Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізу құқығында дəлелдемелерді қолданудың кейбір мəселелері

Дəлелдеу процесі жəне делелдемелер қылмыстық іс жүргізу құқығындағы негізгі мəселелердің бірі болып табылады. Дəлелдемелерді жинау, қолдану жəне пайдалану дəлелдеу процесіндегі негізгі құралдардың бірі. Бұл жердегі маңызды жəне қылмыстық іс жүргізудің негізгі мақсаты ақиқатты ашу жəне кінəліні əшкерелеу мəселесі шешімін табады.

Қылмыстық  іс  жүргізуде жасалған  қылмыстың  мəн-жайлары  туралы  қол  жеткізген  ақиқатты «объективтік ақиқат» деген терминімен белгіленеді. М.С. Строговичтің ойынша «қылмыстық іс жүргізудегі «объективтік» ақиқаттың атауы өте маңызды ережені құрайды, себебі қылмыстық іс бойынша қол жеткізген ақиқат – формальді емес, шартты емес, бірақ оған жету үшін нақты бір формальді талаптар мен заңдық жағдайлар белгіленген. Сол үшін ақиқат мəні бойынша объективті шынайылылығы бар» [1, 47].

Объективті ақиқаттың мазмұны – бұл қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеу нəтижесінде алынған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілер жəне мəн-жайлар туралы білімдер. Осы арада тергеуші мен сот болған оқиғаның фактілі мəнін анықтай отырып, оған қылмыстық құқықтың сол не басқада бір нормасын қолдануды қолға ала бастайды, сөйтіп осы норманың немесе бірнеше нормалардың ішінен қайсысы жасалған əрекет үшін қандай жауапкершілік көзделетіндігін анықтайды. Тиісінше, объективтік ақиқаттың мазмұнына фактілер мен мəн-жайлар туралы білімдерден басқа танылатын фактілер мен мəн-жайларды қылмыс ретінде  квалификациялауға заңдық баға беруі де кіруі қажет. Фактілер мен мəн-жайларды анықтау кезінде ақиқатқа жету өзіндік орын алады, егер олар шынайылықта жүзеге асырылып жəне соған сəйкес дəл танылса ғана.

Əрекетті дұрыс саралау ол анықталынған фактілер мен мəн-жайларды қылмыс құқығы нормаларына сəйкес екендігін білдіреді. «Егер фактілі мəн-жайларды тіркейтін ақиқат, жалпы мазмұнды сипатты құраса, онда анықталынған фактілерді құқықтық бағалауды өзіне ала  білген ақиқат формальды болып келеді жəне мазмұнды білімнің қандай да бір элементтерінен толығымен айырылған» [2].

Объективті ақиқат өзінің сипаты бойынша салыстырмалы жəне абсолюттік болып келеді. Салыстырмалы ақиқат – бұл объективтік шынайылылықты дəлме-дəл, дұрыс бейнелейтін білім, бірақ ол барлық қасиеттер мен қатынастарда толық көрсетпейді.

Абсолюттік ақиқат – бұл бір немесе басқада заттарды, объективті шынайылылықтың құбылыстарын түпкілікті, толық, жан-жақты тануы, яғни ол аталған заттар мен құбылыстардың барлық қасиеттері мен қатынастарын қамтитын тану.

Қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеу нəтижесінде қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мəн-жайлар туралы білімді алу кезінде объективтік нақтылықтан алынатын мазмұндармен тұрақты толықтырылып отырылады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізудегі объективті ақиқат салыстырмалылық пен абсолюттік органикалық біртұтастықты құрайды. Сонымен қатар, кейбір қылмыстық іс жүргізуші ғалымдардың объективті ақиқатты іс жүргізушілік ақиқатқа алмастыруға талпынған көзқарастары сəтті деп атауға болмайды, себебі іс жүргізушілік ақиқат сот процесінің нəтижелері іс жүргізушілік құқықтың талаптарына сəйкес келуін білдереді. Мəселен, В.В. Никитаев жазғандай «объективті (материалдық) ақиқат Қылмыстық кодексіні үкімді тағайындау үшін қолдануға  əсер  ететін  фикция,  былайша  айтқанда  заңи  фикция:  сондықтан оны қылмыстық іс жүргізудің құралы ретінде сақтауы іс жүргізушілік ақиқат бірінше орынға қойылатындығын жорамалдайды» [3, 76].

Қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеудің мақсаты болып тек объективті шынайылылықты не басқаша сөзбен айтқанда объективті ақиқатты анықтауы ретінде орнықтырылады. Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінде де, іс жүргізудің жекелеген сатыларында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді реттеу кезінде де жəне іс жүргізудің ерекше нысандары барысында да «ақиқат» деген терминді тікелей қолданбайды. Бірақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын мұқият талдауы көрсететіндей, қылмыстық іс жүргізуде «ақиқат» терминін пайдаланудан бас тартқан жағдайда да қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде барлық мəн-жайлар туралы объективті білімді алуға құқықтық негізге орын қалып отырады. Шынайылылыққа сəйкес қылмыстық істің мəн-жайларын анықтаудың кепілдіктерінің негізіне келесі құқықтық ұйғарымдар құрайды.

Алдымен, ҚР ҚІЖК 8 бабында белгіленген қылмыстық сот ісін жүргізудің мəнінің объективті сипаты. Мысалы, қылмыстық ізге түсу жəне кінəлі тұлғаға əділ жаза тағайындау бір жағынан қылмыстық сот ісін жүргізудің мəніне жауап берсе, екінші жағынан кінəлі емес тұлғаларға қатысты қылмыстық ізге түсуден бас тарту, оларды жазадан босату, қылмыстық ізге түсуге негізсіз тартылған тұлғалардың əрбірін ақтауда қылмыстық сот ісін жүргізудің мəніне жауап береді.

Жасалған қылмыстың объективті көрінісін анықтауды қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген қылмыстық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесіне негізделеді, олардың ішінде басыңқы болып мына принциптер орын алады, кінəсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 бабы), сот ісін жүргізуді тараптардың бəсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру (ҚР ҚІЖК 23 бабы), дəлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР ҚІЖК 25 бабы).

В.Н. Григорьев мен А.В. Победкинің белгілеуі бойынша «нақты бір тұлғаның кінəлігіне қатысты күдіктерді жоюдың іс жүргізушіліктің барлық мүмкіндіктері таусылған жағдайда кінəсіздік презумпциясы принципін басшылыққа алу қажет, соңғысына сəйкес дəлелденбеген кінəлілік кінəсіздікті дəлелдеумен пара-пар келеді, яғни ақтау үкімі бұл жағдайда ақиқат анықталмағандықтан шығарылмайды, керісінше заң шығарушы оны анықталған деп санауды міндеттейді, себебі тұлғаның кінəсіздігі дəлелденген болатын» [4, 28].

Қылмыстық іс бойынша объективті ақиқатты анықтауға қылмыстық сот ісін жүргізетін органдардың қызметтерінің іс жүргізушілік жағдайлары, іс жүргізуге қатысатын барлық қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары бағытталады. Шынайылылыққа сəйкес қылмыстық іс бойынша мəн-жайларды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуде дəлелдемелер мен дəлелдеуді реттейтін ҚР ҚІЖК нормалары маңызды рөл атқарады. Мəселен, ҚР ҚІЖК 115 бабы, сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы осы Кодексте белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген əрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл əрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын жəне айыпталушының кінəлілігін не кінəлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мəн-жайларды анықтауды талап етеді.

Қылмыстық іс бойынша дəлелденуге жататын мəн-жайлардың тізіміне, аталған мəн-жайлармен бірге, қылмыс оқиғасы мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, əдісі жəне басқа да мəн-жайлары), қылмыстың заңмен тыйым салынған əрекетті кімнің жасағандығы, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекетті жасаудағы кінəлілігі, оның кінəсінің нысаны, жасалған əрекеттің себеп-дəлелдері, заңдық жəне іс жүзіндегі қателіктер, айыпталушының жауаптылығының дəрежесі мен сипатына əсер ететін мəн-жайлар, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мəн-жайлар, жасалған қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, əрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мəн-жайлар, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға əкеп соқтыратын мəн-жайлар жатады (ҚР ҚІЖК 117 бабы).

Бұның барлығы ҚР ҚІЖК қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеудегі басты мақсаты əлі де болса істің мəн-жайларын зерттеу туралы ақиқатты білімге жету, яғни шын мəнінде болған істің фактілі мəн-жайлары  қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының тұжырымдарына сəйкес болуын білдіреді.

Біз 200 тəжірибелік қызметкерлер арасында жүргізген сауалнама нəтижесінде «Қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеудің мақсаты ақиқат болып табылады ма?» деген сұраққа басым көпшілігі оңды жауап берді. Қойылған сұраққа «ия» деп 161-і жауап берсе (80,5%), «жоқ» деп 38-і жауап берді, ал сұралғандардың біреуі ғана (0,5%) «білмеймін» деп жауап берді. Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеу үшін «дұрыстық» пен «ықтималдық» түсініктерінің ара қатынасы əлі де болса мəселе болып отыр, себебі дұрыстықта жəне ықтималдықта негізделген білімнің деңгейі болып табылады. Бірақ, тек дұрыс білім ғана шынайылылық болып саналады. Тек қылмыстық істің мəн- жайлары туралы дұрыс білім ғана түпкілікті нəтижеде қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеуге əсер етеді.

«Ықтималдық» философиялық категориясы «дұрыстық» категориясымен пара-пар келеді. Ғылыми тұрғыдан «ықтималдық» пен «дұрыстық» категориялары субъект жеткен танудың, білімнің алуан түрлі деңгейлерін, негізделудің алуан түрлі дəрежелерін, білімнің дəлелденгенін сипаттайды. Ықтималды білім дұрыс білімге қарағанда алынған білімдерге қатысты күдіктер келтіреді. Ал, дұрыс білім күдіктер келтірмейді, онда тек сенімділік пен нанымдылық болады. Ықтималдық əрқашанда оң жəне теріс сипаттағы соңғы тұжырымдарсыз қалыптаспаған категорияны білдіреді. «Егер бізде толық емес, керісінше оны ақиқатты деп танудың бірқатар негіздері болғанда ғана білім ықтимал болады, сол себеппен ол одан əрі негізденуге (дəлелденуге) жатады жəне сондықтан ол бізге нақты сенімділік туғызады, бірақ ол сенімділік бізді ақтамағандықтан біз оған дайын емеспіз» [5,92]. Бірақ, ескерту қажет, қылмыстық іс жүргізу заңы гносеологиялық заңдылықтарға қарамастан  ықтиалды білімге жету кезінде жəне мəндес тұжырымдармен дəлелдеудің аяқталуын белгілейді.

Бұл ҚР ҚІЖК 37 бабында айтылған негіздер бойынша қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау (əрекетте қылмыс құрамының болмауы), сондай-ақ ҚР ҚІЖК 376 бабының 2 тармағының 2 тармақшасы бойынша ақтау үкімін шығару (сотталушының əрекетінде қылмыс құрамының болмауы) сəттері болып табылады. Аталған жағдайлар айыпталушының кінəлі еместігінің «шынайылылығы» туралы білімнің анықтығына қол жеткізуіне болады не болмайды, себебі «қылмыс құрамының болмауы» қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қылмыстарды жасауда тұлғаның кінəлігін анықтау үшін жеткілікті емес дəлелдемелердің жиналу жағдайын жəне жиналған жəне тексерілген дəлелдемелер жасалған қылмысқа тұлғаның кінəлі еместігін көрсететін жағдайларды да өзіне сіңіріп алады. Сонымен бірге, қарастырылып отырған жағдайларда дəлелдеу нəтижелері бойынша барлық тұжырымдар, егер олар ықтималды маңызыне ие болса  да тұлғаны толық ақтауға бағытталуы тиіс. Қалған жағдайларда білімдердің ықтималды деңгейіне жеткенде қылмыстық істің мəн-жайларын тану процесі оң жəне теріс сипаттағы түпкілікті тұжырымдармен аяқталмайды.

Сондықтан, тұлғаның қатысы жоқтығы кезінде дəлелдеу нəтижелері бойынша  жасалған қылмысқа гносеологиялық көзқарастары тұрғысындағы тұжырымдардың ықтималдығы  қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жиналған дəлелдемелер тұлғаның жасалған қылмысқа кінəлігін анықтау үшін жеткілікті емес болғанда ғана қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеу қылмыстық істің мəн-жайларының білімділігінің анықтығымен аяқталады деген жалпы ережелерінен шығады. Сонымен қатар, қылмыстық істің мəн-жайлары туралы ықтимал білімі дəлелдеу пəнін анықтаумен байланысты емес дербес іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады: қылмыстық істі қозғау туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы, тергеу іс əрекеттерін жүргізу  туралы (мысалы, тінту мен алу), тұлғаны жəбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер деп тану, қылмыстық істерді біріктіру, бөлектеу, тоқтату тұру туралы жəне т.б. Қылмыстық іс жүргізушілік дəлелдеудегі ықтималды білімнің негізділігіне зерттелетін мəн-жайлар туралы мəліметтер не ақпараттар жатады, өз кезегінде олар шын жəне жалған болады. Дұрыстық, керісінше қылмыстық іс бойынша мəн-жайларды зерттеу туралы білімнің толықтығымен сипатталады, сонымен қатар ол осы мəн-жайларға қатысты тұжырымдарды дəлелдемелер арқылы дəлелдеуге мүмкіндік туғызады. Дұрыстық субъективтік көзқарас бойынша нақты бір мəн-жайларды бағалауда немесе факт дұрыс жəне толық болғанда сенімділікті көрсетеді.

Білімнің дұрыстығы дəлелдеу пəнінің мəн-жайларын анықтауға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде шешімдерді қабылдау барысында қолдануы міндетті:

  1. тұлғаны айыпталушы ретінде тарту;
  2. ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 тармағының 1 жəне 2 тармақшасына, 51 бабының 1 тармағына, 38бабының 1 тармағына сəйкес қылмыстық істі қысқарту немесе қылмыстық ізге түсуді қысқарту;
  3. айыптау қорытындысын құрастыру туралы;
  4. айыптау хаттамасын құрастыру туралы;
  5. үкімді шығару туралы.

Аталған қылмыстық істер бойынша шешімдердің түрлері мазмұнды дұрыстыққа тəн болуы тиіс: бұл шешімдер дəлелдемелердің дұрыс логикалық құрылысына негізделіп қоймай, сонымен бірге оларды қабылдау үшін фактілі негіз болған істің мəн-жайларын жан-жақты жəне объективті зерттеуге де негізделеді Сондықтан, дəлелдемелерді құрайтын қылмыстық іс бойынша  қабылданатын шешімдер негізінде дəлелденуге жататын мəн-жайларды анықтауға қатысты бір  мағыналы негізделген тұжырымдар жасалынуы құқық қорғау органдарында орын алатын осы жағдай орынсыз болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т.
  2. Томин В.Т. Острые углы уголовного судопроизводства. М.,
  1. Никитаев В.В. Проблемные ситуации уголовного процесса и юридическое мышление / Состязательное правосудие: труды научно-практических лабораторий. М.,
  2. Григорьев В.Н., Победкин А.В. О методологии совершенствования доказательственного права // Государство и право. № 10.
  3. Комлев Б. О понятии доказательств // Социалистическая законность. №11.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.