Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пара алудың объективті жəне субъективті мазмұнын анықтау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-əрекеті (əрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-əрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-əрекетке (əрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген.

Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едəуір жетілген, бірақта оның кейбір мəселелері қылмыстық құқық теориясында, сот тəжірибесінде əлі күнге даулы болып табылады. Пара алу құрамынан объективтік жағынан бірнеше белгілерi бір жүйеге келтірілген онша дау туғызбайды, соның бірі – параны адамның осы делдал арқылы алу. Соның бірі парақор адамның өзі немесе делдал арқылы алу. Бұл екі жағдайда да “іс-əрекетте қылмыс құрамы орын алады. Сондай-ақ пара субъектісі болатын адамның пара үшін жасаған əрекеті немесе əрекетсіздігі деген ұғымда онша даулы емес, сот тəжірибелерінде бұл мəселеде көп қиындығы жоқ, яғни əрекет немесе əрекетсіздік деген ұғым лауазымды адамның пара алуға байланысты белсенді немесе енжарлық қимылын бейнелейтінін түсінеміз. Параны алудың ашық немесе көмескі түрлерді де онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-əрекеттер (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз беру жəне т. б.)

Заңның лауазымды мемлекеттік қызметтер атқаруға уəкілетті адамның не оған теңестірілген адамның параны ''пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-əрекеті '' ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарының мүддесі, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр.

Пара алудың объективтік жағының мазмұнын анықтаудың теориялық жəне практикалық маңызы зор. Атап айтқанда бұл келесі жағдайда көрінеді:

а) қылмыстың объективтік жағы осы қылмыс пен оның белгілері ұғымын анықтау үшін қызмет етеді;

б) объективтік жақ қарастырылып отырылған қылмыстың ерекшелігін береді жəне оны басқа да ұқсас қылмыстардан ажырату белгілерін айқындайды;

в) көптеген жағдайларда қарастырылып отырлған қылмыс тəртіптік құқық бұзушылықтан объективтік жағының белгісі бойынша ерекшеленеді;

г) кейбір жағдайларда объективтік жақ іс-əрекетті саралауға ықпал етеді жəне сонымен қатар іс-əрекеттің қоғамдық қауіптілігі дəрежесін бағалауға да ықпал етеді. Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. ''Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дəйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті жəне заңсыз қол сұғу процесі болып табылады жəне бұл субъектінің қылмыстық əрекетінен басталып, қылмыстық нəтижеге жетумен аяқталады''. Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-əрекет, қылмыстық салдар жəне қылмыс пен салдар арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-əрекетiнiң болуы.

Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тəжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бəрі пара үшін жасалатын іс-əрекеттің немесе əрекетсіздіктің мəні мен мазмұнына байланысты болып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей мемлекеттік қызметкер атқаруға уəкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып төмендегі жағдайларға байланысты алады:

а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;

б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-əрекеттерді өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;

в) жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол беру.

Пара алудың субъектісі жəне субъективтік жағын анықтаудың мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып, оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мəселелерден көрінеді: Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды. Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.

Пара алу құрамын талдау осы қылмыстық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға келуге негіз бар. Олар:

  • Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар;
  • Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер; Лауазымды адамдар;
  • Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жəне өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрынғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сəйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарған өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мəслихаттарының депутаттары, судьялар жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ қызмет туралы заңдарына сəйкес  барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тəртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мəслихаттарының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда жəне жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сəйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едəуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті жəне соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы  заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай айырмашылығы бар екендігі түсініксіз болып қалған. Осыған орай қылмыстық заңда лауазымды адамдардың түсінігі екі топқа бөлініп берілген. Болашақта мұндай қарама-қайшылықтар заңдылық тұрғыда түзелуі тиіс. Жалпы алғанда парақорлық субъектісі көбінесе лауазымды адамдар болады. Бұрын айтын өткеніміздей ''лауазым адамы'' деген термин 1926 жылғы РСФСР ҚК пайда болды, бірақ осы ұғым заңда берілген жоқ. Лауазымды қылмыстардың арнайы субъектісі жайлы теориялық мəселенi зерттеу қылмыстық-құқықтық əдебиетте практика талабынан туындады. Бірақ бұл процеске заң оперативті жедел түрде көңіл бөлмеді.

Сонымен ҚК 307 бабына түсіндірмесінде, ескертуіне сəйкес: тұрақты немесе уақытша арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде ҚР басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында ұйымдастырушылық-əкімшілік немесе əкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады. Бұл жағдайда лауазым адамы белгісін анықтаушы ұғым болып заңда көрсетілген қызметтердің мəні, ол адамның заңда көрсетілген қызметті атқаруы оның орындайтын міндеттерінің сипаты көрсетілген. Демек, заң субъектілерінің бірінші санатында:

а) Үкімет өкілін атқарушы адамдарды;

б) Ұйымдастырушылық-əкімшілік немесе əкімшілік–шаруашылық қызметтерді заңда көрсетілген құрылымдарда атқарушы адамдарды жатқызады.

Əрине, қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі ретінде лауазым адамының маңызды жəне субъект ретiндегi жалпы белгілері қарастырылған. Қызмет мəнінің, олардың мазмұнын ашу арқылы адамды лауазымды адам қатарына қосуға мүмкіндік туады.

Парақорлық-қоғамымыздың өткен ғасырдағы басынан кешірген кеңестік дəуірдің, сонымен қатар казіргі уақыттағы мемлекетіміздің экономикалық, саяси дамуы кезіндегі жəне алдағы уақыттағы дамуына бірден-бір кедергілер қоғамдағы қара дақ болып отыр.

Субъективтік жақтың мазмұнын зерттеудің теориялық жəне практикалық маңызы зор. Қылмыстық жауапкершілік негізінің құрамдас бір бөлігі ретінде ол қылмыстық мінез-құлықты, қылмыстық емес мінез-құлықтан бөліп қарайды.

Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі деңгейін анықтауға əсерін тигізеді жəне осының себебінен жазаның даралануына да əсер етеді. Сонымен қатар оның маңызы басқа белгілері бойынша ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен бөліп қарауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Пара алу құрамы диспозициясында кінəнің нысанын атап көрсетпейді, бірақ құрамның объективтік жағын талдаудан іс-əрекеттің заңдағы сипаттамасынан, сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 20 бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, осы қылмыс тек қана тікелей қасақана бойынша жасалуы мүмкін деп сеніммен айтуға болады. Тікелей қасақаналықты анықтау үшін, кінəнің басқа да кез-келген түрі сияқты, заң психиканың интеллектуалдық жəне еріктік элементтерінің мазмұнын қолданады.

Қарастырылып отырған құрамның интеллектуальдық сəтіне кінəлінің өзінің заңсыз мүліктік пайданы ала отырып, сол үшін қызметін пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесіне бола белгілі бір іс-əрекеттер жасауы немесе жасамауы, немесе оларға қамқорлық жасау я болмаса қызметі бойынша беруі жатады. Пара алушының интеллектуальды сəтіне талдау оның санасында біз жоғарыда қарастырған пара алудың барлық объективті белгілері көрініс беруі тиіс деп айту үшін мүмкіндік береді. Бұлар мынаны түсіну болып табылады: а) алынған материалдық сыйлықтың заңсыз екендігі; б) пара алу, пара беруші немесе оның өкілдері пайдасына əрекет (əрекетсіздік) жасағаны үшін алынатынын; в) бұл əрекеттер (əрекетсіздіктер) лауазым адамының қызметтік өкілеттілігіне кіреді, немесе ол өзінің лауазымдық дəрежесі арқылы осындай іс- əрекеттерге көмектеседі, немесе пара жалпы қамқоршылық немесе лауазымдық қызметі үшін жол бергендігі үшін алынады. Барлық объективтік белгілерді сезіну арқылы қол сұғылатын игіліктің қандай объектіге бағытталғанын түсінуге болады. Лауазым адамы пара ала отырып мемлекеттік аппарат немесе жергілікті өзі басқару аппаратының қалыпты заңды қызмет жасауына қол сұғып отырғанын жəне осының нəтижесінде оларға ұйымдастырушылық келуі басқа да адамдардың құқықтары мен заңды үдделеріне зиян келуі мүмкін екенін түсіну қажет. Материалдық пайданы пара ретінде беру фактісін түсіну лауазым адамы тарапынан да осы пайданы беруші адамда оны пара ретінде (заңсыз сыйлық) санайды деп түсінуге əкеліп соғады. Бұл кезде лауазым адамының пара алу əрекетін анықтау үшін пара алушының интеллектуалды жəне еріктілік сəтінің мазмұнының жиынтығы есепке алынады дегенді естен шығармау қажет, ал бұл ретте пара берушінің мүліктік құндылықты белгілі бір əрекет (əрекетсіздік) үшін пара ретінде  беру тілегі жəне түсінуі шешуші роль атқармайды.

Сондықтан да, мысалы, егер лауазымды адам оған берілген мүлікті пара ретінде қабылдаса, ал бұл уақытта оны беруші адам қарызды қайтарып отырмын, немесе айыппұл, салық жəне тағы басқаларды төлеп отырмын деп есептесе, онда ол пара алуға оқталғандық үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Пара алудың субъективті жағының міндетті белгісі болып пайдакүнемдік ниет- мүліктік сипаттағы заңсыз пайда табуда танылады. Пайдакүнемдік ниетке пайдакүнемдік мақсат сəйкес келеді. Яғни, осы параны алуда ниет пен мақсат бірлігі көрінеді, яғни ниет пен мақсат субъектінің интеллектуалдық жəне еріктілік іс-əрекетінің қылмыс істеудегі қозғаушы күшіне айналады. Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы лауазым адамының əрекетін пара алу ретінде сипаттауға негіз болып табылмайды. Қызмет бойынша анау-мынау əрекеттерді орындағаны (орындамағаны) үшін параны лауазым адамы емес, ал оның туысы алса, қылмыс құрамы тек мына жағдайларда:

а) лауазым иесі бұл сыйлық жайлы білді жəне

б) тікелей сыйлық алушы оған материалдық тəуелділікте болды немесе мезгіл-мезгіл оның материалдық қолдауын пайдаланып отырды. Басқа жағдайда лауазым адамы пара алушы ретінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін емес, себебі оның əрекетінде пайдакүнемдік мақсат пен ниет жоқ. Егер мұндай ретте іс-əрекетте қылмыстың басқа да белгілері болған кезде лауазым адамының өкілеттілігін асыра пайдалана отырып өзінің жеке мүддесі үшін жасаған əрекеті жайлы сөз болуы мүмкін. Қорытындыласақ, пара алу сəтінде пара алу құрамының  барлық объективтік белгілеріндегі кінəлінің ниетімен толық қамтылған болса ғана іс-əрекетті пара алғаны үшін саралау туралы сөз болады. Тек объективті жəне субъективтік белгілердің толық үйлесуі ғана лауазым адамының əрекетін пара алу ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар негізгі түйін ретінде жалпы коррупциямен де, жеке алғанда парақорлықпен де қарсы қылмыстық құқықтық күрестің тиімділігін арттыруға көмегі тиеді деп ойлайтын ұсыныстарды көрсетуді қажет деп санаймыз.

Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап жəне ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа əкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдалануға болады.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы. 1995
  2. Егемен Қазақстан газеті 13 қыркүйек, 2003
  3. Назарбаев Н.А. Казахстан–2030 (Барлық Қазақстандықтардың əл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі жəне қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Егемен Қазақстан, 11қазан, 1997 жыл.
  4. Егемен Қазақстан газеті, 25 қыркүйек, 2002ж.
  5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. –Алматы: Жеті жарғы, 2004 540 б.
  6. Заң газеті, 9 қаңтар 2002 ж.
  7. Практические меры борьбы с коррупцией. Руководство, подготовленное секратариатом ООН.- Май. - 1990 г.
  1. Панченко П.Н. Уголовно-правовая характирестика коррупций. //(Материалы научно-практической конференции, - 18-19 апреля 1995 г.). -М. -1995 г. -120 -С.
  2. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ. -право №1. -1993 г. 30-15б. Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность. -№4. -1989 г. 34-16 -С.Мишин Г.К. Коррупция: Понятие, сущность меры ограничения, лекция. -М, 1991 г. 28 -С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.