Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалаудың құқықтық қамтамасыз етілуі

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мəселесінің өзектілігі бірқатар объективті жəне субъективті сипаттағы факторлармен негізделген. Ең алдымен, елдегі жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметшілердің жаңара түскен кадрлық құрамын құруды талап етеді. Екінші жағынан, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде дамуының стратегиялық бағыты мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамымен қамтамасыз етілуі тиіс. Осылардың барлығы бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметтің тиімді, əлеуметтік бағытталған болуы тиіс екендігін жəне қоғам мен мемлекеттің көп жақты байланыстарын қамтамасыз етуін куəландырады.

Қазақстандағы жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай еліміздегі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өзгерістерді қамтамасыз етуге лайық жария құқықтық институт ретіндегі мемлекеттік қызметтің рөлі мен маңызы барған сайын өсіп келеді. Əңгіме республикадағы мемлекеттік қызметтің сапалық əлеуетін көтеру, кадрлармен жұмыс бойынша жалпы стратегияны жəне  мемлекеттік органдар қызметтерінің тəжірибелік координациясын іске асыруды қамтамасыз ету, бірыңғай əдіснамалық тəсілдер негізінде елдегі мемлекеттік кадрлық саясатты жүзеге асыру жайында болып отыр [1, 18б.].

Мемлекеттік қызметті реформалау мен кадрлық саясаттың негізгі идеялары «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» атты Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында анықталған. Бұл маңызды саяси құжатта мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынының корпусын қалыптастыру бойынша, олардың бүгінгі таңдағы жəне болашақтағы мемлекеттік аппаратқа қажеттілігін ескере отырып, біліктілігінің дəрежесіне, іріктеп алуға, тиімді пайдалануға жəне оқытуға талаптарды белгілеу бойынша мемлекеттің басым бағыттары мен жүйелі курсы белгіленген. Реформаның басты мақсаты – Қазақстанға нарықтық экономикаға қолайлы болатын тиімді, заманауи мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын құру болып табылады [2, 38-39 бб.].

Республикадағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қайта құрулар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі  кезеңдегі  даму  Стратегиясында  өздеріне  дəлме-дəл  құқықтық  инфрақұрылымды құруды болжап отыр. Əңгіме мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері мен мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды реформалау, басқарушы кадрлардың құқықтық мəдениеті мен халықтың құқықтық ақпараттануын көтеру, экономикалық бағдарламалардың құқықтық қамтамасыз етілуінің тиімділігі, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту туралы болып отыр. Мемлекеттік қызметті реформалау барысында мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің құқықтық негізін қалауға мүмкіндік берген көптеген ережелер мен нормативтер жасалды жəне енгізілді.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметтің құқықтық негізінің қалыптасуы құқықтық мемлекеттің конституциялық идеясына негізделуі тиіс. Əңгіме құқық, əділеттілік, адамгершілік,  құқықтық тəртіпті нығайтуға тиімді шаралар, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына материалдық, ұйымдастырушы-құқықтық жəне саяси кепілдемелер құру идеяларын заңнамада іске асыру туралы болып отыр. Сонымен қатар, өз конституциялық міндеттерін мүлтіксіз орындау үшін мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтардың жауапкершілігін көтерген жөн. Құқықтық мемлекетті орнату мен мемлекеттік қызмет саласында құқықтық саясатты іске асыруды мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өздерінің күнделікті қызмет бабында жүзеге асырулары тиіс. Бұл бағытта келесі негізгі принциптер толығымен бекітілуі қажет:

  • Заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, сондай-ақ соларға негізделген заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтау жəне тиісті түрде қолдану;
  • Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы. Бұл ретте адам құқықтарының басымдығы қоғам мен мемлекеттің мүдделерімен үйлесімді болуы қажет;
  • Ізгілік, яғни, тұлғаның жоғары құндылығын, оның еркін дамуы мен қабілеттіліктерін көрсетуге құқықтарын, қоғамдық қатынастардың сапасын бағалау өлшемі ретінде индивидуумның игілігін белгілеуді мойындау;
  • Қазақстандық патриотизм, қазақстандықтардың өз Отанына берілгендіктерін жəне Атамекендеріне деген махаббатқа берік екендігін білдіреді [3, 400-402 бб.].

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттің кадрлық саясатының құқықтық негізі болып табылады. Заңнамада тек мемлекеттік кадрлық саясаттың заманауи идеялар, принциптер жəне басымдықтар түріндегі тұжырымдамалық негіздері іске асырылған емес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің жария-құқықтық институт ретіндегі нақты элементтері регламенттелген. Мəселен, кадрларды іріктеу, қызметті өткеру жəне т.б. мəселелер бойынша. Жалпы, мемлекеттік  қызмет туралы заңнама тапсырылған басқару саласындағы мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды жоғары кəсіби деңгейде қамтамасыз етуге қабілетті кадрлық əлеуетті қалыптастыруға бағытталған деп айтуымызға болады.

Қазақстан Республикасындағы кадрлық саясат пен мемлекеттік қызметтің құқықтық қамтамасыз етілу бағдарламасын жасау мен қабылдау қажеттілігі бірқатар объективті жəне субъективті сипаттағы факторлармен негізделгендігін жоғарыда атап өттік. Мемлекет құрылысындағы, басқару қызметі мен əкімшілік ресімдердегі жаңа технологиялардың оңтайлы тенденцияларын, кадрлық əлеуеттің қалыптасуы мен мемлекеттік қызметті өткеру тетіктерін заңнамада бекіту қажеттілігі жайлы сөз болып отыр. Субъективті факторлар мемлекеттік қызметке кіру үшін қойылатын талаптардың құқықтық регламенттелуімен жəне мемлекеттік қызметші лауазымдарына кандидаттарға қойылатын талаптарды белгілеумен, əрбір мемлекеттік қызметшінің өзінің кəсіби қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын жəне қызмет бойынша жоғарылатылудың мүмкіндіктерін көрсету үшін жағдайлар жасаумен; мемлекеттік қызметшілердің кəсіби деңгейі мен жұмысының сапасына объективті жəне жан-жақты бағалауды белгілеумен байланысты.

Мемлекеттік қызметті реформалаудың құқықтық қамтамасыз етілуінің бағдарламасын іске асыруда күтілетін нəтижелер болып мыналар табылады: халық арасында мемлекеттік қызметтің беделге ие болуы, мемлекеттік органдардың тиімді жұмысы, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық жəне басқа да криминалдық жағдайларды болдырмау, сандық жəне кəсіби қатынаста мемлекеттік органдардың тұрақты кадрлық құрамын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет бойынша лауазымдық жоғарылаудың құқықтық режимі [4, 112-114 бб.].

Мемлекеттік тəжірибе үшін аса маңызды мəселе болып басқарудың барлық деңгейінде шешім қабылдау ресімін жасау, қабылданатын шешімдердің сапасын қамтамасыз ету табылады. Мəселе əрекет етуші заңнамалық актілердің мемлекеттік органдарға заңшығарушының еркіне сəйкес келмейтін мазмұндағы заңға тəуелді актілер қабылдауға мүмкіндік беретін жəне де оған жиі əрі тікелей қарама-қайшы болып табылатын көптеген бланкеттік, яғни, сілтемелі нормалардан тұруында болып отыр. Мемлекеттік органдардың нормашығарушылық тəжірибесінде тар салалық, яғни, ведомстволық ұстаным жойылмаған, нəтижесінде, əлі де болса азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары жəне заңды мүдделеріне қысым жасалу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алуда. Сонымен қатар, бұндай жағдай басқару тəжірибесі үшін жол бергісіз болып табылатын іс жүзінде заңдарды заңға тəуелді актілерге алмастыруға жиі алып келеді. Осыған байланысты заңнамалық актілерді жасау үрдісінің негізгі талаптарының бірі болып, мəні сілтемелі нормалардың санын максималды түрде азайтудан жəне заңдарды мүмкіндігінше нақтылаудан тұратын ереже табылуы тиіс. Осыған орай, қажетті заңға тəуелді актілерді уақытылы қабылдауды қоса алғанда, орындалуды қамтамасыз ететін қабылданған заңдардың күшіне ену механизмі жетілдіруді қажет етеді.

Республикадағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері мен мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды жетілдіру, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсарту келесі шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Құқықтық реттелудегі олқылықтардың орнын толтыру жəне олардың қоғамдық қатынастардың неғұрлым маңызды салаларына тереңдеуі;
  • Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу тəжірибесінің жалғасуы мен кеңеюі, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сəйкес келуге де байланысты;
  • Заңнаманы үйлестіру мақсатында оларда пайдаланылатын терминдердің мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі бірыңғай тізімін қалыптастыру;
  • Барлық қабылданатын заңдарды тиімді іске асыру үшін, олардың қаржылық қамтамасыз етілуінің жеткіліктілігі принципінің дəл сақталуы үшін жағдайлар туғызу;
  • Қылмыстар, сыбайлас жемқорлық жəне əкімшілік құқық бұзушылықтар жасау үшін тікелей немесе жанама түрде жағдайлар туғызатын алғышарттарды анықтау, тəжірибе жүзінде нормативтік құқықтық актілер жобаларына криминологиялық сараптаманы енгізу;
  • Тəжірибеге перспективті жоспарлауды енгізу арқылы заң жобалары қызметін жоспарлауды жақсарту [5, 403-404 бб.].

Болашаққа ұлттық заңнаманың барлық массивін жүйелеу бойынша жұмысты жоспарлау ұсынылады. Бұл ретте құқықтық регламенттеуді талап ететін қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізген жөн. Осындай анализдің мемлекеттік органдардың нормашығарушылық қызметі үшін үлкен маңызы бар, себебі ол əрекет етуші заңнамамен реттелмеген жəне əр түрлі деңгейдегі регламенттеуді қажет ететін қоғамдық қажеттіліктер мен қоғамдық қатынастардың құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Басқарушылық шешімдерді дайындау мен қабылдау əкімшілік-құқықтық ресімдерін жетілдіру жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауының сапасына толығымен байланысты болып келеді. Жалпыға міндетті маңызы, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жергілікті мемлекеттік органдар актілерін міндетті түрде тіркеу туралы заңнама нормаларын іске асыруға бағытталған қосымша шараларды қабылдау қарастырылуда.

Сонымен қатар, қызметті ұйымдастыру мен оның мемлекеттік секторда толығымен құқықтық қамтамасыз етілу мəселесі логикалық аяқталуды қажет етеді. Əңгіме тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар бюджеттік саладағы (мұғалімдер, дəрігерлер жəне т.б.) жұмыскерлерді де қамтитын азаматтық қызметті де мойындау жайында болып отыр. Осы жұмыскерлердің əлеуметтік салада мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруы мемлекет деңгейінде кадрларды басқарудың жалпы жүйесіне азаматтық қызметті қосуды болжайды. Берілген мəселені заңнамалық деңгейде шешу азаматтардың мемлекет ісіне қатысуларына, кандидаттарды кəсіби дайындау үшін белгіленген талаптарды жəне таңдаулы мамандарды іріктеу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік жəне азаматтық қызметке теңдей қол жеткізуге конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік туғызатын еді.

Баспаларда жəне ғылыми əдебиеттерде саяси мемлекеттік қызметшілер туралы Заң қабылдау қажеттілігі туралы мəселе талқылануда. Бұл мəселенің мəні мемлекеттік қызмет туралы заңнамада одан əрі заңи нысанға айналатын саяси шешімдерді қабылдаумен байланысты басқару қызметінің ерекше сипатын ескере отырып, саяси тағайындалушылардың құқықтық мəртебесін неғұрлым анығырақ белгілеуден тұрады. Əңгіме əрекет етуші заңнамада саяси мемлекеттік қызметшілерді тағайындау тəртібімен, олардың қызмет өткеруімен, жауапкершілікке тартумен, сондай-ақ олардың құқықтық қорғалмағандықтарымен байланысты олқылықтардың болуында болып отыр. Заңнамалық деңгейде саяси мемлекеттік лауазым түсінігін нақтылау жəне сəйкесінше саяси мемлекеттік лауазымдардың жаңа Тізілімін белгілеу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату, тəжірибеге саяси лауазымға қабылдау кезінде сынақты жəне кезеңді аттестаттауды енгізу, олардың құқықтары мен қызметтік міндеттерін нақтылау, сонымен бірге қабылданған саяси  шешімдердің дұрыстығы үшін жауапкершілік мəселелері өз шешімдерін табуды қажет етіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрестің құқықтық механизмдерінің тиімділігін арттыру мəселесі үнемі назарда болуды талап етеді. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарының аясын анықтау; орташа ауырлықтағы қылмыстарға жататын  құқық бұзушылықтарды ары қарай декриминализациялау; мүліктік санкцияларды қолдануды кеңейту; бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану жəне т.б. бөлігінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселелері бойынша қосымша шаралар қарастырылуда.

Мемлекеттік қызметшілер мен халыққа құқықтық білім беру бойынша жұмысты жандандыру өзекті мəселе болып келеді. Республикадағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы іске асыру, көбінесе оның ережелерін адамдардың, əсіресе мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаншалықты деңгейде қабылдауына, олардың құқықтық нормаларды өз еркімен жəне адал ниетпен орындауларына қаншалықты дайын екендіктеріне байланысты болады. Реформаны іске асыру тиімділігіне келетін болсақ, республиканың құқықтық саясатының əр түрлі бағыттары бойынша, атап айтқанда, сот жүйесі, мемлекеттік қызмет, заң білімі жəне т.б. үшін салалық бағдарламаларды жасау мен қабылдау қажет болады [6, 281-284 бб.].

Құқықтық реформаның тереңдей түсуі мүдделі мемлекеттік органдардың, əсіресе, құқық қорғау құрылымдары, ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының осыған белсенді түрде қатысуын, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат ретінде, құқықтық нормалардың сақталуы қажеттілігіне ішкі сенімнің қалыптасу үрдісі ретінде лауазымды тұлғалар мен халықтың барлық топтарына құқықтық білім беруді ұйымдастыруды болжайды, өйткені, заңға бой ұсыну мен құқықтық тəртіп – біздің тұрақтылығымыздың негізі болып табылады.

 

 

Әдебиеттер

  1. Байменов А. Реформирование казахстанской государственной службы: опыт, проблемы, задачи. – Астана, – 309 с.
  2. Досмухамед Нур-Ахмет. Стратегия развития Казахстана до 2030 года и система реформирования государственной службы (Концептуальное изложение). – Государственная служба. Информационный бюллетень №4 НВШГУ при Президенте Республики Казахстан. - Алматы, 2003. – 60 с.
  3. Уваров В.Н. Государственная служба и управление: учебник. – Петропавловск: Сев. Каз. юрид. академия, 2004. – 416
  4. Абдрахимов Г.Р. Государственная служба в Республике Казахстан: опыт, задачи и перспективы // Эффективное государственное  управление  в современных условиях: материалы  международной научно-практической конференции     – Астана, 2003. – 385 с.
  5. Уваров В.Н. Государственная служба и управление: учебник. – Петропавловск: Сев. Каз. юрид. академия, 2004. – 416с.
  6. Турисбек А. Государственная служба как ключевой фактор реформы государственного управления в Республике
  7. Казахстан // ХХІ век: проблемы формирования правового, демократического, светского и социального государства в Республике Казахстан: материалы международной научно-теоретической конференции – Алматы, 2004. – 436 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.