа түссе де, ол судьяларға тиесілі болып табылады. Судьяларға көптеген мəселелер заңның жəне заңдылықтың, құқықтың жəне шындықтың соңғы нүктесін қоятын сенім білдірген. Яғни бұл жөнінде судьялар мен адамдардың тағдырын біріктірген. Сот билігі жеке адамның, көпшілік қауымның мүддесіне мəселелерді қозғайды. Судья айналасын құпиялылық, сатқындық, екіжүзділік, сөз байланыстық негіздері қоршаған. Міне, осындай жағдайларда судьялардың өмір сүруіне жəне сот билігін жүзеге асыруға тиесілі екендігі жөнінде» - деп атап көрсетті академик С.З. Зиманов.

Судьялардың тəуелсіздігі жəне олардың тек қана Конституцияға жəне заңға бағынуы  сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарты, істің ақиқаттығын ашудың кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін судьялар сот процесінің барлық сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тəуелсіз болатындай етіп құрады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне мыналар жатады:

  • соттың шешімі, үкімі, ұйғарымы, қаулысы;
  • шағымдық (апелляциялық) іс жүргізу;
  • қадағалау ісі.

Іс бойынша іс жүргізудің бүкіл барысында қандайда болмасын сыртқы ықпалға қарамастан, дəлелдемелерді зерделейді жəне барлық шешімдерді Конституцияға жəне заңдарды басшылыққа ала отырып ішкі сенім негізінде қабылдайды.

Республика Конституциясымен негізделген сот тəуелсіздігі принципі 1996 жылы 16 желтоқсандағы «Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакт» ережелеріне толық жауап береді, оның 4-бабында «оған тағылған кез келген қылмысты қарау кезінде немесе азаматтық процестерде оның құқығы мен міндеті анықталатын негізінде тəуелсіз жəне жариясыз сотпен істі əділ жəне жария қаратуға құқығы бар» екендігі көзделген.

Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтындығына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға оның əкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тəртібімен істелетін əкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Сонымен қатар, «Сот жүйесінің тəуелсіздігін күшейту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі №440Жарлығы шықты[10].

Бұл жарлықта көрсетілген ең негізгі мəселе - Қазақстан Республикасындағы сот қызметін материалдық-техникалық жəне өзгедей қамтамасыз ету жөнінде уəкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан сот əкімшілігі жөніндегі комитетін құру туралы көрсетілген болатын. Бұл дегеніміз сот жүйесінің атқарушы органға тəуелсіз екенін жəне судьялардың материалдық-техникалық жағдайларын əлдеқайда көтеретіндігін көрсетеді. Негізгі принципі Сот билігін демократияландырудың тағы бір негізгі принципі - тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы жатады.

Жарыспалылық – қарама-қарсы мүдделер тартысы. Сол мүдделерді білдіретін жəне сот алдында қорғайтын тараптар. Процесте мыналар тараптар болып табылады: айыпталушы; айыпталушының мүддесін білдіретін қорғаушы; өз құқығын қорғайтын жəбірленуші мен азаматтық талапкер немесе олардың өкілдері. Жарыспалылық істі нақтылай шешу сот алдында анықтау мен тергеу кемшіліктерінің орнын соттың объективті мүмкіндігі шегінде толтыру, ақиқатты анықтау үшін басқа да дəлелдерді анықтау, сұратып алдыру жəне бағалау міндетін қояды.

Сөйтіп, процестегі жарыспалылықтағы қаралған элементтерді генетикалық тұрғыдан, іс жүргізудің құқықтық қатынастарының бүкіл жүйесі тұрғысынан өзара байланысты жəне талдау жасалып отырған принциптің мəнін түсінудің кілті болып табылады.

Ал енді сотта істі қараудың жариялығына келетін болсақ – бұл принцип сот əділдігін жүзеге асыруға сапалы түрде əсерін тигізеді. Демек, сотқа қатысып отырған жұртшылыққа жəне сот ісіне қатысушылардың өздеріне тəрбиелік ықпал жасап, олардың осында адал мінез-құлық қөрсетуіне жəне түсіктемелер мен айғақтар беруіне жəрдемдеседі. Біздің заңымызда жариялылық принципінің мазмұны айқын жəне толық тұжырымдалған. Заңда мемлекеттік, коммерциялық құпияның жария етілуіне жол бермеу, сондай-ақ он алты жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстары туралы істер бойынша, не іске қатысушы адамдардың жеке немесе отбасылық өмірінің сыры  туралы мəліметтердің жария етілуін болдырмау мақсатында жыныстық қылмыстар туралы немесе басқа да қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша соттың дəлелді қаулысы негізінде істердің жабық мəжілісте қаралуына жол беріледі.

Бұл шектеулер Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында көзделген: «Əркімнің жеке өміріне өзінің жəне отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» деген қағида нақтылайды. Сотта істің жариялылығы радио мен теледидарда берілген заңмен тыйым салынбайды. Сот мəжілісі залында қатысып отырған тілмаштар мен журналистердің істі сотта қараудың нəтижелерін баспасөзде жариялауға құқығы бар. Сонымен, сотталған істің жариялылығы – бұл сот жүйесінің демократиялық көрінісі жəне халықтың сот билігін бақылап отырудағы нысаны деп айтуға болады.

Ал сот ісін жүргізудің жариялылық принципінің мəніне келетін болсақ, оған мыналарды жатқызуға болады:

  • азаматтарға құқықтық тəрбие берілуін қамтамасыз ету;
  • құқық қорғау органдарының қоғамның барлық əлеуметтік топтарымен байланысы орнатылады, оның өзі сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметке қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін күзеттік фактор қалыптасуына жəрдемдеседі.

Жариялылық принципінің жүзеге асырылуы өз мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар үшін іс жүргізудің ең ауқымды оң перспективаларын ашады.

Енді, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 4-ші тармақшасында судьялар заңдарды қолданғанда бағынатын қағида ретінде «сотта əркім өз сөзін тыңдатуға құқылы» деген норманы бекіткен.

Бұл норма бойынша Ғ. Сапарғалиев: «Сотта əркімнің сөз сөйлеу құқығын қамтамасыз ету құқықтық қорғаудың қажетті кепілдігі болып табылады» - деп көрсеткен болатын «Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы еңбегінде».

Айыпкердің сөз сөйлеу жəне айғақтама беру құқығы алдын ала тергеу  барысында іске асырылады. Алайда, айыпкердің өзіне тағылған айыбы бойынша сөз сөйлеу жəне айғақтама беру құқығы сотта іс қарауы кезінде барынша кең жəне толық іске асырылады. Процестің аталған сатысында осы құқықтың кепілдігі қатарына:

  • сотталушы болмаған кезде істі тыңдауға жол берілмеушілік;
  • соттың сотталушыға заңмен көзделген құқығын түсіндіру міндеттілігі;
  • сотталушы мен оны қорғаушының сотта мемлекет өкілімен, сотта іс қарауға қатысушылармен дəлелдемелерді зерделеуге, оларды тапсыру мен өтініштерді мəлімдеуге қатысу құқығын тең бөлісуі;
  • айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін судьяның сотталушыдан тағылған айыптың оған түсініктілігін, оның өзін кінəлімін деп мойындайтынын не мойындамайтынын сұрауға міндетті екендігі;
  • сотталушыдан жауап алудың заңмен белгіленген, одан алдымен тағылған айып жəне істің өзіне белгілі мəн-жайы бойынша еркін айтылатын, тек содан кейін ғана төрағалық етушінің жеке процеске қатысушылардан басқаларының сұрақ беретін тəртібі;
  • барлық дəлелдемелерді қарағаннан кейін сотталушының сот тергеуін толықтыру, сотта жарыссөзге қатысу құқығы;
  • соңғы сөзін айту құқығы жатады.

Сотта соңғы сөзін айту құқығы – бұл сотталушының өзін қорғаудағы жəне ізгілік жаза тағайындаудағы негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

Сотталушының соңғы сөзі соттағы жарыс сөз аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді.

Бұл соңғы сөзінде əрбір сотталушы адам қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық жауапкершіліктің жəне жазаның жеңілдететін мəн-жайларын қарауды жəне жəбірленушіден кешірім сұрау мүмкіншілігіне ие екендігін көрсетеді. Ал, судья болса, осы сотталушының соңғы сөзіне қарай отырып, оның өз əрекетіне деген баға беруін қарайды.

Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ қоюға жөн берілмейді.

Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Сот төрағасы сотталушының іске қатысты емес мəн-жайларды қозғаған уақытта ғана оны тоқтатуға құқылы.

Есебінде қарай отырып бұл органның əртүрлі даулар мен қақтығыстарды шешетіндігін жəне құқықтық тəртіпті нығайтуда үлкен рөл атқаратындығын, демократиялық тұрғыда құқық бұзушылықпен белсенді күрес жүргізетіндігін жəне азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғайтындығын айта аламыз. Яғни, сот билігі өзінің барлық қызметінде адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауы немесе оларды сақтау негізінде тəрбиелейтіндігін көре аламыз.

Қазіргі заманғы əлемде адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мəселесі халықаралық жанжал, діни, этникалық жəне басқа да келіспеушіліктердің ең бастысы болып табылады, ол өзіне үнемі назар аударып отыруды қажет етеді. Бұл мəселені шешу əрбір жеке адамнан тиянақты күш-жігерді талап етеді. Адам құқығын қорғау - бүкіл əлемдік келелі мəселе. Қай уақытта да адам құқығы - азаматтық қоғам мен кұқықтық мемлекеттің ең бағалысы болып қала бермек.

Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болып одан  əрі толық қалыптасуы үшін төмендегі шараларды жүзеге асыруды ұсынған болар едік:

  • заң шығармашылығын заң творчествосы процесін белгілі дəрежеде нормативтік реттеу, кодификациялау жəне нормативтік құқықтық актілерді бір жүйеге келтіру жолымен жетілдіру;
  • қоғамды құқықтық жағынан тəрбиелеу. Ел тұрғындарына жалпыға бірдей құқықтық білім беруді мемлекет тарапынан ұйымдастыру. Осындай шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттің құқық сақтау органдары қызметкерлерінің жоғарғы құқықтық мəдениетін қалыптастыруға баса назар аудару қажет;
  • жоғарғы заңдық күші бар нормативтік құқықтық актілердің заңдық үстемдігі принциптерін заңды түрде бекіту;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өкілеттіктерін оған Президент қол қойғанша немесе Парламент бекіткенше Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін жəне халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкестігін қарауға дербес құқық беру арқылы кеңейту;
  • жеке тұлғаның бостандықтарын, құқықтары мен мүдделерін, ар-ожданын қорғауды қамтамасыз етудің құралы ретінде соттың ролін биліктің үшінші тармағы дəрежесі деңгейіне дейін көтерeру қажет дейді С. Сартаев [11, 257 б].

Сонымен құқықтық мемлекет – жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принципіне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот биліктеріне бөлінуі.

Тарихқа жүгінер болсақ, мемлекеттің үш тармағы ең алғаш АҚШ-та тəжірибе жүзінде жүргізілді. Яғни бұл 1787 жылы америка конституциясында қаралып, бұл іс-шара британдық колониядан тəуелсіз жүргізілетінін жария етті. Америкадағы сот жүйесі сонымен қатар 51 заңды сатыларды іске қосты.

Жоғарыда көрсетілген шаралардың соңғысына тоқталатын болсақ, əрбір мемлекетте сот билігінің функциялары өз жұмысын атқаруы тиіс. Құқықтық қоғамда бұл билік түрі тəуелсіз жəне толыққанды болып келеді. Ш. Монтескье былай жазған болатын: «Егер сот билігі заң жəне атқарушы биліктен бөлінбесе, онда қоғамда еркіндік болмайды. Егер заң билігімен бірге болса, онда азаматтардың еркіндіктері қатаң билікте болады немесе судья заңгерге айналады. Ал егер атқарушы билікке біріксе, онда судья қуғыншы болады». Монтескье бұл жазбасында, əрбір билік орны өз жұмысын жеке атқаратын болса, сонда ғана қоғам өмірі реттеліп отырады, - деп түсіндіреді. Ол сот билігінің атқаратын қызметі жəне рөлі өте қажет дей келе «сот билігі кез-келген тұлғаға немесе ұйымдарға бағынбауы тиіс, ол тек қана халықтардан құралып, халық қалауынан шығу керек» - деп түсіндіреді. Сонымен қатар автор «Заң рухы адамдар үшін өте қорқынышты үрей туғызатынын ескертті. Мемлекеттік биліктің үш тармағындағы органдарға əділқазылық атқару, яғни мемлекеттік биліктегі ең негізгі рөлі механизм ретінде қарсы күш жəне тоқтату жүйесі болып табылады. Сот билігі Қазақстан Республикасында дүниежүзілік заңдарды қайталау емес, оның орындалуы маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Сот билігі барлық кезеңде конституция негізіне сүйене отырып, заңда нормативтік құқықтық актілерде, халықаралық шарттарда таралады. Соттың тəуелсіздігі азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын сақтайды. Сот билігі заң туралы пікірталас жəне қайшылық болған жағдайда ғана іске асады. Ешбір субъект өз жұмысына судья бола алмайды. Азаматты қорғау, бұл Президентке, əкімге немесе министрге жүктелмейді, ол тек тікелей сотқа қатысты болады.

«Сот - бұл азаматтардың құқықтарын жəне көзқарастарын қорғайтын орган болып табылады» -деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев [12].

Бұл жерде сот билігінің негізгі түрткісі заңның орындалуы болып табылады. Сот билігінің екінші функциясы онша қажеттілікті сұранбайды, себебі үшінші тармақ кең көлемді қамтамасыз етілген. Яғни  қоғам  қажеттілігін  қамтамасыз  етіп,  соттың  ауқымын  дамытып,  сонымен  қатар шындықты орнатып жəне пікірталас кезінде ақ, қараның арасын ашып беру қарастырылған. Мұндай қызмет барысын көбінесе, конституциялық кеңес жүргізуі жəне қадағалауы тиіс.

Кеңес қоғамында сот тек қана орган болып табылып қойған. Сондықтан оның міндеті социалистік қоғамды түзету, мемлекет пен азаматтардың құқық бұзушылық іс-əрекетіне бармауын қадағалау, ал мемлекет өз азаматтарының алдында жауапты екенін сезінуі қажет.

Сот тек қана заң жүзімен жұмыс істеуі қажет. Бірақ азаматтардың айғақ дəлелдерін қағаз жүзінде көрсетілмегенмен оны, яғни азамат құқығын езгіге салу міндеттелмеген.

Сот билігінің сатысы мемлекеттік биліктің тармақтарына тəуелсіз болып келеді. Сот билігінің рөлі əртүрлі биліктердің механизмдерінен, екі түрлі билік, яғни конституциялық заң жəне құқықтық заң бойынша соттық бақылаушы бұл екі тармақтың билікпен өз жұмыстарын іске асырып отырады.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. «Еркін де еңселі əрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық. «Елбасының Қазақстан халқына жолдауы»// Егемен Қазақстан газеті. № 261-264. 25 қазан, 2000 жыл.
  2. Болшой юридический словарь. – Москва: ИНФРА-М, 1997. – С.665-789.
  3. Ликас А.Л. Культура правосудия. – М., 1990. – С.
  4. Конституция Республики Казахстан. Коментарии/ под ред. Г. Сапаргалиева – Алматы: Жеті Жарғы, – С. 370–373.
  5. Демократические основы советского социалистического правосудия/ под ред. Строговича. – М.,
  6. Ким А.А. Основной закон работает // Каз. Правда, 1993. 9 января.
  7. Абельдинов Н.А. Основной закон: пятый и последний // Юридическая газета. - 1997. – 13 августа.
  8. Котов А.К. Конституция Республики Казахстан 1995 г. - демократический акт творения народом своего государства //Саясат. - 1977. - №8. 33-36 с.
  9. Ахметова Н.С., Бейсембеков Д.А. Место и роль судебного правотворчества в реализации принципа разделения властей // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. - №3 (55) /2009
  10. «Сот жүйесінің тəуелсіздігін күшейту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі№440 Жарлығы шықты.
  11. Cартаев С., Нұрпейсов Д. Тəуелсіз Қазақстан – егеменді мемлекет. – Алматы, 2004. - 257 бет.
  12. Назарбаев Н.А. За мир и согласие в нашем доме. Доклад на 1 сессии Ассамблеи народов Казахстана 24 марта 1995года. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.