Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі судьялардың жауапкершілігінің жəне иммунитетінің проблемалары

Сот билігі өзінің тəуелсіздігіне жəне тек қана заңға ғана бағынуына байланысты мемлекеттік механизмде ерекше орын алып отыр. Судьялар сот билігін жүзеге асырушы тұлғалар ретінде бірқатар нормативтік актілермен, оның ішінде ҚР Конституциясымен жəне конституциялық заңдармен айқындалған арнайы мəртебеге ие.

Судьяның мəртебесінің элементтерінің бірін жəне оның кəсіби қызметінің маңызды кепілін бекітетін, судьяға тиіспеушілік жайлы конституциялық қағида, биліктің үш тармаққа бөлінуімен сот билігінің дербестігі мен тəуелсіздігімен байланысты конституциялық құрылымның негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған. Судьялық иммунитет судьялық лауазымды иеленіп отырған азаматтың жеке артықшылығы емес, сот төрелігінің мүдделерін қорғаудың құралы болып табылады. Сонымен қатар, судьялық жұмыстың ерекше тəртібі, жоғары кəсіби тəуекелділігі, судьяның əрекеттері мен шешімдеріне бақылаудың əртүрлі процессуалдық жəне ұйымдастырушылық құралдардың болуы есепке алынуы тиіс.

Судья өзінің қызметін өзгелердің ықпалынан тəуелсіз іске асыруы тиіс. Осы мақсаттарда ҚР Конституциясы судья лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптарды жəне олардың тағайындалу тəртібін бекітеді, судьялардың ауыстырылмайтындығын, тəуелсіздігін, судьяларға ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді. Осындай регламентацияның болуы судьялардың құқықтық мəртебесін азаматтардың жəне ҚР Конституциясына сəйкес тиіспеушілікке ие лауазымды тұлғалардың мəртебесінің айырмашылығын конституциялық деңгейде көрсетеді.

Қазіргі таңда судьяны жауапкершілікке (азаматтық, қылмыстық, тəртіптік) тарту қиын, бірақ оның өзінде қоғамның санасында судьялық корпустың қателіктері жəне кəсіби деңгейінің төмен болуы үйреншікті жағдайға айналды. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңы жəне өзге нормативтік актілер арнайы нормаларды көздемейді. Заң шығарушы «кəсіби қателік», «сот қателігі» деген ұғымдарға қарым-қатынасын айқындаған жоқ. Қандай кəсіби қателіктер жауапкершілік туындатады жəне кім жауапкер болуы тиіс мемлекет немесе судьялар ма деген сұрақта айқындық жоқ. Судьяның жауапкершілігі проблемасы судьяның иммунитеті жайлы сұрақты шешумен байланысты, сондықтан бұл шетелдік жəне халықаралық заң тəжірибесін зерттеуге негізделген қосымша құқықтық реттеуді қажет етеді.

Осыған байланысты Судьялардың мəртебесі туралы Еуропа хартиясының 5.2 пунктін еске алу орынды болып отыр, ол бойынша судья өзінің қызметін регламенттейтін нормалардың өрескел бұзылуынан зиян келтірсе, онда мемлекет зиянның орнын сот арқылы толтыруын талап  етуге құқылы. Өрескел қателіктің болуының талап етілуі, зиянның орнын сот арқылы  толтыру процедураны айналып өтудің маңызды кепілін білдіреді. Сот органы істі өндіріске қабылдау туралы алдын ала келісім қосымша кепіл болып табылады [1].

Қоғамдағы жеке жəне жария мүдделердің тепе-теңдігін ұстап тұрудың шарты болып алдымен конституциялық нормаларды қатаң түрде сақтау болып табылады. Билік өкілдерінің (оның ішінде судьялардың) актілері үшін мемлекеттің жауапкершілігі режимі қазірше Қылмыстық жəне Азаматтық кодекстердің нормаларымен анықталған жəне қатаң шарттармен шектелген жағдайда, азаматтардың мүдделері толығымен тиімді қорғалмайды. Мемлекеттегі құқықтық тəртіптің тұрақтылығының мүдделері «Мемлекеттік органдардың құқыққа қайшы əрекеттері үшін (шешімдері) жəне сот төрелігі саласындағы лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін орындағанынан азаматтарға келтірген зиян үшін жауапкершілік туралы» заң қабылдау қажеттігін тудырады. Ол заңда мемлекеттің жəне судьялардың жауапкершілігінің шектерін жəне жағдайларын анықтау керек. Осыған ұқсас заң Италияда бар 1988 жылғы «Магистранттардың жауапкершілігі туралы» Заң деп аталады, бірақ мұнда жауапкершілік қатаң шарттармен шектелген [1].

Көптеген мемлекеттерде жауапкершіліктің белгілі бір механизмдері жасақталған. Мысалы, Францияда сот құрылымы туралы Кодекске сəйкес, сот төрелігін дұрыс емес іске асырғанның нəтижесінде келтірілген зиянды мемлекет өтейді. Бірақ та əрекеттеріне шағым түсірген жəбірленуші судья немесе алқалы орган өрескел қате жіберсе немесе сот төрелігі қызметіннен бас тартса осы жауапкершілік туындайды. АҚШ-та жəне Ұлыбританияда лауазымды тұлғаның жеке азаматтық жауапкершілігі судьялардың жəне квазисоттық лауазымды тұлғалардың иммунитетіне жол берді. Сондықтан жеке жауапкершіліктің компенсациялық қызметі тиімді түрде іске асып отырған жоқ. Судьялардың «дұрыс емес» əрекеттерінің нəтижесінде келтірілген шығынның орнын толтыру конституциялық, статустық жəне жалпы құқықтың, сонымен қатар əкімшілік ережелердің қағидаларына негізделеді. Федералдық судьяларға талап арыз тек қана федералдық құқықтың негізінде жəне федералдық соттарға беріледі. ХХ ғасырдың басында судьялық иммунитет жайлы американдық заңнама ағылшын прецеденттерінен тыс дами бастады.

Абсолюттық иммунитет сот қызметтеріне жақын (заңшығарушыларға, Бас атторнейге, айыптаушыларға) қызметті атқратын судьяларға жəне квазисоттық лауазымды тұлғаларға берілді, бірақ мынадай шарт болған, егер олар қызметтірік құзыреттің шеңберінде əрекет жасаған жағдайда. Соттық жəне квазисоттық лауазымды тұлғалар құзыреттік шеңберден асып кетсе иммунитет таратылмайды, бірақ та мұнда да жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бар. Судьяларға, полицейлерге, айыптаушыларға қарсы арыздануға жəне оны қолдауға талапкерлердің экономикалық жағдайлары, олардың мəдениет деңгейі көбіне жете бермейді [1].

Судьялар жататын шектеулі тұлғалар тобына қатысты қылмыстық жауаптылықтың туындауына белгілі бір кедергілердің орын алуы жалпыға мəлім. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылықтың туындауының осындай ерекше түрі «судьялық иммунитет» деп  аталады. Судьяларды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін соңғыларының иммунитетінің маңызы жайлы сұрақ түбегейлі түрде маңызды, өйткені ҚР ҚК-нің 350-бабы бойынша жауаптылық осындай иммунитетті еңсергеннен кейін ғана туындайды. Алғашында жалпы ұғымына көңіл аударайық. Əдебиетте қылмыстық-құқықтық иммунитет «белгілі бір тұлғаларға құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің, оларды жауапкершіліктен босатуды қоса алғанда, жауаптылыққа тартудың жалпы ережелерінің қолданылмауы», [2, 23б.] немесе «заңда көрсетілген арнайы тұлғаларға қатысты қылмыстық жауаптылықтың туындау тəртібін (жалпы қабылданған тəртіптен ерекше) реттейтін айрықша ережелердің жиынтығы» [3, 7-8б.]. Айта кету керек: кейбір сəйкессіздіктерге қарамастан, теорияда қылмыстық-құқықтық иммунитеттің табиғаты бір мағыналы түсінікке сəйкес келді.

Қылмыстық жауаптылықтан қандай-да бір иммунитеттің болуы, ешбір жағдайда іс-əрекетті декриминализацияламайтыны сөзсіз. Жасалған қылмыс (зерттеліп жатқанды қоса алғанда) сондай болып қала береді, ал қылмыстық жауаптылықтың туындау ерекшеліктері, заңда көзделген қандай-да бір кедергілердің болуында көрініс табады. Қазақстандық заң шығарушы «Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабында тек қана сот төрелігін іске асырумен байланысты емес, судьяның кез-келген іс-əрекетіне оны таратып, судьяның иммунитетінің көлемін ұлғайтты.

Өкінішке орай, судьялардың иммунитеті қылмыстық заңның мəртебесінде көрініс тапқан жоқ. ҚР Конституциясының 79-бабының 2-бөлігіне жəне 2000 жылғы 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңының 27- бабына сəйкес, судьяларға ешкім тиіспейді, жəне осы тиіспеушіліктің қылмыстық-құқықтық аспектісі, оларды заңмен көрсетілген тəртіптен басқа қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтындығында тұжырымдалып отыр.

Судьялардың иммунитеті «ҚР Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабында нақтыланған. Біріншіден, судья сот төрелігін іске асыруда айтылған пікір жəне қабылданған шешімі үшін, егер заңды күшіне енген сот үкімімен оның қылмыстық теріс пайдаланушылығында кінəсі анықталмаса, кез-келген жауаптылыққа (оның ішінде қылмыстық) тартылмайды.

Екіншіден, судьяға қарсы кез-келген қылмыстық істі қозғау, сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тарту Жоғарғы Сот кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімі, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, ҚР Парламенті Сенатының келісімі болған жағдайда мүмкін. Судьяға қарсы қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры қозғай алады.

Осылайша, судьялар, ҚР ҚК-нің 350-бабы бойынша қылмыс субъектісі бола тұра, заңмен белгіленген тəртіпте қылмыстық-құқықтық иммунитетті еңсерген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Судья ол факті бойынша жасаған қылмысы бойынша қылмыстық- құқықтық қатынастың субъектісі бола тұра, процедуралық тұрғыда иммунитетті еңсергеннен кейін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Алдында айтылғандай, судьяларға қылмыстық жауаптылықтың туындауының жалпы тəртібінің таратылмаудың басқа маңызы бар. Судьяның иммунитеті еңсерілмеген жағдайда, ондай судья ҚР ҚК- нің 350-бабы бойынша (сонымен қатар қылмыстық заңның кез-келген бабы бойынша) қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа сөзбен айтқанда, іс-əрекеттің қылмыстылығын жоймайтын судьялық иммунитеттің болуы, судья қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын жағдайды көрсетеді (өйткені, иммунитетті еңсеру жалпы негіздер боынша қылмыстық жауаптылықтың туындауына жол береді).

Əдебиетте иммунитет болған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатудың регламентациясының бірыңғай идеясы айтылған болатын. Авторлардың пікірінше, осындай қылмыстық-құқықтық нормада келесідей сəттер орын алуы тиіс:

  • тұлға, құқықтық нұсқаманың күшіне орай иммунитетке ие;
  • иммунитет белгіленген тəртіпте еңсерілуі міндетті, оның себебі жалпы негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтың туындауы болады;
  • иммунитеттің əрекет ету уақыты тұлғаның арнайы статусының болуына байланысты, яғни, ондай мəртебенің жоғалуы – иммунитеттің жоғалуын білдіреді [4, 35б.].

Судьяның арнайы (иммунитеті) мəртебесі «ҚР Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңға сəйкес бірнеше негіздер бойынша күшін жояды: судьяның орнынан түсуі, басқа жұмысқа ауысуы жəне тағы басқа (34-бап). Судьяларда иммунитеттің болуы қылмыстық жауаптылықтан босатудың ақтамайтын негізі болып табылғандықтан қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін жəне судьялық иммунитеттің арақатынасы жайлы сұраққа ерекше тоқталу керек. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 2-бөлігіне сəйкес ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен бастап жəне сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі. Тұлға жаңа қылмыс жасаса, əрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады [5, 259б.].

Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі «қылмысты жасау сəтінен, тұлғаға айып таққанға дейін есептеледі». Тек қана Қылмыстық кодекстің 69-бабында көрсетілген уақыт арасында тұлғаға айып тағуға болады. Əрекеттің заңи бағасы оны жасаудың сəтіне қатысты беріледі (ҚР ҚК- нің 4-бабы). Судьяның ерекше заңи мəртебесін жоғалтуына байланысты иммунитеттің қолданылуының тоқтатылуы (судьяның орнынан түсуі жəне т.б.) ескіру мерзімін ескерген жағдайда қылмыстық жауаптылықтың туындау мүмкіндігін білдіреді. Тек қана бұл мерзімнің өтуі қылмысты жəне қылмыскерді «ақтайды». Иммунитеттің болуына байланысты жауапкершіліктен босату, тұлғадан əрекеттің барлық құқықтық зардаптарын алып тастайтын түпкілікті шешім болып табылмайды.

Əділеттілік қағидасына байланысты, «бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды» (ҚР ҚК-нің 3-бабы). Ескіру мерзімі тек қана процессуалдық қылмыстық жауапқа тартуға əсер етеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық құқық қатынастарын іске асырудың ерекше нысаны. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі алдында тоқтатылған құқықтық қатынастардың қайта басталуына əсер етуі мүмкін [6, 10-11 б.б.]. Олар заңи маңызы бар мəн-жайларға байланысты қайта басталуы мүмкін. Соңғысы, судьяның қылмыстық-құқықтық иммунитетін еңсеру болып табылады.

1997 жылғы ҚР ҚІЖК-нің 11-бөлімінде судьяларға қатысты қылмыстық іс  жүргізу ерекшеліктерін реттейтін, судьяларға қатысты қылмыстық іс қозғаудың ерекше тəртібін жəне қылмыстық істі сотқа жіберудің, сонымен қатар оларға қатысты мəжбүрлеу шараларын жəне оларды айыпталушы ретінде тартудың процедуралық ережелері көзделген баптар алғаш пайда болды.

ҚІЖК-нің аталған бабымен көзделген құқықтық ерекшеліктердің көп саны, қылмыстық  істі тергеу барысында арнайы іс жүргізушілік нормаларын бұзу, істің тоқтатылуына əкеп соғып, немесе сот ақтау үкімін шығаруға себеп болып, осындай құқық қолданушыдан оларды мұқият зерттеуді жəне сақтауды талап етеді.

Иммунитет берілген тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартудың тəжірибесі, əрекеттері өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаумен жəне осындай істерді қозғауда, оларды тергеуде жəне істі қарау үшін сотқа жібергенде тергеушілер мен прокурорлар жіберетін қателіктерге байланысты айыпталушылардың кінəлілігін дəлелдеумен байланысқан елеулі қиындықтар жайлы куəландырады.

Судьяны қылмыстық жауапқа тартудың ерекше тəртібі қатаң регламенттеуге қарамастан, тергеу барысында өзге проблемалардың туындауына əкеп соғуы мүмкін, мысалы, прокурордың ұсынысын қараудың 1 айлық мерзімін бұзу, оған қатысты ұсыныс енгізілген судьяның жəне оның адвокатының судьяның əрекеттерінде қылмыс белгілері бар немесе жоқтығы мəселесі шешілетін сот отырысына келмеуі (ҚР ҚІЖК-нің 498-бабы).

Прокурордың ұсынысын қарау нəтижесі бойынша Жоғарғы Сот кеңесі судьяның əрекеттерінде қылмыс құрамының бар немесе жоқтығы жайлы қорытынды беруі тиіс.

Судьяның əрекеттерінде қылмыс құрамы бар деген Жоғары Сот кеңесінің қорытындысының болмауы, қылмыстық іс қозғалмайтындығын білдіреді, ал қозғалған іс тоқтатылуға жатады (ҚІЖК 37- бап).

Прокурор өзінің ұсынысында көрсеткен тұлға үшін Жоғарғы Сот кеңесінің шешімінің маңызды екені осыдан көрініп отыр, сондықтан заң шығарушы ұсынысты айыпталушы жəне  оның адвокатымен қарастырылу керек екендігін алдын ала көздеп қойған. Прокурордың ұсынысын қарауда сот отырысына судьяның өзінің жəне оның қорғаушысының (дəлелді себепсіз) қатыспауы осындай қарауға кедергі болмайды. Тура осылай, мысалы, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларына жасалған шағымдарды соттың қарауы жағдайларына бұл анықталған болып табылады (ҚР ҚІЖК-нің 107- бабы).

Жоғарыда айтылғанның негізінде судьялардың қылмыстық-құқықтық иммунитетінен шығатын судьяларға қатысты іс қозғау жəне жүргізудің іс жүргізушілік ерекшеліктерін бөліп  шығаруға болады.

  • .ҚР ҚІЖК-нің 498-бабының 3-бөлігіне сəйкес судьяны қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мəжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін ҚР Бас Прокуроры ҚР Президентіне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – ҚР Парламенті Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс судьяға айып тағу, қамауға алуға санкция беру, судьяны қылмыстық ізге түсу органына мəжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мəселені шешу алдында енгізіледі.
  • .Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117-бабының талаптарын осылай бұзу одан шығатын іс жүргізушілік зардаптарымен қоса, сотталушыға тағылған айыпты дəлелденбеген деп тануына əкеп соғуы мүмкін.
  • .ҚР ҚІЖК-нің 103-бабы қылмыстық сот өндірісінің қатысушылары соттың əрекетіне (əрекетсіздігіне) жəне шешіміне Кодекспен көзделген тəртіппен шағымдана алады. ҚР ҚІЖК-нің 112- бабының 1-бөлігіне сəйкес қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс қарау барысында қабылданатын сот шешіміне шағымдар мен ұсыныстарға шағымдану тəртібі ҚР ҚІЖК-нің 46, 47, 50, 51 тарауларымен сəйкес жүзеге асырылады.

 

 

Әдебиеттер

  1. http://www.portals.ru./models/russianlaw/rus
  2. Наумов А. Иммунитет в уголовном праве. // Уголовное право. – 1998. - №2. - 23 с.
  3. Кибальник А.Г. Иммунитет в уголовном праве. – Ставрополь, 1999. 7-8 с.
  4. Кибальник А. Иммунитет как основание освобождения от уголовной ответственности // Российская юстиция. –- №8. - 35 с.
  5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - Алматы, Жеті Жарғы, 2007. – 360 бет.
  6. Наумов А. Правовые последствия освобождения виновного от уголовной ответственности // Советская юстиция. - 1976. - № 20. 10-11 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.