Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңды жауапкершілік қағидасы жүйесіндегі гуманизм қағидасы

Еліміздің тəуелсіздігіне жиырма жыл толу қарсаңында қол жеткізген жетістіктеріміздің ішінде ізгілендіру бағытына қарай дамып келе жатқан құқықтық үдерістердің орны ерекше екенін атап өту керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау жəне қорғау мемлекет міндеті болып табылады. Əрі қарай, Конституцияның 17 бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды»  [1] делінген, яғни жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалады. Аталған нормалар гуманизмнің жалпы құқықтық қағидасын қалыптастырады.

Біздің қоғам өмірін, соның ішінде құқық саласын тереңдеп гуманизациялау қажеттілігінің өсуіне қарамастан, бұл түсініктің нақты мазмұнының айқын көрінісі жоқ екені жасырын емес. Арнайы əдебиеттерде бүгінде «гуманизм» терминін талқылауда көзқарастардың бір жерде тоғыспай жатқанын анық көруге болады. Сондықтан да бастапқыда заңды жауапкершілік гуманизмі мəселелерін зерттемес бұрын, гуманизм түсінігінің өзін қарастырып өту қажеттілігі ұсынылады.

Гуманизм батыс философиясындағы елеулі бағыттардың бірі ретінде түсіндіріледі. Ол Қайта Өрлеу дəуірінде (ХV-ХVI ғ.) пайда болып, ХVIII ғ. ағартушылардың еңбектерінде  шырқау шыңына жеткендігін байқай аламыз. Реформация дəуіріндегі Еуропадағы ұзақ азаматтық жəне діни соғысы үрдісінде жаулап алынған буржуазиялық құқықтар мен міндеттерден көрініс тапты. Ол адамға жаңа заңды мəртебе өзінің «шынайы» табиғатын бекіту мен дамытуы үшін қажет еді [2].

Марксизм көзқарасы бойынша, адамдар арасында шын мəнінде гумандық қатынастар орнату үшін, рақымсыздықты туғызатын талаптарды өзгерту қажет [3].

ХIХ-ХХ ғ. гуманизм мəселелерін талдайтын жаңа философиялық ағымдар туындайды.

Персоналистік философия «трагедиялық гуманизм» түсінігін алып келді. Адамның қоғамдағы өмірін зерттей отыра, персоналистер адамзат болмысында, яғни, индивид пен жеке тұлға; тұлғаның ішкі тұрақтылыққа ұмтылуы жəне оның əлемге басқаларға, құдайға ашылуы, өмір мен өлім сияқты трагедияның болуына негіз бар деп есептейді. Ал адамның барлық сыртқы трагедиялары (ауру, өлім, соғыс жəне басқа) адамның ішкі қайғысының кескіні ғана. Персоналистік философияның маңызды тұжырымы – қоғамдық прогресс критерийі – адам болып табылады.

Экзистенционализм де өз кезегінде гуманизмді философияның орталық категориясы ретінде қарастыра отырып, адамзат тұлғасын зерттеуге көңіл бөледі. Экзистенционалды гуманизм əрбір адамзат баласының қайталанбастығына жəне олардың бостандығына ерекше назар аударады.

«Радикалды гуманизм» атауын алған жаңа философиялық ағымды Фромм атымен байланыстырады. З. Фрейд, К. Маркс, Баховен ілімдерін талдау негізінде Фромм адамзат тұлғасының құндылығы мен жеткіліктілігі, оның сыртқы əсерлерге бағынышты еместігі жөнінде қорытындыға келеді.

Заманауи қоғамдық ғылымдар көзқарасы бойынша гуманизм – мəні адам адамға жоғары құндылық ретінде қарауы, қатынасы болып табылатын қоғамдық болмыс пен сананың түбірлі сипаты деп есептеледі. Ол альтруизмнен, жақсылық істеуге ұмтылу, мейірімділік, қайғыға ортақтасу, айналадағыларға көмектесуден көрініс табады.

Мемлекет жəне құқық теориясы жұмыстарының барлығында дерлік гуманизм қағидасы қарастырылады. Мысалы, О.И. Цыбулевская гуманизм деп жеке тұлғаға, оның абыройы мен құқықтарына деген сый-құрметпен байыпталған қоғам мен құқыққа деген тарихи өзгермелі орныққан пікірлер жүйесі [4] - деп пайымдайды. Аталған қағиданың қоғам мен жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасын көрсететінін баса көрсетеді, ол өз кезегінде заңдылық, мемлекеттің қылмыстық жəне еңбекпен түзеу саясатының ажырамас белгісі болып табылады.

Гуманизм идеясына түрлі тұрғыдан келуге болатынына қарамастан, олардың ішінен жалпыға ортақ белгі шығаруға болады. Мұндай жалпылама бастама, біздің көзқарасымыз бойынша келесідей болмақ: біріншіден, гуманизм жалпы қоғам тарапынан болсын, жекелеген индивидтер тарапынан болсын адамға деген белгілі-бір қатынаспен байланысады; екіншіден, мұндай қатынас Адамды жоғары құндылық ретінде мойындауға негізделеді. Ал ол өз кезегінде азаматқа тиесілі өмір, денсаулық жəне ар-ождан сияқты материалдық емес игіліктерді мойындаудан, сыйлаудан жəне қорғаудан, сондай-ақ тұлғаға қатысты барлық мүмкін деген жүріс-тұрыстың жеңіл, жұмсақ түрін таңдаудан көрінеді. Міне осы жайттар, біздің көзқарасымыз бойынша көзқарастар жүйесі ретінде гуманизм негізін құрайды.

Жария құқықта жауапкершілік гуманизмі идеясы барлық дерлік нормативтік актілерде нормативті көрінісін тапты. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 38бабы [5] бойынша қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жаза мен басқа да қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар, физикалық азап шектіруді немесе адамның ар-ожданын қаралауды мақсат тұта алмайды, немесе ҚР Конституциясының 17бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір көрсетуге не жазалауға болмайды» делінген. Заңды жауаптылық қағидасы ретінде гуманизмге қатысты мұндай ереже адамның ар- ожданын қорлайтын немесе физикалық азап шектіруді көздейтін жауапкершілік шараларын, тек қана гуманды жауапкершілік шаралары бекітілу тиіс заңды қабылдау сатысында-ақ алынып тасталады.

Жеке құқықта гуманизм қағидасы тікелей бекітілмеген, алайда ол азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы нормалардың мазмұнын талдау барысында шығарылып, заңмен қарастырылған жауапкершілік шаралары қатал сипатта емес екендігімен, борышқор тұлғаның ар- ожданын қорлауға бағытталмағандығымен жəне олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді көздемейтіндігінен көрініс табады.

Заңды жауапкершілік институтының нормаларындағы гуманизм қағидасын жүзеге асыру тұрғысындағы даулы сұрақтардың бірі болып өлім жазасы мəселесі табылады. Əрекет етіп тұрған қылмыстық заңда жазаның аталған түрі тек қана аса ауыр қылмыстарға тағайындалатын жаза деп қарастырады.

Өзінің табиғаты бойынша өлім жазасы тұлғаға терең психикалық азап келтіріп, тұлғаны физикалық тұрғыда жоюмен байланысты болғандықтан антигуманды екенін  мойындауымыз керек.

Конституциясының 15бабының 2тармағында өлім жазасына қатысты маңызды тұжырымдамалар бар. Баптың тұжырымдары өлім жазасын реттеуші халықаралық құқық нормаларына сай келетініне баса назар аудару қажет. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс елдерінде күшейген өлім жазасын тоқтату қозғалыстары, ақырындап бірқатар маңызды халықаралық құқықтық құжаттарға сəйкес ұсыныстар енгізілуіне алып келді. Қазіргі уақытта БҰҰ мақұлдаған құжаттарда, өлім жазасымен жазаланатын қылмыстық істердің шеңберін шектеу қажеттілігіне баса көңіл бөлінеді. Мысалы, азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде «Өлім жазасы алынып тасталмаған елдерде, өлім жазасы тек аса ауыр қылмыстар үшін ғана тағайындалады» делінген (6 б. 2 т.).

Қазақстан Республикасы Президенті 1994 жылы наурызда бекіткен Құқықтық реформа бағдарламасының өзінде-ақ өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюдың перспективасы нақты белгіленген болатын. Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ ұрлық, жалған ақша жасаушылық, валюталық операциялар туралы ережелерді бұзушылық, қарақшылық түзеу мекемелердің жұмысына іріткі салатын əрекеттер, зорлау мен пара алу үшін өлім жазасы заң жүзінде жойылды. ҚР Конституциясының өлім жазасына қатысты 15бабының 2тармағы өзінің əрі қарай дамуы 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жаңа Қылмыстық кодексті қолданысқа енгізілуімен байланысты болды, онда өлім жазасы бейбіт кезде іс жүзінде ауырлататын мəн жайларда қасақана кісі өлтіргені үшін ғана сақталады.

Ең алдымен Конституция талап еткендей, өлім жазасымен жазаланатын қылмыс шеңбері түпкілікті түрде қысқарған. Қылмыстық кодекстің 49 бабына сəйкес жазаның ерекше түрі ретінде өлім жазасы адамның өмірін қиюмен байланысты, сондай-ақ соғыс уақытында немесе соғыс жағдайында, мемлекеттік опасыздық (сатқындық), бейбітшілік пен азамат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, аса ауыр əскери қылмыстар жасалған үшін тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде мұндай қылмыстарға мыналар жатқызылған: қасақана кісі өлтіру (96 б. 2 т.), агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (156 б. 2 т.), соғыс жүргізу де тыйым салынған құралдар мен əдістерді қолдану (159 б.), геноцид (160 б.), жалдап кісі өлтіру (162 б.), мемлекетке опасыздық (165 б.), мемлекеттік қайраткер немесе қоғам  қайраткерінің өміріне қастандық (167 б.), диверсия (171 б.), сот əділдігін жүзеге асырушы немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы тұлғаның өміріне қастандық (340 б.), билікті теріс пайдалану (380 б.), соғысты жүргізу құралдарын қарсы жаққа беру немесе қолдану (383 б.) [5].

Өлім жазасы үкімін шығару мүмкіндігін қарастырушы жоғарыда келтірілген баптардағы санкциялар, соттың өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі балама жазаны тағайындауға жол береді.

Өлім жазасын айыптыға тек барлық судьялардың бірауыздан шығарған шешімі бойынша тағайындау, ал үкімді ол күшіне енген сəттен бастап бір жылдан кейін ғана орындау туралы ережелер заң жүзінде бекітілді.

Өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарылу мүмкіндігін елеулі түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 49 б. 2 т. қысқартады. Онда өлім жазасы əйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі қылмыс жасаған тұлғалар, сот үкімі шыққан сəтте 65 жасқа толған ер азаматтарға тағайындалмайды деп бекітілген. Өлім жазасына кесілген тұлғаның кешірім жасау туралы өтініш етуге (ҚР Президентіне) құқығы бар.

Көптеген əлеуметтік сауалнамалар біздің ел халқының басым көпшілігінің өлім  жазасын толық жоюға əлі ертерек деп санайтындығы қуаттады. Қоғам пікірі ескеріле отырып, жазаның ең ауыр түрін қолдануды одан əрі шектеуге кезекті қадам ретінде өлім жазасын орындауға мораторий таңдап алынды. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің қылмыстық саясатын одан əрі ізгілендіру мақсатында Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий еңгізу туралы Жарлығын қабылдады [6]. Мемлекет басшысының бұл Жарлығы қылмыстық заңнаманы одан əрі ізгілендіру туралы ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыруға бағытталған қадам болды. Жарлық бойынша сол уақытқа дейінгі өлім жазасына кесілген қылмыскерлерге балама жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жүктелді.

Осыған байланысты Қазақстанда бүгінде өлім жазасы де-юре ғана бар деген қорытындыға келе аламыз.

Осындай түрде, барлық айтылғандар ҚР заңдарында мұндай санкцияның формальды түрде болғанына қарамастан қазақстандық құқық жүйесінде бекітілген заңды жауапкершілік шаралары қатарына фактілі түрде кірмейді, демек гуманизм жалпыға бірдей, яғни барлық құқық салаларына таралатын заңды жауапкершілік қағидасы деп есептеуге негіз береді.

Алайда заңды жауапкершілік шаралары гуманизмі гуманизм қағидасының жалғыз ерекшелігі емес. Мұнда заңның кері күші, оның заңды жауапкершілік гуманизмі қағидасына сəйкес келуі немесе келмеуіне байланысты жол берілуі не берілмеуі жөнінде əңгіме болып отыр. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңының 37бабына [7] сəйкес гуманизм қағидасымен заңның кері күшіне жол берілу немесе берілмеуіне байланысты 3 жағдайды айтуға болады:

  1. Жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күші болмайды;
  2. Жауапкершілікті жоятын заңның кері күші болады;
  3. Жауапкершілікті жеңілдететін заңның кері күші болады.

Мұнда жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігі туралы ереже гуманизм қағидасының көрінісіне, ал жауапкершілікті бекітетін заң - əділеттілік қағидасының көрінісіне жатқызылуы арнайы түсіндіруді талап етеді.

Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың   жағдайын   нашарлататын   нормативтiк    құқықтық    актiлердiң    керi    күшi болмайды. Жауапкершілікті бекітетін заңның кері күшіне жол берілмеуі əділеттілік қағидасына жатқызылады, өйткені қарама-қайшы норманың əрекет етуі жағдайында теріс қылықтың жасалу сəтіндегі қоғамдық пікір мен тұлғаға жауапкершілік шараларын қолдану арқылы теріс əсер етудің арасында сəйкестілік, ара қатынас бұзылатын еді. Ал жауапкершілікті күшейту орын алса жағдай басқаша болар еді. Мұнда əлдебір əрекетке негативті, заңсыз деген пікір беріп қойылған. Сондықтан жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігін əлдебір теріс қылықты қоғамның бағалауын өзгерте отырып түсіндіру өте қиын. Сəйкесінше бұл норманың заңда болу себебін басқа жақтан іздеу керек. Біздің пікіріміз бойынша мұндай себепті, заң шығарушының жағдайды реттеуге мүмкіндігі бар екі варианттың мейлінше жеңілдеуін таңдауында деп түсіндіруге болады. Осыған байланысты жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігі нормасының қайнар көзі жауапкершілік гуманизмі қағидасы болып табылады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе заңды жауапкершілік гуманизмі қағидасының мəнін біріншіден, заңмен бекітілген заңды жауапкершілік шаралары тұлғаға физикалық тұрғыда азап келтіруді, ар-ождан, қадір-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды, екіншіден, жауапкершілікті жоятын немесе жеңілдететін заңның кері күшіне жол берілгенде жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігімен түсіндіруге болады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Жеті Жарғы, 1995. – 96 б.
  2. Франк С.Л. Духовные основы общества. Введение в социальную философию // Русское зарубежье. Л., 1991. – С.254.
  3. Маркс К. Энгельс Ф. Сочинения. 2-e издание. – Т. 46, ч. 1. – C.
  4. Цыбулевская О.И. Юридическая ответственность // Теория государства и права / Под ред. Н.И. Матузова, А.В.Малько. - М., 1997. - С. 680.
  5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ. – 142 б.
  6. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий еңгізу туралы 2003 ж., 17 желтоқсан № 1251. // Егемен Қазақстан. - 2002. - 23 желтоқсан.
  7. Қазақстан Республикасының Заңы. Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 ж., 24 наурыз N 213. - Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., 2-3, 25-құжат.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.