Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандыру қызметінің əлеуметтік-экономикалық мəні, оның іс-əрекет сфералары

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне  категорияларының бірі, сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық жəне ұжымдық болып табылады. Негізінде сақтандыру күтпеген жерден туындайтын, залал-зардап сияқты келеңсіз нəтижелері бар табиғи төтенше жəне өндірістік аялардағы апатты жағдайлардан заңды жəне жеке тұлғалардың мүліктік, қаржылық жəне  басқа   дамүдделерін  қорғауға  арналған  мақсатты қорларын      құрайтын, қалыптастыратын түсім көздеріне ерікті жəне міндетті негізде алынатын заңды жəне жеке тұлғалардың жарналары жатады. Бұл жердегі маңызды көрініс сақтандыру мақсатты қорларын құру, оларды басқару жəне бөлу қаржылық қатынастары жүйесінің қоғамның қаржылық ресурстарын қалыптастыру жəне жұмсау жөніндегі қаржылық қатынастармен тығыз байланысты болып табылады. Қазақстандағы қоғамдық даму процестері де экономикалық заңдарды біліп игеруге жəне пайдалануға,  оларға  сүйене  отырып  қызмет  атқаруға  негізделген  сақтандыру  рыногына көшу қажеттілігін шарттаған болатын.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тəн:

  • Қатынастардың ықтималдық сипаты;
  • Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кəсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • Сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жəне заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жəне оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру жəне пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мəніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық жəне бақылау функциялары сəйкес келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерді жұмылдыруды жəне сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тəуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тəуекел сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысқан жəне жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге жəне жоюға бағытталған. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікпен қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды – əлеуметтік қорлар мен əлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың əлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-əрекеті халықты əлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып жəне олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен əл-ауқатын, олардың мүлік, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру жəне шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың ең негізгі əдісі қолданылады, олар: бюджеттік жəне сақтық əдістері. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік əдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық əдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын алу қарастырады; жарналардың мөлшері жəне оларды төлеудің тəртібі сақтандырудың түрлеріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады. Сақтық қатынастардың бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік əдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – əлеуметтік сақтандыруда – қос əдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық əдіс пайдаланылады.

Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастарының қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету жəне сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты төлемдер есебіне қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды жəне оның  орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық жəне жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік əрекетінің сан қырлы экономикалық жəне əлеуметтік аспектілері көрінеді. Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау  қорларына  да  жатпайды.  Ол  –  табыс  ретінде  тұтынылмайтын  жəне  қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едəуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кəсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді.

Нарықтық экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады. Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді əрі орнықты дамуына, халықты əлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мəселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, əлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.