Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот үкімін шығару кезінде ескерілетін Мəн-жайлар

Үкімді шығару алдында Қазақстан Республикасының ҚІЖК 371 бабында көрсетілген мəселелерді қарастыра отырып, сот сотталушы үшін белгілі бір құқықтық салдары бар істі қараудың нəтижелерін құрайды. Үкім өзінде істі шешумен байланысты негізгі сұрақтарды құрайды. Кеңесу бөлмесінде қарастырылатын сұрақтар аумағы өте кең: жасалуына сотталушы айыпталып отырған əрекеттiң орын алғаны дəлелдендi ме; бұл əрекет қылмыс болып табыла ма жəне ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген; сотталушының бұл əрекеттi жасағаны дəлелдендi ме; сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кiнəлi ме; оның жауаптылығы мен айыбын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мəн-жайлар бар ма; сотталушы жасаған қылмысы үшiн жазаға тартылуға тиiс пе; сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiс, жаза тағайындамай үкiм шығару үшiн немесе жазада босатуға не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 72-бабында жəне 74-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда кейiнге қалдыру туралы негiздер бар ма; бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тəрбие беру мекемесiнің қандай түрi мен режимдегiсiнде жазасын өтеуге тиiс; азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кiмнiң пайдасына жəне қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берiлмесе, мүлiктiк зиян өтелуге жата ма; азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тəркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керек; заттай дəлелдемелердi не iстеу керек; iс жүргiзу шығыстары кiмге, қандай  мөлшерде жүктелуге тиiс; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы; қылмысты жасауға əсер ететiн мəн- жайлардың болуы туралы; сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы; бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы [1].

Көрсетіліп кеткен сұрақтарды шешу кезінде психологиялық, педагогикалық білімдерді қолдану үкімнің тиімділігін, тəрбиелік деңгейін арттырады.

Кəмелетке толмағандардың істері бойынша неңесу бөлмесінде сотталушының тұлғасы туралы сұрақтар, тəрбиелік жəне өмірлік жағдайы, қылмыс жасауға əсер еткен, себеп болған жəне олардың алдын алу жөніндегі мəселелер толықтай қарастырылады.

Бұл жерде үлкен мəселе ретінде жүріс тұрысының себебін дұрыс бағалау болып табылады, себебі қылмысты жасау кезінде кəмелетке толмаған өзінің əрекетін түсінбеуі немесе толықтай түсінбеуі мүмкін. Сот осы жерде ересек араңдатушылардың, дем берушінің (пособник), кəмелетке толмағанды қылмысқа итермелеген тұлғалардың болу немесе болмауын ерекше тиянақтылықпен анықтауы қажет.

Л.М. Голубева пікіріне орай кəмелетке толмағандардың істері бойынша үкім шығару, өзіне келесідей 3 сатыны құрайды:

а) Істің мəн-жайын, сотталушының жеке тұлғасын, қылмыстың жасалу себептерін анықтау жəне бағалау.

б) құқық қолдану жəне əрекет квалификацияланатын заңның сараптамасы. в) тəрбиелік жəне алдын алу əсері [2, 229б.].

Бұл сұрақтарды шешу нақтылы қылмыстың жасалу жағдайын, жазаның көлемі мен сипатына əсер ететін жағдаын ескере отырып қарастырылады. Құқық қолдану сатылары бір-бірімен байланысты жəне тəуелді.

Соттың кеңесу бөлмесіндегі белсенділігін заңшығарушы ең алдымен қылмыстың жасалуына себеп болған мəн-жайларды анықтаумен байланыстырады.

Сотта зерттелген дəлелдемелер жиынтығы, қылмыс оқиғасының болуы жөнінде барлық күмəнді жоққа шығаруы қажет. Шығарылған шешімге қарама-қайшы немесе сəйкес келмейтін фактілер үкім негізінде қолданыла алмайды.

Қылмыстың оқиғасы туралы сұрақты шешпестен бұрын, сотталушыға жүктеліп  отырған əрекеттің болуы туралы мəселені шеше алмаймыз. Егер де бұл сотпен анықталмаған жағдайда, кеңесу бөлмесінде шешілуге жататын сұрақтарды қарау қажеттілігі қалады, ақтаушы үкім шығарылып, бұлтартпау алынып тасталуға жатады. Қылмыс оқиғасын анықтамау, қылмыстың құрамы  бар құқыққа қайшы əрекеттердің болмауын білдіреді.

Қылмыстың оқиғасы туралы шешімдер ақиқат, алынған көзден дұрыс, логикалық жүйеде құрылуы қажет жəне тек осы жағдайларда ғана олар шешімнің негізінде қолданылуы мүмкін. Егер сотпен жауапқа тартылған тұлғаның əрекетінде, жалпы танылған жүріс-тұрыс нормаларынан ауытқу болмағаны жөнінде шешімге келген жағдайда ол қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтаушы үкім шығарады. Бұл жағдайда сот тек қылмыстық жауапкершілікті ғана жоққа шығарып қоймай, сонымен бірге тұлғаны тəртіптік, материалдық жəне қандай да болмасын жауапкершілікке тартуын жоққа шығарады.

Егер болған оқиға кəмелетке толмағанның қылмыстық əрекетінің негізінде болмаса немесе кəмелетке толмаған жасаған əрекетінде қылмыстың құрамы болмаған жағдайда, онда сот қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарады. Бұл көрсетіліп отырған жағдайда сотталушының құқыққа қайшы əрекетін жасамаудан емес, оның əрекетінде қылмыс құрамының болмауы негізінде ақтау үкімін шығарады.

Сонымен бірге ақтау үкімі, сотталушыға айып тағылғанымен, қылмыстық заңның диспозициясында көрсетілген белгілер болғанымен, бірақ қылмыстың көлемінің аз болуына байланысты шығарылуы мүмкін. Бұл негіз сонымен бірге қылмыс абайсызда жасалған жағдайда, сəйкесінше кінə болмаған жағдайда ақталуы мүмкін. Мысалға, сотта кінəсінің болмауы анықталса немесе абайсызда жасалғаны, ал жауапкершілік тек қана қасақана жасалған қылмыстарға ғана қолданылатыны анықталса.

Сотталушының қылмыс жасауына қатыстылығы туралы мəселенің дəлелденгендігі немесе дəлелденбегендігі талқыланған уақытта, айыптаудың негізі болған дəлелдемелердің қарама- қайшылығын жəне болған кемшіліктерді ескеріп, тергеудін берген шешімдерінің дəлелсіз материалдарға жəне тұжырымдамаларға негізделгенін жəне олардың сот талқылауында дəлелденбегенін көрсетеді.

Сот бұл мəн-жайларды ескере отырып, кəмелетке толмағанның айыбына байланысты дəлелдемелердің жеткіліксіздігінен ақтау үкімін шығаруы мүмкін, бұл жағдайда ақтау шешімдерін негіздей отырып, айыптың негізделген дəлелдемелерін не себепті жоққа шығарылғандығы көрсетілуі тиіс.

Қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімі сотталушының қылмыстық процессуалдық əрекеті жағдайда, яғни қажетті қорғану жəне аса қажеттілік жағдайында жасалғаны анықталған жағдайда шығарылады. Аталған барлық жағдайда сот дұрыс, ақиқат жан-жақты дұрыс зерттелген фактілерге негізделуі қажет.

Кінəлілік туралы тұжырым жасау – бұл үкімнің маңызды элементі, ол интуитивті немесе өз бетінше бола алмайды, ол дəлелдемелердің логикалық анализі нəтижесінде, қандайда болмасын мəн- жайлардың сөзсіз жəне шүбəсіз дəлелденгенін көрсетуі қажет. Қарама-қайшы немесе шындыққа сəйкес келмейтін фактілер ескерусіз жəне түсіндірусіз қалмайды, сонымен бірге үкімнің негізінде қолданыла алмайды.

Кеңесу бөлмесінде сот, əрекетінің квалификациясы туралы шешімді құрайды. Фактілердің негізделуі олардың заңи тұрғыдан бағалануымен тығыз байланысты, себебі онсыз əрекеттің мəні ашылмайды. Бұл жерде əнгіме əрекеттің квалификациясы туралы шешімнің дұрыс негізделуі, фактілердің, қылмыстың заңи белгілеріне сəйкестігін анықтау

Сотпен қылмыстың заңи тұрғыдан бағалануын өзгертетін мəліметтерді анықтау, үкімде айыптың өзгеруіне əсер еткен себептердің негізделуін қажет етеді. Олардың үкімде көрініс табуы оның заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етеді. Əрекеттің құқықтық дұрыс бағалануы, өз көрінісін сəйкесінше заңмен саралануында табылады. Кеңесу бөлмесінде жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мəн-жайлар туралы мəселе шешіледі. Көрсетілген мəн-жайлар қылмыс құрамынан тыс болады, олардың белгілерін қоспайды. Бірақ олар тұлғаның қоғамға қауіптілігінің төмендігін немесе керісінше тұлғаның қоғамдық қауіптілігін көрсететін ерекше жағымсыз қасиеттері болуы, жазасын жеңілдетуге негіз болмайды. Белгі бір баптың санкциясының аумағында ауырлататын мəн жайларды ескере отырып, жасалған əрекетіне сəйкес сот ең ауыр жазаны қолдануы мүмкін. Ауырлататын жəне жеңілдететін мəн-жайлар жазаның сипаты мен көлемін анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге оны дифференциялау жəне жекелендіру үшін қажет. Жауапкершілікті жеңілдететін ерекше мəн-жай ретінде, кəмелетке толмағанның психикалық дамуында мешеулік белгілерінің болуы əсер етеді. Сот психикалық дамуындағы мешеулігінің деңгейін анықтап, өз əрекетіне есеп бере алуы туралы, өзін-өзі басқара алу қабілеті туралы мəселені шеше отырып, жаза туралы тəрбиелік ықпал етудің мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы мəселені шешеді.

Кінəсін жеңілдететін мəн-жайлардың бірі ретінде сонымен бірге кəмелетке толмағанның теріс ықпалға қарсы тұра алалмауы бола алады. Бұл кəмелетке толмағандардың қылмыс жасауына əсер ететін кең тараған түрінің бірі болып табылады, əсіресе егер кəмелетке толмаған тұлға материалдық немесе басқа да тəуелді болуы оның жағымды бастамаларын шектейді жəне қандайда болмасын жағдайда əрекетті дұрыс жүзеге асыруды шектейді. Кəмелетке толмағанның кінəсінің денгейін бағалаған жағдайда қылмыс жасалу фактісінің қорқыту немесе жағымсыз ықпал ету нəтижесінде болғанын жəне кəмелетке толмағанның əрекетіне қаншалықты шынайы əсер еткендігі анықталуы тиіс.

Жеңілдететін тағы да бір мəн-жай ретінде ауыр мəн-жайлардың сəйкес келуі – ішкі жан дүниесінің қобалжуы немесе жанұя ішіндегі дау жан–жал, бұл жерде кəмелетке толмағанды ерекше қиын жағдайға қойып, дұрыс жəне қалыпты іс əрекеттерді жасау қиындай түседі. Қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағанға дұрыс шешім табу ересектерге қарағанда өте қиын болады. Сондықтан сот тəжірибесінде кəмелетке толмағандарға қатысты жеңілдететін мəн-жайлар көлемі ұлғайтылған. Олардың қатарына: алғашқы соттылығы, өз кінəсін толықтай мойындауы, жағымды мінездемелер, бұрынғы жүріс тұрысының кіршіксіз болуы, ересек адамдардың теріс ықпалы, интеллектуалдық ерік жігерінің жəне психикалық даму дəрежесінің артта қалуы. Бұндай сот тəжірибесі дұрыс деп есептеледі, себебі кəмелетке толмағандарға қатысты қосымша мəн-жайларды ескеру өте қажет.

Сонымен бірге жеңілдететін мəн-жайлар ретінде тұлғаның ерік-жігерінің қалыптасуындағы қолайсыз жағдайларды ескеруіміз қажет, жанұя ішіндегі қолайсыз жағдай, ата-анасының теріс ықпалы – алкогольдік ішімдікке салынуы, олардың қылмыс жасауы, осыған сəйкес кəмелетке толмаған өмір тəжірибесінің төмендігіне байланысты теріс ықпалға түседі.

Үкім шығару кезінде ерекше маңызды мəселе ретінде қылмыс жасау кезінде басқа тұлғалардың əсерінің болғаны туралы сұрақ қарастырылуы тиіс – бұрын сотталған ересек адамның болуы. Ересек адамдармен немесе өзінен үлкен кəмелетке толмағанмен жасалған арандату, қандай нысанда жасалғанына қарамастан, кейбір жағдайларда жауапкершілікті жеңілдететін мəн-жай ретінде ескерілуі тиіс. Арандатушы кəмелетке толмағанға тікелей əсер етеді, қылмысқа қатысуға итермелейді, ниеті мен мақсатының қалыптасуын тездетеді жəне қылмысты тез жүзеге асыруға ықпал етеді.

Кəмелетке толмағанды қылмысқа жəне қандай да болмасын қоғамға қауіпті əрекетті жасауға ықпал еткен ересек адамның əрекетіндегі жоғарғы қоғамға қауіптілігін ескеріп, сот ересек адамның атқарған ролін жəне кəмелетке толмағанды қылмыс жасауға итермелеген психикалық əсер ету, қорқыту немесе алдау, спирттік ішімдіктерді ішкізу, қызғаныштық, көре алмаушылық сезімін тудыру əдістерін ескере отырып бағалау қажет.

Кəмелетке толмағанды қылмыс жасауға ықпал еткен ересек адамның əрекеті кəмелетке толмаған істеген қылмыс ретінде жəне оны қылмыстық əрекетті жасауға ықпал ету үшін жауапкершілігі бар баптармен саралануы қажет. Міндетті түрде кəмелетке толмағанды қылмыс жасауға немесе басқа да қоғамға қауіпті əрекетті жасауға ықпал етудің əдісі мен нысаны, кəмелетке толмағанға теріс ықпалының деңгейі анықталады. Ересек адамның жəне кəмелетке толмағанның жасы, сонымен бірге пайда болған теріс зардаптың сипаты ескеріледі. Ерекше жағдайда кəмелетке толмағанмен спирттік ішімдіктерді, нашақорлық зарттарды сатып алу жəне пайдалану мəн-жайлары бағалануы қажет.

Осылайша қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мəн-жай ретінде, жасалған қылмысының қоғамға қауіптілігінің төменгі дəрежесі, тұлғаның қоғамға қауіптілігінің болмауы, қылмысты алғашқы рет жасауы, шын жүректен өкінуі, өз кінəсін мойындап келуі, зардаптың салдарын алдын- алу, қылмыстың ашылуына белсеңді түрде көмектесу.

Сотпен кеңесу бөлмесінде ауырлататын мəн-жайларды ескеру, жасалған əрекеттің қоғамдық қауіптілігін анықтау үшін маңызды. Заңда қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мəн- жайлардың толық тізімі көрсетілмеген, ауырлататын мəн-жайлар көбінесе қылмыстық кодекстің баптарынан шығады.Олардың қатарына: қылмыстың қайталануы, қылмысты ұйымдасқан топпен істеуі,  пайдакүнемдік жəне басқа да опасыз ниетпен жасау (аш көздік, кек алу жəне т.б.).

Кінəні ауырлататын мəн-жай ретінде қылмысты қоғамға қауіпті əдіспен жасауы, бұл жерде қауіп тікелей объектіге ғана емес, сонымен бірге басқа да тұлғаларға қауіп төнуі, жəбірленушінің өтінішіне қарамастан қылмысты сабырлықпен аяғына дейін жеткізу, жəбірлеу, қатаңдық, кінəсіз адамға жала жабу.

Қылмысты алкогольдік мастануы жəне нашақорлықтың əсерінде жасауды ауырлататын мəн-жай ретінде тану фактісі негізделген болуы қажет.

Ауырлататын мəн-жайлар тізімі нақты болып табылады жəне тікелей заңда көрсетілгендерден басқа мəн-жайларды тани алалмайды. Бірақ кейбір процессуалист ғалымдардың пікірі бойынша, сот жаза тағайындаған жағдайда тікелей заңда көрсетілмегенімен, сотталушының теріс мінездемелерін ескеруі қажет дейді. Мысалға, кəмелетке толмағанның жоғарғы деңгейде азғындауы, спирттік ішімдіктерді, нашақорлық заттарды шектен тыс пайдалану, қоғамдық тəртіпті жүйелі түрде бұзуы жəне т.б. Сонымен бірге үкім шығару кезінде заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ сонымен бірге құқықтық маңызы бар мəн-жайларды талқылау қажет. Шешімнің сипаты мен мазмұнына əсер ететін факторлар соттың ескеруінсіз қалмауы қажет. Олардың маңыздылығын ескермеу, соттың қателіктеріне алып келуі мүмкін. Кейбір мəн-жайлар қылмыстың жəне тұлғаның қауіптілігін төмендетсе, басқалары керісінше жоғарылатады. Кəмелетке толмағандардың көптеген қылмыстары бойынша қылмыс құрамының белгілерін ашып қана қоймай, сонымен бірге оның пайда болу себептерін ескеру қажет. Сондықтан жауапкершіліктің мазмұны мен көлеміне əсер ететін мəн- жайларды талқылау маңызды. Мысалға, сотталушының куəлармен жек көрінішті қарым-қатынастың болуы, кінəсін шын жүректен мойындауы, зиянның орнын өз еркімен толтыру, бақылаусыздық, кəмелетке толмағанға қатысты бұрын тəрбиелік шараларды қолдануы.

Маңыздылығы жағынан тұлғаның психологиялық жəне əлеуметтік қасиеттерін, толық емес жанұя, қаражаттың тапшылығы, ата-аналарының білім деңгейінің төмендігі сияқты фактілер, жанұяның тəрбиелік мүмкіндіктерін төмендетеді.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК 117 бабына сəйкес əр қылмыстық іс бойынша дəлелдеу затына, жауапкершілігіне, сипаты мен дəрежесіне əсер ететін мəн-жайлар кіреді. Өздігінен олардың əрқайсысының маңызы жоқ жəне дəлелдеменің маңыздылығын көрсете алмайды, олар тек бір жиынтық ретінде ғана дəлелдемелік маңызы болады.

Кəмелетке толмағанға берілген теріс мінездемелерге қарамастан, сот оны айып тағылып отырған қылмыс бойынша дəлелдеусіз соттай алмайды. Көрсетілген мəн-жайлар жауапкершіліктің деңгейіне əсер етеді, себебі кəмелетке толмағанның қылмыс жасауындағы ролін анықтап, оның қоғамға қауіптілік деңгейін көрсетеді.

Əрине осы жерде ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың кəмелетке толмағанды тəрбиелеуге байланысты өз міндеттерін орындамауы, өмірдегі қоршаған ортасы, мектептегі, үйдегі жүріс-тұрысы, жасаған құқық бұзышылықтары жəне осыған байланысты қолданылған тəрбиелік шаралары, өз еркінен тыс қылмысты жасауы сияқты мəн-жайлар ескерілуі қажет. Кəмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша қоғамдық қауіптілігі төмен қылмыстар үшін негізсіз бас бостандығынан айыру сияқты жаза қолданылмауы қажет, егер кəмелетке толмағанның дұрысталуы жəне түзелуіне қоғамнан бөлмей – ақ жүзеге асырылатын болса.

Сондықтан кеңесу бөлмесінде сот міндетті түрде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жауапкершілікті таңдау жөнінде сұрақты талқылауы қажет. Егер сотталушының қылмыстағы ролінің маңыздылығы төмен болып жəне тұлғаны сипаттайтын мəліметтер мен қылмысты жасау мəн жайы, кəмелетке толмағанды қоғамнан оқшаулауды қажет етпейді деп тапса, сот шартты түрде соттауы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда жасаған əрекеттін ауырлығы, пайда болған зардап жəне түзелу мүмкіндігі ескеріледі. Əр жеке жағдайда сот шартты түрде сотталғандардың түзелуіне қоғамды тарту туралы сұрақты шешу қажет [3, 37б.].

Жұмыс істейтін кəмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстарымен байланысты жазалау шарасын қолданған кезде, сот сотталушының материалдық жағдайын мұқият бағалауы қажет, себебі бұл жағдайдалардың нашарлауы кəмелетке толмағанның түзелуіне теріс əсер етуі мүмкін. Сот мүмкіндігінше сотталушының əрекетіне белгілі бір тұлғаның, оның ата-аналарының бақылауды жүргізу туралы мəселені қарастырып кетуі қажет

Тəрбиелік ықпал етудің мəжбүрлеу шараларын қолдану – бұл қоғамдық ықпал ету арқылы қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданылуын жүзеге асырудың ерекше бір түрі. Жасаған əрекетінің ауырлығына жəне сотталушының жеке тұлғасын ескере отырып сот мəжбүрлі тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдану туралы сұрақты қарайды. Мəжбүрлі тəрбиелік ықпал етудің мақсаттары болып кəмелетке толмағанды сендіру арқылы түзеу, сонымен бірге сотталушыға белгілі бір міндеттер жүктеледі. Мұндай жағдайларда істі тоқтату оны ақтауды білдірмейді, қайта керісінше сот оны кінəлі деп тауып, айыптау үкімін шығарып, кəмелетке толмағанды тек жазадан босатады.

Бұл жерде жаза элементтері барынша жоққа шығарылған. Бұл шара көпшілік алдында ұялтумен ұқсас. Олардың ерекшелігі, тек бір реттік сипатта болуы – сөгіс түрінде (жəбірленушіден кешірім сұрау) немесе салыстырмалы түрде ұзақ жəне жүйелі əсер ету – қадағалауға беру. Яғни жазаның тəрбиелік элементтерінің басым болады[4].

Қоғамдық өмірдің негізгі бастамаларының диалектикалық бірлігі жəне оның барлық тəрбиелік жүйесінің мақсаты, кəмелетке толмағанға қатысты түзелуге жəне жаңадан қылмыс жасаудан сақтандыруға жол ашатын, оқуын жалғастыруға, мамандық алуға мүмкіндік беретін əсер ететін шаралар қолдану, яғни ықпал ету шаралары оның өмірлік қызығушылықтарын жүзеге  асыруға шектеу болмай, қайта тығыз байланыста болуы қажет.

Кəмелетке толмағанды жазалауды белгілеместен соттау, яғни мəжбүрлі тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдану, тек қылмыс жасаған тұлғаға қатысты ғана қолдануы мүмкін.  Мəжбүрлі тəрбиелік ықпал ету шараларын кəмелетке қатысты қолдану жауапкершіліктің жеке бір түрі жəне қылмыстық, əкімшілік жазалардан өзгеше. Бұл шаралар кəмелетке толмағанды  тəрбиелеудің бір əдісі, ол бірақ өзіне сендіруді жəне мəжбүрлеуді қосады.

Қылмыстық жазаны мəжбүрлі тəрбиелеу сипатындағы шараларға ауыстыру ауыр жəне кəмелетке толмағандардың арасында кең тараған қылмыстарға, қылмыстық-құқықтық жазалаудың əлсіретуіне алып келмеуі қажет.

Бұл жерде əнгіме қылмыстық жазалау шаралары жəне мəжбүрлі тəрбиелеу сипатындағы шараларды қолдану кəмелетке толмағанмен қоғамға қарсы теріс қылықтың емес, қылмыстың жасалғанын білдіреді, бірақ қоғамға қауіптілік деңгейі өте төмен. Бұл əсер ету шарасында тəрбиелеу жазаның мақсаттарының бірі болмайды, бұл жерде жазаның өзінің бөлінбес объективтік белгісі жəне оның басқа барлық белгілермен диалектикалық бірлікте болады. Жазаның мазмұнында тəрбиелік элементтердің дамуы кəмелетке толмаған қылмыскерге алдын-алу тəрбиелік ықпал етуді жүргізудің шешуші алғышарты болады.

Ақтау үкімін шығару кезінде судья тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз іс-əрекетімен ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мəселені шешу туралы шешім кдбылдайды. Кəмелетке толмаған соттталушы бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде сот əрбір қылмыс бойынша жеке жеке ҚР ҚІЖК- 371 бабының 1 бөлігінің 1-7 тармақтарында көрсетілген мəселелерді шешеді егер қылмыстың жасалуына кəмелетке толмаған бірнеше соттталушы айыпталса, сот оның жасалған əрекеттегі ролі мен дəрежесін айқындай отырып, əрбір кəмелетке толмаған соттталушыға қатысты ҚР ҚІЖК- 371 бабының 1 бөлігінде аталған негізгі мəселелерді шешіп, мынадай қосымша мəселелерді шешуге көшеді:

  • кəмелетке толмаған соттталушының, ал қажетті болған жағдайда жəбірленушінің ата- анасыз қалған, кəмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
  • кəмелетке толмаған сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жəбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
  • жеке қаулы шығару қажеттігі туралы.

Алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде кəмелетке толмаған соттталушыны есі дұрыстығы туралы мəселе туындаған жағдайларда сот үкім шығару кезінде бұл мəселені тағы да бір рет талқылауға міндетті.

Кəмелетке толмаған сотталушыны əрекет жасаған уақытта есі кіресілі-шығасылы күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейін оның өз əрекетінің (əрекетсіздігін) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикалық науқас пен ауырған деп таныған сот, қылмыстық істі тоқгатуға жəне егер қорғаушы іске айып тағылған сəттен бастап қатысса жəне іс құрамында үш судья бар сотта қаралса, кəмелетке толмаған сотталушыға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы[5].

Кəмелетке толмағанға үкім шығару кезінде сот ҚР ҚІЖК-нің 371 бабында аталған мəселелермен бірге бас бостандығын айруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мəселені талқылауға міндетті.

Бас бостаңдығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, кəмелетке толмағандарға арналған арнаулы тəрбие беру немесе емдеу тəрбие беру мекемесіне орналастыру, не тəрбиелік ықпал етудің мəжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандырылған мемлекеттік органға хабарлайды жəне оған сотталушының мінез құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 200 б.
  2. Голубева Л.М. Судебное рассмотрение дел о преступлениях несовершеннолетних. Вопросы теории и практики. –Фрунзе: Илим, 1981. – 330 с.
  3. Давыдов П.М. Приговор // Предварительное расследование и судебное разбирательство уголовных дел. –Свердловск, 1990. – С. 37.
  4. Ткачев В. Восстановительное правосудие и ювенальное уголовное право // Российская юстиция. – – № 5. – С. 19-23.
  5. Дудин Н.П., Луговцева С.А. Судебное разбирательство уголовных дел в отношении несовершеннолетних. – СПб., 2005. – 172 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.