Криминалистика ғылымында ұғымдық терминологияларды қолданудың мəселелері

Криминалистика ғылымында ұғымдық терминологияның қолдануы жөнінде айта кетсек. Құқықтық ұғымдардың нақты, анық түсініктемелері болмаса, терминдердің тұрақты, түсінікті анықтамасы болмайды, ал бұл өз кезегінде құқықтық норманы жүзеге асыруды жəне ұғымдарды дұрыс қолдануға мүмкін болмайды. Əр түрлі ұғымды əртүрлі түсініп, əртүрлі терминдермен белгілейміз. Бұл сотөндірісі барысында көптеген қиыншылықтарға əкеледі. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың дамуы, прогресс жаңа ұғымдардың пайда болуына əкеліп, оларды қылмыстық процесте дұрыс əрі нақты қолдануын талап етеді.

Құқық нормаларын дұрыс жəне бір жақты, бір қалыпты қолдануда заң терминологиясының бірегілік принципі қажет. Заңшығарушы тарапынан жəне оны қолданатын субъектілер құқық нормаларын анық түрде оның түсініктемесін беріп сотөндірісінде пайдалану міндеті жүктелінген. Қылмыстық сотөндірісінде ұштасып жатқан қылмыстық құқық циклінің ғылым салалары бір-бірімен ұғымдық, терминологиялық жағынан тығыз байланысып жатыр [1, 29б.]. Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, криминалистика, қылмыстық атқарушы құқығы тарихи, генетикалық, бір мақсаттылық, қағидалылық жағынан бірлесіп жатқан ғылым салалары. Бұл байланыс көпдеңгейлі сипатта болып, сала аралық, институттар, ұғымдар, категориялар, терминдер деңгейінде жүзеге асырылады. Егер де əр ғылым саласы өзіндік ұғымдар мен терминологияны ойластырып өз тілінде пайдаланатын болса, мемлекеттік стратегиялық міндетті, яғни қылмыстылықпен күресті  жүзеге асыра алмас еді.

Сала аралық құқықтардың заңдарында жалпы ортақ ұғымдық аппараты болуы қажет. Қылмыстық цикліндегі салалардың салааралық ұғымдардың қатарына «қылмыс, қылмыстың құрамы, жəбірленуші,  қылмыстық  жауапкершіліктен  босату,  жаза»  сияқты  жəне  т.б. көптеген ұғымдар қарастырылады. Бірақ қылмыстық құқық, қылмыстық процесс пен криминалистикада əр ұғымның өзіндік сипаттамасы мен түсінілуі бар. Қылмыстық құқық тарапынан жəбірленуші қылмыс құрамының бір элементі ретінде қарастырылса, қылмыстық процесте жəбірленушіні процессуалдық құқық пен міндеттердің иеленушісі ретінде, ал криминалистикада оның оның жеке басына байланысты тұлғасы зерттелінеді.

Əр ғылым саласының өзіне тəн ұғымдақ аппараты қалыптасқан. Криминалистика ғылымының: криминалистикалық техника, криминалистикалық идентификация, трасология, қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, жекелеген қылмыс түрлерін тергеу əдістемесі жəне т.б.

Бұл ғылым салаларының басты объектісі қылмыс болып табылатын құбылысты өз тарапынан, өз аспектісінен зерттейді. Бұл ғылым салалары кінə, ниет, мақсат, қылмыстың жасалу тəсілі, жаза, адам өлтіру, ұрлық, тонау, қарақшылық сияқты ұғымдарды қолданады. Бұл ұғымдарды логика-заңи құрал ретінде пайдаланып, өзінің ұғымдық аппаратына енгізеді.

Қылмыстық құқық өзінің ұғымдық жүйесімен қатар қылмыстық цикл жүйесінің ұғымдарын қолданады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінде қылмыстық процеске тиісілі ұстау, шешім, үкім, куə, тілмаш сияқты ұғымдарды, сондай-ақ криминалистикамен өнделетін атыс қаруы, суық қару ұғымдарын қолдану негіздері бар. Криминалистика ғылымы қылмыстық құқық, процесс ғылымдарының өндеген ұғымдарын кеңінен қолданады, сондай-ақ керісінше. Бірақ бұл туынды сипатта болмай, шығу қайнар көзіне қарай, сипатына қарай объективті қоршаған ортаның объективті заңдылықтарымен байланысты болуы тиіс. Əр түрлі терминология мен ұғымдарды қолдану ғылыми талдау логикасына қарсы келіп қылмыстық құқықтық ғылым салаларының ұштасатын аясындағы мəселелерді шешуде қиындықтар туғызады [2, 110б.].

Криминалистика терминологиясының даму тенденциясына қатысты айта кететін болсақ:

  1. Ұғымдар мен түсініктемелердің қолдану аясының кеңеюі. Бұл криимналистикалық білімнің дамуына қарай оның сандық жəне сапалық өзгерістерін көрсетеді. Біріншіден, криминалистиканың өзіндік анықтамаларының көбеюі, екіншіден өзге ғылым сала ұғымдарының криминалистикада бейімделіп қолданылуы.

Бұл бағыттағы ұғымдардың міндетті түрде танымдық функциясын ерекше атап көрсету қажет.

  1. Анықтамалардың өзгеруі. Анықтамалардың өзге анықтамалармен алмастырып не қолданыстағы анықтамаларды нақтылау тенденциясы. Бұл бағыт таным процесінің əр уақытта даму барысында болғандықтан қажет əрі заңды деп табамыз. Объектінің пəндік мағынасының кеңеюі, дамуы немесе белгілі бір өзгерістерге ұшырауы, оның анықтамасының да сəйкес өзгеруін талап етеді. Ескі терминология объектілердің пəндік ұғымын толығымен аша алмайды, немесе оның қолдану аясын тұтастай қамти алмай шектейді, сондықтан жаңа анықтамалар ұғымның жаңа элементтерін, жаңа тұстарын қамтуы қажет. Криминалистикада анықтамалардың өзгеруіне байланысты криминалистиканың пəндік сипттамасына қатысты əр түрлі көзқарастар болды. Бұл криминалистикалық тактика, тактикалық тəсіл, арнаулы білім жəне өзге де ұғымдарға байланысты.
  2. Ұғымдар мен анықтамаларды жүйелеуді жүргізу бағыты. Криминалистика ғылымының анықтамаларын жалпы белгілері бойынша категорияларға жіктейміз. Бұл криминалистикалық классификацияның негізін көрсетеді [2, 130-131 бб.].

Криминалистика терминологиясының үйлесімділігі криминалистика терминологиясы ғылымның дамуына байланысты қарқынды түрде өзгерістерге ұшырауда. Өзге ғылым салаларының терминологиясы криминалистикада бейімделіп қолданып, орын алмастыруда. Математикалық статистика, логика, моделдеу, информатика жəне т.б. Қолданыстағы терминді жаңа терминмен алмастыру қажет, егер жаңа термин ұғымның жаңа анықтамасына немесе өзгерген мазмұнына сəйкес келсе ғана негізді болып табылады. «Тергеу тактикасы» терминін «криминалистикалық тактика» терминімен алмастыруды орынды деп табамыз. «Жекелеген қылмыс түрлерін тергеудің  əдістемесін»«криминалистикалық қамтамасыз ету» терминімен алмастыру мəселесі де жиі кездеседі. Яғни тергеу барысында криминалистиканың теориялық, техникалық, тактикалық негіздерін қолдану.

Өзге ғылым саласының терминологиясын қолдануға қатысты «криминалистикалық физика» терминологиясын «криминалистикада физиканың зерттеу əдістерін қолдану» деп айқындау оның дəл анықтамасын, танымдық мəнін білдіреді деп есептейміз. Жаңа терминологияны енгізу кезінде жаппай бейімдеумен айналасуға болмайды. Ең алдымен нақты ол терминнің ұғым анықтамасын айқындайтынын белгілеп алып, алмастыруы қажет екендігі шешіледі. Содан кейін ғана қолданылуы керек. Моделдеуге қатысты іздердің гипс моделі демей-ақ іздің гипс кескіні деуге болар еді. Немесе психологиялық эксперимент термині де жауап алу мен эксперимент тергеу əрекеттерінің мазмұнын қамтиды. Тағы мысал келтіретін  болсақ,«криминалистикалық  ақпарат» терминін «криминалистикалық маңызы бар ақпарат» деп атаған дұрыс.

Əдебиеттерде «қылмыстарды тергеу» терминологиясын «танымдық-іздестіру сипатындағы қызмет» деп көрсететін кездер кездесуде. Бұл анықтама тергеушінің қызметінің тек бір бөлігін ғана көрсетіп, дəлелдеу процесін  толық қамтимайды. Криминалистикалық қызмет деген де терминология кездесуде, қызмет түрлерінің қайсысына жататыны белгісіз, қызметті процессуалдық, ұйымдық, жедел-іздестірушілік, əкімшілік деп бөлуге болады. Қорытындылай кетсек, қазіргі таңда жаңа терминологиялардың қарқынды түрде жаппай енгізілуі мен оларды алмастыру процесі жүріп жатыр. Жаһандану жағдайында жаңа терминдерді енгізбес бұрын олардың мазмұны мен мəндік жағынан сəйкестігін анықтап, теориялық жағынан негізделгендігін айқындап, олардың тəжірибеде қолданыс табуын шешіп барып қана қолдануға болады деп табамыз.

 

 

Әдебиеттер

  1. Ларин А.М. Криминалистика и паракриминалистика: Научно-практическое и учебное пособие. – М.: 1996. – 168с.
  2. Герасимов И.Г. Научное исследование. – М.: 1972. – 228 с.
  3. Белкин Р.С. Курс криминалистики: В 3т. – М.: Юристь, 1997. – Т 1.– 464 с.
Жыл: 2011
Қала: Алматы
Категория: Құқық