Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Елімізде сақтандыру ісінің қалыптасуы

Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. Сақтандыру - ісі кең мағынада бір  нəрсенің  жағымсыз  салдарынан  қорғау  дегенді  білдіреді.  Бұл мағынада  сақтандыру қоғаммен, яғни мемлекетпен бірге пайда болып, оның табиғаттың ажырамас бір элементі болып табылады.

Уақыт өте сақтандыру қоғамдық өндіріске қызмет көрсететін арнайы салаға айналды. Осы орайда, сақтандырумен кəсіби айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген.  Осы заңның 2-тармағында: «Сақтандыру қызметі дегеніміз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес уəкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сəйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі». Демек, сақтандыру белгілі бір тəуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы оқиғалары басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүделлерін сақтандыру мүдделерін арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қор есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді [1].

Сақтандыру тарихы өз тамырын тереңнен алады. Сақтандыру жүйесі өте ерте кезеңде пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл  бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты – адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.

Б.з.д. 916 жылы Ежелгі Грецияда Родос аралында кеме аударылуы салдарынан келетін шығынды бөлісу туралы сақтандыру актісі қабылданған. Сақтандыру ісі ежелгі Римда азаматтардың материалды, кəсіптік жəне жеке қызығушылықтарын (еңбек қабілеттілігін жоғалту, қайтыс болған адамды жерлеу шаралары) қарастыратын қоғамдар негізінде құрылды. Ортағасырларда сақтандыру көпестердің жолда жүру жəне жеке қауіпсіздігі үшін біріккен гельдия одақтары арқылы іске асты. Кейінгі ортағасырларда қалалардың өсуіне байланысты ағаш құрылыстарының көбеюімен мүлік пен құрылысты өрттен қорғау, су басу жəне де басқа стихиялы апаттардан қорғану қажеттілігі туындады. ХVІ ғасырда Германияда Брюгге қаласында көпестер мен қолөнершілердің қызығушылықтарын қорғау мақсатында Сақтандыру палатасы құрылса, Ресейде 1827 жылы Бірінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы, 1835 жылы Екінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы құрылды.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін сақтандыру ісінің қалыптасып дамуы, 3 этаптан тұрған:

  • сақтандыру барлық түріне (əлеуметтік сақтандырудан басқалары) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін сақтандыру істері жөнінде комиссариат құру туралы 1918 жылы 23 наурызда РСФСР- дың халықтық комиссариатының «Барлық сақтандыру түрлеріне (əлеуметтіктен басқа) мемлекеттік бақылау енгізу туралы» Декрет, «Өртпен күрестегі мемлекеттік шараларды ұйымдастыру туралы» Декрет қабылданған болатын, мақсаты сақтандыру компанияларының ақша қорларын мақсатсыз жұмсамауға бағытталды. 1921 жылы «Мүлікті мемлекеттік сақтандыру туралы» Декрет қабылданып, Халық комиссариаты жанында Мемлекеттік сақтандырудың басқармасы құрылды [2].
  • Ресей республикасының сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы 1918 жылы 28 қарашада жəне РСФСР-дың декреті қабылданды.
  • КСРО мемлекеттік сақтандыру туралы Ережені 1925 жылы қыркүйектің 18-де орталық атқару комитеті мен халық комиссариаты бекіткен.

Сонымен қатар, республикалық қаржылық халық комиссариатында мемлекеттік сақтандырудың бас басқармасы құрылды. Осы басқарма өзіне тиесілі сақтандыру тарифтерін əзірлеу, қаржы халық комиссариаты бекіткен қағидалар мен нұсқаулар шығару, сақтандыру нысандарының негіздемелерін əзірлеу, жергілікті мемлекеттік сақтандыру мекемелеріне басшылық ету, өзгерістер  мен толықтырулар енгізуді міндетіне алды.

Кепілдендірілген сақтандыру ауқымы кредиттік мекемелерде, мемлекеттік өнеркəсіптерін, сауда ұйымдарын, қоймаларды, теміржол жəне су жолы көліктерін қамтыған ерікті сақтандыру қызметі іске асырылды.

1930 жылы ақпанның 3-де КСРО мемлекеттің қабылдаған мемлекеттік сақтандыруды, өзгерістер қаулыға сəйкес сақтандыру аясын жетілдіру, құқықтық реттеу, мемлекеттік сақтандыру өңдеу жұмыстары халық комиссарлары комиссияға берілді. Жеке басын сақтандыру мемлекеттік еңбек жинау кассаларына берілді.

Барлық міндетті сақтандыру бойынша операцияларды тиісті қаржылық органдар жүзеге асырды.

Сақтандыру аясындағы жағдайларда түзету мақсатында кеңестер одағы мемлекеттік сақтандыруды қайта құру 1948 жылдың аяғында КСРО Бас мемлекеттік сақтандыру басқармасымен оның органдары бірігіп, Ережесін бекітті.

Бұл жылдары мемлекеттік сақтандыру аясында алынған таза табыстың 50%-і одақтық бюджетке аударылған. Ал қалған 2%-і запастағы қорға қалдырылып отырған.

Кеңес Одағындағы мемлекеттік сақтандыру 1953 жылы КОКП ОК Пленумының қыркүйектегі шешімімен колхоздарда сақтандыру ісі жолға қойылса, 60 жылдары ауылшаруашылық аясындағы сақтандыру жүйесі назарға алынды. 1956 жылы ақпанның 10-да КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Жарлығына сəйкес жануарларды сақтандыру бойынша төлемдерді қабылдау, 1958 жылы ақпанның 17-де КСРО мемлекеттік сақтандыру жергілікті органдары одақтас қаржылық республикалық қаржы министрлігіне кіріп отырды.

1960-1980 жылдарға дейін қоғамның əр түрлі аяларында əр түрлі нысанда жүзеге асырыла бастаған міндетті сақтандыру жəне ерікті сақтандыру істері жүзеге асырылды 1963 жылы қазанның 21-де кəсіподақ ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлерінің өмірі мен  мүліктерін сақтандыру жөнінде ұсыныс жасаса, ал 1967 жылы тамыздың 28-де КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен КСРО министрлер кеңесінің қаулысы мемлекеттік сақтандыру мен колхоздардың экономикалық байланыстары мен мүдделерін сақтау жəне құқықтық реттеу мəселесін қарастырды. Ал, 1968 жылы «Жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке басты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын ақшасыз есеп айырысу жолымен төлеуі туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына орай сақтандыру қоғамдық өте қажетті элемент екенін атап өтуге тиіспіз.

1977 жылы тамыздың 2-дегі қаулыға сəйкес мемлекеттік сақтандыру ісін одан əрі дамыту жөнінде шаралар қолданылды. Сол жылғы қаулыға сəйкес совхоздар мен колхоздар мемлекеттік ауыл шаруашылық кəсіпорындары, тағы да мемлекеттік басқа органдар, кəсіпорындар стихиялық апаттармен өзге де қолайсыз жағдайлардан келген залалдардың орнын толтыру тəртібін жетілдіру туралы ұсыныс. Министрлер советінің қаулысына сəйкес 1986 жылдың 3 қыркүйегінде кəсіпорындардың міндетті сақтандыру мəселелерін, өзгерту мəселелерін қарастырды.

1981 жылы қазанның 2-де КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумында азаматтардың қарамағындағы мүліктерді міндетті мемлекеттік сақтандыруға жатқызды. Жаңа тарифтер мен бағалар құқықтық нормалар, сақтандыру сомалары, сақтандыру аумағы, сақтандыру объектілері, сақтандыру құнын анықтау тəсілдері сақтандыру төлемдері мен өтемдері белгіленді.

Жалпы, 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1977, 1980, 1984 жылдары қоғамның əр түрлі аялары мен жан-жақты түрлі нысанда жүзеге асырылған міндетті жəне ерікті мемлекеттік сақтандыру үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Кеңестер Одағының ыдырауы мен Қазақстанның егемендік алуына аздаған уақыт көлемі қалған кезде еліміздің сақтандыру жүйесі кемеліне келген шағы дей аламыз.

Кеңестік кезеңде Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру саясатын Қазақ ССР мемлекеттік сақтандыру Бас басқармасы атқарған болатын, Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып жариялануымен, еліміздің сақтандыру нарығында 1991 жылы Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің шешімімен Қазақ ССР мемлекеттік сақтандыру Бас басқармасы Мемлекеттік коммерциялық компаниясы болып қайта құрылды [3].

Қазақстандағы сақтандыру ісін өркениетті арнаға түсіру мақсатында қабылданған 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы» Заңы егеменді еліміздің сақтандыру жүйесін реформалаудың, шын мəнісінде экономикалық құқықтық қайта құрудың бастамасы еді. 1994 жылы сəуірдің 16-сындағы «Сақтандыру нарығын қалыптастыру жəне дамыту жөніндегі ұйымдық- құқықтық шаралар жөніндегі» Жарлығы қабылданып, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу мен тиімді дамыту көзделген болатын. 1996 жылғы маусымда еліміздің сақтандыру жүйесін кешенді дамыту мақсатында 1996-1998 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен мақұлданған болатын. Мұнда сақтандыру рыногын дамытудың жалпы мемлекеттік бірінші кезектегі іс-шаралары, отандық жəне шетелдік сақтандыру ұйымдарының мамандары мен ғалымдарының ұсыныстары, сақтандыру қорғау жүйесінің тиімді қызмет атқаруларын жоғарылату мəселелері ескерілген еді.

2000 жылдың 18 қазанындағы «Сақтандыру қызметі туралы» қабылданған Заң жобасында сақтандыруды ұйымдастырудың негізгі түсініктерінің анықтамасы жəне сақтандыру компанияларын реттейтін негізгі құралдары көрсетілген [4]. Бұл кезеңде, яғни 2001 жылдың басында Қазақстанда  42 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүргізу лицензиясы негізінде өз жұмыстарын атқарған болатын. Қазіргі таңда (осы ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне шаққандағы жағдай бойынша) 39 сақтандыру ұйымы қызметтерін атқаруда. Олардың үшеуі мемлекеттік қатысуымен, төртеуі шетелдіктер үлесімен құрылған. Қазақстанда қызмет етіп отырған осы сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 5 миллиард теңгені, активтері 10 497,1  миллион теңгені сақтандыру резервтерінің жалпы көлемі 4,3 миллиард құрап отыр. 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында сақтандыру сыйлық ақысының көлемі 6,8 миллиард теңгені көрсеткен. Қаржылық көрсеткіштері мен төлем қабілеттілігі нормативтері толық орындаған 30 сақтандыру ұйымына «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сəйкес  сақтандыру қызметін жүргізуге құқық беретін жаңа үлгідегі лицензиялар тапсырылған.

2000-2002 жылдары сақтандыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада:

  • Əлеуметтік сақтандыруды түрі  ретінде сақтандыру тұрғысында қорғауды ұсынудың принциптерін нақтылау;
  • Сақтандыру рыногының  қазіргі  заманғы   инфрақұрылымын қалыптастыру  жəне   оның қатысушыларының қызметін ұйымдастыру;
  • Сақтандыру саласында кадрлар даярлау қайта даярлау, жəне біліктілігін ұйымдастыру жəне т.б. Сонымен қатар, мынадай нəтижелердің, яғни сиымды жəне бəсекеге қабілетті ұлттық сақтандыру рыногын құру, сақтандыру  ұйымдарының   қаржылық орнықтылығы мен оларға деген сақтанушылардың сенімділігін, олардың сақтандыру рыногында ұсынатын қызметінің сапасын арттыру, түрлі қолайсыз жəне кездейсоқ жағдайлардың сақтандыру тұрғысына қорғауды қолдануы аясын кеңейту, еліміздің ішкі резервтері есебінен ұзақ мерзімді негізде елеулі қаражаттардың ағылып келуі сақтандырудағы рыногтық жаңартулардағы жедел дамыту үшін сақтандыру мүмкіндіктері есебінен айтарлықтай жағдай жасау мəселелері қарастырылды.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2003 жылғы 16 мамырдағы заңында: «Сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын жəне өзге де заң актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі. «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сəуірдегі №405-11 Заңы, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №11-III жəне 20 желтоқсандағы №13-111 ҚР заңдарына сəйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, халықты əлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылатын азаматтарды əлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретінде Қазақстан Республикасындағы міндетті əлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық  жəне ұйымдастыру негіздерін белгілеуге атсалысатын осы Заңның кұрылымдық бөлімшелері мазмұндалған. 2006 жылғы 10 қаңтардағы №116-ІП жəне 31 қаңтардағы №125-111 ҚР Заңдарына сəйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы «Қазақстан Республикасының Заңы, бүгінде, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді міндетті сақтандырудың құқықтық, қаржылық жəне ұйымдастыру негіздерін белгілеуге, сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге атсалысуда.

Сонымен,біз елімізде сақтандыру ісінің  қалыптасу тарихын қарастырып, сақтандыру саласындағы заңнамаларды талдауға тырыстық.

 

 

Әдебиеттер

  1.  «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» Заңы // Егемен Қазақстан 2000 ж. 22 желтоқсан.
  2. Скамай Л.Т., Мазурина Т.Ю. Страховое дело. – М., 2004. - 256 с.
  3. Жуйриков К. Страховой рынок Казахстана: история становления и сегодняшний день // Время. – 2001 ж. – 12қазан.
  4. Сманов Б.Ө. Сақтандыру: экономикалық маңызы жəне Қазақстанда қалыптасып, даму кезеңдері. – А., 2000. – 46 с.
  5. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы. – Алматы, 2007. - 256 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.