Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық қауіпсіздік жəне қылмыстық заңнаманы жетілдіру проблемалары

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен кең таралуы 20-21 ғасырлардың жетістіктері ғана емес, олар адамзат эволюциясынаң барлық орын алып отырды. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қазіргі таңдағы қоғамдық жағдайын ғалымдар ақпараттық қоғамның құрылуы деп сипаттайды. Жақын болашақта Қазақстан да осындай мəртебеге ие болатынына еш күмəн жоқ. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қызметінің əртүрлі салаларына кіре тұра, 20-ғасырдың екінші жартысына қарай «ақпарат» ұғымы өзге сипатқа, маңызға ие болды. Осындай өзгерістердің басты себебі компьютерлік техника саласындағы революциялық өнертабыстар болып табылады. Осындай өнертабыстардың нəтижесі ретінде адамдардың қатынастарының жаңа түрі – ақпараттық қатынастар пайда болды. Мəліметтерді өңдеудің жетіліп келе жатқан автоматтандырылған технологияларға, оның ішінде компьютерлік технологиялардың арқасында ақпараттық қатынастардың деңгейі мен қарқынының жеткен деңгейінің жоғарылығы сонша, тіпті салыстырмалы түрде аз ғана уақыт аралығында (соңғы 40-50 жыл) өткен ғасырдың соңына таман ақпарат қоғамдағы едəуір маңызды құндылыққа айналды. Егер алдыңғ ы кезеңде адамзаттың даму қарқыны оған қолжетімді энергиямен анықталса, қазіргі таңда осындай айқындаушы фактор ретінде оған қолжетімді ақпарат танылады.

«Ақпарат» ұғымының ролі мен маңызының осындай трансформациялану үрдісінде  маңызды кезең ретінде дербес компьютерлердің пайда болуы жəне одан кейінгі оларды алдымен локальды (жергілікті), кейін – ғаламдық желіге қосудың нəтижесі ретінде қазіргі таңда жүздеген миллион компьютерлерді біріктіретін трансконтиненталдық ақпараттық ортаның – internet-тің пайда болуы үлкен роль атқарды. Интернеттің белсенді дамуы адамның қызметінің ақпараттық ортасының ары қарай кеңеюіне үлкен үлесін қосатын факторлардың бірі б.т. Осылайша, қоғамның ақпаратқа деген қалыптасқан қажеттілігі, басқа сөзбен айтқанда, ақпаратқа жəне ақпараттық қызмет көрсетулерге қалыптасқан жəне өсіп бара жатқан сұранысы, сұраныс пен ұсыныс жайлы экономиканың іргелі заңына сəйкес осы қажеттіліктерді қанағаттандырудың дербес (өте табысты) индустрияның пайда болуына əкеліп соқты. Сұраныс пен ұсыныстың жиынтығы тиісті регламентацияны талап ететін қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін туындатты.

Ақпараттың ерекшелігіне сəйкес ақпараттық технологиялардың дамуының жоғарғы темпіне қарай көптеген əлеуметтік үрдістердің табиғи реттеушісі ретінде құқық, қоғамдағы ақпараттың саны мен сапасының көбеюіне байланысты осы əлеуметтік үрдіске дер кезінде жəне барабар əсер ете алмады. Нəтижесінде көптеген елдердің заң шығарушыларына қолданыстағы заңнаманы тез арада,«жол жөнекей» өзгертуіне жəне біруақытта – қолданыстағы нормативтік базаны шапшаң өзгеріп жатқан құқықтың шындық-шарттарына бейімдейтін жаңа нормалар енгізуіне тура келді.

Осындай өзгерістерге қазақстандық қылмыстық құқық та ұшырады. Жəне, əрине белсенді қалыптасу үрдісіндегі салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жаңа тобын əзірлеу, бірнеше қиыншылықтарға тап болды, оған кіретіндер: 1) қорғалып жатқан қоғамдық қатынастарының саласының нақты айқындалған шектерінің болмауы; 2) қоғамдық қатынастар саласын құқықтық регламентациялауға жататын іргелі ұғымдардың терминологиялық жəне мағыналық анықтылығының деңгейінің жеткіліксіздігі (яғни, тиісті қоғамдық қатынастардың едəуір маңызды элементтерін сипаттайтын терминдердің нақты жəне бір мағыналы анықтамаларының болмауы); 3) ақпараттық қатынастар саласын регламентациялаудағы заңшығарушылық жəне құқық қолданушылық тəжірибенің қажетті көлемде болмауы; 4) жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар саласында оған құзыретті мемлекеттік құрылымдардың  тиімді жəне сапалы құқық шығармашылық жəне құқық қолданушылық қызметі үшін қажетті ғылыми, кадрлық жəне материалды-техникалық базаның жетіспеушілігі; 5) зерттеліп жатқан мəселенің күрделігі деңгейінің жоғары болмауы жəне т.б.

Компьютерлік қылмыстардың бір қауіптілігі – жасалып жатқан қылмыстардың көбісі кəсіби жəне ұйымдасқан қылмыстылықтың көрінісі болып табылады, ал қазір бұл трансұлттық сипатқа ие болды. Осындай қылмыстардың басым бөлігі ұйымдасқан топпен жасалады. Осылайша, əлемдік қауымдастықтың алдында қазіргі таңның ғаламдық пробемасы тұр: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы. 2000 жылдың 22 шілдесінде ғаламдық ақпараттық қоғамның Окенавалық хартиясы қабылданған болатын, онда мемлекеттер əлемдік киберкеңістікті қылмыстылықтан еркін жəне қауіпсіз етуге бағытталған барлық қажетті шаралардың қабылдануының маңыздылығын тағы да атап көрсетті. Сонымен қатар компьютерлік ақпаратқа заңсыз ену жəне компьютерлік вирустар сияқты өзекті проблемаларды шешудің саяси жолдарын іздестіру қажеттілігі аталып өтті.

ҚР-да ұлттық деңгейде ақпараттық қауіпсіздік проблемасына көңіл бөлінеді. 2006 жылдың 10 қазанында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік Концепциясы туралы» №199 Жарлығы бекітілген болатын. Ол Жарлықта Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерінің ішінде азаматтардың ақпаратты алу жəне пайдалану жағындағы конституциялық құқықтарының сақталуы, заманауи коммуникациялық технологиялардың дамуы, мемлекеттік ақпарат көздеріне заңсыз кіруден қорғау сияқты іс-шаралар аталып көрсетілген.

Осы Концепцияға негізделе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын атап өтуге болады:

  • нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • əдістемелік жəне техникалық құжаттарды дайындау;
  • ақпаратты қорғау саласындағы біртұтас саясатты жасап жетілдіру;
  • мемлекеттік құпиялардың қорғауын қамтамасыз ету;
  • техникалық шпионажға қарсылық көрсету;
  • ақпараттық қарудың əсерінен қорғану;
  • ақпараттық ресурстарды, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді жəне ақпараттық инфрақұрылымды ұйымдастырушылық-техникалық қорғау;
  • ақпараттық жүйелерді жəне информатизация объектілерін ақпарат жəне ақпаратты қорғау саласындағы стандарт талаптарына жəне нормативтік-құқықтық актілерге сəйкестендіру;
  • техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сəйкестігін дəлелдеу;
  • ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін көздерді анықтау, бағалау жəне болжамдау;
  • техникалық қауіп құралдарына қарсы барабар шараларды жедел түрде қабылдау;
  • ақпаратты қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша ғылыми- зерттеулік қызмет жəне ғылыми-техникалық қамту;
  • ақпараттық технологиялар жəне ақпаратты қорғау саласындағы кадрларды даярлау;
  • халықаралық достастыққа ұмтылу [1, 43б.].

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ішкі көздердің ішінде ақпарат саласындағы қолайсыз криминогендік жағдай жатады.

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі əдістерінің ішінде бірінші орында құқықтық əдістер тұр. Оның ішінде, ақпаратқа заңсыз кіру, оны құқыққа қайшы көшіру, бұрмалау жəне заңға қайшы түрде пайдалану үшін заңды жəне жеке тұлғалар үшін жауапкершілік көздейтін ҚР-дың НҚА-ларын дайындау жəне қабылдау жөнінде іс-əрекет жүзеге асырылуы тиіс.

Зиянды əрекеттерді қылмыстық əрекет ретінде заңшығарушылық тұрғыдан бекіту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында едəуір маңызды орын алады. Қандай-да бір əрекеттерді қылмыстық ретінде анықтау арқылы, заңшығарушы құқық қорғау жəне құқық қолданушы органдары арқылы мемлекетке осындай əрекеттер үшін құқықтық жауапкершіліктің ең ауыр түрі –   қылмыстық жауапкершілікті қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың тағы бір маңызы, қылмыстық құқықтық құзыреттің қызметінің саласына ең қауіпті, ең зиянды əрекеттер кіреді, олардың қоғамдық қауіптілігі соншалық, тіпті оларды мемлекет қылмыстық əрекет ретінде тани алады.

Бұл өзге құқық салалары үшін тыйым салулардың жаңа түрін – əкімшілік, тəртіптік жəне т.б. енгізу барысында бағыт-бағдар болуы мүмкін. Қылмыстық құқықтың құқықтың өзге салаларымен, ең алдымен əкімшілік құқықпен байланысы, көптеген азаматтық-құқықтық, тəрітіптік (еңбек) деликтілері болашақта одан да қауіпті əрекеттердің – қылмыстардың түп бейнесі, болашақ үлгісі, алғышарты болып табылады.

Ақпараттық қауіпсіздік əр алуан қатынастардың жиынтығын құрайды. Ақпараттық қауіпсіздік едəуір жарқын түрде қылмыс құрамының заты жəне əрекет сияқты элементтері сипаттайды. Осылайша, ақпарат саласында қылмыс затына мынадай терминдер кіреді: «мəліметтер», «құпия»,«құжаттар»,  «материалдар»,  «технология»,  «деректер»,  «құбылыстар»,  «мəн»,    «тасымалдауыш»,«ЭЕМ», «ЭЕМ жүйесі», «ЭЕМ желісі», «байланыс құралдары» жəне т.б.

Ақпараттық қауіпсіздікке қарсы құқыққа қайшы əрекеттерге келесідей терминдер жатқызылуы мүмкін:  «жария  ету»,  «тарату»,  «жариялау»,  «мəлімдеу»,  «жарнамалау»,  «көрсету», «жеткізу»,«жоғалту», «иемдену», «шақыру», «бұрмалау» жəне т.с.с. Жоғарыда айтылғанды есепке ала тұра, ақпараттық қауіпсіздік қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде тек қана ҚК-де орын ала ғана қоймай, қылмыстық-құқықтық қорғаудың кең тараған объектісі болып табылатыны анық.

Қылмыс заты ретінде қабылдауға, өлшеуге, бекітуге жəне бағалауға қол жетімді сыртқы əлемнің құбылыстарын жатқызуға болады. Ақпарат қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі жəне қылмыс заты ретінде келесідей белгілердің жиынтығымен сипатталады: 1) материалды еместік; 2) тасымалдауыштан тəуелсіздік; 3) қабылдаушылық; 4) субъективтік құндылық; 5) əмбебаптылық (жалпыға ортақтылық).

ТМД мемлекеттерінің арасында компьютерлік ақпаратты қылмыстық құқықтық қорғау ең алғаш болып Ресей Федерациясында енгізілген болатын. Біздің елімізде жаңа қылмыстық кодекстің жəне өзге заңдардың, оның ішінде, 2007 жылдың 11 қаңтарында «Ақпараттандыру туралы» заңының қабылдануына байланысты осы сала да құқықтық реттеу аясына енді.

РФ  Қылмыстық  кодексінің  28-тарауында  «Компьютерлік  ақпарат  саласындағы    қылмыстар»,«Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар» атты 9- бөлімге кіретін 3-баптан тұрады: 272-бап – компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру; 273-бап – ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану жəне тарату; 274-бап – ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін қолдану ережелерін бұзу.

Беларусь Республикасының Қылмыстық кодексі (2001 ж. 1 қаңтарында күшіне енген) ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік көздейтін жеке тарау қарастырған жəне жеті баптан тұрады.

ҚР ҚК-де компьютерлік қылмыстар 7-тарауда («Экономикалық қызмет  саласындағы қылмыстар») орын алған 227 - бап – Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану жəне тарату. Ресей қылмыстық кодексімен  салыстырғанда осы бір бап Ресей ҚК-дегі екі бірдей баптарды біріктірген.

Қылмыстық құқық жəне оны қолдану тəжірибесі ерекше орын алатын құқықтық  базаны ары қарай жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Жəне де ең алдымен құқықтың əр түрлі салаларының нормаларының бірлігіне қол жеткізіп, олардың тепе -  теңдігін барынша төмендету.

Қоғамдағы саяси, экономикалық жəне əлеуметтік реформалар науқанында заңның жаңа жеке ережелерін жетілдіру үрдісі қажет. Осылайша, ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қылмыстық кодексте одан да ірі құбылыстың – компьютерлік қылмыстардың жекелеген шағын тобы болып табылады. Қазіргі таңда осы санаттағы қылмыстар саны көбейді деп болжауға болады, бұл өз кезегінде осындай қолсұғушылықтарға қарсы қылмыстық құқықтық күрестің тиімді шаралар жүйесін құру қажеттілігін талап етеді жəне осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде əрекеттерді үйлестіруді қажетсінеді.

 

Әдебиеттер

  1. Белгілі ғалым, профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қылмыстық саясат: XXI ғасырда қылмыстылықпен күресудің стратегиясы жəне тактикасы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары/ - Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 428 б.
  2. 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі
  3. «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік Концепциясы туралы» ҚР Президентінің 2006 жылдың 10 қазанындағы №199 Жарлығы.
  4. Қазақстан Республкасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.