Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық қызмет саласындағы қылмыстық іс-əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайлардың түсінігі жəне сипаттамасы

Қылмыстық іс-əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайлардың жалпы ұғымын анықтау ғылыми жəне тəжірибелік маңызға ие. Аталған ұғымның негізгі мақсаты, осы мəн-жайларды сипаттайтын объективті шынайылықты көрсету. Басқаша айтқанда, аталған түсініктің негізінде қарастырып жатқан мəн-жайлардың қасиеттерінің елеулі, негізгі анықтамалары жатыр [1, 13-14 бб.]. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану, аса (мəжбүрлі) қажеттілік, қылмыскерді ұстау, орынды кəсіби тəуекел, күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау əрекеттері жатады. Осындай жағдайларда істелген əрекет немесе əрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан қылмыс қатарына жатқызылмайды.

Қазіргі қоғамда қызметтің түрлері көп, соның ішінде медицина саласындағы қызмет ең жоғары жауапкершілікті талап ететін мамандықтардың қатарында саналады. Медицина қызметкерлерінің кəсіби құзыретіне емдеу қызметі жатқызылады. Аталған қызмет адамдарды емдеу, органдарын алуға немесе ауыстыруға байланысты белгілі бір қиындықтар туындатады. Сонымен қатар, осы қызмет адамның өмірі жəне денсаулығын сақтауға бағытталғандықтан адамзаттың ең ізгілікті іс- əрекеті ретінде бағаланады. Дəрігердің емдік қызметі кəсіби тəуекелділік, аса қажеттілік немесе жəбірленушінің келісім беру тұрғысынан жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 34бабының 1бөлігіне сəйкес: аса қажеттілік деп осы Кодекспен қорғалатын, мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды делінген. Дəрігерлік қызметті жүзеге асыру кезінде аса қажеттілік əрқашанда ірі зиянды жоюға немесе оның алдын алуға бағытталады. Дəрігер операция жасау барысында ірі зиян келтірмеу үшін барлық сақтандыру шараларын жүзеге асырады. Қазақ ССР территориясы шеңберінде қолданылып келген РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық кодексінің 140 бабы Заңсыз аборт жасау іс-əрекетін қоғамға қауіпті деп бағалап, аталынған əрекет жүкті əйелдің денсаулығына қол сұға отырып, құқыққа қайшы іс-əрекеттер ретінде қылмыстар қатарына жатқызылған. Бірақ заңда егер де жүкті əйелдің өміріне немесе денсаулығына ауыр зиян келу қаупі төніп тұрса, аборт жасау қылмыс болып табылмайды деген ескертпесі бар. Бұл бапта жасалынған аборттың қоғамға қауіптілігін жоятын аса (мəжбүрлі) қажеттіліктің жеке жағдайы қарастырылған. Сонымен, аса қажеттілік жөніндегі жалпы норманың болуына қарамастан, қылмыс құрамының өзіндік ерекшелігін ескере отыра, заңшығарушы аса (мəжбүрлі) қажеттілік жағдайында жасалынған іс-əрекет қоғамға қауіпті болып танылмайды деп тануды қажеттілік деп есептеген [2, 7 б.]. Медицина саласында жаңа технологиялардың қолданылуы, кейбір жағдайларда тəуекелділікті талап етеді. Медициналық тəуекелділікті айтпастан бұрын, орынды тəуекел ұғымына тоқтала кетсек.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35 бабына сəйкес: Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін негізделген тəуекелдік осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.Егер аталған мақсатқа тəуекелмен байланыссыз іс-əрекетпен (əрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса жəне тəуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тəуекел негізді деп танылады. Егер тəуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тəуекел ету негізді деп танылмайды. Медициналық тəуекел инновацияға жақын, өйткені ол адамдардың өміріне жəне денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігінен жəне дəрігерлердің кəсіби қызметімен тікелей байланысты, сондай-ақ медицина саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарында да кеңінен қолданатындықтан, құқықтық əдебиетте медициналық тəуекел мəселесі дербес зерттеу пəні ретінде бөлініп шығарылған. Қазіргі кезде əлемде дəстүрлі түрде жабық болған органдар: жүрек, бүйрек, кеуде, бас миы жəне т.б. адам ағзаларына күрделі операциялар жасалуда. Осындай жағдайларда диагностика жəне емдеудің дəстүрлі тəсілдері ғана емес, сонымен бірге жалпы қолданылуға болмайтын əдістер, приборлар жəне дəрілік препараттар пайдаланылуда. Сондықтан медициналық тəуекел шұғыл араласу барысында, терапевтикалық емдеу жəне медициналық экспериментті жүргізу кезінде қолданылуда. Медициналық тəуекелді кез келген тəуекелділік іс- əрекеттердің құқыққа сай екендігін анықтайтын барлық шарттар қолданылады.

 Бірақ медициналық тəуекел келесідей шарттарды сақтаған жағдайда негізді деп танылады:

1) өмірін құтқару, науқастың денсаулығын сақтау жəне нығайту тəуекелді іс-əрекеттерді жүргізу арқылы ғана мүмкін болса,

2) медицина қызметкерінің тəуекелді əрекеті нақты науқастың өмірін құтқару жəне денсаулығын сақтау, нығайту үшін медициналық эксперимент жүргізу кезінде басқа да адамдарға қолданылса,

3) ол жүргізіп жатқан медициналық эксперимент немесе операция медицина ғылымының қол жеткізілген жетістіктеріне жəне тəжірибеге сəйкес болса,

4) медицина қызметкері тəуекелдік жағдайында денсаулыққа келтірілген зиян немесе науқастың əлде медициналық экспериментке тартылып жатқан адамның өміріне төнген қауіптің алдын алу үшін барлық қолынан келген шараларды жүзеге асырса,

5) бір де бір адам оның өз еркімен жəне жазбаша келісім беруі немесе туысқандарының келісімінсіз (кəмелетке толмағандар, есі дұрыс еместер үшін) тəуекел жағдайында немесе медициналық экспериментпен емдеуге тартыла алмайды. Медицина қызметкерлері өз қызметтерін жүзеге асыруда белгілі бір дəрежеде тəуекелділікті қамтитын қызмет аялары бар. Атап айтқанда: ультрадыбысты пайдалануға байланысты приборлар, лазерлі аппараттар, улы, есірткілік күшті əсер ететін дəрілік препараттар, жүрек ырғағын жүргізудің ядролық қондырмалары, рентгенді қондырғылар, родонды ванналар, кобальтты зеңбіректер, электр токтарын қолдану т.б. [3, 78 б]. Операцияны жүргізу кезінде барлық заңмен белгіленген жəне медициналық ғылыммен əзірленген ережелерді сақтау барысында дəрігердің оңды нəтижеге алып келмеуі жауаптылықты тудырмайды. Дəрігердің жауаптылығы мынадай жағдайларда туындайды: операцияның оңды нəтижеге алып келмеуіне байланысты, өзінің міндеттеріне теріс қатынаспен қараса, науқасты қараудың белгіленген ережелерін бұзу, сақтық шараларын жасамау, дəріні шатыстырып алу, денеде бөгде заттарды қалдырып қою т.б. да əрекеттер  (əрекетсіздіктер).  Жəбірленушінің  (науқастың)  кей  жағдайда  келісім  беру мəселесі қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мəн-жайлар ретінде қылмыстық құқықтық теорияда медициналық қызметке қатысты əзірленді. Медицина ғылымының дамуына байланысты оның өзектілігі арта түсті.Айтылғандарға байланысты медицина қызметкерлерінің барлық іс- əрекеттерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жəбірленушінің (науқастың) келісімімен жүргізілетін іс-əрекеттер, екінші топқа жəбірленушінің (науқастың) келісімінсіз жүргізілетін іс- əрекеттер жатқызылады [4, 79-80 бб]. Келісім беру ойластырылған сипатта, яғни науқас адамға оның денсаулығы жөнінде, сондай-ақ ұсынылып отырған медициналық араласудың салдарлары туралы жəне одан бас тартуға болатындығы жайлы толық ақпарат берілуі тиіс. Жəбірленушінің (науқастың) келісім беруі медициналық тəжірибеде жиі кездеседі, егер ауру адам анатомиялық сый жасағысы келсе «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сəйкес : ол адамның тірі кезінде келісімі қажет. Жəбірленушінің (науқастың) келісім беруі құқықтарына мүдделеріне қол сұғушылық болған жағдайда қоғамға қауіпті іс-əрекетті жоятын мəн-жайлар ретінде танылады. Ауыстырып салуды (трансплантация) жүзеге асыру кезінде оның белгілерінің түрлері: ex mortuo (өлі мəйіт) жəне ex vivo (тірі тəн) қарамастан, жəбірленушінің (науқастың) келісім беруі маңызды құқықтық алғышарттардың қатарына жатқызылады. Егер,  науқас реципиент мəртебесіне ие болса, жəне ол өзінің ағзасына органды ауыстырып салуды (трансплантация) жүргізу барысында ex vivo (негізінен бүйректер) жазбаша келісім алу қиындық тудырмайды. Органдарды ex mortuo тəсілімен ауыстырып салу кезінде жазбаша келісімді алу – əрқашанда орындала бермейді [5, 101 б.]. Жəбірленушінің (науқастың) жазбаша түрде келісім беруі мынадай шарттарда міндетті: медициналық эксперимент жүргізіп жатқан уақытта ем қолдану, органдарын жəне тіндерін ауыстырып салу, аборт жасау, жасанды ұрықтандыру, суррогатты анасын таңдау жəне т.б. жағдайларда. Қылмыстық жауаптылық ex  vivo органдарын алу кезінде трансплантат донорының келісімін алу міндеті орындалмаса туындайды.

Ex mortuo трансплантат донорын алу кезінде міндетін бұзуға байланысты қылмыстық істе жауапкершілік мəселесі қиындық тудырады. Мысалы, өлген адамның еркінен тыс оның органдары алынса. Бір қараған кезде мынадай пікір əділ боп көрінеді «ex mortuo» трансплантант донорынан алу кезінде дəрігердің қылмыстық жауаптылық мəселесін назарға алудың да қажеті жоқ сияқты. Біз донордан немесе өлген адамның туыстарынан келісім сұрау міндетін бұзған дəрігердің əрекетін тəртіптік жауапкершілікке тарту жеткілікті дейміз.Бірақ басқаша тұрғыдан да қарауға болады. ex mortuo трансплантация проблемасын зерттеушілер ex mortuo трансплантанты донорынан өлген адамның туыстарынан рұқсат сұрау арқылы жол беріледі. Өйткені қайтыс болған адам тірі кезінде өзіне тиесілі   тұлғалық   құқықты   қажетіне   жұмсай   алмады.  Осы   проблеманы  зерттеуші ғалымдар «қоғамдық мүддемен өлген адамның еркі арасындағы аралық анықталуы тиіс, бірақ ол ешқандай құқықтық кепілдік бермейді деді. Олардың ойынша азаматтық құқық тұрғысынан нақты жауапкершілік анықталмайды, еңбек құқығы болса өлген адамның тұлғалық құқығын қорғамайды. Сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылық мəселесін талдау қылмыстық құқық тұрғысынан өлген адамның денесіне қол сұғылмаушылықты қорғау проблемасымен байланысты. Аталынғандарды ескере отырып, біздің ұсыныстарымыз de lege ferernda ретінде қарастырылуы тиісті жəне басты назарда – өлген адамның денесіне қол сұғылмаушылығына араласудың қоғамға қауіптілігін салыстыру жəне реципиент үшін трансплантацияның пайдалылығы», [5, 276-277 бб], – деп атап кетті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 275 бабы өлген адамдардың мəйіттерін қорлауға байланысты қылмыстық жаупкершілікті көздеген. Бірақ бұл норма өлген адамның ex mortuo трансплантаты донорының органын алу кезіндегі əрекеттерге қылмыстық жауаптылықты көздей алмай келді. Жоғарыда келтірілген словак ғалымдарының пікірлерінің дəлелді жақтары ретінде ҚК 275-1 бабы ретінде адам мəйітінің органдарын жəне тіндерін заңсыз алу құрамы енгізілді. Біздің пайымдауымызша, дəрігердің қоғамға қауіпті əрекеті мұндай жағдайларда қасақана немесе абайсызда жасалынғандығына қарамастан ex mortuo трансплантант донорын алуға байланысты өлген адамның келісімінің болмағандығынан көрініп отыр. Сонымен қатар, қылмыстық құқықтағы заңдылық қағидасы бұзылғандығын аңғаруға болады.

Дəрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қоғамға қауіпті іс-əрекет дəрежесінің маңызы ескеріліп қарастырыла кетсе. Жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады. Еx vivo (тірі тəн) жəне ex mortuo (өлі мəйіт) трансплантат донорынан міндетті түрде өзінен  немесе туыстарынан келісім алынуы қажеттілігі. Егер трансплантат донорының өзінің тірі кезінде немесе өлгеннен кейін туыстарынан келісімі алынбаса, дəрігер қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті (қызметпен айналысуына тыйым салу түрінде). Дəрігерлік қате деген кең ұғымға медициналық көмек беру немесе науқасты қарау, диагноз қою, емдеу шаралары барысында ережеге сай емес, немқұрайдылық, ұқыпсыздықпен жасалған əрекетімен, əдістерінің нəтижесінде науқастың денсаулығының нашарлауына немесе теріс нəтижеге əкелген, сондай-ақ сырқатының асқынуына алып келгендікті айтамыз. Осы ұғымның ішіне науқастың денсаулығына зияндылық келтіретін немесе өлуіне əкеп соғатын дəрігердің салғырттықпен, немқұрайдылықпен жəне ұқыпсыздықпен жіберілген кемшіліктерін де жатқызамыз.Ю.С. Залмуниннің көзқарасы бойынша, дəрігерлік қателікке дəрігердің өзінің міндетіне ұқыптылықпен қарауының орнына теріс əрекеттерді жасауды жатқызады. Сонымен қатар ол қателіктер, біріншіден шынайы жол берілетіндер, екіншіден шынайы емес жол берілетіндер деп бөлінеді [7, 19 б.]. Сондай-ақ мұндай пікірлерді харьковтік сот медигі Ю.П. Эдельдің, москвалық сот медигі Г.А. Галил-Оглының, петрозаводскілік Т.С. Корейконың тағы басқа осы мəселені зерттеуші ғалымдардың еңбегінен байқаймыз.Бақытсыз жағдайларға қарағанда дəрігерлік қателік деп медицинада белгілі əрекеттерді бұзуды айтамыз. Медициналық жəне құқықтық əдебиетте дəрігерлік қателіктің ұғымына байланысты бірыңғай пікірлер жоқ. «Дəрігерлік қателік деп медициналық білімнің жеткіліксіздігінен немесе дəрігердің тəжірибесі мен шеберлігі жетіспеуіне байланысты дəрігерлік қателікті айтамыз», – дейді М.Даль [6, 110 б.].

Барлық дəрігерлік қателіктер əдебиетте екі топқа бөлінеді:

1) ауруларға диагноз қоюдағы қателіктер,

2) емдеу шараларын тағайындау жəне жүзеге асырудағы қателіктер [8, 135 б.].

Емдеу тəсілдерінің жетілмеуі, қажетті аппаратураның болмауы жəне т.б. кешірімді дəрігерлік қателіктер деп аталады. Кешірімді дəрігерлік қателіктер үшін қылмыстық жауаптылық көзделінбейді. Дəрігерлік қателікті қылмыстан қалай ажыратып білуге болады. Ю.С. Залмуниннің ойынша «Тек сарапшылар белгілі бір жеткілікті осы саладағы арнайы таным жəне тəжірибеге ие осы жағдайдағы нақты мəселені шеше алады. Бұл мəселені шешуде сарапшы-дəрігерлердің (консилиум) қорытындысы болуы шарт. Сондықтан сараптама теріс əрекеттерді анықтағанда оның себебін жəне мəнін анықтайды» – деді [7, 19 б.]. Ерте кездерден тəжірибелік медицинада «қиын жағдайлар» деп аталатын ауруларды дəстүрлі түрде алқалы (комиссиялы) түрде қарайды. Науқастың диагнозын толық білмеу, емдеудің дұрыстығына күмəн туындаған жағдайда, осы ережеге байланысты дəрігерлік консилиум жүргізіледі. Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша айыпталушының психикалық толыққандылығына күдік туған кезде осындай консилиум қажет.Емдеу қызметінде сот-медициналық сараптамасын  комиссиялы нысанда жүргізу жөніндегі талапты əр түрлі мамандықтағы мамандардың қатысуы туралы талап деп түсіну қажет.

Сот медиктері кешенді сараптамалық зерттеулерде сарапшы комиссиялардың мүшелері ретінде қатысады.Енді дəрігерлік қателікті бейнелейтін мысалдармен көрсетсек. Медицина қызметкерлерінің əрекеттерімен қайғылы оқиғаның орын алғандығы жөнінде бірінші болып, дəрігер Алексеенко білген жəне оның кеңесімен тергеу жүргізілген. «Медицина қызметкерлерінің өрескел қателік жібергендігі анық», – дейді ол. «Кішкентай қызға катетерді орнату кезінде артерияны тескен. Дəрігер ретінде айтарым, катетерді орнату сияқты манипуляция көзді жұмып отырып жүргізілетін əрекеттер қатарында есептелетін еді», – дейді. «Дəрігер кішкентай қыздың терісін саңылаудай етіп тесіп инені салған. Негізінен мұндай жағдайларда барлығы қалыпты өтетін, бірақ Соняның басына түскен жағдай- өте сирек кездесетін оқиға ретінде тіркелген. Артерияны тескеннен кейін, оның ағзасында тромб пайда бола бастаған». Алексеенконың айтуынша, осы оқиғаны тергеуші жəне комиссия мүшелері жаңа жыл алдындағы дəрігерлердің эйфория күйінде болғандығымен деп байланысты. Бірақ барлық медиктер ішімдік ішпеген жəне шешімді мас күйінде емес, сау күйінде қабылдаған.Ал сəбидің ата-аналары осы уақыттың аралығында аталған жағдайдан бейхабар болған. Тек қана 1 қаңтардың кешіне қараған кезде ғана қыздың қолы көгеріп келе жатқандығын айтқан. Қызды құтқару үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз деп № 3 ауруханадан хирургтер келген. «Тамыр ауруының маманы – хирургы қызды қосымша қарамас бұрын, басқа дəрігер тамыр маман - хирургтарымен кеңеспестен кесу керек», – деп айтты дейді. «Сіздер түсінесіздер ме, егер жүз жасар шал қайтадан ешқашан ауырмауы үшін, оның ауырған жерін кесіп тастайық», – деп айтса, ал бұл бүкіл өмірі алда кішкене сəби қыз ғой! Мен оны жүз пайыз құтқаруға болады деп айта алмаймын». «Балаларда кейде тромб пайда бола бастайды, дəрігерлер қан айналымын қалпына келтіру үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Олар мамандарды жинап, сəбиді Москваға жібергенде, бізде емдеу мүмкіндігі болатын еді», – дейді. Алексеенконың сөзін Соня жатқан балалар клиникалық ауруханасының бас дəрігері Ирина Луговая да мақұлдайды. Нəрестені бізге алып келген дəрігерлер бірден қолын кесуге ұсыныс берді, бірақ біздің хирург оны құтқаруға əрекет жасады, – дейді ол, «Известия» газетіне берген сұхбатында. Бірақ бəрі тым кеш еді, 3 қаңтарда балалардың өлкелік ауруханасында қыздың қолын кесті. Ата-аналарына жағымсыз хабар жағдайды өзгерту мүмкін болмайтын кезде айтылды. Сəбидің бармақтары қарая бастап, тіндердің некрозы қалыптасты. Анасы Наталья қорыққандықтан, оның нəрестесіне жасап жатқан дəрігерлердің əрекетіне қарауға батылы жетпеді. Əкесі болса сол жерден табылды. «Известия» газетінің тілшілері өзіне-өзі əлі күнге дейін келе алмай  жатқан  Наташаны  Соня  жатқан  ауруханадан  тапты.  Орын  алған  оқиға  туралы білген Краснодар өлкесінің губернаторы Александр Ткачев жедел түрде былай деп мəлімдеді:– Бұл ұжымдық жауапсыздықтың мысалы. Аталған жағдайда қайғылы оқиғаға кінəлі əр тұлға жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жаңа жыл алдындағы эйфория сəбидің ауыр  сырқатына қарағанда маңыздырақ болды. Оқиғаның əр қатысушысына қатал тергеу жүргізілуі қажет, ал іс сотқа дейін жеткізілуі тиіс! - деді. Екі аурухананың бас дəрігерлері – өлкелік инфекциялық аурухананың бас дəрігері Э. Асланян жəне №3 қалалық аурухананың бас дəрігері К. Шаповалов лауазымдарынан босатылды. Қазір өлкеде барлық ата-аналарға кез келген уақытта ауруханаларда жатқан балаларына келуге рұқсат берілді. Соняға көмек қолын созғандарда шек жоқ. Бірақ нəрестеге еш нəрсемен көмектесу мүмкін емес. Мұндай жаста протез қоюға болмайды [9, 3 б.]. Аталған оқиға Ресей Федерациясында орын алғанымен Қазақстан Республикасында да медицина қызметкерлерінің тарапынан дəрігерлік қателікке жол беріп жатқандығы жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғалар əсіресе ауылды жерлерде көп орын алады. Ауылды жерлердегі халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі, өз құқықтарын қорғай алмайтындығы, сол жерлерде жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің кəсіби біліктілігінің төмен деңгейде болуы да дəрігерлік қателіктердің жиі орын алуына жол беруде. Медицина қызметкерлерінің кəсіби қызметтерін атқару барысында да, дəрігерлік қателікпен қатар бақытсыз жағдайлар да кездеседі. Бақытсыз жағдайлар. Заңгерлер оны «казус» деп те атайды. Бақытсыз жағдайлар деп медициналық тəжірибеде медициналық ғылым жəне тəжірибенің жетістігіне негізделген медицина қызметкерлерінің емдеу кезінде жəбірленушінің денсаулығына ауыр зиян немесе өлуіне əкелген қате əрекетін айтамыз. Бақытсыз жағдайдың құқықтық ұғымы болса, бұл осы əрекеттердің салдарын көруге объективті мүмкіндігі болмаған дəрігердің əрекеті жатқызылады

. Бақытсыз жағдайдың дəрігерлік қателіктен айырмашылығы осыдан байқалады. Мұндай жағдайларда дəрігерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 23 бабына сəйкес: «Жазықсыз зиян келтіру» делініп қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының тəжірибесінде жəбірленушілердің арыздары, шағымдары, қайтарылған материалдар жəне қылмыстық істер кездеспейді. Медицина қызметкерлерінің əрекеттерінде  ниеті жəне мақсаты болмайды. Бақытсыз жағдайларға жататындар:–операцияның алдында немесе одан кейін психикалық немесе эмоционалдық естен танудан кенеттен қайтыс болу,–манипуляцияны жүргізу кезінде жүректің рефлекторлы тоқтауы (жүректің авгиографиясы, пиелографиясы, гастрофиброскопиясы, катетеризациясы жəне т.б.),– операциядан кейін асқыну (əуе эмболиясы немесе қанның ағуы),–болжанбаған асқыну немесе нұсқауға сəйкес орындалған дəрілік заттарды профилактикалық вакцинацияны қолдану барысында аллергиялық немесе токсикалық əсер етудің салдарынан өлімнің туындауы [7, 168 б.]. Көпшілік жағдайларда науқастардың жақындары емдеп жатқан дəрігерлердің уəжімен келісіп, оларды жеткілікті жəне сенімді деп есептейді.Медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде оны экспериментсіз көз алдыға елестету мүмкін емес. Бірақ қылмыстық құқықтағы оның ерекшелігі мынадан көрінеді, эксперимент адам танымының құралы ретінде, адамның іс-əрекеттерін реттейтін көптеген салаларды қамтиды. Соның ішінде медициналық эксперимент жаңа емдік-диагностикалық құралдар жəне тəсілдер (инновация) тек адам ағзасында ғана қолданылады. Аталған əдістер мен емдік-диагностикалық  құралдарды қолдану барысында зиянды зардаптар туындау тəуекелі пайда болады. Медициналық қызметтің осы ерекшелігін қылмыстық құқықта ескермей кетпеуге болмайды, өйткені адамға кез келген уақытта эксперимент жасау заңға қайшы келеді. Екінші жағынан адамға жаңа құралдармен медициналық араласудың тəсілдеріне тыйым салуға байланысты кез келген талпыныс, медициналық жетістікті немесе жаңалық ашуды жоққа шығарады жəне оның ашылуын заңнан тыс қалдырады. Қылмыстық құқық ең негізгі күрделі міндеттердің бірі ретінде: ғылыми жетістіктің мұқтаждықтарымен, тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттіліктерінің арасындағы ымыраны табуы тиісті. Аталмыш мəселеге байланысты бірқатар сауалдар туындауда. Көптеген ғалымдар  осы  проблемаға  өздерінің  көзқарастарын  білдіріп  кеткен. Е.Савицкийдің ойынша,«нақты (жаңашыл) медициналық шараны» заңды деп тану құқықтық бағалау емес, фактілі аяға жатады жəне ол ерекшелігі немесе шарттарының жағдайына байланысты жан-жақты жəне мұқият қарауды талап етеді. Ф.Ю. Бердичевскийдің пікірінше, жаңашылдық тəртібімен қолданылған медициналық араласу келесідей шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

  • ең алдымен ол науқастың мүддесіне қарай, яғни оны емдеу мақсатында жүзеге асырылуы қажет. Осындай мақсаттардың болмауы немесе жаңашылдық тəсілдер мен құралдарды көрсетілген міндеттер үшін қолданбау, медициналық араласуды құқыққа қайшы деп оны заңсыз эксперимент сипатында таниды.
  • медициналық араласудың жаңа құралдары жəне тəсілдері мүмкін болатын барлық жағдайларда жануарларға қолданылып, жеткілікті алдын ала тексеруден өтуі тиісті. Жеткілікті тексеру деп, белгілі бір дəрежеде күтілген мүмкіндікті нəтижелердің туындау мүмкіндігін растауын айтады [8, 70-71 бб.].

Заңсыз эксперимент жүргізу кезінде жауаптылық жəбірленушінің өміріне жəне денсаулығына ауыр зиян келтіргендігіне қарамастан қасақана адамның өміріне жəне денсаулығына қарсы қылмыстар ретінде жауаптылық туындауы тиіс. Бірқатар ғалымдардың пікірінше, (В. Глушков, И. Карпец) эксперимент жасау кезіндегі іс-əрекет əрқашанда қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Олардың айтуынша, экспериментатор белгілі бір іс-əрекеттерді жасау кезінде, қасақана əрекет ете отырып, қолайлы зардаптардың туындауын тілей отырып тəуекелге жиі барады, бірақ олардың алдын аламын деп, зиянды зардаптардың туындау мүмкіндігіне жол беріп қояды. Кез келген медициналық экспериментті жүргізу барысында науқас адамның тəуекелге бел буатындығы жөнінде келісімі болуы қажет. Егер келісім болмаса немесе ол ерікті жəне саналы түрде алынбаса (психикалық науқастар, сотталғандар, өлім жазасына кесілгендер, əскери тұтқындарға эксперименттер жасалса), онда мұндай эксперимент қылмыс болып танылады.

 

 Әдебиеттер

  1. Баулин Ю.В. Обстоятельства, исключающие преступность деяния. - Харьков: Изд-во Основа, 1991. – 360 с.
  2. Домахин С.А. Крайняя необходимость по советскому уголовному праву. - М.: Гос. Изд-во. юрид. лит., 1956. – 80с.
  3. Основы рентгенодиагностической техники// учеб пособие / под ред Н.Н. Блинова. – М.: Медицина, – 392 с.
  4. Красиков А.Н. Сущность и значение согласия потерпевшего в советском уголовном праве. – Саратов: Изд-воСаратовского Университета, 1976. – 120 с.
  5. Дргонец Я., Холлендер П. Современная медицина и право / Пер со словац. – М.: Юрид. лит. – 336 с.
  6. Даль М.А. Словарь русского языка. – М., 2006. – 348 с.
  7. Рустемова Г.Р. Проблемы борьбы с преступлениями в сфере медицинского обслуживания населения. – Алматы: Изд-во Гридан, 1999. – 296 с.
  8. Курс советского уголовного права: Часть особенная / отв. ред. Н.А. Беляев, Н.С. Лейкина, В.К. Глистин. –Ленинград: Изд-во Ленинградского Университета, 1978. – Т. 2. – 557 с.
  9. Батенева Т.А. Врачи праздновали Новый год, двухмесячная Соня осталось инвалидом // Известия. – – 21февраля

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.